Жасөспірімдердегі өзіндік сананың дамуы: құрылымы, дене бейнесі және өзін-өзі бағалау


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ӨЗІНДІК САНАНЫҢ ДАМУЫ

Өзіндік сана - күрделі психологиялық құрылым, ол ерекше компоненттер ретінде өзіне. В. С. Мерлиннің осылай деп санайтынындай, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз «менін» ұғынуды, үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын үғынуды, төртіншіден, езін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің бәрі бір-бірімен функциялық және генетикалық турғыдан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде қалыптаспайды. Теңдестігін ұғынудың бастамалары сыртқы заттардан болған және өз денесінде болған түйсіктерді ажырата бастаған кезден бастап нәрестенің өзінде-ақ болады, «менді» ұғыну бала жіктеу есімдіктерін дұрыс қолдана бастаған, шамамен үш жастан басталады. Өзінің психикалық қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау жеткіншектік және жас өспірімдік кезеңде неғұрлым көп маңыз алады. Бірақ бұл компоненттердің бәрі өзара байланысты болғандықтан, оның біреуінің баюы бүкіл жүйенің түрін өзгертпей қоймайды.

Өз денесінің бейнесі . Жеткіншектің өзі-ақ өзін көрсетуге барынша ұмтылуымен өзінің «мені» мен өз қасиеттеріне зор ынта қояды. Атап айтқайда, ол өзінің келбеті мен дене тұлғасын мүлдем жаңаша қабылдай бастайды. Бұл зор ынта балаң жас өспірім шағында да сақталады. Өзінің өзгергіш тұлғасын зер сала зерттейтін жас еопірім жігіттер мен қыздар бұған барынша алаңдайды. Олардың бәрі дерлік өз келбеттерін өзгерткілері келер еді. Олар үшін әсіресе құрдастары алдындағы беделін өсіріп, танымалдығын арттыратын қасиеттер ерекше маңызды. Жас өспірімдердің көбі тапал, толық болғанына, бетіне безеу шығуына т. б. қынжылады. Әсіресе кеш толысатын ер балалар мұнысына қатты уайымдайды, екінші жыныстық белгілердің шықпай кешігуі құрдастарының алдындағы беделін төмендетіп қана қоймай, өзін қатарынан кем сезінуді туғызады. Бұл қынжылыстар, әдетте, ешкімге білдірілмейді. Өз денесінің бейнесін жас өспірімдердің өзін-өзі ұғынуының ересектердің ойлағанындай емес, анағұрлым маңызды компоненті. Қалыпты өсудің барлық нюанстары мен варианттарын білмеу көптеген жас еспірімдер үшін нағыз «норма трагедиясына» айналады.

Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау . Кішкентай балалардың өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте, ата-аналарынан және басқа да беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды. Бірақ бала неғүрлым есейген сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзін-өзі бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қрсиеттерін, әсіресе батылдык, ерлік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдық-психологиялық қасиеттерді үғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады (өз ақылын немесе сұлулығын басқа біреумен салыстыру арқылы ғана бағалауға болады) .

Жас өспірім де жеткіншек секілді өзінің-қаңдай екенін, қаншалық құнды, қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Өзін-өзі бағалаудың екі тәсілі бар. Бреуі өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижесімен өлшемдестіру («қиын жағдайда саспаған болсам, қорқақ болмағаным; қиын міндетке кірісіп кетіп, орындап шықсам, кабілетті болғаным») . Бірақ жас өспірімнің өмірлік тәжірибесінін шектеулілігіі мұндай тексеруді қиындатады. Ересектердің көзкарасымен қарағанда қисынсыз көптеген қылықтар - қауіпті сотқарлық, даңғойлық - көзге түсіп, жұртқа танылғысы келуден гөрі өзінің батылдығын, өжеттігін т. б. сынап көргісі келуден болады.

Өзін-өзі бағалаудың екінші жолы - әлеуметтік жарыс, өзі туралы төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Төңірегіндегілердің өзі туралы пікіріне өте-мөте сезімтал қарайтын жеткіншектің өзі-ақ әркімнің бағалары ғана емес, бағалайтын өлшемдерінің өзі әрқилы болатынына көзі жетеді. Кластастары ерлік деп бағалаған әрекетті мұғалім жалған жолдастық деп атайды. Осыдан келіп таңдау, өздігінен ойланып көру қажет болып шығады.

Өз «менінің» бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі. Мұнда нақты «мен» (қазір қандай болсам, сондай) де, динамикалық «мен» де (қандай болғым келсе, сондай), мұраттағы «мен» де (өзімнің моральдық принциптерім негізінде сондай болуға тиістімін), қиялдағы «мен» де (бәрі де мүмкін болса, сондай болғым келер еді), көз алдыма елестететін басқа толып жатқан «мендер» де бар. Тіпті толысқан адамнық өзін-өзі ұғыеуы да қарама-қайшылтарсыз болмайды және өзін-өзі бағалаудың бәрі адекватты емес. Жас өспірімдік кезде мәселе бұдан да қиынъірақ. Кейде жас өспірім өзін-өзі бақылау, байқау арқылы өзін білсем дейді. Балаң жас өcпipім кезге жалпы алғанда рефлекцияның өсуі, өзіне барынша ден қою тән. Мұның өзі интимдік күнделіктердің шығуынан да (жас өспірім ұлдарға қарағанда, қыздарда көбірек кездеседі және ертерек басталады), көркем әдебиет бейнелерін өзіне «өлшеп көруден» де (егер жеткіншек кейіпкерлердің қылықтарына ден қойса, жас өспірімдер мотивтер мен толғаныстарға ден кояды), басқа адамдардың ішкі жан дүниесіне көбірек ден қоюдан да аңғарылады.

Кейбір психологтар жас өспірімдік рефлексияның өзін-өзі оқшаулау, шындық болмыстан қиялдағы арман дүниесіне беріліп кету қаупі бар деп есептеп, оған теріс . көзқараста болады. 15 жастағылардың ішкі жан дүниесі алаңсыз болып көрінгенімен әжептәуір қалыптасқан және нәзік болады. Психикалық саулық нормаларының өзі оларда үлкендердегіден гөрі өзгеше. Кіші шәкірттік жастағыларға қарағанда, жас өспірім жігіттер мен қыздарда алаңдаудың жалпы дәрежесі жоғары. Пубертаттық жаста деперсонализация және психикалық жатсыну жағдайлары аз болмайды. Балалықпен қоштасу көп жағдайда бір нәрседен айрылу сезімі ретінде, өз «менінің» бұлынғырлығы, жалғыздық өзін басқалар түсінбейтіндей көру және т. с. ретінде уайымдалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдегі дене бейнесі, өзіндік сана және өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы
Жасөспірімдердегі өзін-өзі бағалау: педагогикалық негіздер мен құндылықтары
Өзін-өзі тану пәні: өзіндік сана, өзін-өзі бағалау мәселелері және оқыту әдістемесі
Психиканың дамуы мен сананың қалыптасуы: еңбек, сөйлеу және өзін-өзі танудың рөлі
Өзін-өзі бағалау: қалыптасу факторлары, құрылымы және өзін-өзі тәрбиелеудегі маңызы
Ағылшын тілінде өзіндік жұмысты ұйымдастыру: өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау және өздігінен даму
Сөйлеудің рөлі және сананың дамуы: өзіндік сана мен қоғамдық сананың формалары
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамуы
Өзіндік сананың қалыптасуы, құрылымы және құқықтық жауапкершілік мәселелері
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы: деңгейлер мен механизмдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz