Отбасы және неке ұғымдарының анықтамасы



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Отбасы социологиясы

Жоспар:
1. Отбасы және неке ұғымдарының анықтамасы.
2. Неке – отбасылық қатынастарының тарихи типтері мен формалары, олардың
даму үрдісі.
3. Некелесу себептері мен сапасы. Отбасының қызметі мен оның құрлымы туралы
қоғамдық пікірге талдау жасау.
4. Неке келісімшарттарының социологиялық қыры.

Лекция мақсаты: Студенттерге отбасы және неке ұғымдарын түсіндіру,
отбасының қызметі мен оның құрылымы туралы пікірлерге талдаулар жасау, неке
келісім шартын социологиялық қырынан алып қарау.
Лекция мазмұны: Социологияның негізін салушы О.Конт қоғамды зерттеу үшін,
алдымен отбасына көңіл бөлу керек деп есептеді. Ол қоғамды индивид бағыну
мен басқаруға үйренетін кішкене қоғам деп есептеді. Отбасы, О.Контттың
пікірінше, оның үлгісі бойынша қоғам құрылатын негізгі элемент, әлеуметтік
өмір мектебі деп есептеді.
Отбасы социологиясы – отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін
социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз
қызметін орындау сипатын, әртүрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу
себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады.
Отбасы сияқты әлеуметтік институттардың табысты қызмет етуін
тарихтың қозғаушы күшіне жатқызуға болады. Отбасының дүниеге келу сәті
бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық үй шаруасы, отбасының
бірлескен әлеуметтік және өндірістік әрекеттер негізінде отбасын
нығайтудағы әртүрлі қызметке байланысты.
Социологтардың отбасын бірнеше ондаған жылдар бойы зерттегеніне
қарамастан, қоғамның осы бөлігін анықтауда келісімде, оны зерттеуде бірізді
әдісте жоқ. Социологияның пайда болуымен есімі тығыз байланысты Огюст Конт
қоғамды отбасы арқылы тану керек, өйткені отбасы – адамзат тегін
жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық деңгейде дами алмайды, - дейді.
Адамзаттың сақталуы – әлеуметтік ұйымдасу әрекетінің қорытындысы,
әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу, адамның
өндірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның отбасы тұжырымдамасында
ажырасуды айыптайды.

2.Неке – отбасылық қатынастарының тарихи типтері мен формалары,
олардың даму үрдісі. ХХ ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін
социологиялык әдістің бес түрі қалыптасты: интеракционистік, құрылымдық-
функционалдық, жағдаяттық, эвалюциялық және институционалдық. Отбасы
ұғымын анықтаудағы әр түрлі пікірлерді ескере отырып, төмендегі
дефиницияға келісуге болады.Отбасы – ортақ тұрғын үймен, экономикалық
кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлецметтік топ.Отбасына ең
болмағанда екеуі әлеуметтік бағытталған, жыныстық қатынас жасайтын және бір
немесе оданда көп өз балалары, сондай –ақ тәрбиелеуге алған балалары бар
ересек жыныс өкілі кіреді.
Билік формасына қарай отбасы патриархалды (күйеуі отбасының басшысы),
матриархалды (әйелі басшы), құрамына қарай - отбасы нуклеарды (ата- анасы
мен балалары), кеңейтілген (нуклеарды отбасы және бірнеше ұрпақтан тұратын
туыстары) болып бөлінеді.Отбасы пайда болу үшін экономика мен жеке
меншіктің болуы, билік қатынасымен бағынуы, яғни отбасында, бүтіндей
қоғамдағы сияқты, билікті болу тәртібі бар, онда кімнің материалдық игілігі
көп, сол басқарады. Отбасында билікті бөлуге жұбайлар арасындағы махаббат
әсер етеді, мұнда суйетін жұбай аз билікке ие.
Отбасын, қоғамның бір бөлігі ретінде, социологтар оның қызметін
орындауға қатысты қарастырады. Отбасының қызметі дегеніміз отбасы мен аоның
мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты,
отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін
анықтауға болады. Осыған байланысты отбасының қызметін әлеуметтік (қоғамға
қатысты) және жеке (тұлғаға қатысты) деп бөлуге болады. Отбасы қызметі
отбасы институтындағы қоғам қажеттіоіктерімен тығыз байланысты. Отбасының
негізгі қызметтері ретінде төмендегілерді айтуға болады: репродуктивті,
тәрбиелік, шаруашылық – тұрмыстық, экономикалық, алғашқы әлеуметтік
бақылау, әлеуметтік – мәртебелік, демалыс және т.б.
"Отбасы" ұғымы "Неке" ұғымымен тығыз байланысты. Социологияда неке
дегеніміз – отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың
дәстүрлі тәсілі, жыныстардың, еркек пен әйелдің ара- қатынасындағы бір –
біріне және өз балаларына, ата- анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін
белгілейтін қатынас формасы .
Некенің төмендегідей формалары бар: моногамия (бір еркек пен бір
әйелдің арасындағы неке) және полигамия (бір индивид пен бірнеше
индивидтің арасындағы неке).
ҚР Парламентінде неке мен отбасы туралы жаңа заңды талқылау кезінде
көп әйел алу (полигамия) пікірталас болды, бірақ БАҚ-тың хабарлағанындай,
әйелдер де көп еркекке шығуы (полиандрия) туралы мәселе көтергеннен кейін,
көп әйел алу мәселесі күн тәртібінен алынып тасталды.
Некелік серік таңдаудың екі түрі бар: эндогомия (серіктер бір топтың
ішінде) және экзогомия (неке мен белгілі бір топтан тыс, мысалы, рулар
арасында болады).
Нормативті актілерде некеге анықтама барілмейді және оның құқықтық
табиғаты жөніндегі мәселе осы күнге дейін заңдылықтарда да, құқықтық
доктринада да шешілген жоқ. неке туралы үш түрлі көзқарас айтылып жүр: неке
– келісімшарт, неке – мәртебе, неке – сыбайластық.
Соңғы уақыттарға дейін алыс шетелдерде неғұрлыми кең тараған
тұжырымдама келісімшарт негізінде болды, ол некеге отыру тәртібін, оның
әрекет шарттарын, некені бұзу кезінде жұбайында болатын шығындарды заңда
отыратын шарттарға, яғни келісімшартты заңдылықтармен қарастыруға
негізделеді. Неке келісімшартында жұбайлар мүлкінің келісімшарт режимін
белгілеу мүмкіндігі жазылады.
Келісімшарт тұжырымдамасына қарсылар неке келісімшарты болу мүмкін
емес, өйткені жұбайларда заңда қарастырылған құқықтар мен міндеттер болуы
мүмкін және тараптар оны өз еркімен өзгерте алмайды дейді. Жұбайлардың
мүлік режимін белгілейтін неке келісімшартына отыру жағдайы, келісімшарт
тұжырым дамасының пайдасы үшін жеткілікті дәлел бола алмайды, өйткені
некенің мақсаты – отбасын құру, бала туу және тәрбиелеу. Сондықтан неке
субьектінің заңда қарастырылған әрекеттері арындауы нәтижесінде мәртебеге
ие болды. Бұл мәртебеге ие болу субьектіні үйленген адамдар санатына
жатқызады.

3. Некелесу себептері мен сапасы. Отбасының қызметі мен оның құрлымы
туралы қоғамдық пікірге талдау жасау.Қоғамдық пікірге талдау жасау
әлеуметтік – экономикалық, саяси, нақты – тарихи жағдаилар – неке отбасылық
қатынастардағы қогамдық санаға қалай әсер ететінін анықтауға мүмкіндік
береді.
Некелесудің негізгі себептері:
1. ¤зін түсінетін және өмірдің кез - келген жағдайларында қолдау
көрсететін адамсның үнемі қасында болуы
2. ¤зін біреуге керекпін деп сезіну, біреуге қамқорлық жасау тілегі.
3. Тұқымды жалғастыру.
4. Сүйген адамнан ажырамау үшін.
5. Жалғыз болмау үшін.
6. Жабдықталған, жайлы үй болуы үшін.

Отбасын құрудағы заңды және нақты көзқарасын зерттеулер барысында
адамдардың некені тұрақты болуы, бірлесе өмір сүруі кезіндегі таныстығының
ұзақтығына байланысты еместігін көрсетеді. Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек:
"бірлескен өмірдің басында" (63%), "бір жыл өткен соң " (32%) , "екі
жылдан соң" (2.5%), "бес жыл өткен соң " (2.5%).
Барлық сұралған респонденттердің тек 23.3 % -і ғана әлеуметтік және
білім деңгейі күйеуі мен қалыңдық үшін кедергі болады деп есептейді. Некеге
дейінгі бұл факторлдың құндылығына жөғары білімді 51.4 % респондент және
44.9 % орта білімі барлар жауап береді . Көпшілігі (60%) некеге тұру
кезінде әлеуметтік жағдайы мен білім деңгейіндегі айырмашылықты ескермеу
керек деп есептейді .
Отбасындағы психологиялық ақуал кендай факторларға байланысты? "Жұбай
таңдау теориясы" деген бар, бұл бойынша, жұбайлардың өздері отбасында
қандай роль атқаратынын таңдауына байланысты болады. Бұл рольдер: а) ана
мен бала қарым – қатынасына біреуге арқа сүйегісі келетін күйеуіне
қамқорлық жасайды. ә) күшті де, қаділетті күйеуіне жар және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы социологиясы
Әлеуметтік институттардың қызметтері
Әлеуметтану бойынша дәрістер
Балаларға зорлық-зомбылық көрсету, тұрмыстағы зорлық-зомбылық
Бала асырап алудың құқықтық сипаты
СОЦИОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ МЕТОДОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ЛЕКЦИЯЛАР КОНСПЕКТІСІ (ТЕЗИСТЕРІ)
Әлеуметтік институт және процесс
Халықаралық жеке құқықтағы неке қатынастарының түсінігі
Отбасы институты және неке
Жастарды отбасылық өмірге даярлау
Пәндер