Неологизмдердің жасалуы және оның аудару жолдары


Тақырып: Неологизмдердің жасалуы және оның аудару жолдары
Кіріспе
Аудару адамның рухани әрекетінің бір түрі ретінде, өте ерте заманнан келе жатыр. Ол сондай-ақ әлемдік мәдениет тарихында маңызды рөл атқарған. Мәдениет ғасырлар бойы дайындалып, ғасырлар бойы өмір сүреді. Әрбір жаңа ғасыр өткен мәдениетке жаңа мән-мағына әкеледі. Адамдардың ғана емес, сонымен қатар, халықтардың да тарихи жады деректерді іріктеп, таңдауға бейім. Мәдениетте ешқашан бірыңғай ықпал етуші, бірыңғай қабылдаушы субъект бола алмайды. Мәдениеттегі байланыс қашанда көпжақты, көпқырлы, ең аз дегенде, екіжақты. Сол мәдени байланысты баянды ететін бірден бір тиімді құрал аударма екендігін көне тарих көптеп дәлелдейді. Аударма ісі өткен тарихта болсын, бүгінгі күнімізде болсын мәдениеттерді байланыстыру құралы ретінде қызмет етіп келеді. Аударма - тілдік қонақжайлылық, кеңпейілділік, кеңшілік түрі. Аударма өзге тілді өз тіліңдей қабыл алып, өзге тілге мейірбандық таныту. Ол беталды жасалған тегін әрекет емес. Аударма - өз тіліңді қайта ашудың, өз тіліңді байытудың, соның әсерінен өз мәдениетіңнің көкжиегін кеңейтудің пәрменді құралы. Ендеше, аударма мәселесі мәдени ортақтасуды жүзеге асыратын мәдениеттер сұхбаты мәселесімен иық тіресе жүрері сөзсіз.
Аударма - мәдениетаралық қатынастың маңызды құралы, өйткені ол бір тілдік мәдениет айғағын екіншісіне таныстырушы орталық буын. Мәдени қарым-қатынасқа көп түскен, яғни өзге мәдени әлемнің когнитивті тәжірибесімен кеңінен таныс мәдениеттің тілінің аударуға бейім келетіндігі, соның нәтижесінде аударма ісінің үдере өрбитіндігі де белгілі жайлар.
Аударма-комплексті үдеріс. Түпнұсқаны дұрыс, әрі нақты жеткізу үшін, ауарма тілінде тек қажет сөздерді тауып қана қоймай, оларды сәйкес грамматикалық үлгіде жеткізе білу қажет. Оған қоса көп жағдайда еш есептен шығаруға болмайтын стилистикалық факторлар да араласады. Аудару- басқа тілде айтылған нәрсені, екінші бір тілде толық, әрі дұрыс білдіру.
Қазіргі таңда қазақ тіл білімі ғылымында арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі - аударманың теориясы. Бұл сала - қазақ тілтанымы үшін әлі жетілмеген, тиісті деңгейдегі ғылыми сипатын ала қоймаған тіл білімі салаларының бірі. Сондықтан бұл ғылымның негізгі бағытын айқындап бере алатын бірқатар ұғым-түсініктердің даралана қоймау себептері де осыған тікелей байланысты. Қазіргі қазақ тіл білімінде аударма мәселесімен түбегейлі айналысып жүрген ғалым А. М. Алдашева докторлық диссертациясында «…қазірге дейін аударма теориясының басты дәйектемелері, шешуші негіздері, аударматану ғылымының басты обьектісі мен ұстанымдары, әдіс-тәсілдері мен бірлік тұлғалары, аударманың нормасы, тәржіма ісіне қойылатын талаптар сияқты маңызды жағдаяттардың анық-қанығы ғылыми тұрғыдан анықталған емес», - деп атап өткен. [1-45б] Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі - ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға алынған жаңа салалардың бірі. Сондықтан қазақ тіл біліміндегі аударма теориясы да, аударма практикасы да, аударма іс-тәжірибесінің теориялық тұғыры да енді қалыптасып келе жатыр.
Зерттеудің өзектілігі отандық әдебиеттерде неологизмдерді аудару әдістерінің аз зерттелуімен, оларды аударуда туындайтын қиындықтармен тығыз байланысты. Атап айтқанда неологизм табиғатын тану үшін кешенді, жүйелі түрдегі зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігі қазіргі таңдағы аударма ғылымының жаңа бағыттарымен байланысты.
Дипломдық жұмыс жаңадан пайда болған сөздерді, әдеби шығармада және публицистикада жазушылар мен журналистер енгізген авторлық неологизмдерді аудару мәселелеріне арналған. Ал енді авторлық неологизмдерге келетін болсақ, олар мәтінге жаңа идея, жаңа шабыт, эмоционалды мәнерлілік береді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты неологизмдерді теориялық тұрғыдан зерттеп, қазіргі ағылшын тілінде жаңа өзгерістер мен адам баласының жетістіктеріне байланысты жаңадан пайда болған неолгизмдерді аудару әдістерін ұсыну. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қаралды:
- “Неологизм” терминінің түсінігі және мазмұнын анықтау;
- Аудару барысында неологизмдердің мағынасын анықтау әдістерін қарастыру;
- Неологизмдерді аудару әдістерін көрсету;
- Д. Р. Толкиеннің “Сақина әмiршiсi” трилогиясындағы авторлық неологизмдерге талдау жасау;
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны ретінде Джон Рональд Руэл Толкиеннің «The Lord of the Kings» трилогиясындағы неолгизмдер қаралған.
Неолгизмдерді талдау барысында 43 мысал қарастырылған.
Зерттеудің дереккөздері. Зерттеуіміздің негізгі дереккөздеріне ең алдымен лингвистикалық деректемелерді жатқызамыз. Мәселен түсіндірме, тіл білімінің терминологиялық сөздіктері, анықтамалықтар мен ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мерзімді басылымдар, түрлі салалық терминологиялық сөздіктер (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - Т. 1-10. - Алматы: Ғылым, 2002 [26] ; Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік (неологизмдер) / Алматы: «Рауан», 2000. [25] ; Ағылшынша-қазақша, қазақша-ағылшынша терминдер мен атаулар сөздігі/Мемтерминком бекіткен терминдер мен атаулар сөздігі. Құрастырушылар Ш. Құрманбайұлы, С. Сапина) [27] ; Longman. Dictionary of contemporary English. [28]
Зерттеу әдістері. Неологизмдердің табиғаты, заңдылықтары мен ерекшеліктерін, қалыптасу және даму жолдарын зерттеу барысында А. А. Реформатский, В. П. Даниленко, А. В. Суперанская, Н. В. Васильева, Н. В. Подольская, Е. С. Кубрякова, А. А. Уфимцева, Г. О. Винокур, В. М. Лейчик, А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Ә. Қайдар, Ө. Айтбайұлы, М. М. Копыленко, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов, К. Ш. Хұсайын, Н. Уәли, Ж. Манкеева, З. Қ. Ахметжанова, Л. Қ. Жаналина, Ш. Құрманбайұлы, Б. Момынова, М. Малбақов, Р. Шойбеков т. б. ғалымдардың еңбектеріндегі теориялық тұжырымдарға сүйендік. Зерттеу барысында сипаттамалы, салыстырмалы, ретроспективтік әдістер, сондай-ақ тілдік деректерді түрлі компонеттік, концептуалдық талдау және интерпретациялау, жаппай сұрыптау, жүйелеу, салыстыру, талдау, синтездеу тәсілдері қолданылды.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Зерттеу жұмысының барысында неологизмдердің қазақ тіл білімі аталым теориясының үлкен арнасы ретінде танылып, өзінің ерекше зерттеу нысаны, ғылыми ұстанымдары, түрлері мен үлгілері анықталды. Зерттеудің нәтижелері қазақ тіл білімінде аталым теориясын дамытады, уәжтану, терминжасам мен сөзжасам теориясына нақты үлес қосады. Зерттеу барысында жасалынған тұжырымдамалар мен нәтижелер неологизм мәселелерінің дамуына, қалыптасуына септігін тигізеді.
Зерттеудің тәжірибелік құндылығы. Зерттеудің нәтижелері неологизмдер жөнінде жаңа пайымдаулар жасауға мүмкіндік береді. Дипломдық жұмыстың негізгі материалдары мен теориялық тұжырымдарын жоғары оқу орындарында аударма теориясы салаласынан оқулықтар мен оқу құралдарын жасауда, арнайы семинар мен арнайы курстық, аудиториялық дәріс оқуда пайдалануға болады. Сонымен, өз шешімін күтіп тұрған басқа да ұқсас құбылыстардың аражігін ашуда септігін тигізіп, неологизмдік терминология салаларына қатысты болашақ зерттеулерге жол ашады. Ең бастысы, зерттеу барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдардың бірқатары неологизмдік аталым үдерісінің ғылыми принциптерін белгілеуге негіз болады.
Дипломдық жұмыстың теориялық негіздемесі болып қазақ тілінде осы кезге дейін аударма теориясы мәселелері бойынша қорғалған зерттеу жұмыстары, неолгизмдердің ағылшынша - қазақша сөздігі, отандық ғалымдардың және шетел ғалымдарының еңбектері қарастырылды. .
Диломдық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кріспеде диломдық жұмыстың мақсаты, өзектілігі, міндеттер қарастырылған. Бірінші бөлімде неоогизмдердің және оларды аударудың теориялық негіздері қарастырылған, Екінші бөлімде Д. Р. Толкиеннің “Сақина әмiршiсi” трилогиясындағы авторлық неологизмдері зерттелген. Қорытындыда жалпы дипломдық жұмысты талдау бойынша қысқаша түйіндер жасалған.
I Бөлім
Неологизмдер және оларды аударудың теориялық негіздері
1. 1 “Неологизм” терминінің түсінігі және мазмұны
Тіл-тілде жаңа пайда болған және оның жаңа сөз екендігі аңғарылып тұратын лексика қабатын неологизмдер деп атайды. [3-69б] Неологизм сөзін грек тілінен аударғанда - тілдегі жаңалық, жаңа сөз деген ұғымдарды білдіреді. Неологизмдердің актив лексикадан өзгешелігі тек жаңалығымен, өлшенбейді. Кей сөз пайда болысымен актив лексика қатарына өтіп, жиі қолданысқа түседі. Енді бірі неологизм қалпын ұзағырақ сақтайды. Мұның өзі неологизмдердің қандай ұғымды аңғартатындығында болса керек. Спутник, космос сөздері ұғымымен бірге бүкіл әлемді таңдандыра келген, ал қазір актив лексикаға қосылған жай сөздер. Тіпті бүгінгі таңда қазақ тіліне енген болған веб сайт, интернет , сөздері де күнделікті баспасөз беттерінде жиі қолданылып, актив лексика қатарына өту процесін бастан кешіріп жатыр. Бірақ кей неологизмдер өзінің жаңа қолданысқа түскендік белгісін ұзақ сақтауы да мүмкін. Мысалы, құранды жем, пішендеме сияқты сөздер қолданысқа түскеніне көп уақыт болса да, көпшілікке түсінікті болатындай дәрежеге жете алған жоқ. Себебі олар мал шаруашылығымен шүғылданатын адамдардың ғана қажетін өтеуде. Пассив лексика қатарындағы неологизмдер мен көнерген сөздерді өзара салыстырсақ, әрдайым неологизмдер аз кездеседі. Оның себебі көнерген сөздердің ұмытылу процесі мен неологизмдердің актив лексика қатарына өту процесі бірдей емес.
Сонымен неологизмдер дегеніміз - актив лексика қатарына енбеген жаңа сөздер. [2-88б]
Неологизмдердің бір түрі ретінде қаралып жүрген жеке автор қолданысындағы жаңа сөздердің жайы басқашалау. Себебі жеке автордың стильдік мақсатта қолданған өзіндік жаңалығы сол күйінде неологизм болып қала беруі, актив лексика қатарына енбеуі де әбден мүмкін. Мысалы, С. Сейфуллиннің
"Негізін сап, қызыл сарай
Жүрміз міне қаласып", - деген өлең қатарындағът жаңа. қоғамды көтеріңкі стильде образды айту үшін кызыл сарай сөзі қолданған. Бірақ ол актив лексикаға кірмейді.
Мұхтар Әуезов шығармаларында да қарсыласу, миландыру сияқты жаңа сөздер кездеседі. Ол да жазушының өз қолданысы болып табылады.
Сонымен неологизм түсінігінің дәлме-дәл анықтамасы мен белгілі бір сөздік бірліктердің неологизмге, қағидаларына қатысты мәселелер қазіргі күнге дейін шешімін таппаған мәселе болып табылады.
«Неологизм» түсінігін тереңірек қарастырған А. З. Қазанбаева болып табылады. «Неологизм» түсінігін анықтаған зерттеулерді саралай отырып екі түрлі көзқарастарды байқауға болады. Бірінші «неологизм» термині тілде жаңадан қалыптасқан тіл қалыптастырушы үлгідегі сөздермен сәйкес келсе, екіншіден бұрын-соңды болмаған, белгісіз түсініктерді, затты, ғылым саласын, мамандықты білдіреді. Мысалы, reactor - ядролық реактор, biocide - биологиялық соғыс және т. с. с. [3-56б]
Сондай-ақ неологизмдердің өздері де тілде белгілі бір мағынаны белгілейтін жаңа синонимдерді қалыптастырады. Бірақ бұл синонимдерге коннотативті бояулар тән, яғни сөздерге жаңадан мән, сипат, маңыздылық беретін семантикалық және стилистикалық сөз бояуларына ықпал етеді. Мысалы, boffin (көбінесе әскери мақсаттарда құпия жұмыспен айналысатын ғалым) сөзі scientist сөзіне жақын синоним болғанымен, басқа семантикалық бояуға ие.
Осы лексикалық инновациялардың пайда болуына, тіл тұрақтылығына, қолдану жиілігіне байланысты біртектілік байқалмайды. Біреулері тілге енсе, екінші біреулері қысқаша уақыт ішінде қолданудан шығып кетуі мүмкін. Көбіне жаңа сөздердің пайда болуы жаңа ассоциациялардың қалыптасуымен байланысты болғанымен осы кезде сөз түсінігі сақталады, өйткені тіл және жалпы лексика қарым-қатынас құралы ретінде өз қызметін атқарады, сөздерге қатысты жаңа түсініктерді бекітіп, қайта өңдейді. Тілдік жүйеде жаңадан пайда болған неологизмдер біраз уақытқа дейін таралмай, тілдің құрылымдық талаптарына жауап беретін сөздер ғана кейіннен бірте-бірте тілдік жүйенің орталығына негізгі сөздік қорға ауысады. [3-65б]
Жаңадан қалыптасқан сөздер тез арада орталыққа еніп, қажетті және белсенді түрде сөздік құрамға кіреді. Негізінен жаңадан қалыптасқан сөздер ғылым, техника, мәдениет, саясат салаларында пайда болса, ал неологизмдер сөйлесу барысында қалыптасады.
Жаңа қалыптасқан сөздер мен неологизмдерді уақытша критерийлер объективті анықтай алмағандықтан, субъективті критерийлерді қолданудың мәні зор.
Енді ыңғайлы болу үшін «неологизм» термині ретінде лексикалық жаңа қалыптасқан сөздерді де, жеке неологизмдерді де сипаттайтын сөздерді белгілейтін боламыз.
1. 2 Ағышын тіліндегі неологизмдердің ерекшеліктері
Қазіргі ағылшын тілінде жаңа сөздердің пайда болуының көптеген әдістері бар, олардың қатарына жаңа сөзөнімділігі, сөзқұрау, конверсиялық (өзгерту), қысқарту, адьективизациялық, субстиантивтік (бір есімнің екінші есімге айналуы), кері сөз құрылымы, лексико- семантикалық тәсіл, дыбыстардың кезектесуі және сөздегі екпіннің ауыстырылуы (фонологиялық тәсәл) және т. б. Бірақ, аталған тәсілдердің барлығы да бірдей қолданыла бермейді және әрқайсысының өзіндік сөзқұрылым процесіндегі салмақтары бірдей емес. Жаңа сөзөнімділігі мен сөзқұрылым сияқты тәсілдер жаңа сөзқұраудың негізгісі болып табылады. [6-82б]
Жаңа сөзөнімділігі мен сөзқұраудың көмегімен 88% жаңа сөздер құрылады (3000 зерттелген сздердің ішінде) .
Мысалы, басқалар конверсия, лексико-сементикалық тәсіл, жаңа сөздерді аз көлемде құрайды, және сөзқұраудың тарихи тәсілдерінің қатарына өткендігімен, үшіншіге жатқызуға болатын тәсілдер, сөздерде дыбыстардың кездесуі мен екпіннің ауыстырылуы, аз өнімді және қазіргі кезде дерлік қолданылмайды. Осыған байланысты бөліп көрсету керек:
- аз өнімді аффикстер;
- «абсолюттік өнімділік» бұл өнімді аффикс, сөзқұру тәсілінің сөзқұру элементі ретінде, осы ортада өзінің қолданылуында минималды шектеулі.
Өнімділік, әртүрлі тілдік бірліктің басты сипаттамаларының бірі болып табылады. Өнімділік сөзқұру моделінің салмағы басым болады. Өнімділік жаңа сөзқұрұлуында орталық механизмнің жұмысын атқарады, сөзқұру моделінің сипатында басым салмаққа ие. Сөзқұруды өнімділік мағынасы, моделдерден басқа, аффикстерге де, сөзқұру элементтерінің негізіне және де сөзқұру тәсілдеріне де таралады, «өнімділік» сөзінің өзінің семантикасы өте кең көлемде. [7-104б]
Мүмкін, осы факт, зерттеушілердің арасында, осы мағынаның жекеленген аспектілері мен оның негізгі сипаты жайлы бірдей пікір жоқ екендігінің себебі шығар.
Сөзқұру негізіндегі «өнімділік» синонимдік термин екенін атап өту маңызды - «сөзқұрулық белсенділік», ол сөздердің құрылулық қабілеті, мысалы, сөзқұру элементі мен жаңа сөзжасаудың. Модель, аффикс жаңа сөздер құруда белсенді негізі болуы мүмкін және керісінше пассивті, бұлардың көмегімен жаңа сөздер аз көлемде құрұлады немесе тіптен құрұлмайды.
Л. Гилберт сөзқұрау тәсілінің өнімділігі ретінде неологизмдер жіктеуін түбегейлі ұсынды.
Ол сөзқұрау тәсілі бойынша неологизмнің мына топтарын бөліп көрсетуді ұсынады:
1. Жеке дыбыстардан немесе дыбыстардың өзіндік конфигурациясынан құрылатын, фонологиялық неологизм. Бұл неолоизмде жаңашылдық, жасандылық байқалады. Дыбыстардың мұндай үйлесімділігі, грек немесе латын тілдерінің морфемімен сыйысады. [8-102б]
Мұндай сөздердің мысалы, соңғы онжылдықта жасалған талшықтар полимері сөздері болады: polysterol, nylon, ets. Немесе, физика, химия, оптикада және т. б. қолданылып жүрген терминдер.
Polychromatic - көптүсті.
Monochromatic - біртүсті.
Мұндай неологизмдер, фонологиялық неологизм деп аталады.
Бұл топқа одағайда туындаған сөздер кіреді.
zizz (қысқа түс) - ұйықтап жатқанда шығатын дыбыс имитациясы;
to buzz (телефон соғу) - телефон тетігінің жұмысының дыбыс иммитациясы.
Көріп тұрғанымыздай, керіодағайлық неологизмнің негізі - дыбыстардың және дыбысқа еліктеудің имплекациясы.
Сонымен қатар, осы топқа жаңа одағай түрлері шартты түрде кіреді:
Ytch немесе yuck - қатты жиіркенішті білдіретін одағай;
Wow - таң қалу, масаттану;
Ouch бір жерінің қатты ауырғанынан кенет айқайлап жіберу;
Oops - адам бір нәрсені түсіріп алғанда айқайлап жібері.
2. Шеттен алып пайдаланылған неолоизмдер [16-99б]
Бұл топтың неологизмі, күшті неологизмге жатады. Олардың жалпы тенденциясы болып, ағылшын тіліне ұқсамайтын фонетикалық дистрибуция жатады. Оларда салдар болмайды, олар ағылшын тіліне жанаспайтын морфологиялық мүшені иемденеді. Шеттен аып пайдалануды төрт топқа бөлуге боады:
а) Өз еркімен шеттен алу. Бұл неологизм бұлағының - негізгі тілі - француз тілі. Ауысып алу өсуінің жаңа тенденциясы, ол африка және азия елдері тілдері, әсіресе жапон тілдерінен ауысып алудың өсуі болып табылады. Бұл категориядағы неологизмдер көбінесе мәдениет аумағында кездеседі:
discothegue, cinemathegue.
Қоғамдық - саяси өмір:
the Duma - Дума
Күнделікті тұрмыс:
petit dejeuner - азғантай таңғы ас.
ryokan - риокан (дәстүрлі жапон стиліедегі қонақ үиі) .
Ғылым және техника және т. б.
б) Бұл топқа варварлық тәсіл жатады - олар жаңашылдықпен ерекшеленетін аз ғана ассимиляцияланған неологизмдер, мысалы: dolue vita, perestroika, glasnost [17-132б]
в) Үшінші топқа - ксенизмдер жатады. Бұлар шындықты, елдің тұрмыс ерекшелігін бейнелейтін тілдің өзіне тән емес неологизмдер, мысалы:
Kung - fu (кунг -фу)
Ninjia - ниндзя,
Guro- бутерброд түрі.
Ксенизм, барлық ауысып алынған сөздердің 14% құрайды және варварыққа қарағанда жаңа сөздер көп.
4. Төртінші топты - калька құрайды (басқа тілдің үлгісінен сөз жасау) . Соңғы 25 жылда, ағылшын тілінде кальканың мөлшері бірден азайып кетті. Заботкина қолданылып жүрген неологизм калькасының үш түрін көрсетті: [21-142б]
Dialogue jf the death ( фр. тілінің dialogue des sourds ) - сөз таластыру, мұнда қатысушылар бір-бірінің дәлеліне назар аудармайды.
Gliding time ( неміс сөзінен glietzeit) - жылжымалы график;
Photonovel (исп. тілінен Photonovela) - фотороман, роман, фотосуреттерден тұратын диалог қоспасы бар комикс стилінде.
II . Тілдік жүйедегі үлгілерден, және осы жүйедегі морфемадан құралған морфологиялық неологизм. Мұнда бірнеше топты бөліп көрсетуге болады: [18-93б]
Аффикстік нелогизм. Аффикстік бірлік, Кэнонның мәліметтері бойынша барлық жаңа құралған сөздердің 24% құрайды және болар болмас дәрежеде күрделі сөздерге жол береді. Жаңа сөздер құруда қолданылып жүрген аффикстердің саны, және олардың дистрибуциясы қазіргі уақытта өте бай әрі әртүрлі. Жаңа сөздер құрудағы, соңғы 25 жылда 103 жұрнақ, 127 осымша (префикс) және жартылай қосымшалар қолданылады. Әрине, жаңа аффикстер мен жартылай аффикстердің көмегімен құрылған бірліктер, жаңа сөздерде аздаған ғана мөлшерде болады. Олар көп емес: -on, -ase, -nik, mansship, eco-, mini-, maxi-, mega-, cine-, - oholic, -gate, -natcher, dtal-a-, flexi-, apses-.
Қазіргі кездегі аффикстердің өзіндік сипаты, олар қатаң түрде терминделгендігі және нақты ғылыми-техникалық ортаға бекітілген (мысалы, muson- қарапайым бөлшек, histosol-ылғал топырақ, nudnik-жазушылық стиль, ecological -экологиялық, mini - bikini ) .
Көптеген сөзқұру моделдері, неологизмнен сөзқұру элементтерін алып тастаудың нәтижесі, сонымен, аффикстер өздерінің мәнін кеңейтеді немесе оны өзгертеді, мысалы: aholic, неологизмнен алынып тасталған norkoholic кең таралған alckoholic сөзінен), өзінің мағынасын кеңейтіп және бірнәрсені білдіретіндігін көрсетеді: bookaholik, chocoholic, coffeholik, осы принциппен келесі сөзқұру бірліктері кеңейтіліп және өзгертілді -super-, counter-, anti-, - ism.
Сөзқұрау. Соңғы онжылда қосымша сөз ролі айтарлықтай өсті. Ал, моделдің мөлшері, сол күйінде қалды. Анағұрлым кең тараған моделдер: N + N ->N немесе A+N->N, болып табылады. Мысалы:
High - rise - көпқабатты үй.
Cloth - cap - жұмысшы.
Ratflink - сатқын.
Hard - line - ымырасыз көзқарас.
Earthday - жер тәуліктері.
Сөздердің көлемі көбеюде, оның бірінші компоненті - өзіндік аты.
Reaganomics- рейганомика, Рейганның саясаты, оның басқару стилін ұстану. Келесі модель жоғары дәрежелі өнімділіктің иесі болып табылады. [22-74б]
Part II + А
Laid - back - әлсірегендік.
Бұл моделдің сөздері, көбінесе неформалды жағдайларда кездеседі. Қанша жерден өзекті модель болғанымен, ол жаңа болып есептелмейді, олардың күрделі сөздерге қатыстылығ және герундиалдық формасы ертедегі ағылшын кезеңіне шығады.
Моделде буындық етістіктің көмегімен құрылатын сансыз көп таптарды сөздер құрайды.
V+PP
Осы моделмен құрұлған сөздердің қолданлуы, неформалдық қатынас жағдайының шеңберімен шектелген.
Warm -up - дене жаттығулары арқылы бұлшық еттерді қыздыру;
Be -in - достық кездесу;
a write - off - қолданыстан шыққан;
lie -in - қарсылық демонстрациясының жатын түрі;
a pay out - төлеу.
Компонентті комбинациялық құрылымның тенденциясы күшеюде. 500 дей бірлік (Заботкинаның мәліметі бойынша күрделі сөздің 12%) үш компоненттен тұрады:
Middle - of- the -read - орташа,
Head - to -head - қоян-қолтық күресу,
Easy - to -use - жайлы, қолданыста жеңіл,
Do -it -yourself - өзің жаса.
Бұлар дәстүрлі моделдер. Бірақ, қазіргі кезде ағылшын тілінде сөзқұрудың жаңа моделдері пайда болды, бұлар олардың ішіндегі ең өнімділері:
Abbr+N->N, мысалы:
T-shirt - тениска,
V-ball_ баскетбол,
B-ball- волейбол,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz