ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУҒА ӘРЕКЕТТЕНЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚОЛ ЖҰМСАУҒА ӘРЕКЕТТЕНЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ү.А.Уақпаева - жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті,
Абай атындағы ҚазҰПУ
Соңғы жылдары ҰҚҰ Балалар қорының берген мәліметтері бойынша айтар
болсақ, жастар мен жеткіншектердің арасында өзіне-өзі қол жұмсау, өзін-өзі
өлтіру сияқты оқиғалар айтарлықтай көбейіп тұр. Әлемде жылына шамамен 400-
500 мың адам өзіне қол салумен өмірін аяқтаса, ал соған әрекет жасау он
есе көп. Қазақстан Ресмпубликасының статистикалық орталығының көрсеткіші
осы жағдайдың 1999-2003 жылдар аралығында 27,1-ден 29,2 пайызға өскенін
дәлелдейді [1].
Суицид – ауру, рухани азап және психологиялық дағдарыс, ішкі күшті жанжал
ретінде түсіндіріледі. Әсіресе ауыр және қауіпті дағдарыстар эмоцияға
берілгіш, тез жараланғыш тұлғаларда болады. Осылайша суицид – адам мінез-
құлқының актісі, ол психикалық ауру әсерінен және рухани күйзелістің ұлғаюы
жағдайында жасалады [1].
Қазіргі психологиялық зерттеулер адамдардың өмірде кездесетін
қиыншылықтарды өзіне-өзі қол жұмсаумен шешуге бейім тұратындығын, әрі бұл
мәселе генетикамен байланысты екендігін айқындайды.
Суицидтің алдын алу мәселелері жөніндегі зерттеу нәтижелері Ресейде 1917
жылдан кейін ғана баспа бетін көре бастаған. М.Әділбекова өз мақаласында:
А.Е.Личко, К.Леонгард зерттеулерінде жеткіншек жастағыларға тән суицидті
мінез-құлық типтерінің үш түрін: демонстративті, аффективті, шынайы деп
бөлді. А.Е.Личко т ұлғаның акцентуация типі мен жеткіншектің суицидті
мінез-құлық арасындағы байланысты көрсетті. Суицидті мінез-құлықтың
демонстративті типінің 50 пайызын истеройдты-бекем және гипертимді-
истеройдты типтер құрайды. Ал эффективті суицид кезінде бірінші орынды
лабильді- истеройдты типтер алған. Шынайы қастандық, көбінесе, сензитивті
типтерде (63 пайыз) болып шыққан. А.Е.Личко жеткіншектік кезеңдегі
суицидтің төменгі белсенді шизойдтарға тән екендігіне баса назар аударады
[1].
Егер жеткіншек өзіне сенімсіз, өзін-өзі бағалауы төмен, оптимист емес,
бірақ күнделікті істе белсенді, өзін кінәлайтын, қорғанышсыз екендігін
сезінетін болса және психикалық дамуы кешеуілдесе, онда осындай белгілері
бойынша бала суицидке бейімді деген болжам жасауға болады.
Егер ашық, ақжарқын жеткіншек тұйықталса, бұрынғыдай көпшілікпен
араласуға құлқы азаятын болса, мінез-құлқында қызбалық байқалса, кейбір
құрбыларымен қарым-қатынасы бұзылса, ерік-жігерінің және қоршаған ортаға
деген қызығушылығының болмауы мінез-құлықтық ерекшеліктер болып табылады.
Біздің елімізде алғаш рет өзіне-өзі қол жұмсау мәселесіне қатысты 1999
жылы Қарақұлова Зәуре Суицидал мінез-құлықты жеке адамның отбасылық
тәрбие жүйесіне байланыстылығын зерттеу (ғылыми жетекшісі -психология
ғылымдарының докторы, профессор С.М. Жақыпов) тақырыбында кандидаттық
диссертация қорғады. Диссертациялық зерттеудің теориялық негізі болып
Қазақстан, Ресей және кеңестік психологтардың суицидалды мінез-құлқының
дәрігерлік және әлеуметтік тұжырымдамалары, атап айтқанда Б.Г. Ананьев,
Л.И. Божович, Л.С.Выготский, С.Л. Рубинштейн және басқалардың тұлғаның
дамуына әлеуметтік ортаның ықпалы туралы еңбектері, К.А.Абульханова-
Славская, С.М.Жақыпов, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн,
В.К.Шабельниковтердің қоғамның тіршілік әрекетіне тұлғаның ендірілуін
зерттеудегі функционалды- әрекеттік тәсілі, суицидал мінез-құлықты және
оның пайда болуының себептерін түсіндіруде А.Г.Амбрумова, Л.И.Постовалова,
В.П.Тихоненко және т.б. зерттеулері саналды. З. Қарақұлованың зерттеуінде
суициденттер отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері көрсетілген. Суициденттің
ақыл-парасатының, құндылықтарының ерекшеліктерін эксперименттік тұрғыдан
зерттеген (сыналушылардың саны – 350). Сонымен қатар суицидтік мінез-
құлыққа бейім келетіндерге психологиялық тексеру жүргізу жолдары
белгіленген. Кейбір отбасы мүшелерінің псевдо іс-әрекеттерінің болатындығын
анықтаған [2].
Балалардың өзіне-өзі қол жұмсаған барлық түрлерінің көпшілігін жанжал мен
бейберекеттік, яғни ересектердің тарапынан болатын зорлық-зомбылыққа тап
болу қорқынышы, мұғалімдер, достары, сыныптастары жағынан көрініс алатын
дау-дамайлар, айналасындағылардың тасжүректік және немқұрайлы қарым-
қатынастары, жауапсыз махаббат туындатады. Мұндай қадамға, көбінесе тұйық,
тез жәбірленгіш, жалғыздықтан зардап шегіп, өзінің керексіздігін сезінген,
өмірдің мән-мағынасын жоғалтқандар барады. Сонымен қатар суицидтің болу
себебі ата-анасының ішімдікке, нашақорлыққа салынуы, баланың жеке
психологиялық ерекшеліктерінен де болуы мүмкін.
Өз-өзіне қол жұмсау жас өскен сайын көбеюде, барлық жастағы адамдар
өзіне қол жұмсауға әрекеттенеді. Қазіргі таңда үш бірдей жас ерекшелігі
топтарында: балалар арасында, жеткіншектерде және егде жастағы адамдарда
мінез-құлықтың өзінен-өзі тиісті мөлшерден ауытқушылығына ерекше мән
беруіміз керек.
Балалар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау басқа жас ерекшеліктерімен
салыстырғанда сирек кездеседі. Дегенмен де суицидті түсіндіретін теориялар
мен сипаттамалар балаларға да қатысты. өзіне-өзі қол жұмсау тәсілдері тіпті
әр қилы: дәрі-дәрмектерді мөлшерден тыс ішуден бастап, пистолетпен өзін-өзі
мерт қылуы. Сөйтіп 3 : 1 арақатынасында ұлдар қыздардан асып түседі.
Сондай-ақ балалардың кейбіреулері, мысалы үшкір затпен денесін шаншып
жарақаттау, кесіп жаралау, күйдіру, дәрі-дәрмектерді мөлшерден тыс ішу және
биіктіктен секіру сияқты тиісті мөлшерден ауытқушылық істерін әдейі жасап,
ауруханаға түседі.
Зерттеушілер көрсеткендей, кішкентай балаларда суицидке әрекет жасау
алдында : үйден қашу, апатқа ұшырауды көздеу бағыты, өтірік істерге
ұмтылу, ашу қысу, ортадан безу және жалғыздық, сынға сезімталдығының
ширығуы, кедергілерге шыдамау, мұңды қиялға шому және өлім мен өзіне-өзі
қол жұмсауға деген зор ықылас болады. Зерттеушілер балалар суицидін
сүйікті адамын жақын арада жоғалтқан немесе жоғалтатындай болғандағы
жағдаймен, отбасындағы стреспен және ата-аналардың жұмыссыздығымен, әке-
шешелерінің мейірімсіз қарауымен және депрессияның клиникалық деңгейімен
байланыстырады.
Балалар өзіне-өзі қол жұмсау ісінің мәнін толығымен түсінеді дегенге,
адамдардың көпшілігінің сенуі қиын. Олардың есептеуінше, баланың ойлауы
шектеулі, өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасайтын балалар Шнейдерманның
өлімді елемеушілік дәрежесіне келеді, яғни дүниеден озған анасына
қосылуға ұмтылуы. Сонымен қатар көп адамдар суицидті ойлау типі қалыпты
балаларда таралған деп есептейді [3].
Бастауыш ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz