Ұлттық өнердің өзіндік ерекшеліктері



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Бөлім. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшеліктері.
1.1. Қазақ халқының ұлттық ою өрнегін дәріптеуде бейнелеу өнерінің
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-8

1.2. Қазақ халқының қол өнер шеберлерінің шығармашылық
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8-12

ІІ. Бөлім. Қазақ халқының қол өнеріндегі ою мен өрнектің жасалу жолдарын
жаңа технология арқылы үйрету.

2.1. Ұлттық нақыштың белгісі
өрнек ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...13-1 7

2.2. Ою - өрнек элементтерін шеңбер ішіне салудағы жаңа технологияларды
пайдалану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .18-19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .21

Кіріспе
Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылғы білімді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасыда "Адам-зат жинақтаған білімді қарапайым түрде
менгеру деген білім мақсаты қазіргі ақпараттық ағымның үдеуіне бай-ланысты
пайдасыз болып қалды. Басты нәрсе білім, білік дағдыларды механикалық түрде
беру емес, акпараттык-интеллектуалдык ресурстарды өз бетімен ала алатын,
талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын және жылдам
өзгерістегі әлем жағдайында іске асыра алатын тұлға қалыптастыру болып
саналады" деп көрсетілген.
Жалпы өнер дегеніміз – шындықты көркем бейне арқылы көрсететін,
әлемде эстетикалық игерудің маңызды тәсілінің бірі болып саналатын қоғамдық
сананың арнайы формасы мен адамның шығармашылық әрекеті. Өнер сұлулық заңы
бойынша қоршаған орта мен дамыту мақсаты, қоғам адамның болмысты рухани
меңгерудің түрі. Өнер өзінің тарихы дамуы барысында нақты өнер түрлерінде
шынаы өмірдің көпқырлығын бар байлығымен көрсете алатын жүйе ретінде
дамиды. Өнер бір рет пайда болғаннан кейін дами отырып, адамның әр жақты
қабілетін қалыптастырады, жетілдіреді, әлеуметтік іс әрекеттермен танымның
кез – келген саласында ғылымда болсын саясатта болсын, тұрмыста және
тікелей еңбекте де іске асырылады.
Курстық жобаның мақсаты: Бейнелеу өнері сабағында оқушыларға ұлттық
қолданбалы өнер туралы мағлұматтар беру, ою өрнектердің шығу тарихымен
таныстыру, өрнектерді стелизатциялау әдістерін үйрету.

Зерттеу міндеттері: Қазақ халқының қол өнерін, ұрпақтан ұрпаққа
жалғастыру, оларға сәндік қолданбалы өнерді жаңа әдіс тәсілдерді түсіндіру.

Зерттеу объектісі: Оқушыларды ою өрнек жасауда жаңа технологияларды
үйретуде ұлттық нақыштардың ерекшелігін ажырата білуге үйрету.

Зерттеу пәні: Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесімен.

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдістемелік журналдар, сызбалар, ою өрнектер
эскиздері қол өнер туындылары.

Курстық жобаның құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
қосымша және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Бөлім. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшеліктері
1.1. Қазақ халқының ұлттық ою өрнегін дәріптеуде бейнелеу өнерінің мақсаты.
Халқымыздың өнегелі мәдениеті үлгілерінің бірі – бейнелеу өнері
қаншама дәуірдің тарихи ағымымен бірге жасап дамып келеді. Қазақ халқының
өмір тұрмысына тереңдей үңілсек, мәдениет дәстүрінің үзілмей бүгінгі
ұрпаққа жетуіне бірден-бір себеп халықтық педагогика.
Өзінің тәрбиелік мәнін бүгінге дейін жоғалтпай келе жатқан көркемдік
педагогиканы, қазіргі таңда мектеп өміріне енгізу, бейнелеу сабақтарында
қолдану заман талабына айналып отыр.
Орта Азия мен Қазақстан жері мәдениеті дамыған өркениет орталығы
болғандығы көпшілікке мәлім. Сыры кетседе, сыны кетпей сақталып келе жатқан
әсем ғимаратттар, тас мүсіндер, сарайлар, халықтың тұрмысында қолданылған
сәндік қолданбалы өнердің інжу-маржандары жастардың көркемдік талғамын
дамытуға дәнекер болғаны сөзсіз. Бұл жерде айта кететін өкінішті жағдай –
көшпелі еліміздің көркем мәдениетін жас ұрпақтың игілігіне пайдалану
кешеуілдеп, оларды мектеп оқушыларына көркемдік білім мен әсемдік тәрбие
беру бағдарламасынан тыс қалуы. Бұл көмекші құралдарға ұсталған бағыт жас
ұрпаққа халықтың мәдени дәстүрін бастауыш сыныптардан бастап таныстыру, ата-
бабамыздың тұрмысында жиі қолданылған заттарды салып үйрету, олардың
формасымен, түр-түсімен т.б. көркемдік ерекшеліктерімен таныстырудың әдіс
тәсілдерін көрсету.
Біз бұл еңбекте бірінше кластағы бейнелеу өнері сабақтарын ұлттық
көркем мәдениеттің негізінде өткізу жолдарына назар аудардық.
Қазақ мектептердің ұсынылып отырған тұңғыш методикалық құрал
болғандықтан, кемшіліксіз деген ойдан аулақпыз. Алайда сіздердіңқиын да
күрделі педагогикалық қызметіңізді жеңілдетуге сәл де болса септігін
тигізсе, автордың ойлаған мақсатына жетеді.
Бейнелеу өнерінің негізгі мақсаты: оқушыда қоршаған орта деген
өнегелі – эстетикалық қатынас қалыптастыру, өмірдегі әр түрлі құбылыстардың
өзіндік құндылығын түсінуге тәрбиелеу: өз халқының өнерін, мәдениетіне
сүйенетін, өзге халықтық көркем мәдениетін құрметтейтін рухани жан дүниесі
бай, әстетикалық тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру; нақты өнер түрлері
арқылы практикалық білім, білік дағдыларын қалыптастырып, іскерлігін,
көркем – шығармашылық қабілеттігін арттыру. Осыған орай, мынадай
міндеттерді шешуі тиіс.
Қазақ халқының қол өнерінде халық қажетін өтейтін тамаша үлгілер бар.
Өрмек тоқу (алаша, басқұр, бауқоржын) текемет басу сырмақ сыру, түс киіз
басу, ши орау т.с.с.
1. Ай, күн, жұлдыз аспан әлеміндегі өрнектер
Айшық, шеңбер, жұлдыз, шитай, төртқұлақ, шұғыла т.б.
2. Малға оның ізімен мүйізіне байланысты өрнктер (мүйіз, қос мүйіз, түйе
табан, өркеш, түйе мойын, тай тұяқ)
3. Құрт – құмырсқа мен аңдардың ізіне ұқсас өрнектер (өрмекші, ирек,
омыртқа, төртқұлақ т.б.)
4. Құстар, жер, су, өсімдік, гүл жапырақ бейнелі өрнектер (ағаш, жапырақ,
қаз мойын, үш жапырақ, өткізбе, шиыршық, гүл жауқазын т.б.)
Қазақ дүниеге келгелі бері тек қана ою-өрнектер ішінде өмір сүреді
(Марғұлан)
Қол өнер халық тұрмысында жиі қолданылатын өнер жиынтығы болып
табылады. Әрбір халықтың өмірімен, қоғамдық тарихымен тікелей байланысты
дамыған.
Қазақтың ою-өрнек деген сөзі (латынша орнамент) сәндеу, әсемдеу деген
мағынаны білдіреді. Осы сәндеу мен өсімдік белгілері геометриялық және
ғарыштық түрлердің үнемі ырғақты қайталанатын, орналасқан көркем өрісі ою
болып табылады.
Ою-өрнектің 4 түрі болады.
1 Хайуанаттық
2 Көгөрістік
3 Геометриялық
4 Ғарыштық.
Құстар мен жан-жануарларды ерте заманда ата- бабаларымыз суретті тасқа
қашап салғанын немесе киім-кешектеріне, ыдыс-аяқтарына, үй жиһаздармен ойып-
салғанына қысқаша мәлімет береміз.
Қазақ халқының бар өмір салты табиғатпен тағдырлас болған. Табиғат аясы
оның тіршілік ететін мекені болып табылады. Халық өзін табиғаттың туындысы
деп ұғынып оның байлығын көзінің қарашығындай сақтаған. Осындай салт-дәстүр
ұрпақтан-ұрпаққа ана сүтімен беріліп, асыл мұра ретінде жеткізіліп отырды.
Біздің ата-бабаларымыз — Майқы би, Бәйдібек би, Төле би, Қаз дауысты
Қазыбек би табиғатты, туған жерді қорғауға үндесе, ақындар мен жыраулар
табиғатты аялап жырына қосқан. Одан бері Абай, Мұхтар, Шәкәрім және кейінгі
жазушы-ағартушылар М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, І.Жансүгіров,
Б.Майлин, С.Сейфуллиндердің қалдырған тамаша туындыларының тақырыбы да
табиғаттың әсемдігі және оны қорғау туралы экологиялық тәрбие беруде.
Қазақ даласында болған саяхатшы жат жұрттық ғалымдар өз еңбектерінде
қазақ халқының табиғат сырын, құпиясын бақылай білу қабілетін, оған деген
қамқорлығын ерекше атап өткен. Мәселен, белгілі орыс ғалымы А.Формозов өз
еңбегінде "Қазақтардың 6айқағыш көзі табиғаттағы тіршілік атаулыны үнемі
бақылай отырып табигат туралы қызықты деректер мен тұжырымдарды
жинақтағаны" деп, аса жоғары бағалаған.
Кезінде қазақ даласын жаяу аралап оның байлығын әлемге паш еткен
геологиялық зерттеулердің атасы академик Қ.Сәтбаев бір сөзінде "Туған
жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп ол туралы ойланбаған жігітті
к,айтіп азамат дейміз? Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат
бөгдө жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес" деп түйсе, ал өзінің
зерттеушілік қабілетімен Ресей гөографиялық қоғамының толық мүшесі болған
Жихангер ағартушы Ш.Уәлиханов "Табиғат, адам — олардан құпия не бар?" деп
толғанған.
Басқа ұлттар сияқты қазақтар да "киелі" деген сөзге үлкен мән берген.
Табиғаттың ерекше бір әсем жерлеріндегі көріністерін, мөлдір бұлақты,
кейбір жануарлар мен құстарды, әсіресе туз тағыларын киелі деп қастерлейді.
Аң мен құсты бейберекет ауламай, үркітпей қорғап отырған. Халық өздері
қастерлеген жерлерді "Әулиө бұлақ", "Әулие ағаш" деп атап келген. Ал
қарлығаш, аққу, ұлар, дегелек, т.б. құстарды жақсылықтың жаршысы, адамдарға
бақыт әкеледі деп ұясын бұзуға, оларды өлтіруге мүлдем рұқсат етпеген.
Қазақ халқы туған өлкөсінің табиғатын сүйе отырып, ондағы жануарлар мен
өсімдіктер әлемін де зерттей білген. Орман мен тоғайды, өзен мен көлді, шөл-
шөлейтті жерлер мен даланың тіршілік үшін қажеттігін, біртұтастығын
байқаған. Табиғаттағы барлық құбылыстарды бақылап, ауа райын, табиғат
апаттарын алдын ала болжап отырған.
Басқа ұлттар сияқты қазақтар да өздерінің ұрпақтарын табиғатты сүюге
тәрбиелеуде мақал-мәтелдерге көп көңіл бөлген. Сол арқылы жасөспірімдердің
табиғатқа деген сезімін оята біліп, оны сүюге, ал жат қылықтардан аулақ
болуға тәрбиелеген. "Жер-ана, ел-бала", "Жері байдың — елі бай", Күте
білсең — жер жомарт" деп жерді Анаға теңеп көркейтсе, "Тозған жерде
тоқшылық болмайды" деп жерді қорғауға шақырады.
Біздің жеріміз әлі де бай, әлі де шырайлы. Десе де, Арал, Балқаш,
Билікөл, т.б су айдындары мен орман-тоғайымыздың экологиясы қиын жағдайда
екені әлемге әйгілі. Бір кездегі бұл өңірлердегі қалың тоғай жұтаған, аң
мен құсы азайып, жануарлардың көптеген түрлері жойылып кеткен.
Табиғатымыздың осындай халге душар болатынын алдын ала сезген бабаларымыз
бен ғалымдарымыз да жоқ емес. Ертеде ит тұмсығы өтпейтін ну-тоғайда Ертіс,
Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Ырғыз, Есіл, Нұра өзендері бойында көп болған. Ал
таулы жерлердегі қалың ормандар кең алқапты алыл жатқаны туралы деректер
көп. Мәселен, 1892 жылы А.Құнанбаев Дала уәлаяты газетінде экологиялық
мақала жариялаған. Онда Шыңғыстау өңіріндегі ормандардың қырқылып құрылысқа
пайдалана бастағанын, оның әсерінен сол жөрдің табиғаты тозып бара жатқаны
айтылады. Бұл деректің өзі-ақ қазақ халқының бойында экологиялық
сауаттылықтың ерте кезден-ақ болғанын айғақтаса керек. Ендеше халқымыздың
ата-салт дәстүрлері арқылы берілген экологиялық білім мен тәрбиені қайта
түлету - бүгінгі аға буынның міндеті.

1.2. Қазақ халқының қол өнер шеберлерінің шығармашылық жұмыстары
Халық шеберлері деп кімді айтамыз? Шеберлер орындаған ою -
өрнектердің бәрі де табиғаттан алынады. Мысалы: Гүл, жапырақ, бүршік, ағаш,
ай, күн, жұлдыз т.б.
Халық өнерінің өміріндегі алар орнын және қазіргі заман талабына сай
бұйым үлгілерін көрсетіп айту қажет. Халық шеберлерінің қолынан шыққан
бұйымдар олардың орналасу ретін, формасын, түс жарасаымдылығын қарастыру
қажет.
Қазақ қол өнері көне заманнан бері халық тұтынып келе жатқаан ұлттық
мүліктер мен заттарға таяқша, сызықша салып ойылатын. Қарапайым
әшекейлеуден басатап қазіргі дәуірдегі қоршаған айналаны, табиғат
құбылысын ағашпен, сүйікті түсті металға жасау жиһаздарға бейнелейтін
сюжетті өрнектермен әшекейлеуге дейінгі жоғары дамыған кезіне келіп жетті.

Сондай – ақ өру, бұрау, жөну, ойын – алу, құю, сызу, бояу, сүйектеу,
күмістеу, бедерлеу, сияқты өрнек үлгіңлерінің үй тұрмысында,(өнер
үлгілерінің) өнеркәсіпте әртүрлі құрылыста мәдениет саласында архитектура
да жалпы әлем өмірінің дамуына қолданылмайтын, іске аспайтын жері жоқ.
Бейнелеу өнерінің әр түрге бөлінуі суретшінің техникалық әдістері мен
композиция заңдылықтарын өз еңбегінде қолдану ерекшеліктеріне байланысты.
Символдық көріністер қоғам өміріндедегі, адамдар арасындағы қарым –
қатынас қызметін атқарады. Белгілі бір іс - әрекет немесе көріністер туралы
мәлімет символдық белгілер бейнелеу өнерінің ерекше тілі деп қарауға
болады. Символ арқылы берілген мәліметке қандай ұлттың адамдары болмасын
түсінуге, ұғынуға жеңіл.
Бейнелеу өнерінде белгілі символдық белгі ретінде де алынады. Мысалы:
қызыл түс – қоғамдағы ревалюциялық жеңісті, жасыл көк жастықтың, ақ
көгершін бейбітшіліктің символы ретінде белгілі. Сондай – ақ сары түс қазақ
даласын мегзесе, көк түс аспан мен судың түсін білдіреді. Спасск
мұнарасының бейнесі Москва қаласын білдірсе, Аврора крейсерінің бейнесін
көрсек Ленинград, есімімізге түседі.
Символдық белгілердің жасалуының өзіндік ерекшеліктері бар.
Символдық сурет салу үшін суретшілер зат көріністеріндегі үлкен бөліктерді
қалдырып, ұсақ бөлшектерді алып тастап ықшамдау әдісімен белгілі көрініс
арқылы көрушіге мәлімет пен түсініктер береді.
Мысалы: Жол ережесін білдіретін белгі арқылы автомобиль жүргізушілері
белгілі мәліметтерді қабылдап огтырады. Сондай – ақ жолаушылар автобустың
кірер есігі, шығар есігі, мүгедектер орны, жас балалы әйелдер орны
деген сияқты әр түрлі көріністер суреттермен беріледі.
Символдық белгілер жасалуының ою- өрнектергк ұқсастығы бар. Ою -
өрнектер әр түрлі табиғат формаларын ( өсімдіктер мен жануарлар,
геометриялық тұлғалар) ықшамдау әдістерімен орындалады. Табиғат
обьектілерінің көріністерінің ықшамдау біріншіден бейнелеу өнерініңғ
туындысы қатарына кіретін болса, екіншіден белгілі түсініктерді беретін
бейнелеу өнерінің ерекше тілі деп толық атауға болады. Себебі көріністер
белгілерін өзара байланыстарын негізінде символдық ойды берді. Идеялық
мазмұны берілетін мәліметтің сипатын пайдалану қолдану мақсатына байланысты
символдық белгілерді мынадай түрге бөлуге болады.
1. Қоғамдық құбылыстарды (ревалюция, фестиваль, бейбітшілік, олимпияда)
бейнелейтін белгілер.
2. Ғылым, өнер және түрлі мамандық квалификациясының белгісі.
3. Жол – транспорт ережелеріне байлансты белгілер.
4. Тұрмыстағы кеңістік бағыттары мен тұтыну орындарын көрсетуге арналған
белгілер.
5. Сауда орындарында азық – түлік, киім – кешек жөнінде мәлімет беретін
белгілер.
Мектептегі бейнелеу өнер сабақтарында символдық белгілерді
оқушыларға таныстырудың танымдық және тәрбиелік маңызы бар.оқушыларды
олармен танысу барысында ғылым мен өнер туралы түсініктерді толықтырылады.
Суреттердің мазмұнын математика, физика, тарих, әдебиет, музыка: бейнелеу
өнері деген ұғымдарды білдіретін болуы мүмкін. Оқушылар өз бетінше суреттер
салу алдында мұғалім мынадай принциптер бойынша басшылық жасайды:
• Өмірдегі реалдық заттардың форасын ықшамдап алу.
• Символдық белгінің өлшемін қоршаған ортаға пайдалану
қажеттігіне, мазмұнына байланысты көрсету.
• Символдық белгілердің әрбір формасының көрінісі нақты
болуы. Символдық белгіні әсіресе тақырып бойынша және
сәндік сурет салу сабағында орындау ұтымды.
Себебі бұл сабақтарда суретті композиция заңдылықтарымен орындау талап
етеді. Ал символдық суреттер салу үшін композиция ерекшеліктері мен
заңдылықтарын білу өте қажет. Символдық белгі танымдық мүмкіндігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық өнердің нақты туындыларын және олардың оқушылардың эстетикалық қабылдауына әсерін талдау
Дәстүрлі өнер түрлері
Бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен қыр-сыры
Мектеп оқушыларын бейнелеу өнеріне баулудың педагогикалық негізі
Оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың психологиялық ерекшеліктері
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы
Жеткіншектердің эстетикалық талғамы
Бейнелеу өнерінің әмбебап тақырыбы, идеясы, мазмұны мен қыр-сыры туралы
Қазақтың шешендік сөздері арқылы студенттерді тапқырлыққа тәрбиелеу
Бейнелеу өнері пәніндегі Натюрморт тақырыбы
Пәндер