ОТБАСЫНДА ЖЕТКІНШЕКТЕР ТӘРБИЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДА АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Отбасында жеткіншектер тәрбиесін ұйымдастыруда ата- аналарға психологиялық кеңес беру

Түркістан, 2013

Түркістан, 2013

МАЗМҰНЫ

:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: Кіріспе . . .
: 3
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 1
МАЗМҰНЫ: ОТБАСЫНДА ЖЕТКІНШЕКТЕР ТӘРБИЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДА АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
:
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Отбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері . . .
: 5
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Психологиялық кеңес беру, психологиялық коррекция және психотерапия жұмыстарының өзара байланысы . . .
: 16
: 1. 3
МАЗМҰНЫ: Психологиялық кеңес берудің қағидалары . . .
: 20
: 1. 4
МАЗМҰНЫ: Кеңес берушінің ықпал ету құралдары . . .
: 32
: 2
МАЗМҰНЫ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ
:
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Ата-аналарға жеткіншек жасындағы балаларымен арақатынастарындағы қиындықтардың себебі . . .
: 35
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: Жасөспірімдерге тән мінез ауытқулары және осы бағытта ата-аналармен жұмыс жүргізу . . .
: 41
: 2. 3
МАЗМҰНЫ: Ата-аналарға отбасында жеткіншектерді тәрбиелеу бойынша психологиялық кеңес берудің әдістемесі . . .
: 49
: 2. 4
МАЗМҰНЫ: Ата-ананың балаға қатынасын түзету тәсілдері . . .
: 63
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ: Қорытынды . . .
: 66
:
МАЗМҰНЫ: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
: 68
:
МАЗМҰНЫ:
:
:
МАЗМҰНЫ:
:

КІРІСПЕ

Бүгінгі еліміздің егемендікке қол жеткізіп, жастар тәрбиесінде ұлттық құндылықтарымызды негізге алу мүмкіндігіне ие болған кезеңде оқу-тәрбие мазмұнын ғаламдық жаңалықтармен толықтыру және жетілдіру талап етіледі. Сондықтан ата-бабалардың ғасырлар бойы жинақтап, өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде қолданған тәлімдік өсиеттерін зерделеу бүгінгі қоғамның қажеттілігіне айналып отыр.

Қай заманда болмасын адамзат қоғамының алдында тұратын ұлы мiндетi - өзiнiң өмiрiн жалғастырушы сапалы ұрпақ тәрбиелеу болып келген. Бұл мақсат-міндеттер тұтастықта іске асуы үшін оның негізі ең алдымен отбасында бастау алуы тиіс. Өйткенi, қоғамның алға басуы және бүгiнгi ұрпақтың қандай дәрежеде бiлiм алып, тәрбиеленуi ең алдымен отбасы тәрбиесiне тiкелей байланысты.

"Тәрбие - тал бесіктен" деп есептеген ата-бабаларымыз тәлім-тәрбиенің бастауы отбасында жатқандығын терең түсініп, барлық өнегелі өсиеттер мен әрекет түрлерін отбасылық өмірде жүзеге асырып отырған.

Нарықтық экономика жағдайында туындаған қоғамдық қатынастар, қоғамдық санадағы өзгерістер адамгершілік қасиет - сапаларға, қарым - қатынасқа өз ықпалын тигізуде.

Осы тұста қазақстандық этнограф - ғалым Жағда Бабалық бүгiнгi қазақ отбасы тәрбиесiне қатты алаңдаушылық бiлдiретiндiгiн мәлiмдеген. Ол өзiнiң "Бiздiң тәрбиемiз жөргегiнен бұзылып жатыр" деген мақаласында отбасыларындағы ажырасудың көптеп орын алуымен қатар, тастанды балалар санының жыл санап артып отырғандығын, соның iшiнде жыл сайын бiздiң елiмiзде 90 мыңнан астам бала туылып, ата - анасы тарапынан керексiз болып далаға тасталатынын өкiнiшпен айтады.

Сондай - ақ, рухани жетiлуден гөрi, материалдық байлықты жоғары қойып отырған бүгiнгi заманда жастардың ұлттық мiнез - құлықтан алыстап, батыстың өрескел әрекеттерiн бойына нықтап сiңiруге әуестiгiн ғалым телеарналардағы берiлетiн порнаграфиялық кинолардан деп түсінедi. Себебi, баланы, жастарды ата - ана, ұстаздан кейiн қоғамдық орта мен бұқаралық ақпарат құралдары тәрбиелейдi емес пе. Олай болса, тәрбие құралдарын мемлекеттiк бақылаудың қашан да қажет екендiгiн ұсынады [1] .

Бұл күнде отбасыларының басым көпшілігі бала тәрбиелеудегі әлеуметтік, педагогикалық бастапқы өнеге ұясы болатын мүмкіндіктерінен ажырап қалды. Арнайы әлеуметтік, педагогикалық зерттеулер бойынша отбасының материалдық ахуалының мүлдем төмендеп кетуi адамдар арасындағы адамгершілік қарым - қатынастардағы өзгерістерге байланысты жалғыз басты аналардың, әкесіз немесе анасыз балалардың, тастанды балалардың жыл сайын көбейе түсуі мен кейбір отбасыларының адамгершілік тұрғыдан азғындауының өрiс алуына алып келдi. Отбасының өзінің ұрпақ тәрбиелеу секілді тарихи парызынан ажырап қалу қаупі де ақиқатқа айналып отырғандығын ғалымдар жасырып отырған жоқ.

Сондықтан да отбасы тәрбиесінің жағдайын жақсартуда ең алдымен мектеп психологтары тарапынан ата-аналармен ынтымақты жұмыс жүргізілуі тиіс деп ойлаймыз. Бұл проблемалардың шешімін табу бізге диплом жұмысының тақырыбын « Отбасында жеткіншектер тәрбиесін ұйымдастыруда ата- аналарға психологиялық кеңес беру » деп алуымызға негіз болды.

Зерттеу жұмысының обьектісі: Ата-аналарға психологиялық кеңес берудің жүйесі.

Зерттеу пәні : Отбасында жеткіншектер тәрбиесін ұйымдастыруда ата-аналарға психологиялық кеңес беру үрдісі.

Зерттеудің мақсаты : Отбасында жеткіншектер тәрбиесін ұйымдастыруда ата-аналарға психологиялық кеңес берудің теориясы мен әдістемесін негіздеу.

Зерттеудің міндеттері :

  • психолог қызметінде ата аналармен жұмыс жүрзізу мен оларға отбасы тәрбиесі бойынша кеңес беру практикасынан материалдар жинақтау, салыстыру, талдау, жүйелеу;
  • отбасы тәрбиесінің негізгі қағидалары мен ережелерін сипаттап, олардың ерекшеліктерін айқындау;
  • отбасы тәрбиесінде жеткіншектер өмірін ұйымдастыруға ата аналарға психологиялық кеңес берудің озық практикасын насихаттау.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

I ОТБАСЫНДА ЖЕТКІНШЕКТЕР ТӘРБИЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДА АТА АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Отбасына психологиялық кеңес берудің теориялық негіздері

Отбасына кәсіптік әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетудің негізін құрғандар - психиатрлар мен психотерапевтер. Отбасына кеңес берудің психологиялық моделі психоанализ негізінде пайда болды. Оны кұрушылар теориялық көзқарастарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді[2-10] .

1 . Психодинамикалық көзқарас. Бұл топқа М. Боуеннің отбасына психологиялық кеңес беру тұжырымдамасы мен М. Улърихтің отбасына тиянақты психологиялық көмек көрсету концепциясын жатқызуға болады.

2. Бихеовиористік көзқарас. Бұл көзқарас шеңберіндегі нәтижелі
кеңес берудің анықтаушы шарты себептерге емес, "қалай", "қашан",
"қайда", "не" деген қамқорлық көрсетумен шектеледі. Негізін
құрушылар Д. Тиболт, Г. Кенлей жақсы отбасы ұтылыс пен ұтыстың,
жаза мен ынталандырудың арасындағы гендік жағдайында болады деген
болжам ұсынған.

3. Гуманистік көзқарас. Отбасына көмек көрсетудің
психотерапевтік моделін АҚШ ғалымы Карл Роджерс ұсынған. Ол
кеңес алушы проблемаларына бағытталған әрекеттерге негізделген.

  1. Психологиялық кеңес берудің моделі. Отбасына психологиялық кеңес берудің моделі В. Кемплердің жасаған сынақ тәжірибелеріне негізделген. Мұндағы отбасына кеңес берудің мақсаты - мейлінше нәтижелі кездесулердің сынағынан өтуге көмектесу. Психологтың ұйымдастырған кездесулері отбасын қолдайтындай хал-ахуал туғызады, өзінің жекелігі мен тілегін білдіру мүмкіндігін ғана беріп қоймай, сонымен бірге басқа да ойлағаны мен тілегін білу, қажеттілігінің ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді. Отбасының қиындықтары "осы жерде және қазір" деген жағдайда талқыланады.
  2. Құрылымдық моделі. С. Минухиннің отбасына кеңес берудің құрылымдық моделі бойынша отбасылық жүйе құру мен қайта құру жөніндегі үздіксіз эксперимент ретінде түсіндірілді. Отбасы құрылымын отбасындағы өзара әрекеттестік әдістерін қалыптастыратын талаптар мен функциялар торабын құрады. Отбасы келесідей жүйеліліктерден тұрады: ерлі-зайыптылар жұбы, олардың ата-аналары, балалары.
  3. Кеңес беру моделінің стратегиясы. Кеңес берудің бұл моделін жасаған Дж. Галлей тұжырымдамасы бойынша, адамдар өздерінің жеке көзқарасы жүйесінің құрылымдары өзін-өзі қисынды ұстау туралы ережелерінен туындайды. Көзқарас жүйесінің құрылымы - бұл дүние, басқа адамдар, өзі туралы қорытындылардың жиынтығы.

Отбасылық кеңес беру процесін шартты түрде 5 фазаға болуге болады:

  1. Байланыс орнату;
  2. Проблемаларды анықтау;
  3. Іс-әрекет фазасы;
  4. Шешім қабылдау фазасы;
  5. Кері байланыс фазасы.

Бірінші фаза - өтініш иесімен байланыс орнату. Кеңес алушылармен өзара әрекеттесу шегін анықтауды талап етеді. Ол бастапқы әңгімелесу-кеңес беру барысында жүзеге асырылады. Бұл фазада клиент пен психологтың араласуы, олардың қарым-қатынасын құрудағы арақашықтығы қандай болу керек екені анықталады. Кеңесші әңгіме өткізгенге дейін отбасын, ата-аналар мен баланың байланыстарын қадағалап, бақылау нәтижелерін талдап алады. Бұл бақылау барысында психолог бала мен ата-ананың байланыс жасауындағы мінез-құлық ерекшеліктерін анықтайды, балалар мен олардың ата-аналарының әсерлену ерекшеліктерін, тілдесу арқылы және ыммен түсінісуінің сипатына, ата-ана жағынан баланың мінез-құлқын бағалау мен реттеу әдістерін бағалайды. Сонымен қатар, бастапқы әңгімелесу барысында өтініш иесінің, ата-аналардың психологқа деген көзқарасының сипаты мен отбасымен өзара әрекеттерінің шегі анықталып, белгіленеді. Тәжірибелі психолог бір кездескеннің өзінде-ақ баланың даму тарихы, отбасының тәрбиелік нысаны, ата-аналардың педагогикалық ұстанымдары туралы мәліметтер ала алады.

Екінші фаза - өтініш иесінің, отбасының проблемаларын анықтау. Бұл фазада кеңес алушы мен кеңесшінің проблемаларды түсінудегі келісімдері нақтыланады. Психолог өз зерттеулеріне сүйене отырып проблеманы анықтап, оның мәнісін клиентке жеткізіп, кеңес беру жұмысының бағыт-бағдарын тусіндіреді. Кеңес алушы мен кеңесші баламалы амалдарды талқылай келе, біржақты шешімге келіп, клиент проблеманы қабылдауы керек. Бұл кезеңдегі маңызды мәселе - екі жақ бір-бірін жете түсіне отырып, келісімге келуі болып табылады. Олай болмаған жағдайда барлық кеңес беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ету өте қиын болады. Сондықтан, клиентпен әңгімелесу барысында осы проблеманы шешуге теориялық негіз ретінде қабылданған көзқарастар туралы, оның жеке тұлға психологиялық проблемаларын шешуге әсерлілігін дәлелдеу, ол тәсілдердің ерекшеліктерімен таныстыру арқылы кеңес беру-алу процесінің мақсаты - кеңес алушының проблемаларын тиянақты шешу екені анықталады.

Үшінші фаза - іс-әрекет. Бұл фазада кеңес алушымен бірге оның алдында тұрған проблемаларын талдау, оны шешудің бірнеше варианттарын салыстырып көру, орын алған жағдайдың оң-терісін анықтау арқылы оны жаңаша тусінуге жетелеу жургізіледі. Бұл фаза үшін мынадай динамика тән: кеңесші мен кеңес алушы арасындағы байланыс бірнеше құрылымдық көріністерге бөлінеді, клиенттің өз проблемасына терең малшынуынан оның жүйкесі тарылады, төзімділігі төмеңдейді, жағымсыз жағдайларға қарсы тұра білуі төмендейді, сонан соң біртіндеп мәселені талдау барысында оның мән-мағынасына түсіну арқылы өз жағдайына, қоршаған адамдардың оны бағалауына көзқарасы өзгере бастайды. Мұндай өзін-өзі түсінушілікке жеткізу үшін психолог көп күш жұмсап, клиентті түсінушілікке жетелеп, эмоционалдық тарылған жағдайлардан шығарып алуы керек. Қорытындысында кеңес алушы төзімсіздіктен шығып, өз басына иелік жасау жолын табады.

Төртінші фаза - шешім қабылдау. Клиенттің өмірінде қалыптасқан табиғи жағдайда басқалармен сыйысымды мінез-құлық көрсетуі. Бұл фазада белгілі бір кеңес беру теориясына сүйене отырып, маман кеңес алушының қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын іздестіріп, оны табуға жетелейтін өзінің әрекетінің жоспары мен стратегиясын құрады. Клиент өзі үшін ең қолайлы шешім тапқаннан кейін, оны өзінің пікіріндей қабылдап, дербестігі туралы сенімге ие болғаннан соң, қақтығыс орын алған ортада өзінің жаңа бейнесін көрсетуі үшін іске кіріседі. Сонымен қатар клиент кеңесшімен бірге әрекеттерін одан әрі жалғастырып, басқаларға сенімді және әсерлі болудың түрлі әдістерін сұрыптаудан өткізіп, ең соңында өзіне қолайлы деген амалдарын таңдап алады. Бұдан кейін осы амалдардың тиімділігін табиғи жағдайда, өзінің өмірлік тәжірибесінде тексереді. Нәтижелі болатынына көзі жеткен соң өзінің күш-қуатын тұтастай осы жүйеге жұмылдырады.

Бесінші фаза - кері байланыс. Кеңес алушыны кеңес беру процесімен және оның нәтижесімен қанағаттанғанын білдіреді. Психолог кері байланыс қағидасын бағдарға ала отырып, таңдап алған кеңес беру ақпараттарының мынандай талаптарын жүзеге асыруға тиіс: ақпараттар мазмұнының нақтылығы мен дұрыс құрылуы, белгілі бір адамға бағытталуы, белгілеушілік, уақыттылық, тұтынушылық сипаттары.

Көптеген психологтар кеңес беруді өткізу кезінде магнитофон мен диктофонды, кеңес беру нәтижесін тіркеуге арналған үлгідегі бланкілерді пайдаланады. Алынған ақпараттарды толығырақ ұғыну үшін ассистент- көмекшілері әңгіме барысын хаттамаға түсіреді, кеңес беру процесінің динамикасы мен нәтижелілігін қадағалайды.

Психологиялық кеңес беру барысында клиентке көрсеткен қызметінің тиімділігіне, психологтың кәсіби шеберлігіне байланысты ол мынадай мінездемелерге ие болуы мүмкін:

- беделді, ұқыпты сұрастырушы, сенімді нығайтушы, диагноз
қоятын, түсінуге ұмтылатын;

  • ұқыпты кеңесші, сырт қарағанда селқостау болып көрінгенімен, салиқалы кеңес береді; беделді психолог, осал көрінетін клиентке күш-қайрат беріп, ізгілікке ұмтылуға баулыйды, өзінің күш-жігерімен клиенттің сенімін нығайтады; сұрастырушы психолог, ерекше белсенділік білдіреді, сұрақтарды көп қояды, пайдалы көзқараста болады;

- диагноз қоюшы психолог, көптеген жағдайда тәуекелге жиі
барып, ықпал етудің болжамдық әдістерін жиі қолданады.

Кеңес беруді жүргізу барысында психолог өзінің кәсіби біліктілігі мен дағдысын сыннан өткізіп, оңай және қиын сұрақтар қою арқылы кеңес алушының сезіміндегі басты ойларды назарға алады. Осы жинақталған клиенттің ойын, айтқандарын ой елегінен өткізіп, оны қорытындылай білу, керек кезінде үндемей отыру, гипотеза ұсынып және оның тиімділігін дәлелдеу, клиентпен ақылдаса отыры, бірлесе шешім қабылдау - кеңесшінің шеберлігінің көрсеткіштері болып табылады.

Психолог кеңес беру кезінде ресми әңгімеге бармай-ақ, клиенттен қымсынып, тым тұйықталып қалмай немесе жеңілтектікпен шектесетіндей тым ашыла бермей өзінің ойын еркін жеткізуі керек. Гипотезаны берік ұстануға бара бермеу керек, өйткені ол жалған болып шығуы да мүмкін. Себепсіз клиенттің жанына дақ түсіретіндей немесе беделін төмендететіндей тура сұрақ қоюға да болмайды.

Р. В. Овчарова ұсынған отбасылық кеңес берудің тиімсіз және тиімді шарттарына назар аудару керек.

Тиімді отбасылық кеңес берудің шарттары.

1. Психолог клиентпен белгіленген уакытта кездесіп, оның
проблемалары бойынша және кеңес берудің жүруі бойынша пікір
алмасады.

2. Психолог кеңес алушының құқығын құрметтейді, кәсіби қарым-
қатынас жасау шараларын шамасы келетіндерімен шектейді. Психолог
клиенттің өзінің мәселелері бойынша шешім қабылдауға қабілетті
екеніне сенеді.

3. Психолог клиентке үлкен сенім артатынын сөзбен немесе басқа да бір әдіспен жеткізеді, оны эмоционалды түрде қолдайды және өзінің тілектестік сезімін білдіруі арқылы оған өзінің қиындықтарын айтқызады.

4. Психолог кеңес алушының жағдайын қызығушылықпен тыңдап,
оның проблемаларын объективті анықтау үшін кеңес алушының
"ізімен жүріп", терең және жан-жақты түсініп алады.

5. Психолог клиент алдында тұрған проблемалар туралы
қорытынды мен ұсыныс беруге асықпайды, ол кеңес алушыға ыңғайлы
жағдай туғызуға ғана асығады.

  1. Психолог клиенттің әр қадымына ырзашылығын білдіріп, оны өзімен бірге қосылып проблеманы шешу жолында қызмет жасауға шақырады.
  2. Психолог клиентке барлық мәселені жан-жақты талдап, оның себептерін толық түсінуге және проблемаларды бірлесіп шешуге ұмтылады.

Тиімсіз отбасылық кеңес берудің көрсеткіштері:

  1. Психолог пен клиент кездесуілері уақытында өтпейді.
  2. Психолог клиентпен айтарлықтай байланыс орнатпайды.
  1. Психолог кеңес алушыны "көрмейді", "естімейді" және "сезбейді". Ол өзінің айтқандарына ғана көңіл аударады. Кейде клиенттің "аузын ашқызбай" тек өзі сөйлейді. Кеңес алушыға шағымдары бойынша қатал ескертулер жасап, оның қылықтарын жамандыққа жориды. Кеңес алушыны әшкерелеуге тырысады немесе моральдық талаптарға жүгіндіреді[11, 12] .
  2. Кеңес алушыға өзінің шешімін зорлап міндеттеп береді, асығыс кеңестер мен ұсыныстар береді.

5. Кеңес алушымен дауласумен аяқталған кездесу болашақта
клиентті шындықты жасыруға немесе психологиялық көмектен бас
тартуға мәжбүр етеді.

6. Бастапқы гипотезаны қатаң ұстанады. Диагнозды нақты қояды
және емдеудің нақты жолдарын ұсынады.

Сонымен, отбасына психологиялық кеңес беру жұмысы оны жүргізуді негіздейтін түрлі теориялық көзқарастарға сүйенеді.

Отбасылық кеңес берудің мазмұны мен оның түрлері отбасы мүшелерінің жас шамаларына және психологиялық даярлығына қарай бағдарланады.

Ата-аналарға кіші мектеп жасындағы балалармен арақатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру.

Бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетін қиындықтар мектепішілік қарым-қатынаспен байланысты орын алады. Өсіп, дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды және жағымсыз жақтарымен қатар елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады. Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, тілалғыштық, шынайы адалдық, жақсы-жаманды айыра білушілік, алдағы өмір жолына ұмтылушылык жатса, ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық, ұшқалақтық сияқты қасиеттер жатады. Бала бойында назар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге өзіне-өзі сын көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділеттілікті, әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамды болуы мен іскерлігі жатады. Егер кішкентай кезінен бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып, тәрбиемен ұштасса, ол қайырымды, байсалды, бір сөзді, батыл жүректі, табанды болып ер жетеді. Ал олардың бойында ынжық мінез қалыптасса, біртінден ол сылбырлық, жалқаулық, күйгелектік, қорқақтық, мылжындық мінездсрге айналады. Бала өскен сайын көп көріп, естіп білуге ұмтылады. Өз ойын айту, басқалармен қарым-қатынас жасау, достасу, пікірлесу сияқты мінез-құлық көріністері калыптасады.

Мектепке дейінгі жас кезеңінде мектепте оқуға даярлықтан өту-өтпеуіне, отбасындағы тәлім-тәрбие алу ерекшеліктеріне байланысты бала психологиялық дамуында әр түрлі жағдай орын алуы мүмкін. Олардың ішінде депривация көрініс берген және осы симптомы барлардың мектепке қабылдау алдында коррекциядан өтпегендері мектептік қарым-қатынасқа және оқушының күн тәртібіне адаптациядан өтуі қиын болады. Депривация (жетіспеушілік деген мағынаны береді) орын алған себептеріне байланысты бірнеше түрге бөлінеді:

1. Сенсорлық деприваңия баланы қоршаған сыртқы ортаның және ондағы тітіркендіргіштерінің аз өзгеруімен байланысты орын алады. Баланың жаңалықтарға қызықпаушылығы және танымдық қажеттілігінің шектеулілігімен сипатталады.

2. Когнитивтік депривация керісінше, қоршаған орта заттары мен

құбылыстарының ретсіз өзгеруімен байланысты оларды танып білуге, мазмұнын ұғынуға мүмкіндік бар екеніне бала түсінбей қалады, сондықтан олардың танымдық әрекеті шектеулі және қажеттілігі дамымаған болады.

  1. Эмоционалдық депривациябаланың өзіне эмоционалдық жақын адамынан айрылуымен, ата-анасы немесе олардың орнында болған туысқандарымен қатынас жасауының шектелуімен байланысты көрініс береді. Эмоционалдық депривация өкімет үйлерінде тәрбиеленген балалардың барлығына ортақ психологиялық проблеманың түрі болып табылады.
  2. Әлеуметтік депривациябаланың денсаулығымен байланысты өзіне тән әлеуметтік функциясын орындауға мүмкіндігінің шектеулілігімен байланысты қалыптасады. ДЦП, сал аурулары, созылмалы қабыну тағы басқа сырқаттардың салдарынан кейбір балалар ойын шағындағы өздерінің құрбыларымен қимыл ойындарға толық қатынасуға шамасы келмегендіктен өзін кем санау синдромы қалыптасады.

Балаларда жиі кездесетін ауытқудың келесі түрі - агрессивтілік. Агрессия дегеніміз өзге адамдарға, заттарға болмаса жануарларға себепсіз зиян келтіруге тура бағытталған қиянат. Ал агрессивтілік - бұл жеке тұлғаның мінез-құлықындағы агрессия көрсетуге даярлығы.

Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқымқуалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лорнед, Анри), екіншілері адамның өзі өмір сүретін ортада жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрациямен байланыстыратын теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард) . Агрессия терминімен жеке тұлғаның субъекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді.

Деструктивтік әрекет дегеніміз - адамның алдында тұрған бөгетке кедергі жасап, қиындықты жеңуге деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екендігін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін. Барлық басқа психологиялық қасиеттер сияқты агрессия әр адамда әртүрлі көріністе болады. Агреесиясы өте төмен немесе мүлдем жоқ болса, ол адамның қорғаныс функциясы төмен болады да, ол енжарлық, иланушылық пен конформдылыққа алып келеді, ал кейбір адамдардың агрессиясы өте жоғары дамыған болады да, ол шатақ мінезділікке, конфликтіге, қоршаған ортамен өзара түсініспеушілікке әкеледі. Баланың агрессивтілігі келесі көрсеткіштермен бағаланады: агрессияның пайда болуының жиілігі және жеңілдігі; агрессияны туғызған жағдайға бала реакциясының адекватты емес дәрежесі; агрессия жүруінің екпіні; агрессивті әрекеттің асқыну дәрежесі. Агрессия жеңіл жүрген жағдайда ол вербальды формада болады, ал асқынған, ауыр жағдайларда физикалық түрде көрініс береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Жеткіншектерді тәрбиелеудегі мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығының теориялық мәселелері
Негізгі мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы
Отбасында педагогикалық процестерді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Балабақша мен отбасы
Отбасы - тәрбие ұжымы
Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz