ОЮ-ӨРНЕК - ХАЛЫҚТЫҚ МҰРА



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ОЮ-ӨРНЕК - ХАЛЫҚТЫҚ МҰРА

Қазақ халқының көне дәуірден өшпес мүрасы болып, ұрпақтан-ұрпаққа,
әкеден балаға сабақтасып, өзіңдік тарихымен, әдет-ғұрпымен, сәндік,
көркемдік жолымен, көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен
таныта білген — қолөнері.

Қолөнердің халықтың әлеуметтік салт-тұрмысында алатын орнының қаншалықты
биік, жоғары екеніне сене алсаң — оның ішінде қолөнерді нақышына келтіріп
әдемілік, әсемдік дүниесінің ауқымын кеңейткен ою-өрнек. Олай болса бұл
бөлімде айтайық деп отырғанымыз, өткен өмірімізбен бірге, өшпей мұра болып,
материалдық мүліктерімізбен қатарласып, сабақтасып келе жатқан ою-өрнек
туралы болмақ.

Ою-өрнектің шығып тарауы қолөнер, тұрмыс заттарының өркендеуімен тығыз
байланысты және солардың ішінен орын ала білді. Олардың даму процестеріне
халықтың әлеуметтік сана-сезімінің, болмыс тіршілігінің жанданып,
мәдениетінің өсіп, тұрмыс жағдайларының жақсаруының да әсері болды. Қазақ
халқының қолөнерінің ішінде ағашты, киізді, темірді ұқсату, оларды өңдеп
тұрмыс қажетіне қосып іске асыру, үй жиһаздарын, бұйымдарын жасау тек нағыз
шебер-үйшілердің ғана қолынан келген.

Үйші-ұсталар киіз үйдің сүйегін арнайы дайындаған ағаштардан кептіріп,
морға салып иіп, сырлап жасаған. Киіз үйдің ағаштан құралатын бөлігіне
шаңырақ, кереге, уық, есік жатады. Әрбір киіз үйдің іші жиһазсыз болмаған,
оған жүкаяқ, ағаш төсек, жастық ағаш, кебеже, күбі, әбдіре жасалып киіз,
үйдің төрінен бастап босағасына дейін сәніменен орын алған.

Ою деп заттың, бұйымдардың, жиһаздардың, ғимараттардың сыртқы пішініне,
түріне, шығармашылық әуеніне ерекше мәнер, қосымша әсер беріп, қарапайым
симметриялы элементтерден құрылып, ырғақ, теңеу, рең арқылы түзу жазықтықта
немесе квадрат, ромб, шеңберлерде тұйықталып орналасқан әшекейлі өрнекті
айтады.

Оюды кілемге, сырмаққа, текеметтерге, киімдерге, ыдыс-аяққа, үй
жиһаздарына, аяқкиімдерге, зергерлік бұйымдарға, қару-жараққа, сәулет
ғимараттарына әр түрлі композициялық жолдармен қолданады.

Заттың, бұйымның сыртқы пішініне, алатын орнына, атқаратын қызметіне,
пайдалану мақсатына және шикізат түрлеріне қарай ою-өрнекті ойып, бояп,
қашап, құйып, бедерлеп, өріп заттардың түр-пішінімен үйлестіре пайдаланған.

Ою-өрнек түрлері

Оюлар құрылысына, жазықтықта, кеңістікте тұйықталу мәніне және
образдардың негізгі мазмұнына байланысты бірнеше топқа бөлінеді: мысалы,
мал шаруашылығы мен аңшылық өнерге байланысты жан-жануарлар, хайуанаттар
образын сипаттайтын оюлар; гүл, жапырақ, орман, тоғай, жер-суды бейнелейтін
өсімдік тектес ою-өрнектер; тұрмыс-шаруашылықтағы заттардың формаларын
бейнелейтін үш, төрт ромб және т. б. көп бұрышты геометриялық оюлар; Айды,
Күнді, аспанды, бүкіл әлемді сипаттайтын космогониялық ою-өрнектер. Ата-
бабаларымыз осы топтарға құрылысына, мән-мазмұнына қарай атаулар беріп,
оқып, танып бір-бірінен ажырата білген.

АҒАШТЫ ӨҢДЕУ, ӘШЕКЕЙЛЕУ

ӨНЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Ағаш — табиғатта өте жиі кездесетін өсімдіктердің бірі болғандықтан, адам
өміріне тигізетін пайдасы көп, алар орны бөлек. Сондықтан болар, біз ағашты
күнделікті өмірімізде жиі пайдаланамыз. Атап айтқанда, ағашсыз құрылыс өз
жұмысын бастамайды, күнде ішкті тұрмыста қолданылатын ыдыс-аяқтың көбі осы
аташтан жасалады. Басқа шикізаттарға қарағанда әр түрлі мүліктер жасауға да
өте қолайлы, тез өңделетін жұмсақ, жас күнінде былқылдақ, июге, тоқуға,
ойып-шабуға келгеңде теңдесі жоқ материал. Ағаш өңдеу өнерінде шеберлер көп
кұрал-саймандарды қажет етпеген. Темір ара, балта, шапашот, бұрғы секілді
негізгі қарапайым құралдарды пайдаланған.

Қазақстанның алқапты аймақтарында, сулы, кең байтақ дала-ларыңда жасыл
орман-тоғайлар көп кездеседі. Биік зәулім бәйтеректер, сымбатты сұлу ақ
қайыңдар, былқылдаған талдар, теңдесі жоқ жуан қарағайлар мен емен, үйеңкі
бәрі далаға ерекше сән, көрік береді.

Халық шеберлері, ұсталары ағаштан тек үй шаруашылығына қажетті
бұйымдар ғана жасап қоймай, оларды әшекейлеуді, безендіруді, мәнерлеп оюды,
көркемдеп қашауды, шабуды және ағаш бетіне нақышты өрнектер салуды шебер
игерді. Өнердің бұл түрімен ата-бабаларымыз сонау көне сақтар дәуірінен
бастап айналысқан (б. э. д. VI—VII ғасыр).

Ағашты қолымызға таяқ қылып ұстаған күннен бастап, көптеген қасиеттерін
меңгеріп, кеңінен пайдаландық. Олардың әрбір түрінде, қиынды-кесіндісінде
өте әдемі табиғи көркем сурет бар екеніне көзіміз жетті. Осы қасиеттерін
ағаш шеберлері жұмыс барысында қашан кескенде, бояғанда ескеріп, орнымен
пайдаланып отырған. Емен, қайың, терек секілді ағаштарды Солтүстік
аудандарда толық пайдаланып, оның ішінде қызыл қайыңды жақсы табиғи көркем
суреттері үшін жиһаздар, үй мүліктерін жасауға ерекше сақтап бағалаған.
Олардың түрлерінен ердің қастарын

қашап, шапса, діңінен ыдыс-аяқ жасаған және оларды әсем оюлап, өрнектеп
безендірген. Ал орталық, шығыс аймақтарда алма, акация, ырғай,алмұрт
ағаштарын кеңінен қолөнер жұмыстарыңда пайдаланған. Кебеже, сандық, жүкаяқ,
қобдишалар жасау үшін алма мен жаңғақ ағаштарын, ал музыка ас-паптарын
жасауға тал, қарағай, алма, арша ағаштарын таңдады. Терек, қарағай, үйеңкі,
емен секілді ағаш түрлерін көлемді құрылыс қажеттерін өтейтін бұйымдарға
пайдаланды.

Казақ үй мүліктерінің түрлері

Халықтың мәдени өмірінің, бұрынғы тұрмысының көшпенділікпен өткендігін
біз жақсы білеміз, сөйте түра қазақ халқы күнделікті үй-тұрмысына керекті
үй жиһаздарын, ыдыс-аяқтарын ағаштан жасап алып отырды. Арнаулы жиһаз
фабрикасы болмаса да халық арасынан шыққан шеберлер, ұсталар өр отау, әр
шаңырақтың қажетін өтеп, халықты керек-жарағымен қамтамасыз етіп келді.
Жасалған жиһаз кешпенді халықтың өміріне бейімделген, ықшам, жеңіл болды.
Ағаштан жасалған үй жиһаздарының қатарына - ағаш тесек, ағаш жастық, жүк-
аяқ, кебеже, әбдіре, сандық, жағылан және ыдыс-аяқ бұйымдары жатады.
Заттардың барлығы дерлік киіз үйдің ішін әдемілеп, көрік беріп сәңдеп, үйге
ерекше мағыналы әсер береді. Жиһаздардың әрқайсысының орны, қойлатын жері
бар, ішіне затты салып жинауға қолайлы болады. Соған орай сыртқы формалары
да әр қилы, оюлап нақышына келтірілген.

Ағаштарды қолөнерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопедагогика пәнінің даму жолдары
Ою-өрнекті әр түрлі әзірлемелерді дайындауда дағдылы сәндік жұмыстарды қолдану
Ұлттық өнер
Қазақ халқының ұлттық өнерінің мәні
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
Асыл мұра сән үлгілері
Қазақы оюлардың магиялық күші
Жоғары оқу орындарында кәсіптік білім беру мамандықтары студенттерінің шығармашылық қабілетін дамыту үздіксіз үрдістің жалғасы
Қазақ халқының қолөнерінің даму жолы
Қазақ халқының қолданбалы өнерінің семантикасы
Пәндер