Өндірісті басқарудың әлеуметтік мәні



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Өндірісті басқарудың әлеуметтік мәні

Өндірістік құрылым және оның түрлері

Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелердің негізіне
өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген
технологиялық процесс түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі,
қосымша, қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады. Дайын
өнімді жасауда жоғарыдағы көрсетілген негізгі өндірістік процестердің
кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның
барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.
Айтылғандарды есепке алсақ, өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі
жалпы техголгиялық процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның
өндірістік құрылымын құрайды. Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін элементтердің іс - әрекетін тұлғалайды.
Кәсіпорын құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік
бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.
Өндірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факиорлар мыналар болып
табылады:
➢ шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының сипаттамасы;
➢ өндірістің ауқымы;
➢ кооперациялау деңгейі;
Щығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәрежеде
цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымын және зауыт аймағының
шамасын анықтайды. Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын
кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады. Шығарылатын өнім көп
болса, сонша кәміл технологиясы және ұйымдық әдістері қолданылуы мүмкін.
Кооперациялаудың деңгейі де сол сияқты кәсіпорынның құрамына елеулі түрде
ықпал етеді: ол қалай жоғары болса, солай ол қарапайым.
Ұйымдық – техникалық факторлардың жетекші тұрғыла кәсіпорындардың кейбір
бөлімшелерінің және олардың жалпы құрылымдарын қалыптастыруға ықпал ететін
өндіріс үлгілері бой көрсетеді. Өндіріс үлгілері жұмыс орнынң саны мен
ондағы орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен ондағы
орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен есептелінетін
көрсеткіштері арқылы анықталады.
Кәсіпорындардың ұйымдық құрылымы – бұл құрамы және оның ұйымдық бірлік
мөлшері (жұмыс орны, бөлім, қызмет), олардың арақатынасы және тұрғызу
нысаны. Ұйымдық бірлік егер де олардың мөлшері көлеміне және межелген
міндетіне сай келетіндей болса тиімді жұмыс істей алады. Әрбір

құрылым деңгейлес және сатылы болып бөлінеді, басқаша айтқанда ұйымдық
құрылымда еңбек бөлінісінің деңгейлестік және сатылы болып ажыратылады.
Еңбек бөлінісінің деңгейлестік шекарасы басқарушының өз ісінің саласында
тиімді басқару мүмкіншілігін анықтайды ( басқарушының тікелей қарамағындағы
бағынушылардың ең жоғарғы саны). Сатылы еңбек бөлінісі басқарушылық шешімін
дайындаудағы сатылы бейнесі саласындағы іс әрекетін құрайды.
Өндірістің ауқымы, технологиялық процестердің ерекшелігі, мамандандыру
деңгейі, бөлімшелердің құрамы мен саны кәсіпорындардың түрлі өндірістік
құрылымдарын туғызады. Өнекәсіп кәсіпорындары бөлімшелерінің негізгі
құрылымдары цехтар болып табылады. Алайда кейбір зауыттарды цехтар
өндіріспен ауыстырылады. Мұндай өндірістер бірнеше цехтар негізінде
құрылады.
Өндіріс немесе цех кәсіпорынның ұйымдық, мүліктік оқшауланған құрылымдық
бөлімшесі болып табылады. Онда дайын өнімнің бір бөлігін дайындайды немесе
өндіріс процесін орындайды. Цех – бұл белгілі бір бейнелерді пайдаланатын
кәсіпорынның оқшауланған бөлімшесі.
Кәсіпорындардың цехтар, учаскелер және басқа да буындары арасындағы
өзара қарым – қатынасы, атап айтқанда, шикізаттар, материалдар, жартылай
фабрикаттар және қызмет көрсетуде цехтар, бөлімдер ережелерімен, сол сияқты
кәсіпорынның бекіткен ережесіне сай нормативтік құжаттармен реттеледі.

Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды
жетілдірудің жолдары

Кәсіпорын құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады.
Олардың ішіндегі негізділері:
➢ оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;
➢ бөлімшелер қазметкерлерінің саны;
➢ жабдықтардың қуаты;
➢ өндірістік қорлардың құны;
➢ өнім шығару көлемі;
➢ мамандандыру және механикаландыру;
➢ күрделі қаржының құрылымы;
Кәсіпорынның құрылым көрсеткіштерін дұрыс таңдау өндірістің осал
жерлерін ашуға және осы кәсіпорынның оңтайлы құрылымын таңдауға мүмкіндік
туғызады.
Келтірілген бірқатар көрсеткіштерді пайдалану цехқа қатысты
кәсіпорынның үдемелі құрылымын анықтайтын кейбір өндірістік бөлімшелердің
арақатынасын анықтайды. Кәсіпорын құрылымындағы негігі цехтар, дайын өнімді
шығарумен байланысты, негізгі операцияларды орындауды қамтамасыз ететін
құрылымның тиімділігін көрсетеді. Сонымен, нақтылы көрсеткіштерді
салыстыру арқылы басқару құрылымын сипаттайтын нормативтік немесе алдыңғы
қатарлы кәсіпорындардың қол жеткен табыстарын өндіріске енгізу қажет
етеді. Мұндай салыстырмалы тәсілдермен олардың одан әрі жетілдіру жолдарын
анықтайды.
Салалық құрылымдарды жетілдіру көзінің бірі – бұл өндірістік
бірлестіктер құру. Оның түрлі үлгілері әр түрлі құрылымдарды алдын ала
анықтайды. Дегенмен, қағида бойынша, өндірістік бірлестіктерде ғылыми –
зерттеу лабораториялары, жобалау – конструкторлық бюролар, жабдықтар,
өткізу қызметтері, көмекші шаруашылықтар орталықтандырылады.
Өндіріспен қатар ғылыми – өндірістік бірлестіктер құрылады. Оларды
құрудың басқа мақсаты – машиналардың, жабдықтардың, приборлардың,
материалдардың және басқа да өндірістік бұйымдардың үдемелі технологиялық
процестерінің жаңа үлгілері таңдңмаларының техникалық деңгейлігін арттыру.
Сөйтіп, олардың негізінде саладағы ғылыми – техникалық прогресті жеделдету
болып табылады.
Ғылыми - өндірістік бірлестіктер бірыңғай ғылыми - өндірістік және
шаруашылық кешені болып саналады. Оның құрамына тәжірибелі үлгілер шығару,
жұмыспен қамту және жаңа өнімнің бірінші тобын немесе тәжірибе - өнеркәсіп
үлгілерін жаңа техникамен шығаруды қамтамасыз ететін ғылыми – зерттеу,
конструкторлық, жобалау – конструкторлық және технологиялық

ұйымдар, эксперименттік зауыттар (фабрикалар), іске қосуды реттеушілер
және т.б. қосылады.
Ғылыми - өндірістік бірлестіктердің құрылуы ғылым мен өндірістің қосылу
нысаны ретінде ең алдымен ондай кәсіпорын салаларда жүргізілетін, сөйтіп,
олардың дамуы көпшілігінде халық шаруашылығында ғылыми – техникалық
прогресті жеделдету қарқынына байланысты болады.

Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері

Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің
үйлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге
келтіруін қамтамасыз ету қажет: технологияға сәйкес тиімді жабдықтарды
қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету
және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен, өндіріс
процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үйлестігі болу керек. Өндірістік
процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер, кәсіпорындар,
фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары
сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық басқару
Мемлекетті басқарудың мәні мен ерекшеліктері
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
Мемлекетті басқарудың мәні мен ерекшелігі
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде. Менеджмент туралы жалпы түсінік
Персоналды басқару жүйесі туралы
Басқару ғылымының мазмұны мен әдістері
Менеджмент теориясы
Менеджмент теориясы туралы
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Пәндер