Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері


Диссертациялық жұмыстың жоспары:
І. Кіріспе бөлім.
ІІ. Негізгі бөлім:
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері.
2. 1 Қазақ халқына еңбегі сіңген қоғам қайраткерлерінің отбасылық
тәрбие туралы ой-пікірлері
2. 2 Отбасындағы қыз бала тәрбиесінің бүгінгі жайы және оны жақсарту жолдары
ІІІ. Қорытынды бөлім.
І. Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына Жолдауында: «Бізге жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы - балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда - еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау қажет» делінген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті анық көрсетілсе, «Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заңдар мен жоғары және орта білім тұжырымдамаларында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Сөйтіп, отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттігі бекемделе түседі.
Бұл стратегиялық міндетті шешудің жаңа жолдарының бірі қазіргі отбасылық тәрбиені жақсарту, ол үшін қазақ халқының отбасылық тәрбиесін ұлттық құндылық ретінде жандандырып, оны әрбір отбасына ендіру қажет. Қазақ халқында отбасылық тәрбие халықтық педагогика құралдары арқылы жүзеге асырылған. Отбасылық тәрбие - ұлттық тәрбиенің негізі, ал ұлттық тәрбие алған ұрпақ еңбекқор, дені сау, білімді, ақылды, иманжүзді, адамгершілігі мол, сұлу да сымбатты, ұлтжанды азамат болып өседі.
Адамзат қауымының болашағы бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Жаңа қоғамға білімдар белсенді, талапты, іскер де ізденгіш, өмірге құштар және еңбекке бейімді, өзі және басқа да адамдардың экономикалық, әлеуметтік ахуалына пайдалы, ұлты, Отаны үшін жауапкер адамдар қажет. Отанымыздың азаматтары, ұзақ жылдарда қалыптасқан масылдық психологиядан арылып, әркімнің өз өмірі, күн көрісіне өзі жауапкерлігін сонымен бірге Отан, халық алдындағы парызын да санаға салып ұғынып, сезіне бастады. Мұндай қоғамдық жаңғыру, оның азаматтарының ой-санасының жаңа деңгейге көтерілуіне қадам түзеді, іскерлікке итермеледі. Алайда, отбасы тәрбиесіне ықпалы мол өтпелі кезеңде қаншама пайда болатын, әртүрлі дәрежеде салқыны тиетін кедергілер мен тосқауылдардың себептері, сол себептердің салдарының салқыны мол көріністері жойылмайынша, адамзат қоғамын дамытудың осы бір буынында алаңдаушылық бола беретіні белгілі. Осы міндеттерді орындаудағы отбасының өзіндік орнын ескермей болмайды.
Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасындағы тәрбие әр кезде де өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылық та, жамандық та отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындатушы, жыныс пен жынысты жұптастырушы, адамаралық туысқандық ұғымдар тудырушы, олардың бір-біріне деген махаббат, сүйіспеншілігін тұтатушы ғаламат күшті жері - ұрпақ өрбітуші, рухани бірліктің, ұрпақ аралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя.
«Отбасы адамның өте маңызды, өте жауапты ісі. Отбасы өмірді кемеліне келтіреді, отбасы бақыт әкеледі, бірақ әрбір отбасы, ең алдымен, мемлекеттік маңызы бар зор іс болып табылады», - деп көрнекті педагог А. С. Макаренко анықтама берген болатын. Яғни, отбасы - қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым ретінде қыз бала тәрбиесінде шешуші рөл атқарады.
Отбасы - педагогикалық қатынастың субъектісі. Бала үшін отбасы - оны тұлға ретінде қалыптастыратын алғашқы да аса белсенді көзі. Бала тәрбиесінде отбасының маңызы зор. Олай болса, отбасының негізгі қызметтерін, басқару стильдерін, бала тәрбиелеудегі негізгі ережелері мен ұстанымдарын, тәрбиелеу әдістерін қарастыра кетейік.
Отбасы мынадай белгілі қызметтерді атқарады:
- қайта өндіру (репродуктивті) - ұрпақ келтіру (перзентті болу, оларды
өсіру және тәрбиелеу) ;
- шаруашылық-экономикалық (ортақ шаруашылық және қаржы
пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру) ;
- тәрбиелеу (отбасы, оның әр бір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына
жағдайлар жасау, өмірлік тәжірибе, инабаттылық тәртіптері мен адамгершілік құндылықтарға баулу) ;
- қарым-қатынас құру (коммуникативті - отбасы ішіндегі қатынас түзу,
отбасының басқа адамдармен, жанұялармен, әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру) ;
- қайта қалыпқа келу (рекретивті - бос уақыттарындағы демалыс
әрекеттерін ұйымдастыру, отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қайта қалпына келтіру шараларын қамтамасыз ету) .
Қазіргі қазақ қоғамында кеңестік дәуірден қалған иммунопсихологиялық проблемалар кеңінен орын алып отыр. Олар: ана тілін, ана тарихын, төл мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін және дінін білмейтін жастар; тастанды жетім балалар мен «қиын» балалар; қарттар үйлерінде жылап отырған әжелер мен аталар; отбасын құрмаған немесе ажырасқан жастар; жезөкшелік; көргенсіз және тәртіпсіз қыз бен ұл, олардың түрлі қылмыс жолына түсуі; жұмыссыздық; темекі шегетін, наша тартатын және ішкілік ішетін жастар; ата-ананың бала тәрбиесімен айналысуға жағдайы мен уақытының жетіспеуі және т. б.
Осы аталған қайғылы құбылыстар мен қасіреттерден құтылудың, оларды болдырмаудың ұзақ та қиын, бір ғана жолы бар, ол қазақ халықтық педагогика құралдарын ескеріп және оларды басшылыққа алып, бүкіл халқымызға, әсіресе қазіргі және болашақтағы ұрпағымызға отбасында ұлттық тәрбие беру. Қазақ халқында отбасылық ұлттық тәрбие ана құрсағынан басталып, адамды өмір бойы және оны ол дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылады.
Жөргегінен бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген халқымыз адамды аздырып тоздыратын: өтірік, өсек, еріншек, мақтаншақ, қыңыр, есер, бейбастық жәдігөй және т. б. сияқты мінездерден сақтандырып келген. «Өтірік өрге баспас», «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам», «Өзін-өзі мақтаған өліммен тең» деу арқылы өтірік, өсек айтудан, мақтаншақ болудан жас ұрпақты аулақ болуға шақырады. Халық адамгершілік қасиеттің жоғарғы түрі ар-ұят, намыс, ождан сақтау деп біледі. «Жаным - арымның садағасы», «Өлімнен ұят күшті», «Ақылың болса арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Жігіттің құны - жүз жылқы» іспеттес мақал-мәтелдер соның айғағы. Халықтық педагогика жас буынды осы сипаттас қағидалармен өмір сүруге тәрбиелеп отырған.
Ұлтымыздың болашағы - тәрбиелі ұрпақ қолында. Ал тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудың бірден бір жолы - халықтың педагогикасының мәні - еңбек, білім, дағды, адалдық пен адамгершілікті жас ұрпақ бойына дарыту.
Олай болса, Тәуелсіздіктің туы желбіреген егеменді еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде осы ата-бабамыздың салт-дәстүр негізін ұстансақ өте ұтымды болар еді. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай тұрып қыз баласын ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес.
Өркениетке бет алған жаңа заман талабы қыз тәрбиесіне де жаңа талаптар қоюды міндеттейді. Ол рухани-адамгершілігі зор, мәдениетті, парасатты, өзін-өзі жетілдіру арқылы өмірлік мақсаттар қойып, орындай алатын, өз сана-сезімін қоғам талаптарымен үйлестіре білетін жан-жақты әлеуметтенген тұлғаны қалыптастыру.
Қазақ отбасылық тәрбиенің теориялық, педагогикалық және психологиялық негіздерін жасауға үлкен үлес қосқандар: Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов т. б. Қазақ қауымы, ондағы отбасының тарихы, оның ерекшеліктері, ондағы бала тәрбиесі туралы Х. Арғынбаевтың, С. Мұқановтың, Д. Кішібековтың, С. Кенжеахметұлының, А. Жүнісовтің, Қ. Толыбаевтың, С. Қалиевтың, М. Оразаевтың, М. Смайлованың т. б. еңбектерінде қарастырылған.
Осы кезге дейінгі ғылыми зерттеу жұмыстарының кез-келгенінде ұрпақ тәрбиесінің маңызы, мәні, ерекшеліктері жан-жақты дәлелденген. Дегенмен, отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыда қарастырылуына мән беру қажет.
Қыз баланы тәрбиелеу мәселелері жөнінде А. Е. Дайрабаеваның [28], Ж. Т. Сарыбекованың [20], Л. С. Сырымбетованың [29], А. Қ. Қисымованың [30], Ш. Жалғасованың [53], Б. Қ. Өтешованың [31], еңбектері біздің еңбегіміз үшін негіз болды.
Аталған мәселенің өзектілігі мен ғылыми-теориялық және әдістемелік жағынан қарастырылмауы біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын:
«Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктері» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерін теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін ұсынып көрсету.
Зерттеу объектісі: отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеу үрдісі.
Зерттеу пәні: отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеу жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Зерттеу міндеттері:
- отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздерін айқындау;
- қыздар тәрбиесінде халықтық педагогика құралдарын пайдалану тұрғысынан ескеріп, бүгінгі күнге сәйкес жоспарын жасау.
- Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің теориялық негіздері. Қазақ халқына еңбегі сіңген қоғам қайраткерлерінің отбасылық тәрбие туралы ой-пікірлері
Қазақтың ұлы ойшыл ғұламаларының бірі Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» дастанында балаға тәрбиені отбасында бер, «Ақ маңдайлы ұл, қыз туса, үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма» деп, келер ұрпаққа өсиет ете отырып, баланы жас кезінен білім мен өнерге, еңбекке баулу арқылы жаны мен тәні сабақтас жетілген парасатты ұрпақ өсіретінімізді атап көрсеткен. Еліміздің жастарына ұлттық құндылықтар арқылы санасына ұлттық ұлағатты, қасиетті сіңірудің маңызы зор. Әсіресе, қыз баланың болашақ ана екендігін ескере отырып, қыз бала тәрбиесіне отбасында ерекше көңіл бөлінген.
Қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф Шоқан Уәлиханов қазақтардың өте жас кезінен және олардың ризалығынсыз аттастырып қоятын әдет-ғұрыптарын сынай келе, «бұл әдетті өзгерту үшін қазіргі молдалардың қарамағында болып отырған неке, талақ туралы істерді бұрынғысынша билер сотының қарамағына берген жөн. Ол үшін: аға сұлтандар мен болыстарға қатаң жауапкершілік артып, қазақ қыздарын мынадай жасқа жетпей тұрып күйеуге бермейтін болсын, ата-аналарды өз балаларын олардың ризалығынсыз тұрмысқа шығаруға, үйлендіруге күштемейтін болсын, соны қатаң бақылайтын» деп бұйрық беру керек» дейді.
Ш. Уәлиханов ел ішіндегі діни наным-сенімдерінің күшті кезінде өмір сүргеніне қарамастан қараңғылық пен надандыққа қарсы күрес ашты, қай халықтың болмасын салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарындағы озық түрлерін ортақ мұра етуді мақсат етті. Ол мәдениет пен ғылымға бүкіл адам баласының бәріне бірдей ортақ рухани байлықтың қайнар бұлағы деп қарады.
Дарынды жазушы, тамаша ақын, жалынды публицист, көрнекті қоғам қайраткері, аса талантты ағартушы-падагог Ыбырай Алтынсарин өзінің саналы өмірін ағартушылық және оқытушылық жолына жұмсаған.
Ыбырайдың осындай сатыға көтерілуінің басты бір себебі: ол қазақ халқының тұрмысындағы жақсы дәстүрлерін бойына ол қазақ халқының тұрмысындағы жақсы дәстүрлерін бойына сіңіру арқылы үлгілі отбасылық тәрбие алуынан болса керек. Шешесі Айман сауатты адам болған, халық аузынан жинақталған ертегілер мен жырларды көп білген.
Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш ұлттық оқу құралында оның төл шығармалары мен қазақ халық ауыз әдебиетінің озық үлгілері және Еуропа классикасы көркем әдебиеттің аудармалары өлең сөз және қара сөз түрінде жинақталып берілген.
Оқу құралына Ы. Алтынсарин отбасында баланы тәрбиелеуде ата-ананың алатын орны мен рөлін көрсететін көптеген көркем шығармалар ендірген.
Ыбырайдың «Бір уыс мақта» әңгімесі ана тәрбиесіне арналған. Шешесі қызына жамап-жасқауды үйретеді. Осындай іске үйренген қыз әкесінің шапанын жамап отырады. Қасында отырған әжесі оның ісін бақылай отырып, қоқым-соқым, қиындыны керексіз деп тастамай, іске жарату керектігін айтады. Бұл сөзге немере қызы мән бермей бір уыс мақтаны лақтырып жібереді. Оны көрген торғай мақтаны іліп алып, ұясына алып кетеді. Мұны байқап, әжесі немересінің ісіне ренжіп ұрыспайды, бірақ ол былай дейді:
-«Көрдің бе, балам, жаңағы сөздің растығын. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді. » Немересі өзінің қателік ісін енді түсініп, ұялып қалады.
Отбасында әке тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінетін мәселе екенін Ыбырайдың көре білгенін оның «Бақша ағаштары» әңгімесінен байқауға болады. «Бағу, тәрбиелеуде көп мағына барында шек жоқ, шығарым. Сен жас ағаш сияқтысың. Саған да тәрбие керек. Мен сенің қате істеріңді түзеп, жақсы ақыл айтсам, сен менің айтқандарымды ұғып, тыңдасаң, жақсы болып өсерсің. Ал айтқан ақылды құлағыңа алмасаң, бетіңмен кетсең, тәрбиеге көнбесең мынау ағаш сияқты қисық болып өсерсің» дейді.
Ата-ананың әрбір сөзінен, балаға деген қарым-қатынасынан мейірімділік, жылылық байқалып тұрады. Ыбырай қазақ отбасының жақсы дәстүрін жоғары бағалайды, ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін, мейірімін ата-анаға баланың борыштылығын терең сезіммен баяндайды. Мысалы, оған оның «Ананың сүюі» атты өлеңі толық дәлел:
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышқа қуанып, қайғыңа күйетұғын,
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын!
Кім сендерді балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін.
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Бала жүрегі сезімтал ата-анасының мейірімділігіне мәз. Ыбырайдың «Мейірімді бала» әңгімесі осыны дәріптейді. Әңгімеде патшаның әмірі бойынша жас қызға атасының қолын кесу бұйырылады. Қыздың атасына жаны қатты ашиды. Атасын осы үкімнен аман қалдырудың жолын қарастырып, патшаға өзі барып:
- Тақсыр, жұмыс жасап, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз, -дейді. Бұл ата-ана мен бала арасындағы ғажап мейірімділік.
Ыбырай әке-шеше мен баланың, аға мен қарындастың арасындағы сағынышты, сыйластықты, сүйіспеншілікті, ізеттілік пен мейірімділікті өзінің «Қара батыр» деген ертегісінде жортуылшылар қолына түскен Қара батыр деген баласын сағынған ата-ана мен қарындасының арасындағы туыстық қарым-қатынасты сөз еткен.
Ыбырай отбасында баланың тазалық тәрбиесіне де көңіл аударған. Оны оның «Салақтық» әңгімесінен айқын көруге болады.
Ы. Алтынсариннің «Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очеркі» деп аталатын этнографиялық еңбегінде қазақ халқының отбасылық тәрбие мәселелерінде халық педагогикасын қалай пайдаланғанын нақты көрсетіп берген.
Қазақтың жеті атаға дейін бір-бірінен қыз алыспау заңы, басқа рудан қыз алуы, біріншіден өріс кеңейту болса, екіншіден, екі рудың бір-бірінен қыз алып құда болуы арқылы жаулықты тоқтатуы керек болғанға ұқсайды.
Баласына қалың беріп құда болғысы келген адамның ел аралап, қызы ұнаған үйдің керегесіне қамшысын қыстырып кететінін, ол құдалықтың белгісі екенін, мұнан кейін жаушы (елші) жіберіп, қыздың әке-шешесінен ризалықты сұрайтынын, құдалар келіп қалыңмалға келісім жасайтынын сқз етеді.
Сондай-ақ, күйеу қалыңдығына ұрын келіп-кеткеннен кейін, қалыңдықтың ата-анасының ауыл-аймақ, ағайын-туғанымен ақылдасып қызға жасау әзірлейтінін, қалы кілем, қасқыр ішік, алаша, тұскиіз, сырмақ т. б. үй жиһаздары, білезік, сырға, сәукеле сияқты зергерлік асыл бұйымдар даярланатыны, ал қыз жасауын даярлауға рулы ел, ағайын-туыс болып атсалысатыны, мұның туыстық қарым-қатынасты күшейтуге септігін тигізіп, игі ықпал ететіні айтылған. Қазақ ауылында қыз ұзату, келін түсіру дәстүрлерімен байланысты атшабыс, балуан күрес, алтын қабақ ату, теңге алу, қыз қуу сықылды қызғылықты ұлттық ойын-сауықтар, домбыра тарту, өлең айту, күйеу мен қалыңдықты, қайын жұртты мақтау, таныстыруға арналған «жар-жар», «беташар», «айт келін» сияқты тұрмыс-салт жырлары мен ақындар айтысының мән-мағынасы да назардан тыс қалмаған. Ол жырларда айтылатын «Атаңды, енеңді, жұбайыңды сыйла, ол сенің шешең мен әкең, күйеуіңді сыйла - ол сенің жарың, өсек айтпа, орынсыз қыдырма, үлкенге ілтипат жаса, кішіге қамқоршы бол, шаруаға икемді бол, еңбекті сүй» деген өсиет нақылдың тәлімдік мәніне тоқталып, келіннің үлкенге иіліп сәлем беруі, орынсыз ойын-күлкіден, келеңсіз қылық пен бейсауат жүрістен жас адамның аулақ болуы отбасы бірлігіне ұйытқы, сбепкер болатынын айта келіп, Ыбырай қазақтың қыздарды әдептілікке, еңбексүйгіштікке, бауырмалдыққа тәрбиелейтін салт-дәстүрлерінің үлгі-өнегелік жағын ашып көрсеткен.
Қорыта айтқанда, Ыбырай Алтынсаринді отбасындағы қыз бала тәрбиесі көп толғандырғандықтан, ол жоғарыда аталған еңбектерінде бала тәрбиесі жөніндегі ой-пікірлерін өзінің көркем шығармалары арқылы көрсеткен ағартушы-ұстаз болған.
Қазақ халқының аса кемеңгер ойшыл ақыны, ағартушы Абай Құнанбаев қыз балаға отбасылық тәрбие беруде ата-ананың ерекше орын алатынын өз іс-әрекеті және тәлімдік маңызы айрықша өлеңдері мен даналық көзі болып табылатын қарасөздерінде көрсеткен.
Абай өз шығармаларында жастарды тәрбиелеудің сан алуан жолдары мен әдіс-тәсілдерін тізе отырып, олардың дүниеге көзқарасы мен мінезінің қалыптасуында ата-ананың үлгі-өнегесі ықпал ететіндігін, сондықтан әр бір әке-шешенің алдымен өздері тәрбиелі адам болуы керек екендігін баса көрсеткен.
Абай отбасылық тәрбиеде баланың адамгершілігін, дүниеге көзқарасын қалыптастыруда ата-ананың рөліне айрықша маңыз берген. Ол баланы тәрбиелеуді күрделі мәселе деп санап, адамды адам еткен тәрбие, оның бойындағы жақсы және жаман әдеттер алдымен отбасында тәрбиеленеді, сондықтан ата-ананың қуанышы немесе қайғысы болуы өздеріне байланысты деп санайды.
Абай жақсы, бақытты отбасы әкесі мен анасының бір-бірін сүюінен және өз балаларын дұрыс тәрбиеленуінен басталатынын айтты.
Абай отбасындағы қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, олардың сыртқы көрінісі мен ішкі дүниесі қандай болуы керек, оларды тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі туралы өз өлеңдерінде арнайы тоқталған. Мысалы, ол өзінің «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты өлеңінде ару қыздың сыртқы портретін керемет суреттеген:
Қақтаған ақ күміспен кең маңдайлы
Аласы аз, қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,
Ақша жүз, ал қызыл бет тіл байлайды.
Аузын ашса көрінер кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды, -
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz