Бала туу және тәрбиелеу
Отбасылық, некелік қатынастар
XX ғасырдың басында қазақ қоғамында көбіне шағын отбасылар болғанымен,
патриархалдық қарым-қатынастар сақталып қалды. Отбасында әке мен күйеудің,
жасы үлкен ағалардың беделі күшті болды. Әке үйі (үлкен үй) барлың бөлінген
ұл балалар(отаулар) үшін ңасиетті орын болып есептелді. Олар барлық жағынан
әке шаруашылығына қарасып отырды, қажет болса, қосымша мал-мүлік алып
тұрды. Ежелгі отбасылық дәстүрлерге сай кіші ұл өз алдына жеке шаруашылық
құрмады, ол өке үйін сақтап қалып, "қара шаңыраққа" ие болды. "Қара
шаңыраққа" отаулар тарапынан үлкен құрмет көрсетілді. Жыл сайын "соғым"
сойылған кезде, "қара шаңыраққа" барлық "енші" алған балалар "сыбаға"
әкеліп тұруға міндетті болған.
Үйленген балаларын бөлу ата-аналар үшін қоғамдық және шаруашылық
түрғыдан алғанда үлкен маңызға ие болды. Кейде мынадай жағдайдар орын
алған. Үйленген үлкен ұлын бөлгенде, оған тете екінші үйленбеген ұлын
болашаң қалыңдығына қажетті қалың малын беріп, қосып жіберген. Мұндай
ағайындыларды халық "еншілес" деп атаған. Балаларына енші беріп, бөлек
шығарғанда, ата-анасы ағайын-тумасын, құда-жекжатын, дос-жаранын шақырып,
кішігірім той жасаған. Ағайындары жас отау иелерін қолдарынан келген
көмегін көрсетіп, сый-сыяпат ұсынған. Ол көбіне мал түрінде беріліп, малдың
құлағына күйдіріп, "ен" салынған. "Енші" құрамына белгілі мөлшерде ірі
мүйізді қара, түйе, қой және жылқы кірген. Орта дәулетті отбасылар мен
кедейлері еншіге жылқы бере алмаған. Ірі байлар 100 қой, 30-40 жылқы, он
шақты сиыр мен 4-5 түйе берген. Әкесі қайтыс болғанда енші алған балалардың
жаңадан енші алуға қақылары болмаған. Әке малы түгелімен қара шаңырақ
иесіне, кіші баласына қалатын болған. Тек анасы мен кіші ұлдың келісімімен
үлкен балаларға жаңадан енші беру мүмкіндігі қарастырылған.
Мұралық құқығы. Қазақтардың отбасылық қарым-қатынастарында әке
мұрасына құқық етудің маңызы зор болды. Әдетте ол ауызша куәлардың көзінше
мұрасын кімдерге беретінін айтатын болған. Әкенің мұра туралы тапсырмасы
ңатаң сақталған. Мұрагерлер қатарына әдетте балалары, әйелдері, жақын
туыстары жатқызылған. Көп әйелдері бар ірі байлар көзі тірісінде олардың
әрқайсысына ерекше шаруашылықтар бөліп берген. Сондықтан ол өлгеннен кейін
әйелдері мен балаларының мұраға таласу құқы болмаған. Күйеуі қайтыс болған
жесір әйел әмеңгерлік жолымен күйеуінің інісіне, не ағасына тұрмысқа шығуға
міндетті болған.
Қазақтарда ежелден бала асырап алу салты кең тараған. Балалары жоқ ата-
аналар баланы ағайындарынан немесе өзге рудан да асырап алып отырған.
Асырап алған балалар ер жеткеннен кейін, ата-анамен, ағайындарымен барлық
қарым-қатынастарды туған балаларынан ешқандай кем емес деңгейде жүргізіп
отырған. Балаларды есі кірмеген кезде асырап алғандыңтан, олар өздерінің
шын ата-аналарын білмей өсетін болған. Олар өздерін асырап алған ата-
аналарын құрметтеп, перзенттік борышын мейлінше адал атқарған. Сондықтан да
халың арасында кең тараған "баланы туған ана - ана емес, өсірген ана -
ана", деген сөздің төркіні осында жатыр.
Туысқандық қатынастар. Туысқандың тығыз қатынастар қазақтар арасында
берік сақталды. Күнделікті өмірде олар бір-біріне үнемі рухани көмек
көрсетіп отырды. Қыздарын тұрмысқа берерде, ұлдарын үйлендіргенде, жақын-
жуықтары қайтыс болғанда немесе төтенше табиғат апаттары болғанда,
қолдарынан келген көмектерін аямады. Мұндай көмектерді "жылу", "немеурін",
"үмбе", "асар" деп атаған.
Қазақтар арасындағы туысқандық қатынастар әке жағынан ғана емес, ана
жағынан да жалғасын тапты. Қыздан туған балалар "жиен", ол балалар үшін
анасының әке жүрты "нағашы" деп аталды. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер
бойынша жиендерді ренжітпеуге тырысқан, олардың ондай-мұндай еркеліктерін,
қалжыңдарын кетерген. Тіпті, жиендерге үш ретке дейін бағалы заттарды қалап
алуға рұқсат етілген. Жиендер де өз кезектерінде нағашыларымен жылы,
туысқандық қарым-қатынаста болуға тырысқан. Нағашы-жиенділер арасында әдемі
әзіл-оспаң, ойнау табиғи жағдай болып саналған. Қазақтар - табиғатынан әзіл-
оспақты, ойын-күлкіні сүйетін халық. Қазақтар арасындағы туысқандық қарым-
қатынастардың басты ерекшеліктерінің бірі - ойнауға, әзілдесуге,
қалжыңдауға болатын ағайын-тумалардың болуы. Ондай ағайындар дәрежесіне
"нағашы-жиен", "балдыз-жезде", "жеңге-қайыны", "жеңге-қайын сіңлі",
"бажалар" жатады. Тіпті, мұндай ойнауға тиісті адамдар ғана емес, үлкенді-
кішілі адамдар да әзіл-оспақпен бірін-бірі іліп, шалыпжатады. Әйтпесе
әзілің жарасса, атаңмен ойна деген мәтел қайдан шыққан? Сол жиендер
жөнінде жиен ел болмас, желке ет болмас немесе жиен ел болады, малы
болса, желке ас болады, майы болса деген мақалдан, туысқандық нерархиядағы
теңсіздікті, яғни жиендердің қыздың баласы болғандықтан ұлдың баласындай
дәрежеде болмайтынын байқауға болады.
Құда болудың және некелік одақтардың нәтижесінде рулар арасында
өзіндік байланыстар қалыптасты. Құдасын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz