Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктері

  1. ҚРМЖМБС 3. 09. 254-2006 *** Педагогика және психология
  2. ҚРМЖМБС 5. 04. 033-2008 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім - магистратура
  3. СМЖ Про 4. 11-2008 СМЖ магистратурада қорытынды мемлекеттік аттестация ұйымдастыру процедурасы, Тараз 15. 12. 2008ж.
  4. СМЖ П. 10. 04-2009 СМЖ магистрлік диссертацияның ережесі, Тараз 01. 12. 2009ж.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы міндет - өзінің өмірін жалғастырушы сапалы ұрпақ тәрбиелеу. Еліміз егемендікке қол жеткізген соң жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру міндеті уақыт талабымен бірге келетін игілікті іс екендігі белгілі. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев «Ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті танып-түсіну, сөз жоқ, қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың жалпы логикасын бажайлау мүмкін емес», -дейді [1] . Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында Білім беру жүйесінің міндеттері: «азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республикасының басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру» [2] деп көрсетілгенімен, қазақ халқы дәстүрлерінің тәрбиелік мәнінде де айрықша көңіл аударылғаны байқалған.

Жолдау

Әрбір тарихи-әлеуметтік кезеңнің өз талғам-танымына лайық дәстүрі, салты бар. Дегенмен, қаншама уақыт өтсе де ата тегі дәстүрді сақтап қалған жөн. Өйткені сол арқылы ғана біз өз тарихымызды біле аламыз. Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа, әкеден балаға, анадан қызға ауысатын тарихи-әлеуметтік, қоғамдық тәжірибелік дәстүр сабақтастығы болмаса, адамзаттың алға жылжу өрісі де болмас.

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі - адамгерлішік, азаматтық сияқты қасиеттер сынға түсуде. Біздің қоғамның жаңаруы үшін, адамдардың мінез-құлқы жаңаруы керек. Экономикалық және әлеуметтік табыстардың түп-тамыры моральдық және мәдениеттілік шарттарында жатыр. Қоғамымызға адал, арлы адамдар қажет. Әрбір азамат адамгершілігі жоғары болып, уақыт пен қоғам алдындағы жауапкершілігін жете сезінуі тиіс. Мұндай қасиеттерді адам өз бойында еңбек, саяси, құқықтық, эстетикалық, ұлттық сана тәрбиесі арқылы ғана дамыта алады.

Адамзат баласының ежелден келе жатқан ортақ мүддесінің бірі - ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз баланың тәрбиесі. Осы мақсатта әрбір халықтың әр түрлі ой-пікірлері, іс-тәжірибелері көптеген жылдар бойы жинақталған. Осы орайда халық педагогикасының озық үлгілері бала тәрбиесін жетілдіру, ана тіліміздің өрісін кеңейту, білім беру саласынан өткен кемшіліктердің орнын толықтыру - ұлттық тәрбие беруді нығайту құралының бірі.

Ұлттық тәрбие беру мәселесі қоғамды жандандыру, адамзаттық рухани мәдениет үлгілерін үйрену, оны ұлттық қалыпқа келтіру, басқа да әлем халықтарының әлеуметтік мәселелермен тығыз байланысты.

Қазақ елі егемендігі мен тәуелсіздігін жариялағаннан кейін этнос, халық, ұлт психологиясының сан салалы мәселелері жайлы зерттеулер көзге түсе бастады. [3]

Егемендіктің 20 жылдығы

Ұлттық санамыз, саяси ой-өрісіміз сілкініп, өрлеу жолына түскен осы кезеңде ата-бабаларымыздың кең-байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандыққа жету жолындағы күресін, терең тамырлы тарихымызды, ту ұстаған батырларымыз бен көсемдеріміздің, сөз бастаған шешендеріміздің ұлгі өнегесін бүгінгі ұрпаққа ұғындырып, келешекке мирас ету - бізге парыз.

Әрбір ұлттың маңдайына біткен ұлы дарыны болады. Қазақ халқы ұлы дарындардан кем емес. Тек оларды әлемдік деңгейге көтеріп, дүние жүзіне таныта білу парыз. Бұл 2030 жылға дейін жоспарлаған істеріміздің алды болуы тиіс. Бүгінгі күнгі міндетпен шектеліп қалу, ертеңгі күнді ойламау, болашақты болжамау рухани жұтаңдыққа алып келеді. Бүгінгі туылған балаларымыз 2030 жылы ер жетіп, ел билігіне ие болса, өмірлік бағыттарын, жүрер жолдарын дұрыс тапса дейміз. [4, б. 34]

Қазіргі таңдағы еліміздегі түбегейлі өзгерістер, яғни нарықтық қатынастардың туындауына байланысты республикамыздың экономикалық, материалдық күйзелістерге ұшырауы - бала тәрбиесінің қалыптасуына ғана емес, сонымен бірге оның психикасының өзгеруіне де әсерін тигізуде. Сондықтан болашақ жастардың талабы мен сұранысына қарай шынайы ұлттық тұлға болып қалыптасу процессінде қазақ тәлім-тәрбиесі мен ұлттық әдет-ғұрыптарының асыл мұрасын пайдалана білу бүгінгі тәрбие мәселесінде маңызды орын алады. [5]

Қазіргі кездегі әйелдердің эмансипациясы демократиялық өзгерістердің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл еркек пен әйел арасындағы бастапқы еңбек бөлісін қайта қорғауды және саяси билікті де олардың арасында қайта бөлуді шамалайды.

Қоғам санасынан әлі де әйел мінез-құлқының дәстүрлік стереотипі жойылған жоқ. Көбіне әйелдердің орнын саяси қатынастық елжар объектісі ретінде қарау, әсіресе, әрекеттің ерекше артықшылығы бар және беделді түрі мемлекетті басқару саласындағы олардың қатысуына байланысты сақталды [6] .

Осы кезге дейінгі ғылыми зерттеу жұмыстарының кез-келгенінде ұрпақ тәрбиесінің маңызы, мәні, ерекшеліктері жан-жақты дәлелденген. Дегенмен, отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыда қарастырылуына мән беру қажет.

Жеке тұлғаның қалыптасуы белгілі бір ортада көптеген факторлардың өзара әсері арқылы дамиды. Біздің ойымызша, қазіргі жағдайда қазақ қызының санасында, ой-өрісінде, жалпы азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, қыз тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін танып, дұрыс бағытта дамыту, әр түрлі әлеуметтік және моральдық-психологиялық жағдайларда қолдау көрсету және қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында бойында ұлттық тәрбиеге бай жаңа қазақ қыз азаматын қалыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен көкейкестілігі күннен күнге артуда.

Қазақ халқының дәстүрлері ежелден келе жатқан ұлттық мәдениеттің бір бөлігі екені барлығымызға аян. Ғасырлар бойы сыннан өтіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан салт-дәстүрлердің озық үлгілері жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін тигізді. Ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып ежелден келе жатқан отбасында қыз балаға тәрбие беру үлгілері бүгінгі қыздың өсіп-өнуіне, дамуына, ұлттық тәрбисіне ықпалын тигізері сөзсіз. Осы орайда ең негізгі талаптардың бірі - ұлттық қасиеттерімізді танып-білу. Оның ішінде қыз баланың тәрбиесіне үлкен көңіл бөлу қажет. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда қазақ халық педагогикасындағы қыз баланы тәрбиелеудің педагогикалық шарттарын қарастыруды жөн көрдік.

Ендеше, халық педагогикасы, этнопедагогика арқылы қазақ қызын тәрбиелеудің мәселелерін алдағы орынға қоюға болады. Өйткені, біз ең алдымен әлемге адам сыйлайтын болашақ ана-аруды бөбек жасынан бастап тәрбиелеуіміз керек, сонда ғана біз ұлт тағдырына, ел тағдырына өз үлесімізді қосамыз. Ендігі жерде алдымызға қоятын мақсатымыз - қыз баланы тәрбиелеу үшін арнайы педагогикалық шарттар болу керек.

Дүниеге тіршілік әкелуші - әйелдің махабатын, ұнату, сүю, жек көру сезімдерін, мінезінің, жан дүниесінің әр алуан иірімдерін шебер өрнектеген, сезім байлығы, адамгершілігі, жан тазалығы, ақылдылығы, зеректілігі, нәзіктілігі мен ұлылығын жырлау қазақ халқына тән [7, б. 4] .

Бүгінгі күні қазақ қызына ұлттық тәрбие беру қоғамдық сананың дамуы мен қоғамдық құрылысқа байланысты. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер мен өндірістік қатынастар жаңғырып, жаңарып, өзгеріп қыз баласының тәрбиесіне өз ықпалын тигізеді.

Қазақ халқының көне дәуірден бері сақталып келе жатқан салт-дәстүрлері қыз баланы тәрбиелеуде, оның адамгерлішік мінез-құлқын қалыптастыруда үлкен мәнге ие.

Рухани мәдениетіміздің тарихына арналған және қазақ халқының педагогика тарихына байланысты жазылған ғылыми-зерттеу еңбектерде қыздарға білім беру, тәрбие мәселесі оқу орындарының деңгейінде сөз болған Т. Т. Тәжібаев [8, 9, 10], А. С. Сыдыков [11], А. И. Сембаев [12], Г. М. Храпченков [13, 14] т. б. жұмыстары бар. Бұл еңбектерде қызық қызына адамгершілік тәрбие беру мәселесі айтылған. Қазақ қыздарының тарихи тағдыры, отбасы, неке жөнінде тарихи-этнографиялық, құқық жайлы жазылған еңбектердің ішінде Х. А. Арғынбаев [15], С. Н. Ақтаев [16, 17], Қ. Бөлеев [18, 19], К. Ж. Қожақметова [5, 158], Б. А. Тойлыбаев [159], А. Т. Төлеубаев [20], Н. С. Сәрсенбаев [21], А. Ж. Жақыпова [22], А. А. Жұмадуллаеваның [86] зерттеулері мен монографияларының біздің жұмысымыз үшін мәні үлкен болды. Өйткені қазақ халқы педагогикасы арқылы қыз балаларына тәрбие берудің тарихи тамырларын халықтың рухани мәдениетімен бірге қарастыруға тура келеді. Сонымен қатар, Республикамызда қыздарға білім беру, тәрбиелеу жөнінде К. Қ. Құнантаева [23, 24, 25], Ш. Беркімбаеваның [7, 26, 27] еңбектері мен мақалалары, А. Е. Дайрабаеваның [28], Ж. Т. Сарыбекованың [20], Л. С. Сырымбетованың [29], А. Қ. Қисымованың [30], Б. Қ. Өтешованың [31] еңбектері, ал қазақтың халық тәрбиесі мен дәстүрлеріне бағышталған, елдік тәлімі туралы А. Х. Мұхамбаева [32], Қ. Б. Жарықбаевтың [33, 34, 35, 102, 121, 157] ғылыми-педагогикалық жұмыстары қазақ педагогика тарихында ерекше орны бар еңбектер.

Қазақ халық педагогикасындағы тәрбие дәстүрлері, оның даму тарихы, эстетикалық мәні жөнінде С. А. Ұзақбаева [36, 37, 38], С. Қалиевтің [39, 40, 41, 42] болашақ мұғалімдерді ұлттық тәрбие беруге дайындауда Қ. Бөлеевтің [18, 19], халық педагогикасын оқу-тәрбие ісіне ендіруде Т. Қоңыратбаеваның [43], қазақ халқының салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануда Л. А. Бөлетованың [44] еңбектерін атап өтуге болады.

Сонымен қатар, шетелдерде этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін Г. Н. Волков (Шувашия) [45], Ю. А. Рудь (Ресей) [46], Я. Ф. Хинтибидзе (Грузия) [47], А. Ш. Гашимов (Әзірбайжан) [48], С. М. Саипбаев (Қырғызстан) [49], Г. С. Попова (Якутия) [50], А. Б. Григорян (Ханты-манси) [51] т. б. өз зерттеулерін жасаған. Бірақ бұл еңбектерде ұлттық тәрбие арқылы қыз баласын тәрбиелеу жолдары назарға іліге бермеген, тек Я. Рахманованың [52] өзбек әйелдерінің тәлім-тәрбиесіндегі педагогикалық жалпы мәселелер талданып, әйел баласының отбасындағы еңбегіне көбірек көңіл бөлінген.

Қыз баланы тәрбиелеу мәселелері жөнінде А. Е. Дайрабаеваның [28], Ж. Т. Сарыбекованың [20], Л. С. Сырымбетованың [29], А. Қ. Қисымованың [30], Ш. Жалғасованың [53], Б. Қ. Өтешованың [31], еңбектері біздің еңбегіміз үшін негіз болды.

Қазақ этнопедагогикасындағы қыз баланы тәрбиелеудің педагогикалық шарттары ғылыми зерттеулерде көрініс таппағанымен, зерттеу нысаны болмағандығымен сипатталады.

Осыған байланысты қазақ этнопедагогикасындағы қыз баланы тәрбиелеу мәселесінің қажеттілігі мектептегі оқу тәрбие теориясы мен практикасында нақты шешім таппағандығынан қарама-қайшылық орын алғандығы айқын.

Қазақ қыз баласын тәрбиелеу мәселесі жылдар бойы қарастырылып келеді, алайда ғылыми тұрғыда негізделген қазақ этнопедагогикасындағы қыз баланы тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының жоқтығын көрсетеді.

Аталған мәселенің өзектілігі мен ғылыми-теориялық және әдістемелік жағынан қарастырылмауы біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын:

«Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктері» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерін теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін ұсынып көрсету.

Зерттеу объектісі: отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеу үрдісі.

Зерттеу пәні: отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеу жолдары.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, қыздар тәрбиесінде халықтық педагогика құралдарын пайдаланудың теориясын және әдістемесін жасап, мектептегі оқу тәрбие ісіне ендірілсе, онда қазақ қызына сай, ұлттық мінез-құлық мәдениеті қалыптасқан, инабатты, мейірімді, ар-ұжданды жоғары санайтын қазақ қызының жетілуіне ықпалын тигізеді.

Зерттеу міндеттері:

  • отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздерін айқындау;
  • қыздар тәрбиесінде халықтық педагогика құралдарын пайдалану тұрғысынан ескеріп, бүгінгі күнге сәйкес жоспарын жасау.

Зерттеудегі жетекші идея: отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерін жан-жақты талдап, оның мазмұнын педагогикалық құндылық ретінде қарастыру, бүгінгі қазақ қызының тәлімдік өнегесін, көзқарасын, іс-әрекет үлгілерін қалыптастыру - негізгі факторлар жүйесі.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: қазақ этнопедагогикасының тұжырымдамалары, қыз балаланың жеке тұлға ретінде даму теориясы, қыз баланың психологиялық теориясы, қазақ халық ауыз әдебиеті шығармашылығының мұралары, зерттеу проблемасы бойынша тарихи-педагогикалық еңбектер.

Зерттеудің көздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар (Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының мәдени этникалық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасы), қазақ этнопедагогикасына қатысты тәлім-тәрбие жөніндегі тарихи-педагогикалық зерттеулері, қазірде жүзеге асып жатқан халықтық тәрбие тәжірибелерінің үздік үлгілері, өнегелік әдістемелері, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар мен автордың кәсіптік тәжірибесі.

Зерттеудің әдістері: зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік еңбектерге таладау жасау; мектеп, колледжде тәрбие үрдісін бақылау; тәрбие мекемелерінде, қазақ отбасыларында сауалнама жүргізу; пікірталас, әңгіме өткізу; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін тәжірибелік-педагогикалық жұмыс барысында тексеру, алынған деректерді математикалық есептеу әдісі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:

  • отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері айқындалды;
  • қыздар тәрбиесінде халықтық педагогика құралдарын пайдалану жүйеленді;
  • қыздар тәрбиесінде халықтық педагогика құралдарын пайдалану ескеріліп, бүгінгі күнге сәйкес жоспары жасалды.

Зерттеудің практикалық мәні:

  • жоғары сынып, коледж оқушыларына оқытылатын«Қызым саған айтам . . . »28-сағаттық факультативтік курсының авторлық бағдарламасы педагогикалық-тәжірибелік сынақтан өткізіліп, ұсынылды;
  • қыздар тәрбиесінде халықтық құндылықтарды пайдалануды дамытуда мұғалімдерге арналған«Ботагөз»отауының бағдарламасы даярланды.

Зерттеудің кезеңдері:

Бірінші кезең (2010-2011жж. ) Әдіснамалық, ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалынды. Зерттеудің тақырыбы белгіленіп, теориялық негізі анықталды. Қыз баланың ұлттық тәрбиесі жайлы ғылыми материалдар сұрыпталды. Эксперимент жұмысының бағдарламасы даярланды.

Екінші кезең (2011-2012жж. ) Негізгі теориялық ойларды зерттеу мақсатында эскперимент жұмыстары жүргізілді. Қыз баланың ұлттық тәрбие негізінде қалыптасқан құндылықтарын меңгеру деңгейі, оны күнделікті іс-әрекетінде ұтымды пайдалану жолдары қарастырылды. Ғылыми жұмыстың нәтижесі қорытылып, ұсыныстар берілді. «Қызым саған айтам . . . » факультативтік курсын оқытудың әдістемесі жетілдірілді, даярланды.

Зерттеу базасы: Тараз қаласындағы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

  • отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері;
  • қыздар тәрбиесінде халықтық педагогика құралдарын пайдалануды ескеріп, бүгінгі күнге сәйкес жасалған жоспары.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: теориялық-әдіснамалық қағидалармен, зерттеу пәніне, тәжірибе жұмысына сәйкес әдістерді таңдаумен, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарымен және жарияланған ғылыми әдістемелік еңбектері негізінде қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру: зерттеу нәтижесінің негізгі қағидалары баяндама түрінде республикалық конференцияда баяндалды.

Зерттеу мәселесінің теориялық мазмұны университеттің тәрбие жұмысында әдістемелік құрал ретінде пайдаланылды.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, нысанасы, пәні, міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, зерттеудің кезеңдері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу базасы, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі, қорғауға ұсынылатын қағидалар сипатталады.

«Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері» атты бірінші тарауда «ұлттық салт-дәстүр», «ұлттық сана-сезім» ұғымдарының қыз баланы тәрбиелеудегі мәні теориялық тұрғыдан сипатталып, халық қағидалары негізінде халықтық құндылықтардың тарихы арқылы қыз баланың ұлттық психологиясын қалыптастыру ерекшеліктерінің педагогикалық, психологиялық негіздері көрсетіліп, айқындалды.

«Қыздар тәрбиесінде халықтық педагогика құралдарын пайдаланудағы педагогикалық-тәжірибелік жұмысының мазмұны мен нәтижесі» атты екінші тарауда қыздар тәрбиесінде халықтық құндылықтарды пайдаланудың ғылыми және практикалық негізде көрсетіліп, қыз баланың мінез-құлықтарын қалыптастыру жолдары, оның психологиялық ерекшеліктері, қыз баланың ұлттық тәрбиесін дамытуға бағытталған пән сабақтары, сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы дамытудың жолдары мен әдістемелері анықталып, сынақтан өткізіліп, нәтижелері қорытылды.

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

  1. Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері. Қыздар тәрбиесінде халықтық құндылықтарды пайдаланудың тарихи-педагогикалық негіздері.

Ұлтымыздың мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көзқараспен жетілдіріп жеткізуде білім беру ісі басты құрал болып саналады. Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы - бүгінгі жастарымыздың өнегелі тұлғасын қалыптастыру. Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі халық қанша өмір сүріп келе жатса, сонша көкейкесті мәселе болып келеді. [57, Б. 9] .

Бүгінгі жастар-халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Ұлттық санамыз, саяси ой-өрісіміз сілкініп, өрлеу жолында түскен осы кезеңде ата-бабаларымыздың кең байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандыққа жету жолындағы күресін, терең тамырлы тарихымызды, ту ұстаған батырларымыз бен көсемдеріміздің, сөз бастаған шешендеріміздің үлгі-өнегесін бүгінгі ұрпаққа ұғындырып, келешекке мирас ету-бізге парыз.

Бүгінгі таңдағы еліміздегі өзгерістер, яғни нарықты қатынастардың туындауына байланысты Республикамыздың экономикалық, материалдық күйзелістерге ұшырауы-бала тәрбиесінің қалыптасуына ғана емес, сонымен бірге оның психикасының өзгеруіне де әсерін тигізуде. Сондықтан болашақ жастардың талабы мен сұранысына қарай шынайы ұлттық тұлға болып қалыптасу процесінде қазақ тәлім-тәрбиесі мен ұлттық әдет-ғұрыптарының асыл мұрасын пайдалана білу бүгінгі тәрбие мәселесінде маңызды орын алады. [4]

Соңғы жылдары Қазақстанда саяси идеологиялық, экономикалық әлеуметтік-мәдени жағдайлардың өзгеруі, Республикамыздың Тәуелсіздік алып, егеменді ел болуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алуы педагогика ғылымының алдына жаңа талаптар мен міндетттер қойды. Бұл талап-міндеттер қазақтың халықтық педагогикасы мен психологиясы проблемаларымен тікелей байланысты. Демек, ата-мұраның өнегелі дәстүрлерін, идеяларын тәрбие саласындағы әдіс-тәсілдерін, амал-жолдарын жан-жақты зерттеген, терең мазмұнды ғылыми еңбектер қажет[30] .

Қазіргі заман талаптарына сай ата-мұраның өнегелі дәстүрлерін, идеяларын тәрбие саласындағы әдіс-тәсілдерін, амал-жолдарын жан-жақты зерттеген, тарихи-теориялық, практикалық тұрғыдан қарастырылған бірқатар терең мазмұнды ғылыми еңбектер бар. Мәселен, профессор Қ. Бөлеевтің «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау» [19] монографиясы. Автор отбасы тәрбиесінің негізі - халықтық педагогика дей келе, бала - отбасының, өмірдің жалғасы, болашағы; ана мен әке, әже мен ата - баланың басты тәлімгерлері деп, қыз бала мен келін тәрбиесіне, ұл бала мен ер жігіт тәрбиесіне терең тоқталып, қазақ халқы орыс патшалығының отаршылдық бұғауында болып, содан кейін әкімшілдік-әміршілдік коммунистік тәрбие дәріптелу себептерінен қазақ халқының ұлттық санасы мен намысы қалыптасып, дамымай қалды дейді. Одан арылу жолын халқымызға, әсіресе, жас қазақ ұрпақтарына ұлттық тәрбие беру арқылы ғана шешімін табуға болады дейді.

А. Дайрабаеваның «Қазақтың халықтық педагогикасындағы қыздардың адамгершілік тәрбиесі» [28] тақырыбындағы диссертациясы қазақтың халықтық педагогикасындағы қыздардың адамгершілік тәрбиесіне арналған. Бұл еңбекте автор халықтың ежелден сақталған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері бойынша қыздарға адамгершілік әдеттерін меңгертудің құнды жолдарын, әдіс-тәсілдерін жүйелеген. Қазақтың ауыз әдебиеті шығармашылығындағы қыздардың адамгершілік тәрбиесіндегі халықтық дәстүрлердің мазмұндық негіздерін, қыздардың адамгершілік тәрбиесін - қазақтың халықтық педагогикасының өзекті проблемасы ретінде қарап, тәуелділік және қыздар тәрбиесіндегі халық педагогикасының дәстүрлерін, халықтық дәстүрге мектептердің әсерін, жаңа тәртіптің қазақтың халықтық педагогикасына тигізетін ықпалын, халық педагогикасындағы жаңа бетбұрыс қыздарға адамгершілік тәрбие берудегі тиімді жолдарын көрсетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТӘРБИЕ ТІРЕГІ
ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ТҰЛҒАДА ӘСЕМДІК СЕЗІМІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау
Болашақ мұғалімдердің қыз баласын тәрбиелеуде даярлау мәселесі
Халық педагогикасы
Халықтық педагогика - ұлттық тәрбиенің негізі
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны
Тәлім тәрбие құндылықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz