Бала ата-анасының физиологиялық және психоәлеуметтік көшірмесі



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Отбасындағы бала тәрбиесі
       Бала ата-анасының физиологиялық және психоәлеуметтік көшірмесі. Ол
бойындағы барлық нышандарды ата-анасыдан тұқым қуалаушылық арқылы алады. Ал
дүниеге келгеннен соң оның барлық психологиялық қасиеттері отбасиндағы өмір
барысында, ең алдымен, ата-анасының әсерімен дамиды. Ата-ана бала санасынан
нақты нормалар жүйесін енгізеді. Бұл жүйе уақыт өте келе баланың ішкі
қажеттілігіне айналады. Екіншіден, сәйкестендіру процесі арқылы бала ата-
анаға ұқсауға ұмтылып, елікетеу жүреді. Бала қоршаған ортамен жасаған қарым-
қатынасында отбасында көрген үлгілерін қайталайды. Үшіншіден, түсінү арқылы
ата-аналар баланың ішкі әлемін біліп, оның өмірлік мәселелерін реттеп,
отынды араласу арқылы оның өзіндік саласының және коммуникативті сапаларын
қалыптастырады. Осы жұмыс барысында екі жақтағылар да көптеген қиындықтарға
жолығады. Атап айқанда: 
       -әлеуметтік қиыншылықтарға кездесу (адамдардың әлеуметтік ортадағы
тұрмыстық жағдайына байланысты әлеуметтік топтарға бөліну: бай, кедей және
т.б.) отбасында қайғылы жағдайлардың болуы, сол кезде не істеу керек және
одан шығу жолдарын табу;
        - әлеуметтік психологиялық қиындықтар, отбасында зорлық-зомбылық
жағдайлардың болуы, әкесі шешесіне қол жұмсап, баланы балағаттау,
нәтижесінде баланың жалтақ, ашулы ызалы болуы, баланың өзгелерге және өзіне
қол жұмсауы, баланың шаршауы, ауыру-сырқат зардабын шегуі, өмірден түнілуі,
өмір сүргісі келмеуі т.б. 
       -дезориентация (өздерін еркін ұстауға, еркін сөйлеуге және қозғалуға
дағдылануының төмен болуы, тіл табысуға бармауы, адамдармен дұрыс қарым-
қатынас жасай алмауы); 
      -казіргі баланың өмірге көзқарасы, өзімшілдігі;
   -жас кезінен ақша проблемасына жолығу, темекі, наша, т.б. зиянды
заттарды тұтынуға бейім болу, клептомания, ұрлық жасауға құмарлығы, баланың
күнделікті жаратуға ақшасының болмауы немесе ақшасының шамадан артық болуы;
      -дромомания, үйден қашып, ешқандай себепсіз қаңғыруға құмарлығының
көрініс беруі;
      -баланың тек өз пайдасына жақын тұруы, жақсы өмір сүруге негізсіз
құмарлануы және бір күндігін ғана ойлау;
     -ата-ананың өз балаларын өте жоғары бағалап, ешқандай сынға көңіл
бөлмеуі де жиі кездеседі: Менің балам бәрінен жақсы, өйткені біздің
отбасымыздың тәрбиесі ерекше, Менің балам жаман оқуы және тәртіпсіздік
көрсетуі мүмкін емес, Мен басқалардың бәрін білемін, олардың барлығы
оңбағандар, Менің баламның істегендерінің бәрі дұрыс,бәрі жөн, Баланы
еркелеуге болмайды, себебі бұзылып кетуі мүмкін, сондықтан өз баламды өте 
қатал тәртіппен тәрбиелеймін, баланың мінезі өзімен бірге туады,
сондықтан оның табиғатын өзгерте алмаймын, Бізді де солай тәрбиелеген.
        Бұл аталған себептердің барлығы бала мен ата-ана өміріне өзінің
теріс әсерін тигізіп отырады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек баланың
теріс қылықтары мен жаман әдеттерге құмертуы күннен күнге артуда. Сондықтан
ата-аналар көптеген бала өміріндегі жағдайларға көңіл қоя білуі керек.
Аталған жағдайлардың барлығы отбасы өміріне үлкен әсерін тигізеді. Ата-
ананың бала дамуы ерекшеліктері туралы білімі мен ол білімді пайдаланудағы
біліктілігі бала дамуына зор ықпал етеді. Ол баланың психофизиологиялық
дамуы мен үлкендермен қарым-қатынасында байқалады. 
        Ата-аналардың өмірі көптеген қиыншылықтар мен уайымнан тұрады. Олар
ашу, ыза, қуаныш, қызғаныш, сенімділік күйініш, өкініш ретінде көрініс
береді. Мектепте мұғалімдер мен психологтарды мазалайтын басты мәселе
қиын балалар. Баланың қиын мінез-құлқының себебі оның отбасындағы ата-
анамен қарым-қатынасына байланысты. Осы бағытта отбасындағы жайсыз
психологиялық ахуалы бар отбасындағы ата-анамен бала арасындағы қарым-
қатынас мектеп жасындағы балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына
көпшілік жағдайда кері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Э.Эриксонның теориясы
Балаларының психологиялық қабілетін айқындау
Бейімделмеген балалармен және жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс
Қиын балалардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мәселелері
Әлеуметтанудағы жеке іс қағаздар әдісі
Қарым - қатынас ақпарат алмасу әрекеті
Интеллектіні психогенетикалық зерттеу
Жас ерекшелік және әлеуметтік психология пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Қарым – қатынас психологиясының теориялық мәселелері
Девиантты мінез - құлық әлеуметтік проблема ретінде
Пәндер