Психотерапияның психологиялық негіздері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Психотерапияның психологиялық негіздері.

Қазіргі заманғы ғылыми психотерапияның дамуы әртүрлі теоретикалық іс-әрекеттердің клиникалық, психофизиологиялық, психологиялық, әлеуметтік-психологиялық және басқада аспект- тердің эмпирикалық зерттеулерінің сараптамалары мен жалпылама қорытындыларына негізделген. Психотерапияның клиникалық негізінің маңызы, әсер етуші объект (психика), әсер етуші орта (клиникалық-психологиялық араласулар) психологиялық финоменді көрсетеді, былайша айтқанда психотерапия әсер етуші психоло- гиялық құралдарды пайдаланады, психологиялық өзгерістердің белгілі дәрежедегі жетістіктеріне бағыттайды. Бүгінгі күнге дейін психологиялық проблемаларды қамтитын дәрежедегі врач- дәрігерлерді дайындауға өз дәрежесінде мән беріледі.

Медициналық саланың барлық обылысында белгілі бір норма мен паталогияға негізделеді. (Мысалы, қалыпты анатомия және паталогилық анатомия, қалыпты физология және паталогиялық физология) Ғылыми түрде негізделген психотерапиялық жүйе екі звеноға ие болады, ол “норма”мен“паталогия”. Норманың тұжырымы - дені сау жеке тұлға туралы түсінік. Паталогиялық тұжырымы -жеке тұлғаның бұзылу, ауытқушылық, нормадан ауытқушылық. Психотерапия тұрғысында әңгімелегенде біз неврологиялық күйзелу тұрғысына жиірек назар аударамыз, өйткені психотерапиядағы негізгі көрсеткіштер боып бұзылудың, аурудың психогендік мінездемесі табады. Сондықтан да невраз ауруында психотерапияға әсер ету тереңірек және толық жүзеге асады. Психотерапияның теоретикалық негізі ғылыми психология, психологиялық теория тұжырымдар болып табылады.

“Норма”мен “Паталогия” терминінің психологиялық мазмұнын ашатын теоретикалық көзқарас, оның мақсаты мен міндетін, мінездемесі мен спецификасын анықтайды.

Психотерапияның негізгі мақсаты келіспеушілікті түзету және өзінің ойланбай жасаған ісін түсінуді қамтамасыз етуі. Дені сау, сапалы жеке тұлға адамтиптік мінез-құлықтарға ие ( адамтиптік мінез-құлық) болып табылады.

Невраз -өзіндік белсенділікті жүзеге асыра алмаушылықтың салдарынан туындайды. Психотерапияның негізгі мақсаты да адамтиптік емес мінез-құлықта адамтиптік мінез-құлықтың формасына алмастыру-(эталондық, норматифтік, дұрыс) .

Психологиялық теория тұрғысынан қарастырғанда психо- терапияның негізгі бағыттары

  1. Психотерапиядағы динамикалық бағыт

Динамикалық бағыт психологияның тереңірек негізгі психоанализге негізделген.

  1. Психологиялық тұжырым.

Психоанализдің негізін салушы ғалым Фрейд болып табылады. Психологиялық тұжырым, психоанализдегі жеке тұлға тұжырымы психодинамикалық әрекеттің жүзеге асуын көрсетеді.

“Психодинамика” термині-адамның психикалық өмірін қарастырады (әртүрлі психикалық феномендер, жеке тұлғаның әртүрлі аспектілері) және олардың адамның психикалық өмірі мен мінез-құлқына әсер етеді.

Психикалық процестің

Психоанализде санасыз психикалық көрінісі орталық орын алады. Санасыздықтың мазмұнын инстинкте қоздыру, алғашқы, туа бітті биологиялық қажеттілікте және бейімделу санаға қауіп төндіріп оны санасыздыққа итереді.

Инстинкт және мотивация.

Фреидтың түсіндіруінше бұл туа біткен рефлекстер емес, қоздырудан жеке тұлға күшінің түрткісі; бұл - импульстар мен стимульдардың психикалық көрінісі, осы жағдай мәжбүр еткен организмнің жағдайы немесе қажеттіліктері. Инстинктің негізгі мақсаты қозуды әлсірету немесе жою, стимулдарды алып тастау. (Мысалы: аштық пен шөл адамды су мен тамақ іздеуге мәжбүр етеді) .

Жеке тұлғалық тұжырым.

Психиканы ұйымдастыру мәселесін қарастыруға, Фрейд екі моделді жасады: Топографиялық (сапа деңгейі) және құрылымдылық (жеке тұлғалық) .

Қорғаныш механизмдері.

Қорғаныш-қауіп сигналы. Қорқыныш қорғаныштың механизмдерін белсендендіреді, инстинктік қысымын арттырады.

Ойын арқылы жүзеге асатын психотерапия.

Ойын психотерапиясының ерекшеліктері.

Ойын психологиясы психотерапиялық әдістің бір түрі, психикалық даму динамикасының принциптеріне негізделген және жас балалардың эмоционалдық стресстерін жеңілдету мақсатында әртүрлі айрықша, ойын материалдарына қиял азығын беру барысындағы шара. Ежелден белгілі болғандай, ойын бала өмірінің маңызды бөлігін алады. ХVIII- ғасырда- ақ Жан Жак Руссо былай деп айтып кеткен еді:“Баланы толық біліп және түсіну үшін, оның ойынын бақылау қажет. ” Ересектерге қарағанда, балалардың табиғи қарым- қатынас жасау ортасы - ойын іс-әрекеті, ойын терапиясы- сөзсіз ауыр психотерапиялық жұмысқа жатады. Ересектерге қарағанда балалардың ойлау, өздерін ұстау әрекеттері де өзгешелеу, жұмыс жасау әдісінде осы жағын да ескеру қажет.

Көп балалар өз бойларына “көптеген проблемалар бар деп санамайды”. (түнгі қорқыныштар, жалпы қорқыныш, агрессифтік мінез- құлық) . Балалар психатерапевтке бару ересектердің инитиятивтеп болып табылады (ата-анасы, мұғалім. ) . Бірақ психатерапия кабинетіне барғанда, белгісіз адамның алдына барғанда, бала өзінің бойындағы қорқынышты, бақытсыздықа айта алмайды.

Жақсылық ойлайтын, бірақ тәжірибесі жоқ психотерапия балаларға күнделікті қойылатын “ашық сұрақтар” ересектерге

арналған “Маған сіздің келуіңіздің себебі не?” деген сұрақ қойса,

Онда бала иығын қозғап “Маған мамам сізге бар” деді. Бұл бала тарапынан шынайы жауап.

Егер ересектерге өздері эмоционалдық проблемаларды түсіндіруге қалай қиналса, онда балаларға қандай ауыр екенін сеземіз. Бақытымызға орай, осы жағдайда ойын психатерапиясы көмекке келеді, осы ойындар бүкіл емдеу процесінде көмек береді.

Ойын барысында баланың ерікті сөздің орнына символдарды алмастыруға болады. Баланың өмірлік тәжірибесі оның сөзбен жеткізу қабілетіне артық, сондықтан да ол ойынды пайдаланады, өзінің күйзелісін ойын арқылы көрсетеді.

Ойын- балалар үшін“Өзіндік”терапияның ең ыңғайлы формасы, әртүрлі кемшілігінен жағымсыз әрекеттерді көрсетеді. Балалар психатерапиясында ойын 20 ғасырдың басында қолдана бастады(Анно Фрейд, Мелани Клейн, Гермина Хак-Гельмут) .

Сабақтың тақырыбы: Отбасылық психотерапия.

Сабақтың мақсаты:

Отбасылық жағдайлар мен түрлі эмоционалдық және көңіл-күйдің бұзылуы жанұяға, пациентке психологиялық көмек.

Білімділік:

Студенттерге отбасында болатын түрлі жағдайлар мен оларға көмек бару жайында психологиялық мағұлмат беру.

Дамытушылық:

Студенттер практикалық және жаттығу жұмыстарын жасау арқылы, жағдайды талдау арқылы саналы шешім қабылдауға баулу.

Тәрбиелік:

Өз отбасымен үйлесімді қарым-қатынас жасауға және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, тесттер.

Отбасылық психотерапия.

Отбасылық психотерапия-психотерапияның ең ерекше түрі, өзара қарым-қатынастың коррекциясының бағытталған отбасындағы эмоционалдық көңіл-күйді болдырмауды, әсіресе осы отбасының құрамындағы ауру адамның бойындағы көңіл-күйдің бұзылуын болдырмаудың жолдарын қарастыратын әдіс (Мягер Мишина) . Былайша айтқанда бұл отбасына, жанұяға көмектесуді, пациентке көмектесу терапиясы. Бүгінгі таңда отбасылық психотерапияда қолданылатын әдістер арасындағы шекара жойылуда. Осылардың дамуы барысында отбасылық психотерапия құрылымының позитивті моменттерін алды, стратегиялық және когнетивті мінез-құлықтың психотераиялырды дамытты. Мысалы: құрылымдық терапияда, мінез-құлықтық сияқты негізгі психотерапияның араласуы болып, сол жанұяның мүшелерінің тәртібін бақылау болып табылады. Стратегиялық отбасылық терапияда психотерапевттің міндеті мен гипотезді қоюы оның позициясы мінез-құлықтың әрекет директивасын жақындатады. Нарротивтік жақындау кезінде пациенттердің өмірлік тарихтары мен жұмыс жасап жатыр. Отбасылық психотерапиевтің объектісі ретінде тек қана диегормониядағы отбасы ғана емес сонымен қатар кризисте жүрген отбасылар да болып табылады. Ең бастысы осы жағдайларды оң жағына қарай өзгертуге бағытталған қабілеттер мен мотивизацияларды пайдаланып актуальді мәселелерді шешуге басты назар аудару қажет. Отбасылық психотерапияның әртүрлі модельдерінің жалпы мақсатын былай қарастыруға болады. Сол отбасындағы мәселе бойынша кейбір ұсыныстарды келбетті өзгертуге (қағида, болжау) . Сол отбасы мүшелерінің жеке мәселелерін шешуде жүйелі түрде шешу, жеке жүйелер арасындағы шекаралар мен каналдарға кірудің модификациясын жасау, мәселені тура және жанама араласу арқылы шешуде альтернативтік модельдерді туындату: Иерархиялық сәйкессіздіктің әртүрлі формаларын коррекциялау, мінез-құлықтың диефункционалдық стреотиптерін жою, отбасылық құпияларды ашу отбасы мүшелері

арасындағы коммуникативтік стильді жақсарту жүйелік әрекет жасаудың жалпы жағдайы.

Отбасы-ашық, дамушы, тепе-теңдікті гамеостаздан өзгерістерге

Үнемі өзгеріп отыратын жағдайына байланысты жүйе. Біздің өміріміз кең иерархиядағы өзара байланысқан жүйелер арқылы өтуге (молекулалық шамадан космостық жүйеге дейін) отбасылық жүйе ашық жүйе ретінде отбасы мүшелерінің бір-біріне қоршаған жүйемен өзара қарым-қатынастық болатын (мектеп, өндіріс) түрде қаралады.

Осы өзара қарым-қатынас арқылы отбасы үнемі дамып отырады. Отбасылық жүйе бір жағынан қалыптасқан жағдайларды сақтауға ұмтылады, бір жағынан жұмыс жасаудың жоғарғы деңгейіне өтуіне және дамуды мақсат тұтады.

Бұл жүйе мынадай мінездемеге ие:

  1. Жүйе оның бөлшектерінің суммасына қарағанда, тұтас бір үлкен нәрсе.
  2. Жүйе ішіндегі әрбір жеке бірліктің әрқайсысына тұтас әсер етуші ретінде жүйенің бір бөлігінің өзгеруі және көңіл-күйі түсуінің сол жалпы жүйеге әсер етуі.

Денісау отбасы ата-аналардың балаларына зерттеу жүргізу емес, олардың қауіпсіздігін сақтауға күш салуынан туындайды. Отбасылық ереже бұл жағдайда ашық және отбасының әрбір мүшесінің өсуі үшін қызмет жасайды.

Гармониялық отбасылардың кейбір белгілері:

  1. Отбасының барлық мүшелері бір-бірімен жақсы қарым-қатынас, бірін-бірі таңдай біледі, пікір тартысты отбасы мүшелерінің әрқайсысының пікірі тыңдалады. Дені сау отбасы-бұл бір-біріне деген махаббаттың, жақындықтың бой көрсететін орын, сонымен қатар жағымсыз эмоционалдар да туындайды;
  2. Отбасы (шаруаларының) мүшелерінің өзара қатынасында міндеттер мен жауапкершіліктерді бөліп алуы;
  3. Отбасы мүшелері бір-бірін қолдайды, жағдай өзгергенде (командировкаға, емделуге кеткенде) бірінің міндетін екіншісі орындайды;
  4. Отбасының әрбір мүшесі өзіне сенеді, өзгеге де сенеді;
  5. Өзгелерді қадірлей біледі;
  6. ӨЗдерінің құқығын біледі;
  7. Отбасылық дәстүр қалыптасады, бала өзінің ата-тегін, отбасылық түбірін біле отырып, дәстүрді қалыптастырады;
  8. Әзіл-қалжың арнап, оны отбасы өмірін қызықты және тұрақты етуге пайдаланады;
  9. Рухани өмірге басты назар аударады;
  10. Уақытты тиімді өткізу үшін әртүрлі қызықтырушылықтарға уақыт бөледі;
  11. Бірігіп тамақ ішуді дағдыға айналдырады;
  12. Отбасы мүшелерінің бірі кризиске ұшырағанда басқадан не болмаса маманнан көмек алуға ұмтылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыз бала - келешек отбасының анасы
Шетелдік отбасы терапиясының мектептері мен бағыттары жайында
Отбасында тұлғааралық қарым - қатынастың қалыптасуын анықтау
Топтық психотерапияның қалыптасуы
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәні бойынша СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Психикалық сырқат жасөспірімдерді тексеру әдістері
Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
Психотерапиялық әдістер мен техникалардың қазіргі жағдайы
Психология теориялық негіздеріне арналған сұрақтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz