Өзін-өзі тану сабақтарын оқыту әдістемесінің ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Өзін-өзі тану сабақтарын оқыту әдістемесінің ерекшеліктері
Өзін-өзі тану сабақтарының ерекшеліктері болып мұғалім мен оқушылардың
тұлғалық қарым-қытынасқа түсу процесі табылады. Бүл процесте балалар өзі
туралы, өзінің сезімдері, ойлары мен әрекеттері туралы біледі, оларды
талдай алады және адамгершілік тұрғысынан бағалай біледі, өзін және
өзгелерді тыңдауға, адамдарды сол қалпында ізгі ниетпен қабылдап, әр іске
шыдамдылық тануға үйренеді. Өзін-өзі тану сабақтарында әлеуметтік-рөлдік
ойындар мен тренингтер арқылы адами қарым-қатынастар шыңдалады, өмірлік
тәжірибелерімен алмасады, қоғамға қызмет көрсету дағдылары дамиды.
Өзін-өзі тану процесін ұйымдастырудың маңызды шарты болып балалардың
психологиялық, физиологиялық, жас ерекшеліктеріне сәйкес жағымды эмоциялық
күймен қамтамасыз ететін жағымды ортаны құру болып етеді.
Өзін-өзі танудың өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес сабақтардың
стандартты емес түрлері ұсынылады: ойлану сабақтары, талдау сабақтары,
театрландырылған көріністер түріндегі сабақтар, шығармашылық сабақтар,
сайыс сабақтар, концерт сабақтар, экскурсия сабақтары, ойын сабақтары және
т.б.
Өзін-өзі тану сабағының нәтижелі болуы үшін, мұғалім интерактивті
әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдануы қажет. Сонда ғана бүл сабақта әрбір оқушы
жеке пікірін білдіріп, талдауға белсене қатысып жеке әңгімесін айтып
үлгереді.

Сабаққа қойылатын кейбір талаптар

1.Жаттап алуды талап етпеу
Басқа оқу пәндерінен ерекшелігі сол жалпыадамзаттық құндылықтар
жөніндегі сабақтардың тақырыптары дәлме-дәл ғылыми есеп-қисаптар мен
фактілерге негізделінбейді. Сондықтан балалардан өткен сабақтың тақырыбын
оқуын және айтып беруін талап етпеу керек.
Алайда оқушылар хормен айтатын әннің сөздерін жатқа білуі қажет. Бұдан
басқа мұғалім оқушылардың рухани тұрғыдан жетілуіне маңызы бар деп санайтын
болса, кейбір өлеңдер мен қара сөздерді (прозаны) жаттауға беруіне болады.
Есте сақталынып қалған мәні зор өлең сөздері, цитаталар мен өлеңдер баланың
бойындағы жақсы ойлар мен дұрыс дағдыларды дамытуға көмектеседі.

2.Баға қоймау
Бағалау бiлiм беру процесiнiң маңызды бөлiгi болып табылады. Рухани-
адамгершiлiк бiлiм ерекшiлiктерiне сәйкес оқушылардың оқу жетiстiктерiн
сандық емес, сапалық бағалау маңызды болып табылады. Осыған байланысты өзiн-
өзi бағалау, құрбыларының бағалауы, оқушының нақты iс-әрекеттерi туралы
қысқаша және шағын жазбалар, оқытудың әрбiр деңгейiнен кейiнгi аралық
нәтижелердi өлшеуге арналған тапсырмалар жүйесi сияқты бағалаудың әр түрлi
әдiстерi қолданылуы мүмкiн.
Оқушылардың ағымдық оқу процесiндегi жетiстiктерi туралы ақпараттар
және деңгейден кейiнгi қорытынды нәтижелер:
- оқушылардың жеке, топтық және ұжымдық iс-әрекеттерiн ұйымдастыру
процесiнде;
- оқытудың интерактивтi әдiстерiн немесе сараланған тапсырмаларды қолдану
кезiнде портфолиоға жиналады.
Оқыту нәтижелерiн оқушылар жетiстiктерi туралы жинақталған ақпараттар
негiзiнде қорытындылау мен бағалау жеке мұғалiм арқылы да, оқушының
қатысуымен ұжымдық шешiм негiзiнде де жүзеге асырылады. Оқушылардың оқу
жетiстiктерiн:
- оқушылырдың жеке және рухани дамуына қолдау көрсету үшiн;
- оқудың барлық кезеңiнде әрбiр оқушының өз жетiстiктерiнiң даму
динамикасын ұғынуы үшiн осы бағытта бағалаудың мәнi зор.

3.Еркіндік пен уақыт.
Мұғалімнің өзінің жеке басының пікірін сыныпқа зорлап міндеттеуіне
болмайды. Талқыланып отырған өмірлік тақырыпты толық түсінуі оқушылар жан
дүниесінен үндестік таба қоймауы мүмкін.
Балалардың рухани санасына қатысы бар мәселелерді талқылау кезінде
толық еркіндік пен жеткілікті уақыт берілуі керек. Өйткені осы сәтте әңгіме
мұғалімнің дұрыс жауап алуы туралы болып отырған жоқ. Әңгіме күрделі
адамгершілік проблеманың шешімін таңдау туралы болуда.
Әлдебір ой-пікірмен оқушылардың таласы мен келіспеушілігінің пайда
болуы сабақтың өтпегенін көрсетпейді. Керісінше, оқушылар сіздің
ойларыңызды қабылдай алмағандығын, әңгіме тақырыбының олардың жүрегіне
жетпегендігін байқатады.

4. Өмірмен байланыс.
Егер оқушы баламен барынша тығыз байланысы бар адамдар тарапынан
қолдау табатын болса, сабақтар әлдеқайда зор құндылықтарға ие болады.
Әңгімеде баяндалатын қандай да бір өмірлік оқиғаны талдау кезінде оны
туыстарымен, көршілерімен таныстарымен өзара қарым-қатынасы бар біреудің
отбасына апарған жөн. Оқушыларға тақырыпты ата-аналарымен немесе достарымен
талқылауға ұсынуға болады.
Қоршаған шынайы өмірмен тығыз байланыс жасамайынша сабақтың тақырыбы
тек теориялық тұрғыда қалып, өмірдегі өзгерістерді шынайы жеткізе алмайды.

5.Мұғалім бейнесі
Балалар үшін тәрбиешінің, ұстаздың жеке басының өте үлкен маңызы бар.
Бұл рухани-адамгершілік бағыт-бағдар беретін сабақтарда ерекше маңызды.
Мұғалім оқушыларға олар құрастырған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лингводидактика ұғымы
Талдап оқыту әдістемесі
Гигиеналық дене шынықтыру
Мектептегі әдебиет сабағын ұйымдастыру және оның маңызы
Дүниетануды оқытудың ерекшеліктері
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Алгебралық есептерді шешуде математикалық индукция әдісін қолданудың жаңа қырларын көрсету
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖЕДЕЛДЕТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектептегі семинар сабағының білім дағдысын қалыптастырудағы маңыздылығын көрсету
Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеп, жан-жақты қарастыру
Пәндер