Офистік бағдарламаларды орта мектепте оқытудың ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БIЛIМ МИНИСТРЛIГI
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Д И П Л О М ДЫ Қ Ж Ұ М Ы С
Тақырыбы : «Офистік бағдарламаларды орта мектепте оқытудың ерекшеліктері»
Жұмыс көлемі
Графикалық бөлім парақ
Түсіндірме хат бет
Диплом жазушы: Байжұманова Е. ()
Кеңесшілер
1 ()
2 ()
3 ()
Жұмыс жетекшісі: аға оқытушы Болатбекова Б. С.
Кафедра меңгерушісі: т. ғ. к., доц. Абдимомынова М. М.
Тараз-2012ж
Мазмұны
- Кipicпe . . . 4
Ақпараттық білім жүйесіндегі информатиканы оқытудың әдістемелік жүиесі және оның дамуы
1. 1. Жалпы білім беретін орта мектептердеп информатика курсын оқытуды әдістемелік ерекшеліктері . . . 5
1. 2. Мектептегі информатика курсын оқытудың мақсаттары мен міндеттері . . . 7
1. 3. Информатика пәнін оқытудың дидактикалық негіздері . . . 12
1. 4. Информатика пәнінің білім мазмұны мен оқыту әдістерін ізгілендіру жолдары . . . 21
II. Оффистік бағдарламалар және олардың түрлері . . . 25
Microsoft WORD текстік редакторымен жұмыс . . . 26Microsoft EXCEL электрондық кестесімен жұмыс . . . 34Microsoft Power Point программасымен жұмыс . . . 40Microsoft Access мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі . . . 42Microsoft Publisher программасымен жұмыс . . . 43 Практикалық бөлім ІV. Қорытынды . . .
V. Қолданылған әдебиеттер . . .
Kіріспе
Бүгінгі акпараттық технологиялар заманында окытудың және білім берудің жаңа бip түрі пайда болуы заңды кұбылыс болып табылады.
Қазақстан -2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.
«Қазіргі заманда ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - деп Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметше ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру - қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Компьютерлік оқыту программалары мен жаңа ақпараттық білім құралдарын жасау және пайдалану қазіргі оқыту технолгияларымен бipгe қолданылып, біте қайнасуда.
Бұл дипломдық жұмысымда «Офистік программаларды пайдалану тәсілдері» оларды тиімді пайдалану жолдары мен ерекшеліктері жайлы айтылады. Офистік программалармен жұмыс кезінде Microsoft Office Proffessional 2000-2007 пакеті құрамындағы барлык қазіргі кезде кеңінен колданылып жүрген қуатты қолданбалы программаларды пайдалануға болады. Бұл программалар тобын меңгеру аса қиын болмағанмен, олармен жұмыс icтey ерекшеліктері әртүрлі.
Практика бөлімінде офистік бағдарламаларды орта мектепте оқыту ерекшеліктері туралы электрондық оқулық кұрылып көрсетілген.
І .
АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ
1. 1 Жалпы білім беретін орта мектептердегі информатика курсын оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Жалпы білім беретін орта мектепте «Информатика және есептеуіш техника негіздері» курсының енгізілуіне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі - информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады.
Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының накты кезеңіне сай зерттеледі. Қазіргі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде, оның көптеген мәселері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педгогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толып бip мәнді болу үшін информатиканың барлык деңгейде оқытылуы зерттелуі керек; мектепке дейінгі кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерінде, жоғарғы мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін және т. с. с.
Мектеп көлемінде оқытылатын «Информатика» курсын оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзінің алдына келесі міндеттерді қояды:
- информатика және eсептеуіш техниканы үйретудің нақты мақсатын және орта мектептен жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау, оқыту түрлерін ұсыну;
- информатика және есептеуіш техниканы окытудың барлық құралдарын қарастыру (оқу құралдары, программалық құралдар, мультимедиялық құралдар, компьютерлер, интерактивті тақталар т. с. с), мұғалімнің практикалык жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.
Информатиканы оқыту әдістемесі жаңадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым. Педагогика ғылымының ілгері бөлігі ретінде өзінің дамуында информатиканы оқыту әдістемесі философияға, педагикаға, психолгияға, информатикаға сүйенеді. Информатика әдістемесіне біріктірілген барлық әдістемелік педгогикалык білімдер мен тәжірибелер жиынтығынан «Информатиканы оқыту әдістемесі» деп аталатын пән болып шығады. Бұл пәннің мазмұнында информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы теориялық негіздері, типтік техникалык құралдар жиыны және сонымен бipre мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдістері қарастырылады.
Қазіргі уақытта информатиканы оқыту практикасы төмендегі факторларымен сипатталады:
1) Қазіргі уақытка дейін информатиканы оқытуда жеке мәселелерді оқыту тереңдігі мен материалдың баяндалу бағыты және мазмұны бойынша бір-бірімен айырмашылығы бар, әртүрлі оқу құралдары мен оқу бағдарламалары пайдаланып келді. Оның үстіне информатиканы оқытатын мұғалімдердің мамандық деңгейі мен базалық білімі әртүрлі.
2) Қaзipгi уақытта информатиканы оқытуды тек жоғары сыныптарда емес, оны төменгі буынға да көшірді. Жалпы білім беретін орта мектепте информатикадан берілетін міндетті білім көлемін қамтитын базалық курс орта мектептің 7-9 сыныптарынан бастап оқытылады. Мұның өзі информатиканың мазмұнының және оқыту нәтиженше қойылатын талаптардын осы жастағы оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сай болуын талап етеді.
3) Информатика курсы алғаш оқу жоспарына кіргенде, компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету құралы ретінде, оқушыларды ақпараттық қоғамда еңбек етуге дайындау үшін енгізілген болатын. Қазipгi уақытта информатика курсын мектепке жаппай енгізілуі жағдайында барлық пәнді оқытуда компьютерді қолдану, ЖАТ-ны (жаңа ақпараттық технология), АКТ-ны (ақпараттық-коммуникациялық технолгия) пайдалану компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру мәселесі шеңберінен тыс жалпы білім беретін пән ретінде оқу-тәрбие мәселесінің комплексі тұр.
1. 2. Мектептегі информатика курсын оқытудың мақсаттары мен
міндеттері
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты - оқушыны дамыту. Осы мақсатка сәйкес жас және педагогикалық психолгиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт.
Баланы дамыту сөзін кең мағынада алғанда оның организіміндегі психикалық және физиологиялық өзгepici, кез - келген қасиетіндегі қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғары сатыға кешу деп түсінеді. Егер бұл мәселені оқыту мен дамытудың өзара қатынасы тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда дамыту деп, әдетте, акыл - ойды дамытуды түсінеміз.
Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл ойын дамыту қай деңгейде оқытуға, ол қандай дәрежеде оның организімінің табиғи дамуына тәуелділігімен қорытындыланады. Бұдан оқытудың потенциалды мүмкіндігінің шекарасын тағайындауға, сондай-ак нақты дидактикалық өзгерістің мақсаты мен міндетін анықтау шығады. Сондықтан оқытудың жалпы мақсатында дидактикалық тұрғыдан осылай түсінік беруге болады.
Ал, енді информатиканы оқытып, үйретудің мақсаттары жалпы білім беретін орта және кәсіптік бағдар беретін мектептерде тәрбиелеу мен білім берудің жалпы мақсаттарымен, сонымен ipгe ғылыми өзгешелігі, қазіргі қоғамдағы және ғылымдар жүйесіндегі алатын орнымен анықталады.
Сонымен, мектептің алдына темендегідей үш негізгі мақсат
койылады:
1) білім беру;
2) тәрбиелік;
3) практикалық;
Енді мектепке тән осы негізгі мақсаттардың информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарына қатысты болатынын көрсетейік.
1. Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түкпілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл-ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.
Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру - дамытушылық мақсаты оқушының шығармашылық қабілеттерін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл - ойын, ойлау өрісін ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.
2. Мектептегі информатика курсының практикалык, мақсаты- оқушылардың еңбекке және политехникалык дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуші дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
Курстың мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-нің қaзipгi кезендегі өндірістегі рөлі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ - ға байланысты мәліметтер, ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа ғылымдар жайында мәліметтер берілуі тиіс. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының «тұрмыстық аспектісі » де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға үйретеді.
Корыта келгенде, информатиканы оқытудың практикалық мақсаты - оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процессінде практикалық есептер шешуге және оны ақпараттык қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.
3. Мектептегі информатика курсынын тәрбиелік мақсаты өте зор. Информатиканы оқыту барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа саналы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай біліу бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы адамзатты мәні бар қасиеттерде қалыптасады. Информатиканы оқытудағы алгоритмдеу мен программалар құру, олар ЭЕМ-де орындау оқушыдан ойланудан және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білімді, көз алдына елестете білуді талап етеді. Сонымен қатар жеке адамның табандылық, алдына мақсат қоя білу, шығармашылық, белсенділік көрсете білу, жұмыспен жауапкершілікпен қарау, сенімді, тәртіпті, бар мүмкіншілікті қолдана білу сияқты қасиеттерін дамытады. Алгоритмді жазуға дағдылану жауапкершікпен қаруды, жаңа талап қоюды талап етеді.
Сонымен, информатиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат-оқушыны азаматтыққа адамгершілік қасиетке және жоғары саналыққа алуға бағытталған.
Информатика оқып үйренудің жоғарыда аталған мақсаттары бір-бірімен өте тығыз байланысты, оларды бір-бірімен ажыратуға болмайды. Оқушыларға негізгі жалпы білімді беріп болмай, информатиканың тәрбиелік эффектісін алуға болмайды. Мектепте информатиканы оқытудың жалпы дидактикадан басталады. Қазігі қоғамның дамуына байланысты дидактиканың көптеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым болғандықтан, ол даму үстінде. Оны мектепте оқыту мазмұнды да әлі қалыптасу үстінде осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негізделген мақсат қана оқыту мазмұнын дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта қалыптасқан информатиканы оқытудың практикасы төмендгідей негізгі факторлармен сипатталады:
Біріншіден, бұл күндері информатиканы оқытуда жеке мәселелерді оқыту тереңдігі мен материалдың баяндалу бағыты және мазмұны бойынша бір-біріне едәуір айырмашылығы бар, әртүрлі оқу құралдарымен оқу бағдарламалары пайдаланылады. Тағы бip айтылатын мәселе информатиканы оқытатын мұғалімдер мамандық деңгейі мен базалық білімі әртүрлі. Сондықтан әр мектептен информатиканы оқытудың нақты мазмұны мен бұл пән бойынша окушылардың дайындығына жеке оқушылар тарапынан койылатын талаптардың денгейі түрліше. Бұдан көптеген мектептерде жалпы білімдік мәні бар курстың маңызды мәселелері қалып қояды.
Екіншіден , қaзipгi уакытта информатиканы оқытудың тек жоғарғы кластарда ғана емес, төменгі буынға көшіру қажеттілігі алынып отыр. Жарияланып жатқан тұжырымдамаларда жалпы білім беретін орта мектепте информатикадан берілетін міндетті білім көлемін қамтитын базалык курс орта мектептің 7-9 сыныптарына көшу кepeктiгi керсетілген. Ал, бұл информатиканың мазмұнының және оқыту нәтижесіне қойылатын талаптардың осы жастағы оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сай болуын талап етеді.
Үшіншіден, информатика курсы алғаш оқу жоспарына кіргенде, компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету құралы ретінде, оқушыларды информациялық қоғамда еңбек етуге дайындау үшін енгізілгені белгілі. Бұдан бұл курстың жалпы білім беретін маңызды міндеті ескерілмей қалған. Қазіргі уақытта компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру үшін информатика негіздерін зерттеу мәселесінде біртіндеп межелеп бөлiну байқалып келе жатыр. Есептеуіш техниканың мектепке жаппай енгізілуі жағдайында барлық пәнді оқытудағы компьютердің қолдануы төменгі кластарда компьютерлік сауаттылықты қалыптастырудан бастап, мектептен барлык оқу пәндерінде қалыптастырылатын жалпы оқу іскерлігімен сипатталады. Мектептегі информатика курсының болашақтағы дамуы, бұл курстың жалпы білім беретін функциясымен, оның окушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту сияқты жалпы мәселелерді шешуден потенциялдық мүмкіндіктеріне баса көңіл аударуына, басқа сөзбен айтқанда, компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру мәселесінен жалпы білім беретін оқу пәніне көшуге байланысты. Осындай өзгерістердің бағытына сәйкес информатиканы оқытудың мақсаты, оның мазмұнын қайта кұруды талап етеді. Мектепте информатикадан берілетін білімнің негізгі компоненттерін бөлу мұғалімдерге көмек көрсетіп, оқушылардың дайындығына негізделетін талаптарды жасауға бағыт бepyi, курстың мазмұнындағы жалпы білімдік мәні бар негізгі мәселерді айқындауға мүмкіндік береді. Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Білім беру үздіксіз процесс болса, информатиканы оқыту да үздіксіз болуы қажет.
Жалпы білім беретін орта мектепке арналған информатикадан мемлекеттік білім беру стандарты осы мәселені көздейді.
Ал, стандарт осы пәнді орта мектепте үздіксіз білім беру тұжырымдамасына негізделіп жасалынған. Тұжырымдама білім беру жүйесін демократияландыру принциптерін жүзеге асыруға бағытталып кұрылған. Мұнда оқушы өз бетімен танымдық қызмет жасап, дами алатын субъект болса, мұғалім осы кызметтің тиімді ұйымдастырылуына, нәтижелі болуына жауап беретін, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға. Жалпы информатика курсының мазмұны мынадай екі үлкен дидактикалык мәселені шешуге бағытталуы керек:
- компьютер - оқыту объекті;
- компьютер - әмбебаб таным құралы.
Оқушы таным субъектісі болған кезде бұл екі мәселе бірін-бірі толықтыра отырып курстың негізгі мазмұнын құрайды.
Информатика курсының мектептегі негізгі мазмұны мынадай үш кешенді мәселелердің төңірегінде шоғырланған: біріншісі - компьютерлік техникамен танысу, оның негізгі элементтері мен жалпы жұмыс істеу принциптерімен танысу; екіншісі - алгоритмдеу және программалау негіздерін оқып үйрену; үшіншісі - информатиканың колдану шеңберін анықтау.
1. 3. Информатика пәнін оқытудың дидактикалық негіздері
Кез келген пәнді оқыу процесін ұйымдастыруда оқушыларға білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттарына сай оқыту заңдарын пайдалану тәсілдерін сипаттайтын дидақтикалық принциптердің басшылыққа алынатыны белгілi. Дидактикалық принциптер оқу мен тәрбие жұмысын қалай құруды жүзеге асыруды және жетілдіруді қамтамасыз ететін нұсқауларды қамтиды. Әрине, компьютерді пайдаланып оқытылатын оқуды ұйымдастыруда дидактикалық принциптердің басшылыққа алынатыны түсінікті. Дегенмен, оқытудың компьютерлік технологиясының дидактикалық категорияларының өзіндік ерекшеліктері бар, тіпті кейбір дәстүрлі принциптердің аумағы кеңейіп, осы технология кезінде ғана шын мәнінде іске асуға мүмкіндік алады. Енді дидактикалық, принциптерге және олардың компьютері (шығу құралы ретінде пайдаланғандағы сипатына тоқталайық
а) жүйелік және бірізділік принципі
Пәнді оқытудағы жүйелілік дегеніміз - пәнді өзінің құрылымы мен ішкі логикасы сай белгілі бip тәртіппен оқыту және оның негізгі ұғымдары мен қағидаларын біртіндеп игеру деген сөз. Бірізділіктің сипаты оқыту процесінің
- қарапайымнан күрделiгe;
- түсініктен ұғымға;
- белгіліден белгісізге;
- білімнен ікерлікке, одан машыққа ұласуы.
Мұғалім оқу материалын мүлтіксіз жүйемен әрбір соңғы ғылыми қағиданы кейінгі сабақтарда өрістетіп материал мен жаңа материалдарды сабақтастырып отырса, оқушылар білімді әpi саналы әpi баянды меңгереді. Егер оқу процесіндегі жүйелілік пен бірізділік бұзылса, онда оқушылардың білім алуы екі талай.
«Мұнда ескертіп бip жайт - мұғалім оқу материалдарының ішінен өзекті мәселелерді іріктеп, оқушылардың санасына сіңіре беру керек.
Оқушылардың алған білімін жүйелеу үшін тараулар бойынша оқу материалдарын қайталап отыру қажет. Білімді жүйелі меңгеру үшін оқушылар пәннің логикалық құрылымын түсінуі керек».
Пәнішік жүйелілік пен бірізділікті қамтамасыз етумен қатар, пәнаралық сақтау керек. Бұл оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге, белсенділігінің артуына ықпал етеді. Мұны пәнішілік және пәнаралық байланысты, немесе білім мазмұнындағы интеграция проблемасын шешу арқылы жүзеге асыруға болады. Ал бұл ретте компьютердің әмбебап мүмкіншілігі, яғни өз жадына орасан зор мәліметтер базасын сақтай білуі, оны шапшан, қажетті формада пайдалануға жағдай жасауы т. б. мүмкіншіліктері бар екені белгілі.
Жүйелілік принципі тек мазмұнға ғана емес, сонымен қатар оқу процесінің жүру барысында да қатысты өйткені бұл да оқушының дамуын қамтамасыз етуге бағытталған мұғалім мен оқушының жүйелі, мақсатты қызметі.
Алайда жүйелілік пен бірізділікті сақтаймын деп материалды тәптіштеп түсіндіріп, олардың арасындағы байланысты жөн - жазықсыз ашып көрсете берудің де зиянды жақтары бар. Кейде бұл байланысты оқушылардың өздеріне «табуға» қалдыру да керек. Оны проблемалық ахуал туғызу арқылы да ұйымдастыру болады. Жоғарыда бiз проблемалық есептерді компьютермен қалай тиімді шешуге болатынын көрдік. Бұл жағдайда оқушы белсенді, творчествомен жұмыс істейді де, оқытудағы жүйелілікті өзі тауып, бірізділікті өзі ұйымдастырады.
б) Көрнекілік принципі немесе нақты мен абстрактының арасындағы бос кеңістікті толтыру.
Кез келғен нәрсені қабылдау бақылауға, ойлауға әкеледі. Демек, объектіні бақылауда оқушылар өз тану жолында нақтымен абстракцияны бірдей қабылдайды. Мысалы, географиялык карталар, диаграмма, плакаттар т. б. мазмұнды көрнекі түрде берсе де, нақты шындықты жалпылама түрде, шартты белгілердің көмегімен сипаттайды.
Оқытудың дәстүрлі технологиясында көрнекіліктің табиғи, кескіндік (фотосуреттер) және символдық (графиктер, сызбалар, диаграммалар) деп
аталатын үш түрі бар.
Көрнекіліктердің әр түрінің өзіне тән атқаратын функциялары болады. Сондықтан оқу процесінде көрнекілікті пайдаланғанда бірқатар методикалық талаптарды орындаған жөн. Көрнекі сабактың мақсатына сай орындалуы тиіс, оларды пайдаланбаған оқушылардың дұрыс қабылдауын камтамасыз ету үшін, құралдың неғұрлым маңызды жақтарына назар аударған жөн; сабақта көрнекi құралдар шамадан тыс көп болмағаны, яғни, мақсатка жетуге қажеттілерін ғана пайдаланған маңызды. Егер сабақ кезінде бірнеше көрнекті құрал көрсетілуі қажет болса, олардың бәрін бip уақытта емес әрқайсысын қажетінше кезеңімен пайдаланған орынды.
Сабақ кезінде мұғалімнің өзінің баяндауы мен көрнекілікті үлестіруі елеулі роль атқарады. Дидактикада үлестірудің екі тәсілі бар. Біріншісінде көрнекті құрал мұғалім түсіндіруінен бұрын көрсетіледі. Бұл жағдайда мұғалім оқушылардың ic - әрекетін, байқағыштығын бақылай отырып, керегінше мағлұмат алуына жетекшілік етеді. Екіншісінде көрнекті құралды көрсетуден бұрын мұғалім оқу материалын түсіндіреді.
Бұл екі тәсілдің біріншісі тиімдірек, себебі ол қажетті білімді меңгерумен бipre оқушылардың байқағыштық қабілеттерінің өрістеуіне көмектеседі. Бipaқ, көрнекі құралдарды шамадан тыс қолдану оқушылардың ойлау қызметше кері әсер ететінін де ескерген жөн.
Демек, көрнекіліктің басты мақсаты - бақылау арқылы ой түю. Оқуға компьютерді пайдаланғанда түрлі - түсті реңдеп таблица, диаграммалармен қозғалыстағы денелерді сипаттауға, процесті имитациялауға, тіпті оның ағымын математикалық моделдеу арқылы дәл, әpi көрнекі сипаттауға болады. Ендеше компьютерді пайдалану арқылы көpнeкiлiк принципін соғұрлым кеңейтуғе болады. Демек, компьютерді пайдаланып оқытудың мазмұнын анықтауға, бұрын техникалық құралдардың шамасы жетпеген кейбір жетістіктерге жетуге болады. Мысалы, көзге көрінбейтін процестердің ағымын компьютерде дәл сипаттауға болады. Әрине компьютердегі сипатталған мультипликацияға интерактивті режим арқасында оқушы әр уақыт әсер туғызып, оның болып жатқан процеске тигізетін әсерін бақылай алады, бұдан өтіп жатқан процесс жөнінде ой түйеді. Бұл көрнекіліктен бұрын соңғы болып көрмеген жаңа мүмкіндік!
г) Түсініктiлiк пен ғылымилық принциптері
Түсініктілік принципі дидактиканың Ян Каменский дәуірінен келе жатқан басты принциптерінің бipi «Ұлы дидактика» кітабында ол 10 принципті келтіреді. Енді соның кейбіреулеріне тоқталайық.
- Білім беруді баланың ақыл - ойы қалыптасып бітпей ерте жастан бастау керек:
- Білім беруді қарапайымнан күрделіге қарай дамыту керек:
- Беліліден белгісізге қарай жүретін оқыту тиімді болмақ т. б.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz