Өлкетану іскерлігіндегі оқушылардың танымдық белсенділігінің даму мәселесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Өлкетану іскерлігіндегі оқушылардың танымдық белсенділігінің даму мәселесі.

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының өлкетану іскерлігінің теориялық мәселелері.

1. 2. Оқушылардың танымдық белсенділігінің дамуындағы жергілікті жер материалдарын пайдалану мүмкіндіктері

2. Дүниетану пәнініде жергілікті жер материалдарын тиімді пайдаланудың әдістемесі

2. 1. Бастауыш сынып оқушыларына өлкетану материалын пайдаланудың маңызы

2. 2. Дүниетану пәнінде өлкетану материалдарын пайдалану жолдары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі : Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы әлеуметтік өзгерістерге қарамай қоғамдық өмірдің барлық жақтарын жаңалау өте баяу өтуде. Ал оның өсіп келе жатқан ұрпаққа деген әсері көбіне негативті болып отыр. Қоғам алдында негізінен мынадай мәселе қойылып тұр:ол оқушылардың танымдық іскерлігімен тәрбиелеу процесін белсендіру. Сондай-ақ оның жаңа дәрежесін сапалы ету керек және ықыласын арттыруға шығармашылық, көптеген адамдық дарындылығын көрсету үшін жағдай жасау керек. Бұл мәселені шешуде оқушылардың өлкетануының мүмкіндіктері өте үлкен. Балалар саяхаты мектеп және мектептен тыс мекемелердің өміріндегі ең жарқын бір көрінісі.

Өлкетану іскерлігі дегеніміз - бұл тұлғаны барлық жақтан дамытудағы комплексті амал. Ол әдістер мен түрлердің әртүрлілігін өзіне қосады және біріктіреді. Ал ол болса, өсіп келе жатқан тұлғаны қалыптастырады.

Өлкетану іскерлігінің негізгі ерекшелігі табиғи әлемде өзіндік тануға болысады. Педагогикалық дұрыс орта мен әлеуметтік ортаны тануға және оқушыларды оны қоршаған ұйымдастырылған өлкетану іскерлігі балаларды өздерінің туған өлкелерін белсенді түрде тануға бағыттайды. Сондай-ақ сол өлкенің табиғи байлықтарын, мәдениеті мен тарихын да тануға мүмкіндік береді.

Біздің қоғамда болып жатқан тұрақты әлеуметтік, экономикалық өзгеріс кезеңінде педагогикалық мәселелерді дамыту кезіндегі жетістіктер, яғни өлкетанулық іскерлігінің амалдарымен тұлғаның белсенді түрдегі танымдылығын дамыту тұрақты танымдық қызығушылықтың және қажеттіліктің тууына көмектеседі. Ол барлық жақтан дамыған тұлғаның және оқушылардың шығармашылық танымдығының қалыптасуына әсер етеді. Жоғарыда айтылғандардың барлығы «бастауыш мектептерде дүниетану сабағында жергілікті жер материалдарын пайдаланудың маңызы» атты тақырыпты анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеудің обьектісі :Оқушылардың өлкетанулық іскерлігі. Бастауыш сынып оқушыларымен атқарылатын өлкетану жұмысын жүргізу процесі.

Зерттеу пәні :Бастауыш сынып оқушыларына арналған өлкетану жұмысындағы оқу тәрбие процесі.

Зерттеудің мақсаты :бастауыш сынып оқушылары мен өлкетану жұмысында орындалатын жұмыстар әдістемесін жетілдіру.

Зерттеудің міндеттері :

1. Өлкетану жұмысы амалдары мен оқушылардың танымдық жолдарын анықтау.

2. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың педагогикалық психологиялық мәселесін қарастыру.

3. Оқушылардың танымдық белсенділігінің дамуына өлкетану материалдарының мүмкіндіктерін анықтау

4. Оқушылардың танымдығын дамытуда әдістемелік жолдарын қарастыру.

Зерттеудің әдістері :

-Зерттеудің негізгі бағытын анықтауда және ғылымдағы мәселелердің жағдайын айқындау мақсатында психология-педагогикалық әдебиеттердің талдауларын зерттеу.

-Мектептен тыс мекемелерде, мектептерде орындалған педагогикалық жұмыстардағы іс-тәжірибиесінің негіздерін және оқушылар ұжымындағы педагогикалық тәжірибиені ғылыми ұғынудағы мақсатты өткенді шолуға талдау жасау.

-Сауалнама өткізу, сұрау, жеке сұқбаттасу, берілгендерді статистикалық өңдеу әдісі, құжаттық қайнарларды зерттеу, педагогикалық бақылау әдістері, сараптама әдістемесі, теориялық модельдеу және тәжірибие эксперименттік тексеру.

Зерттеудің әдістемелік негізі болып, тұлғаның әлеуметтік іскерлігінің маңызы туралы ғылыми дәреженің бірігуі болады. Зерттеудің әдістемелік негізіне жеке психологиялық артықшылықтар, тұлғаны тәрбиелеудегі табиғат пен әлеуметтік ортаның ролі және тұлғаны дамытуда оның рухани дамуындағы процестер белсенді іскерлігі алынады. Бұл өзіміздің зерттеулерімізді Л. С. Выгодскийдің, С. Л. Рубенштейннің, А. В. Петровскийдің, А. Н. Льеонтеваның, Л. В. Зинкованың, Л. И. Божовичтің және т. б. психологтардың жұмыстарына сүйендік. Оқушылардың тұлғасының қажетілігі мен бейімділігіне және дүниетанымына жан-жақты дамыту үшін өлкетанудың әсерін, оның педагогикалық әсерін және жалпы білім беру мектептері үшін өлкетанулық іскерлігінің жүйесін құрастырған А. А. Остап-Свешниокваның жұмыстары біздің зерттеулеріміздің теория- әдістемелік және әдістемелік негізі болып есептеледі. А. А. Остап-Свешникова оқушылардың өлкетану методологиясы мен концепциясын құрастырды. Олар өздерінің Отанындағы әртүрлі өлкелерден бастап өзінің туған өлкесіне дейінгі қоршаған әлемді меңгеру үшін комплекстік түсініктемені енгізіп, және де оған мінездеме беріп, оған өлкетанулық іскерлігінің дәрежелік түсініктемесін берді.

Оқушылардың өлкетану іскерлігіне қатысуы тұлғаның қажеттілігі мен бейімділігін, танымдық қызығушылығын дамыту үшін қолайлы шарттарды туғызады. Психологтар адамның фундаментальдық қажеттіліктерінің бірі болып жаңалыққа деген қажеттілік болып табылады деген пікір айтқан. Сондай-ақ ол қажеттілікке жаңа әсер, жаңа білімді алуға деген де жатады. Өлкетану іскерлігі көбіне оқушылардың барлық қажеттілігін қанғаттандырады. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік өзгеріс мектептерді қоғамдық өмірден тыс қалдырмайды. Экономикалық қатынастардың жаңа түрлеріне өту, пайда болып жатқан бәсекелестік күрес қоғамның жартысының баюға масаттануы кейде кез-келген әдісті пайдалануға оқушылардың жартысында эгоистік қызығушылығының қалыптасуына әсер етеді. Қазіргі кезде кинотеатр экраны, теледидарлар Отандық және шетелдік фильмдері жақсы емес үлгілерге толы. Ал бұлардың бәрі балалардың мінез-құлқына кері әсер етеді. Сонымен қатар рухани байлықтарға қайта оралу, ұлттық мәдениеттің ролі өсіп, өз халқының дәстүрін тану және біздің қоғамымыздың тарихи өмірін қайта қарау болып жатыр. Көбінесе өзгеріс халықтық білімде пайда болуда. Жаңа түрдегі ұйымдастырушылық мекемелер пайда болуда. Олар жекеменшік мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер. Бағдарламалар өзгеріп, педагогтың шығармашылығына кеңшілік беріледі. Қазіргі кезде мәдениетті мінез-құлықтық тұлғаны қалыптастыру процесін дамыту үшін оқушыларды шынықтыру және қоршаған ортаны таныстырумен біріктіріп тәрбиелеу керек. Ол үшін өлкетанулық іскерлігіндегі бағдарламада жаңа моделдерді құрастыру керек. Бұл жердегі басты ролді өлкетанулық іскерлігі әлемді тану мүмкіндіктеріне қатысты.

Бірақ өлкетану іскерлігінің оқушылардың дамуы мен белсенді танымдығын ұйымдастыруда үлкен мүмкіндіктеріне қарамай оның потенциалы жеткілікті кеңдікте қолданылмайды. Бұл өлкетанулық іскерліктегі ғылыми методикалық әлсіздікпен және танымдық дамудағы мәселелерді педагогикалық тұрғыда жетілдірілуімен түсіндіріледі. Оқыту процесіндегі шәкірттердің танымдық дамудағы мәселелері және тәрбиелеуде педагогикалық ғылымдардың жұмыстарында көп жоспарлы жарықтандыру алды. Олар: К. Д. Ушинский, С. Т. Шацкий, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, И. Я. Лернер, М. А. Данилова, В. П. Есипова, М. Н. Скаткина, Г. Н. Филонова, Б. Т. Лихочев, В. Н. Кортова және т. б. С. Т. Шацкий бірінші рет іс-тәжірибесінде өлкетанулық саяхатты комплексті қолданды. Бұл комплекс танымдық мақсатта ұйымдастырылған. Біздің зерттеуіміз үшін өлкетанымдық іскерлігімен байланысты жұмыстардың барлығы үлкен мағыналы болып есептеледі. Біздің зерттеулеріміз үшін А. А. Остап-Свешниковалардың жұмыстарының маңызы өте зор. Олар методологияны, концепциялы, өлкетанулық іскерлігінің педагогикалық негізін құрастырады. Бірақ та жоғарыда аталып өткен зерттеулеріміздің біреуі де, өлкетанулық әртүрлі түрдегі және циклдағы өлкетанулық іскерлігінің оқушылар үшін әсері қандай болатынын, зерттеу және танымдықты дамытудағы өздеріне мақсат еткен жоқ болатын.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан (әр бөлімде екі парагрофтан), қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарау . Өлкетану іскерлігіндегі оқушылардың танымдық белсенділігінің даму мәселесі

1. 1. Бастауыш сынып оқушыларының өлкетану іскерлігінің теориялық мәселелері.

Қазіргі заманғы Өлкетану іскерлігі ұзақ тарихи дамуының өнімі. Адамзаттың қоршаған ортаны тану процесі географиялық ашылулар мен саяхат жасауына байланысты болады. Ежелгі заманда айырбас және халықтар арасындағы сауда байланысының дамуы елдің, ондағы халықтың және олардың саяхат дәстүрлері туралы дәл анық мәліметтердің болуын талап етеді. Ежелгі ғалымдар Геродот, Пифей, Старобон, Клавдий, Пталомей және т. б. ұрпақтарына әртүрлі елдер жайында көптеген мәліметтер қалдырған, сонымен қатар олар адам баласының қоршаған әлем туралы тану сауатының кеңеюіне үлкен үлес қосқан. Өздері көрген елдердің, теңіздердің, материктердің, халықтар туралы толық суреттемелерді орта ғасыр саяхатшылары Афанасий Никитин, Марко Поло Кристофор Колумб және т. б. қалдырған.

Ұлы географиялық ашылулар саяхатшылардың суреттеулері жер өтушілер, теңіз жүзушілері әлемді меңгеру мен тануға үлкен әсерін тигізген. Саяхатшылардың мың жылдық тарихынан, географиялық ашылуынан, жаңа жерлерді меңгеруден көптеген ғылыми аймақтану материалдары, күнделіктері, есептері жинақталған. Бұлардың барлығы әртүрлі өмір жолдарында адамзат білімінің толықтырылуында қосқан үлесі есепсіз. Адамдарда басқа географиялық аймақтардың табиғатын, басқа елдерді, сол елдегі халықтардың өмірін өз көзімен көріп танысуға деген талпыныстары туындайды. Осының барлығы саяхат жасаудың ерекше түрі туризм және экскурсияның пайда болуына себепкер болды.

Ол географтар, тарихшылар, теңіз жүзушілер, зерттеушілер, іскер әлем өкілдерінің іске асырған саяхаттар және ашылулар негізінде дамыды. Өйткені олар өздерінің ғылыми ізденістерін, бақылауларын, сипаттамаларын, әдеби, географиялық және тарихи материалдардан, есептері мен күнделіктерінен жинақтап және оны қазіргі ұлттардың тарихи мұрасы етті.

Қайта өрлеу дәуірінің адал педагогтары және ойшылдары Хуан Луис Вивес, Дзигереш Эразм Роттердамский, Томос Мор, Мишель Де Монтеньдер өз еңбектерінде туристік-аймақтану іскерлігінің ерекше элементтерінің негізін салған. Алғашқы серуендер таныстыру экскурсиялары, жастардың жасау сапарлары өткізіле бастады.

Атақты чех педагогы Ян Амос Коменский балалардың бос уақытын ұйымдастыру және оларды ұтымды пайдалануға көп көңіл бөлген. Оның іс-әректінің диапазонына балалардың өздерінің қызығушылық танытқан саласына сабақтар, таныстыру экскурсиясын өткізген. Іс-қимыл ойындары бар сауықтыру серуендері және гимнастикалық жаттығулар, театрларда шығармашылық сабақтар және түрлі ролдік ойындар жүргізіп отыру кірген. Я. А. Коменский балалармен тәрбие, білім беру, сауықтыру жұмыстарын комплекстеудің іргесін қалаған, бұл жұмыстар туристік аймақтану іскерлігіне тән жұмыстар.

Аймақтану іскерлігін теориялық негіздеу үшін К. Д. Ушинский еңбектерініңүлкен маңызы болды. Ол бастауыш сыныптарының оқуына арналған «жергілікті элементке» елеулі орын бөлген. К. Д. Ушинский мектеп географиясын жергілікті жерінен бастауды ұсынған.

Осы идеялар арқасында Ресейде аймақтану принципіне негізделген география оқулықтары шыға бастады. Табиғи экскурсиялардың маңыздылған ескере отырып, ол былай деді: «табиғат логикасы ең тез меңгеріледі және балалар үшін әрі пайдалы логика».

Ресейдің ең жақсы педагогтары, методистері оқушылармен экскурсия, аймақтану жұмыстарының сұрақтарымен жұмыс істеді. А. Я. Герд табиғаттану ғылымы ретінде қаралуының негізін салушы табиғатты үйренуде арнайы сабақтарға көп көңіл бөлген. Онда олар табиғат объектілерін оқып үйреніп, табиғатты экскурсияға шығып отыруға байланысты болған. Д. Д. Семенов К. Д. Ушинский ісін жалғастырушы «Географияның бастапқы курсы бастауыш сыныптарға отанын танудан бастап оқыту керек» - деп ойлаған. Бұл дегеніміз географияны үйренуді балалар өздері тұратын жерінен бастау керек дегені, сонда олар табиғатты, аймақтарды тек оқып, картадан көріп келсе, өздері күндклікті көріп, кездескен құбылыстарды бақылау, өздігінен қызығып зерттеуіненматериалды жақсы меңгереді деген сөз. Осылайща Д. Д. Семенов қазіргі заманғы аймақтанудың негізін салущшы болған. Орман институтының профессоры Д. Н. Кайгородов табиғи объектілерді өзара байланысымен мезгілі бойынша және тнк қана табиғатқа экскурсияға шығу арқылы үйренуді ұсынған. Танымал орыс ғалымы П. Ф. Капкеров «Дидактикалық очерктерінде» жазған: күмәнсіз, оқу серунедері мен білім беру саяхаттары тәрбиелеудің қажетті де керекті элементі болатын уақыт келеді, сонда адам баласы өзінің отанын жан-жақты білмесе ол толык сауаты бар адам болып есептелмейді. Болашақта оқу тәрбиелік тұрғыда жер шарын айналып саяхат жасау жалпы білім берудің маңызды элементі болады деп қорықпай күмәнсіз ой айта аламыз.

Клубтар, туристер одағы өздерінің іс-әрекеттерінің жан-жақтылығына қарамстан және көбінесе элитарлы сипатта болғандықтан туризм мен аймақтанудың оқушылар арасында кең құлаш жаюына үлкенм үлес қосты. Көптеген мектептерде гимназияларда, коммерцмялық училищелерде, кадеттік корпустарда экскурсияны білім беру, таныстыру, тәрбиелеу мақсатында пайдаланатын болды. Бұл қысқаша мәліметтерден аймақтану іскерлігінің революцияға дейінгі жағдайын көріп, одан сол уақыттағы Ресейдің көрнекті ғалымдары, педагогтары, методистері оқушылардың аймақтану, экскурсиялық істермен көп щұғылдануына көп шұғылдануына көп көңіл бөлгенін аңғарамыз. Олар батыс педагогтарының идеяларын ұстанып оларды дамытып, байытып, оны оқу тәрбиесіне оқушылардың танысу серуендері, экскурсиялары, сапалары, табиғатқа саяхаттары сияқты істерімен жүзеге асырған. Бірақ та бұл аймақтану, экскурсиялық іскерлік жалпыға емес, тек қалталылардың ғана қолында болып қояды. Халықтың негізгі басым көпшілігіне ол қол жетпес болды.

Аймақтану іскерлігінің мектен тыс дамуына 20-шы ғасыр басында Ұлыбританида пайда болған «Пласт» деген атаққа ие болды. «Пласт» бұл Украина жастарын жан-жақты патриоттық тәрбиелеу ұйымы. Бұл атау жеміс мол берушіқабат- «Пласт» топырақ, онда еркіндік пен туған елінің тәуелсіздігі бекіп өсіп шығады деген мағынада қойылған. Запорож казактарында Пластундар деп шекаралас батпақтард жауларды аңдитын барлаушыларды атаған.

«Пласт» Уставта, былай делінген - бұл балауса жоспардың өз еркімен құрған ұйымы. Оның мақсаты жан-жақты дамыған, құдай, халық, отан алдында жауапты адам тәрбиелеу. «Пласт» мектептен тыс, жалпылай таралуға ұмтылмайды, сондықтан ол бір жағынан келемін деушілерге әрқашан есік ашық болғанамен элитарлы ұйым Скаутингке оқу және тәрбие, ойын, спорт, рухани байытылуымен іске асырылады. Скауттарды тәрбиелеудің патрульді өзіне өзі бар болмайды, ол адамдарғ көмек көрсету үшін, яғни күнделікті іс атқару идеясына айналады. Тәрбиелеу мақсатына скауттардың заңдары, дәстүрлері, міндеттері кіреді. Скауттар жүйесі өздеріне рухани, физикалық және патриоттық тәрбиені кіргізеді. Оларға тарихты, дәстүрді, өз халқының мәдениетін білу, өзінің аймағында саяхат жасау, басқа лагерлерге барып жорықтар, ойындар өткізу, жолдастық кездесулер және мейрамдар өткізу кіреді. Скауттарды тәрбиелеу - бұл логикалық реттелген психологиялық, физикалық және эмоционалдық балаларға әсер ету жүйесі. Бірақ скаутинг өзі - бұл ойын; қызықты эмоционалдық ойын; жоспарды ересек өмірге даярлайтын ойын.

Скауттық қозғалыс туыла бастағанда ондағы ерекше орын туризмге, жнңіл палаткалы лагерлерге, жергілікті орында практикалық сабақтарға берілетін ориентир алу, от жағу, өзіне баспана соғу - осының бәрін скаут міндетті түрде білу қажет болатын 20-шы 30-шы жылдары кейде скаутинг балаларға жазғы лагерлер ұйымдастыратын. өзінің кезегінде 80-щі жылдардың соңында қайта пайда болған скауттық қозғалыс өз іс-әрекетінде көбінесе - аймақтану формасы мен жастармен жұмыс істеу әдісіне бағытталған. Лъвовтық Пласта ұйымының болашақ инструктор - жол көрсеткіштерін кіші ғылыми академия мүшелерінен таңдаған.

«Пластада» балалармен жұмыс істеу үшін олар Карпат тауларында көп километрлік сапарларға шығып, катамарандарда жайсыз, черемуштан жүзіп өту керек және туристік білімі мен іскерлігін көрсетіп сынаудан өтетін болған.

Осылайша балалармен турситік жұмыс скауттық қозғалыстың көптеген формалары мен тәсілдерін алып, оларды әрі қрай дамытып скаутизмнің жақсы идеяларын өзіне алды.

Революцияның бірінші жылынын-ақ оқушылармен өлкетану, экскурсиондық іскерлік мақсаттарын айқындап қойды: отанын қорғауға дайындау, елдің халықтық-әлеуметтік және экономикалық өмірін оқып үйрену. Кеңес укіметінің бірінші жылдарынан бастап өлкетану іскерлігі жалпы әлеуметтік құбылысқа айнала бастады, бірақ авторитарлық, тотаритарлық режим тарапынан бұл процесс ұзаққа срзылды. Бірақ 1922 жылды елдің ауып экономикалық жағдайына байланысты еөптеген станцмялар қысқартылып, соңынан экскурсиялық секциялар өз тіршіліктерін тоқтатады. Бұл елде оқушылар мен өлкетану экскурсиялық жұмыс жағынан ауыр соққы болды. Бірақ осының барлығына қарамастан, марксизм-ленинизм дөрекілігіне қарамай, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе өсіп келе жатқан ұрпақтың жан-жақты даму мақсатында өлкнтанудың жаңа үлгілерін ұсынды.

Өлкетану іскерлігінің комплексті мәнін бағалаған бірінші педагогтардың бірі С. Т. Шацский болды. В. Н. Шацскаяның естеліктері бойынша «Бодрая жизнь» мектеп колониялық өміріндегі көп орын 20-шы жылдары ұзақ экскурсиялардан құралған. Бұл Шацский тарапынан колонистердің жан-жақты дамуының тәсілі деп түсіндірілетін. 1921 жылы С. Т. Шацский елдің солтүстігі Архангельск пен Пинегаға сапар ұйымдастырған. Жол жөнекей колонистер Мәскеуден бастап-ақ теңізге дейінгі табиғи зоналармен танысқан.

Балалар азамат соғысының қатаңдаығын және жан түршігерлік жайттарын жолда кездестіріп, сол кезден қалған өшпен іздерден көріп танысты. Сонымен бірге естен кетпес Солтүстіктің пейзажымен, ақ күндерімен, Солтүстіктегілердің тұрмыс салттарымен олардың рухани жақсылықтары үлкен ағарту мәні ғана емес, сонымен қатар балалардың эстетикалық дакмуына үлкен үлес қосты. Бір жылдан кейін колонистер Кавказдағы Қара теңіз жағалауында экскурсияларын өткізді. Сондай-ақ колонистер Красная полянаға үш күндік жаяу таудан сапар жасаған. Отаршылар Сочидегі балалар үйлерінің бірінде қонқ болып, онда бірігіп экскурсиялардың бірнешеуін жүргізді. Олар жүзу мен ойындардан жарысты.

Ерекше отаршылдардың есте қалғаны соңғы экскурсия, Шацскийдің ұйымдастыруымен болған «Сергек өмір» мектеп-колониясының 10 жылдығына арналған. «Біз Цес мұздағына бардық, әскери-Осетин» жолынжаяу шолып шықтық, қырлы боранда Мамисон асуында түнеп шықтық, Кутансинде болдық, Гигвибули руднигінде болдық, сол жақтан пойызбен Батумиге келдік. Шацский қатысқан экскурсиялардан басқа колония мектептерде ұзақ экскурсиялар жүргізілді. Наркомпрос эксбюроның жолдамаларымен түрлі тақырыптарға арналған мектептегі жеке пәндерді зерттеу, көркем-өнер, қоғамтану, саяси-идеялар тәрбиелеумен байланысты. Бұл саяхаттар коллективтв өте белсенділікке шақырады, балалардың ой-өрісін дамытады.

Қазіргі заманның өлшемдерімен Щацскийдің ұзақ саяхаттары - бұл өлкетану экспедициялары, біздің елдің шет шетімен таныстырумен байланысты. Ол саяхаттар қазіргі заманның өлкетану саяхаттарына үлгі болды. 20-шы жылдардың соңында тәжірибелік жұмыс формасымен қатар оқушылар өкімет ұжымдардыңтапсырмасы бойынша зерттеу және тәжірибе жұмыстарын дамытады. Бұл өлкетану саяхаттарының негізіндегі мақсаты туған жердің табиғатын зерттеу болды, балалардың ой-өрісін дамыту және нығайту.

Бірақ бұның бәрі жоғарыдағылардың нұсқауымен болды, ал жақсы дайындаған мамандар жойылған немесе революцидан кейін репрессияға ұшыраған. Ал жаңадан келген ғылыми қызметкерлер дайын емес ді, сөйтіп бұл іскерлік елімізде іске аспады. 1919-1920жж өлкнтану істері мектептен тыс ұйымдарда негізделінеді және бірнеше күндік саяхат болып өткізіледі. Бұл экскурсия «көшіп жүру» экспедициясы деп аталады. Олардың мақсаты: зерттеу мен білім тану болды.

Өлкентану жұмыстарына А. В. Луначаркий көп көңіл бөлді. Ол мектептік өлкетануда өте маңызды деп тапты. Ол «біздің еліміздің ғылыми зерттеуіне мектеп өз үлесін қосады» деді. Ол өлкетану жұмыстарын өте жоғары бағалады. Ғылыми-зерттеу және біліитану оқушылардың белсенділігін көрсетеді.

1930 жылы Бүкіл Одақтық Пролетарлық экскурсия ұжымы құрылды (БОПТЭҰ) . Ұжымда балалар секторы құрылды. БОПТЭҰ-ның бүкіл Одақтық 1-ші съезінде жас балалармен жұмыс істейтін арнайы резолюцмя қабылданды. Бұл резолюцияда балалардың негізгі бос уақытын өткізетін ұжым блу керек делінген. Бірақ маман қызметкерлерінің жоқтығынан, экономика қиыншылықтарына байланысты, бұл ұран тек қағаз жүзінде қалды. 30-жылдары А. С. Макаренконың өлкентану жұмысында айтарлықтай үлкен орын алды. А. С. Макаренко балаларды тәбиелеу үшін және білім алуға саяхатты өте қажет деп есептеді және оған үлкен мән берді: балалардың жетілуіне білім алуына одан артық тәсілдер жоқ деді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларымен өлкетанулық жұмыс орындалатын әдістемесін жетілдіру
Өлкетану іскерлігінде оқушылардың қолданатын шығармашылық түрлерінің дамуы
Мониторинг – бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі
Болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына даярлығын қалыптастырудың тиімділігін тәжірибелі педагогикалық жолмен тексеру
География пәнінде өлкетану жұмыстары негізінде оқушылардың азаматтылықтарын қалыптастыру мүмкіндігі
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін жетілдіру
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Кіші мектеп оқушыларында экологиялық тәрбие қалыптастырудың жолдары
Оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту түрлетінің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz