Өндіріс мәні мен түрлері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Өндіріс мәні мен түрлері.

Адам қоғамынын дамуы негізін материалдық өндіріс жатады. Өмір сұру, оқу және жұмыс істеу үшін, адамдарда тамақ өнімдері, киім, тұрғын-үйі және т. б. болуы қажет. Материалдық және рухани игіліктер өндірісін тоқтаткан болса адам қоғамы жойылып кеткен болар еді.

Материалдық өндірістер саласы халық шаруашылығы салаларының төмендегідей материалдық игіліктер өндірісі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс) және материалдық қызмет көрсету саласы бойынша (өнім қозғалысын тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлек пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету - киімді өндеу мен тігу, жуу, тазалау және т. б. ) екіге бөлінеді. Казіргі қоғамдық өндіріс құрылымына материалдық өндіріс салаларынан басқа, материалдық емес өндіріс салаларыда енеді. Оларда ерекше материалдык емес игіліктер (руханн құндылықтар) жасалады, сондай-ак материалдык емес қызмет көрсету - денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, спорт, және басқаларыда бар және бұлар бұрын өндірістік емес салаға жатқызылған.

Ғылымн зерттеудіи көрсеткеніндей, білім, денсаулық сақтау, өнер, мадениет (өндірістік емес саласы) материалдык өндіріс тиімділігіне үлкен әсер етеді. Алайда тікелей емес, қоғамның басты өндіргіш күші - адам арқылы жанама түрде әсер етеді.

Бүгінгі кезде казіргі коғамдық өндірістің алдында төмендегідей маңызды мәселелер түр:

а) оның тиімділігін арттыру,

ә) өндіріс экологиясын сауықтыру,

б) гуманизациялау мәселесі, яғни өндірісте адамға бір калыпты жағдай жасау. Адамзат қоғамы осы мәселерді шешу жолында ғылыми зерттеу жұмыстарын және эксперименттерін жүргізуде. Бұл мәселелер XXI ғасырдын негізгі проблемалары болып табылады.

Өндіріс - бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда - бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпыламаны мағнаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.

Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы өндіреді. Адам тамақтану процесінде өзінін тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп өндірісі жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдык игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ. Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың - адамнын жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін. Біріншісі, жеке түрде жүзеге асса, екінші мен үшіншісі - өндіріс процесінін заттық факторы ретінде жузеге асады? Осы жағдайды ескере отыры К. Маркс былай жазған: «Қоғамдық өндіріс түрлері (нысандары) қандайда болмасын - жұмысшы мен өндіріс құрал-жабдығы үнемі оның факторы болып қалады».

Жұмыс күші - бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады. Өндіріс процесі жүзеге асуы үшін жұмыс күші әрбір кезде іс-әрекетте болуы қажет, басқаша айтсақ, тұтынылуы керек.

Казіргі кезде еңбек затынын өзі көп жағдайда бұрынғы еңбектің өнімі болып табылады. Мысалы, машина жасау зауытындағы метал құрылыстағы цемент, тоқыма фабрикасындағы мақта және т. б. Бүлардың барлығы түптеп келгенде табиғат қорынан алынады. Еңбек құрал-саймандары адамның табиғи мүшесінің жалғасы ретінде жүзеге асады және оны еңбек процесінде қолданады.

Еңбек құрал-саймандары бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т. б. нәрселер. Еңбек құрал-саймандарынын даму денгейі көп жағдайда өндірісте жүзеге асатын адамдардың арасындағы қатынастар көрсеткіші болып табылады. Машина өндірісі жағдайында механикалық енбек құралдары үш компонентті машина жүйесінде дамыды: жұмыс машинасы, двигатель, жеткізетін құрылым. Ғылыми-техникалық революция бүған жаңа компонентті қосты - электронды басқару құрылымын және ол ой еңбегі қызметінің формалды икемге келетін жұмысын атқарды. Осы компонентгі қолдана отырып, жұмыскер жайлап тікелей өндіріс процесінен шығады және онымен қатар тұрады. Нәтижесінде технологияда түбегейлі өзгереді. Еңбек заты мен құрал-саймандар бірге өндіріс құрал жабдықтарын құрайды. Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.

Өндіргіш күштер - бұл өндіріс құрал жабдыктары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар. Адамдар қоғамының басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал-жабдығын іске қосады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол еңбек заты (қазба өндірісінде) ретінде қолданылады, басқасында - басты еңбек құралдары (ауыл шаруашылығы) ретінде.

Келтірілген өндіріс факторынын классификациясы мәңгі қатып қалган болып табылмайды.

Мысалы, маржинализм теориясынын топтауыпша, төрт өндіріс факторы бар: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
Меншік формаларының әр алуандығы – нарықтың экономикалық негізі, формалары және әдістері
Экономика негіздері
Басқару есебі мен қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы
Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Несиенің түрлері және қызметтері
Өндірістің түрлері және оның ерекшеліктері туралы
Нарықтық жағдайда кәсіпорындардың шаруашылық қызметі
Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz