Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жанұя ғасырлар бойы қалыптасқан адам баласының ең жақын топтарының бірлесіп
өмір сүретін мекені. Онда адам алғашқы тәрбиені қабылдап алғаш рет өмір
туралы, ұжым туралы ұғым қалыптасады.
Отбасы тәрбиесі көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя
мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы.
Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын
істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан
тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің
өлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканьщ үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене
және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне
тоуслді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса,
екіншітараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы
ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан
басымдау келеді. Зерттеу дерекгеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те,
ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да,
отбасы — бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл
тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға
тәуелді. Неғүрлым отбасы жақсы болып, оның тэрбиелік ықпалы үнамды келсе,
тұлғаның тон-Дсне, рухани-адамгершілік, еңбекгік тәрбиесінің өнімі дс
жогйры. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт түлгаиың ксмолдснуі келесі
заңдылыққа тәуелді: жанұя ер жеткен адам да срңцай.
Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне бштр отбасы
тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам
да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен
назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.
Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлттық
үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс
арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғыртгық,
ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар — бәрі де отбасыдағы
бала тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.
Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, "Азамат қалыптастырамын
десең, бесігінді түзе"- деп ұлы ғұлама М. Әуезов бекер айтпаған. Отбасыда
адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және
әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл
шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен
шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
Жоғарыда әңгіме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей
қорытындылар жасауға болады:
отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас ұлғаюмен
ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа-қасиеттер
тек отбасында ғана өрісін алады;
отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және
еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске
қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті
отбасыдан көрінеді;
салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы;
отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері — азамат тәрбиелеу, патриот
қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын
мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру;
отбасының кәсіп тандауға да тигізер ықпалы орасан. Отбасылық тәрбие
арасында ата-аналар баршаға бірдей ортақ жалпыланған әдістерді пайдалану
үрдіске айналған. Мұндай әдістер түрі келесідей топтастырылған: сендіру
(мақтау, мадақтау, балаға болашақта пайдалы да қызықты мүддені түсіндіру
арқылы); жазалау (қандай да көңіл рахатынан айыру, ортадағы достық
қатынасты үзу, ұрып-соғу); кей отбасыларда педагогтар кеңесі мен тәрбиелік
жағдайлар әдейі жасалып қолданылады.
Отбасындағы тәрбиелік міндеттерді атқарудың құралдары да әртүрлі. Олар
арасында кең қолданымдағылар: сөз, ауыз әдебиеті, ата-ана беделі, еңбек,
оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дәстүрлер, қоғамдық пікір, жанұядағы
рухани және материалдық болмыс, ақпарат көздері (газет, журнал, радио,
теледидар), күн тәртібі, көркем әдебиет, мұражайлар мен көрмелер, ойындар
мен ойыншықтар, дене шынықтырулар мен спорт, мейрамдар, рәміздер, ерекше
белгілер (атрибут), қастерлі заттар, бұйымдар және т.б.
Ата-аналар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие бастауы - отбасынан
Отбасылық тәрбиенің адамгершілік негіздері
Бала тәрбиесінде жанұяның алатын орны
Бала үшін отбасы
Республикасының Заңы тілі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны туралы
Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі
Адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасымен мектептің өзара байланыстылығы
Тіл қуат
Пәндер