Ел басымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Қазақстан халқына Жолдауы



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   
ЖУМАДУЛЛАЕВА АЙГ‡Л АЯЗБАЙЌЫЗЫ

ЖОЃАРЫ СЫНЫП ОЌУШЫЛАРЫН
ОТБАСЫ-НЕКЕЛІК ¤МІРГЕ ДАЯРЛАУДЫЊ ПЕДАГОГИКАЛЫЌ НЕГІЗДЕРІ

Алматы, 2007

ӘОЖ 373.1-053.6 (574)

ЌАЯсауи атындаѓы Халыќаралыќ ќазаќ-т‰рік университеті

Тарих-педагогика факультетініњ оќу-єдістемелік кењесі ±сынѓан.

Пікір беруші: п.ѓ.к., профессор С.Б.Бабаев

Жумадуллаева А.А.
Жоѓары сынып оќушыларын отбасылыќ µмірге даярлаудыњ педагогикалыќ
негіздері. – Алматы, 2007. –109 бет.

Б±л ењбекте жоѓары сынып оќушыларын отбасы-некелік µмірге даярлаудыњ
педагогикалыќ негіздері ж‰йеленген. Ќоѓамынњ даму тарихында отбасы мен неке
туралы тарихи-педагогикалыќ идеялар ќарастырылѓан. Жастарды отбасы-некелік
µмірге даярлаудыњ негізгі мазм±ны, ‰лгісі мен технологиясы жєне отбасылыќ
µмірге даярлаудыњ жолдары кµрсетіліп, Отбасы-некелік µмірге дайындыќ атты
арнайы курстыњ жоспары мен баѓдарламасы берілген.
Жоѓары сынып оќушыларын отбасы-некелік µмірге даярлаудыњ
педагогикалыќ негіздері атты оќу-єдістемелік ќ±рал мектеп психологтарына,
сынып жетекшілеріне, педагог-психолог мамандыѓында оќитын магистранттар мен
студенттерге жєне ата-аналарѓа арналѓан.

45 жыл отандасып, он бала
µсіріп тєрбиелеген, отбасы-некелік
µмірдіњ ‰лгісін кµрсете блген ата-
анамныњ рухтарына баѓышталады

КІРІСПЕ

Ел басымыз Н.Назарбаевтың “Қазақстан - 2030” Қазақстан халқына
Жолдауында: “Біз жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және
балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы
институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар
проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе,
жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы
жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар
өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда
құрметке ие болғанда – еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар
Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау
қажет. Жұртшылық мұнда дұрыс шешімді көрсетіп, ол отбасы туралы заңда
бейнеленуге тиіс.
Салауатты тұрмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгі көрсетіп отырған
ата-аналарды айрықша атап көрсету қажет.
Елімізде жыл сайын 200 мың аборт жасалады. Қоғамда абортқа тыйым салу
керек пе, жоқ па деген мәселе пікірталасына түсуі керек. Мұндай өте нәзік
мәселеде де, басқа мәселелерде де мен көпшілікті қолдаймын. Қандай жағдайда
да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың
өркениетті жолына түсуіміз керек.
Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек
ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз.” – деп
атап көрсетті.
Осыған байланысты Қазақстан қазір қоғамдық өмірдің барлық саласында
батыл өзгерістерді бастан кешіріп отыр. Сондықтан да стратегиялық бағыттын,
қоғамымыздың негізгі даму бағытын анықтау; қоғамымызды, ұлттық
ерекшелігімізді жоғалтпай, әлемдік қауымдастықпен бірігуге мүмкіндік
беретін приоритет жүйесін құру өте маңызды.
Біздің қоғамымыздың маңызды проблемаларының бірі – отбасы
тұрақтылығын, отбасылық қатынасты нығайту, отбасы-некелік өмірге жастарды
даярлауды жетілдіру. Некеге және отбасына қатысты рухани өмірдің жұтаңдығы,
халықтық дәстүрді естен шығару осал некенің пайда болуына әкеліп соғады.
Ажырасу статистикасы Республикамызда әрбір үшінші неке бұзылатынын көрсетіп
отыр. Ажырасудың басым көпшілігі мүлдем жас некелер, жаңадан қосылған
отбасылар құрайды. Тарихымызға көз салсақ, ежелгі қазақ елінде отбасылардың
ажырасуы өте сирек болған. Мұның себебі бұрын халық некеге орнықты,
мәңгілік институт ретінде қарады. Мұндай жағдай жұбайлардың төзімділігін,
бірін-бірі сынап-мінеудің аз болуын және де тұтастай отбасының
тұрақтылығының жоғары көрсеткішін құрады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда құндылықтарға қайта бағыт алу үрдісі
байқалуда, бірақ отбасы қоғамның терең дағдарысының тәлкегіне тасталған.
Әйтсе де Қазақстанда қазір білімнің қажеттілігі айқын көрінсе де,
сұхбаттасқан адамдардың басым көпшілігі білім алуды артық көреді, ал біраз
бөлігі келешектің қамын жемей, қазір “ақша жасауды” ұнатады.
Қазақстандық білім беру жүйесі соңғы жылдары өзінің көп саласында
іргелілеушілік байқатты, бірақ мемлекет тарапынан мардымсыз қаржыландырудан
бұл ілгерілеуді дамыту айтарлықтай қиындыққа соқтыруда.
Білім жүйесі қоғамдық өмірдің барлық саласына, сондай-ақ отбасына да
тигізетін әсері мол. Мысалы, жұбайлардың білім дәрежесі көп жағдайда
отбасының орнықтылығына әсер етеді. Көбінесе отбасы-некелік қарым-
қатынастың нұсқаулары білім деңгейіне байланысты болады. Мысалыға,
студенттердің отбасы өмірінің құндылықтары ішінде отбасының психологиялық
және репродуктивтік қызметтері жетекші орын алады. Жұбайлар қарым-
қатынасының басты факторлары ретінде жұбайлардың өзара түсінігінің,
ұстанымының, құндылықтарының және мінез-құлық ережесінің ортақтығын бөліп
көрсетеді. Бұдан басқа білім жүйесі жалпы білім беретін мектеп деңгейінде
белгілі пәндерді ұйымдастырып, отбасы және некені қажетті мақсат етуге
көмектесуі қажет.
Отбасы – қоғам жұбында ең маңызды орта. Олқылықты әрқашан азшылық,
кішкене топ, жеке адам істейді. Тарихтың шұғыл ұлы өзгерістерінде жеке адам
белсенділігінің рөлі артатыны кездейсоқ емес. Бұл жағдайда жастардың сана
деңгейімен, неке және отбасы өміріне дайындық дәрежесімен байланыстырылған
субъективтік фактордың отбасы орнықтылығына әсері туралы сөз болып отыр.
Осыдан да мектептің, білім беру жүйесінің атқаратын рөлдерін бүтіндей қайта
бағалау өте қиын. Қазіргі уақытта мектеп бірінші кезекте баланың парасатты
өсуіне бағыт алып, жеке бастың мүшелік, әсемдік, өнегелі дамуына көңіл
бөліп, бірақ оқушыларды отбасы өміріне даярлау аспектісін ұмыт қалдыруда.
Отбасы-некелік қарым-қатынастың мәдениетіне тәрбиелеу көп
факторлардың әсерімен болады. Қазіргі ғылымның міндеті тек олардың әсерінің
сырын ашып қана қоймай, оларды ғылыми басқарудың жолдары мен әдістерін табу
болып табылады.
Бұл проблемалар, қандай білім болса, сондай отбасы болады дегендей,
отбасы проблемасы көп зерттеушілердің нысаны болды.
Педагогтар, философтар, тарихшылар, демографтар, әлеуметтанушылар,
психологтар және басқа мамандар зерттеулерінде олар өз аспектілері
тұрғысынан қарайды, бірақ педагогикада “оқу”, “тәрбие” ұғымдары әрқашанды
өзекті проблема болып қалады. Білім жүйесі іс жүзінде отбасы проблемасына
бармайды, ал отбасы қажетті шамада білім жүйесімен жалғаспайды. Нәтижесінде
бейтарап алаң пайда болады, дәл осындай алаңда жеке бастың әлеуметтану
проблемасының бірі, атап айтқанда, білімнің әлеуметтік қызметі ретінде
жастарды отбасы өміріне даярлау болып табылады. Мұның бәрі диссертация
тақырыбын таңдауға және оның талдауына пәнаралық зерттеу тұрғысынан келуге
себепші болды.
Отбасылық тәрбиенің жалпы теориялық, педагогикалық, психологиялық
негізін жасауда көп үлес қосқандар: А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин,
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, К.Д.Ушинский,
А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский.
Бізге маңызды қызығушылық көрсеткен этнопедагогтар: Қ.Б.Жарықбаев,
С.А.Ұзақбаева, С.Қалиев, К.Қожахметова, Қ.Бөлеев, І.Халитова,
Ж.Наурызбаев, А.Табылдиев, С.Ғаббасов және т.б. еңбектері, халықтық
педагогиканың жан-жақты мәселелерін зерттеген, педагогиканың этнографиямен
және социологиямен ынтымақтастығының кеңеюіне үлкен еңбек сіңірген.
Жоғарғы сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлауда қазақ
халқының отбасылық ерекшеліктері бізге маңызды теориялық, этнографиялық,
этносоциологиялық зерттеулер материалдар болып табылады. Қазақ отбасы
туралы бұл материалдар Х.А.Арғынбаев, А.Т.Төлеубаев, Д.Х.Кармышев,
И.Сабитов еңбектерінде қарастырылған.
Отбасылық өмірдің ерекшеліктері, некелік қатынастардың сырлары туралы
білімдер мен көзқарастар Г.Исаева, Б.Қожабекова, А.Жүнісов, Ж.Байжанова,
И.Қарақұлов, Г.Мейірханова еңбектерінде ерекше аталып көрсетілген.
Отбасына байланысты ресейлік және шет елдік ғылымда қойылған негізгі
проблемаларды талдаудың белгілі тәжірибесі бар. Отбасы институты мен неке
проблемалары М.С.Мацковский, А.Г.Харчев, В.А.Сысенко және басқа ресейлік
ғалымдардың еңбектерінде қаралған. Шет елдік мамандардың ішінде Т.Парсонс,
Ф.Мередит, К.Витек және басқалар бар.
Білімнің және жеке қызметтерінің проблемаларын зерттеу саласында
мынадай мамандарды атауға болады: М.Х.Титма, Н.И.Захаров, Ф.Р.Филиппов,
Н.А.Хроменко, В.С.Леднев, В.М.Димов және басқалар.
Білім саласында шет елдік зерттеушілердің арасында: Э.Дюркгейм,
К.Манхейм, Д.Форд, М.Вебер және басқалар бұл мәселеге баса назар аударған.
Жастарды отбасын құруға және болашақ ерлі-зайыптылардың функциясын
орындауға дайындау мақсатына бағытталған тәрбие жұмысын жүргізу керек.
Бұл тұрғыда педагогикада және отбасы әлеуметтануында көп жұмыстар
жасалынды. Болашақ отбасы иесін даярлау проблемасының педагогикалық
аспектілері И.В.Гребенников, Л.М.Панкова, А.Я.Студенте, В.Я.Титаренко,
И.В.Бестужев-Лада және басқалардың еңбектерінде берілді. Бұдан басқа
жыныстық тәрбие проблемалары И.С.Кон, В.Е.Каган еңбектерінде бейнеленген.
Жоғары сынып оқущыларын отбасылық өмірге даярлауда халықтық салт-
дәстүрді пайдаланудың маңыздылығы Ж.Сакенов еңбегінде ерекше көрсетілген.
Отбасылық өмірге бозбалалар мен қыздарды дайындау жолдарын
В.Е.Зарайченко, А.Г.Хрипкова өз еңбектерінде қарастырды. Жастардың некеге
дайындығының кемшіліктеріне талдау жасау негізінде зерттеушілер отбасылық
өмірге жігіттер мен қыздарды дайындауда тәрбие жұмысын жүргізуді
жетілдірудің кейбір жолдарын анықтады.
Р.А.Иремашвили, В.А.Кишкурко, И.А.Эльшанская зерттеулерінде бозбалалар
мен қыздарды отбасылық өмірге дайындау проблемаларының біршама аспектілерін
қарастырды. Қоғамның некеге тұрушы жастарға қоятын талаптары анықталды,
олардың отбасылық өмірге дайындығының деңгейін бағалау критериі
айқындалған, осы маңызды бағыт бойынша мектеп жұмысының кемшіліктеріне
талдау жасалған.
М.И.Мирошниченко, И.К.Парфенова, Э.М.Черепова зерттеулерінде АҚШ,
КСРО, Германия, Англия мектептерінде оқушыларды отбасылық өмірге дайындау
ерекшеліктері салыстырылған. Батыс елдерінде өскелең ұрпақты отбасылық
өмірге дайындауда дербес курсқа еркіндік берілген.
Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлаудың мәселесі
бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарын талдау, оқушыларды отбасы-некелік
өмірге даярлау мәселесінің әлі де ғылыми зерттеулерде өз дәрежесінде
көрініс таппағандығы көрінеді. Демек оқушыларды отбасы-некелік өмірге
жүйелі түрде даярлау арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Сондықтан, бүгінгі
таңда, еліміздің жас ұрпағын мектеп қабырғасында отбасылық өмірге
дайындаудың қажеттігі мен бұл мәселенің тәрбие теориясы мен практикасында
нақты тиімділігін таппағандығы арасындағы қайшылық орын алып тұрғандығымен
ерекшеленеді.
“Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлаудың ғылыми-
теориялыќ негіздері” атты бірінші тарауда жоғары сынып оқушыларын отбасы-
некелік өмірге даярлау педагогикалық проблема ретінде қаралады. Жоғары
сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлаудың әлеуметтік негіздері
талданады. Отбасының әлеуметтік, педагогикалық қызметі жіктеледі.
Оқушыларды отбасы-некелік өмірге даярлаудың моделі беріледі.
“Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге дайындауды тәжірибелік-
эксперименттік зерттеу” атты екінші тарауда жоғары сынып оқушыларды отбасы-
некелік өмірге даярлаудың үлгілерін зерттеу; оқушылардың отбасының
әлеуметтік қызметі туралы түсініктерін қалыптастыру жолдарын іздеудестіру;
жоғары сынып оқушылардың отбасы-некелік өмірге даярлаудың тиімділігін
арттыру шарттарын анықтау; жоғары сынып оқушыларды отбасы-некелік өмірге
дайындық мазмұнын жетілдірудің жолдарын зерттеу мәәселелері айқындалады.
Жоғары сынып оқушыларды отбасы-некелік өмірге даярлаудың тиімділігін
арттырудағы педагогикалық-эксперименттік зерттеулер нәтижелері
қорытындыланады.
Қорытындыда жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлаудың
нәтижелері, негізгі міндеттері белгіленіп, оны іс жүзіне асыруға қажетті
педагогикалық ұсыныстар аталып көрсетіледі.

1-тарау. Жоѓары сынып оќушыларын отбасы-некелік µмірге даярлаудыњ ѓылыми-
теориялыќ негіздері

1.1. Ќоѓамныњ даму тарихындаѓы отбасы мен неке туралы
тарихи-педагогикалық идеялар

Білім беру жүйесі қызметінің бірі ретінде жастарды отбасы-некелік
өмірге даярлауды зерттеу үшін отбасы проблемаларын, оның пайда болуын,
эволюциясын білу қажет. Қазақстанның бүгінгі өзгермелі, даму үстіндегі
әлеуметтік жағдайында отбасының даму үрдісін бақылап отыру және жас ұрпақты
отбасы-некелік өмірге даярлауда осы үрдісті ескере отырып жүзеге асыру үшін
бұл өте маңызды. Отбасының не екенін, отбасының қандай түрлері барлығын,
отбасының қандай әлеуметтік қызмет атқаратынын, ол қызмет тарихи процесте
қалай өзгеріп отыратынын және отбасы мәселелерінің даму болашағы қандай
екенін білмей, келешектегі отбасы иесін даярлауға тиімді ықпал етуге
болмайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда құндылықтарға қайта бағыт алу үрдісі
байқалуда, бірақ отбасы қоғамның терең дағдарысының тәлкегіне тасталған.
Әйтсе де Қазақстанда қазір білімнің қажеттілігі айқын көрінсе де,
сұхбаттасқан адамдардың басым көпшілігі білім алуды артық көреді және ал
біраз бөлігі келешектің қамын жемей, қазір “ақша жасауды” ұнатады.
Ел басымыз Н.Назарбаевтың “Қазақстан - 2030” Қазақстан халқына
Жолдауында: “... Салауатты тұрмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгі көрсетіп
отырған ата-аналарды айрықша атап көрсету қажет. Мен компаниялар мен жұмыс
берушілерге осы тұрғыдан көтермелеудің тиісті нысандарын іздестіруді ұсынар
едім.
Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек
ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз.” – деп
атап көрсетті.
Қазақстандық білім беру жүйесі соңғы жылдары өзінің көп саласында
іргелілеушілік байқатты, бірақ мемлекет тарапынан мардымсыз қаржыландырудан
бұл ілгерілеуді дамыту айтарлықтай қиындыққа соқтыруда.
Жалпыға мәлім, қайда білімге қаражат көбірек жаратылса, білімге
байланысты кәсіптердің мәртебесі жоғары және орнықты болса, соғұрлым
ғылымдағы, мәдениеттегі және экономикадағы жағдай тиімді болады. Қазіргі
уақытта қазақстандық білім беру жүйесі терең сипат алған дағдарысты бастан
өткізіп отыр. Солай болғандықтан әлеуметтік институтта уақтылы және әрдайым
мәдени құндылықтарды сақтау және тапсырыс жөніндегі өзінің міндеттерін
тиімді орындауға, жағымды әлеуметтік өзгерістерге мүмкіндік туғызуға сәті
түсе бермейді.
Көп мамандар білімнің қазіргі уақыттағы дағдарысының себебі,
адамзаттың мәдени тәжірибесіндегі білімнің екі түрінің ажыралуында жатыр
деп есептейді. Білім алудың бірінші түрі адам өркениетінің дами бастаған
кезеңіне тән. Білім беру жеке бастың тәжірибесін беру сияқты жеке бастық
сипат алды. Оның қасында “мұғалім” және “ақиқат” сөздері өзінің қасиетті
мағынасына жақындады. Жаңарған уақытта білімнің мазмұны ұтымды бола
бастады: “білім - күш” немесе “білім - билік” деген нақыл сөзді
куәләндыратын білік басқа сапа тауып, өзгеруде.
Белгілі неміс антропологы М.Шелер өзінің “Білік және білім формалары”
деген еңбегінде мынадай ой білдірді: нақты технократтық білік қазіргі білім
жүйесінің іргетасын қалайды, онда мұндай білік приоритеті болады және осы
приоритеттің арқасында білім үйренушіден жатсынады.
Сөйтіп, қазіргі жадайда білім беруді дамытудың жалпы және жеке
мүддені шешудегі бағытын Қазақстанда қайта өзгерту қажет. Білім жүйесінде
жеке бастың үйлесімді дамуына қызмет ететін білік нығаюы керек. Мұнда
біз білімнің отбасы институтына әсері туралы еске алдық, бірақ отбасы да
білімге әсер ететінін айтуымыз керек. Балаларды оқытуды мақсат етіп қою,
бәрінен бұрын отбасында қалыптасатыны ешкімге құпия емес. Бұл көбінесе
қазіргі жалпы білім беретін мектептің жағдайын анықтайды. Жалпы
мемлекеттендіру жағдайында, жеке басты әлеуметтендіруде және Т.Парсонс
ерекше көңіл аударғандай, “протоәлеуметтенуде” отбасы рөлі арта түседі.
Білім беру жүйесі айналысатын жас ұрпақ әлеуметтенуінің әртүрлі
үлгісінің қалыптасуы, дамуы және өшуі үнемі болып тұрады. Кез-келген
қоғамға тән бұл проблемаларға Қазақстанның өзіне тән ерекшеліктері
таңылады. Терең қайта құрулар ескі құндылықтардың қайта оралуына,
патриархалдық отбасының дағдарысы және оның іс жүзінде жайылуына, өмір
бейнесінің мәдениеттік өзгеруіне, оның көптеген элементтерінің бірі болған
мінез-құлық үлгісі мен стилінің өзгеруіне әкеліп соқты.
Білім беру жүйесінің жаңа ережесі әлеуметтенудің басқа, жаңа үлгілері
бар екенін болжайды. Мысалы, Қазақстан халқының мұнан былайғы экономикалық
негізде болып жатқан әлеуметтік және мәдени ерекшелігі қазіргі жалпы білім
беретін мектепті қиын жағдайдан құтқарудың бір жолы болып отыр. Одан басқа
мемлекет пен діни мекемелердің арасындағы қарым-қатынастың өзгерісі жалпы
білім беретін мектеп пен діни мекемелерінің арасындағы қарым-қатынасқа
айқын қарауды талап етеді.
И.В.Бестужев-Лада қазіргі кездегі білім беру жүйесінің жаңаруын
мынадан көреді: біріншіден, қазіргі білім беру жүйесінің көп көңіл бөлінбей
отырған бөлімі – мектепке дейінгі мекемені қазіргі талаптарға сай келетін
мекемеге айналдыру; екіншіден, бәріне біркелкі “жалпыға бірдей білім беру”
ұстанымынан жеке бастың қабілеттілігі және қоғамдық қажеттілік бойынша
білім беруге көшу; үшіншіден, балаларды тиімді өзгерістік бағыттау,
төртіншіден, жастардың жалпы және кәсіптік білім алуын үйлесімді
ұйымдастыру; бесіншіден, мектепті толық және дәйекті демократияландыру;
алтыншыдан, үздіксіз мамандық көтерудің жүйесін қалыптастыру және білім
беру жүйесінің мамандарын қайта даярлау; жетіншіден, мектепті ата-аналар
жұртшылығымен бірлестіру; сегізіншіден, оқулық, кино және теледидарды,
оқытатын және емтихан алатын техниканы, автоматиканы, электрониканы және
бәрінен бұрын білім беру саласының компьютерлендірілуін дамыту;
тоғызыншыдан, мектепті ғылыммен бірлестіру, академиялық, жоғары оқу
орындарының және салалық ғылымдардың арасындағы жасанды “қытай қорғанын”
қирату.
Қоғамның отбасына және некеге деген ықыласы бұрынғыдан да маңызды
болып отыр. Бұл ықылас отбасының адами тіршілік әрекетінің барлық аясымен
байланысқан. Қоғамның орнықтылығы және оның ішкі байланыстарының
басымдылығы отбасы институтының жағдайына тәуелді болады.
Отбасы қазір қандай болса, бұрын да сондай маңызды болған және әр
уақытта әлеуметтік қоғамда субъект те, объект те болып, өзінің табиғатын
үнемі өзгертіп, адамзат тарихында қандай да әлеуметтік міндеттерді шешудің
әрқашанда алдында жүрді.
Отбасы мен некенің институты осы өзгерістерде қаншылықты өз сапасының
жаңасын тауып, ескісін жоғалтатыны бұл проблемаға қоғамның және мемлекеттің
өз қатынасына байланысты. Отбасы мемлекеттің орнықсыздық жағдайында өз
табиғатының белгілі бір тұрақтылығын жоғалтты.
Қазіргі қоғамда мәнділігі жағынан отбасы бірінші орында емес екенін
біздің өміріміздің бар болмыстары айқындайды: отбасының болуы, оның
мөлшері, таяуда отбасын құру және ата-ана болу адамзаттың барлық тұрмыс
тіршілігінде бейтарап. Жұмысқа жалданғанда, материалдық игіліктерді
таратқанда, білімдік және кәсіптік өсуде, тұрмыстық және медициналық қызмет
көрсеткенде, демалысты ұйымдастырғанда және мәдени құндылықтарға
қатыстырғанда, зейнеткерлікті қамтамасыз еткенде және т.б. отбасының болуы
тиімсіз. “Ұзақ уақыт бойы экономикалық дамудың экстенсивтік факторларын
пайдалану, отбасы тұрмыс тіршілігінің проблемасын күшейтіп жіберді, оның
жағымсыз үрдісінің көбею қарқынын үдетіп, көріну формасын шиеленістірді”.
Қоғамның бағалы мүшесінің мәртебесі қоғамдық пікірдің көз алдында
қоғамдық өндіріске қатынасатын жеке адамның кәсіптік іс-әрекетімен көбірек
байланысқа келеді және оған тәуелдәілік жалғасып отырады. Отбасындағы
еңбек, балалар саны негізінен бұл мәртебеге пайдалы әсерін тигізбейді,
керісінше, кейде оған зиян келтіреді. Бұрын тұрақты қолданыста болған
“тоғышарлық” кеңес әдебиетінің жеңіл қолымен, жеке адамның өзін-өзі іске
асыруына кедергі жасағандай, оның мүддесін шектегендей және мәдени артта
қалуға апарғандай болмысы отбасымен сөзсіз байланыстырылады. Осы қиял
жоғарыда көрсетілген себептер бойынша мемлекет тарапында бейресми
қолданылып келді және де ол сөзсіз біздің еліміздегі отбасының жағдайына
әсерін тигізді.
Қазір отбасына деген қатынас қандай? “Сәбидің дүниеге келуінің
төмендеуімен, ажырасу санының көбеюімен және осыған байланысты баланың
панасыздығының, қараусыздығының өсуімен қатар, жалпы айтқанда, отбасына
әлеуметтік құлдырау қаупі барынша төнуде. Некеге тұру мерзімі 28-30 жасқа
дейін созылды. 18 жасқа дейінгі балалардың тек төрттен бір бөлігін ғана сау
деп есептеуге болады. Ата-аналардың көбісі, басқасын айтпағанда, балалардың
жатсынуының дарашылдық пиғылдың етек алуының, бетімен кетудің өсуінен
байқалған дағдарыстан шығудың жолы туралы түк те түсінігі жоқ. Одан басқа
ақыл-ой және мүше дамуының кемшілігі бар балалар саны өсті. Елде нашақорлық
өсіп барады, балалар маскүнемдігі азаймай отыр, СПИД ауруы қатты қауіп-
қатер төндіріп тұр.
Қазақ халқының отбасы тәрбиесіне елеулі үлес қосқан педагог-ғалым
Қ.Бөлеев өз еңбегінде жастардың жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін
отбасындағы тәрбиенің маңызын ерекше атап көрсетеді. “Болашақ
мұғалімдердіоқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау” атты еңбегінде
“Қазіргі қоғамдағы қайғылы қасіреттер: тастанды жетім балалар, отбасын
құрмағандар және ажырасқан жастар, қарттар үйлеріндегі көздерінен қанды жас
ағып отырған әжелер мен аталар, ішкілік пен нашақорлыққа салынған жастар,
қаулаған қылмыс, сыбайлас жемқорлық, мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының
нашарлауы, көргенсіз ұлдар мен қыздар, ата-ананы құрметтемеу, ата-ананың
бала тәрбиесімен айналыспауы, өз тілін, тарихын, әдебиетін, мәдениетін,
салт-дәстүрлерін білмейтін жастар, тұрмыс-тіршіліктің нашарлауы,
экономиканың құлдырауы, жұмыссыздық, табиғат жағдайларының нашарлауы т.б.
ұлттық тәрбиенің болмауынан пайда болған құбылыстар деп санаймыз. Егер
қазақ халқы отбасында және мектепте ұлттық тәрбие алған болса, бұл қайғы-
қасіреттер болмас еді. Ендігі мақсат еліміздегі тәрбиенің негізі - ұлттық
тәрбие болуы тиіс. Сонда ғана жоғарыда аталған құбылыстарды болдырмауға
және одан құтылуға болады”, - деп жазады.
Бұл жағдайдың негізгі себебі – елдегі әлеуметтік-экономикалық
жағдайы. Алайда, тек қоғам отбасына әсерін тигізбейді, отбасы да қоғамға
әсерін тигізеді. Сондықтан жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге
дайындаудағы басты педагогикалық іс-әрекет – отбасы-некелік өмір туралы
көзқарастарын қалыптастыру, отбасы-некелік өмір туралы туралы толық білім
беру және отбасы-некелік өмірдегі үлгілі іс-әрекеттерге тәрбиелеу болып
табылады.
Отбасы – қоғам жұбында ең маңызды орта. Олқылықты әрқашан азшылық,
кішкене топ, жеке адам істейді. Тарихтың шұғыл ұлы өзгерістерінде жеке адам
белсенділігінің рөлі артатыны кездейсоқ емес. Бұл жағдайда жастардың сана
деңгейімен, неке және отбасы өміріне дайындық дәрежесімен байланыстырылған
субъективтік фактордың отбасы орнықтылығына әсері туралы сөз болып отыр.
Осыдан да мектептің, білім беру жүйесінің атқаратын рөлдерін бүтіндей қайта
бағалау өте қиын. Қазіргі уақытта мектеп бірінші кезекте баланың парасатты
өсуіне бағыт алып, жеке бастың мүшелік, әсемдік, өнегелі дамуына көңіл
бөліп, бірақ оқушыларды отбасы өміріне даярлау аспектісін жөнсіз ұмыт
қалдыруда.
Көп жылдар мектеп бағдарламасында тиісті пән тіпті қаралмаған.
“Отбасы өмірінің әдебі және психологиясы” арнаулы курсының өмірі он жылға
жетпеді.
Қазіргі уақытта талқыланып жатқан оқушыларды отбасы өміріне даярлауға
бағытталған бағдарлама үлкен проблеманың тек кейбір аспектілерін сөз қылып,
біздің ойымызша, тиімді болуға қабілеті екіталай.
Отбасы-некелік қарым-қатынастың мәдениетіне тәрбиелеу көп
факторлардың әсерімен болады. Сірә, қазіргі ғылымның міндеті тек олардың
әсерінің сырын ашып қана қоймай, оларды ғылыми басқарудың жолдары мен
әдістерін де табу болып табылады.
Бұл проблемалар, қандай білім болса, сондай отбасы болады дегендей,
отбасы проблемасы көп зерттеушілердің нысаны болды, алайда оларда онсыз
кешенді проблемаларды шешу мүмкін емес екен, өйткені мұнда интеграциялық
тәсіл көбінесе болмады.
Педагогтар, философтар, тарихшылар, демографтар, әлеуметтанушылар,
психологтар және басқа мамандар зерттеулерінде олар өз аспектілері
тұрғысынан қарайды, бірақ педагогикада “оқу”, “тәрбие” ұғымдары әрқашанды
өзекті проблема болып қалады. Білім жүйесі іс жүзінде отбасы проблемасына
бармайды, ал отбасы қажетті шамада білім жүйесімен жалғаспайды. Нәтижесінде
бейтарап алаң пайда болады, дәл осындай алаңда жеке бастың әлеуметтану
проблемасының бірі, атап айтқанда, білімнің әлеуметтік қызметі ретінде
жастарды отбасы өміріне даярлау болып табылады. Мұның бәрі диссертация
тақырыбын таңдауға және оның талдауына пәнаралық зерттеу тұрғысынан келуге
себепші болды.
Жастарды отбасын құруға және болашақ ерлі-зайыптылардың функциясын
орындауға дайындау мақсатына бағытталған тәрбие жұмысын жүргізу керек.
Бұл тұрғыда педагогикада және отбасы әлеуметтануында көп жұмыстар
жасалынды. Жастардың некеге дайындығының кемшіліктеріне талдау жасау
негізінде зерттеушілер отбасылық өмірге жігіттер мен қыздарды дайындауда
тәрбие жұмысын жүргізуді жетілдірудің кейбір жолдарын анықтады.
Қоғамның неке тұрушы жастарға қоятын талаптары анықталды, олардың
отбасылық өмірге дайындығының деңгейін бағалау критериі айқындалған, осы
маңызды бағыт бойынша мектеп жұмысының кемшіліктеріне талдау жасалған.
Отбасын теориялық зерттеудегі жетістіктер туралы әр түрлі ғылыми
пәндер аппаратының интеграциясы куәландыра алады. Отбасын зерттеудің
негізгі бағыттарына мыналар есептеледі: отбасы және қоғам; отбасының әр
түрлі әлеуметтік институттармен және ұйымдармен әрекеттестігі; отбасының
саны, құрамы және құрылымы (типология); отбасының негізгі қызметтері;
отбасының жұмыс қалпы; отбасындағы туыстық-отбасылық қарым-қатынас; отбасы-
некелік қарым-қатынастың қалыптасу кезеңі; отбасы және жеке адам;
отбасындағы жеке адамаралық қарым-қатынас; отбасының ыдырауы. Бұдан басқа
отбасы мәселесін зерттеу: педагогика, демография, әлеуметтік психология,
құқық, экономика, социология, этнография ғылымдарымен байланысты дамуда.
Отбасына байланысты отандық және шет елдік ғылымда қойылған негізгі
проблемаларды талдаудың белгілі тәжірибесі бар.
Батыстық ғылымда білім жүйесіне қызметтік жақындауға көбірек таралған
көзқарас мына қызметтерді қарайды: басқа әлеуметтік институттармен бірге
қоғамда орнықтылықты қолдауға мүмкіндік туғызатын әлеуметтік бақылау
қызметі; білім сүзгіш құрылығы ретінде, яғни адамдарды олардың
құндылықтарына сәйкес бөліп тарату жолы ретінде және “адамдық капитал”
қызметі, оған сәйкес білік тез пайдаланылатын нәрсе емес, болашаққа дұрыс
қаражат жұмсау.
Д.Дьюи ХІХ ғасырдың аяғында білім жүйесінің қызметін қарағанда,
білімге қоғамды жетілдіру және тіпті таптық және саяси проблемаларды шешу
міндеті жүктелген деп есептеді.
Білім жүйесіне қызметтік жақындаудың жақтаушылары көп нәрседе білім
жүйесінің басқа әлеуметтік институттармен әрекеттестігі қоғамға өте жағымды
әсер етеді деп есептейді.
Ресей мамандарының ішінде білімнің қызметтерін зерттеуде Ф.Р.Филиппов
белсенді қатысты. Білімнің әлеуметтік қызметі, оның есептегеніндей,
қоғамдық өмірдің әр түрлі аясына шығады: білім және еңбек, білім және
әлеуметтік құрылым, білім жүйесі және қоғамның рухани өмірі; сондай-ақ жеке
адамның жан-жақты өсуінде білімнің рөліне ерекше көңіл аударылады.
В.В.Панферова өзінің “Халыққа білім берудің әлеуметтік қызметтері”
еңбегінде негізгі мына қызметтердің талдауын береді: гуманистік, кәсіптік-
экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени-тәрбиелік және отбасы өміріне
даярлау қызметі. Бірақ, соңғы қызмет оның еңбегінде тек аталған, ал оның
талдауы берілмеген.
Х.А.Арғынбаев “Қазақ халқындағы семья мен неке” еңбегінде отбасы мен
неке тағдыры қандай болмасын қоғамдық құрылыспен, ондағы өндірістік
қатынаспен тығыз байланысты болады да, әр қоғамдық формациядағы әлеуметтік
өзгерістер отбасы мен неке сипатына да әсер етіп өзгертіп, жаңартып
отырады. Мұның өзі отбасы мен неке мәселесінің, оның даму тарихының үлкен
қоғамдық проблема екендігін айқындай түседі де, оны зерттеу ісі ғылым
алдындағы аса жауапты да, өте қажетті де, әлеуметтік мәні бар үлкен
мәселенің бірі болып есептеледігін атап көрсетті.
Ж.Қоянбаевтың “Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі” атты
еңбегінде отбасы, оның құқықтық және адамгершілік негіздері, отбасы
тәрбиесі, оның ерекшеліктері, отбасы тәрбиесі процесінде кездесетін
қателіктер, оларды болдырмаудың жолдары, жастарды отбасы-некелік өмірге
даярлау мәселелері баяндалады. Сонымен қатар отбасылық тәрбиені
жетілдірудің тағы да бір басты шарты – ата-аналарды оқыту жүйесін өрістету,
мәдени дәрежесін көтеру, осыған орай ата-аналарға психологиялық-
педагогикалық білім берудің негізгі формалары мен мазмұнына үлкен мән
берілді.
Р.М.Қоянбаев “Халық педагогикасында жастарды некелік-үйелмендік
өмірге дайындау – ана мен әкенің басты міндеттерінің бірі болады. Ерлі-
зайыптының бірлігі, ынтымақтастығы мен сүйіспеншілігі, бір-біріне жылы
қамқорлығы, олардың өзара адамгершілік қарым-қатынастарын байытты. Мұндай
үйелмен балаларға өнеге көрсететін, қуанышқа бөлейтін ұстамды, берік,
баянды, бақытты әлеуметтік жан ұясына айналды.
Қазіргі кезеңнің өзінде де балаларды болашақ үйелмендік өмірге даярлау
ана мен әкенің тікелей борышы. Жастарды некелік-үйелмендік өмірге даярлау
кезеңінде жыныстық тәрбие үйелменде адамгершілік тәрбиесі жүйесінде іске
асырылады” – деп жазады.
Л.Ибраимованың “Қазақ халқының отбасылық тәрбиесі” атты оқу-
әдістемелік құралында: “Бүгінгі таңда қазақ мектептері алдындағы ең басты
міндет - қазақ этнопедагогикасы материалдарын үздіксіз білім беру жүйесіне
ендіру, әсіресе сынып жетекшілері мен ата-аналарды отбасылық тәрбие беруге
даярлауда оны пайдалану ерекше көкейкесті мәселе болыр отыр. Сол мақсатта
оларды сол проблеманы шешуге және оны жүзеге асыруға дайындау қажет. Ол
үшін қазақ отбасылық тәрбиесі бойынша бағдарлама құру мәселесін қарастыру
керек” – атап көрсетеді. “Қазақ халқының отбасылық тәрбиесі” атты арнайы
курстың мақсаты - мектеп мұғалімдері мен болашақ мұғалімдерді отбасында
ұлттық тәрбие беруге даярлау.
Психологиялық-педагогикалық аспект жас ұрпақты отбасы-некелік қарым-
қатынасқа білім жүйесінің әлеуметтік қызметтері контексінде даярлау
проблемасының ауқымдылығын мүлде толық көрсетпейтінін айту керек.
Келешек жас ұрпақты отбасына және некеге даярлайтын, отбасылық өмірде
қажет психологиялық, педагогикалық, құқықтық, экономикалық даярлықты жүзеге
асыратын пәнді білім беру жүйесіне енгізу әлеуметтік тұрғыдан қажет. Бұл
пән жас ұрпаққа әлеуметтік жүйедегі адам өмірінің заңдылықтары мен
принциптері туралы қажетті түсініктер береді.
Біріккен ұлттар ұйымының мәжілісінің бір баяндамасында төмендегідей
пікір айтылған болатын: “Елдердің үкіметтері қазіргі жағдайы жас ұрпақтың,
ер балалар мен қыздардың, өздеріне лайықты білім алуын, бұған қоса
отбасылық өмірге даярлықты және жыныстық тәрбиені, ата-ана рөлін атқаруға
даярлықты, оларды, жеке және мәдени құндылықтардың өзгеруін ескере отырып,
өздерінің құқықтарымен және міндеттерімен таныстыруы қажет. Жастарға
қоғамның талабына сай отбасын жоспарлау туралы мәлімет әр елдің өзіндік
әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне сай берілуі қажет”.
Біздің елде 1985 жылдан бастап “Отбасылық өмірдің этикасы мен
психологиясы” курсы енгізілген, оның жоспарына төмендегі бөлімдер
ендірілген болатын: жеке тұлға, қоғам, отбасы жас кездегі өзара қарым-
қатынастардың ерекшелігі; неке және отбасы; отбасылық қарым-қатынастардың
негізі; отбасы және балалар. Бұл бөлімдерде оқушыларды отбасылық өмірдің
эстетикалық, этикалық, психологиялық, құқықтық, педагогикалық және
экономикалық аспектілерімен таныстыру көзделген. Бірақ, отбасы-некелік
өмірге дайындаудың теориялық негізін құрайтын мәселелер қарастырылмаған.
Әр елде бұл мәселені шешудің әр түрлі тәсілдері бар. Мысалы,
Германияда отбасылық өмірге даярлау мәселесі қоғамды ойландырады және осы
мәселені шешу үшін мектептен тыс осы жұмыстар кеңінен жүргізіледі, олардың
мақсаты – тәрбиенің негізгі факторы болып есептелінетін отбасы мен некені
нығайту. Сонымен қатар білім беру жүйесіне үкіметтің жастардың адамгершілік
тәрбие жүйесіне жыныстық тәрбиені және отбасы өмірінің негіздерімен жеке
тұлғалардың өзара қарым-қатынасын енгізуді жоспарлайды.
Мәдениетінің және саяси-экономикалық жүйенің айырмашылығына
қарамастан, әлемдегі көптеген елдер отбасылық өмірге даярлау мектеп
жүйесінде жүргізілудің қажеттілігіне бір ауыздан келіседі.
Ұлыбритания мектептерінде жыныстық тәрбие және отбасылық өмірге
даярлау саласында кейбір принциптердің сақталуы міндетті:
– баланың туылғанға дейінгі және туылғаннан кейінгі өміріне деген құрмет
көрсету оған отбасылық және жыныстық өмір туралы білім берудің алдындағы
тамаша дайындық;
– оқушылардың жыныстық қатынастарға байланысты алған мәліметтерінің барлығы
отбасы мен неке туралы мәліметтерімен берілуі тиіс;
– мұғалімдер оқушыларға жыныстық қарым-қатынас туралы заңсыз және табиғи
заңдылықтардан тыс баспасөз материалдарын үйретуге, олармен
пікірталастыруға және таныстыруға болмайды;
– оқушылар қоғам алдында ұятсыз болып есептелінетін заттарды көрнекті құрал
ретінде пайдаланбауы қажет;
– сабақта көшедегі терминология қолданылмауы қажет, мұғалімнің тілі ғылыми
тілге сәйкес болуы қажет;
– контрацептивтік заттарды қолдануды үйрету, талқылау отбасы мен неке
туралы мәліметтермен бірге берілуі қажет;
– барлық порнографиялық және ұятсыз кітаптар, баспасөз басылымдары,
фильмдер, бейнекассеталар оқу жүйесінен шығарылуы қажет.
Польшада “Отбасылық өмірге даярлау” тақырыбы бойынша оқу сағаттары
1973 жылдан енгізілген және де ол 15-16 жастағы оқушыларға арналған.
Бағдарлама екі негізгі бөлімнен тұрады және поляк ғалымы М. Козакевичтің
баяндауынша төмендегідей:
Бірінші бөлімде – “Эротикалық өмір” мәселелері мынандай сұрақтар
бойынша қарастырылды: психосексуалды даму жеке дара дамудың бір бөлігі
ретінде; сексуалды сезімдердің дамуының жағдайлары; махаббат пен сезімдер
және олардын әлеуметтік-тарихи маңызы; жастық эротикалық байланыстар және
олардың моральдық статусы; жас кездегі психосексуалды жетілу (жыныстар
арасындағы айырмашылықтар); махабаттың үлгілері мен идеалы, сүйкімділікті
анықтау; жас кездегі сексуалды белсенділігі, жауапкершілігі; бала туудың
психологиясы мен контрацептерді пайдалану әдістері; аборттың психологиялық
және моральдық зардаптары.

Екінші бөлімде – отбасына қатысты мынандай мәселелер қарастыру
көзделген: жас кездегі отбасы мен некенің идеалдары; отбасы туралы заңдар
мен кодекстер; кеңестер; аналық және әкелік; жүктілік және бала туу.

Жапонияда “Отбасылық өмірге даярлау” пәні бастауыш мектепте
енгізілген және оның міндеттеріне балалардың бойына күнделікті өмірде,
отбасылық өмірде қажетті мағлұматтарды бойына сіңдіру болып табылады.
Осы мақсатта: балалар киімдерін, үйді күту және шаруашылықты
жүргізуге байланысты мағлұматтар алады; күнделікті өмір мәселелерін шешу
шеберлігі дамиды, бірқалыпты, жақсы көңіл-күйде өмір сүруге талабы мен
қабілеті қалыптасады; қоғамдағы отбасының жағдайы, рөлі түсіндіріледі,
отбасының басқа мүшелерімен қарым-қатынас жасауға ынтасы артады.
Швецияда жыныстық және отбасылық өмірге даярлау мәселесі төмендегідей
шешіледі. Мұғалімдер оқушыларды анатомия, психология, физиология, этика
білімдерімен таныстыруы қажет, себебі олардың арасындағы өзара байланыс –
құрмет пен жақындарының қамқорлығында құрылады. Бұған бес компонент кіреді:
а) Отбасылық өмірге деген қабілеттіліктерінің дамуы. Бұл жерде
жыныстық өмір бақыт көзі ретінде қаралады, бірақ сексуалдық өмір ашыналық
қарым-қатынассыз да болуы мүмкін, бірақ тек сексуалдылықтың ашыналық қарым-
қатынаспен қосылуы ғана адамның қажеттілігін толық қанағаттандыра алады;
б) Отбасылық өмірге даярлау. Оқушыны отбасы құрылысының әр түрлі
варианттылығы болатынына (олардың барлығы бірдей жақсы болуы мүмкін) үйрету
керек және де кейде ажырасудың да қажет екендігін ескеру қажет;
в) Жастық кезеңде әлеуметтік және сексуалдық байланысқа әзірлеу. Бұл
жерде жастардың өзара қатынас кезінде туындайтын қиын жағдайда өзімен-өзі
қалмауын қадағалау қажеттігі айтылады;
г) Жыныстық қатынастан жұғатын ауруларды және жоспарланбаған
жүктілікті болдырмау;
д) Өзара қатынастардың сапасына әлеуметтік және мәдени жағдайлардың
ықпалы.
Мектептерде жастардың демография, бала туу, жүктілік, аборт, жыныстық
қатынастан жұғатын аурулар, гомосексуализм, отбасы, ата-аналық, бір-біріне
қарама-қарсы жыныстардың сезімдері мен көңіл-күйлері туралы түсінік алу
қажеттілігінде ата-ананың тілегенің зор екендігі соншалық, әр елдің үкіметі
осы мәселені шешу үшін шара қолдануға мұқтаж болып отыр. Жастарды отбасылық
өмірге даярлауға зор көңіл бөлуде Германияны үлгі ретінде алуға болады.
Онда кейбір жерлерде осы пәннің мектепте жүргізілуін қадағалайтын комиссия
құрылған. Оның құрамы көп және оның мүшелері көптеген әлеуметтік
институттардың өкілдері: ұстаз (төрағасы); католиктер шіркеуінің өкілі;
протестант шіркеуінің үш өкілі; мұғалімдер кәсіподағының екі өкілі; отбасын
жоспарлау ұйымының өкілі; ата-аналар кеңесінің өкілі; денсаулық сақтау
министрлігінің өкілі; мұғалімдердің білімін көтеру институтының өкілі;
мектеп психологы; мектеп бағдарламасы институтының өкілі; денешынықтыру
тәрбие институтының өкілі.
Белгілі американдық отбасы облысының маманы Дж. Добсон өзінің
жастарды отбасылық өмірге даярлау және мектептегі жыныстық тәрбиеге
көзқарасын айта келе, былай дейді: біріншіден, репродуктивті процестің
анатомиясы мен физиологиясын оқып үйрену қажет; екіншіден, жауапкершілік
пен моральдің сұрақтарын талқылау қажет. Бұл екі компонент бір-бірінен
моральдық мінез-құлық мәселесінің маңыздылығын барынша мойындамайынша
ажырамауы қажет. Жауапкершілікті сезінбей еліктеу сексуалдық апатқа
соқтырады. Жастарға өздерінің сексуалдық мінез-құлқын жүріс-тұрысын
бақылауды және дұрыс көзқарасты бойына сіңдірмей, репродуктивтік процестің
механикасын түсіндіру балаға оқталған мылтық ұстатып, оны қалай қолдануды
үйретпегенмен тең. Дегенмен, сексуалдық білімнің екінші компоненті
мемлекеттік мектептерде алынып тасталынады немесе өте аз мөлшерде беріледі.
Ол оқушыны отбасылық өмірге даярлауда төменгі тақырыптармен таныстыру қажет
дейді: жұбайлық өмірде жыныстық акттің рөлі; ерлер мен әйелдердің
анатомиясы мен физиологиясы; жүктілік және босану процесі; поллюциялар;
мастурбация; сексуалдық қиялдар және кінәні сезіну; етеккір; жауапкершілік
пен мораль сұрақтары; жыныстық қатынаста жұғатын соз аурулары.
Ағылшын ғалымы О.Банкс оқушыларды отбасылық өмірге даярлауда төмендегі
факторларды есепке алуды қажет дейді. Оларды өз схемасында көрсеткен:

Ж қ
е о
к физиология дәстүрлі мораль ғ
е а

д м
а д
р ы
а жеке тұлға мәдениет, субкультура қ
л
ы
қ

Жоғарыда берілген мәлімет бойынша мынадай ұйғарымға келуге болады,
жастарды отбасылық өмірге даярлау үлгілерінде бірінші фонды жыныстық тәрбие
алады, оны осы еңбекте отбасының әлеуметтік функция иерархиясында
сексуалдық функция қалған көпшілігінен басым деген пікір растайды.
Қарапайым үндеулермен отбасын нығайту мүмкін емес. Қазіргі таңда көптеген
үкіметтің әлеуметтік институттары қажетті шара қолдануы қажет. Сонымен
қатар біздің елдің басым көпшілігі орта мектептегі жыныстық тәрбиеге және
отбасылық өмірге даярлыққа үлкен сенімсіздікпен қарайды және де бұл
сенімсіздік негізсіз емес. Соған қарағанда “Отбасы өмірінің этикасы мен
психологиясы” курсы онша нәтижелі болмады. Сонымен қатар қоғамда жастарды
отбасылық өмірдегі көптеген заттармен таныстырудың қажеті жоқ деген жасанды
мораль басым болды.
Бірақ қазіргі заманның шындықтары жастарды отбасылық өмірге даярлау
мәселесін басқаша қарауды талап етеді. Бұл мәселені ескермеу қылмыс, себебі
қазір ол кең көлемде жайылуда.
Қоса айта кететін жайт, қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарының жас
ұрпақтың жеке дара дұрыс дамуына барлық уақытта ықпал ете алмайтын кезде,
кей елдердің басынан өткеріп, ал басқалары сексуалды революцияны енді
басынан өткізіп жатқанда, бүкіл жер шарында СПИД жайылып бара жатқанда,
нашақорлық етек алған заманда келешек жастарымызды осы індеттен арылтудың
бір жолы әрі мемлекеттің тірегі отбасын сақтау – ол жастарды отбасылық-
некелік өмірге даярлау болып табылады.
Біздің елде басқа да оқу орындары пайда бола бастады, мектептте қатаң
оқу бағдарламасынан ауытқу байқалынады, мектептерде отбасылық өмірге
даярлау курстарын ұйымдастыру мүмкіндігі бар, сондықтан бүгінгі өмір талабы
осы мүмкіндіктерді толығымен пайдалануды қажет етеді.
Сондықтан жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге дайындаудағы
басты педагогикалық іс-әрекет, олардың көзқарастарын қалыптастыру, отбасы
туралы толық білім беру және отбасындағы үлгілі іс-әрекеттерге тәрбиелеу
болып табылады.
Отбасы қоғамның ұясы болып, қандай типтегі болмасын көп қызмет
атқарады, отбасының әлеуметтік мәні бәрінен бұрын оның қызметінде көрінеді.
Өйткені, отбасы тек осы әлеуметтік қызметті орындап, қоғамдық, топтық және
жеке мұқтаждықты қанағаттандыра алады. Ғылыми әдебиетте отбасының
әлеуметтік қызметінің психологиясы айқын көрінбеген, отбасы қызметінің саны
әр маманның көзқарасына толық байланысты болып, үштен және одан да көп
болып отыр. Себебі, отбасының әлеуметтік институт ретінде жиі өзгеріске
ұшырағандығы, сондықтан оның кейбір ерекшеліктерін айқын жіктеу қиынға
соғады.
Отбасы мен неке туралы ғылыми әдебиеттерде жыныстық қызметті
биологиялық құбылысқа жатқызу қабылданған. Алайда отбасындағы жыныстық
қызметті көбірек, толығырақ қарастырсақ, ол биологиялық қана емес, сонымен
бірге әлеуметтік қызмет екенін, бұл отбасындағы басқа әлеуметтік
қызметтермен қатар қоюға құқық береді деген қорытындыға келуге болады.
А.Г.Харчев қазіргі отбасының халықты ұдайы өндіріс, әлеуметтану,
шаруашылық қызметі, тұтыну мен бос уақытты ұйымдастыру сияқты қызметтерінің
маңызына ерекше көңіл аударады; С.Д.Лаптенок шаруашылық-тұрмыстық, халықты
ұдайы өндіру, тәрбие және бос уақытты ұйымдастыру қызметтерін отбасының аса
маңызды қызметтері деп есептейді; Г.М.Свердлов ұрпақ жалғасы, тәрбие,
шаруашылық және өзара көмек қызметтерін отбасының аса маңызды қызметтері
деп есептейді; Н.Г.Юркевичтің пікірінше: рухани қатынас, жыныстық қатынас,
бала туу, тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық, үй шаруашылығын жүргізу үшін
қажетті қаражат табу, бос уақытты ұйымдастыру болып табылады; Э.К.Васильева
негізгі қызмет деп бала туу, материалдық және рухани байлықты тұтыну,
балалар тәрбиесі, жұмыс істемейтін уақытты пайдалану деп ойлады. С.И.Голод
отбасының негізгі қызметтерін жіктеуге гедонистік қызметті енгізуді
ұсынады, өйткені жұбайлардың махаббаты бір-біріне қатынасында некенің
орнықтыратын құндылық болып табылады.
Отбасының әлеуметтік қызметін жіктеуге ұсынылған тәсілдер біз
қарастырған аспектінің барлығын қамтиды. Әйтсе де, диссертацияда отбасының
әлеуметтік қызметтеріне жіктеу жасау мақсаты қойылмаса да, біз жастарды
отбасы-некелік өмірге дайындауға қажетті мүмкіндік ретінде өзіміздің
көзқарастарымызды ұсынамыз.
Әлеуметтік, ғылыми-педагогикалық еңбектерді талдау отбасының
әлеуметтік-педагогикалық қызметінің мынадай бағыттарға негізделетінін
көрсетті: жыныстық, репродуктивтік, тәрбиелік, экономикалық, реттеушілік,
бос уақыт және фелицитологиялық.
Отбасы мәселелерін зерттеуші ғалымдар отбасы қызметін саралай келе
оларды мынадай түрлерге бөледі. Солардың ең бастысы – жыныстық қызмет.
“Адам махаббатының мәні жайлы айтқанда ақталу және өзімшілдікті құрбан ету
арқылы өзіндік қасиетін қалыптастыру болып табылады. Махаббат біздің
сезімдеріміздің бірі есебінде емес, біздің барлық өмірлік мүддемізді
өзімізден өзгеге көшіру, біздің жеке өміріміздің орталығын алмастыру
ретінде маңызды. Бұл әр түрлі махаббатқа тән, көбінесе жыныстық махаббатқа,
ол махаббаттың басқа түрінен үлкен қарқындылығымен, тартымды өзгешелігімен,
толық және жан-жақты өзаралығымен ерекшеленеді; тек осы махаббат қана екі
адамның өмірде бірге болуына, шынайы және берік некенің қалыптасуына алып
келеді ...”.
Орыс философиясының бұл ойымен келіспеуге болмайды. Жыныстық қатынас
тарихи тұрғыда отбасы институтынан анағұрлым үлкен, жалпы жыныстық пен
жыныстық қызметтің бір-бірінен айырмасы бар, жыныстық қызмет эволюциясы
үдірісінде отбасы және неке бірге өзгереді. Құлдық отбасындағы жыныстық
қызмет, мысалы, қазіргі орта отбасындағы жыныстық қызметтен өзгеше болады.
Мұнда есте болатын нәрсе жұбайлардың арасындағы жыныстық қанағаттану немесе
қанағаттанбау құлдық отбасы үшін қазіргі отбасына қарағанда мәні азырақ.
Мұндай жағдайлар қоғамның белгілі бір әлеуметтік және экономикалық
себептеріне де байланысты болды. Бірақ, ең бастысы бұл қызмет әрбір тарихи
кезеңде отбасының басқа әлеуметтік қызметтерінің маңыздылық иерархиясында
әртүрлі орын алып тұрды. Егер отбасындағы жыныстық қатынастың эволюциясын
байқасақ, бұл қызмет дәл біздің уақытта барлық қалған тарихи кезеңдермен
салыстырғанда отбасындағы өмірде өзінің барынша көп маңыздылығына жетті.
Адамның жыныс сезімінің хайуаннан айырмашылығы жай биологиялық және
биопсихологиялық сезім еместігінде. Отбасы бақыты ақылдық, көңілдік және
жыныстық бейімделуге бірдей байланысты. Психолог В.Франкл: “адамның
жыныстық қатынасы – бұл жай жыныстық қатынастан көбірек, ол адамдық
деңгейде қандай болса, сондай дәрежеде жыныстықтан тыс, жеке бастық қарым-
қатынастың сақтаушысы болады” - деп жазды.
Адамдық деңгейде жыныстық қатынас тағы бір қызметке ие болады. Ол
сүйіспеншілік қарым-қатынасты, “инкорнация” іске асыратын феномен ретінде
махабатты немесе жай ғана ғашықтықты білдіреді.
Отбасындағы жыныстық қызметінің мағынасын келесі тармақтарға бөлуге
болады:
1) Релакция құралы, жыныстық қозуды бәсеңдету.
2) Прокреация құралы (бала туу), үрдіс емес, соңғы нәтиже маңызды
болғанда.
3) Рекреация құралы (сезімдік ләззат), қара бастың қамы ретінде.
Гедонистік (адам рақат тұрмысқа тырысатын) мотивация (дәлел келтіру)
жыныстық қатынастың ойындық аспектін көлеңкелейді, эротикалық
(сезімталдық) техниканың жаңалығы мен әр түрлілігіне ерекше мән беріледі.
4) Коммуникация (қатынас) құралы, жыныстық қатынас жақындығы
психологиялық жеке бастық ашыналықтың, жалғыздықтан құтылудың, екеудің
бүтін біртұтасқа қосылуының жағдайы немесе құралы ретінде алға шығады.
5) Белгілі салт жораларын және әдетті қолдау құралы. Мысалы,
жұбайлардың сүйісуінде сезімталдық мән болмайды, бірақ бар қарым-
қатынастың тұрақтылығына, орнықтылық фактіне ерекше көңіл аударады.
Адамның жыныстық қатынасы бір-бірінен оқшауланбай, кешенді өзара
көмектесе әрекет ететін биологиялық әсері қалай болса, сондай дәрежеде
әлеуметтік және психикалық факторлармен анықталады. Демек, адамның жыныстық
қатынасын әр уақытта биоәлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру керек. Бұл
оның филогенетикалық дамуына ғана емес, жеке жыныстық актіге де қатысты.
Әйтсе де, бір жағынан физиологиялық күрделі үрдіс, бірақ, екінші жағынан
оның жүзеге асуы, біліну жолы, онымен бірге болатын жағдайлар, оның
психикалық бейнесі және жеке адамның қайғыру қасиеті әлеуметтік себептен
болған, сондықтан өте вариативті және әр түрлі.
Адамның жеке басының жалпы дамуы қалай болса, жыныстық жүріс-тұрыстың
дамуы да солай болып өмір сүретін және дамитын нақты тарихи қоғамының
жағдайына әр уақытта да байланысты.
Адамның жыныстық жүріс-тұрысының дамуы ерекше заңдылықтарға
негізделмейді, адамның жеке басының дамуы үшін әдеттегідей болады. Жыныстық
жүріс-тұрыс жеке бастың жеке аясы ретінде адамның жеке басының жалпы даму
заңдарына көбірек бағынады. Сонымен бірге ол білу және байқау нысаны
ретінде адамның мінез-құлқының қоғамдық детерминациясының және адамның жеке
басының дамуының мәнін паш ету үшін барлық қасиетке ие болады. Бұл үшін
қалай болғанда да екі себеп бар: 1) биологиялық-әлеуметтік факторлар немесе
үрдістер тығыз араласқан; 2) әрбір адам жыныстық қатынасқа ерекше көңіл
білдіреді. Міндетті түрде оны өзі сынап көреді, бұл туралы көп ойланады,
проблемаларын, апаттарын, қиыншылықтарын біледі.
Адамның жыныстық қарым-қатынасы жүріс-тұрысының негізгі белгілері
болады: оның қоғамдық тәуелділігі; оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі туралы
Қоғамдық қайта құрудың инновациялық мазмұны
Мeмлeкeт бacқaрудaғы cыбaйлac жeмқoрлықтың aлдын - aлу
Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым қатынастың даму тарихы (1992-2003 жылдар)
Инвестиция және инвестициялық тартымдылық
Қиын баланың дүниетаным ерекшелігі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының орындалуы
ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ
ҚР Президентінің «ҚАЗАҚСТАН-2050» – стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы
Пәндер