Кіші мектеп жасындағы балалардың ең сүйікті пәні – бейнелеу өнері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Кіші мектеп жасындағы балалардың ең сүйікті пәні - бейнелеу өнері. Өйткені, осы пән арқылы олар өз ойларын, шеберліктерін өздерінің қылқаламдары арқылы ақ қағаз бетіне түсіреду. Бұл пәнді оқытқанда баланың дербес, жеке - дара шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға айрықша назар аударылады. Бейнелеу өнері туралы толық мағлумат алып, шебер халқымыздың, оның асыл азаматтарың өнер туындылармен танысады.

Осы өнер туындалары ішінде өте кең тараған, халқымыздың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін, асқан шеберлікпен бейнелейтін бейнелеу өнерінің түрі - қолөнер.

Қолөнер - мол өнер, оның әрқайсысында талай ғасырлық тарих бар. Қазақ халқының қолөнері халық тұрмысында жиі қолданылатын өнер жиынтығы болып табылады. Атап айтқанда, қазақ халқының баспанасы - киіз үй қазақ халқының қолөнерінің шағын мұрайжайы болып табылады. Қолөнерін өсер ұрпаққа үйрету қазақ тарихында ерте кезден басталаған оны дәріптеушілер - ұста, шебер, зерген, іскер деп төрт топқа бөлінген.

Қолөнердің ішінде ең негізгі орын аталыны - ою-өрнек. Ою - өрнексіз бір бұйым жасалмайды. Ою - өрнек қолөнердің барлық түріне бірдей ортақ заттарды, бұйымдарды әсемдеп әшекелеудің негізгі болып табылады. Ою - өрнектермен безендірілген көркем бұйымдарды көбінесе киіз үйдің ішкі жасауларынан көруге болады.

Енді осы ұлттық ою -өрнектерді салу жолдарын үйренейік.

Ең алдымен оқушыларды халықтық сәндік қолданбалы өнермен таныстырамыз, содан ою-өрнек элементтерін болумен орындау тәсілдерін үйренеміз.

Мұғалім оқушыларға сурет салудың техникасы мен әдіс-тәсіл жолдарын жақсы меңгеру үшін ою-өрнек нақыштарын болу арқылы қылқаламмен бірден орындау жолдарын түсіндіреді.

Ою-өрнек нақыштары - қолды жаттықтыруға, суретшінің ойын, қиялын ұштауға таптырмайтын құрал-әдіс, тамаша мектеп. Ою-өрнек суретшінің қолының икемін, әсем қимылдауын, сызықтың әдемі де айқышты болып сызылуын қалыптастырады.

Балаларды суретке үйретудің әдістемелік құралдарына әлі күнге дейін өрнек салуға онша көп мән берілмей келген. Әдістемелік құралдардың көбіне бірінші орынға долбар (набросок) салуды мақсат етіп қояды. Ал ою-өрнек Орта Азия мен Қазақстан халықтары үшін ең негізгі безендіру құралы болып саналған. Сонымен қатар сурет өнері, қолөнері дамыған. Шығыс елдеріне ең алдымен ою-өрнекке, оның салу жолдарына көп көңіл бөлінген.

Ою-өрнек өнерң Қазақ еліне кеңінен өркендеді, екенің бір оюшы, он саусағынан өнер тамған шебер болды. Әжелеріміз киіз басып, сырмақ сырғанда, сәндік кілемдерді безендіргенде жаснның улғайғандығы, күш-қаутының кемігендігіне қарамастан, өрнек нақыштарын композициялық шешімі мен түс жарасымдылығын дәл, нақты, әсем етіп орындай білген. Қазіргі кездің өзінде қолы шебер ата-әжелеріміздің жасаған өнер туындыларына таңғалмай тура алмайсын.

Қазақ халқының ою-өрнек түрлері өте көп. Атап айтар болсақ, жануарлар өрнегі, өсімдік өрнегі, геометриялық өрнек, ғарыштық өрнек болып негізгі төрт бөлігіне бөлінеді.

Жануарлар өрнегіне мүйіз, қос мүйіз, қыңыр мүйіз, қаз мойын, табан, өркеш т. б. көптеген өрнектер кіреді.

Өсімдіктер өрнегіне ағаш, жапырақ, үш жапырақ, өткізбе, шиыршық, гүл, жауқазын т. б. жатады.

Ғарыштық өрнектерге шеңбер, шимай, төртқұлақ, шұғыла, жұлдыз, т. б. жатады.

Геометриялық өрнектерге сүйір, ирек, төртүшкіл, балдақ, қармақ, тұмарша, шынжыр т. б. жатады.

Мұғалім ою-өрнек салудың сырларын түсіндіріп болғанан кейін, өрнек элементтерінің кейбір түрлерін тақтаға басқа өрнектерді жеміс - жидектер өрнегін түрлендіріп, жаңа тәсілдерімен орындап көрсетеді. Қайталанып отыратын өрнек элеметтерінің ара қашықтарының бірдей болуына көңіл бөледі. Оқушылар қилқаламмен бірден элементтерін орындауға кіріседі.

Бірінші жаттығу:

Қылқаламды болуға батырып алып, түрлі түсті бояумен «ирек» өрнегін сызып шығу. Алғашқыда қарындашпен жіңішке сызық арқылы жолаңша сызып алу қажет.

Қылқаламды басу жеткенше қағаз бетінен алмай, жеңіл, асықпай сызып шығу.

Екінші жаттығу: «ирек» өрнегін геометриялық өрнекке айналдырып сызу.

Жіңішке сызықтар арқылы желақтаны дайындап алып, ирек өрнегін түзу сызықтармен қылқаламды жоғары-төмен жүргізіп отырып орындау.

Мұғалім көрнекіліктерді алып тастап, оқушылардың еңбек сабағында орындалған еңбектерін көрсетіп әңгімелейді.

Енді өзіміз жасап үйренген өрнек элементтерін мына бұйымдарға салып, әшекелейміз деп түсіндіреді.

Мысалы, қағаздан жасалған бас киім, алжапқыш, сүлгі т. б.

Бұйымдар үлгісін жолақша, дөңгелек, үшбұрыш сияқты фигуралармен безендіру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнерінің оқушылардың білім сапасын және танымдық белсенділігін арттыруда ықпалы
Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру әдістемесін жасау
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Пластикалық пішіндер өнері мен мүсіндеуді оқушыларға үйретудің әдістемесі
Бала бақшада табиғи материалмен танысу және шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде ұлттық қолөнер материалдарын пайдаланудың теориясы
Бастауыш сыныпта оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
«Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы »- пәні бойынша дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz