Өз ақыл-ойын тәрбиелеу



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Өз ақыл-ойын тәрбиелеу.

Жоспар
.
1.Өзіңді сыйлау-аялау, өзгені сыйлау пейіліңді аямау.
2.Өз ақыл-ойын тәрбиелеу.
3.Сөйлеу мәдениеті.

Өзіңді сыйлау –аялау,өзгені сыйлау, пейіліңді аямау.
Осы себепті де, кез келген педагог өзінің сапасы бойынша басшы бола
бермейді, ал басшы қызметкер педагог, тәрбиелі болуы хақ.Абай атамыз Әрбір
ғалым әкім емес, ал әрбір әкім ғалым-деп бекер айтпаған.
Адам жаратылысынан қызғаншақ, адалдық, мейірімділік, жомарттық,
қаскөйлік, адамдық, көңілшектік, бауырмалдық, тәкаппарлық, тағы сол
секілді толып жатқан қасиеттерден тұратын құбылыс.
Соның ізгілікті нұрын шашуы үшін, адамның жақсылығының басым түсіп жатуы
үшін, алдымен ақыл керек. Ақыл-бәрін реттеп, жөндеп жолға салып отыратын
адам миының құдайы болса керек.
Ақылы кем адамның әрекеті-айналаға, ортаға, одан қоғамға, одан әрі бүкіл
халыққа жүк болатыны елене бермейді. Сондықтанда бұл болмысты өзгертетін,
тәрбиелейтін, ізгілікке жетелейтін нәрсе-оқу мен,біліммен, ізденіс тек,
мәдениетпен келетін сана тазалығы деп түсінген жөн.Ендеше, осы уақытқа
дейін біз қанша сауаттымыз десекте, әлі де шала сауаттылығымызды
мойындауымыз керек.Өйткені,қазіргі кездегі қоғамдық ортадағы пайда болған,
біртіндеп сіңісіп келетін жат мінез, жаман қылыққа үйірлік, сірә ақыл-ой
ортайып, таным-білім тұйықталып, снадағы сәуле өлеусіреген шақта оянып, оны
түзету жолын табуға пәрменіміз жетпей жатқандығын байқатады.
Өйткені, ой-біліммен жұрдай болған жан-дүние жұтаң тартады, жалқаулық
басады. Жалқаулық ойланбай істеуге, оңай жол іздеуге бейім тұрады. Ендеше ,
надан елден ноқай істер шығатынына дау жоқ.
Осының бәрін біліп тұрып түсіне алмау, көріп тұрып сезіне алмау, сананы
сансырататын қасірет екенін ұмытпау керек. Ақылды тыңдау бір басқа, қорыту
басқа, нақылды тыңдау бір басқа, оны бойға сіңіру басқа екенін жадымызда
ұстаған ләзім.
Ойлылққа ақыл жеткізеді, ақылдылыққа білім жеткізеді.Бірақ, есте боларлық
жайт, ақылдылық-табиғи нәрсе. Білімсіз ақылдыларда болады.Білім-
ақылдылыққа жетекші. Бірақ, білім бар болса да , ақылға шала адамдар
кездеседі.Білім бар болса да әділетсіз адамдар болады. Тек әрі білімді, әрі
ақылды адам ғана ойшылдыққа жетеді. Ойшылдыққа жету үшін не істеу керек?
Аристотель: жақсылықты жақсыдан тап- деген. Сондықтан ойшылдықты әлемнің
ұлы ойшылдарынан табу, солардан үйрену керек. Десек те, білімді тек
кітаптан ғана емес, өмір мектебінен де алып үйрену қажет. Дәлірек айтсақ
адам өз білімін білікті адамдармен әңгімелесу, пікір таластыру арқылы да
толықтыра, жетілдіре түседі.Білікті жанды әңгімеге тарта білу үшін өзің
көп нәрседен хабардар болуың қажет. Ондай кісілермен кездескенде әңгіменің
тізгінін өз қолыңа алып, оны ұдайы өзің жөнді түсіне алмай жүрген
мәселелерге қарата бағыттап отыру керек.
Әр нәрсеге мән беріп қарау көп білуге жетелейді. Көп білген сайын одан
әрі білгің келе береді. Көп білген сайын білмегенің де көбейе береді. Көп
білгенің тағы да білуге жетелейді. Білуге құштарлық, білімге құштарлық
деген осы. Ал білмегенмен ғана қанағаттану-надандық нышаны.
Жоғарыдағы айтылғандар, адамдарды ұғымтал сана құдіреті, сайып келгенде-
өмірді біл!- дегенге алып келеді. Өмірді білмеу қойшының қой бағатынын,
бағбанның бақша өсіретінін білмеу емес, сол қойшы, бағбанның не ойлайтынын,
неге қуанып, неге ренжитінін білмеу. Бұл, Адамды білмеу- деген сөз.
Әлбетте, сөйлеу мәдениеті әркімнің ой-өрісі, білім-ғибрат, тәлім-өнегесі,
ішкі рухани қуатымен үндес болып келеді.Қант –тәтті тағам, бірақ шәйға қант
қосумен суға езудің айырмасы бар.Бірі шөл қандырса, екіншісі,жүрек айнытар
болар. Сондықтан да, ойлы сөздің бағы орнықты істе жанады.
Мінез-құлыққа адамның жасап, атқарып жүрген іс-әрекетінің әсері мол.
Сондықтан, осылай қалыптасқан тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін аңғару
әбзел. Мұндай жағдайда педагогтың өзінің мінез-құлқының ерекшеліктері
тұлғаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын тәрбиелеу үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы
Жеті атасын білуге тәрбиелеу
Мектепке дейінгі білім беруде балалардың дидактикалық ойындар арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыру
Балалардың еңбек әрекетін жоспарлау
Бейнелі ойлау - мектеп жасына дейінгі бала ойлауының негізгі түрі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер