ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘЛІМ –ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ОТБАСЫНДАҒЫ ТӘЛІМ –ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ

Ханафия Мадина

Павлодар қаласының №35 мектебінің педагог-психолог

Отбасындағы тәлім – тәрбиенің мақсаты баланың жасын, жеке ерекшелігін,
психикалық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу.
Атанған нысанға жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді.
Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау,
нығайту, бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптастыру.
Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті өміріне
мәнді үйымдастыру, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын
арттыру, өзіне - өзі қызмет ету дағдыларын үйрету.
Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым – қатынасын, тіл табысып
түсінуін, бірін – бірі тыңдап, ата – ананы, туған туыстарын, жасы
үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету. Оқытудың, білім алудың, мәдени
мінез – құлықтың әдет – дағдыларын қалыптастыру. Отбасындағы баланың
икемділігі мен қабілетін байқап, кәсіптік жағынан бағдарлау. Баланың
ақылына, күшіне біліміне сай берілген тапсырманы талапты орындауға дайын
болуға үйрету. Бақылау, тексеру, бағалау.
Тәртіптілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, ойшылдыққа, сергектікке,
естілікке, т.б. баулу.
Өзін – өзі тәрбиелеуге, дербестікке, шығармашылыққа баулу. Осылардың
бәрін халықтық педагогика негізіне сүйене жүргізіледі. Бұл сияқты жауапты
мақсат, міндеттерді орындау үшін бала дүниеге келгеннен бастап отбасында,
одан кейін қоғамдық тәрбие орындарында, мектептерде тәлім – тәрбие беріліп,
ғылым – білімге үйретіледі. Осылайша бала тәрбиесі үзіліссіз, жүйелі
жұргізілумен шешіледі.
Отбасында баланы халықтық педагогика негізінде баулу үшін тәрбие
мазмұнын қайта құру, демократияландыру, ізгілендіру, ғылым жетістіктерін
пайдалану, ата-анаға педагогикалық, психологиялық білім беру мамандары
аспалы даярлауды, қайта даярлауды, іске асыру қажет. “Қазақ халқының
ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесіне мұра болып келе жатқан ұлттық дәстүріне,
тұрмыс – салтына, әдет – ғұрпына, жөн – жоралғасына, әдебиетіне, өнеріне
лайықтап қайта құру”, қайта құрылған білім – тәрбие негізінде балаларды ана
тілінде сөйлеуге үйретіп, ойлау, қабылдау, сезу процестерін дамыту
керектігі атап көрсетілген. (2,84бет)
Жас ұрпақты осы тұрғыдан тәрбиелеуде отбасы маңызды орын алады. Отбасы
– адамзат бесігін тербеткен ұя болса, “Баланың бас ұстазы ата – ана”.
Бұлар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен сырын, дүние
жүмбақтарын танытып, тағлым – тағлымға, әдептілікке баулиды. Себебі отбасы
– таным бесігі, отбасы өркениет ошағы, отбасы – үлгі өнеге бастауы. Ата-ана
күнделікті өмір тіршілігінде еңбегі, адамдық бейнелері, жақсы мінез –
құлқы, дұрыс қарым – қатынасы арқылы балаға үлгі. “Балапан ұяда не көрсе,
ұшқанда соны іледі”, “Әкеден ақыл, анадан мейрім” алады. Отбасына “Әке-
асқар тау, ана бауырындағы – бұлақ, бала –жағасындағы құрақ” болып
есептеледі, ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтан да баласының
әдепті, арлы азамат болып қалыптасуын армандайды. “Атадан жақсы ұл туса,
елінің қамын жейді, атадан жаман ұл туса, елінің малын жейді”. Бірлігі мен
тыныштығын, қамқорлыққа, мейрімділікке, сүйіспеншілікке негіздеп құрып,
сақтап, жанұя мүшелерінің көтерінкі көңіл – күйде болуын қамтамасыз етіп
отыру керек. Осылайша, жанұя мүшелерінің бір-біріне деген сенімі,
сүйіспеншілігі, достық қатынастары нығая түседі, “Жанұяға қарап бала өседі,
қарағайға қарап тал өседі”, - деп тегін айтылмаған.
Ата – ана баланың күнделікті еңбегін дұрыс ұйымдастырып, көмектесіп,
кездескен қиыншылықтарды жеңуге қол ұшын беріп отыру арқылы еңбек
дағдысының беки түсуіне ықпал етеді, ұқыптылыққа, жауапкершілікке,
ойшылдыққа үйренеді. Олар баланың өзін-өзі тәрбиеленуіне басшылық етіп,
айналасындағы адамдардың жағдайымен, талап – тілегімен санасуға үйретеді,
отбасында баламен жеке – дара тәрбие жұмыстарын ( әңгіме, үгіт – насихат,
түсіндіру, т.б.) (1,57бет)
Ата – ана баланың материалдық және рухани қажеттерін қанағаттандырып,
талап – тілегімен, пікірімен санасып отырыса, олардың арасындағы қарым –
қатынас сыйластыққа, сенімге негізделеді де әке – шешесін жақсы көру,
құрметтеу сезімін дамыта түседі. “Бақыттың басы баладан” сияқты аталы
сөздер қыз бен ұл тәрбиесінің қаншалықты жауапты екенін байқатады. Атап
айтсақ: адамдар арасындағы дұрыс қарым – қатынасы, екі жақсы сыйластық,
үлкенге құрмет, кішіге ізет, дарқан қонақжайлық, көлкөсір мейірман достық,
жомарттық, кеңпейілдік, адамдарға ілтипат, ізет көрсету, сөз өнерін
құрметтеу, табиғатты қастерлеуге баулыған.
Сонымен отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие өзара тығыз бірлікте,
халықтық педагогикадан бастау алып ғылымда дәлелденген нәтежелерге сүйеніш,
тәрбие әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізгі
қаланбақ.
Әрбір дәуір кезінде ата – аналар балаға тәлім – тәрбие берумен бірге
олардың бойында ақыл – қайрат, білім – тағлым алу қасиеттерін дамытуға
үнемі көңіл аударып жете мән беріп отырған. Еліміз егемендігін алып,
дүниежүзілік өркениетке ұмтылу барысында, өскелең ұрпаққа тәлім – тәрбие
беру халықтың жарқын болашағын меңзейді.
Халықта “Тәрбие табалдырықтан басталады” деген нақыл сөз бар. Әр
отбасындағы ата – аналардың алдында тұрған басты міндет өзінің ісін өмірін
жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелуде дей отырып, “адам
ұрпағымен мың жасайды” – деген тұжырымды үлгі тұту. Ұзақ жылдар бойы ата –
баба жалын халықтың мұра мақал – мәтелдер, шешендік сөз бен жыр маржанын “
ескіліктің қалдығы”, “өзімнен кейін дүниені топан су қаптасада” демей,
өскелең ұрпақтың тәлім – тәрбиесіне баса назар аудару ата – ананың борышы.
Онсыз елде болашақ жоқ. Орта ғасырдағы шығыстың әйгілі ойшылы, ұлы ғалым Әл-
Фарабидің күрделі еңбектерінде тікелей орын алған мәселелерінің бірі,
адамның ой – сезімін, мінез – құлқын тәрбиелеу, жетілдіру арқылы оны бақыт
жолына салуды көрсету болған. Бала тәрбиесі ең алдымен отбасындағы ата –
анасының ықпалымен жүзеге асып, қоғамдық тәрбиемен ұштасып жатады. Қазақтың
мақал сөздері өмірден келтірілген: “сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді”.
Ана тілінде, ана сүтіне уызынан жарытып Абайдың туған анасы Ұлжанның
бауырына басып, адамдықтың алғашқы әліппесін үйреткен әжесі Зеренің тілінде
“Әлди, әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат бөпем” – дегеннің өзі санасына
сыйымды емес пе. Бесік жырында жас нәрестені әлпештеген анасы оны әлемдегі
ең асылы нәрсеге теңейді, оның жүрегін жарып шыққан мұң мен сыр: қуанышы
мен ренішіне, жұмсақ үн мен жыры, атты леп пен ойлы сөз бала санасына
шымшымдап сіңе береді. Сонымен, қатар тек қана сүйіспеншілігі мен жалынды
махаббатын білдіріп қана қоймай ұрпағына артатын үмітін, сенімін жырлайды.
Өз халқына, отанына қызмет ете отырып қамын ойлауға тәрбиелейді. Халықта
“бесік жырын естімегеннен не адамшылық күтесің”. “Бесіксіз үйде береке жоқ”
дейтін содан болар. “Ата көрген – оқ жанар, ана көрген – тон
пішер”.(1,69бет)
Тарихи даму процесінде ұрпақтар жалғастығының ұлы істерін үлгі –
өнеге тұтып қала бермек. Ал бұл мәселе Қазақстан елінің бүгінгі өтпелі
дәуірі үшін айырықша қажетті фактор. Бабалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы тәрбиесі – халық педагогикасының негізі
Көпбалалы отбасында қазақ этнопедагогикасы негізінде ұлттық қасиеттерді қалыптастыру
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдардың тәрбие жағдайындағы интеграциясы
Бастауыш мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар (отбасы тәрбиесі)
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің әдістері
Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны
Отбасы - тәрбие ұжымы
Пәндер