ҮІ-ІХ ғғ. 1-жартысындағы Отырықшы және көшпелі мәдениет


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҮІ-ІХ ғғ. 1-жартысындағы Отырықшы және көшпелі мәдениет

Жоспары:

  1. Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері
  2. Көшпенді дала мәдениеті және оның ерекшеліктері
  3. ҮІ-ІХ ғғ. Қазақстан территориясындағы қалалар мен қоныстар және архитектуралық ерекшеліктері туралы жалпы сипаттама
  4. Ескі Түркілердің тілі, жазуы және діни нанымдары туралы зерттеулер

Лекцияның Мақсаты: Түркі дәуіріндегі Қазақстанды мекендеген халықтар туралы жазба, археологиялык, және этнографиялық деректерді меңгеру, қоныстар мен қалалардың өсуі, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы қала мәдениеті дамыған аймақтар: Сыр бойы, Шу және Талас өңірі, Жетісудың солтүстік-шығысы туралы мағлұматты және қала мәдениетінің дамуындағы түркі-соғдылық синтез туралы білгілерді игеруі тиіс.

Қалалар - саяси өмір, сауда, қолөнер және мәдениет орталығы ретінде, Ұлы Жібек жолының қазақ жеріндегі тармақтары туралы мағлұматтарды біліп, қалаларға сипаттама беруі тиіс. VІ-ХІІІ ғғ. Түркі халықтарының рухани мәдениеті. Наным-сенімдері, әдет-ғұрыптары. Тәңірге сену, оның көріністері.

Түркі жазуының пайда болуы және оның маңызы. Түркі жазуының ескерткіштері, оның таралу аймағы және зерттелуі. Тоныкөк, Құлтегін және Білге қаған құрметіне қойылған құлпытастар, оларға сипаттама бере білуі тиіс.

Лекция Мәтіні: 1. Көне көшпелілердің мәдениеті өзінің ауқымы мен таралу жылдамдығы жөнінде дүниеде сирек кездесетін құбылыс. Оның мыңдаған километр бір-бірінен алшақ жатқан мәдени ошақтарында еш өзгеріссіз, бір-бірін айнытпай қайталайтын көптеген әскери-көшпелі өмір салтына тән бұйымдар: әбзелдері, қару, қола қазандар, дала батырларының тас мүсіндері. Көне көшпелі дәуірдің феномені - өнері. Қола ғасырында көшпелі тайпалардың көбінің өнері - геометриялық фигуралар болды, тек петроглифтерде жануарлардың, адам мен құдайлардың бейнелері берілген. Көшпелілердің өнері негізінен қолданбалы болды, олар әртүрлі бұйымдарды әшекейледі. Көне көшпелілердің дүниесі бұл жануарлар дүниесі. Оны жасаушылар адам бейнесінен аңдарды көп бейнеледі. Сондықтан да көне көшпелілердің өнері скиф-сібір аң стилі деп аталды. Бұлай аталу себебі көне көшпелілер өнерінің екі массиві скифтер қоныстанған Солтүстік Қара теңіз бен шығыста Сібірде табылған. Тек содан кейін ғана археологтар скиф-сібір өнерінің үлгілері Евразия кеңістігінің әр жерлерінен көптеп табылған. Бүгінгі күні көне көшпелілер өнерінің ескерткіштері Карпато-Дунай бассейінінен Тынық мұхит жағалауына дейінгі кең алқапта табылып отыр. Скиф-сібір аң стилін жасап дамытуда көне халықтар қатысты, олар: Дунай мен Балқандағы фракиялықтар, Оңтүстік Шығыс Европа скифтері, сармат пен совроматтар, Солтүстік Кавказдағы меоттар, Қазақстан мен Орта Азия сақ; массагет, дахи, исседондар, Оңтүстік Сібір мен монғолияның динлин мен ғұндары, Қытайдың солтүстік шығысындағы жун мен ди халықтары. Аң стилінің ең көне үлгілері б. з. д. І мың. ортасына (әр түрлі хронология бойынша б. з. д. IX-VІғғ. ), ал ең кейінгілері б. з. алғашқы ғасырларына жатады.

Кең ареалға таралған оны өнер үлгілері көне көшпелілер өнерінің стиль жағынан тұтастығын көрсетеді. Бұл тұтастық сүреттелген бейнелерден көрінеді, олар көп емес, жабайы аң мен құстық бірнеше түрі ғана. Кейбір жануарлардың бейнелері жиі қайталанып, символдарға айналып кеткен. Солардың ішінде үлкен мүйізді бұғы, бұралып жатқан мысық типтес жыртқыштар, тұмсықтары, көздері, қанаттары мен аяқтары өте үлкен жыртқыш құстар. Стильдік тұтастық аңдарды бейнелеу тәлімдерінен жүйесіндегі танымалдығында да білінеді. Ең алдымен аңдар белгілі бір бейнеде берілген: мысық типтес жыртқыштар дөңгелей бұрылған, аяқтарын жанына басып, мойындары соза жатқан т. б. Құстың немесе аңның кейбір дене мүшелері үлкейтіліп көрсетіледі: үлкен мүйіз, тұмсық, тырнақ тістері үлкен апандай ашылған ауыздар. Бүтін дененің орнына олардың кейбір мүшелері ғана көрсетілді. Негізгі бейнеге қосымша сүрет қосылды. Дене мен оның мүшелері шеңбер, элипс тәрізді қисық сызықтармен көрсетілді. Сөйтсе де, бұл аңдарды тез тани қоюға болады. Барлық бейнелер анық, шартты белгілеуге қарамастан аңдардың бейнелері реалисті түрде берілген. Скиф-сібір аң стилінің бастауын қола ғасырынан табу өте қиын. Ол негізінен фигура ретінде емес, ою түрінде болды. Аң бейнелері кездескенмен олар өте тұрпайы схемалық түрде ғана. Скиф-сібір аң стилінің пайда болуына дейін ерте шығыс өркениеттердің мың жылдық тарихи бар өнері болды.

VІ-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.

Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі - Исфиджаб (қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамасын әл-Макдиси берген. "Исфиджаб ірі қала, - деп жазды ол. Оның рабады (күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы, Шахраны қақпасы, Бұхара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар".

VІ-ХII ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уакытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.

Қазакстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі калаларының бірі - Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан (Трабан) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлүк жабғуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер. VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға дейін сақталған.

Археология және архивтік материалдар бойынша VII-VIII ғасырларда Отырардың билеушісі өзін теңдесі жоқ "Отырарбенді патшасы" деп атаған. Қала аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі - Кедер ІХ-Х ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан ең өскен қала екен.

Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстианның елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түрік кағаны Дизабұлға берген есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 630 жылы қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4, 5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды.

VII ғасырда Тараз "Ұлы Жібек жолындағы" ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезінде түрік, қарлұк, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлүматтар бар.

Х-ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ кабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші - Қарахан күмбезі. Өкінішке орай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, соның салдарынан оның бастапқы жоспары бұзылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана.

Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Онын төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында Төменгі Барысхан, Хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикент, Кұлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатты. Сондай-ақ, Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты басқа да қалалар орналаскан.

XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыкқа айналады. Сырдариядағы ірі қала - Сығанак. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда кыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ-ата жұрты бар.

Х-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Казақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бірқатар қалалар -Қарашоқы, Қарнақ, Ашнас, Баршылылықкент, т. б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылык орталығы - шахристаннан рабадқа ауысқан.

Қазақстан жеріндегі халықтардың экономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VI-Х ғасырлардағы халықаралық саудада "Ұлы Жібек жолының" зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан (Ташкент) Газгирдке, одан Исфиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген. Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар болған. "Жібек жолы" Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкет, Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті.

Тараздан "Жібек жолымен" Төменгі Барысханға, Құланға (Луговое қаласы), одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудап асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жетеді екен.

Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент, Баба-ата, Созақ қалаларын, одан кейін Орталык Қазакстан далаларын басып өтіп, Кеңгір, Жезді, Нұра, сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына, қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін болған.

Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар, жолда құдыктар мен су қоймалары орналасқан. Өзендерге көпірлер салынган. Қалаларда сауда орны, ірі базарлар болған. Орта Азиядан шыны, асыл заттар, көп қолданылатын өнер бүйымдары, жылқы малы т. б. шығарылып, Қытайдан жібек, фарфор, керамика әкелінетін. Шеттен әкелінген бұйымдар -меруерттен, лазуриттен, маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар.

Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.

Егін шаруашылығы елдің Оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды. Орталық Қазакстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау бауырындағы жерлерде ғана шұғылданды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты.

ІХ-ХІІ ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды. Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су коймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Құйрык төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Аксу өзендерінің суы пайдаланылған.

Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір, не шойын ұштары бар, жер жыртатын құралдармен /омаш/ өңделіп, егін ору темір орақпен жүргізілген. Дәнді ұнтақтау үшін тас диірмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шаруашылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелең, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Кексу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартыл-ған су жолы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылып, гүлдеп тұрған.

Қазакстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де шұғылданды. Феодалдық қатынастардың дамуы селолық қауымдардың натуральды шаруашылығының біртіндеп ыдырауына әкеп соқты. Құмыра жасаушылардың шыны үрлеушілердің, зергершілердің, қару-жарақ жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың істеген заттарына халыктың сұранымы күшті болды. Саз балшық бұйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында және Қаратаудың бауырындағы қалаларда керамиканы өркендетудің қалыптасқан түрлері сақталған. Сырдарияның төменгі бойындағы қалалардан табылған саз балшықтан жасалған заттарда әсем өрнектер басым болды. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар, т. б. ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше түрлі қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулар жалатылды. Аңдар мен кұстар бейнеленген құйма ыдыстар тобы ынта қоярлық. Мәселен, Тараз қазбалары кезінде арыстанды бейнелеген тамаша табақша шықты. Отырарда өсімдік ою-өрнегімен әшекейленген құмыра табылды.

Бұрыннан келе жаткан ақша айналысы сол күйінде қалды. Қалалардың ішкі рыноктарында саудада мыс ақша қолданылды. Қалалар арасындағы, сондай-ақ, сыртқы саудада байлық ретінде жинап сақтауға қолайлы алтынның орнына күміс ақша пайдаланылды. XI ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда Тараз және Исфиджаб қалаларында ақша жасайтын теңге сарайы істеді.

3. Қазақстанның географиялық орналасуына байланысты қазақ жерінде орта заманнан бері қос мәдениет-көшпелі және отырықшы қатар дамыған. Біздің дәуірімізге дейінгі Қытай деректері Сырдария жағалаулары мен Арал маңындағы қалалардың халықаралық сауда ісіне тартылғанын көрсетеді. (Бичурин И. Я. . Собрание сведений о народах, обитавших в средней Азии в древние времена. Т ІІ, М-Л., 1950. 152 б. Массон В. М. Страна тысячи городов. М., 1996. 106-108б. К. Байпақов, А. Нұржанов Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992. )

Отырықшылық мәдениет - отырықшы егіншілік және қала мәдениетінен құралады. Қала ұғымы әр бір тарихи кезеңге байланысты өзгеріп, толығып отырды.

Қалалардың тұрақты ауылдардан айырмашылығы қолөнер мен сауданың және архитектураның кеңінен дамуы орын алады.

Қала мәдениетінің ежелден қалыптасқан екі орталығы - Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу болды.

Испиджаб. (Қазіргі Сайран елді мекені)

Ұлы Жібек жолының қазақ жері бөлігіндегі ең ірі қала саналды. VII ғасырдың барысында Сюань-Цяньнің жылнамасында “Ақ өзендегі қала” деген атаумен белгіленген.

Араб тарихшысы әл-Мақдиси Испиджабты өте таза, ұнамды, үлкен қала ретінде сипаттап, қалада 1700 рабат (керуен сарай) төбелері жабылған ірі сауда орталықтарының және үлкен орталық мешіттің бар екендігін хабарлайды 2 .

Археологтардың есептеулерінше қаланың өзінде және қала маңында 40 мыңға тарта халық тұрған.

Отрар Қазақстан қалаларының ішінде ерекше орын алатын қала. Себебі, қаланың орналасқан географиялық орны мен түрлі алқаптардың - көшпелі және отырықшы өмірдің тоғысқан, сан тарау керуен жолдарының қиылысқан жерінде тұруы.

Белгілі археолог А. Н. Бернштаев Отрарға байланысты “Орта Азияда бұдан ең қолайлы және ең қауіпсіз орынды табу қиын” деп көрсетеді.

Тараз Қазақ жеріндегі ең ежелгі қалалардың бірі. VII ғасырдан Жібек жолындағы маңызды орталыққа айналды. Аты әйгілі араб тарихшы, жағрапияшысы әл-Махдиси Х ғасырда былай деп жазған “Тараз - бау-бақшалы, қалың елді, оры, төрт қақпасы және қонысталған рабаты бар - үлкен, берік қала” 3 . Хғ. соңы - ХІғ. Орта Азияны біріктірген Қарахандар мемлекетінің бір орталығы осы Таразда орналасты.

Жазба деректер Оңтүстік Қазақстанда 27 қала туралы хабар береді. 4

Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылған. (Бұлда сонда 353 б. )

Суябпен Баласағұн Жетісу өңіріндегі екі ірі орталық болып саналған Алғашқы кезеңде Қытай тарихшылары, кейінірек араб ғалымдары Суябты “бұл 20 мың адам тұратын үлкен мекен” деп сипаттайды. (Валин С. Л. Аталған еңбек. 180-183 б. )

Суяб батыс Түрік және Түргеш қағанаттарының астанасы болды.

Баласағұн Жетісу өңірінің астанасы, Қарахан мен Қарақытайлардың саяси орталығы болып, Х-шы ғасырдың тарихшылары көрсеткендей “игілігі мол үлкен елді мекенге” айналған (К. Байпақов, А. Нұржанов. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992. 158 б. )

Баласағұнда 40 күмбезді және 200 қарапайым мешіт, жиырма ханақ пен он медресе болған. 6 (Қ. Байпақов, А. Нұржанов. Аталған еңбек. 160 б. )

ІХ-Х ғасырларда Жетісудің солтүстік-шығысында 12 қала болса, ХІ-ХІІ ғасырларда 70-ке жеткен. Сол заманның куәгері араб ғалымы әл-Идриси ХІІ ғасырда Алакөл және Ертіс жағалауында қимақтардың қалалары болғандығын жазады.

Ортағасырлық қалалар бірнеше бөліктен тұрды. Оның ішінде қамал мен шахристаннан тұратын “орталық бөлік” ерекше көрінеді. Бұл жерде билеуші топ өкілдері мен бай саудагер, әскербасылар, шенеушілер тұрған. Қаланың қорғаныс құрылыстарын мықты дуалдар құрайды. Дуалдардың ені 2 метрден 7 метрге дейін, биіктігі 5 метрге дейін салынған. Кейде Дуан қорғандар ішкі қамалда қала бекінісінде де бөлек салынған (Кошемеко П. Н. Оседлые поселение Таласской долины. Фрунзе, 1963, 167-171 б. )

Үлкен қалаларға ортақ сипат салтанат залдарының қабырғалары оюлармен әшекейленген. Құлшылық орындары, мешіттер, суландыру құбырлары, моншалар қала архитектурасының басты бөлігін құраға

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жібек жолының пайда болуы
Орта ғасырдағы қала мен дала
Қалалар саяси өмірдің,сауда өнер мен мәдениеттің орталығы ретінде
Орта ғасырдағы Қазақстан
Ұлы Жібек жолы туралы
Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Бас сауда жолы
VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР. ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz