Отбасы тәрбиесіндегі әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Педагогика және пихология факультеті
Бастауыш мектеп педагогикасы, бастапқы әскери және дене дайындығы кафедрасы

Педагогика және психология
бөлімінің 2 курс студенті
Жунусова Акмарал

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Отбасы тәрбиесіндегі әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: САЙДАХМЕТОВ Б.

Алматы 2007

Кіріспе
Отбасы-адам баласының өсіп өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы алтын
бесігі. Отбасы-адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Болашақ азаматтың
әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға
моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-
өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Қазақ халқы Отан отбасынан
басталады деиді. Олай болса отбасындағы тәлім-тәрьиенің негізгі көзі, түп
нұсқасы. Қанша заман өтсе де балаларымыздың мол тәжірибесіне, тағылымы мен
дәстүрлеріне және отбасы тәжірибесінің негіздеріне сүйене отырып, әке мен
ана, ата мен әже ұрпақтың шын азамат болып өсуіне қамқорлық жасаған.
Отбасындағы тәрбие ата-ананың негізгі қызметі. Бала тәрбиесіндегі ең
негізгі тұлға ана мен әке, ата мен әже. Оларды қазақ халқы өте жоғары
бағалайды, сыйлайды, ізет етеді. Әрбір ата-ана өз баласын еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу, дене шынықтыру, үлкендерді құрметтеу, туысқандық кең байланыс,
көршілермен және ұлты басқа халықтырмен достық, ізгілік қатынастар жасау,
осының бәрі қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты болған. Әрбір ата-ана
өз баласына кірлі көйлек кигізбей, дәмсіз тамақ ішкізбей, ыстыққа
күйгізбей, суыққа тонғызбай, қатты жерге жатқызбай, өсіріп, баласын өнегелі
жігіт, инабатты қыз етіп тәрбиелейді. Кең байтақ қазақ даласында өсіп өмір
сүретін балалардың тәрбиесі олардың ата-аналардың күнделікті іс-әрекеті мен
көшпелі тұрмыс қалпына байланысты.
Жұмыстың өзектілігі. Отбасы тәрбиесіндегі әдет-ғұрыптар мен салт-
дәстүрлердің негізгі қасиеттері, міндеттері мен мақсаттары. Әр ғалымдардың
отбасы тәрбиесіне байланысты ұсынған әдістері, негізгі ұгымдары мен тиімді
жолдары.
Зерттеу нысаны ( объектісі) ретінде Қоянбаевтың Педагогика,
Ж.Әбиевтің Педагогика, С.Кенжахметовтың Қазақтың салт-дәстүрлері мен
әдет-ғұрыптары, А.С.Макаренконың Ата-аналар кітабы, А.Ю.Гординнің
Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны, Ә.Табылдиевтің Қазақ
этнопедагогикасы, Ж.Әбиевтың Педагогика тарихы, М.Қойгелдиевтің Қазақ
халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары 1-том,ххххх сол сияқты
кітаптардағы ғалымдардың ой-түйіндерін пайдаландым.
Зерттеудің мақсаты. Жұмыстың негізгі мақсаты, мүмкіндігімше,
ғалымдардың отбасы тәрбиесіндегі әдет- ғұрыптар мен салт-дәстүрлері туралы
пікірлерін, отбасын зерттеудегі еңбектерін, әдет-ғұрыптар мен салт-
дәстүрлерді дамытуға қосқан үлестерін, түйіндеп көрсету. Отбасы
тәрбиесіндегі әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің қазіргі қоғамда алатын
орнын анықтау және оның по\айдасын, негізін көрсету.

§1
Отбасында бала алғашқы рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып,
мінез–құлық нормаларын игереді. Ол баланың азамат болып өсуінің негізі
болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу. ұшқанда соны
ілерсін, Отбасы-шағын мемлекет, Анасың көр де, кызын ал,... деп, халық
отбасындағы тәрбиені жоғары бағалаған. Отбасы мүшелері бала бойында жақсы
әдеттерді қалыптастыруды және оның дүниетанымын, өмірлік бағыт-бығдары мен
көзқарастарын дұрыс қалыптастыруды мақсат тұтады. Отбасы тәрбиесіндегі ең
басты қызметті ата – аналар атқарады. Ата – ананың іс-әрекеті мен
мінез–құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік,
әлеуметтік – саяси құндылықтар беріледі. Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және
мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық
өмірде болып жатқан әлеуметтік,экономикалық және демографиялық өзгерістер
жанұяға белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Нарық қатынастарының жанұяда

айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа
құндылық бағыттарын қалыптастырып, жанұя өміріне елеулі өзгерістер әкеледі.
Ата – ана міндеті – қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған
әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Жанұя балаларды тауар мен ақша
қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыу қажет, сондай-ақ алып-
сату, пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету керек
екенін түсіндіру. Ата-ананың маңызды міндеті балаларымен біріккен
комерциялық қызмет - әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың
адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін
бірге орындауға үйрету. Нарық отбасы тәрбиесіне жанама әсер етеді, олардың
өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар негізеді. Отбасының тәрбие өмір салты,
оның барлық құылымдық элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені
олардың мақсат- міндеттері ортақ іс-әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері
және бағыттылығы бар. Отбасындағы тәрбиенің субъектілері – ата-ана мен
бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы
элементтерді біріктіретін негіз – іс-әрекет.

Отбасы - әлеуметтік организм, балалар бойында ата-аналарымен
әлеуметтік-психологиялық біртектілік қалыптастырушы біртұтас организм.
Демек, отбасында бала кезде бойға сіңірген нәрсенің өмірлік беріктігін
белгілейтін механизмдер болып табылатындар; ата-аналар мен балалар қарым-
қатынасының негізі ретіндегі берік оңды эмоциялық күйлер; бір ғана мінез-
құлық тәсілдерінің оларды әдет дәрежесіне дейін автоматтандыратын күн
сайынғы қайталануы мен бақыланып отыруы, рухани жақындық, өзара нәзік
түсінушілік, балалардың ата-аналарына шексіз сенуі, оларға деген
сүйіспеншілігі, олардың беделі, баланың жас кезіндегі отбасы тәрбиеснің
үстем болуы, балалардың психикасына, оның белсенділігі мен талғамдылығы
деген жоғары сезімталдық, жанұялық тәрбие факторларының тұрақты болуы.
Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік
институт ретінде анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара
қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың
жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйілмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы
тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарды, оны тәрбенің ешқандай да түрі
алмастыра алмайды.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі
мәселелерін шешуде үлкен міндеттерге ие болған. Қазіргі заманғы жанұяның
өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-
ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғарылауы. Бұл адамдық
тұқымқуалаушылықты қорғайтын жоғары адамгершілік-этикалық құндылық екені
дәлелденді. Отбасының тәрбиелік функциясы қоғамдық-экономикалық
жағдайлармен анықталады, ол әлеуметтік даму процесін көрсетіп, әлеуметтік
қызмет пен субъективтік фактордың – ата-аналардың жеке басының іс-әрекеті
ерекше мәнді түрде көрініс табатын қарым-қатынастар формасының ерекше түрі
болып табылады. Отбасынын тәрбиелеу мүмкіндіктері ата-аналардың өзнің
мақсатқа бағытталған тәрбие қызметінің қажеттілігін ұғыну дәрежесімен
анықталады. Бұл қызмет отбасында жастнәрестенің жеке басының жан-жақты
дамуы мен көркеюіне көмектесетіндей қарым-қатынастарды орнықтырып, жағдай
жасауға тиіс. Отбасының тәрбиесінің күші мен өзіндік ерекшелігін туған
үйдің адамның жеке басына, тағдырына тигізетін әсерінің мәнін ашқанда ғана
түсінуге болады. Отбасының қалыптастырушы әсерінің өзгешелігі ең алдымен
баланың жеке басына әсер етудің ерекше формаларынан көрінеді.
Ата-ананың тәрбие жұмысының сапасын оқушының күн тәртібін
ұйымдастыруынан көруге болады, онда отбасы тәрбиесінің маңызды
ерекшеліктері көрініс табады, отбасының әдет-ғұрыптарының бір бөлігі болып
табылады. Күн тәртібі баланың уақыт аралығындағы іс-әрекетінен тұрады: дене
және еңбек қызметі, ой белсенділігі, бос уақыт, дер кезінде тамақтану,
гигиена, ұйқы. Олардың ара қатынасы баланың жасына, оның жеке тұлғасының
психикалық ерекшеліктеріне және тілек – қалауларына байланысты өзгеріп
отырады. Баланың бос уақыты оның күн тәртібінің құрамды бөлігі болып
табылады. Баланың бос уақытын пайдалануы, оның іс-әрекетінің түрлері
отбасының тәрбие мүмкіндіктерінің айқын көрсеткіші. Отбасында баланың күн
тәртібі сақталады, оның өмірі әртүрлі іс-әрекетке толы. Отбасындағы ара-
қатынас демократиялық тұрғыла негізделген. Бұндай отбасыларында өзара
түсіністік және қамқорлық рухы басым; балалардың әкесі мен анасының
қызметі жайлы хабары бар, олардың қиыншылықтары мен жетістіктерін де
біледі; баланың мектептегі жағдайы да жанұяда еркін талқыланады; ата-ана
баланы жүйелі оқу іс-әрекетіне үйретеді, күн тәртібін дұрыс құруға
көмектеседі, оқуда қиыншылықтар туған кезде көмек көрсетеді; әкесі мен
анасы баланың сабақтан тыс уақытына көңіл бөледі; баланың бос уақытын
ұйымдастыруына қатысып, оған мақсаттылық пен тиімділік элементтерін
негізеді. Отбасында бірігіп істелінген еңбек, табиғатқа саяхат, спорттық
шаралар, кітап оқу – күнделікті және жиі болып тұратын құбылыстар. Ата-ана
баланы дұрыс педагогикалық мәдениетке бағыттап оқыту мен тәрбиелеу
мәселелеріне әлеуметтік-жауапкершілігін түсінеді. Ата-аналар отбасына
айтарлықтай түзетулерді енгізеді. Олар оның мәнін және өздерінің баланың
өмірін ұйымдастырудағы алатын орнын түсінеді.
Ата-ана отбасындағы тәрбиеге жауапкершілікпен қарап, оны
реттеп отырады. Отбасы мүшелерінің бір-біріне ықпалы олардың тәлім-
тәрбиелік міндеттерін орындаумен ұштасады. Қалыптасқан ұлттық тәрбие
дәстүрлері бойынша ата-ананың балаға қамқорлығы, ағаның ініге қамқорлығы,
інінің ағасына, әрбір баланың ата-анасын сыйлай білуі, әпкенің інілері мен
сіңлілеріне қамқорлығы, сіңлісінің әпкесінен үлгі алуы, жиендердің
нағашылармен қарым-қатынасы: инабаттылық, имандылық, қайырымдылық,
мейірімділік, көпшілдік, меймандостық бәрі-бәрі, негізінен отбасындағы
тәрбие жұмыстары арқылы қалыптасады. Әрине ата-анасы өз баласын сүйеді,
сыйлайды, жанындай көреді,ата-ана және отбасының ересек мүшелері баланың
теріс қылықтарының болмауына өз мүмкіндіктерін тигізеді. Әйткенмен, әрбір
отбасында кездесетін сәтсіздіктер мен қиыншылықтар кездеседі. Мысалы:
отбасында ата-ананың баласына жеткілікті назар аудармауы, отбасында болатын
ұрыс-керіс, маскүнемдік, неке бұзушылық, әке мен ананың арасында бірыңғай
талаптың, көзқарастың жоқтығы. Өкінішке орай, әке мен баланың жеке басына
жеткілікті көңіл аудармайды, оның ішкі дүниесін, қоршаған ортаға қатынасын,
тілектерін жете білмейді. Кейбір жағдайларда ата-ана балалардың мінезінде
пайда болатын әдепсіздікті, теріс әрекеттерді алдын-ала бақылап біліп
отыруы керек. Мұндай қылықтардың себептерін анықтауы қажет.
Ата-ананың бала тәрбиесінде жасаған қателіктері: 1.Ата-ана баласын
тұрақты қамқорлыққа, бақылауға алады, оның жүріс тұрысын, әрбір қадамын
есепке ала отырып, қылықтырын тым қадағалайды. Осының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы - әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді үйретуші және ұйымдастырушы
Халық педагогикасы білім беру саласындағы халықты педагогикалық тәрбиелеудің тәжірибесі
Қазақ салт-дәстүрлері
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар туралы ақпарат
Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қазақ дәстүріндегі бала тәрбиесінің қазіргі қоғаммен сабақтастығы
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
Отбасының қазіргі жағдайы
Қазақ салт - дәстүрлерінің теориялық негіздері
Пәндер