ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ТАРИХЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ТАРИХЫ
1. ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ (ҚАЗАҚ
ДИАСПОРОЛОГИЯСЫ) ... ... ... ...
2. ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... .
3. ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ КЕЙБІР ҚАЗАҚТАР ТУРАЛЫ ШЫНДЫҚ ПЕН
АҚИҚАТ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
2.ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҒЫ
1. ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ІШІНДЕГІ ҚАЗАҚ
МӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. ӨЗБЕКСТАНДА ЖАСАЙТЫН ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК
- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

3. ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ МӘДЕНИ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ...
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...

1.1 ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ (ҚАЗАҚ
ДИАСПОРОЛОГИЯСЫ)
Қазақ поэзиясының жарқын жұлдыздарының бірі, өршіл рухты ақын Жұбан
Молдағалиев айтқанындай мың өліп, мың тірілген қазақ халқының мәңгі
өлмеске біржола бойын тіктеп, ақ түйенің қарны жарылып, тәуелсіздікке
қол жеткізгеніне де жиырма жылға жуықтап қалды. Еңбектей жылжып, талпына
қаз тұрып, есейе ержетіп, өмір ұсынған сынақтардан тәжірибе жинақтап, есесі
кеткен кешегі балаңдықтан, есебін түгендер естілікке қол жеткізе бастаған
жас мемлекетіміздің болашағына деген сеніміміз де нығая түсуде.
Бүгінгі күннің биігінен болашақтың шыңына көз сала отырып, өткен
тарихымызға да үнемі үңіліп, мұқияттап отыру – парасатты елдің белгісі.
Өйткені ғұмыр дегеннің, тарих дегеннің өзі осы үштіктің бірлігінен құралмай
ма, әрі өткеннің сабағы бүгінгіге қорытынды, ертең үшін қателігі болса
қайталамас үшінгі сабақ. Тарихымызды таразылап, ақтаңдақтары мен кем-
кетікті тұстарын толтыру, ұлттың тарихи санасын метрополия ықпалымен күштеп
орнықтырған жасанды мазмұн, жалаң пішіннен арылту жұмыстары баяу болса да
ілгерілеп жүріліп келе жатқандығы анық. Тәуелсіздікке қол жеткізіп, ғылым
салаларының дамуына деген шектеуліктер жойылуына да қарқын ала бастады.
Бұған дәлел ретінде психология, әлеуметтану т.б. ғылымдарды келтіруге
болады. Осынау ғылымдардың бірі-диаспоралогия.
Тарих, география, этнография, демография, саясаттану т.б. ғылымдармен
тығыз байланыстағы, статистикалық нақты деректерге сүйенетін осынау ғылымды
біздің жас мемлекетіміз Қазақстан Республикасында дамыту – бүгінгі күн
талабынан туындап отырған өзекті іс деп қарауға болады. Осы ретте,
диаспоралогияның қажеттілігі неде деген сұраққа келетін болсақ, Қазақстан
Республикасы халқының төрттен бірінен астамын түрлі диаспора өкілдері
құраумен қатар, толайым қазақ деген жұрттың да үштен біріне жуығы қазіргі
Қазақстан шекарасынан тыс өмір сүріп жатқандығының өзі диаспарология
ғылымын дамытудың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.
Диаспоралогия – диаспора мәселелерін зерттейтін ғылым дейтін болсақ,
ең алдымен диаспора деген ненің атауы, қарастыратын мәселесі не,
терминологиялық жүйесі қандай деген сұрақтар туындары да анық. Осы ретте
күнделікті лексиконымызда, БАҚ жүзінде диаспора сөзінің біршама көбірек
қолданылатындығын да еске ұстағанымыз дұрыс болмақ. Әсіресе, шетелдерде
тұратын қандастарға байланысты диаспора термині жиі қолданылғанымен,
олардың басым бөлігіне тән ирредент термині көп қолданыла бермейді.
Біздің мақаламыз да осы мәселеге арналып отыр. Тарихнамалық тұрғыдан
алғанда бұл екі категорияға жататын шекара сыртындағы ұлттық бөлшектердің
өзара айырмашылығы жер мен көктей болмаса да тау мен төбедей екендігі анық.
Диаспора деген сөздің өзі грек тілінде шашырау, шашырай
орналасу дегенді білдіреді, яғни ұлт шашырандысы деп қолдануға болады. Әу
баста Палестинадан тыс жерлерге тарап кеткен еврейлерге байланысты
қолданылған болса, бүгіндері әлемдегі күллі діни және этникалық топтарға
қатысты терминге айналған. Диаспора міндетті түрде көші-қонның нәтижесінде
немесе салдарынан болады және осыған сәйкес қалыптасуы да әр түрлі болуы
мүмкін.
Көші-қон тіршілік қамына байланысты, қақтығыс-жанжал мәжбүрлегендіктен
және түрліше басқа да жүйелі сипаттар негізінде туындайтындығы белгілі.
Көші-қонның өзі көшу қашықтығына (алысқа немесе жақынға), қалу мерзіміне
(тұрақты немесе уақытша ), шекара сызығын кесіп өтуіне (ішкі және сыртқы),
тұратын мекенжайына (қаладан ауылға немесе, ауылдан қалаға т.б.), кету
себебіне (өз еркімен немесе зорлықпен, экологиялық жағдайға байланысты),
кетушілердің сандық ауқымына (жаппай немесе жекелей), әлеуметтік құрылымы
мен сипатына байланысты болып келетіндігі белгілі. Біздің қазақ ұлтының
көші-қондық сипатына да осы аталғандардың барлығы тән. Ішкі және сыртқы
миграция қатар жүрілетін демографиялық құбылыс және қазір ол қазақ
халқының пайдасына жұмыс істеп жатыр деп нық сеніммен айта аламыз. Оның
дәлелі жергілікті ұлттың соңғы санақтағы 67 пайыздық көрсеткіші.
Тіршілік қамымен шетелдерге барып тұрақтап қалу – барлық ұлттарға
тән. Мысалы, Қытай, Үндістан, Африка елдерінен шыққан жүздеген миллион
диаспора өкілдері байырғы мекенінен шет жерлерде тіршілік етуде. Осындай
ахуал Қазақстан Республикасында да қалыптасқан. Жоғарыда аталған үш түрлі
қоныс аударудың нәтижесінде кең байтақ қазақ жеріне әр түрлі кезеңдерде
орын тепкен 130-дай ұлт диаспорасы өмір сүруде.
Әлем халықтары арасында өзінің байырғы мекеніндегілерге қарағанда
шеттегі диаспоралардың пайыздық үлесі басым түсетін жағдайлар көптеп
кездеседі. Мысалы, 12 млн армянның 4 миллионнан астамы ғана қазіргі
Арменияда өмір сүрсе, татар бауырларымыздың саны да осымен шамалас, ал
Татарстанда барлық татарлардың үштен біріне жуығы ғана тұрады. Саны
осыншама еврейлердің де жартысынан астамы Израильде тұрмайды.
Енді ирреденттер туралы қарастыралық. Диаспора – жоғарыда атап
өткеніміздей, миграция нәтижесінде пайда болса, ирреденттер – соғыс
аннекция, даулы шекара сызықтары немесе отарлау саясаты нәтижесінде
қайта бірікпей өз елінің шегінен тыс, тарихи автохтонды ұлттың
шекаралас өлкелерде қалып қойған бөлшектері болып табылады. Ирредент
сөзі, грекше - қайта бірікпеген деген мағына береді.
Енді қазақ диаспорасы мен қазақ ирреденттері турасына көшелік.
Әлемдегі күллі қазақтың саны шамамен 15 млн-дай болса, соңғы санақтың алдын-
ала қорытындысы бойынша 10 млн.-нан астамы Қазақстанда, 5 миллиондайы 40-
қа жуық шетелдерде өмір сүріп жатыр және осы 5 млн.-ның 4 миллионнан астамы
ирредент, қалған бөлігі диаспора болып табылатындығы анық.
Қазақ диаспорасының пайда болуы, қалыптасуын зерттеген ғалым
Г.М. Меңдіқұлова Исторические судьбы казахской диаспоры.
Происхождение и развитие атты монографиялық еңбегінде былай деп атап
көрсетеді: За пределами террритории Казахстана около 4 млн 500 тыс.
казахов проживают в 14 государствах бывшего СССР и 25 странах мира, из
которых лишь около 800 тыс. представляют собой диаспору, остальные 3 млн
700 тыс. являются казахской ирредентой, т.е. проживают на сопредельных с
Казахстаном землях, оторванных от него и присоединенных к России, Китаю,
Узбекистану в разные исторические периоды вследствие аферистических игр и
амбиций политической элиты тех времен. Тарихи шындық солай болғандығын
айту - бүгінгі тағдыр табыстырған тату көршілерге, әлемдік саясатта үлкен
беделі бар державаларға қандай да бір аумақтық талаптар қою, олардан жер
даулау емесі анық. Бірақ ғалым тұжырымы нақты фактілермен дәйектелген.
Аталған монографияда автор ирредент қазақтар өмір сүретін аумақты
былай деп көрсетеді: К ирреденте относятся казахи, проживающие в
Астраханской, Оренбургской, Курганской, Омской, Горно-Алтайской автономной
областях России, районах Алтая, Тарбагатая, Или, Кульджи, Еренкабырги,
Барколь-Кумула – Синьцзян-Уйгурского Автономного района Китая, Баян-
Ульгинском аймаке Монголии, районах Сырдарьи, Чирчика, Кызылкумов и
Мырзашол в Узбекистане, - деп көрсетеді.
Аталған зерттеу тұжырымының Баян-Өлгий қазақтарына қатысты ХІІІ-ХҮІІІ
ғасырлар аралығындағы тұсын біршама анықтауды қажет ететіндігі болмаса,
басқадай аталған өлкелердің қазақ қоныстары екендігіне ешбір дау тумаса
керек. Осы арада бір нақтылайтын мәселе, Батыс Моңғолияның, немесе қазіргі
Баян-Өлгий, Увс, Қобда аймақтары жерінің Моңғолия құрамында танылуы ХХ
ғасырдан ғана басталды десек артық емес.
Мәнжі-Чин езгісінен азат етілген 1911 жылдан ғана осы өлкеге деген
ішкі-сыртқы амбицияның әсерін біз Мәнжі империясының шет аймағы тұрғындары
саналған дөрбет, ұраңқай, қазақ т.б. ұлт-ұлыстардың Боғда хан үкіметіне
жазған өтініштерінен де аңғарамыз. Ресей патшалығының да аталған өлкеден
дәмелі болғандығын біз Ресей азаматы Дамбийжанцанның Батыс Моңғолиядағы іс-
әрекеттерімен байланыстыруға болады. Бұл өз алдына ұзақ әңгіме. Енді
негізгі мәселеге қайта оралайық.
Яғни жоғарыда көрсетілген ұланғайыр өлкелерде тұрып жатқан қазақтар
өздерін атам заманнан бері сол жердің автохтонды тұрғынымыз деп есептейді
және осы өңірлерде қазіргі қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына аса зор
үлес қосқан көптеген айтулы тұлғалар мәңгілік тыныс тапқан. Мысалы,
Ташкент, Нұратадағы Төле, Әйтеке билер, Жалаңтөс баһадүрлер, Астрахандағы
күй атасы Құрманғазы, Ангрен бойындағы Күлтөбеде күнде кеңес жасаған би
бабаларымыз, Әбілмәмбет ханнан тараған, Майлы-Жайырды еркін жайлаған
Көгедай ұрпақтары, кешегі Ақыт ақындар бір замандар өткенде жат елдің
шегінде қалармыз, сол жерді мекендеген ұрпағымыз оралман деген ресми
атауды иеленіп, тәуелсіздік алған қара шаңыраққа ат басын шегіне бұрар деп
болжады ма екен? Бұл жердегі айтылар түйін - ирреденттер – шеттегі
қазақтардың негізгі бөлігі дегенді әрдайым есте тұтуымыз қажет.
Осы ретте айта кететін бір жайт - оралман - деген ресми биліктің
тауып берген ресми атауының шетелдерден келіп жатқан қазақтардың тарихи
табиғатын толық танытпайтындығын, оны өзге атаумен алмастыруды Елбасы
Н.Ә.Назарбаев та бірнеше рет қадап айтқан болатын.
Біздіңше қазақтардың біраз бөлігін, диаспора деп тануға болады. Қазақ
диаспорасы кім, оларға кімдер жатады дегенге келетін болсақ, олар -
атақонысынан түрлі саяси науқандар мен нәубеттердің, түрлі соғыстардың,
бертінгі замандарда табыс пен білім көзін іздеушілерден пайда болған қазақ
көшінің нәтижесінде алыс-жақын шетелдерге кеткен қазақтар. Қазақ
диаспорасының қалыптасу тарихына үңілетін болсақ, көбінесе ұлтымызды
өзіне еріксіз бағынышты еткен алып державалардың күштеп мәжбүрлеуінің
басты фактор екендігіне көз жеткіземіз.
Үлкен державалардың үлкен ойыны салдарынан екі жүз жылдан астам
уақытқа созылған қазақ-ойрат соғысының ауыр зардаптары салдарынан көптеген
қазақтар Орта Азияның ішкері бөліктеріне қоныс аударуға мәжбүр болуы -
қазақ диаспорасының пайда болуының басы болған сияқты. Мұнымен қоса, ІІ
Александр патшаның Ресейдегі басыбайлылықты жою туралы декретінен соң
Ресейдің, Украина мен Белоруссияның ішкі губернияларынан ағылған
шаруаларға, казактарға, алпауыт капиталистерге және басқаларға қазақ жерін
мемлекет меншігі есебінде еріксіз молынан таратуынан қазақтар арасында
шетелге ауа көшу үрдісі ХІХ ғасырдың басынан үздіксіз жалғаса берген.
Атам заманнан бері рулық сипаттағы ортақ пайдаланысқа негізделген
қасиетті қазақ жеріндегі көшпенді мал шаруашылығына бейімделген көші-қон
циклі өрескел бұзылды. Коммунистік дәуірдегі әдеби туындылар мен ғылыми
еңбектерде айтылатынындай, шаруалар көтерілісінің шығу себептері ешқашан
таптық сипатта болған емес еді. сонау Сырым Датұлынан бастап, Исатай-
Махамбет, Есет, Жанқожа, Саржан – Кенесары, Қарқара, Созақ, Шұбартау
көтерілістері – барлығы да қара қазан, сары бала қамы үшін еріксіз қолға
қару алдырған ұлт-азаттық сипаттағы, қазақ халқының азаттық жолындағы
бұлқыныстары болатын.
Осы ретте тағы бір есте жүретін нәрсе – қазақ халқы қысы-жазы киіз
үймен көшіп жүрді. Оларда отырықшылық мәдениет болмады деген метрополиялық
қасаң қағиданың еш негізсіздігі. Қазақ жеріндегі отырықшылық мәдениеттің
белгілерін туған халқынан алыстатуға құрылған осынау жымысқы саясаттың
сойылын қазіргі азаттық дәуірде көтермесек керек еді. Өзбекәлі Жәнібеков
сынды ұлтжанды азаматтар бұған жауапты кезінде берген еді ғой. Жыл сайын
Наурыз мерекесінде киіз үй тігудің дәстүрі мен киесін еш ескерместен,
сендердің бір ғасыр бұрынғы кейіптерің деп көзге шұқығандай етіп юрта
құрудың ұлттық намыс тұрғысындағы мәні мен мазмұны қаншалықты екенін де
бағамдау қажет ау?! Енді диаспора мәселесін ары қарай қаузасақ:
Қазақ халқының басына қара бұлт үйірілген 1916 жыл оқиғасынан бастап
отызыншы жылдарға дейін жалғасқан азамат соғысы, байлардың мал-мүлкін
тәркілеу, жапонның т.б тыңшыларын әшкерелеу, зұлмат нәубет аштық (ұлы
нәубет емес), ұлтымыздың ақиқаты мен ары іспетті бар қаймағын сыпырып алған
37-нің қасіретті қырғыны – қазақ диаспорасының алыс-жуық шетелдердегі
санының еселеп артуына әкелді.
1932 жылы Қазақстан байырғы халқының 64 процентінен айрылған.
Қазақстан халқының саны 1930 жылы 5,9 миллион адамнан 1933 жылы 2,5 миллион
адамға дейін азайды. Алапат ашаршылық жылдары Қазақстан шекарасынан шығып,
босқыншылыққа ұшыраған шаруалар саны – 1 миллион 31 мың. Олардың 165 мыңы
бұрынғы Кеңестер Одағының шекарасынан әрі асып, Қытайға, Монғолияға,
Ауғанстанға, Иранға, Түркияға өтіп кеткен. Сөйтіп туған жерлеріне қайтып
орала алмаған. Ал көрші республикаларға, Ресейге қоныс аударып, орнығып
қалғандар саны – 450 мың,- деп көрсетеді Қызылдар қырғыны атты деректі
зерттеу мақалалар жинағында. Дегенмен, осынау дүрбелең жылдары шетел асқан
қазақтардың көбісі, әсіресе Қытайға өткендері өткен ғасырдың 60-жылдарына
дейін туған жерлеріне қайта оралғаны мәлім. Ал Ауғанстан, Түркіменстан,
Өзбекстанның ішкі аудандары, Тәжікстанға, Ресейге өткен қазақтардың
бірсыпырасы тұрақты мекендеп қалды. Міне, осылар – қазақ диаспорасының
негізгі шоғыры.
Моңғолия қазақтары арасында 1916-1937 жылдар аралығында қазіргі
Қазақстан аумағынан ауып барған қазақ отбасылары санаулы ғана түтін
екендігін ескерген жөн. Яғни, олардың жалпы саны 1991 жылға дейін
мекендеген Баян-Өлгий қазақтары арасында 100 отбасынан аспайды. Мысал үшін,
8000 қазақ мекендеген Улаанхус өлкесінде жан-жақтағы отауларын қоса
есептегенде 4 түтіннен тұратын бір ғана тобықты рулы әулет болатын.
Қазақстан аумағынан еріксіз ауғандар Қазақтар шоғырлана отырған Баян-
Өлгийге қарағанда, Ұланбатыр маңында, ішкі өлкелерге сіңуді жөн санаған.
Себебі, 1938 жылы оларды отанынан қашқандар есебінде қудалады. Аман
қалғандары ру сұрап, тегін тектеп жатпайтын моңғол арасына кетіп жан
сақтауды қолай көрген.
Қазақ диаспорасын құраушы келесі бір топ – ІІ дүниежүзілік соғыста
неміс тұтқынына түсіп, кейіннен Одақтастар азат еткен соң Сталиннің атақты
бұйрығынан соң, елге келгенде алдан күтіп тұрған сенімсіздік, қуғын-сүргін
мен жазалаудан қаймығып, Еуропада қалып қойған, одан әрі әлемге тараған
қазақтар.
Келесі бір шоғыры – Шыңжаң қазақтарынан шыққан қазақ диаспорасы.
Ежелгі Шығыс Түркістан, кейіннен қытайлар Жаңа өлке (Синь-Цзянь) атандырған
шұрайлы мекенде өмір сүрген Үш аймақ қазақтарының гоминданшылар мен олардан
соң билік басына келген маошыл коммунистік билікке қарсы көтерілген күресі
жеңіліс тапқан соң, біраз бөлігі Гималай асып, Үндістан, Пәкістанды басып
өтіп, оншақты жыл жүзінде әрең дегенде Түркияға ірге тепкен ұзақ та азапты
көші – қазақ диаспорасының елеулі бөлігін құрады. Қазірде Түркия мен
Еуропаның көптеген мемлекеттерінде тұрып жатқан қазақтардың көбісі осы
қазақтардың ұрпағы болып табылады. ХХ ғасырдың Елім-айы, туған жерден
еріксіз ажыраудан туған зарлы шер - Ағажай, Алтай әні сол қасіретті
жылдардың халықтық туындысы.
Қазақ ирреденттері де өздерінің байырғы мекенінен тыс, өзі тұратын
мемлекеттердің астаналары мен ірі қалаларында, өнеркәсібі дамыған
өлкелерінде диаспора түрінде өмір сүріп жатыр. Атап айтқанда, Мәскеудегі
12 мың қазақ бұған мысал бола алады.
Сонымен, ирредент пен диаспораның ұқсастықтары мен айырмашылықтары
қандай дейтін болсақ – екеуі де Қазақстаннан тыс жерлерде тұрады. Мәдени-
рухани проблемалары да бірдей. Және оларға ұлттық құндылықтарды сақтаудағы
мүмкіндігіне қарай әркелкілік сипат тән деуге болады. Ал айырмашылығы –
ирреденттер – ата-бабасының мұраға қалдырған жерінде отырған қазақтар,
диаспоралар – тағдыр талайымен шетелде жүрген ұлт шашырандылары.
Қазіргі күні қазақ диаспоралары мен ирреденттері атажұрт Қазақстан
арасында тығыз қарым-қатынас орнап отырғандығын айтып өткен жөн. Дүниежүзі
қазақтарының қауымдастығы аясындағы іс-шаралар олардың өзге елде этникалық
топ ретінде сақталып қалуына ықпалын тигізіп отыр. Өткен жылы Норвегияның
астанасы Ослода құрылтай, Франция астанасы Парижде ақындар айтысы
өткізілді. Қазақстан Республикасы шетелдегі қандастарын тұрақты
қоныстануға қабылдайтын әлемдегі төрт мемлекетің бірі ретінде оншақты
жылдың жүзінде жоғарыда аталған ирреденттер мен диаспоралардың ресми түрде
700 мыңдайын, бейресми санақ бойынша миллионға жуығын қара шаңыраққа жинай
алған екен. 2008 жылы мамырдың соңындағы қазақ газеттері редакторларымен
болған сұхбатында Елбасы Н.Ә. Назарбаев та осы деректерді келтіре отырып,
аталған шараны одан ары қарай дамытуды шегелеп айтуы да қазақ диаспорасы
мәселелерін оңынан шешуге ықпал ете түсері анық.
Диаспоралогия ғылымын жолға қойып, оны стратегиялық зерттеулермен
байыта отырып, шетелдегі қандастарын сол елдегі өзінің экономикалық,
геополитикалық мүддесінің көзі немесе көзірі етіп отырған мемлекеттер де
бар. Бұл – мемлекет үшін үшжақты ұтыс екендігі даусыз.
Біріншіден, екі мемлекеттің рухани, саяси-экономикалық байланысы шет
мемлекетте мекендеген қандастардың өзіндік қатысы арқылы барынша нығаяды,
екіншіден, атажұрттың ықпалды қарым-қатынас арқылы сауда-саттық дамиды, сол
жерде өмір сүріп жатқан этникалық топтың әл-ауқаты жақсарады. Үшіншіден, ең
бастысы – сол мемлекетте тұрып жатқан диаспора немесе ирреденттің рухани-
моральдық тұрғыда жергілікті ұлттар мен диаспоралар арасында беделі өседі,
басқалар олармен санасатын болады. Бұған нақты мысалды біздің
мемлекетіміздегі орыстарды айтпағанда, кәрістердің, немістер мен
поляктардың т.б. ірілі-ұсақты диаспоралардың өзінің атажұрттарымен тығыз
байланысы арқасында біздің еліміздің белгілі бір шаруашылық саласының,
өнеркәсіп кластерінің маңында топталып, шоғарлануы арқылы шетелдік
ағайындарының елімізде тауарлық рынок көзін ашуға зор септігін тигізіп
отыруынан аңғарамыз. Самсунг пен LG сынды электроника алпауыттарының
Қазақстандағы тірегі - өзіміздің жергілікті кәрістер. Кеше ауылда жүрген
көптеген қарапайым түрік механизаторы – бүгінде құрылыс саласында тас өрге
домалаған ауқатты кәсіпкер.
Тәуелсіздік жылдары құлашын кеңге жая бастаған қазақ кәсіпкерлері де
осы жолды ұстанып, ұлт мүддесі жолында екі жеп биге шығады дегенге сенгіміз
келеді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев тамыз айында Моңғолияға сапарында осы
мемлекеттің экономикасына 1 млрд. доллар инвестициялық қаржы құя алатынын
айтқан болатын. Осынау көл-көсір қаржыны аталған елге салып, игере отырып,
аталған мемлекеттің түрлі тұтыныс ауқымындағы Ресей мен Қытайдың мүдделік
шамына тимей-ақ, тау-кен, ауылшаруашылығы т.б. салаларын сондағы кәсіби
маманды іскер қазақтар арқылы меңгеруге, ықпалмен билеуге неге болмасын.
Кейбір депутаттарымыз бен қаламгерлеріміздің, ұлт патриоттарының
анда-санда ақпарат құралдарында көтеріп қоятынындай, шетелдегі барлық
қазақты түгелдей жинап алу – игілікті де ізгі ой болғанымен, болашақтағы
әлеуетті Қазақстанның аймақтық беделі жолындағы әлеуетті қарым-қатынастарын
болжасақ, бұл ойдың аса тиімді болмауы да мүмкін. Аталарымыз жаудың
ортасында да бір үйің болсын дегенді бекер айтпаса керек.
Тағы бір ескеретін жағдай: болашақта қалыптасады деп үміт еткен
қазақстандық ұлттың бірлігін сақтап, нығайту өзекті іс, ал мемлекетіміздің
алпыс жеті пайызын құрап отырған байырғы қазақ ұлтының ауызбіршілігін
нығайту - ас өзекті іс екендігін, мемлекетшіл ұлт қалыптастырудың маңызын
естен шығармау деп білеміз.
Өз-өзіңді сыйласаң, жат жанынан түңілер,- демей ме, қазақ. Түрі
ұлттық, мазмұны социалистік деп ұрандатқан кешегі кеңестік идеология
шетелдерде тұратын қандастарды барынша жатсынуды санаға сіңіргені мәлім.
Шетелдердегі қазақ ирреденттерінің, диаспорасының қалыптасуының шынайы
тарихы айтылмады. Соның салдарынан, Қазақстанға ат басын бұрған
қазақтарды бір кезде отанын тастап қашқан эмигранттардың ұрпақтары ретінде
сезінетіндер қазір де арамызда көптеп кездесетін жасырын емес. Қазіргі
кезде оқытылып жүрген Тарих пәнінің мектептік бағдарламасында да
шетелдегі қазақ диаспорасы, оның алуан сипаттары туралы жарытымды
айтылмайды. Қазақстан тарихынан қазақ тарихын бөліп алып қарастыруға
болмайды ғой.
Кезінде бірінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты бола
жүріп, “Халықтың көші-қоны туралы” заң жобасын талқылау барысында сол
тұстағы біршама шаруалардың оңтайлы шешілуіне үлес қосқан едік. Міне, содан
бері жалпы көші-қон мәселесі менің жаныма жақын, әркез көкейімде жүретін
тақырыпқа айналып кетті. Осы орайда, мән беріп, тірнектеп жинаған
дереккөздеріне сүйене отырып, шетелдегі қазақ диоспорасының жағдайы туралы
Отанына оралған қандастарымызды ойлантып жүрген мәселелер жайында сөз
қозғағанды жөн санадық.
Қытайдағы қазақтар. Тиісті мемлекеттік мекемелер мен диаспора
мәселесін зерттеп жүрген қоғамдық ұйымдардың мәліметіне қарағанда, Қытайда
1 296 000-нан 2 000 000 шамасында қазақ тұрады. Қытайда тұратын қазақтардың
саны туралы мәліметтер бір-бірінен өте алшақ. Себебі, Қытай үкіметі
жүргізіп отырған отбасы санын шектеу туралы демографиялық саясатқа қатысты,
ол жақтағы қазақтардың 3-тен 5-ке дейінгі балаларын санау қиын. Ол түгілі,
Қытайда тұратын жалпы халық саны туралы дәл статистикалық мәлімет
кездеспейді. Қазақстандық зерттеушілердің мәліметтері бойынша, Қытайдағы
қазақ диаспорасы бірқатар ерекшеліктерге ие. Біріншіден, ҚХР аумағында
тұратын қазақтардың 80 пайызы ҚХР құрылғаннан (1949 жыл) кейін туылғандар.
Екіншіден, қазақ этносының мәдени және жалпы білім алу деңгейінде
айырмашылық көп. Осыдан жиырма жыл бұрынғы мәлімет бойынша: алты жастан
жоғары қазақтар саны – 725 130 адам болған. Әртүрлі жоғары оқу орындарында
2 547 студент оқыған. Бірінші сатыдағы орта мектепте – 41 599, екінші
сатыдағы орта мектепте – 124 781, бастауыш мектепте – 351 272 оқушы білім
алған. Сауатсыз және шала сауаттылар саны – 203 448 адамды құраған екен.
Қазақ ұлтының 50 пайызын құрайтын әйелдер арасындағы сауатсыздық ерлерге
қарағанда 1,5 есе артық делініпті.
Өзбекстандағы қазақтар. Мұндағы қазақ диаспорасы саны жағынан
Қытайдағы қазақ диаспорасынан кейінгі екінші орында. Ресми статистика
бойынша 1 млн. қазақ бар делінсе, біздің демограф мамандар 1,5 миллионға
жеткізіп жүр. Мұндай алшақтықтар ондағы қазақ диаспорасына қатысты жүйелі
зерделеу болмағанын көрсетеді. Саны жағынан Өзбекстандағы қазақтар – өзбек,
орыс, тәжік этностарынан кейінгі төртінші орында. Қазақ диаспорасының үлес
салмағы республиканың жалпы халқының 4 пайызын құрайды. Қазақ диаспорасы
салыстырмалы түрде жинақы тұрады. Қазақстанмен шекаралас аумақтарға
қоныстанған. Бұл тарихи қалыптасқан этноаумақтық қоныстану. Өзбекстанның
ешбір өңірінде қазақ диаспорасы этностық көпшілікті құрамайды. Қазақтардың
үлес салмағы Қарақалпақстанда – 24,8 пайыз, Ташкентте – 13,7 пайыз, Науаида
- 10,2 пайыз, Жызақта – 6,6 пайыз мөлшерінде. Қолымыздағы мәліметтерге
қарағанда, ондағы қазақ диаспорасы ішінде жұмыссыздық өте жоғары деңгейде.
Әсіресе, бұл проблема экологиялық апат аймақтары деп белгіленген жерлерде
өте өткір. Мысалы, Қарақалпақстанда диаспораның еңбекке жарамды бөлігінің
70 пайызы жұмыссыз.
Ресейдегі қазақтар. Соңғы мәліметтер бойынша, Ресейде 1 млн. 310 мың
қазақ өмір сүреді. Олардың 70 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Мұндағы
қазақтардың көпшілігі Ресей Федерациясының Қазақстанмен шектесіп жатқан 12
субъектісінде жинақы түрде өмір сүруде. Бұл – Алтай өлкесі және Алтай
Республикасы, Астрахань, Орынбор, Самара, Қорған, Челябі, Омбы, Саратов,
Волгоград, Новосібір және Тюмень облыстары. Қазақтардың шағын тобы
Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Татарстанда, Қалмақ Республикасында, сондай-ақ
Ресейдің басқа облыстарында бар.
Түркіменстандағы қазақтар. Түркіменстанда 85 мыңға жуық қазақ өмір
сүреді. (2003 жылғы мәлімет бойынша 110 мың қазақ тұрған). Бұл жалпы ел
халқының 4 пайызы. Олар – Дашогуз, Балқан, Мары және Лебап уәлаяттарында
(облыстарында) жинақы қоныстанған. ҚР тарапынан Түркіменстандағы қазақ
мектептеріне оқулықтар мен оқу құралдары елшілік арқылы жіберіліп тұрады.
Көшіп келетін қазақтар үшін сол елдің азаматтығынан шығу мәселесі өте
күрделі. ҚР Сыртқы істер министрлігі тарапынан бұл мәселеге қатысты
жұмыстар қолға алынып жатыр. Алайда, Түркіменстан елі Орталық Азия
республикаларына қатысты визалық режим енгізуіне байланысты шешімін таппай
отырған дүниелер баршылық.
Моңғолиядағы қазақтар. Осыдан оншақты жыл бұрын Моңғолияда 150 мыңдай
қазақ бар еді. Олардың 60 мыңдайы Қазақстанға көшіп келді. Қалғандары
негізінен Байөлке аймағында тұрады. Ұланбатыр қаласы мен оның төңірегінде
20 мыңдай қазақ бар. Эрденет қаласы мен Хобда аймағында да біраз қазақ
тұрады. Шетелдегі ұлттық жағдайы ең жақсысы – осы Моңғолия қазақтары.
Олардың басым көпшілігі өз ана тілінде оқиды. Қазақтың ұлттық ерекшелігін,
ежелгі салт-дәстүрлерін, ата кәсібін өте жақсы сақтаған. Байөлке аймағында
ресми іс қағаздары, кеңсе жұмыстарының көбі қазақ тілінде жүреді. Аймақ
басшыларының бәрі дерлік – қазақтар. Бұл елде демократия барынша кең қанат
жайған. Сондықтан қазақтар ешқандай қиыншылық көріп отырған жоқ.
Сондай-ақ мұнда қазақ халқының өткені мен бүгінгі мәдени-рухани
байлығын көрсететін үлкен мұражай және Ислам орталығы жұмыс істейді.
Байөлкеде қазақша “Жаңа дәуір”, “Шұғыла” сияқты біраз газет-журналдар
шығады. Телерадио хабарларын тарату да жақсы жолға қойылған. Өткен жазда
осы аймаққа шығармашылық сапармен барып қайттым. Сондағы бір байқағаным,
ондағы бар қазақ бүгін-ертең Қазақстанға жаппай қозғалып көшіп кетеді деген
түсініктің түбегейлі қате екендігін аңғардық.
Ирандағы қазақтар. Осыдан бірнеше жыл бұрын Иранда 6 мыңдай қазақ бар
деп есептелінетін. Қазақстанға көшуге байланысты қазір олардың саны біраз
азайды. Қазір Иранда 400-ден аса үй бар. Ирандағы қазақтар негізінен
Бендер, Түркімен, Горган, Құмбет сияқты қалаларда тұрады. Олардың басым
көпшілігі – отызыншы жылдардың басында Маңғыстау өңірінен кеткендер. Кейін
сексенінші жылдары оларға Ауғанстан қазақтары қосылған. Иран қазақтарымен
байланыс Кеңес одағы тұсында біршама жақсы жүрген. Екі ел арасында барыс-
келіс болған. Бірқатар жастар Қазақстанға келіп оқыған. Соңғы жылдары Иран
қазақтарының біразы Оңтүстік Қазақстан облысына, Маңғыстауға қоныстанып
жатыр.
Әрине, Ирандағы саяси жағдай ол жақтағы ағайындардың тұрмыс-
тіршілігіне ықпал етпей отырған жоқ. Сыпайылап айтқанда, мүмкіндігінше ол
ағайындарды толық көшіріп алу керек.
Ауғанстандағы қазақтар. Осыдан оншақты жыл бұрын алыс шетелдердің
ішінде қазақтар ең көп, тығыз орналасқан елдің бірі – Ауғанстан еді.
Мұндағы қазақтар негізінен Мазари-Шариф төңірегінде тұрған. Ресми
статистикалық есептерде Ауғанстанда 30 мың қазақ бар деп көрсетілген. Міне,
осы қазақтардың басым көпшілігі Ауғанстандағы соғыс кезінде басқа елдерге
(Иран, Түркия, Сауд Арабиясы, Пәкістан) өтіп кетті. Кейін олардың көбі
Қазақстанға жетті.
Қазір Ауғанстанда 300 қазақ отбасы бар деп есептелінеді. Олармен
байланыс өте қиын. Барыс-келіс мүлдем жоқ. Көшіп келуінің өзі қиямет-қайым.
Сондай-ақ Ауғанстанда қазақ жерінен осыдан 150-200 жыл бұрын кеткен
қазақтар да бар. Олар өз шежіресін, ата-бабасын жақсы біледі. Бірақ қазақ
тілін білмейді.
Міне, осыған орай тиісті мекемелер Ауғанстанда қалған қазақтармен
байланыс жасап, оларды ата жұртқа алдыру мәселесіне айрықша назар аударуы
керек.
Бүгінде қазақ диоспорасы үш түрлі – кириллица, латын, араб әліпбиін
пайдалануда. Аты қазақ мектебі болғанымен, әр елдегі оқулықтар, оқу-
әдістемелік құралдар бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан да, бір елдегі қазақ
екінші елдегі қазақтардың жазуын түсінбейтін жағдай қалыптасты. Тіпті,
қазақ тілінің грамматикасы да, қазақ әдебиетінің тарихы да түрлі-түрлі
оқытылуда. Соған орай, бүгінгі таңда шетелдегі қазақ мектептерін бітіріп
келген жастар Қазақстанның оқу орындарына түсе алмайтын болып отыр. Одан
кейін шетелдегі қазақтар Қазақстанның радио-теледидар хабарын көруге өте
мұқтаж.
Шетелдегі қазақтардың Қазақстанмен барыс-келісінде, шекарадан өтуінде
де қиыншылықтар аз емес. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының
шетелде тұратын отандастарды қолдау жөнінде “Қазақ диаспорасы туралы” заң
қабылданса дейміз. Мысалы, Ресейде 1999 жылы “Ресей Федерациясының
шетелдегі отандастарға байланысты мемлекеттік саясаты туралы” заң
қабылданды. Бұл заңда – отандастарға жасалуға тиіс қамқорлық заңдық негізде
бір жүйеге түскен.
Мұндай заң шетелдегі қазақтарға қолдау көрсету арқылы, оларға қандай
бағытта жұмыс жүргізген жөн деген сауалға жауап беруі тиіс. Өйткені,
шетелдегі қазақтар ата жұртқа аз уақытта жаппай қоныс аудара алмайды.
Қазіргі кезде көші-қон квотасы бойынша жылына 15 мың отбасы (орта есеппен
60-70 мыңдай адам) келуде. Бұл шетелдегі 5 миллион қазақ үшін теңіздің
тамшысындай ғана көрсеткіш. Сондықтан да, шетелдегі қазақтардың басым
көпшілігі үстіміздегі ХХІ ғасырдың өзінде қазіргі мекенінде тұра береді.
Соған орай, шетелдегі қазақтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды қолға алған
дұрыс. Ең алдымен, олардың ана тілінде оқып, білім алуына қолдау көрсету
қажет. Екіншіден, шетелдегі қазақтардың ата жұртқа мүмкін болғанша көбірек
оралуына жағдай туғызуды басты назарға алған жөн.
Осыған байланысты Қазақстанға келген шетелдік қазақтар Қазақстан
үкіметінің 1993 жылы 10 наурызда бекіткен “Шетел азаматтарының Қазақстан
Республикасында болуы туралы” Ережеге сәйкес жүріп-тұра алады. Өкінішке
қарай, бұл Ережеде және оның өзгерістер енгізілген жаңа нұсқасында шетелден
келген қазақ диаспорасына жеңілдіктер жасау ескерілмеген.
Сондай-ақ, бұл Ережеде шетелдік азаматтар Қазақстанда жұмыс істеуге
келсе ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен арнайы рұқсат
– лицензия алу керек деп көрсетілген. Бұл да шетелдік ағайындарымыздың ата
жұртқа келуіне үлкен кедергі болуда. Осы орайда, әр салаға қатысты
мәселелерге жеке-жеке тоқталғанды жөн көріп отырмыз.
Оқу-білім саласы бойынша. ҚР Білім және ғылым министрлігі шетелдегі
қазақ мектептерінің мұқтаж мәселелерін зерттеп, оларды ұстаз-кадрлармен
қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қолға алуы қажет. Бұл шараға, ең
алдымен, қазақ диаспорасы орналасқан шекаралық облыстардағы педагогикалық
оқу орындарын пайдаланған дұрыс.
Шетелдегі қазақтар шоғырланған орталықтарға кітап, газет-журнал
жеткізіп беріп отыратын құрылым жасау; қазақ мәдени орталықтарына қажетті
мамандар даярлап беру; қазақ жастарын Қазақстанның жоғары оқу орындарына
қабылдаудың жолдары мен ережелерін бір жүйеге түсіру; дарынды балаларды
Қазақстандағы арнаулы мектептер мен мектеп-интернаттарда оқытуды жүзеге
асыру; жастарды магистратура мен аспирантураға арнайы бөлінген квота
бойынша қабылдауды қолға алу тәрізді іс-шараларды жедел түрде реттеу қажет.
Мәдениет және ақпарат саласы бойынша. Қазақ диаспорасы бар елдерде
Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу; Қытай, Моңғолия, Өзбекстан сияқты
қазақтар көп шоғырланған өңірлердің өнері мен әдебиетін Қазақстанда жүйелі
түрде насихаттау; қазақ мәдени орталықтарына Қазақстан тарапынан мамандар
даярлап беру; алыс және жақын шетелдердегі қазақ халқының тарихи, мәдени
мұраларын жинастыру; қазақ қаламгерлерінің шығармаларын Қазақстанда шығару.
Жалпы құқықтық мәселелер бойынша. Шын мәнінде қазіргі ТМД елдерінде
тұңғыш қабылданған “Халықтың көші-қоны туралы” Заң оралмандардың қоныстану
процесінде көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізді. Қабылдар алдында баспасөз
арқылы бүкілхалықтық талқылаудан өткізілгені де көзі қарақты қауымға
белгілі.Осы заңның негізінде елімізге миллионға жуық қандастарымыз оралды.
Осы заң көптеген ағайындардың үмітін оятып, сенімін нығайтты. Қандастарымыз
алғаш рет заңды қазақ тілінде жасауға болатынына көз жеткізіп, аудармасыз
түпнұсқасын ана тілінде оқып, масайрағаны да көз алдымызда .
Иә, ең бастысы, Алматыдан Ақмолаға көшкенде Елбасымыздың Астанада қол
қойған, қазағымның өз тілінде жазылған тұңғыш құжаты емес пе еді?!
Осы заңның аясында Президентке тікелей бағынатын Көші-қон және
демография жөніндегі агенттік, облыстарда көші-қон басқармалары құрылғаны
белгілі. Санкт-Петербургте Парламентаралық Ассамблея Қазақстанның бұл
“Халықтың көші-қоны туралы” заңын жоғары бағалағаны, тіпті модульдық заң
ретінде ұсынғаны да көпшілікке мәлім. Отанға оралу да, квота да, баспана
алу да ...қысқасы көші-қонға қатысты құқықты негізді реттеуге бұл заң
қызмет етіп келеді.
Екіншіден, бұл заңда да қоныстанушылардың әлеуметтік жағдайына
байланысты шешімін таппаған мәселелерді енгізетін мезгіл жетті. Ол өзім
көптен бері айтып жүрген төмендегі жәйттер. Мысалы, зейнет жасындағы
адамдар үшін шетелде жүріп атқарған еңбек өтілі есепке алынбайды. Ауыр
өндіріс орындарында (шахта т.б) еңбек жасаған жағдайы ескерілмейді. Сол
себепті қоныстанушы ең төменгі әлеуметтік зейнетақы алуға мәжбүр. Осыдан
барып халықаралық адам құқы бұзылуда. Шетелде өмір сүргені үшін ол кінәлі
емес.
Одан кейін құжаттану мәселесі, байырғы ата жұртына оралған қандастарға
ең алдымен (келген жерде) азаматтығын беру қажет. Қазір олай емес. Алдымен
квота, одан кейін азаматтық беріледі. Егер азаматтық алған жағдайда квота
алуға құқы жоқ. Өйткені, ол Қазақстан елінің азаматы болып есептеледі.
Осылай қандастарымыз квотаға құжатын өткізіп қойып, оны екі-үш жыл күтеді.
Осы аралықта азаматтық алуға болмайтындықтан жұмысқа орналаса алмай немесе
кәсіппен шұғылдана алмай қор болуда.
Бұдан да сорақысын айтуға болады. Мысалы, шетелден төрт баласы бар бір
отбасы көшіп келді дейік. Ата-анасы Қазақстан азаматтығын алды. Балаларының
алды – бес, арты – бір жаста. Осы балалар қашанғы 16 жасқа толып, азаматтық
құжат алғанға дейін құқығы шектеулі түрде өмір сүріп жатыр. Себебі, баланың
“Туу туралы куәлігі” шетелдікі. Ондай құжатпен жасөспірімдер арасындағы
республикалық ресми спорт жарыстарына қатыстырмайды, оқушылар арасындағы
республикалық пән олимпиадаларына қатысуға құқы жоқ. Өйткені, ол шетелдің
азаматы.
Бұдан құтылудың оңай жолы бар. Қоныстанушы отбасының ата-анасы
Қазақстан азаматтығын алған жағдайда оның балаларының да құжаттарын
қазақстандық үлгіге автоматты түрде ауыстыру қажет. Одан кейін барлық
мекеме қазір азаматтардан “Әскери билет” сұрайды. Әскери комиссариатта
тіркелуін қадағалайды. Осыдан барып тағы да түсінбестік туады. Мысалы,
Қытай елінде қазақ азаматтары әскер қатарына шақырылмайды. Оларда “Әскери
билет” болмайды. Жоқ билетті қайдан табады. Осыдан кейін қолдан жасанды
құжаттар жасау етек алып барады. Азаматтарды мұндай қылмысқа итермелегенше,
оның заңды жолын қарастыру керек.
Тағы бір күрделі дүние шетел қазақтары Қазақстанға келгенде өздерінде
дайын баспана болмағандықтан, тұрақты тіркеле алмайды. Тұрақты тіркеуі
болмағаннан кейін оларды жұмысқа қабылдамайды. Соған байланысты шетелден
келген қазақтарға тұрақты тіркеуге алатын аудандарда арнайы орын болуы
керек.
Сондай-ақ, елімізде оралмандар үшін арнайы “бір терезе” ережесін
қолданатын кез жетті. Сонда әрбір қағаз үшін жан-жаққа шапқыламай, бір
жерден жұмысын тындырар еді. Оралмандардан пара алу мәселесі де болмас еді.
Шетелдіктерден еңбек күшін тарту деген мәселеде Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің сырттағы біздің қандастарымызды
пайдаланатын кезі жеткен секілді. Бұл да елге оралтудың бір жолы емес пе?!
Кезінде Монғолиядан көшкендердің көпшілігі осылай “еңбек шартымен” келген
жоқ па.
Көші-қон мәселесі бойынша. Бұдан былай бұл мәселе Қазақстан Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленіп, бекітілген “Нұрлы көш”
бағдарламасы аясында шешімін таппақ. Бағдарламаның үш түрлі стратегиялық
даму аумағы белгіленген. Олар – Солтүстік, Оңтүстік және Орталық деп
аталады. Одан кейін көші-қон процесі: біріншіден, шетелде өмір сүріп жатқан
этникалық қазақтардың қоныстануын, екіншіден, елімізде туып-өскен, бертінде
әртүрлі жағдайға байланысты басқа елдерге қоныс аударып кеткен
отандастардың қайта оралуын, үшіншіден – еліміздің байырғы тұрғындарына
қатысты ауыл-аймақаралық қоныстану әрекетін қамтамасыз етеді.
Енді осыларды территориялық орналастырудың бағыт-бағдарына назар
аударсақ: алдымен еліміздегі экономикалық көшбасшы қалаларға қоныстандыру
қарастырылған. Өйткені, аталмыш бағдарлама негізінде Елбасының Қазақстан
халқына Жолдауына сәйкес – Қазақстанды жан-жақты жаңартудың Жаңа
кезеңіндегі басты басымдықтар ретінде айқындап берген 30 серпінді бағытын
іске асыру үшін жаңадан 390 мың жұмыс күші қажет. Одан кейін әлеуеті жоғары
ауыл-аймақтардағы тұрғындар санын 1 миллион адамға өсіру көзделген.
Бағдарлама негізінде еліміздің шекаралық аудандарындағы халықтың санын
өсіру көзделген. Соңғы жылдары осы өңірлерден 374 мың тұрғын басқа жаққа
қоныс аударып кеткен. Осының орнын толтыру қажет.
Осы орайда, “жоғарыдағы қоныстанушыларды баспанамен қамту мәселесі
қалай шешіледі?” дейтін сұрақ туары хақ. Ол үшін арнайы банк ашылып,
қоныстанушы тұрғындарға баспана салып алуға 5-6 пайыз өсімі бар
жеңілдетілген қарыз беріледі. Оралмандар да осы бойынша баспаналы болады.
Қорыта келе айтарымыз – диаспоралогия ғылымын дамыту арқылы жас
мемлекетіміздің ақтаңдақ тарихының көмескі беттері айқындала түсетін
болады. Қазақ ирреденттері мен диаспоралары туралы айқын ақпараттар молынан
беріліп, ұлт болып барынша ұйыса түсуімізге барынша құлшыныс жасалуы қажет.
Оралман - атауы өзгертіліп, мектеп оқулықтарында шетелдегі қазақтардың
қалыптасу тарихы туралы деректер қамтылып, тес тапсырмаларына енгізілсе
пайдалы іс болмақ. Шетелде тұратын, келетін қазақтарды отандастар ретінде
қарастыру ләзім.
Шетелдердегі қандастар шоғырлана орналасқан аймақтармен жүйелі мақсатқа
құрылған қарым-қатынас орнатып, мемлекетіміздің сыртқы саясат аренасындағы
беделін артыруға ықпал жасалуы керек. Қазақстан Республикасында тату-тәтті
өмір сүріп жатқан жүздеген диаспора өкілдерін өздерінің тарихи атажұртымен
арадағы шынайы дәнекері және тәуелсіз Қазақстанның нағыз патриоттары
ретінде ел ертеңіне жұмылдыра білу – біздің қоғамымыздың алдында тұрған
келелі міндеттердің бірі демекпін
1.2 ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ
ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тарихи себептермен қазақ халқы шекаралардың екi жағында бөлiнiп қалды.
Қытайдағы, Ресей мен Өзбекстандағы қазақтардың саны миллиондармен
есептелiнедi. Түркия мен Еуропада бiр қауым ел. Тiптi, Америка құрлығы мен
Австралияға дейiн тарыдай шашылып жатыр. Бұл ұлттың қасiретi ме, әлде
артықшылығы ма? Тарихи тұрғыдан, әрине, қасiрет. Ал болашақ тұрғысынан
алғанда, сөз жоқ, артықшылығымыз. Мәселе – осы артықшылығымызды кәдеге
жарата бiлуде.
Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн Бұл – ұлттың қасiретi. Алпауыт
елдердiң арасында тұрған жас мемлекет үшiн бұл – қауiп. Әлемдегi қазақтарды
Қазақстанға қайтару керек деген қоғамдық пiкiр қалыптасты. Осы қоғамдық
пiкiрдiң тегеурiнi Қазақстан билiгiн бұл мақсатта бiрқатар шаруа атқаруға
мәжбүр еттi. Артынша билiк әлемде шетелдегi қандастарын елге қайтарып алып
жатқан үш-ақ мемлекет бар. Олар – Израиль, Германия және Қазақстан деп
мәлiмдедi. Бiрақ, өкiнiшке қарай, бiз Израиль мен Германия бола алмадық.
Бұл екi елдiң тәжiрибесiне сүйенуге, тарихи отанына қайтамын дегендерге
лайықты жағдай жасауға шамамыз жетпедi. Билiк көпұлттылықты басты тiрек
етiп алған жағдайда бұл мүмкiн де емес болатын.
Жақында Өзбекстанға барып, ондағы қазақтардың жай-күйiмен танысып
қайттық. Сонда мынадай дерек-дәйектердi бiлдiк. Ресми дерек көзiне
қарағанда, Өзбекстанда 899 195 қазақ тұрады. Ал тәуелсiз демографтардың
мәлiметiне жүгiнсек, бұл – сан бiршама өсе түседi – шамамен 1,3 немесе 1,5
миллион. Өзбек елiндегi қандастарымызды босқа мысал етiп отырғанымыз жоқ,
1991 жыл мен 2005 жылдың аралығындағы есеп бойынша Қазақстанға келген
оралмандардың 59,3 пайызы осы оңтүстiктегi көршiмiзге тиесiлi (Моңғолия –
17,6 пайыз, Түрiкменстан – 9,2 пайыз, Қытай – 4,2 пайыз). Олардың жалпы
саны – 433 101 адам. 2005 жылдан берi алыс, жақын шетелдерден елге келген
оралмандардың саны – 68 463 адам. Бұл сандар оралмандардың жыл сайын азайып
келе жатқанын көрсетедi.
Рас, Өзбекстандағы қазақтардың елге оралуына себеп – ауыр экономикалық
жағдай. Қазақстанға қоныс аударғысы келетiн қазақтардың денi ауылдың,
Өзбекстанның ахуалы нашар аймақтарының тұрғындары. Ондағы қазақтардың 10-15
пайызы ғана бiршама тәуiр тұрмысты, қалғандары кедейлiктiң қамытын мықтап
киген. Осыны ескерсек, елге оралғандарға мемлекеттiң көмек қолын созуы
гуманизмнiң, қайырымдылықтың көрiнiсi болар едi. Мемлекеттiң өмiрлiк маңызы
бар мәселесi екенiн былай қойғанда. Бiрақ соңғы кезде мынадай үрдiс
байқалады. Мемлекет ендi оралғысы келетiндерге қойылатын талапты күшейтiп,
бiлiктi мамандарға ғана жол ашпақ. Жергiлiктi билiктер мұны ашық айта
бастады да. Өзбекстандағы қазақ
елшiлiгiнiң мәлiметiне қарағанда, былтыр Қазақстанның азаматтығын алуға 378
құжат тапсырылыпты. Бұл көрсеткiштер жыл сайын өсiп отыр. Өтiнiштердiң
көптiгi соншалық, олардың саны берiлетiн квотадан асып түседi, тiптi,
Қазақстанға өз бетiнше қоныс аударушылар көбейген. Ал бейресми деректерге
сенсек, Өзбекстандағы қазақтар көшi бұрынғысынан бiршама саябырси бастаған.
Қалай десек те, бұл көш Өзбекстандағы қандастарымыздың азайып кетуiне
ықпал ете алмайды. Себебi, ондағы қазақтардың табиғи өсiмi өте жоғары әрi
тұрақты. Сондықтан да Өзбекстандағы қазақ мәселесi де өздiгiнен жойылмақ
емес. Бұл жағдай басқа шетелдегi қазақтарға да қатысты.
Алдымен мына жайтты мойындауымыз керек. Шетелдегi қандастарымызды
түгелдей Қазақстанға қайтара алмаймыз. Бұл мүмкiн де емес. Әсiресе, Батыс
елдерiндегi қазақтарды. Тiптi, көшi-қон тәжiрибесi ең озық болып
есептелетiн Израильдiң өзi шетелдегi барлық еврейлердi қасиеттi жерге
жинай алмады. Германия да солай. Бiрақ, сырттағы қандастарының ұлттық
мүддеге жұмыс жасауы Израильге көшiп келгендерден бiр кем емес. Ресей де
геосаясатында орыс мәселесiн шебер пайдаланып отыр. Ал Қытайдың
экономикалық қуатының артуына шетелдегi қытай кәсiпкерлерiнiң ықпалы ерекше
болғанын мойындауымыз қажет. Қазақ тарихын бүтiндеуде де Қытайдан,
Монғолиядан, Түркиядан келген ғалым қазақтар зор еңбек сiңiрiп жатыр.
Сондықтан да шетелдегi қандастарымызға ұлт мүддесiне жұмыс iстеуге
мүмкiндiк туғызған жөн. Арадағы қарым-қатынасты жандандырған абзал.
Мәселен, Өзбекстанда да бiздегiдей 130-ға тарта ұлт пен ұлыс өкiлдерi
тұрады. Ең iргелi ұлттар – қазақтар, орыстар, кәрiстер, еврейлер, тағысын-
тағылар. Оңтүстiк Корея Өзбекстандағы кәрiстерге, Израиль еврейлерге ұлттық
болмысын, тiлiн, дәстүрiн, дiлiн ұмыттырмау үшiн аянып отырған жоқ.
Ресейдiң Русзарубежцентр деген ұйымы бар. Мәскеу осы ұйым арқылы,
Өзбекстандағы елшiлiгi арқылы Өзбекстандағы орыстарға жүйелi түрде қаржы
бөлiп отырады. Ұлттық құндылықтарды бойға сiңiру үшiн. Тамырын бiлуi үшiн.
Бұл елдер шетелдегi қандастарына кешендi түрде қолдау көрсетiп келедi.
Осы жайт Өзбекстанға ғана емес, барлық диаспорасы тұратын елдерге тiкелей
қатысты. Ал бiзде бұл мақсатқа бюджеттен бiр тиын да бөлiнбейдi! Қазақстан
тарабы тек қана оқта-текте демеушiлiк көмекпен ғана шектеледi: кiтапхана
ашуға, жөндеу жұмысына, 500 кiтап, оқулық, 10 жолдама дегендей. Осыдан-ақ
ұлтқа деген жанашырлығымыздың қаншалықты екенiн байқауға болады.
Ұлтты ұлт ететiн берiк дiңгектер – тiл, дiл, дiн, тамырын тану, тегiн
бiлу. Шеттегi қандастардың бойындағы осы ұстындарды сақтап қалуға, ең
алдымен, қазақ мемлекетi мүдделi болуы қажет. Сонда ғана ол қандастарымыз
бiзге бiлiктi мамандарды бермек, жаңа көзқарастарды, жаңаша ойлау жүйесiн
әкелмек. Ұлтымыздың ұлық болуына, мемлекет iргесiнiң берiк болуына сыртта
жүрiп-ақ үлкен үлес қосатын болады.
Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасы туралы

мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске
асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарының 6.5.10-тармағына сәйкес әзiрлендi.
Бағдарламада шетелде тұратын отандастарды қолдаудың стратегиялық
мақсаттары мен мiндеттерi айқындалған, сондай-ақ оларды iске асырудың
негізгі бағыттары мен тетiктерi белгiленген.
Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың құқықтық негiзi Қазақстан
Республикасының Конституциясында, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
тәуелсiздiгi туралы" 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Конституциялық заңда,
"Көшi-қон туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы
Заңында, "Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығында, Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 қазандағы N 1371 қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы көшi-қон саясатының 2001-2010 жылдарға
арналған салалық бағдарламасында, сондай-ақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz