Отырар руханияты музей-кітапханасы - мәдени мекеме


Отырар кітапханасы
Отырар руханияты музей-кітапханасы - мәдени мекеме. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің әдебиет және өнер бөлімі негізінде, Халық Депутаттары Қызылқұм ауданы Кеңесі аткомының №388 қарары бойынша (1991 жылы 6 қараша), музейдің 1992 жылы 15 маусымдағы №48 бүйрығымен қоғамдық негізде, 2000 жылы Мәдениет комитетінің келісімімен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің филиалы ретінде ашылды.
Музейдің 1 ғылыми-зерттеу бөлімі, кайта жаңғырту шеберханасы, 6 экспозиция, 1 тұракты көрме залы, 4 қор сақтау, кеңсе бөлмелері бар. Оның қорындағы Ислам әдебиеттері, Әбу Насыр әл-Фараби және оның арғы-бергі ізбасарларының рухани мұрасы, мемориалдық және коллекциялық кітапханалар, атадан аманатқа қалған заттық мұралар сақталған. Музей-кітапхананың басты мақсаты мен міндеті - Еуразия кеңістігіндегі әлемдік өркениет жүйесіне белсенді араласып, білім, ғылым, мәдениет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды үйлестіре жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы саяси тарихы мен рухани және заттық мәдениетіне катысты дуние жүздік барлық көне қолжазбалар мен қолжазба кітаптарды, сирек кітаптар мен басылымдарды, заттай жәдігерлерді жинап, адамзаттың ежелгі өркениет дәстүрлерін жалғастырып, түркі өркениетінің гүлдену дәуірінің негізін қалаған Отырардағы рухани мәдениеттің үзіліп қалған дәстүрлерін қайта жаңғырту музей коллекциясы бойынша (7, 5 мың жәдігер) "Қызыл жырау"(1997), "Отырарж әдігерлері" (Алматы, 2004), "Тәушен" (2005) атты кітаптар, альбом-кітап жарық көрсе, осы мұражай құжаттары "Шежірелі Отырар", "Отырар" энциклопедиясы басылымдарына пайдаланылды
Әлемнің екінші үлкен білім бұлағы - Отырар кітапханасы Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде жоғалып кетті. Бұрын Фараб аталған бұл қала-дан тек ислам әлеміне емес, күллі дүние жүзіне аты мәшһүр, әлемдік ғылымға сүбелі үлес қосқан оқымыстылар шыққан-ды. Отырар - 12 әл-Фарабидің Отаны. Солардың ішіндегі ең атақтысы - біздің ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ол әлемнің екінші ірі кітапханасында білім нәрінен сусындап өсті. Мұнда ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап, ортағасырлық Еуропа, араб және Қытай ғалым-оқымыстыларының шығармаларына дейін жинақталған. Міне, осындай кітап қоры өте бай кітапхана пұтқа табынушы шапқыншылардың аяғына тапталды. Бұл - 1218 жыл болатын.
Алайда, моңғол әскерінің Отырарды 6 ай бойы қоршауы кезінде кітапхана құпия түрде жер астына жасырылған дейтін дерек бар. Бірақ та, оның нақты қай жерге жасырылғаны жөнінде бүгінгі күні ешкім білмейді. Отырар кітапханасын табу үшін археологиялық қазба жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.
Орта ғасырдан жеткен бір аңызда былай дейді: бір аңшы түлкіні қуып келе жатқанда, түлкі бір апанға кіріп кетеді. Аңшы апанды қаза бастағанда, қолына папирус қағазы ілігеді. Сөйтсе, апан дегені - үңгірге кіретін есік екен. Сырттан түскен жарықпен жігіт үңгірде қатар-қатар тізілген көне кітап үйінділерін көріп қалады.
Алайда, сол сәтте түлкі екінші бір жерден атып шығып, соның артынан қуып кеткен аңшы кейін бұл апанды қайта таба алмай қалған көрінеді. Болжам бойынша, аңшының сол көргені - Отырар кітапханасының жер астына жасырылған кітаптары болуы ғажап емес.
2001 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) арасында көне Отырар қалашығын сақтау, әрі консервациялау жобасы бойынша келісімге қол қойылды. Келешекте Ұлы Жібек жолының батыс пен шығыс әлемдері тоғысар тұсында ғылым мен мәдениет орталығына айналған көне шаһардың бүгінгі орнын шетелдік қонақтар үшін туризм орнына айналдыру көзделіп отыр.
Көзсiз зорлық ғасырынан,
Надандықтың тасырынан,
Жер астына жасырылған
Дара тұлға бабалардың
ұшқыр ойы, санасы.
Ұяттыны толғандырған,
Қанаттыны заңғар қылған,
Күллi әлемдi таң қалдырған,
Рухыңмен қолда бiздi
Отырардың ұлы кiтапханасы! - деп қазақтың ақиық ақыны Мұхтар Шаханов ағамыз жырлағандай, әйгілі Отырар кітапханасы ата-бабамыз мекен еткен алып аймақта ілім дәнін сепкен киелі жер болғаны ақиқат. Көптеген мұсылман ғұламаларының еңбектері арқылы Отырар кітапханасы біздің даламызға ислам дінінің таралуына өз үлесін қосты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz