Өкпе туберкулезінің диагностикасы және емі
Ф-ОБ-012015
1.Тақырыбы №2. Өкпе туберкулезінің диагностикасы және емі.
2. Мақсаты: Студенттерге туберкулез науқастарын уақытылы анықтауға және
емдеуге үйрету.
3. Дәріс тезистері.
Дәріс жоспары:
1. Туберкулез ауруын ерте табу принциптері.
2. Туберкулез ауруын ерте табу туберкулезге қарсы жүргізілетін жұмыстар.
3. Міндетті және қосымша диагностикалық минимум.
4. Туберкулез терапиясының негізгі принциптері.
5. Туберкулезге қарсы препараттардың химия-фармакологиялық сипаттамасы,
басқа дәрі-дәрмектермен өзара қарым-қатынасы, кері әсерлері, олардың
алдын алу.
Туберкулезді дер кезінде анықтап табу – аурудың сәтті бітуіне және оның
таралып кетуін сақтандыруына анықтауыш фактор болып есептелінде.
Туберкулез – жұқпалы ауру, ол адам өмірінің әр кезеңдерінде айқындала
беруі мүмкін. Жұғылу, қағида бойынша, ерте жаста туберкулезбен ауыратын
науқаспен қарым-қатынас нәтижесінде немесе туберкулез микобактерилерімен
уланған азық-түліктерді қолданудан пайда болады. Жұғылудан кейінгі тікелей
не жақын арадағы кезеңде туберкулез ауруы дамыған болса, онда ол біріншілік
деп аталады. Біріншілік туберкулездің ең жиі кездесетін түрлері болып
табылатындары: алғашқы туберкулез комплексі, кеуде ішілік лимфа түйіндері
туберкулезі, экссудативті плеврит.
Туберкулез химиотерапиясының негізгі қағидалары:
1. Химиотерапия дер кезінде басталуы керек.
Туберкулезбен ауыратын науқасты емдеу ауру дамуының ерте кезеңінде және
ауру анықталғаннан кейін жүргізілуі қажет. Бұл қағида өкпе мен басқа
мүшелерде кері қайтпайтын морфологиялық өзгерістер пайда болмай тұрып,
туберкулезді дер кезінде, кешеуілдетпей табу керек екендігін көрсетеді.
2. Химиотерапия Д.Д.Ұ. ұсынған ДОТС стратегиясы тіркеген стандартты
схемасы бойынша жүргізілу керек және тіркелген уақыт аралығында
орындалуы қажет.
Туберкулезбен ауыратын науқасты емдеудің нәтижелігі емнің
ұзақтығына байланысты. Емді ерте, мезгілінен бұрын тоқтату
туберкулездің өршуіне, ауру процесінің қайталануына әкеліп
соғады. Емдеу уақытының қолайлы ұзақтығы туберкулездің түріне,
емнің нәтижелігіне байланысты, ол 6-8 айға созылады. Дер кезінде
анықталмаған, туберкулездің аса созылмалы түрлерімен ауыратын
науқастарға химиотерапия бірнеше жыл бойы табанды түрде жүргізіледі.
3. Туберкулезге қарсы препараттардың дозасы салмақ категориясына
қарай ДОТС бағдарламасымен оптималды болуы шарт. Туберкулезбен
ауыратын науқасты емдеуде жоғары нәтижелі химиотерапия
тәртібі үйлестіріле қолданылуы керек: яғни препараттарды
ыңғайлы түрде біріктіріп, мөлшерін ендіру тәсілін және үнемі үзбей
ретімен қабылдауын қадағалау.
4. Туберкулостатикалық препараттарды медициналық қызметкерлердің
тікелей қадағалауымен қолданылуы керек. Науқасты емдеудің ұзақ
уақытқа бағытталған жүйелі, дәйекті сабақтастығы қажет. Бұл
науқасты диспансер — аурухана — санаторий кезеңдерінде үздіксіз
емдеуге байланысты. Қадағалаулы жүргізілген ем
химиотерапияның негізгі қағидаларының бұлжытпай орындалуын
қамтамасыз етуі қажет.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған ДОТС стратегиясы бойынша
туберкулезді емдеу.
Туберкулез ауруларының емі категорияларға сәйкес стандартты
тәртіпте жүргізіледі.
I (бiрiншi) категорияға бактерия бөлуші өкпе және өкпеден тыс туберкулезбен
алғаш рет ауырған науқастар, сонымен қатар бактерия бөлмейтін келесі
науқастар жатады: 1 сегменттен аса зақымдануы бар өкпе туберкулезi; өкпе
және өкпеден тыс туберкулездің асқынған және жанасқан түрлерi.
II (екiншi) категорияға туберкулездің қайталануы бар науқастар, емi сәтсiз
аяқталған науқастар, үзiлiстен кейiнгi ем алушы науқастар және басқа
науқастар жатады.
III (үшiншi) категорияға шектелген (1 сегменттің ішінде) алғаш рет ауырған
бактерия бөлмейтiн өкпе туберкулезі мен өкпеден тыс туберкулездің
асқынбаған түрлерімен ауыратын науқастар жатады.
Туберкулезбен ауыратын науқастардың емі үздiксiз 2 кезеңде жүргізіледі:
1. бiрiншi кезең - емнің қарқынды кезеңі негізінен стационарда
жүргізіледi, амбулаторлық ем қабылдау мүмкiндiгiн орталық дәрiгерлер
кеңесiнiң комиссиясы (бұдан әрi - ОДКК) шешедi.
2. екiншi кезең – емнің жалғастыру кезеңі негізінен амбулаторлы немесе
шипа-жайда жүргiзiледi. Бұл кезеңнiң стационарда жүргізілу мүмкіндігін
ОДКК шешедi (негiзiнен әлеуметтiк–сәтсіз жағдайлы, нашар тұрмысты
науқастар).
I категориядағы науқастарды емдеу:
1) емнің қарқынды кезеңі туберкулез үрдiсiнiң ауырлығы мен жайылуына
байланысты екi айдан төрт айға дейін жүргiзiледi. Емдi бастамас бұрын
туберкулез микробактерияларының туберкулезге қарсы дәрілерге сезімталдығын
(ДСТ) анықтау үшін қақырықты дақылды әдіспен тексеру қажет;
2) ем мөлшері науқастың салмағына сәйкес төрт дәрімен жүргiзiледi:
изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е) немесе
стрептомицин (S).Стрептомицин екi айдан артық қолданылмайды.
1) екi ай емдегеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы
терiс нәтиже көрсеткен жағдайда ғана науқасты емнің жалғастыру
кезеңіне ауыстыруға болады;
2) егер екiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, ДСТ-і
қайталанып, емнің қарқынды кезеңі бiр айға созылады;
3) егер үшiншi айдың аяғында қақырық жағындысы екi рет терiс нәтижелі
болса, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;
4) егер үшiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса,
емнің қарқынды кезеңі тағы бiр айға созылады;
5) төртiншi айдың аяғында қақырық жағындысы екi рет терiс нәтижелі

6) егер төртiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса
немесе жалғастыру кезеңінде бактерия бөлушiлiк пайда болса, науқасқа
сәтсiз ем деген нәтиже анықталады. ТМБ ТҚД сезiмталдығы сақталған
жағдайда, науқас II категория бойынша емге қайта тiркеледi.
Полирезистенттiлік анықталған жағдайда науқас IV категорияға
ауыстырылып, оған IV категорияға ауыстырылды деген ем нәтижесі
анықталады. Қайта емдi бастау мүмкіндігін ОДКК шешедi;
7) егер науқаста туберкулезге қарсы дәрілерге көптеген төзімділік
дәледенсе, онда I категория бойынша ем тиімділігіне қарамастан, VI
категорияға ауыстырлып, оған IV категорияға ауыстырылды деген ем
нәтижесі анықталады;
8) VI категорияға тіркелгеннен кейін I категория бойынша емі тиімді
(қақырық жағындысының конверсиясы, оң нәтижелi клиникалық
рентгенологиялық динамикасы бар) болған науқас сол аталған категория
бойынша емiн жалғастырады. Егер I категория бойынша ем тиiмсiз болса
(23 айдан кейiн қақырық жағындысының конверсиясы болмаса, оң
клиникалық рентгенологиялық динамика болмаса), онда науқасқа
резервті топтағы ТҚД-мен стандартты ем тағайындау мүмкіндігін ОДКК
қарастырады;
9) емнің жалғастыру кезеңі 4 ай бойы күнара (аптасына 3 рет) немесе
күнде екi дәрі - изониазид (Н) және рифампицинмен (R) жүргізіледі;
10) ауыр жағдайларда емнің жалғастыру кезеңі 7 айға дейін күнде немесе
күнара жүргізіледі.
I категория бойынша ем тағайындаған жағдайда 4-ші дәрі ретінде
этамбутолды қолданған артығырақ.
II категориядағы науқастарды емдеу:

байланысты үш айдан бес айға дейін жүргiзiледi. Емдi бастамас бұрын
қақырықты дақылды әдіспен тексеріп, ДСТ жүргізу қажет;
2) алғашқы екi ай мерзiмiнде ем бес дәрімен салмақ мөлшерiне сәйкес
жүргiзiледi: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол
(Е), стрептомицин (S). Кейiннен ем стрептомицинсiз төрт дәрімен
жалғастыры-лады: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z),
этамбутол (Е);
3) үш ай өткеннен кейiн емнің жалғастыру кезеңіне қақырық жағындысы екi
рет теріс нәтижелi болған жағдайда ғана көшеді;
4) егер үш айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, ДСТ

5) егер төртiншi айдың соңында екi рет қақырық жағындысы теріс нәтижелi
болса, науқас емнің жалғастыру кезеңiне ауыстырылады;
6) егер төртiншi айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, емнің
қарқынды кезеңi тағы бiр айға созылады;
7) бесiншi айдың аяғында қақырық жағындысы екi рет теріс нәтижелi болған
жағдайда, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;
8) егер бесiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, науқаста
сәтсiз ем деген нәтиже анықталып, IV категорияға ауыстырылады. Науқасқа
қандай ем тағайындау керек екенін ОДКК қайта тiркеуден кейiн шешедi.
9) қарқынды кезеңнің аяғына дейiн ДСТ дәрiге төзiмдiлiктi анықтаса, науқас
қабылдап жатқан емнiң (II категория бойынша) тиiмдiлiгiне қарамастан IV
категорияға ауыстырылып, оған IV категорияға ауыстырылды деген ем
нәтижесі анықталады;
10) VI категорияға тіркелгеннен кейін II категория бойынша емі тиімді

... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz