Отбасы психологиясының мақсаты мен міндеттері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 159 бет
Таңдаулыға:   

І тарау. ОТБАСЫ ПСИХОЛОГИЯСЫ ПӘН РЕТІНДЕ

Отбасы психологиясының мақсаты мен міндеттері

Жоспары:

1. Отбасы психологиясы қазіргі психология саласының бірі ретінде

2. Отбасы психологиясының міндеттері.

1. Отбасы - адамның өте маңызды, аса жуапты ісі. Отабыс адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі, бірақ әр отбасы барлығынан бұрын мемлекеттік мәні бар, зор іс болып табылады.

Отбасылық өмір адамнан алуан түрлі білім мен икемділікті талап етеді. Отбасы месіне қажетті көптеген практикалық дағдылар мен қасиеттер ата-ана аясындағы күнделікті өмір кезінде де қалыптсып жатады. Мысалы, сіздердің барлығыңыз қазірдің өзінде біраз нәрсені: мысалығ тамақ әзірлеуді, үй жинастыруды, кір жууды, үтіктеуді, шүмек жөндеуді, сөре қағуды т. б. білесіздер. Бұл - үй шаруашылығының қарапайым түрлері, ал сендер бұжан қарағанда күрделірек, мысалы, отбасы қаржысын жоспарлай аласыздар ма? Отбасылық өмірде өмір сүрудің қызықты да мазмұнды болуы үшін, тіпті өте сезімтал жұбайларға да бір-бірінің психологиясын жақсы білуі, өздерімен қоса басқалардың да қасиеттерін түсіне білулері керек, ал педагогиканы білудің маңызы болашақ балаларды тәрбиелеу ғана емесе, сондай-ақ өзді-өзін қажымай-талмай тәрбиелеу үшін де қажет.

Некелесуге дайындықтың болмауы жас жұбайлардың бірлесіп өмір сүруінің бастапқы айларында немесе тіпті алғашқы күндерінде, олардың сезімдеріне ешқандай көлеңке түспеген дегеннің өзінде байқалып тқрады.

Адамдардың отбасылық өмір мұратының негізгі ерекшеліктері, В. А. Сухомлинский айтқандай, некенің материалдық жағына қарағанда өмірдің рухани мазмұны басымырақ мән беруге келіп саяды. Оның айтуынша, адал және кіршіксіз махаббат - өзіңнің рухани байлығыңды екінші біреуге үнемі беріп отыру деген сөз. Атап айтқанда берсең ғана аласың. Егер адамдардың бір-біріне беретінін болмаса, олар іштей сарқылып, бір-бірін жалықтырады, ақыры бұл ренжісуге, айрылысуға апарып соқтыруы мүмкін.

Бұл пәннің негізгі міндеттерінің бірі қазіргі отбасыға пайдақұмарлық пен дүниеқорлық жат екенін, қайт оның негізінде адамның жоғары рухани байлығы - өзара сыйласу мен махаббат жатқандығына зейін аударту керек. Сондықтан адамды сүйе білуді үйрену - отбасы иесінің жеке басының ең құнды сапаларын дамыту деген сөз. А. С. Макаренко: Адамды бақытты болуға үйрету мүмкін емесе, оны бақытты боларлықтай етіп тәрбиелеуге болады деген.

2. Отбасының негізгі міндеті - белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыру. Отбасы қоғамдық, топтық және жеке адамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Қоғамның әлеуметтік ұясы бола оытырп, отбасы біраз ең маңызды қажттілікітерді, соның ішінде халықтың санын ұдайы жаңартып отыру қажеттілігін де қанағаттандырады. Сонымен қатар отбасы, әлбетте, өзінің мүшесінің жеке бастық қажеттіліктерін де, сондай-ақ жалпы отбасылық қажеттіліктерді де қанағаттандырып отырады. Осыдан барып, отбасының міндеті туындайды. Отбасының негізгі міндеттері болып репродукциялық, шаруашылық-экономкиалық, бос уақыт пен демалуды ұйымдастыру, комуникативтік және тәрбиелік міндеттер саналады.

Отбасының репродукиялық міндетінің мні тіршілікті жаңғыртуда, яғни баланың туып, адам тұқымының жалғасуыда болмақ. Отбасы халықты сан жағынан ғана емес, сонымен қоса сапа жағынан да ұдайы қайта толықтыруға қастысатын болғандықтан, бұл міндет өз құрамына басқа міндеттердің де элементтерін кіргізіп отырады. Бұл ең алдымен жаңа ұрпақты адамзаттың ғылыми-мәдени жетістіктеріне тарту, оның денсаулығын қорғап және сонымен қоса „жаңа ұрпақтарды түрлі биологиялық кемістіктердің қайта жаңғыруын” болдырмаумен байланысты.

Соңғы жылдарда бұл міндетке бүкіл жұртшылық көңіл бөлуде. Қазіргі отбасында қанша бала болу керек? Деген сұрақтар қойылып, бұл тақырыптарға байланысты газет, журнал беттерінде дискуссиялар пайда болуда. Оларды жүргізушілер - социологтар, демографтар, психологтар. Бұл неге өзекті мәселеге айналып отыр.

Мұның көп себебі бар және олар күрделі де өзара тығыз байланысты. Солардың кейбіреулерін ғана қарастырып көрейік. Бұрын біздің елімізде көп балалы отбасы жаппай тараған болатын. Қазргі кезде жағдай мүлдем өзгерді. Барлық отбасылардың жартысынан көбінде бір-бірден ғана бала бар немесе мүлдем жоқ та, екі немесе үш балалы отбасылар саны едәуір азайып кетті. Неге бұлай болды? Ол жақсы ма әлде жаман ба?

Мұндай жағдайдың пайда болу себептерінің бірі ретінде қалалық өмір сүру салтының таралуы аталынады. Мұның аздаған шындығы бар. Бұдан жарты ғасыр бұрын біздің елімізде он отбасының сегізі селолық болып есептелетін. Қазір еліміздегі халықтың үштен бірі қалада тұрады. Селолық отбасылардың біразы қалалық өмір салтын қостайтын болды. Әйелдердің өндірісте жұмыс істеуі, адамдардың материалдық әл ауқаты мен мәдениетінің өсіп, қажеттіліктерінің артуы - міне осылардың барлығын да жоғарыда көрсетілген себептердің қатарына жатқызады. Адамдардың тілектері, олардың бір-біріне деген талабы да ратуша. Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастары да өзгеріп, олар адамгершілік жағынан жоғарырақ, күрделірек және психологиялық жағынан сезімтал бола бастады. Балаларға деген көзқарас та өзгерді: оларды жақсы киіндіреді, Жан-жақты жабдықталған үй немесе пәтер, жақсы жиһазға ие болуға тырысатын болды.

Қоғамның даму тарихында отбасы мен некенің өрістеуі

Жоспары:

1. Отбасы мен неке мәселесіндегі ғалымдардың зерттеулері мен көзқарастары.

2. Қазіргі және дәстүрлі отбасы типтік мөлшері.

3. Отбасы мен неке қарым-қатынасының болашағын болжау әрекеті.

1. Адамзат отбасы неке қарым-қатынасына ежелден-ақ үңіле назар аударып келеді. өткен заманның асқан ойшылдары өз дәуірінің мүмкіндігіне қарай отбасын зерттеуге ұмтыды. Олар отбасының пайда болу, даму процесін түсіндіруге; қызметін даму заңдылықтарын, қоғамдағы орны мен өрістеуін анықтауға тырысты.

Ежелгі грек философы Платон патриархалдық отбасын (яғни, барлық қарым-қатынастың өзегі - ата-ана және оларға толық бағынатын балалары бар отбасын) алғашқы және негізгі қоғамдық ұя деп есептеді. Оның пікірінше, мемлекет патриархалдық отбасылардың одаққа бірігуі нәтижесінде пайда болған. Платон одан басқа келешек ұрпағының денсаулығын ойлаған жұбайларға нақты ұсыныс жасап отырды. Платон 20 дан 40 жасқа дейінгі әйелдер 55 жастан аспаған еркектерден ең мықты балалар туады деп есептеді. Ол әрбір 35 жасқа дейінгі еркектің үйленуін, ал одан жалтарғандарға айып салуды талап етті. Платон отбасының ішкі және сыртқы өмірін қатаң бақылауға алуды талап етті.

Платонның шәкірті Аристотель оның отбасына деен көзқарасын сынады,, алайда қоғамның ұясы және мемлекеттің негізі ретінде патриархалдық отбасы идеясын қолдап дамытты. Аристотель отбасын мемлекетпен тығыз байланыстырды. “Әрбір отбасы мемлекеттің бөлігін құрайды, жоғарыда көрсетілген барлық адамдар отбасының бөлігі және жеке бөліктердің адамгершілігі бүтіннің адамгершілігіне сәйкес елуі тиіс, сондықтан балалар мен әйелдерді тәрбиелеуді мемлекеттік құрылысқа үйлесімді қатынаста қою қажет; лайықты құрылысқа ұмтылатын мемлектке бұл парықсыз болмаса, онда лайықты балалары мен әелдері болуы керек. Мұнымен санасу керек, өйткені әйелдер халықтың жартысын құрайды, ал балалардан саяси өмірге қатысушылар өсіп шығады. ”

Көптеген философтар мен ойшылдардың шығармашлығы жұбайлық проблемасына көп көңіл бөлгенін дәлелдейді. Алайда, олар өзінің жұмысында көбінесе қоғамдық қарым-қатынасты отбасылық қарым-қатынастан бөліп, отбасы мен мемлекеттің арақатынасына назар аударған; отбасын жеке әлеуметтік институт ретінде аз қарастырған. Мысалы, француз ағартушысы Ж. -Ж. Руссо отбасы туралы былай деген: “Барлық қоғамдардың ең көнесі және жалғызы - ол отбасы . . . Сонымен, отбасы керек болса, саяси қоғамдардың болашақ иүлгісі: әкім - әкеге ұқсайды, ал халық - балаларға”.

Жоғарыда аталған француз ағартушысының пікірінен отбасы мен қоғамның әлеуметтік қызметі ұқсас және отбасы қоғамды қайталайды деген қорытынды шығады. Руссо, сөйтіп, отбасын халықты ұдайы өндіру, жас буынды әлеуметтендіру сияқты проблемаларды шешетін құрал ретінде ғана қарап, отбасы институтын жеңілдетіп жіберді.

2. Э. Фромм буржуазия заманындағы отбасы туралы онша оптимистік көзқарас танытпайды. „Некелік шарт әржаққа серігінің денесін, сезімін, көңілін пайдалануға ерекше құқық беред. Енді ешкімді жеңудің керегі жоқ. Сүйіспеншілік адам ие болмайтын бір нәрсеге, меншікке айналды. Жұбайлардың ешқайсысы енді сүйікті болып, сүйіспеншілік туғызу үшін ынта-жігерін салмайды”

Осы екі пікір ХІХ-ХХ ғасырлардағы отбасы институтының жағдайын, осы күнге дейін шешілмей келе жатқан негізгі қайшылықтарын ашып, дәл анықтайды. Отбасы неке қарым-қатынасында болған үлкен өзгерісті көзге елестету үшін әлеуметтанушы М. С. Мацковский ұсынған дәстүрлі және қазіргі отбасының типтерін салыстыру жеткілікті.

Қазіргі және дәстүрлі отбасының типтік мөлшері

Отбасы тіршілік және жұбайлардың отбасынан тыс әрекетінің салалары
Дәстүрлі отбасының типтік мөлшері
Қазіргі заманғы отбасының типтік мөлшері
Отбасы тіршілік және жұбайлардың отбасынан тыс әрекетінің салалары: Өндірістік
Дәстүрлі отбасының типтік мөлшері: Дәулетті топ отбасында әйел жұмыс істемеу керек. Кедей отбасында ол экономикалық қажеттілікке қарай жұмыс істейді.
Қазіргі заманғы отбасының типтік мөлшері: Еркектер мен әйелдерге жұмыста, мансапта, қоғамдық қызметте тең құқық беріледі.
Отбасы тіршілік және жұбайлардың отбасынан тыс әрекетінің салалары: Репродуктивтік
Дәстүрлі отбасының типтік мөлшері: Отбасы көпбалалы болу керек. Балалар неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы
Қазіргі заманғы отбасының типтік мөлшері: Бала туу түсінікке сәйкес және жоспарланатын тұрмыс қалпымен шектеледі.
Отбасы тіршілік және жұбайлардың отбасынан тыс әрекетінің салалары: Тәрбиелік
Дәстүрлі отбасының типтік мөлшері: Баланы қатаң тәртіпте тәрбиелеу керек, тәрбиелеу түрін әкесі белгілейді, ал тәрбиелеумен шешесі айналысады
Қазіргі заманғы отбасының типтік мөлшері: Бала тәрбиелеуде оның қалауы, пікірі ескеріледі, үлгі және сенім күшіне негізделген тәрбие басым болады, тәрбиемен жұбайлардың екеуі де айналысқаны дұрыс деп есептеледі
Отбасы тіршілік және жұбайлардың отбасынан тыс әрекетінің салалары: Экономикалық
Дәстүрлі отбасының типтік мөлшері: Отбасының табыскері, асыраушысы күйеуі болу керек, әйел ол берген қаражатты жұмсайды
Қазіргі заманғы отбасының типтік мөлшері: Еркек пе әйел кәсіби жағдайы мен қосымша табыс табу мүмкіндігіне сай отбасының материалдық әл-ауқатына үлес қосады
Отбасы тіршілік және жұбайлардың отбасынан тыс әрекетінің салалары: Бос уақыт
Дәстүрлі отбасының типтік мөлшері: Ерлі-зайыптылар қонақтармен қатынасты, көңіл көтеруді, әуесқойлық істі не бірге өткізеді, не күйеуге біршама дербестік құқық беріледі
Қазіргі заманғы отбасының типтік мөлшері: Күйеуі мен әйелі үйде бос уақытын өткізуге тең құқықты және олар өздерінің бос уақытын бір-бірінен бөлек жиі өткізеді
Отбасы тіршілік және жұбайлардың отбасынан тыс әрекетінің салалары: Рухани қатынас аясы
Дәстүрлі отбасының типтік мөлшері: Жұбайлар арасындағы қатынас негізінен отбасы проблемасына, үйге, шаруашылыққа, балаларға, отбасы көңіл көтеруіне, туықандармен қатынасқа және басқаларына арналады
Қазіргі заманғы отбасының типтік мөлшері: Қатынас жолдастық сипатта болады және отбасы проблемасына басқа күйеу мен әйелдің тіршілік әрекетінің, өндірісітік істердің, әуесқойлық құмарлықтың барлық саласын қамтиды
Отбасы тіршілік және жұбайлардың отбасынан тыс әрекетінің салалары: Достармен және туысқандармен қарым-қатынас
Дәстүрлі отбасының типтік мөлшері: Туысқандар тобымен міндетті түрде қатынас, көршілермен достық қарым-қатынас, тек еркектің жеке достары
Қазіргі заманғы отбасының типтік мөлшері: Достық қарым-қатынасқа бейімделу және мүдделік қатынас, туысқандық байланысты және көршілерімен қатынасты қолдаудың міндетті еместігі
Отбасы тіршілік және жұбайлардың отбасынан тыс әрекетінің салалары: Билік және азаттық аясы
Дәстүрлі отбасының типтік мөлшері: Күйеу-отбасы басшысы, ол негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдайды
Қазіргі заманғы отбасының типтік мөлшері: Жұбайлар бірлесіп талқылаған соң негізгі шешімдер қабылдайды және азаттықтың бөлінуі мүмкін
Отбасы тіршілік және жұбайлардың отбасынан тыс әрекетінің салалары: Бірінші әлеуметтік бақылау аясы
Дәстүрлі отбасының типтік мөлшері: Отбасы әйелдің жүріс-тұрысына қатаң бақылау жасайды, бұл еркекке едәуір аз дәрежеде қатысты
Қазіргі заманғы отбасының типтік мөлшері: Отбасы еркек пен әйелдің жүріс-тұырысындағы әлеуметтік ауытқуларға (маскүнемдік, нашақорлық, дөрекілік, т. б. ) бірдей шамада бақылау жасайды
Отбасы тіршілік және жұбайлардың отбасынан тыс әрекетінің салалары: Сезімдік қатынас аясы
Дәстүрлі отбасының типтік мөлшері: Жылылық, мейірімділік, сезімдік қабылдау, тек әйел жағынан күтіледі
Қазіргі заманғы отбасының типтік мөлшері: Жұбайлар бір-бірінен олардың еркектік, әйедік ерекшелік сипатын есккеріп, сезімдік қолдау күтеді
Отбасы тіршілік және жұбайлардың отбасынан тыс әрекетінің салалары: Әлеуметтік-мәртебелік аясы
Дәстүрлі отбасының типтік мөлшері: Санаулы әлеуметтік біртекті топта некеге тұру, неке арқылы әлеуметтік мәртебені көтеруге ұмтылу
Қазіргі заманғы отбасының типтік мөлшері: Некелік одақтың әлеуметтік әр тектілігі, некелік серіктің мәртебелік емес, жеке басының сипаттамасының мәнділігі
Отбасы тіршілік және жұбайлардың отбасынан тыс әрекетінің салалары: Жыныстық аясы
Дәстүрлі отбасының типтік мөлшері: Жыныстық қатынастың тәуелдік маңызы бар: ол көбінесе тек бала табудың шарты болды, әйелдердің некеге дейінгі қатынасына жол берілмейді, ал еркектердікі айыпталмайды; дәулетті топта моральдық көзқарас негізінде тек еркектерде некеге дейінгі қатынас кең қолданылды
Қазіргі заманғы отбасының типтік мөлшері: Жыныстық қатынастың ұдайы өндірістік қызметінен бөлінуі, әйелдің жыныстық белсенділігінің артуы, олардың жыныстық өмірдегі талабы; некеге дейінгі жыныстық қатынасқа, егер оның негізінде сүйіспеншілік болса, жол беру; некеде тұрған еркек пен әйелдің некесіз жыныстық байланысты бірдей айыпталады

Ажырасу мәселелерін көп жеңілдеткен өзгерістердің отбасы өмірінде орасан зор маңызы бар. Ажырасу санының өсуінің салдары - көп, әртүрлілік және отбасы қарым-қатынасының күрделілігі (екінші реті болған неке, толық емес отбасы, ерте неке болған баласы бар отбасы т. с. с. ) . Осы жағдай және тәжірибелік зерттеудің дамуы отбасы әлеуметтануының тез дами бастауына алып келді.

3. Отбасы-неке қарым-қатынасының болашағын болжау әрекеті өте көп. С. И. Голод адамзат тарихында отбасы эволюциясының өз жолын салады және жақын болашақта оның белгісін болжауға әрекеттенеді. Оның пікірінше, отбасы дамуы париархалдықтан бала орталыққа, соңынан жұбайлыққа келген. Патриархалдық отбасының кіндігі ретінде ата-ана болады. Бұған жақын уақытқа дейін қыстаққа кең тараған көпбалалы шаруа отбасы мысал бола алады. Бала орталықтық отбасы - барлық қарым-қатынастың өзегі бала болатын қазіргі типтік отбасы. С. И. Голодтың пікірінше, жұбайлық отбасы таяу болашақтағы отбасының тап өзі болады. Бұның мәнісі, осы заманғы немесе өз ғасыры дәрежесіне сәйкес адамдардың дербестігіне негізделеді. Демократиялық қоғамда ешкім жаппай берілген үлгіде әрекет жасамайды, түрлендіруге және өздігінше шешімге әрқашан орын табылдаы. Дербестік мынада: жұбайлардың мүддесі отбасынікінен ауқымдырақ, олардың әрқайсысының қажеттігі мен қатынас шеңбері жұбайлық шеңберіне шығып кетеді, олардың әрекеті әдет-ғұрыппен, сыртқы жарлықпен болмаса да, өзіндік ерекшеліктерімен, құлықтық-әсемдік құндылықтарымен реттеледі.

И. В. Бестужев-Лада үшінші мыңжылдықтың басында жалғыз басты адам, бір балалы отбасы және ажырасу болмайды деп пайымдайды.

Қазір кімнің болжамы жақын болашақта келетінін айту қиын, бірақ отбасының жойылмайтынына қатты сенуге болады, өйткені адамзат өзі тарихында отбасы осы күнге дейін орындап жүрген қызметті атқара алатын басқа қоғамдық институт жасаған жоқ.

Қазақ халқындағы отбасы мен неке құрудың ерекшеліктері

Жоспары:

1. Қазақ өмірінде сақталып келген көптеген салт-дәстүрлері.

2. Қазақ жұртшылығына тиетін экономикалық әсермен ислам дінінің ықпалы.

3. Қазақ отбасындағы некелесудің ерекшеліктері

1. Қазақ өмірінде сақталып келген көптеген салт-дәстүрлері - қазақ отбасы мен некесінің де бүкіл дүние жүзі халықтарының отбасы тарихына тән көне кезеңдерінің барлығын басынан өтікзгендігін дәлеледейді. Осы жағдайларды ескере отырып, біз бұл еңбекте қазақтағы отбасы мен неке формаларын, әртүрлі отбасылық, некелік қарым-қатынастарды жан-жақты сипаттаймыз.

Қазақстанның ұшы-қиыры жоқ байтақ жерінде мекендеген қазақ халқының неке құру түрлері мен үйлену тойын ұйымдатсыру тәртібі және оған байланысты қалыптасқан сан алуан әдет-ғұрыптары жайында толып жатқан деректер бар. Қазақ арасында жастай некелестіру ежелден келе жатқан дәстүр. Кей уақытта қыздарды 13-14 жасында ұзатса, ел балаларды 15-16 жасында балағатқа толды деп үйлендіре берген.

Халқы түсінігі бойынша неғұрлым жастарды ерте үйлендірсе, олар әрбір жағымсыз қылықтардан аулақ болып, ұрпақтары мықты болады деген сенімде болған.

Неке құрудың негізгі жолы құда түсіп, қалыңмал төлеп, жасаумен тұрмысқа шығу. Ал малы жоқ шаруаларға, әсіресе, кедейлерге 27, 17 бас мал төлеп келін түсіру оңайға түспейтін. Сондықтан кедей балалары 20-30 жасқа дейін үйленбей жүрген. Тіпті тақыр кедей балалары әуелі өздері бірнеше жыл жалға жүріп, қалыңмалға беретін мал жиятын немесе оңтүстікте қалыңдық үшін қыз әкесіне қызмет ету әдеті де болған. Әке-шешеден жастай айрылып, кедей туысының қолына қараған қыздар мен жесір қалған кедей әйелінің қыздарына құда түсіп, азын-аулақ малын беріп, күйеу әкесі қалыңдықты 9-10 жасқа толысымен өз қолына алып бағаты, әдет те бар. Мұны қазақ «қол бала» етіп алу дейді. Қол бала болып жүрген қыз бала болашақ күйеуімен бірге өскенмен, балағатқа толғанша ерлі-зайыптылық ғұрыпты құрғызбайды.

Қыздарын 12-13 жасқа толысымен күйеуге беру әрине, кедей-жарлылардың ісі. өйткені көп баланы асырап, бағуға олардың қолы қысқа және құдасы ауқаттырақ болса қалыңмалын төлесімен қызды жас болса да өз қолына алып, үй шаруасына үйретіп, қолқанатқа жарау жағын қарастырған. Қалыңмалын алып қойған жарлының қызын бермеске амалы болмайтын. Мұндай мүмкіндіктен аулақ болған ата-ана тек малды шарулар, байлар. Олар қыздарын 17-18 ге келмей ұзатпаған. Осы уақытқа бай қыздары әбден бойжетіп, оң-солын айырып, болашақ өмірге дайындалатын. Барлық әдет-ғұрыптарын айтарлықтай етіп өткізіп, ырғап-жырғап ұзатуға байлар бір-бірімен бәскелес болатын. Әсіресе еркек-шора болып өскен жалғыз қызды немесе көп ағаның ортасындағы кенже қызды өте әлпештеп кемеліне келгенше ұзатпай, оң жақта ойнап-күлсін деп, күйеу таңдауға да өзіне ерік берген. Елден асқан сұлу, өнерлі қыздар әрқашан күйеу таңдап, көп уақыт оң жақта (әкесінің үйінде) отыра береді.

2. Қазақстан жері ұлан-ғайыр болғандықтан, оның әр түкпірінде мекендейтін қазақ жұртшылығына сырттан тиетін экономикалық әсер мен ислам дінінің ықпалы әр түрлі болғандығы дайсыз. Айталық Ресей шекарасына жақын жатқан солтүстік, солтүстік-шығыс және батыс аудандарда және оңтүстікте ежелден отырықшы, қала мәденитінің әсерінде болған Ташкент, Шымкент және Түркістан маңында мекендейтін қазақ жұртшылығының шаруашылығына тауар ақша айналымының әсерімен ислам дінінің ықпалы тиіп, олардың арасындағы туыстық қарым-қатынастың бұрынғыдан әлде қайда әлсірей түсуі анық. Осыған орай Қазақстанның әр ауданына байланысты әр уақытта жазылған әдеби мұрадағы деректерге тоқталайық. Мәселен, Ы. Алтынсариннің айтуынша Қазақстанның солтүстік-батысын мекендейтін қазақ жұртшылығының арасында ХІХ ғасырдың екінші жартысында сегіз атаға толғанша қыз алыспаған. П. Е. Маковскийдің айтуынша, Қазақстанның солтүстік-шығысында бұрын жеті атаға дейін қыз алыспайтын болса, өткен ХІХ ғасырдың 80-жылдарында үш атаға толысымен қыз алысқан. Ел арасындағы жинаған деректерге қарағанда, П. Е. Макоскийдің үш ата расындағы қыз алысу тәртібі жалпы қазақтар арасындағы қалыптасқан әдет емес, тек төрелер мен қожалар арасындағы қатынас екендігін дәлелдейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клиент проблемасының деңгейлері
Бала психикасының дамуын стратегиялық зерттеу
Психология менің өмірімде және кәсібімде тақырыбында
Жоғары мектеп психологиясының пәні, міндеттері және құрылымы
Отбасы баланы алғашқы әлеуметтендіру институты
Отбасы психологиясының міндеттері
Психикалық жас ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдері
Кеңес берушінің ықпал ету құралдары
Психология ғылымының, оның салалары мен тармақтарының ғылымдар жүйесіндегі орны
Дін психологиясы пәнінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz