Өндіріс шығындары. Өндіріс шығындарының классификациясы
Өндіріс шығындары
Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.Смит
абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы
шығындар теориясының авторы. “Шығындар” деген терминді олар, бірлікке
жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген немесе өнімнің жеке
бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады немесе саладағы
кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада
болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі
өндіріс бағасы деп те дәлелдеді.
Марксистік концепция бойынша өндіріс шығындары каписталиске
тауардың не тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне
(тұрақты және өзгермелі капитал) жұмсалған шығындардың соммасы болады.
К.Маркс ерекше капиталистік шығындардан, тауардың құнын құрайтын
еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын- ажыратып зерттейді.
Өндіріс шығындарын осылай бөлу- еңбек шығындарына және капитал
шығындарына- бұл капиталистік ұдайы өндіріс процесіне марксистік талдау
жүргізудің бастапқы принциптерінің біреуі болып табылады.
XIX ғасырдың соңында бірнеше жаңа концепциялар пайда болды.
Марженалистік (Менгер, Визер) бойынша шығындар шеткі пайдалылыққа
негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шеткі
пайдалылығымен (сатушы көзқарасы бойынша) белгіленетін, өндіріс факторы
үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Марженалистік
экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән
жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорынның табысы мен шығындары
өндіріс маштабының функциясы деп түсіндіріледі.
Австриялық теоретик Ф.Визер балама мүмкіндіктер шығындарының
субьективтік теориясының авторы. Осы тауардың нақты өндіріс
шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген
өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады.
Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналистік көзқарастарын
математикалық негізге көшірумен байланысты, шығындарды барынша
төмендету (минимизация) теориялары пайда болады.
Шығындардың институционалистік теорисының көрнекті өкілдері
Дж.К.Кларк және Джон А.Гобсон. Кларк қосымша шығындар (Overhead costs)
мәселелерімен айналысқан және шығындардың әр қыли типтерін
индивидуалдық, қоғамдық, абсолюттік , үстеме, қаржылық, өндірістік ұзақ
мерзімді және қысқа мерзімді жан- жақты зерттеген. Гобсон адамға
жасалатын шығындар деген ұғымдар енгізді. Бұған еңбек амалының
сапасы мен сипаты , оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек
бөлінісінің тиімділігі жатады.
Өндіріс шығындарының неоклассикалық концепциясы, оны өндіріс
факторларына жұмсалатын шығындар (тұрақты және өзгермелі) сомасы дейді.
Соңғы жылдары неоинституционалистік трансакционалдық шығындар
теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады-
тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру
үшін т.б.). Трансакционалдық шығындар деген түсінікті американдық
экономист Р.Коуз енгізді. К. Эрроу бойынша экономикадағы
трансакционалдық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді.
Неоинституционалистер нарықтық функциясы трансакционалдық шығындарды
үнемдеу болып табылады. Ал оның артықшылығына мүшелерінің
әрқайсысының информация алуға жұмсалатын шығындардың барынша
төмендеу тенденциясы жатады.
Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын
алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім
өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың
ақшалай көрінісі.
Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады.
Біріншіден, әлеуметтік- экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар
қоғамдық және кәсіпорын шығындар болып бөлінеді. Қоғам бағытынан
шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін
алған еңбек шығындары жатады.
Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып
табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал- жабдықтары мен
жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік
болып бөлінеді.
Бухгалтерлікке - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты
жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда
факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары
бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны
түрін алады.
Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың
сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді.
Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандай болмасын)
экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға
тең болады. Бұлар айқын (ақшалай) немесе айқын емес (имплициттік)
шығындарға бөлінеді.
Айқын шығындар (explicit costs) деп өндіріс факторлары мен
жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама
шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты.
Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу
т.б.
Айқын емес шығындар (implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған
фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын
(шығынын) атайды. Мысалы ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген
пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді.
Өндіріс шығындарын түр- түрге бөлудің көп классификациялық
белгілері болады (1.1. кесте).
Өндіріс шығындарының классификациясы
Классификациялау белгілері Шығындардың бөлімшелері
Экономикалық элементтер Шығындардың экономикалық элементтері
Өзіндік құнның баптары Калькуляцияның өзіндік құнның
Технологиялық процеске қатынасы баптары
Құрамы Негізгілер, үстемелер
Өнімнің өзіндік құнына жатқызу Бір элементтік, кешендік тікелей,
тәсілі жанама
Өндіріс процесіндегі рөлі Тікелей, жанама
Шығын жасаудың мақсатқа сай Өндірістік, өндірістен тыс
келетінді Жоспарланған, жоспарланбаған
Жоспарға енгізу мүмкіндігі Тұрақты, өзгермелі
Өндіріс көлеміне қатынасы Ағымды, біржолғылық
Пайда болуының дүркінділігі Аяқталмаған өндіріс шығындары, дайын
Дайын өнімге қатынасы
өнім шығындары
Практикада көбінесе шығындарды тұрақтыға және өзгермеліге
бөледі.
Тұрақты шығындарға (fixed costs FC)- осы мерзімде өндіріс пен
өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес шығындар. Тұрақты
шығындардың графикалық бейнесін абсцисса бөлігіне параллельді түзу
сызық көрсетеді. (1.1.сурет).
C
TC
VC
FC
Q
1.1.Сурет.
C
FC
Старттық шығындар
Қалдық шығындар
Q
1.2.Сурет
Әдетте тұрақтыға жататы н шығындар облигациялық заем міндеттемелеріне
сәйкес төлемдер, ренталық төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың
амортизациялық төлемінің бір бөлшегі, сақтандыру жарналары, фирманың
жоғары дәрежелі басқарушылары мен болашақта еңбек ететін мамандарының
еңбек ақысы.
Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) және қалдық (қалған)
шығындар деп екі топқа бөлуге болады. Қалдық шығындарға өндіріс пен
өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын
кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық
шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты
жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады (1.2. сурет).
Өзгермелі шығындарға (veriable costs- VC) осы берілген мерзімде
өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты
шығындар жатады: жалақы, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне
жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар
өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін
өзгерте отырып, болжап, басқара алады.
Өндіріс пен сату (өткізу) өзгергендегі өзгермелі шығындар
динамикасымен танысайық. Бұнда үш жағдай болуы мүмкін:
1. Өзгермелі шығындар пропорционал болады, егер олардың
салыстырмалы өзгеруі, өндірістің көлемі мен жүктемесінің
салыстырмалы өзгеруіне тең болса (1.3,а-сурет).
2. Егер шығындардың салыстырмалы өзгеруі, өндіріс көлемінің
салыстырмалы көбейуінен аз болса, онда дегрессивтік
өзгермелі шығындардың болғаны (1.3,б-сурет).
3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады, егер өзгермелі
шығындардың өсуі, өндірістік көлемінен артық болса
(1.3,в-сурет).
Кәсіпорынның жалпы шығындары деп (total costs) TC - оның тұрақты
және өзгермелі шығындарының сомасы түсініледі (1.1.сурет):
TC=FC+VC
Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі
шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады.
а) б)
C C
VC
VC
Q Q
в)
С
VC
Q
1.3.Сурет
Өндіріс көлемі өзгергенде жиынтық шығындарының шамасынн
белгілейтін шығындардың түрлері көп болады, мысалы, шикізатқа,
негізгі және көмекші материалдарға шығындар, көлік шығындары, қуатқа,
табыстың жекелеген түріне шығындар, т.с.с.
Өзгермелі шығыстардың жауап ретіндегі коэффициенті өндіріс
көлемін өзгеру немесе төмендету шешімдерін белгілейтін болғандықтан,
осындай шығыстарды Батыстың есеп жүйесінде шешуші шығыстар деп атайды.
Шығыстардың барлық түрлері өндіріс көлеміне тәуелді болмайды, мысалы,
ккәсіпорынының әкімшілігінің және қорғаушыларының жалақысы, арендаға
алынған негізгі құралдар үшін төлемдер және т.б., өйткені бұлар
өндірісті қандай көлемде жүргізу туралы шешімдерге әсер етпейді, олар
кәсіпорынның тек қызмет ету шарты болып табылады. Бұларды шешім
қабылдауды белгілемейтін шығыстар деп атайды.
Әдетте уақыт мерзімі қысқа және ұзақ мерзім болып бөлінеді.
Ұзақ мерзімде шығындардың барлығы өзгермелі болады. Мысалы, егер
жұмыстан босату мерзімі жұмыскерлер үшін бір апта болса, онда
жалақыға жұмсалатын шығындар жұмыскерлер үшін тұрақты болады.
Қызметкерлер үшін бір мерзім 6 жұма, 3 ай және одан да артық. Егер
уақыт мерзімін бір жыл деп алсақ, онда еңбек үшін төлем шығындарының
барлығы өзгермелі болады.
Тұрақты шығындар шарттық қарым- қатынастар (мысалы, лезинг шарты,
жолдау шарты, арендалық шарт және т.б.) нәтижесінде пайда бола алады.
Шығындарды мән жағынан тұрақты және өзгермелі деп бөлуден пайда
жоқ. Шығындардың Батыстағы классификациясында олардың тәртібінің (тұрақты
немесе өзгермелі) сипаты шешім қабылданған ситуациядан тәуелді деп
тұжырымдалады.
Бірақ барлық өзгермелі шығындар өндіріс көлемі туралы
шешімдерге әсер етеді, ал барлық тұрақты шығындар әсер етпейді деген
дұрыс емес. Бір түрге жататын шығындардың өздері әртүрлі болып
көрінеді. Шешімдер қабылдаудың белгілі ситуациясында өзгермелі көп,
ал басқа ситуацияда тұрақты шығындар көп болуы мүмкін. Осы шығындар
тұрақты немесе өзгермеліге жата ма деген сұрақтың жауабы екі фактордан
тәуелді болады: кезең мерзімінің ұзақтығынан (шешім қабылдауға қажет)
және өндірістік фаторлардың бөлінісінен.
Кәсіпкер үшін өнімнің бірлігін шығару үшін жұмсалған шығындар,
яғни орташа шығындар туралы информация, өте маңызды.
Орташа шығындар ATC- бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын
жалпы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz