ӨЗ ЗАМАНЫНЫҢ ӨР ТҰЛҒАСЫ


ӨЗ ЗАМАНЫНЫҢ ӨР ТҰЛҒАСЫ
А. Қ. Абдилданова
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы
Қазақстанның егеменді ел болуы жағдайларында, демократиялық қоғам мен нарықтық экономика құру жолында, Республиканың басынан кешірген тарихи жолдарын ғылыми тұрғыдан қайта қарап, әділ бағасын беру ісі едәуір нәтижелерге жетті. Тарихшылар жаңа әдістемелік көзқарастар, жаңаша ойлау әдістерін жасауға, тарихи үрдісті оның өзі қандай болса, сол күйінде - өзара байланысты, тұтастықпен ұласқан, диалектикалық даму үстіндегі түрінде көруге ұмтылып, жаңа айқындамалар тұрғысынан жазылған еңбектер жарық көруде. Әсіресе, соңғы жылдары республикамызда тарих ғылымына деген қызығу арта түсті. Оның бірнеше себептері бар. Олар: жоғарыда айтылған Қазақстанның егемендік алуы, ұлттық сана сезімнің өсуі, тарих ғылымының идеологиялық қыспақтан арылуы, қазақ халқы тарихының күрделі тұстарын қайта құру және жаңа түсіндірудің қажеттілігі. Мұндай күрделі жұмыстың сәтті болуы үшін Қазақстан тарихының көрнекті қоғам қайраткерлерінің мұрасын дұрыс, жан-жақты талдап, игере білудің де маңызы зор екені көпшілікке белгілі.
Қазақ тарихының беттерін парақтай бастасақ, ұлы істерге ұйытқы болған ұлы тұлғаларымыз бен бүгінгі күнге дейін лайықты бағасын ала алмай келе жатқан боздақтарды көреміз. Тірісінде қадірін білмегенімізбен, дүниеден өткендерінің еңбегін елеп «аруағын аунатсақ», көзі тірі жақсының жақсылығын айтып, нұрын тасытқанымыз жөн. Алайда, біз таңдауымыздың үлесіне тиіп отырған азаматымыздың өміріне үңіліп, олардың еңселі істерін марапаттаумен ғана шектелмек емеспіз. Санамыздан шайыла қоймаған Кеңестік идеология, тілге тиек етпекші ерлерімізді де «аяқтан шалып» санасына «қанды шеңгелін» батырып көрген. Десек те, азаматтарын әсепттей білер халқымыз бен өткеніне төреші болар тарихымыз бар елміз. Арқалы елдің үш ұлы - бірі қол бастаған қаһарманы болса, Жұмабай Шаяхметов ел тізгінін ұстаған саясаттың «жілігін шаққан» қоғам қайраткері. Өткенімізге үңілмей, ертеңімізге иек арта алмаймыз. Өрлеу мен құлдыраудың дәмін тартқан қандасымыз Жұмабай Шаяхметовтың есімін түрлі саяси жағдай мен уақыт тарих беттері түгілі, санамыздан да өшіріп жібере жаздады.
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне жетекшілік еткен алғашқы қазақтардың бірі туралы мәлімет кімге болса да қызықты да тағлымы болары сөзсіз. Бірақ, өкінішке орай, 1946 жылдың маусымынан 1954 жылдың ақпанына дейін ел басқарған Жұмабай Шаяхметов туралы ұзаққа созылған үнсіздік оған мүмкіндік бермей келді.
Ж. Шаяхметовтың өз дәуірінде атқарылып жатқан іс-шаралардың барлығына ат салысып қызмет етіп, халықтың тұрмыс тіршілін жақсартуға барлық күш қуатын салғанын оның қызмет атқарған тұстарындағы мындай елеулі өзгерістерден көруге болады: Орталық Комитеттің бірқатар шешімдерінде және партия Орталық Комитеттің пленумында (1947 жыл) ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жөнінде нақтылы шаралар белгіленді, оны ілгері дамыта беру жөнінде бірсыпыра ұсыныстар жасалды. Ауылшаруашылық өндірісін көтеру жолындағы күресте колхоздарды ұйымдастыру - шаруашылық жағынан нығайтудың бұл дәуірде айрықша зор маңызы болды. «Колхоздарда ауылшаруашылық артелінің Уставын бұзуды жою шаралары туралы» Кеңес үкіметі мен ВКП (б) Орталық комитетінің 1946 жылы күзде қабылдаған қаулысында және партия Орталық Комитетінің февраль пленумының шешімдерінде колхоз өміріндегі елеулі кемшіліктер (колхоздардың қоғамдық жерлері мен қоғамдық игілігін талан-таражға салу, еңбек күндерді дұрыс жұмсамау фактілері) ашылды, бұл кемшіліктерді жою жолдары белгіленді. Орталық Комитет партия ұйымдарының алдына мынандай міндеттер қойды: ауылшаруашылық артелінің Уставын бұзушылықтың бәрін жою, колхоздардың қоғамдық жерлері мен қоғамдық игіліктерін талан-таражға салуға, еңбек күндерді теріс жұмсауға жол бермеу, колхоздарды басқаруда демократиялық негіздерді бұзушылыққа тыйым салу, жерді, көлік-сайманды пайдаланудағы иесіздікті жою, колхозшыларға еңбек ақы төлеуде және колхоз табыстарын еңбек күндер бойынша бөлуде теңгермені жою, колхоздарға агрономиялық және зоотехникалық жәрдем беруді күшейту, колхоз кадрларын, колхоз өндірісінің шеберлерін дайындау және қайта дайындау ісін жақсарту. Партия Орталық Комитеттің Қаулыларын жүзеге асыра отырып, жергілікті партия ұйымдары бірқатар маңызды шараларды жүзеге асырды. Түрлі ұйымдар мен мекемелер пайдаланып отырған немесе колхозшыларға және басқа адамдарға заңсыз берілген қоғамдық жерлер, колхоз малы және басқа құнды заттар колхоздарға қайтарылды, колхоздардың басқару аппараты қысқартылды, мұның өзі толып жатқан еңбек күнді үнемдеуге мүмкіндік берді. Орталық Комиттетің шешімдерін орындау жолындағы күресте колхозшылардың белсенділігі едәуір көтерілді. Алайда ол дәуірде колхоз өндірісін ұйымдастырудағы және колхоздарға басшылық ету ісіндегі көптеген ірі кемшіліктер ашылмай қалды да, бұл жағдай социалистік ауыл шарушылығының дамуына үлкен бөгет жасады. Партияның қамқорлығы арқасында ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы едәуір нығайды. Ауылдарға көптеген машиналар, жанар май және тыңайтқыш заттар жіберілді. 1949 жылы колхоздар, МТС-тер мен совхоздар тракторлар мен ауылшаруашылық машиналарын 1940 жылдағыдан екі жарым төрт есе көп алды. Ауыл шаруашылығында тракторлар соғыстан бұрынғыдан көп болды. Колхоздарды, совхоздар мен МТС-терді электрлендіру жұмысы үдей түсті. Колхоз өндірісінің материалдық-техникалық базасын нығайту, МТС-терді ең жаңа ауылшаруашылық техникасымен қаруландыру, колхоздардың қоғамдық өндірісін жетілдіре беру мәселесін күн тәртібіне әкеліп қойды. Елімізде 10-30 үйді біріктірген, жер көлемі аз, кіші-гірім колхоздар көп болды. Ұсақ колхоздарда техника нашар пайдаланылды, әкімшілік басқару шығыны өте көп болды. Осындай колхоздар ауыл шаруашылығының өнімділігін дамытуға кедергі жасады. Колхоздарды ірілендіру жөнінде көп жерлерден ұсыныстар түсе бастады. 1950 жылы коммунистердің инициативасы бойынша ұсақ колхоздарды ірі колхоздар етіп біріктіру жолында колхозшылардың кең қозғалысы басталды. Колхоздарды ірілендіру ісі бірігуші колхоздардың ықтиярымен және өзара келісімі бойынша ғана жүгізілді. Колхоздарды біріктіргенге дейін елімізде 254 мың ұсақ колхоз бар еді, ал біріктіргеннен кейін, 1953 жылдың аяғында, 91 мың ірі колхоз болды. Колхоздарды ірілендірудің зор экономикалық маңызы болды. Ауылшаруашылық өндірісін дамыту үшін мұның өзі кең жол ашты. Ірі колхоздарды өнімділігі жоғары техника неғұрлым толық пайдаланылады, егіннен мол өнім алу үшін, мал шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін бұлардың мүмкіншіліктері көп. Соғыстан кейінгі уақытта селолық партия ұйымдары едәуір нығайды. Армиядан босатылған көп коммунистер ауылдарға барды. Бірсыпыра коммунистер аудан мен қала орталықтарынан селоларға жіберілді. Селода коммунистік ұйытқы күшейді, ондағы партия ұйымдарының саны артты. Бастауыш партия ұйымдарының саны артты. Олардың басым бөлігі коммунист болды. Партия ұйымдарының басшылығымен және бүкіл совет халқының жәрдеміне сүйене отырып, колхозшылар, МТС және совхоз жұмысшылары ауыл шаруашылығына соғыстың тигізген сұрапыл зардаптарын негізінде жойды. Ауылшаруашылық өндірісті негізінен алғанда соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетті. Алайда колхоз құрылысының ішінде әлі ашылмай жатқан ауыл шаруашылық өнімнің мөлшерін көбейту мүмкіншіліктері толық пайдаланылмады. Сондықтан ауыл шаруашылығы халықтың азық-түлік жөніндегі қажетін, ал жеңіл және тамақ-дәм өнеркәсібінің шикізат жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Дәнді астық проблемасы шешілмей қалды. Дәнді астық егіс көлемдері бес жылдың ішінде 20 процент арта тұрса да, соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетпеді. Егін түсімділігі әлі де төмен дәрежеде қалып қойып отырды. Мал шаруашылығын дамытуда ірі кемшіліктер болды. Сиыр мен шошқа соғысқа дейінгіден аз болды. Мал шаруашылығының өнімділігі төмен дәрежесінде қала берді. Көптеген колхоздарда техника қанағаттанғысыз пайдаланылды. Елімізде артта қалып келе жатқан колхоздар мен аудандар көп болды. Мұның үлкен бір себебі ауыл шаруашылығына басшылық етуде елеулі жетімсіздіктер болды, жергілікті қызметкерлердің инициативасы тежеліп келді, колхоздар мен колхозшылардың еңбек нәтижелеріне ынталандыру принціпі бұзылып кетіп отырды. Соғыстан кейінгі дәуірде И. В. Сталиннің ұсынысы бойынша кейбір негізсіз шаралар жүргізілді, бұлар ауыл шаруашылығының дамуына теріс әсерін тигізді. Жүргізіліп отырған саясатқа қарамастан өзінің қоғамдық саяси қызметінде Жұмабай Шаяхметов кадрлар мәселесін көтерумен болды. Өнеркәсіптің тез өсуі негізінде және ауыл шаруашылығы дамуындағы белгілі табыстардың негізінде партия совет халқының материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтерді. Әйелдер арасындағы саяси-тәрбие жұмысын жақсы ұйымдастыру және оларды саяси-өндірістік жұмысқа жұмылдыру мақсатымен, БҚ (б) П Комитетінің қаулысы бойынша 1943 жылы партия комитеттері жанынан әйелдер арасындағы жұмысты басқыратын бөлім құрылды. Бұл бөлімдердің құрылуы әйелдер арасында көпшілік-саяси жұмыстарды кең түрде жүргізуге және әйелдердің халық шаруашылығының барлық салаларына белсене қатысуына жәрдемші болды. Басшы партия және совет орындары құрамындағы әйелдердің саны жөніндегі бірнеше цифрлар әйелдер қызметінің анағұрлым артқандығын көрсетеді. ССР Одағы Жоғарғы Советінің бірінші шақырылуында - 3 әйел (оның 2 қазақ әйелі) депутат болып сайланды, екінші шақырылуында - 10 әйел (оның 7 қазақ әйелі) депутат болып сайланды. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің бірінші шақыры-луында - 60 әйел депутат болып сайланса, екінші шақырылуында 78 әйел депутат болып сайланды. Жергілікті Советтердің құрамына 18, 195 әйел, немесе депутаттардың жалпы санының 31, 1 проценті әйелдерден сайланды. Село, ауыл және поселкалық Советтері атқару комитеттерінің төрайымдығына 395 әйел сайланды, мұның 286 - сы қазақ әйелдері. 10 әйел министрліктердің орынбасары болып істейді, оның 7 қазақ. Болып өткен партия конференцияларында қалалық және аудандық партия комитеттерінің хатшылығына 168 әйел жоғарылатылды, ал 1940 жылдың 1 қаңтарына дейін тек 30 әйел ғана аудандық партия комитеттерінің хатшысы болып істеген еді. Облыстық партия комитеттерінің хатшылары болып 7 әйел сайланды, ал ҚК (б) П-ның 3 съезіне дейін бұлар мүлде болмаған еді. Әрбір облыстың, ауданның МТС-тің, колхоздың, совхоздың және кәсіп орнының алдына қойылған шаруашылық-саяси міндеттерді ойдағыдай орындау, асыра орындау ісінде әйелдердің, жұмысшы және колхозшы әйелдердің, рөлі орасан зор. Соғыстан кейінгі сталиндік бесжылдықты төрт жылда орындау жөніндегі күресте көптеген әйелдер қазірдің өзінде-ақ бірнеше жылдық нормаларды орындады. 1948 жылы ССР Одағы Жоғарғы Советі Президиумының Указы бойынша Қазақстанның 93 колхозшы - әйелдеріне Социалистік Еңбек Ері деген атақ берілді. Оның ішінде қазақ әйелі 54. 93 колхозшы әйелдерге, әсіресе 54 қазақ әйеліне Социалистік Еңбек Ері атағын беру зор саяси маңызы бар факты болап табылады. Бұдан әйелдерді, әсіресе, қазақ әйелдерін біздің қоғамдық-саяси және мемлекеттік жұмыстарға белсенді түрде қатыстыру жөніндегі партиямыздың саясатының бұлжымай орындалып отырғандығын көруге болады. Қазақ әйелдерінің өткендегі және қазіргі жағдайын Алматы облылысының Іле ауданы Фрунзе атындағы колхоздың Социалистік Еңбек Ері Шолпан Пішембаева жолдас жақсылап сыйпаттап берді, ол былай деді: «Бұрын қазақ әйелдері еркектер отыратын үйге кіре алмайтын еді, тек қазан-ошақты ғана білетін еді. Қазірде әйелдердің праволары еркектермен бірдей, еліміздің барлық мемлекеттік жұмыстарына білсене қатысып отырады. Әйелдер арасындағы жұмыстың жақсара бастағандығын көрсетіп келіп, дегенмен бұл жұмысты қанағаттанарлық деуге болмайды. Әсіресе, бірқатар облыстарда осы уақытқа дейін феодалдық-байшылдық қалдықтардың фактылары, яғни көп қатын мен мал алу, жасы толмаған қыздарға үйлену фактыларының орын алуы қауіп туғызарлық нәрсе. Партия және комсомол ұйымдары осындай зұлымдыққа қарсы күресті әлі де болса нашар жүргізіп келеді. Ол ол ма, кейбір жеке коммунистер мен комсомолдар ескіліктің осындай сорақы қалдықтарын өздері істеп келеді. Сот пен прокуратура органдары бай-феодалдық қалдықтарға қарсы күресті нашар жүргізеді. Осы қылмыстар бойынша көбінесе дәлелсіз жеңіл жазалар қолданылады. Әйелдер арасындағы жұмыстар жөнінде партия ұйымдарының алдында мынадай міндеттер тұр: соғыстан кейінгі сталиндік бесжылдық жоспарды мерзімінен бұрын орындау жолындағы социалистік жарысқа әйелдердің анағұрлым белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету керек. Бұл үшін әйелдер еңбегінің өнімділігін барынша арттыруды қамтамасыз ететін тиісті жағдай туғызу керек, әйелдердің өндірістік мамандығын арттыру жөнінде оларға кең түрде жәрдем көрсетуді қамтамасыз ету керек. Әйелдерді, әсіресе, қазақ әйелдерін партия, комсомол, совет кәсіпшілер одағы, шаруашылық жұмыстарына батыл түрде жоғарылату керек, олардың өсуін мұқият қадағалап отыру керек, оларға күнделікті көмектесіп отыру керек. Бай-феодалдық қалдықтардың қандай түріне болса да қарсы күресті мейлінше күшейту керек, әйелдерінің абройы мен адамгершілігін қорлайтындарды қатаң жазалап отыру керек. Басшы кадрлар бұдан былай да өсіріліп, оларға большевиктік тәрбие берілсін. Кадрлар жөніндегі өзінің жұмысына Қазақстан ҚК(б) П Орталық Комитеті Сталин нұсқауларын, БҚ(б) П Орталық Комитетінің 1944 жылғы 19 марттағы «Қазақстан партия ұйымында партия, совет кадрларын іріктеп алу, даярлау және орналастыру туралы» қарарларын басшылыққа алып отырады. Республикамыздың партия ұйымдары БҚ(б) П Орталық Комитетінің қарарларын орындай отырып, басшы кадрларды өсіру, тәрбиелеу және жоғарылату жөнінде көп жұмыс істелді, мұның өзі негізінен алғанда соғыс міндеттері мен шаруашылық-саяси міндеттердің бәрін де партиямыздың Орталық Комитеті мен Одақтық үкіметтің нұсқауларының рухына сай келетін етіп дұрыс шешіп отыруымызға мүмкіндік берді. Қазақстан К(б) П ІІІ съезінен бергі тоғыз жыл ішінде басшы кадрлардың құрамында үлкен өзгірістер болды. ҚК(б) П Орталық Комитетінің номенклатурасын тұтас алып қарайтын болсақ, сонда бұл өзгерістер мынадай болып шығады: а) қазақтар мен әйелдердің әсіресе, қазақ әйелдерінің үлес салмағы өсті; б) Орталық Комитетінің номенклатурасында жоғары дәрежелі және бітірмеген жоғары дәрежелі білімі бар басшы кадрлар ҚК(б) П ІІІ съезінің қарсаңында тек қана 10 процент еді, ал, қазір 31, 8 процент болып отыр. Орта дәрежелі және орталау білімі бар кадрлардың үлес салмағы 34 проценттен 50, 6 процентке дейін
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz