Оқушыларды жан – жақты дамытуда мектеп пен тәрбиенің бірлігі


Оқушыларды жан - жақты дамытуда мектеп пен тәрбиенің бірлігі
Жанұя - бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Жанұя белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен таныса моральдық нормаларын игереді. Сондықтан жанұялық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Ана мен әке тәрбиесі- бұл өзара ынтымақтастық, тілектестік мақсатқа сәйкестігі тәрбие, дене тәрбиесін іске асырудың жолдары мен тәсілдерін іздестіру арқылы ұлдары мен қыздарын адалдыққа, кіші пейілдікке, инабаттылыққа, қарапайымдылыққа, қайрымдылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұстамдылыққа, төзімділікке, өмірдегі табиғаттағы сұлулықты сүюге, қазақ халқының ерлік дәстүріне тәрбиелейді.
Баланың жанұядағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайларыдың бірі-отбасы ішілік және отбасынан тысқары атқарылатын еңбек. Жанұядағы күнделікті тұрмыс қажеттігін қамтамасыз етуден туындайтын еңбек баланы әлеуметтік қатынасқа түсіріп, оны ересек өмірге тәрбиелейді. Сондай еңбектің барысында баланың жауапкершілігі артып, еңбек ету қажеттігін түсінетін болады. Отбасы тәрбиесі кешенді педагогикалық мақсаттылық арқылы іске асады.
А. С. Макаренко «Ата-анаға арналған кітабында» «…Бала тәрбиесінде сіздің іс-қимылыңыздың өзі шешуші рөл атқарады.
Сіз тәрбиені сөз арқылы немес үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын деп ойламаңыз. Тәрбие өмірдің әр сәтінде, тіпті сіз үйде болмаған кезде де іске асады. Тәрбие сіздің қалай киінетініңіз, өзгелермен қалай сөйлесетініңіз, олар туралы не ойлайтыныңыз, сіздің дос-дұшпандарыңызбен қалай қарым-қатынас жасайтыныңыз, қалай күлгеніңіз, қалай газет оқығаныңыз, осы іс-әрекеттеріңіздің бәрі де балаңыз үшін маңызды. Тіпті дауыс екпінінің өзгеруін де бала сезінеді, сіздің барлық ойыңыз баланың көкейіне беймәлім жолмен жетіп жатады, сіз оны байқамайсыз да. Ал отбасында сіз дөрекілік көрсетіп, жұбайыңызды жәбірлесеңіз, осы ісіңізбен сіз балаға жаман тәрбие бересіз», - дейді.
Жанұядағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлерінің орнығуына байланысты. Отбасында түрлі қарым-қатынастар орын алады.
-ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;
-ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас;
-жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;
-бәсекелестік, барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;
-түрлі себептерден туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.
Демек, әр жанұяда түрлі қарым-қатынастың орнығуына баланың жеке тұлғалық қасиетиін қалыптасады. Отбасында түрлі қарым-қатынас қалыптары көрініс береді. Кейбір отбасында отбасы мүшелерін бетімен жібереді, мұндай жағдайда ешқандай қарым-қатынас болмайды. Ал кейбір отбасында бедел орын алған қарым-қатынас орнайды. Оның да өзіндік ерекшеліктері бар, онда біреудің басқаларға басымдылық танытуы, бұйыруы, баланың тұлғалық қасиетінің дамуына жағымсыз ықпал етеді. Қазіргі кезде заман ағымына қарай, отбасында демократиялық қарым-қатынасқа ұмтылушылық бар, яғни әр отбасы мүшесі тең құқықты қарым-қатынасты орнатуды көздейді.
Уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан осындай өзгерістер үзіліссіз тәрбие негізі саналатын мектепке дейінгі мекемелерге, отбасы тәрбиесіне де қозғау салып, баланы тәрбиелеу, қарапайым білім негіздерін меңгерудің мазмұнын жаңартуды, осы заман талабына сай үйлесімді деңгейде қайта құруды міндеттейді. Өйткені, болашақ қоғам қажетін өтерлік, ел иелігіне берік, іс тетігін шеше білетін, бойында Ұлттық сана-сезім, Ұлттық психология нышандары орныққан, ғылым мен техника жетістіктерінен хабардар білікті, парасатты жастарды қалыптастырып өсіру - отбасы, балабақшадан басталатын үзіліссіз тәрбиелеумен, оқытумен жүзеге асырылатын ұзақ үрдіс.
Сол себептен де Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қарашадағы №1762 «Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері» туралы қаулысына сәйкес тәуелсіз қоғам азаматын тәрбиелеп өсіру міндеттері, білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принциптері, білім беру жүйелерінің құрылымы нақты айқындалып, көрсетілген. Осы заңды жүзеге асыру туралы министрліктің «Мектепке дейінгі мекемелердегі балаларды тәрбиелеу мен окытудың жұмыс сапасын арттыру» туралы бұйырықтары, балабақша мен ата-аналардың міндеттері жөніндегі ережелері басшылыққа алынды.
Аталған құжаттарды жүзеге асыру мақсатында ғалымдар «Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу, оқыту мазмұнын жаңарту тұжырымдамасын (1991) және «Қазақ балабақшаларындағы үзіліссіз тәрбие тұжырымдамасын» (1993) дайындаған болатын. Осы құжаттарға сәйкес халықтық педагогика негізінде «Балбебек» атты жаңа бағдарлама жасалды. Мұнда көзделген басты мәселелердің бірі - баланың жас, даму ерекшеліктерін, айрықша қабілетін ескере отырып; барлық тәрбие жұмысын белгілі жүйеде біртұтас (біріктіре) ұйымдастырып, үзіліссіз тәрбиелеу міндетін жүзеге асыру.
Ұлттық дәстүр негізінде тәрбиелеу жөнінде М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде бала тәрбиесімен шұғылданушы адамдарға: «Тәрбиеден максұт - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару . . . Бұл -бір. Екінші, әр тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттық бала тәрбиелеу туралы ескіден келе жатқан жеке жолы бар». Дегенмен, «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» демекші, ұлт тәрбиесін тұтасымен дұрыс деп алға ұстамай, оның ұнамсыз, зиянды жақтарына сын көзбен қарап, жақсысын қолдана білу қажет екенін ескерте келіп, «тәрбие майданында шынығып, ысылған тарландардың тәжірибелерімен, түрлі ұлттан түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен, қысқасы тәрбие туралы дұрыс жолға түсу үшін тәрбие пәнімен, яғни педагогикамен жақсы таныс болу керек», - деп ескертеді. Ал, А. Байтұрсынов тәрбиешіге: «Бала оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам болуы керек. Оны білуге баланын туғаннан бастап өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне түсіне қарап, ішкі халінен хабар аларлық болуы керек» - деп түйіндейді.
... жалғасыҒұламаларымыздың осындай педагогикалық, психологиялық пікірлері ешқашанда ескірмейтін, бүгін де, ертен де тәрбие ісінде басшылыкқа ұстанатын тағылым.
Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі еңбек сүйгіш абзал азамат болып өсуін армандаған қазақ халқы бұғанасы қата бастағаннан-ақ қыз баланы үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, шай қүю, ас пісіру, су әкелу, сиыр сауу, өрмек тоқу, ою ойып, құрақ кұрау, іс тігу т. б. шаруашылықтың алуан түрлеріне, ал ұл балаларды қозы-лақ қайыруға, ата кәсібіне үйреткен. Баланы әулет, ауыл-аймақ болып тәрбиелеу халықтық тәрбиеде ерекше орын алған. Әрбір әке баласына өз өнерін үйретіп, оларды өзіндей мерген, аңшы, құсбегі, қолөнер шебері немесе жыршы, әнші, күйші, биші етіп тәрбиелеген.
«Қыз өссе - елдің көркі» - деп бағалаған халқысыз қыз баланың өнегелі, сымбатты, сыпайы, ізетті болуына, сыртқы келбет-көрінісіне, киіну салтына айрықша көңіл бөлген. Отбасы тәрбиесінде көзделетін ең басты мәселелердің бірі - баланы айналасындағы көріністерді тани, сезіне, қабылдай, түсіне таңдай, әсерлей білуге, өзіне мақсат қоя білуге баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып, әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдік, талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы - мектепке дайындау.
Балалық шақтын ең әуес нәрсесі - ойын. Ол айналадан бақылап көргенін, танып қабылдаған нәрселерін ойын арқылы бейнелей көрсетеді. Сондықтан бала ойынын әншейін бір ермек деп ұғынбаған жөн. Ойын бала үшін еңбек, әрі оқу. Сыртқы дүниеден қабылдаған білімдік ұғымдар ойын нәтижесімен тиянақталып, тұрақты әдетке айналады.
Республика көлемінде жүргізілген бақылау, зерттеу жұмыстарының қорытындысы балабақшада тәрбиеленушілердің білім дәрежесі бағдарлама көлеміне сай, мектепке белгілі даярлықпен келіп, толық үлгерім отырғанын көрсетті. Балабақшадан мектепке келгендердің лексикасы жетілген, көрген-білгенін, оқылған шығарманы білуге жаттыққан. Сауат ашу жөнінде де біраз жетістіктер байқалады.
Өйткені, қазіргі кезде көптеген мектептер жанынан баланы мектепке даярлайтын топтар ашылып, онда арнайы білімі бар мұғалімдер жұмыс істейді. Осы топтарда және балабақшасында тәрбиеленген балалар мектепке белгілі дәрежеде дайындықпен келеді. Ал отбасынан бірден мектепке келген балалардың білім дәрежесін басқалармен салыстырғанда әр түрлі айырмашылықтар болып жүр. Біреулер баласын: «Менің балам оқи, жаза, тіпті жүзге дейін санай біледі» деп әкелсе, екінші біреулер «Үйімде адам жоқ, балабақшада да болмады, сондықтан көңіл бөлсеңіздер екен» деп әкеледі, келесі бір топ бақшадан мектепке келеді. Оқу басталады. Мұғалім жоғарыда аталған білімі, қабілеттері әр түрлі деңгейдегі балалармен жұмыс істей бастайды. Белгілі киыншылықтарға кездеседі. Оқи, жаза білуді бұрын үйренген баланың сабаққа қызығушылығы бәсеңдейді. Ал, оқи, жаза білмейтіндер бұл дағдыларға көп еңбектенуі керек. Міне, осының салдарынан кейбір мұғалімдер ата-аналарға: «Балаларыңды мектепке дайындап әкеліңдер» деген талаптар да қоя бастайтыны байқалуда. Кейде мектепке дайындау топтарының бағдарламасында көрсетілген міндеттерді ата-аналардың орындауы қажет болып жүр. Сондықтан көптеген ата-аналар балаға «Әліппе» бойынша әріп танытып, өздігінше оқи, жаза білуге үйрете бастаған. Тіпті, баласы бақшада жүрген отбасылар тамыз айында балаларын мектептегі даярлау тобына беретіндігі байқалды. Осындай себептер ата-аналардың бала тәрбиелеудегі күнделікті жұмысына көмек берерлік ғылыми-әдістемелік құрал қажеттігін көрсетті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz