ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

:
: НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
: 3
:
: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
: 4
:
: АНЫҚТАМАЛАР . . .
: 5
:
: АННОТАЦИЯ . . .
: 6
:
: КІРІСПЕ . . .
: 7
:
:
:
: 1
: ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
:
: 1. 1
: Мектеп жасына дейінгі баланың отбасындағы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда қарым-қатынастың ерекшеліктері . . .
: 11
: 1. 2
: Отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас ерекшеліктері негізінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдары . . .
: 30
:
:
:
: 2
: БАЛАДАҒЫ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
:
: 2. 1
: Ата-ана мен бала арасындағы карым-қатынас негізінде сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың бағыттары . . .
: 49
: 2. 2
: Мектеп жасына дейінгі баладағы мінез-құлық түрлерін түзетудің әдістері . . .
: 59
:
:
:
:
: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
: 67
:
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
: 70
:
: ҚОСЫМШАЛАР . . .
: 75

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

2. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім
академиясының республикалық баспа кабинеті.

3. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан - 2030». Ел президетентінің Қазақстан
халқына Жолдауы.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

АБҚАС (ОРО) -ата-аналардың балаға деген қарым-қатынасын
анықтайтын тест-сауалнама.

ЖБЖТ - жағдайға байланысты жеке тұлғалық қарым-қатынас.

ЖБІ - жағдайға байланысты іскерлік қарым- қатынас.

ЖТТ - жағдайдан тыс танымдық қарым-қатынас.

ЖТЖТ - жағдайдан тыс жеке тұлғалық қарым-қатынас.

АНЫҚТАМАЛАР

Отбасы - ортақ шаруашылығы, мекені бар және өзара бірлескен қарым-қатынастағы адамдар тобы, ол үнемі қоршаған ортамен бірлікте болатын ашық жүйе.

Мәдениет - әлеуметтік табиғаты бар курделі динамикалык жүйе, ол әлеуметтік қатынастарда көрініп, адам іс-әрекетінің заттары мен тәсілдерін, құнды бағалықтарын құруға, сақтауға, кең таратуға бағытталып, әр түрлі жағдайларда адамдардың озара түсінушілігін қамтамасыз етеді.

Мәденилік - бұл дамудың мәні, ол адамның тек қана өзінің мінез-құлқын ғана игеру үрдісімен шектелмейді, оны игерудің алғы шарты жеке тұлғаның қалыптасуының алғы шарты.

Қарым-қатынас мәдениеті - ауызша және жазбаша сөйлеу ережелерін меңгеру (сөздің айтылуы, грамматика, стилистика) мен турлі қарым - қатынас жағдайларында тілдің мәнерлі шыға білуі.

Дағдарыс - бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне өту барысында, ағзадағы физиологиялык өзгерістерге психиканың өлі де бейімделе алмауы салдарынан, жеке адамның жаны мен тәні арасында ішкі қайшылықтардың туындауы себепті, мінез-құлықта оғаш қылықтардың етек алуы

Ізеттілік - кез-келген жағдайда тәртіп ережелеріне ғана сай емес, этика, эстетика талаптарын қанағат ететіндей әрекет ету.

Қарапайымдылық - ізеттілікпен тығыз байланысты құбылыс.

Қарапайым болу - адамның өз әрекеті мен қабілетіне сын көзбен қарауы.

Табиғилық - кез-келген адамның өзіндік бет-бейнесі.

Абырой, ар-намыс - адамның қоғамда өз орнын дұрыс біліп, өзіне-өзі сенуі.

Бес-жеті жас - баланың жеке тұлға болып қалыптасатын, барлық таным үрдістерінің қарқынды дамып, мінез-құлық нормаларын игере бастайтын кезеңі.

АННОТАЦИЯ

Бала тәрбиесінің негізі - отбасы. Отбасы - бұл мәдени, тарихи, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық құбылыс. Бұл шағын әлеуметтік топ - бала үшін өмір мектебі болып табылады. Отбасындағы ата-ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті, өмірге деген көзқарасы отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне, үлгі-өнегесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуі қажет. Мектеп жасына дейінгі төрт-алты жас аралығы - баланың жеке тұлға болып қалыптаса бастайтын, оның барлық таным үрдістерінің қарқынды дамып, мінез-құлық нормаларын игеретін кезең болғандықтан, отбасының жалпы психологиялық және әлеуметтік жағдайы бала тәрбиесіне міндетті түрде өзінің әсерін тигізбей қоймайды. Ал, ата-ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы - олардың қоғам алдында өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттыруы деген сөз. Сондықтан да, балаларды жағымды ортада тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері мен оның қалыптастыру жолдарын нақтылау зерттеуіміздің негізгі мақсаты болып отыр.

Отбасындағы балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда қарым-қатынастың психологиялық-педагогикалық негіздері атты бірініші бөлімде Мектеп жасына дейінгі баланың отбасындағы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда қарым-қатынастың ерекшеліктері мен отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас ерекшеліктері негізінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдары анықталады.

Баладағы сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі атты екінші бөлімде ата-ана мен бала арасындағы карым-қатынас негізінде сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың бағыттары мен мектеп жасына дейінгі баладағы мінез-құлық түрлерін түзетудің әдістері берілген.

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейтестілігі: Бүгінгі таңдағы елдегі экономикалық-әлеуметтік жағдайлардың қиындығы, жұмыссыздық, материалды, рухани қажеттіліктердің тапшылығы, осының бәрі отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп отырғаны бәрімізге белгілі. Бала тәрбиесінің негізі - отбасы. Отбасы - бұл мәдени, тарихи, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық құбылыс. Бұл шағын әлеуметтік топ - бала үшін өмір мектебі болып табылады. Отбасындағы ата-ана - баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті, өмірге деген көзқарасы отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне, үлгі-өнегесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуі қажет. Мектеп жасына дейінгі төрт-алты жас аралығы - баланың жеке тұлға болып қалыптаса бастайтын, оның барлық таным үрдістерінің қарқынды дамып, мінез-құлық нормаларын игеретін кезең болғандықтан, отбасының жалпы психологиялық және әлеуметтік жағдайы бала тәрбиесіне міндетті түрде өзінің әсерін тигізбей қоймайды. Жалпы, отбасы тәрбиесі қоғамдық, әлемдік деңгейде қарастырылып келген және оған «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999), Балабақшадағы 5-7 жастағы балаларды мектепалды даярлау бағдарламасы (1999), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы» (2002), Қазақстан Республикасынын 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» (2004) сияқты құжаттар дәлел бола алады. 2004 жылы ақпан айында Үкіметтен қолдау тапқан Білім тұжырымдамасы үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадам бастап, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту-тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді [1] . Ал, ата-ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы - олардың қоғам алдында өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттыруы деген сөз. Сондықтан да, балаларды жағымды ортада тербиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Мектеп жасына дейінгі тәрбие туралы мәселені ең алғаш қарастырғандардың бірі - чех ғалымы Ян Амос Коменский болды (1592-1670) . Ол туғаннан алты жасқа дейінгі балалар тәрбиесін арнайы қоғамдық мекемелерге емес, отбасына - "аналар мектебіне" жүктеді. Я. А. Коменский аналар мектебінде балалардың дене, адамгершілік, ақыл-ой дамулары жүзеге асады дей келе, сол кездің өзінде баланың сөйлеуінің, тілінің дұрыс шығуы анаға байланысты деп, аналарға үш жастан бастап балаға дауыстарды дұрыс, таза айтуды үйрету керектігін айтты және отбасындағы бұл тәрбие шаралары ойын түрінде жүзеге асырылуы дұрыс деп, - көрсетті [2] .

Қазақ халқының бала тәрбиесіне деген қөзқарасының өзіндік ерекшеліктері қандай болған? Келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен мөн беріп, балаларды ата-баба дәстүрінде тәрбиелеуді мақсат тұтқан қазақ отбасылары баласын мөдениеттілікке, зерделілікке баулып, халқының мәдениеті мен әдет-ғұрпын тәрбиенің бұлжымас құралы ретінде ұстаған. Бұл ретте қазақ ауылындағы отбасы тәрбиесі, мектепке дейінгі тәрбие туралы ең алғаш еңбек жазған Н. Құлжанованы (1887-1939) алуға болады.

Н. Құлжанованың тәлім-тәрбиелік пікірлері медицина ғылымымен сабақтасады. Бұл жәйт автордың « Бала күтімі - баланың өміріне күн сәулесі мен таза ауадай аса қажет», «Баланың аурулары» т. б, еңбектерінен жақсы байқалады. Автор тәрбиені бала жөргегінен бастауды ұсына келіп, өзі түйіндеген тұжырымның негізі етіп: «Тәні саудың - жаны сау» деген халық даналығын алады.

Н. Құлжанова мектепке дейінгі тәрбие мазмұны, мақсатын баяндап, баланың қимыл-қозғалысына, сезім мүшелеріне, сөйлеуін жетілдіру жолдарына тоқталады. Ол сондай-ақ балалардың қарым-қатынас ерекшелігіне де аса көңіл бөледі. «Балаға сусындай керегінің бірі - сөйлеу», баланың сөйлеуге, білуғе құмарлығын құптап «мазамды алма!» - деп оның бетін қайтару дұрыс емес екендігін айта келіп, автор баланың ойлауының - оның танып-білу құмарлығымен ұштасып жатқандығын ескертеді [3] .

Қай қоғамда болса да тәрбие мәселесі ең басты міндеттердің бірі ретінде қарастырылып келген. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу - жалпыға бірдей білім берудің бір белгісі ретінде қарастырылды.

Кеңес жылдарындағы мектепке дейінгі педагогика мәселесі Е. А. Аркин [4], А. П. Усова [5], Е. И. Тихеева [6] т. б. ғалымдардың зерттеулерінІң нәтижесінде қордаланды.

Республика көлемінде мектепке дейінгі тәрбие жұмысын үйымдастыру мәселесіне А. К. Меңжанова [7], М. С. Сәтімбекова, Ф. Н. Жұмабекова [8], Д. Р. Муталиева [9] т. б., ал балалардың даму ерекшеліктеріне Қ. Т. Шериазданова [10], Г. М. Қасымова [11], Ү. И. Ауталипова [12] т. б. ғылыми жұмыстары арналды. Мәселен, педагогтар А. К. Меңжанова мектеп жасына дейінгі баланың адамгершілік тәрбиесін, Ә. С. Әмірова көркем әдебиет арқылы адамгершілікке тәрбиелеу, Ф. Жұмабекова бейнелеу өнері және эстетикалық тәрбие беру, М. С. Сәтімбекова балалардың математикалық білімдерін дамыту тұрғысында, Д. Р. Муталиева мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының ықпалын қарастырса, психологтар Қ. Т. Шериазданова қарым-қатынас мәселелерін, Г. М. Қасымова мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда дамытушы ойындар рөлін қарастырған.

Аталған еңбектерді зерттеуде, қазіргі кезде қазақ отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты, оның өзіндік ерекшеліктерін қарастырған еңбектің жоқтың қасы екені анықталды.

Сонымен, қазақ отбасында және ұлттық балабақшаларда қарым-қатынас негізінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оны тәрбие үрдісіне ендіру деңгейінің төмендігі мен балалардың сөйлеу мәдениетін бүгінгі өмір талабына сай, ұлттық сипатта қалыптастыруды жүзеге асыру қажеттілігі мен оны ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік бағыттарының жеткіліксіздігі аралығында қарама-қайшылықтар туып отырғаны анықталды. Біз төрт-алты жас аралығындағы баланың сөйлеу мәдениеті, айналасындағы үлкендер, құрбыларымен жасаған қарым-қатынас ерекшеліктерін қарастыру барысында, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Қазақ отбасында мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері" деп нақтыладық.

Зерттеу нысаны: 5-7 жас аралығындағы балалар мен ата-аналардың отбасындағы тілдік қарым-қатынас әрекеті.

Зерттеу пәні: мектеп жасына дейінғі балаларда сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үдерісі.

Зерттеудің мақсаты : мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу мәдениетінің теориялық негіздері мен оның қалыптастыру жолдарын нақтылау.

Зерттеу міндеттері :

  1. Мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мәдениеті мәселесінің психологиялық-педагогикалық негіздерін нақтылау;
  2. Отбасылық қарам-қатынаста сөйлеу мәдениеті ерекшеліктерін анықтау арқылы, оларды қалыптастыру жолдарын көрсету;
  3. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың кұрылымдық үлгісін жасау;
  4. Қосымша бағдарлама түрінде отбасындағы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға арналған әдістемелік жұмыстар жүргізу.

Жетекші идея : Қазіргі өзгермелі нарықтық экономика жағдайында отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмысын жақсарту негізінде мектеп жасына дейінгі төрт-алты жас аралығындағы балада сөйлеу мәдениетінің басты белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік мол.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері меи деректі көздері: жеке тұлға дамуындағы іс-әрекет және өзара қарым-қатынас теориялары, этномәдениет жөне оның оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие жұмысындағы рөлі жайлы ілімдері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен құжаттары (Конституция, білім беруге арналған тұжырымдамалар мен бағдармалар, «Балалардың құқығы туралы Конвенция» т. б. ) .

Зерттеу әдістері: философиялық, әлеуметтік, тіл білімі, мәдени, психологиялық, педагогикалық әдебиеттердің теориялық талдауы, бақылау, әңгімелесу, сұрақ-сауалнамалар, эксперимент әдістері. Зерттеу жұмысында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылған ойын-жаттығулар, ата-аналарға арналған семинарлар арқылы қалыптастыру көрсетіледі.

Зерттеудің гылыми жаңалығы:

  1. «Қарым-қатынас мәдениеті», «жеке тұлғаның сөйлеу мәдениеті» ұғымдарының мәні талданып, олардың құрылымы мен қызметтері нақтыланды.
  2. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың ғылыми тұрғыда ұйымдастырылған, жүйеленген жаңа жолдары ұсынылды.
  3. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың кұрылымдық үлгісі жасалынды.
  4. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі дайындалды.

Диссертаңия көлемі мен құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Отбасындағы балалардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда қарым-қатынастың психологиялық-педагогикалық негіздері атты бірініші бөлімде Мектеп жасына дейінгі баланың отбасындағы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда қарым-қатынастың ерекшеліктері мен отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас ерекшеліктері негізінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдары анықталады.

Баладағы сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі атты екінші бөлімде ата-ана мен бала арасындағы карым-қатынас негізінде сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың бағыттары мен мектеп жасына дейінгі баладағы мінез-құлық түрлерін түзетудің әдістері берілген.

1 ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектеп жасына дейінгі баланың отбасындағы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда қарым-қатынастың ерекшеліктері

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеніне байланысты Елбасының «2030 жылғы жолдауындағы» [13], мақсаттар мен мұраттар мүлтіксіз жүзеге асырылса, ұрпақ тәрбиесіндегі істерде де үлкен бетбұрыстар болары сөзсіз. Ұрпақ қамы ертеңгі ел қамы. XXI ғасырда өмір сүріп еңбек ететін жастарды тәрбиелеуде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтап уақыт талабынан өткен бай қазынасьш отбасы тәрбиесінде қолдану - кезек күттірмейтін мәселе екені даусыз.

Отбасындағы бала тәрбиесі жөнінде ХҮІІ-ХУПІ ғасырларда өмір сүрген батыстың, орыстың педагог ғалымдары жақсы ой-пікірлер айтқан болатын. Мысалы Я. А. Коменский «Ағайынды чехтарды» тәрбиелеудегі халықтық дәстүрдің жақсы нөтижелеріне сүйене отырып, баланы жастайынан жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп берді.

Ал Швейцарияның кемеңгер педагогы И. Г. Песталоцци тәрбиені ана тілінде оқытатын халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып жүргізуді мақұлдады. Ол адамның ақыл-ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты деп ерекше атап көрсетті [14] . И. Г. Песталоцци: «Бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі отбасында басталып, мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт» - деген қағиданы ұсынды.

Француздың ұлы ағартушысы Ж. Ж. Руссо бала тәрбиесінің көзі еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты жетілғен азамат етіп тәрбиелеуді отбасында еңбекке үйретуден бастау керек деп қарады.

Әйгілі орыс педагогы К. Д. Ушинский бала тәрбиесіне тоқтала келе, мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінін негізгі ортасы - отбасы. Бала отбасында қарапайым білім, іскерлік, дағдыларды меңгеріп, ата-анасынан тәртіп, мінез-құлық ережелерін үйренеді деп көрсетті [14] .

Сонымеи бірғе, қазақ халқында отбасы тәрбиесіне, ұрпағының жан-жақты болып өсуіне айрықша мен берілген. Баланы қайратты, қайырымды, ақылды, өнерлі, әділ адам етіп төрбиелеу - әр уақытта қазақ отбасындағы басты мәселенің бірі болған.

Қазақ отбасындағы ата-ана мен баланың кісілік қарым-қатынасы, эмоцияналды сезімдері - олардың жаны мен қанының табиғи бірлігі негізіндегі жақындық аркылы орындалған.

Қазіргі уақытта баланы заман талабына сай жеке тұлға етіп қалыптасыру қазақ отбасындағы барлық ата-аналар үшін көптеген қиындықтар туғызуда. Бұрын бәрімізге белгілі халқымыздың аса күшті қасиеті балажандылығы деп саналған. Тіпті қазақ әйелі әулиеге түнеп перзенті үшін өмір сүретін. Ал, қазір қазақ әйелдері арасында балаға деген сүйіспеншілік күрт бәсендеп кеткен сияқты. Отандық ғалым Қ. Жарықбаев өзінің «Ұлттық психологияны оқыту - ұлтшылдық емес» - атты мақаласында Қазақстандағы тастанды балалардың 90% қазақ балалары екенін айтады (2000) [15] . Осылардың бірден-бір себебін қазіргі шаңырақ көтерген жастардың бала тәрбиесіне тольтқ даяр еместігі немесе ата-ананың тәрбиедегі «қараңғылығы» салдарымен түсіндіруге болатын шығар.

Өмірге келген нәрестеге ананың адал махаббаты мен кіршіксіз көңілі таза ауадай қажет. Себебі, сәби өмірге мүлде дәрменсіз күйде келеді. Нәрестенің өмірге келіп, кіндігінің кесіліп, жөргекке оралуынан бастап дені сау, ақылды да тәлімді бала етіп өсіру мақсатындағы ата-ананың өмірінде таусылып бітпейтін қарбаласы басталады. Жеке тұлға өсіп жетілуіне ықпал ететін отбасының төрбиесіне психологиялық, педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлініп, «отбасы» ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Мәселен: Р. Н. Нұрғалиевтің 1996 жылы жарық кәрген философиялық сөздігінде: «Отбасы - әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туысқандық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналары мен балаларының, аға-інілері мен апа-қарындастарының бірге тұрып, ортақ шаруашылық жүргізуі, туысқандарының арасындағы сан алуан қарым-қатынастарға негізделген жанұя тұрмысы» деп айтылса [16], Ж. Қоянбаевтың педагогикалық еңбегінде: «Отбасы - ол бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас туыстар (әке, ана, бала. ., ) тобы» деп анықтама берілген [17] .

А. Я. Варга: «Отбасы - ортақ шаруашылығы, мекені бар және өзара бірлескен қарым-қатынастағы адамдар тобы, ол үнемі қоршаған ортамен бірлікте болатын ашық жүйе» - деп көрсетеді.

Соңғы кездері орысша «семья» ұғымының қазақша аудармасы «отбасы», «жанұя», «үйелмен» деп қалдырып жүргенін кездестіруге болады. Терминологиялық сөздікте «семья» ұғымы «отбасы» деп аударылған [18] . 1996 жыльт ресми түрде «семья» ұғымы отбасы деп қабылданды. Осы деректерге сүйеніп, біз, өз зерттеу жұмысымызда «семья» ұғымын «отбасы» деп алуды жөн көрдік.

Соңғы жылдары адамның жан дүниесімен сырласып, оның мінез-құлқын, тәртібін зерттеуде психолог-педагог мамандар адамдар арасындағы қарым-қатынасқа айрықша ыазар салып отыр. Осы бағыттағы құнды зерттеудің негІзін, әсіресе мектепке дейінгі кезеңде М. И. Лисина, Қ. Т. Шериазданова сынды ғалымдар салды [10, 19] . Олар психологияда мектеп жасына дейінгі баланың ересектермен қарым-қатынасын зерттеуде жаңа жол ашты. М. И. Лисина зерттеулеріндегі негізгі әдістердің бірі -отбасында тәрбиеленуші және түрлі типтегі балалар мекемелеріндегі отбасынан тыс тәрбиеленіп жатқан балаларды салыстыра отырып зерттеу. Балалар үйінде тәрбиеленушілер өмір сүруге қажетті барлық қажеттіліктермен (қалыпты тамақтану, киім, ойыншық, дәрігерлік бақылау, білім т. б. ) қамтамасыз етілгенімен, дара бағыттағы үлкендердің эмоционалды-жағымды қарым-қатынасының тапшылығы олардың жан-жақты дамуын баяулатады. М. И. Лисина, Қ. Т. Шериазданова еңбектері көрсеткендей, мұндай қарым-қатынастың "қосылуы" баланың дамуының түрлі аспектілеріне: олардың танымдық белсенділіктеріне, тілінің дамуына, заттық өрекет игеруіне игі әсерін тигізеді.

Қарым-қатынасқа қажеттілік жеке тұлғаның әлеуметтік қажеттіліктерінің ішінде жетекші іс-әрекеттІк қасиетке ие. Көптеген ғалымдардың пікірінше (А. В. Запорожец, А. А. Леонтьев, М. И. Лисина, Я. В. Ярмоленко, Қ. Т. Шериазданова), қарым-қатынасқа қажеттілік, адамның басқа ниеттерімен қауышпайтын, ерекше, өзіндік іс-әрекеті болып табылады. Зерттеушілердің (М. Ю. Кистяковская, М. И. Лисина) бақылауларынан, қарым-қатынасқа қажеттілік, баланың өмір сүру барысында, нақты қарым-қатынас үстінде қалыптасатын іс-әрекеті екенін көреміз [20, 21] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
Отбасы тәрбиесі жағдайында қарым - қатынас мәдениетін қалыптастыру процесі
Отбасының мәдениетін ұйымдастырушы
Оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы мектеп пен отбасының бірлігі
Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың пеагогикалық негізін анықтап, қазіргі жоғары мектеп оқу-тәрбие процесінде пайдалану жөнінде әдістемелік ұсыныстар жасау
Қарым-қатынас мәдениеті
Жоғары оқу орнындағы студенттердің қарым – қатынас мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Баладағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың психологиялық негіздері
Ұлы ғұламалар мұраларындағы «Кемел адам» идеясын бүгінгі бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz