Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің
2010 - 2014 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары

1. Миссиясы және пайымдауы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің миссиясы - бәсекелестік қабілеттің жоғары деңгейі мен ұлттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету; экономиканың энергия ресурстарына өсіп
отырған қажеттігін қамтамасыз ету, минералдық ресурстарды тиімді
пайдалануға бағытталған ғылыми-технологиялық әлеуетті дамыту, энергетика
секторында өңірлік және халықаралық интеграция мақсатында экономиканың
минералдық-шикізат және отын-энергетика секторларын дамыту.
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің пайымдауы:
Пайдалы қазбалардың қосымша қорларын анықтауға бағытталған геологиялық
зерттеу жүйесін жетілдіру, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды
қамтамасыз ету.
Мұнай-газ өнеркәсібін мұнай-химия өнімдерін базалық және қосылған жоғары
құнымен өндірудің, өңдеудің және шығарудың аяқталған технологиялық циклімен
одан әрі дамыту.
Халықаралық энергетика нарықтарының ықпалды және жауапты қатысушысы ретінде
мемлекеттің ұстанымын күшейту.
Елдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Ішкі және сыртқы нарықтардың көмір өнімдеріне қажеттілігін қамтамасыз ету.
Энергия ресурстарын тасымалдау жүйелерін одан әрі дамыту.
Ядролық-энергетика саласын құру.
Отын энергетика кешені (ОЭК) салаларына энергия үнемдейтін технологияларды
енгізу.

2. Өткен жылды талдау

Геология. 2008 жылы жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестерге
мемлекеттік геологиялық зерттеу, мониторинг, қолданбалы 2 ғылыми
зерттеулер, мұнай және өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларды жою
жүргізілді.
Алаңдарды геологиялық жете зерттеу (ГЖЗ-200) қазіргі геологиялық
негізді алуға және қатты пайдалы қазбалардың әртүрлі түрлерінің
кенорындарын анықтау үшін перспективалы 104 объектіні анықтауға мүмкіндік
берді, енді олардың қорларын бекітумен жұмысты жалғастыру қажет.
Геологиялық барлау жұмыстарын орындау нәтижесінде пайдалы
қазбалардың кейбір негізгі түрлері бойынша қорлардың өсуі: алтын 50
тоннаны; мыс - 840 мың тоннаны; никель - 407 мың тоннаны; марганец кені - 6
млн.тоннаны; темір рудасы - 82 млн. тоннаны; мұнай - 61 млн. тоннаны; газ -
4 млрд. текше метрді құрады.
Минералдық ресурстар Қазақстан экономикасының негізін құрайтын және қаланың
негізін салушы болып табылатын тау-кен-металлургия кешені кәсіпорындарының
тұрақты дамуын қамтамасыз өтетіндіктен мұнан былайғы геологиялық
зерттеулерді жандандыру қажет.
Геологиялық ақпаратты қалыптастыру мемлекеттік органдар мен жер
қойнауын пайдаланушыларды жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Цифрлық геологиялық ақпарат жинау және өңдеу мақсатында ақпараттық жүйе
құру, геологиялық материалдарды цифрлау бойынша жер қойнауы және жер
қойнауын пайдалану туралы Мемлекеттік компьютерлік дерекқор құру жөніндегі
жұмыстар жалғасуда.
509 елді мекен ауыз су қорымен қамтамасыз етілді.
Каспий теңізінің су басу аймағында 8 авариялық мұнай ұңғымасы мен өздігінен
төгілетін 130 ұңғыма жойылды.
Перспективада елдің минералдық-шикізат кешенінің ресурстық базасын
дамытудың 2003 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес саладағы
жоспарлы жұмысты жалғастыру қажет.
Жер қойнауын пайдалану. 2008 жылы минералдық-шикізат кешеніне
салынған инвестицияның көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 25,3 %-ға өсті және
22,3 млрд. АҚШ долларын құрады, оның 334 млн. АҚШ доллары әлеуметтік сала
мен жергілікті инфрақұрылымды дамытуға, 135,4 млн. АҚШ доллары қазақстандық
персоналды оқытуға жұмсалды. Жалпы көлемнің 73 %-ы көмірсутек шикізаты
бойынша жер қойнауын пайдалану объектілеріне инвестицияланды.
2009 жылдың 9 айындағы минералдық-шикізат кешеніне салынған
инвестицияның көлемі 14,8 млрд. АҚШ долларын құрады.
Жер қойнауын пайдалану саласында лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерді
орындау мониторингін өткізген кезде құзыретті және уәкілетті органдардың
өзара іс-қимылының жеткіліксіздігі өзекті мәселе болып табылады. Бұдан
басқа, жер қойнауын пайдаланушылар мен құзырлы мемлекеттік органдардың
арасында жедел ақпарат алмасу қажеттігі сезіліп отыр.
Жер қойнауы туралы қазіргі заңнаманы жүйеге келтіру бойынша жұмыс
жүргізу қажет.
Электр энергетикасы. 2008 жылы электр энергиясын өндіру 2007 жылмен
салыстырғанда 4,8 %-ға өсті және 80,0 млрд. кВтс. құрады. Электр энергиясын
тұтыну 80,6 млрд. кВтс. құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5,5 % жоғары.
2009 жылы электр энергиясының күтілетін өндірісі 78,72 млрд. кВтс
құрайды.
Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесі (БЭЖ)
Ресей Федерациясы мен Орталық Азия елдерінің энергия жүйелерімен қосарлас
режимде орнықты жұмыс істейді.
Елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономиканың тұрақты дамуын
қамтамасыз ету бойынша электр энергетикасы саласының стратегиялық
міндеттерін шешу үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы
31 мамырдағы № 147-ө өкімімен Қазақстан Республикасының электр энергетикасы
саласын дамыту жөніндегі 2007 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
әзірленді және бекітілді.
2015 жылға дейінгі электр тұтыну мен электр жүктемесінің деңгейлерін
болжау негізінде Қазақстан БЭЖ-і оңтүстік аймағының болжалды қуат
тапшылығы, электр станцияларындағы іске қосылатын қуаттар анықталды,
оңтүстік аймақта (Балқаш ОЭЖ) базалық электр станциясын орналастыру бойынша
негіздемелер мен ұсыныстар және одан қуат берудің алдын ала жасалған
схемасы дайындалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр
энергетикасын дамытуға қажетті инвестиция есептелді.
Министрдің 2007 жылғы 26 маусымдағы № 153, № 154 бұйрықтарымен
электр энергиясының 2015 жылға дейінгі теңгерімі, қайта құруға, жаңғыртуға
және кеңейтуге жататын электр энергетикасы объектілерінің тізбесі, сондай-
ақ жаңа электр энергетикасы объектілерінің құрылысы бекітілді.
Қазақстанның үш энергетикалық аймағы бойынша энергия беруші қуаттарды,
электр желілерін кеңейту, жаңғырту және қайта құру бойынша инвестициялық
жобалардың әзірлемесі жүзеге асырылуда.
Дүниежүзілік экономикалық форумның 2009 жылғы деректері бойынша
Бәсекелестік қабілетінің ғаламдық индексінің Инфрақұрылым сапасы - электр
индикаторы рейтингте 4 жайғасымға жоғарылады және 77-орында (81-ден).
Көмір өндіру саласында. 2008 жылы 104,9 млн. тонна көмір өндірілді, бұл
2007 жылмен салыстырғанда 11,2 млн. тоннаға көп. Алғашқы рет соңғы 10 жылда
көмір өндірудің 100 - миллиондық межесі еңсерілді. Көмір өндіруші
компаниялар экспортқа 33,0 млн. тонна, өсуі 2007 жылға қарағанда 128 %,
Қазақстанның энергетикалық кәсіпорындары - 47,3 млн. тонна, өсуі - 106 %,
коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар мен халыққа - 11,2 млн. тонна көмір
жеткізді.
Тұтас алғанда, көмір саласы 2008 жылы экспорттық мүмкіндіктер сияқты
өскелең ішкі қажеттілікті де қамтамасыз етті.
Жекелеген көмір өндіруші кәсіпорындарда өндіріс пен басқаруды
шоғырландырудың жоғары дәрежесіне қол жеткізілді. Тұрақты даму мен көмірдің
баланстық қорларын тиімді алуды көздейтін өнеркәсіптік-технологиялық саясат
жүзеге асырылуда.
Сонымен бірге, 2009 жылы экономикалық дағдарыс жағдайында көмір
өндіру көлемінің төмендеуі байқалады. 2009 жылы көмір өндірудің күтілетін
көлемі 93,6 млн. тоннаны құрайды, бұл 2008 жылғы деңгейден 11,3 млн.
тоннаға немесе 10,9 %-ға төмен.
Көмір өндіру көлемінің төмендеуінің негізгі себептері Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясының тұтас электр станцияларының
экономикалық дағдарыс салдарынан көмір өнімдерін тұтынуды азайтуы, сондай-
ақ 2008 жылмен салыстырғанда қыстың жылы болуы болып табылады.
Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, көмір өндіруші кәсіпорындар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 644 қаулысымен
мақұлданған, Қазақстан Республикасы көмір саласын дамытудың 2020 жылға
дейінгі кезеңге арналған тұжырымдамасына сәйкес белгіленген шараларды
орындау бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Энергия үнемдеу. Қазіргі уақытта іс жүзінде әлемнің өнеркәсібі дамыған
барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу мәселесі қарқынды шешілуде.
Заманауи нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу елде энергия үнемдеу және
энергия тиімділігін дамытудың негізгі талабы болып табылады. Осыған
байланысты, Энергия үнемдеу туралы Заңның жобасы Қазақстан
Республикасының Парламентіне қарауға енгізілді.
Энергия үнемдеу - бұл бейіндік Министрліктің ғана емес, жалпы мемлекеттік
ауқымдағы міндет. Энергия үнемдеу бойынша барабар шара қабылдау, өнеркәсіп
және тұрғын үй-коммуналдық саланың барлық салаларында қамтамасыз етілуі
тиіс.
Энергия үнемдеу туралы Заң жобасында өнеркәсіптегі энергия тұтынуды
төмендету үшін мынадай шаралар көзделеді:
1) жаңа объектілерді оларға есепке алу аспаптары мен отын-энергетика
ресурстарының шығынын реттеу жүйесін орнатпай пайдалануға беруге тыйым
салатын норма қарастырылады;
2) энергия тиімді құрылғыларды әкелушілер үшін кедендік жеңілдіктер
белгілеу;
3) келесі мониторинг үшін ірі кәсіпорындар мен ұйымдар енгізілетін энергия
үнемдеу туралы деректердің мемлекеттік тізілімін жасау;
4) берілген міндетті орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қолдана
отырып уақтылы жөндеу жүргізуге және мүлікті жаңғыртуға міндет белгілеу;
5) энергия тұтыну нормативтері.
Заң жобасында: энергия тұтыну нормативтерін бекіту, тұтынушылар мен электр
энергиясын өндірушілердің құқықтары мен міндеттерін белгілеу және олардың
заң нормаларын орындамауға байланысты әкімшілік жауапкершілік белгілеу;
дайдаланылатын үй-жайлар мен құрылғыларды міндетті 5 энергетикалық тексеру;
құрылыс жобаларына міндетті сараптама жасау; энергия тиімділігі деңгейі
нормативтегіден артық жаңа құрылыс объектілерін салуға тыйым салу; энергия
үнемдеу үшін мониторингке жататын объектілердің тізіліміне енгізу;
мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларын регламенттеу
көзделеді.
Жаңартылатын энергия көздері. Қазақстанның электр энергетикасын
дамыту және экологиялық проблемаларын шешудің басым бағыттарының бірі
жаңартылатын энергетика ресурстарын пайдалану болып табылады. Қазақстанда
жаңартылатын энергетика ресурстарының әлеуеті (су энергиясы, жел және күн
энергиясы) аса маңызды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұр-Отан ХДП
партиясының кезектен тыс XII съезінде Қазақстанның индустриалдық-
технологиялық дамуы біздің болашағымыз үшін сөйлеген сөзінде маңызды бағыт
жаңартылатын энергия көздерін желдің күші мен күн сәулесін пайдалану
есебінен дамыту болып табылатынын атап көрсетті.
Қазақстан аумағы үшін жаңартылатын энергия көздерінің мынадай түрлері:
шағын су электр станциялары; күн жылу және электр энергиясын өндіруге
арналған күн қондырғылары; жел энергетикасы неғұрлым перспективалы.
Жаңартылатын энергия көздерін қолдау бойынша бірнеше шараларды
көздейтін Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2009 жылы 4 шілдеде қабылданды.
Бүкіл әлем бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану өсіп келеді.
Мұнай өнеркәсібі. 2008 жылы республикада мұнай және газ конденсатын өндіру
70,6 млн,- тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға
ұлғайғандығын көрсетеді.
62,8 млн. тонна мұнай экспортталды. 12 млн. тоннадан астам мұнай ішкі
нарыққа шығарылды және өңделді, өсу 2% құрады. 2491,1 мың тонна бензин
(94,8 %), 3986,9 мың тонна дизель отыны (101,7 %), 3134,6 мың тонна мазут
(121,7%), 399,2 мың тонна авиакеросин (154,7 %) өндірілді.
2009 жылы республикада күтілетін мұнай және газ конденсатын өндіру
75,77 млн. тоннаны құрайды. Мұнай экспорты 68 млн.тоннаны құрайды. Мұнай
өңдеу 12,1 млн. тоннаны құрайды. 2590 мың тонна бензин, 3800 мың тонна
дизель отыны, 3270 мың тонна мазут, 370 мың тонна авиакеросин өндірілетін
болады.
2009 - 2014 жылдары республикада мұнай және газ конденсатын өндіру
Теңіз, Қарашығанақ кенорындары жобаларын іске асыру есебінен, сондай-ақ
Қашаған кен орнында өндіруді бастау есебінен ұлғайтылатын болады.
Отандық мұнай өңдеу зауыттарында қолданыстағы өңдеуші қуаттардың
қондырғыларын қайта құру мен жаңғырту жөніндегі іс-шаралар жоспарланады.
Бұл ретте республиканың тұтынушыларын ЕВРО-3, 4 талаптарына сәйкес келетін
сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету, қоршаған ортаға зиянды әсерді
азайту, Қазақстан Республикасының автомобиль және авиация отынына
қажеттілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының мұнай өңдеу
жөніндегі жиынтық қуатын жылына 17 млн. тоннаға дейін жеткізу.
Министрлік Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің
мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға
арналған (II кезең) іс-шаралар жоспарын іске асыруды ұйымдастыру мен
бақылауды жүзеге асырады.
Республиканың өндірістік-әлеуметтік объектілеріне мазутты және ауыл
шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін көктемгі-күзгі дала жұмыстарына
дизель отынын жеткізу және авиакеросинді жеткізу бойынша мұнай мен мұнай
өнімдерінің негізгі ресурс ұстаушыларына республиканың әуежайларын бекіту
кестесін бекіту қамтамасыз етіледі.
Мұнай өндіру көлемін ұлғайту мұнай-көлік инфрақұрылымын дамытуды талап
етеді. Экспорттық жүйелердің жаңасын құру және барларын кеңейту жөніндегі
жұмыс өзекті болып табылады. Каспий Құбыр Консорциумының мұнай құбырын
жылына 67 млн. тоннаға дейін, оның ішінде ҚР бойынша жылына 50 млн. тоннаға
дейін кезең-кезеңмен кеңейту, Ескене-Құрық мұнай құбыры (Ескене-Құрық мұнай
құбырының өткізу қабілетін бастапқы кезеңде жылына 23 млн. тонна, кейін
жылына 56 млн. тоннаға дейін ұлғайтып) мен Транскаспий ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан өнеркәсібін әртараптандыру және одан әрі жаңартудың негізгі бағыттары
Мұнай-газ саласын дамыту
Экологиялық мониторинг және ақпарат департаменті
Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптерінің даму проблемалары
Қазақстан републикасының индустриалды – инновациялық дамуы
Кәсіпорындaғы инвестицияның экономикалық негіздері ретінде
Қазақстан экономикасын дамытудағы мемлекеттік бюджеттің ролін арттыру
Қазақстандағы мемлекеттік электр қуатын үнемдеуді дамытудың мәселелері
Мемлекеттік және жергілікті бюджеттерді қаржыландыруды басқарудың тиімділігін арттыру (ОҚО және Түркістан қаласы бюджеті мысалында)
Қоршаған ортаны қорғау
Пәндер