Өндірістік оқытуды ұйымдастыру әдістемесі



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 132 бет
Таңдаулыға:   
Өндірістік оқытуды ұйымдастыру әдістемесі.

Мазмұны
1. Кіріспе
2. Өндірістік оқытудың мақсаты мен мазмұны тақырыбын оқыту
әдістемесі
3. Өндірістік оқыту формалары мен әдістері тақырыбын оқыту
әдістемесі
4. Өндірістік оқытуды жоспарлау және оқу-өндірістік жұмыстарын
ұйымдастыру тақырыбын өткізу әдістемесі.
5. Оқу шеберханасы тақырыбын өткізу әдістемесі
6. Оқу шеберханасында өткізілетін өндірістік оқытудың әдістемесі
7. Оқу шаруашылығында және өндірісте өткізілетін сабақтардың
әдістемесі
8. Өндірістік оқыту шебері тақырыбын өткізу әдістемесі
9. Өндірістік оқыту шеберінің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру
тақырыбын өткізу әдістемесі
10. Курстық және дипломдық жұмыстарды жобалау тақырыбын оқыту
әдістемесі
11. Өндірістік оқыту шеберінің тәрбие жұмысында алатын орны
тақырыбын оқыту әдістемесі

Өндірістік оқытудың мақсаты мен мазмұны тақырыбын оқыту әдістемесі.
1. Тақырыпқа сипаттама
Бұл тақырып Өндірістік оқытуды ұйымдастыру әдістемесі пәнінің
кіріспелік бөлімі ретінде қарастырылады. Оның негізгі мақсаты-өндірістік
оқытудың теориялық негіздерін бере отырып, оны ұйымдастыру әдістемесінің
жалпы педагогикалық негізімен таныстыру.
Тақырып материалдарын мынадай тақырыпшаларға бөліп өту ыңғайлы:
1 сабақ. Өндірістік оқыту үрдісі және оның ерекшеліктері. Өндірістік
оқытудың негізгі мақсаттары
2 сабақ. Білікті маман жұмысшының қызметіне, іс-әрекетіне талдау жасау
арқылы оның өндірістік оқытуының мазмұнын анықтау.
3 сабақ. Өндірістік оқыту жүйесі
4 сабақ. Өндірістік оқытудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
5 сабақ. Өндірістік оқыту үрдісінің функциялары. Оқу және нұсқау
жүргізу әдісі.
6 сабақ. Өндірістік оқыту құралдары
Өндірістік оқытудың принциптері
Аталған сабақтарды өткізу үшін мынадай көрнекіліктерді пайдалану қажет:
1. Өндірістік оқыту пәніне арналған әдістемелік плакаттар
2. Бастауыш және орта кәсіптік мамандықтардың мемлекеттік стандарттары
мен типтік оқу жоспарлары.
3. Типтік оқу бағдарламалары
4. Жұмысшы мамандарының кәсіптік сипаттамалары
5. Пән бойынша жасалған электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқыту
бағдарламалары, бейне-фильмдер, оқу құралдары.
2. Тақырыпты оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар
Аталған тақырып бойынша теория сабағын өту барысында мынадай
анықтамаларға түсінік берген дұрыс:
-кәсіптік педагогика, немесе адам баласына кәсіптік білім беру
жолдарының жолдары;
-кәсіптік мектептерде ұйымдастырылатын оқу-тәрбие үрдісі;
-оқу үрдісіндегі теориялық және өндірістік оқытудың түрлерін, мұндағы
жалпы білім беретін, жалпы техникалық және арнайы пәндердің оқытылуы туралы
мәліметтерді беру т.с.с.
Сабақ барысында оқушылармен пікірталас арқылы, оқу үрдісі, оқу
үрдісінің негізгі компоненттері, мұғалімнің (шебердің) басқару ролі,
оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі негізгі әдіс-тәсілдері, оқудың мақсаты,
оның функциялары, өндірістік оқытудың мазмұнын т.с.с.
Сабақты қорытындылай келе оқушыларға өндірістік оқыту үрдісіне
сипаттама:
-білім; -дағды; -біліктілік; -кәсіби құзырлылық т.с.с.
Кәсіби құзырлығы жоғары жұмысшы маман даярлау үшін өндірістік оқытудың
арнайы мақсаттары бар екенін айтып өткен жақсы. Осы мақсаттарды толық
түсіну үшін мынадай түсініктерді біліп алған жөн:
-кәсіп; -мамандық; -біліктілік деңгейі
Кәсіп- еңбек қызметінің үнемі атқарылатын түрін, оны атқарудағы дене
күш мүмкіндікті, интеллектуалдық қабілеттілікті және заңды құқықтылықты
қамтамасыз ететін білім мен біліктің жиынтығын айтады.
Мамандық - еңбек қызметінің белгілі бір кәсіп шеңберіндегі нақты бөлігі
болып табылады.
Біліктілік – жеке тұлғаның кәсіптік қызметке дайындық дәрежесі. Ол
білімнің деңгейімен, кәсіби шеңберімен және біліктілік сатысымен
сипатталады.
Біліктілік деңгейі - тарификация және аттестация жүйесінің арнайы
құжаттарымен реттеледі, осы дәреженің шеңберінде (тарифтік разрядтар,
кластар, категориялар) кәсіби шеңберлікті сипаттайды.
Сабақ барысында білім сапасын тексере отырып, кәсіби құзырлылықты
қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білімінің
мемлекеттік стандарттары туралы сөз қозғағанда оның мынадай негізгі
ережелеріне тоқталып кету керек:
Республикалық деңгейде бекітетін білім құжаттар:
-бастауыш кәсіптік білім стандарттарының негізгі ережелері;
-кәсіптік білім мамандықтарының және оны мамандандырудың тізімі;
-кәсіби мінездеме;
-нақты кәсіп пен мамандықтар, сонымен қатар жалпы салалық және
салааралық жеке пәндер бойынша кәсіптік білім мазмұнының міндетті
компоненттері;
-кәсіптік білім мекемелері оқу жоспарларының моделі;
-жоба оқу-бағдарламалық құжаттарға қойылатын талаптар;
-кәсіптік білім сапасының стандарттық параметрлерінің тізбегі мен
сипаттамасы;
-оқушылардың білім, білік сапасын тексеруге, бақылау жұмыстарын
құрастыруға арналған жалпы талаптар.
-оқушылардың білім және білігінің кәсіптік білім стандартының талабына
сәйкестігін тексеретін бақылау процедурасының реттілігін сипаттау;
Кәсіптік білімді стандарттаудың негізгі мақсаттары:
-республикада бірыңғай білім кеңістігін қамтамасыз ету;
-республиканың экономикасы талаптарына сәйкес кәсіптік білім шарттары
мен мемлекеттік сапаны қамтамасыз ету;
-кәсіптік білімді халықаралық стандартпен және еңбек рыногының
талаптарымен үйлесуін қамтамасыз ету;
-Кәсіптік білімді стандарттаудың негізгі міндеттері:
-кәсіптік білімді міндет пен сапаға жеткізуді нормативті құжаттардың
жүйесін жасау;
-білімдік қызмет көрсетушілерді, ұйымдастырушылар мен тапсырыс
берушілерді біліктілік сатысына сәйкес кәсіптік білімнің мазмұндық
параметрлері жайында толық және дәл информациямен қамтамасыз ету;
-жұмысшылар мен мамандардың кәсіби дайындығы мен соңғы нәтижелеріне
тиімді талаптар қою;
-орындаушының көрсететін білімдік қызметінің сапалық көркеткішін құптау

Кәсіптік білімді стандарттаудың негізгі ұстанымдарын да оқушылар толық
меңгеріп алулары тиіс.
ҚРеспубликасындағы кәсіптік білімді стандарттауды ұйымдастыру жұмысы
мынадай ұстанымдар негізінде жүргізіледі, нарық еңбегінің талаптарын
жұмысшылар мен мамандардың деңгейіне қарай ескеру: қолданылып жүрген және
болашақтағы технологиялармен, техникамен өзара байланысты;
Кәсіптік білімнің стандарттарын жасауда қамтамасыз етілуі қажет:
-баяндаудағы дәлдік пен бір мағналық;
-жоғарыда аталған ұстанымдардың кешенділігі, жүйелілігі және олардың
орындалуын қамтамасыз ету;

Кәсіптік білімді стандарттауды ұйымдастыру жұмыстары
1. Қазақстан Республикасындағы бастауыш білімді стандарттаудың
ұймдастыру, үйлестіру және тиімді деңгейін қамтамасыз ету жұмыстарын Білім,
мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі (БМж ДМ) жүзеге асырады.
2. ҚР БМжДМ-і бюджеттік және басқа қаржылардың есебінен кәсіптік білім
стандартына тапсырыс беруші, сонымен қатар кәсіби оқыту мен білімдік
қызметті жүзеге асырушы түрлі министрліктер, ведомстволар, ұйымдар,
концерндер, ассоциациялар, мекемелер мен өндірістік орындар, мекемелер т.б.
құрылымдар да тапсырыс берушілер болып табылады. Бұл жұмыстарды
қаржыландыру тапсырыс берушілер есебінен сондай-ақ келісімдік негізде
орталықтандырылған қаржы есебінен атқарылады.
3. ҚР БМДМ білімді стандарттаудың республикалық орталығы мен келісу
арқылы кәсіптік білімді стандарттаудың мемлекеттік жүйесін бекітеді.
4. Кәсіптік білімді стандарттаудың әдістемелік жұмыстарына жалпы
басшылықты республикадағы Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясының орта
және кәсіптік білім институты жүзеге асырады.
5. Кәсіптік білімді стандарттаудың нормативтік құжаттарын жасаушы осы
Ы.Алтынсарин атындағы ҚБА орта және кәсіптік білім институты және уақытша
ғылыми зерттеу ұжымдары болып табылады.
6. Өндірістік орындар, ұйымдар, мекемелер және оқу орындары қажетті
жағдайда стандарттар бойынша және әдістемелік ұйымдастыру және тәжірибелік-
эксперимент жұмыстарын жүргізетін уақытша шығармашылық ұжымдар құрады.
Кәсіптік білімнің стандартын құрушыларды былай сипаттауға болады.
1. Кәсіптік білімнің стандарты мынадай категориялар мен түрлерге
бөлінеді:
2. Мемлекеттік стандарт (МСТ)- Министрлік ведомоствосының келісімі
бойынша және Қазақстан Республикасының Министрлік тіркелуімен,
кәсіптік білім стандарттары ҚР БМжДМ бекітетін.
Олардың қатарына мамандық бойынша білім стандарттары; оқу-әдістемелік
кешендерге қойылатын талаптар; кәсіптік білім стандартының білім жүйесі;
кәсіптік білімнің оқу орындарын материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз
ету нормативтері; кәсіби дайындықты бағалаудың критерийлері; кәсіптік-
техникалық білім алғандығын дәлелдейтін; құжаттардың үлгілері мен
мәртебесі; кәсіпкерлік білім стандартттары; кәсіпкертік білімді
стандарттаудың терминдік сөздері т.б.
3. Салалық және өндіріс орындарының стандарттарын кәсіптік білім
стандарттарын өндіріс орындары, ұйымдар, оқу орындары жасап, кәсіби оқытуды
жүзеге асырады.
Олардың қатарына кәсіптік оқытудың жұмыстық оқу жоспарлары мен
бағдарламалары, сондай-ақ айрықша мамандықтар бойынша оқу орындары мен
патенттелген технологиялары; оқушылардың білімі мен білігін бағалау жүйесі
т.б. жатады.
4. Кәсіптік білім стандарттарының құрылуы, баяндалуы, безендірілуі. ҚР-
дағы кәсіптік білімнің мемлекеттік стандарты талаптарына сай болуы
керек.
5. Кәсіптік білім стандарттары (МСТ, ССТ, ООСТ), және ондағы өзгерістер
ҚР-ның мемлекеттік кәсіптік білім стандартына сәйкес арнайы
мемлекеттік органдарда тіркеледі және ол құжаттар мемлекеттік және
ұлтаралық қатынас тілдерінде мемлекеттік тіркеуге ұсынылуы керек.
Мемлекеттік тіркеуден өтпеген кәсіптік білім стандарттары оған енетін
өзгерістер жарамсыз болып табылады.
Кәсіптер тізімі - бастапқы кәсіби білім шеңберінде дайындау арқылы
жүзеге асырылатын мамандықтарды жүйеленбесі.
Кәсіптік білім – нақты кәсіптер мен мамандықтар бойынша алдынала
белгіленген білімдерді, біліктерді және дағдыларды меңгеру арқылы жүретін
және тұлғаның кәсіби қалыптасу және даму үрдісі, нәтижесі.
Кәсіби даярлау - кең мағынада: маман кадрларды оқытуды ұйымдастыру,
кәсіби білім алудың әрқилы түрлері; тармағында: кәсіби дағдыларды игерудің
жеделдетілген түрлері (жеделдетілген кәсіби даярлық).
Оқу жоспары – оқытудың көлемі мен мазмұны көрсететін ресми құжат.
Оқу жоспары модулі – кәсіби оқытудың негізгі инварианттық құрылымдық
құрамдастарының мазмұны көрсетілген оқу жоспарының жасалу негізі.
Жалпы оқу жоспары – кәсіптер мен мамандықтарға біліктілік дәрежелеріне,
оқытудың базалық мерзіміне лайық оқу циклдері мен пәндерінің тізімі мен
көлемінің республикалық деңгейін белгілейтін және аймақтық білім басқару
орындарының, білім мекемелерінің күнделікті жұмыстың оқу-бағдарламалық
құжаттарды жасаудағы дербестік дәрежесін анықтайтын құжат.
Күнделікті жұмыстық жоспар – жалпы оқу жоспары негізінде аймақ сала,
мамандықтар ерекшеліктері ескеріліп және оқу үрдісінің күнтізбелік құрылымы
мен кезеңдері нақтыланып жасалған оқу жоспары.
Оқу бағдарламалары –нақты пән (курс) бойынша оқыту мазмұнын түбегейлі
ашатын құжат.
Жалпы оқу бағдарламасы–жалпы оқу жоспарындағы нақты пәндер бойынша
оқытудың және оқу материалының меңгерілу сапасының параметрлерінің
республикалық құрамдастықтағы нақты мазмұны анықталатын құжат.
Күнделікті жұмыстың оқу бағдарламасы – жалпы оқу бағдарламасы негізінде
салалық және республикалық құрамдастықтың ерекшеліктері ескеріле отырып,
оқыту мазмұны көрсетілген нақты сала мен кәсіпке (мамандықтарға) лайық
жасалған оқу бағдарламасы.
Сертификат – бастапқы кәсіби білімді растайтын құжат.
Білікті жұмысшылар мен қызметкерлер кәсіптері мен мамандықтарының
тізімін толық түсіну үшін оның өзектілігіне жаңа тізімді жасаудың алғы
шарттарына шет ел мемлекеттерінде енгізілген классификатор маңызына
тоқталу керек. Бірінші анықтама кәсіптің жаңа тізімінің өзектілігі.
Нарықтық қатынастардың дамуы негізіндегі қоғамыздың экономикалық
базисіндегі өзгерістер және ұлттық экономика әлемдік шаруашылық жүйеге енуі
кәсіби білім беруде сапалы өзгерістер жасауды қажет етеді.
Жұмыскерлердің еңбек рыногындағы табандылығы тек кең кәсіптік жалпы
және кәсіптік даярлыққа жалпы еңбектік және арнаулы білік пен іскерліктің
тұрақтылығына негізделетін кәсіптік жеткіліктілік есебінен ғана қамтамасыз
етілмек. Жұмыссыздық мүмкіндігі жағдайында кәсіптік жеткіліктілік әрі
әлеуметтік қорғау факторы бола алады. Сондықтан да бағдарды кеңейту және
жұмысшылар мен қызметкерлерді оқыту сапасын арттыру экономикалық
мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлары кәсіпорындары тарапынан
қойылатын талаптарының негізгілерінің бірі болып табылады.
Бұл көрсетілген жағдайлар кәсіптік білім беруде терең құрылымдық
реформалар қажеттігін айқындайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кәсіптерді
қалыптастырудың қазіргі методикалық статусы және негізгі параметрлері бұл
үрдістер маңызды қызмет атқарады, солардың негізінде тиісті кәсіби даярлық
ұйымдастырылады және бақыланады. Мәселенің өзектілігі кәсіби білімнің
Мемлекеттік стандарты шеңберінде кәсіптердің жаңа Тізімінің жобасын жасауды
талап етеді.
Жаңа Тізімді жасаудың алғы шарттарын біліп алуы керек:
а) қазіргі қолданыстағы кәсіптер Тізімінің Қазақстан Республикасындағы
кәсіби білімінің сәйкес еместігі.
Қазіргі қолданыстағы кәсіптер Тізімі 1996 жылы жасалған. Өзіне дейінгі
осындай құжаттармен салыстырғанда бірқатар жетістіктері болумен бірге
(кәсіп бірліктерін қысқарту есебінен кәсіптер топтамаларының көбеюі,
Классификатордан кәсіптердің көп түрін өндіруі, жаңа кәсіптерді ендіру
т.б.) ол Тізім өзі кезегіндегі мәселерді іс жүзінде шеше алмады.
Даярлықтың негізгі бірлігі ретінде тар кәсіпті есептеу бұрынғысынша
қалып қойды. Оларды жалаң топтамаларға біріктіру кең кәсіптік жұмысшылар
дайындауды шешпеді.
Оқыту мазмұнында интеграция мәселесі шешілмеді, бұл оқыту бағдарламалық
құжаттарды жасауда кешенді әдістемелік қамтамасыз етуде кері ықпал етті.
Тізімде ескерілген кәсіптер мен біліктілікті еңбекті қажет етпейтін
кәсіптер көп еді. Ол бірыңғай реттеуші ғана сипатта болады, кәсіптер
топтамасы құрамына және оқыту параметрлеріне қатаң талаптар қойды, оның өзі
кәсіптік жауап беру икемділігі мүмкіндіктерін шектеді.
Бүкіл мемлекеттік Классификатор негізінде Тізім Қазақстан аймақтары
үшін тән емес кәсіптердің санын едәуір көп ендірді.
ә) Қазіргі қолданыстағы Тізім шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайларына,
өндірістің жаңа талаптарына сай келмейді.
Осы орайдан көптеген кәсіпорындарда мамандықтардың құрылымдығының және
даярланатын жұмысшылар мен қызметкерлердің біліктілік деңгейлерінің
мәселелерін өз бетінше шешу қажеттіліктері күшеюде. Өндірістің белгілі бір
мамандықтағы жұмысшылар мен қызметкерлерге мұқтаждықтарын ескеруге
мүмкіндік беретін икемді құжат қажет болып отыр.
Қазіргі қолданыстағы кәсіптік Тізіміне және ЕТКС-ке енбеген жаңа
кәсіптер мен мамандықтардың пайда болуы, оларды дайындаудың аса қажеттілігі
ашық құжат жасауды талап етеді. Оларға қажеттігіне қарай жаңа пайда болып
жатқан кәсіптер мен мамандықтарды және оларды даярлау түрлері мен тиісті
даярлау параметрлерін енгізу қажеттігі туындауда. Ал Тізімнен құрып бара
жатқан, ескерген кәсіптер мен мамандықтарды алып тастау қажет.
Тізімде ұйымдастырылу жағынан кәсіптердің кіріктірулерінің бәрін ескеру
мүмкін емес, сондықтан да кейбір кәсіптерді кіріктіруге мұқтаждық
жағдайында орталық кәсіптік білім беру басқару орындарынан үміт күтеді.
Алайда ұйымдастырылу жағынан кіріктірілген кәсіптерді реттеу мәселесі бұл
орайда Тізім өміркешендік қабілетсіздігін барған сайын көрсетуде.
Ғылыми-техникалық процесстің, экономикадағы құрылымдық өзгерістердің,
жаңа технологиялық ендірулердің тап осындай кәсіптердің құрылымдықтарын
өзгерту мен жетілдіру мәселелерін көптеген елдерде күн тәртібін қойып
отырғандығын халықаралық тәжірибе көрсетуде.
Мәселен, Алманияда бұл Тізім 63 қызмет саласын (кәсіптік ауқым)
қамтитын 480-ге жуық, негізінен, кіріктірілген кәсіптерден құрылған.
Кәсіптік білім тұжырымдамасына сай оқушылар жаңа технологиялар мен
әдістерге тез бейімделе алатын, өндірістің әртүрлі салаларында және сан
алуан кәсіпорындарында жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мейлінше жеткілікті
және икемдік даярлық алады.
Ұлыбританияда қазіргі уақытта алдын-ала есептеулер бойынша 160 кәсіпті
қамтитын кәсіп құрылымдықтарын жасау жөнінде жұмыс атқарылуда.
Финляндияда 80-жылдары кәсіптік оқытудың құрылымы өзгерген,
экономиканың барлық салалары дерлік 25 бағытта берілген, әрбір бағыт
бірнеше кәсіпті қамтиды, барлығы 270 кәсіп бойынша оқытылады.
Басқа елдерде де кәсіп тізімін жасау тәжірбесі есепсіз құрылымдықтан
технологияның ең жаңа өзгерістеріне бағдарланған және кәсіптер құрылымдыққа
ауысудың қажеттігіне куә бола алады.
Кәсіптік білім мазмұны анықтағанда Республикалық деңгейде Базистік оқу
жоспарының модулі қалай жасалатынын, кәсіптік сипаттамаларды жобалау
жолдарын, сонымен қатар кәсіптік мектептер үшін оқу жоспарлары мен
бағдарламаларын жасауға арналған нұсқаулармен толық таныстыру керек.
Сонымен қатар кәсіби білім мазмұнының базистік құрамдастығын жобалауды
үйрете отырып, Қазақстан Республикасы бастапқы кәсіптік білімнің
мемлекеттік стандарты құрылымын түсіндіру мақсатында белгілі бір кәсіптің
(мысал ретінде ауыл шаруашылық өндірісінің шебері (фермер) кәсібінің)
стандарты құрылымы мен мазмұнын толық көрсетіп беру керек.

Базистік оқу жоспарының модулін түсіндіру әдісі.
Оқу жоспарының базистік модулі – кәсіптік білім мазмұнының негізгі
инвариантты құрылымды құрамдастықтарды көрсете алатын құжат екенін
сипаттаймыз.
ҚР Білім Министрлігінің 1 шілде 1996 жылы №20 бұйрығымен бекітілген КР
БМ кәсіптік-техникалық білім басқармасы жасаған оқу жоспары модулі
мүмкіндігінше лайықты екенін түсіндіру қажет. Себебі сол кездегі ҚР
кәсіптік-техникалық училищелердің кәсіптік-техникалық мектептеріне
айналуына байланысты және ҚР Президентінің 27 қаңтар 1996 жылғы Қазақстан
Республикасының білім мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Жарлығына сәйкес, сондай-ақ кәсіптер мен
мамандықтар тізімін енгізуге орай жасалған болатын.
КТМ үшін жаңа оқу жоспарлары модельдері үш циклден тұрады: кәсіби-
техникалық жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық; екі топтана таңдауы
бойынша пәндер мен факультативтер.
Кәсіптік-техникалық циклге енетіндер: жалпы кәсіби курс – сызу,
электротехника, информатика және өндірісті автоматтандыру негіздері,
нарықтық экономика негіздері;
Кәсіби курс – арнайы технология, материалтану, еңбек қорғау, экология,
кәсіп бойынша т.б. пәндер өндірістік оқыту–оқу шеберханаларында, оқу
шаруашылықтарында, кәсіпорындарында және кез келген меншік түріндегі
мекемелерде, сонымен бірге өз ықтиярында пайдалануға жататын уақыт қоры
беріледі.
Кәсіптік мектептер үшін базистік оқу жоспарларын кәсіптік білімнің
әлемдік тәжірибесін және Қазақстан Республикасы жалпы орта білімнін
мемлекеттік стандартын ескере отырып, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім
академиясы жасаған. Базистік оқу жоспарларының модельдерінің есептеулері
аптасына 39 сағатпен шектелген оқу жүктемесі шеңберінде, ал оқудың
қорытынды кезеңіндегі аяққы кәсіптік практика 41 сағатпен жүзеге асырылған.
Жылдық оқу уақыты 40 аптадан тұрады.
Кәсіптік оқу мекемелерінің жаңа оқу жоспарларының модельдері үш циклдан
тұрады: бағдарлы, жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық және екі топтан
тұрады: арнаулы кәсіптік пәндерге берілген уақыт қоры және таңдауы бойынша
жалпы білімдік курстар мен бағдарлы пәндер.
Кәсіптік циклға енетіндер: жалпы кәсіптік курс – сызу, электротехника,
өндірісті ақпараттандыру және автоматизациялау негіздері, нарықтық
экономика негіздері; кәсіптік курс – арнаулы технология, материалтану,
еңбек қорғау, ЖЖЕ, кәсіп бойынша т.б. пәндер; өндірістік оқу және оқу
шеберханаларында, оқу шаруашылықтарында, меншік түрлеріндегі кәсіпорындарын
мен ұйымдардарғы өндірістік практика.
Кәсіптік даярлық – базистік оқу жоспарларының моделінің вариативті
бөлігі. Оның мазмұны кәсіптік оқудың молдығына қойылатын талаптарды ескере
отырып, кәсіптер мен мамандықтар бойынша сипаттамалардың негізінде
түзіледі, онда кәсіпорындар мен ұйымдардың өздері үшін дайындалатын
біліктілікті еңбек қызметкерлері (жұмысшылар мен қызметшілер) ұсыныстары
ескеріледі.
Жаңа техника мен өндіріс технологияларын және азаматтарға қызмет
көрсетуді оқу үшін, сондай-ақ басқадай кәсіпорындар мен мамандықтар үшін
оқу жоспарларын 250 оқу сағаттарына дейінгі көлемде арнаулы кәсіптік
пәндерге уақыт беріледі. Ең жаңа жабдықтарды өндірістің және халыққа қызмет
көрсетудің тиімді технологияларын оқыту үшін сабақ жүргізуге тиісті сәйкес
келетін өндіріс пен қызмет көрсету салаларының, соның ішінде шетел
мемлекеттерімен және техника мен жабдықтарды жасаушы заводтардан, банк
саласы қызметкерлерінен, салық қызметінен т.б. тарту қажет. Осы мақсаттарда
келісім шарт негізінде өндірістік оқу және кәсіптік практика негізінде
нұсқаулар жүргізу үшін кәсіпорындар мен ұйымдардан тәжірибелі мамандар
шақырылады. Нарық экономикасы негіздері курсына ерекше көңіл бөлуге тиіс.
Тігінші – кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылық беретін кәсіптер бойынша
біліктілік алу үшін арнаулы пәндерге уақыт қор есебінен 200 сағатқа дейін
бөлуге болады.
Өндірісті ақпараттандыру және автоматтандыру негіздері пәні тиісті
қызмет түрінен бағдарламалық өнімдер негізінде оқылады.
Сызу мен электроника сияқты жалпыкәсіптік пәндер техникалық,
құрылыстық, көп бағдарлы бағыттағы жалпы техникалық білімдерді алу
қажеттілігін байланысты кәсіптер бойынша енгізіледі. Ал басқа кәсіптер бұл
сағаттар арнаулы пәндерден білімдерін тереңдетуге пайдаланылуы мүмкін.
Жаратылыстану-ғылыми цикл ҚР жалпы орта білім мемлекеттік стандарты
белгілеген бағдарлы базалық құрамдас болып табылады. Ол математика, физика,
химия, биология сияқты пәндерден тұрады. Бұл пәндер кәсіптер бойынша тірек,
білімдер болғандықтан, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, кәсіптер үшін
биология мен химия, электро-радио, электронды есептеуіш және прибор жасау
өнідірістері үшін математика мен физика сағаттарын бағдарлы пәндер үшін
уақыт есебінен көбейтуге болады.
Отбасы өмір этикасы және психологиясы, жағрапия, тарих, астрономия т.б.
үшін таңдаулы бойынша жалпы білім беретін курс сағаттары пайдаланылады.
Гуманитарлы циклге 3-4 жылдық оқу мерзімі үшін 840 сағат беріледі,
оларды оқу міндетті. Азаматтарға қызмет көрсетуге байланысты кәсіптер
бойынша мемлекеттік тіл курсы және шетел тілдерінің бірі тапсырыстарды алу
және орындау барысында тапсырушылармен қатынас жасарлық шеңберде оқылады,
басқа кәсіптер үшін бұл сағаттар арнаулы пәндерді оқуға беріледі.
Консультациялар мен емтихандар сағаты жалпы орта білім беретін және
кәсіптік пәндерге, сондай-ақ бітіретін біліктілік емтихандарын өткізуге
бөлінеді.
1. Қазақ тілі мен әдебиеті:
орыс тілді кәсіптік мектептерде – диктант;
қазақ тілді кәсіптік мектептерде – шығарма.
2. Орыс тілі мен әдебиеті:
орыс тілді мектептерде – шығарма;
қазақ тілді мектептерде – диктант.
3. Математика
4. Физика
5. Химия
6. Дене тәрбиесі.
7. Арнаулы технология
8. Бітіретін біліктілік емтихандары
Базистік оқу жоспарлары әртүрлі оқу мерзімдеріне жасалатынын айта келе,
мына төмендегі модульдің құрылымын түсіндіру қажет.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПТІК МЕКТЕПТЕРГЕ (ЛИЦЕЙЛЕРГЕ) АРНАЛҒАН
ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ МОДЕЛІ

Циклдер Жалпы білім беретін Орта жалпы білім
Курстар мектептер негізінде беру негізінде
Сабақтар
Күндізгі оқу Орта жалпы 1 жыл1,5 2 6 ай
түрінде орта білім алуды жыл жыл
білім алу кешкі,
сырттай оқу
түрімен
жалғастыру
4 жыл 3 жыл 1 жыл
1 2 3 4
1 Жұмыс орнының Жұмысшының қызмет түрін Бекіту: жұмысшының
өндірістегі (өндірістің) талдау, оны өндірістегі негізгі қызмет
қызмет түрін жұмыс орнында қолдану. түрі: өндірістік процесті
анықтау Нормативтік материал бойынша дайындау және ұйымдастыру;
жұмысшының мамандық технологиялық процестерді
біліктілігін талдау; іске асыру, өнімнің
салалардың дамуын талдау, сапасына және өнеркәсіптік
қосымша жұмыс орындарын құру.процестің жүру барысын
қадағалау, жұмысшылардың
бартын кәсіпорын, мекеме
оның бөлік құрылысының
түрлері.
2. Жұмысшылардың Жұмысшы өз ісін ашарда немесеЖұмысшының білу және
білім және қызметке бағытталғанда, білгірлік талаптарын
білгірлік кәсіпорын, мекеме, олардың анықтау
талаптарын бөлік құрылысын ескере
дамыту отырып, жұмысшының
кәсіпкершілік міндеттерін
талдау
3. Жұмысшы білім Нақтылы кәсіпорын қызметін Жұмысшының Жұмысшы білу
талабын дамытуорындауға қажетті кәсіпті қажет... біліміне қойылатын
білім құрылысын, одан талапты анықтау
дайындық тұтастығын және
кәсіпті кеңінен қамтамасыз
ететін жалпы кәсіптің
құрылысын, жалпы
білімгерлікті әшкерелеу
4. Кәсіпкершілік Оқу бітірушілердің білімін,
сипаттаманы біліктілігі мен білгірлігіне
мақұлдау және қойылатын талаптың дұрыстығын
сараптау анықтау. Сарапшылар –
мекемелердің,
кәсіпорындардың, практикалық
жұмысшылары, анағұрлым
тәжірибелі оқытушылар,
кәсіптік оқу орындарының
өндірістік оқыту шебері.

Жұмысшының кәсіптік-біліктілік сипаттамасының құрылымы. Кәсіп бойынша
кәсіптік-біліктіліктің сипаттамасын жасауды оқушыларға үйрету үшін оның
жасалу жолын түсіндіреміз.

(мамандықтың атаулары)
Жұмысшылар іскерлікке дайындалады________________________ _______________
(іскерліктің түрлері)
___________________________________ ___________________________________ __
(кәсіп орындарымен ұжымдарының түрлері және өз ісін ашу)
жұмыс орындарға__________________________ _______________________________
(жұмыс орындарының тізбегі)
Қоғамдық өмірде нарықтық, экономикаға және демократияландыруға өту
жағдайында, республиканың алдында тұрған міндетті іске асыруға, азаматтық
қоғамда идеологиялық ұстанымен белсенді қатынасуда, жұмысшы қоғамдық
құбылыстарды шығармашылық көзқараспен бағалай білуі керек.
Интернационалдық және патриоттық рухта тәрбиелену, жоғары өнеге және
мәдениетке ие болу.
Ол, дүниежүзілік білімді қолдануға талпыну қажеттігін, еңбек ұжымында
өзара әрекеттену қабілеттігін, еңбек нәтижесінде және оның сапасына
кәсіпкершілік қасиетпен және әлеуметтік жауапкершілік сезіммен игеру керек.
Жұмысшы істеу керек ___________________________________ _________
___________________________________ _____________________________
Жұмысшы білу керек ___________________________________ _________
___________________________________ _____________________________

Енді оқу (белгілі бір түрге арналған) жоспарлары мен бағдарларының
жобалануын мысалы ретінде былай түсіндіруге болады. Алдыңғы тарауда біз
кәсіптік оқу мекемелері үшін оқу жоспарының жаңа моделін жасаудағы негізгі
теориялық жолдарды қарастырған едік. Кәсіптік білімнің мемлекеттік
стандартының негізгі құжаттарының бірі ретінде оқу жоспарларының моделі,
кәсіптік білім мазмұны саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыруға және
кәсіби даярлықтың әр алуан түрлерінде қолданылатын оқу жоспарларының бір-
бірімен салыстырмалы болуына алғышарттар жасайды.
Кәсіптік білімнің мазмұнының негізгі құрамдастарын анықтай отырып,
нақты кәсіптік ауқымдағы қатыстығына қарай инвариантты болып табылатын оқу
жоспары моделі әрбір жеке жағдайда молдық етуі әбден ықтимал, бұның өзі
кез келген әмбебап құрал үшін қалыпты жағдай болып есептеледі. Кәсіптік
білімнің мазмұндық мәселелерін стандарттаумен бірге кәсіптік білім мазмұнын
жобалау саласында республикалық және жергілікті құзырлылықтарды бекіте
отырып, оқу жоспары моделі елеулі ұйымдастырушылық келекшектілікті
қуаттылық сипатына да ие болып табылады.
Басқаша айтқанда, модель нақты кәсіптер мен мамандықтарға, ең алдымен,
типтік оқу жоспарына қолдануға лайық кәсіптік білім стандарты элементтерін
жасау үшін қажетті негіз бола алды.
Типтік оқу жоспарын жобалау екі кезеңде жүзеге асырылады. Ы.Алтынсарин
атындағы Қазақ білім академиясы орта және кәсіптік білім институты –
республикалық деңгейде және білім басқарудың аймақтық орындары – аймақтың
деңгейде.

Республикалық деңгей

Кәсіптік мектептер үшін оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға арналған
нұсқауларды арнайы практикалық сабақта қарастыру қажет.

1. Жалпы ережелер.
1.1. Кәсіптік-мектепке (лицейге) арналған оқу жоспары нақты кәсіп пен
мамандандыру бойынша білім мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды
көрсететін, пәндердің тізімін, көлемін, оқу желілігін және мерзімін
анықтайтын, оқу үрдісін, оқушылардың білімін, оқудың әртүрлі кезеңдеріндегі
кезеңдік аттестациялауды ұйымдастырудың негізгі түрлерін анықтайтын
мемлекеттік құжат болып есептеледі.
Оқу жоспары барлық кәсіптік-мектептер үшін міндетті.
Оқу бағдарламасы – оқу мазмұнын және пән мен өндірістік оқу бойынша
оқушылардың білімі мен біліктеріне қойылатын талаптарды анықтайтын негізгі
құжат.
1.2. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды жасауда мыналар басшылыққа
алынуға тиіс:
- өндіріс талаптары мен бәсекелік қабілетті жұмысшылар даярлау
деңгейіне сәйкес белгіленген кәсіптік білім стандарттары;
- барлық меншік түріндегі кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың
тапсырысы;
- кәсіптік мектептердегі оқу үрдісін жоспарлауды және ұйымдастыруды
анықтайтын ҚРБМ басшылықты құжаттары;
- еңбек қызметтерін белгілейтін республикалық және салалық құжаттар,
жұмысшылар кәсіптері бойынша біліктілік сипаттамалар;
- техникалық өндіріс технологиясының, экономикалық және өндірістік
құрылымдардың дамуын жобалайтын материалдар;
- қолданыстағы кәсіптік-техникалық және білім беретін мектептердің,
сондай-ақ ұқсас кәсіптер мен мамандықтар бойынша орта арнаулы, жоғары оқу
орындарының оқу-бағдарламалық құжаттары.
1.3. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасауда тірек болатын құжат –
қосымшада көрсетілген ұсыныстарға сәйкес жасалынатын жұмысшы кәсіптерінің
біліктілік сипаттамалары.
Оқу-бағдарламалық құжат жасау негізіне неғұрлым мәнді еңбек қызметтерін
айқындайтын және сол негізде олардың жүзеге асырылуына керекті білім, білік
дағдыларды айқындайтын жұмысшылардың кәсіптік әрекеттерінің сипаттамасы
алынады.
1.4. Оқу материалдарының әртүрлі пәндерде бірін-бірі қайталауларын
болдырмас үшін, оларды оқу желілігін, уақыт көлемін айқындау мақсатында,
өндірістік және теориялық оқудың өзара орында қатынасын белгілеу мақсатында
оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау бір мезгілде және өзара байланыста
жүргізілуі тиіс.
2. Оқудың күндізгі түрі бойынша оқу жоспарларын жасауға арналған
нұсқаулар
Оқу жоспарлары мына бөлімдерден тұрады: тысқы бөліп оқу үрдісі
жоспары, өндірістік оқу жоспары, оқуды бітіріп жинақты ақпары,
факультативтік пәндер, оқу кабинеттерінің лабораторияларының,
шеберханаларының тізімі, оқу жоспарына түсініктеме.
Оқу жоспарының тысқы бөлімінде мыналар көрсетіледі:
- саланың рет саны мен атауы;
- аралас кәсіптің рет саны мен атауы;
- кәсіп бойынша разряд, класс, категория және оқу мерзімі;
- бекітілген уақыты және оқу жоспарының тіркелген рет саны.
Оқу үрдісінің жоспары:
- гуманитарлық;
- жаратылыстану-ғылыми;
- кәсіптік (арнайы);
- таңдауы бойынша және кәсіптік пәндер.
Кәсіптік цикл пәндері тізімін анықтауда және оларды оқуда жоспарлауда
бұл көрсетілген пәндерді оқудың мұраты жұмысшының іргелі дайындығын
қамтамасыз ету, осы негізде оқу мазмұнының болашақ кәсіптік қызметінің
негізгі түрлері бойынша сарлану мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Оларды оқу нәтижесінде оқушылардың жалпы техникалық арнаулы,
экономикалық, құқықтық білімдері мен біліктері қалыптасуға тиіс және бұның
өзі осы бөлімге тиісті пәндерін енгізуді қажетті етеді.
Кәсіптік цикл пәндерін оқуға уақыт көлемі сондай-ақ олардың әрқайсысы
бойынша өндірістік және теориялық, кәсіптік және жалпы білімдік оқудың
өзара қатынасы алдын-ала жасалынған және өзара келісімді тақырыптық жоспар
үлгілері жобалары тұрғысынан белгіленеді.
Кәсіптік цикл пәндерін оқу жиілігін, сондай-ақ бөлінетін курстар
бойынша бөлінетін сағаттар санын белгілеу пәнаралық байланысты ескере
отырып жүргізіледі.
Оқу үрдісінің жоспарында оқушылардың білімі мен біліктерін бақылау
түрлері көрсетіледі: бақылау жұмысының ең керекті аз мөлшері, кезеңдік
аттестациялау, емтихандар.
Арнаулы цикл пәндері бойынша емтихандар мен бақылау жұмыстар саны
оқушылардың сол пәнді оқу нәтижесінде олардың ішкі құрылымын, сондай-ақ
оқудың уақыт көлемі мен ұзақтығын ескере отырып, меңгеретін білімдері мен
біліктеріне қойылатын талаптар тұрғысынан анықталады.
Бақылау жұмыстары пәнді оқуға бөлінген уақыт есебінен жүргізіледі, ол
туралы оқу жоспарында түсініктеме жазылады.
Тексеру жұмыстары мен кезеңдік аттестация жыл сайын жүргізіледі және
оларды хаттамамен дайындайды.
Өндірістік оқуға енетіндер:
- оқу шеберханаларындағы, оқу алаңындағы, оқу шаруашылығындағы
өндірістік оқу;
- кәсіпорындарындағы өндірістік оқу;
- өндірістік практика.
Оқудың бітуімен өткізілетін емтихандар:
- жалпы білімдік пәндер бойынша;
- арнаулы пәндер бойынша;
- біліктілік пәндері бойынша.
Оқу үрдісінің типтік кестесінде курстар бойынша оқу сабақтарының
басталуы мен аяқталуы, оқу түрлерінің аяққы түрлері, каникулдар, өндірістік
оқулар көрсетіледі.
Типтік кесте құруда төмендегі жағдайларды басшылыққа алу қажет:
- барлық курстарда оқу жылының басталуы, әдеттегідей;
- қыркүйек, бітуі – 30 маусым. Соңғы курста оқудың аяқталуы әрбір
кәсіп бойынша оқудың ұзақтығына байланысты. Маусымдық жұмыстармен
байланысты сипаттағы кәсіптер бойынша оқу жылының басталуы мен аяқталуы
басқа мерзімдерге жылжытылуы мүмкін;
Кәсіптік-техникалық мекемелер үшін оқу бағдарламаларын жасауға арналған
нұсқауларды қарастыралық:
Пән бойынша оқу бағдарламаларды оқытудың барлық түрлері бойынша:
күндізгі, кешкі – бірыңғай болып табылады.
Оқу бағдарламалары мынадай тараулардан тұрады: түсініктеме, тақырыптық
жоспар үлгісі, пәннің мазмұны, ұсынылатын әдебиеттер, ЭЕТ және
аудиовизуалды оқу құралдары.
Түсініктемеде пәннің қызметі, оның жұмысшыларды дайындаудағы орны, оқу
жоспарларындағы басқа пәндермен байланысы, пәннің құрылымының негіздемесі
қысқа түзіледі. Онда бағдарламаның, әрбір бөлігі үшін түсіндірмелер және
пәндерді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар берілуі мүмкін.
Оқу мекемелерінде бағдарламаларға олардың мазмұнына, оқу материалының
оқылу желісіне, пәнді оқуға берілетін уақыттың жалпы қоры мөлшерінде
тараулар бойынша оқу сағаттарының бөлінуіне өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Пәннің мазмұны бөлімі Кіріспеден басталады. Онда пәннің жалпы
сипаттамасы, мақсаттары мен міндеттер оқытылатын пәннің меңгерілетін
білімдердің жүйесінде алатын орны мен ролі басқа оқу пәндерімен байланысы
беріледі.
Оқу материалы мазмұны тиісті білім саласының қазіргі даму деңгейі
талаптарына, нақты өндірістің техникалық, технологиялық, ұлттық
мәдениетінің қазіргі жайы мен даму болашағына жауап беруге тиіс.
Бағдарламаның тарауларының мазмұны оқушылардың, білім, білік және
дағдыларына қойылатын талаптарды қамтиды.
Бұл білімді жасауда төмендегі жағдайлар басшылыққа алынады:
- тараулардың және тақырыптардың рет сандары, олардың атаулары,
негізінен, тақырыптық жоспар үрдісіне сәйкес келуі керек;
- мәтіннің ішінде нақты ғылымда бір мағына қабылданылатын түсініктер
мен терминдер өлшем бірліктері т.б. көрсеткіштер мемлекеттік стандарттар
талабына жауап беруі керек. Шетел сөздері ҚР Білім туралы заңына сай
белгіленген транкрипцияда беріледі;
- бақылау жұмыстары оқушылардың білімдері мен біліктері деңгейлеріне
қойылатын талаптарды ескере отырып, пәннің тарауларын оқу қорытындылары
бойынша жоспарланады.
Ұсынылатын әдебиеттер бөлімінде оқулықпен, оқу-анықтамалық
құралдармен, оқытушылар үшін оқу-әдістемелік әдебиетпен бірге негізге және
қосымша әдебиеттер толық көрсетіледі.
Оқытудың ұсынылатын жеке құралдары бөлімінде әрбір ұсынылатын оқу
құралының атауынан соң, олардың шығарылған жерін, шығарушыларын және жылын
көрсетіп отырады.
Өндірістік оқу мазмұны бірыңғай типтік бағдарламамен анықталады.
Оқудың бірыңғай типтік бағдарламасы мынадай тарауларды қамтиды: түсінік
хат; оқу мазмұны (практика); практикалық күнделікті жұмыстың бағдарламасын
құруға ұсыныстар; ұсынылатын басшылықты құжаттар.
Түсінік хатта практиканың мақсаттары мен міндеттері түзіледі, онда
кезеңдер бойынша уақыт қорының бөлуі көрсетіледі, практиканы ұйымдастыру
жөнінде ұсыныстар мен жұмыс орнына талаптар айтылады.
Өндірістік оқу мазмұны бөлімінде тақырыптық жоспар үлгісін және оның
әрбір кезеңдері мен түрлері беріледі.
Өндірістік оқудың күнделікті жұмыстың бағдарламасын құруға ұсыныстар
бөлімінде оқу нысаналары мен жұмыс орындары ерекшеліктерін ескере отырып,
өндірістік оқудың мазмұнын нақтылаудағы қажеттіліктер мен мүмкінділіктер
туралы ұсыныстар беріледі, сондай-ақ өндірістік практика өткізудің
күнтізбелік мерзімі белгіленеді.
Әдебиеттер тізімінде техника мен технологияның қазіргі кездегі күйі мен
болашақ дамуын, адам қызметінің қоғамдық экономикалық, әлеуметтік т.б.
салаларының дамуын көрсететін заңдық және басшылықты құжаттар беріледі.
Осы тақырып бойынша лабораториялық, практикалық сабақ ретінде
өндірістік оқыту үрдісін анықтайтын құжаттар тақырыпшасын өткенде осы
айтылған нормативтік құжаттардың жасалу жолдарын оқушылар толық меңгеруі
тиіс.
Ал мемлекеттік стандарт құрылымымен толық танысу үшін мына төмендегі
мамандықтың стандартымен толық таныстыру қажет, себебі оқушылардың
әрқайсысы мемлекеттің стандарт мазмұнына талқылаулар жасауы керек. Белгілі
бір мамандықтың кәсіптік мінездемесін түзу үшін, оның құрылымын да білулері
тиіс.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КӘСІПТІК БІЛІМНІҢ СТАНДАРТЫ

Кәсіп: Ауыл шаруашылық өндірісінің шебері (фермер)
Түсінік хат
І. Қолдану аймағы
Ауылшаруашылық өндіріс (фермер) кәсібі бойынша білім стандарты осы
кәсіптегі қызметкерлердің кәсіби даярлығының түпкі мақсаты мен аз мазмұнын
анықтайды. Оқушылардың оқу жүктемесінің жоғарғы көлемін жүйелендіруімен
қатар кәсіптік білім сапасының мамандық үлесіне сәйкестігі бақыланады.
Оқушылардың кәсіби әзірлігінің деңгейін және сапасын бағалау кезінде,
стандарттағы талаптар негізгі көрсеткіштер болып табылады. Бұл талаптардың
орындалуы оқу орындарын бітірушілерге берілетін кәсіптік білім мен атағының
берілуі негізі болып есептеледі.
Мамандықтар бойынша оқытуды ұйымдастыру кәсіптер тізбегі және бастапқы
кәсіптік білім беру мамандықтарына сәйкес жүргізіледі.
Жалпы техникалық оқыту циклының мазмұнының Базистік компонентін
анықтайтын құжаттар сабақтар бойынша көрсетіледі; сызу, материалтану,
электротехника. Олар жеке тараулармен басылып шығады.
Бастапқы кәсіптік білім беру мекемелерінде орта (толық) жалпы білім
алушылардың және негізгі жалпы білімі барлардың оқытуын ұйымдастыру кезінде
орта (толық) жалпы білім берудің (дайындық бағытын ескере отырып)
Мемлекеттің үлгісінің Базистік компонентін анықтайтын қосымша құжаттарды
басшылыққа алу қажет.
Кәсіптік іс әрекеттің мазмұнды көрсеткіштері, оның негізгі түрлері мен
теориялық негіздерінің кәсіптік мінездемесін көрсетеді.
Кәсіптік және жалпы кәсіптік айналымдар мазмұнының Базистік
компоненттер құрылымында оқытылу материалдарының бөліктері пәндер аймағы
және оқытылу элементтері, оларды игеру деңгейімен қоса бөлініп көрсетілген.
Стандарттағы оқытылу элементтерінің аталуы нақты іс-әрекеттің мазмұнын
көрсетеді, сонымен бірге оқытылу қорытындысында оқу орнын бітіруші оларды
толық меңгеруі қажет.
Оқытылу элементтерін меңгеру кезіндегі теориялық және практикалық
оқытуды біріктіру, жоспарлы-оқыту құжаттарымен анықталады.
Оқытылу элементтеріне нақтылы меңгеру деңгейлері сәйкес келеді.
Бастапқы кәсіптік білім беру үлгісі төмендегі деңгейлерді қолдану
қажеттігін көрсетеді:
1. Деңгей – алдын-ала зерттеген мынадай кәсіптік іс-әрекеттің
объектілерін, қасиеттерін, әрекеттерін білу.
2. Деңгей – ойдағы іс-қимылды өз бетінше орындау.
3. Деңгей - өнімді іс-қимыл немесе алдын-ала зерттеген типтік іс-қимыл
типтік емес жағдайдағы іс-әрекеттің алғы шарттарын зерттеу.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің шебері (фермер) мамандығы бойынша
оқытуды ұйымдастыру үшін керекті оқу жоспарлары мен бағдарламалары
Қазақстан Республикасының кәсіптік мектептеріндегі оқу жоспарының моделі
негізінде (ҚР білім Министрлігінің 1 шілде 1996 жылғы №206 бұйрығы) білім
беру кәсіптік білім беру, қазақтың білім академиясы институты жасаған
мамандықтар бойынша жоспарлы құжаттамалар үлгілері мен бастапқы кәсіптік
білім беру үлгісінің аймақтық компоненттері құжаттары негізінде жасалады.
ІІ. Нормативтік сілтемелер.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
2. Мөлшерлі бағыттау. Қазақстан Республикасының Білім беру заңы.
3. Қазақстан Республикасының Тұрғындардың бос болмауы туралы заңы.
4. Кәсіптердің тізім саны, кәсіптік білім беру және оларды
мамандандыру.
5. Қазақстан Республикасы заңдылықтарының актісіндегі білім беру
жүйесінде өзгерістер, толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының
президентінің 27 қаңтар 1996 ж. үкімі.
6. ҚР білім министрлігінің 1 шілде 1996 жылғы №206-ы ҚР Кәсіптік-
техникалық мектептерді жаңаша модельдеу, олар үшін оқу жоспарының
құжаттарын және жұмысшылардың, мамандардың квалификациясын қайта қарау
туралы бұйрығы.
ІІІ. Стандарттың мақсаты мен міндеті.
Еңбек рыногының талаптарына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес
құрамдардың білім беру қызметіне деген мақсаттары мен талаптары
Ауылшаруашылығы өндірісі шебері (фермер) мамандығын сапалы кәсіптік білім
беруді мемлекет талапынан қамтамасыз ету.
IV. Стандартқа қойылатын талаптар.
Оқытылу қорытындысына қойылатын талаптар (Кәсіптік мінездемеде
көрсетілген іс-әрекеттің мазмұнды көрсеткіштері, оқу элементтері және
олардың меңгерілу деңгейлері) білім беру мекемелерін аттестациялау және
мамандықтар бойынша бітірушілердің дайындық сапасын бағалау кезіндегі
тексеру, бұлар негізгі көрсеткіштер болып есептеледі. Осы талаптардың
орындалуы бітірушілерге білім беру деңгейі жөніндегі мемлекеттік үлгідегі
құжаттарды тапсыру негізі болып табылады.
Осы үлгі ведомство аралық сипатқа, құқықтық сатуына қарамастан кәсіптік
даярлықтың барлық түрлеріне мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарға
таралады, ҚР-ның барлық аймағында заңдылық күші бар.
Кәсіптік мінездеме.
1. Кәсіп: Ауылшаруашылық өндірісі шебері (фермер).
Мамандықтар:
Кең профилді тракторист-машинист;
Автокөлік жүргізушісі;
Жөндеуші-слесарь;
Малшаруашылық мастері.
Мамандықтар кең көлемді тракторист-машинистер, автотасымалдаушы
құралдарының жүргізушісі, жөндеуші-слесары, малшаруашылығы шебері.
2. Кәсіп қызметі.
Ауылшаруашылығы өндірісі шебері (фермер) жекелеген немесе фондылық
негізде құрылған жеке фермерлік (шаруа) шаруашылығының иесі немесе
арендаторы болып табылады. Бұл мамандық ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру,
ұқсату, сату жөніндегі бірнеше жұмысшы кәсіптерін (мамандықтарын) игеретін
кең көлемді жұмыстарды атқаратын мамандық.
3. Біліктілік.
Үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесінде фермер кәсібін атақтың 4-ші
сатысына жатқызады. Орта (толық) кәсіптік білім алу үшін қажетті жалпы
білім деңгейі – бастапқы кәсіптік білім алумен шектеледі.
Кәсіп шеберіндегі мамандықтар бойынша жұмыстарды тарификациялау жүйесі
және еңбек органдарының басқа да нормативтік актілеріне сәйкес бастапқы
білім беру мекемелерде жүргізіледі.
Ауылшаруашылығы өндіріс шебері білімін жетілдіру.
- Кадрлердің білімін жетілдіру жүйесіндегі салалық оқу орындарында,
ғылым зерттеу конститутының арнаулы құжаттарында және экономикалық кәсіптік
білім берудің тереңдетілген, кеңейтілген бастапқы білім беру мекемелерінде.
- Кәсіптік іс-әрекет саласында өте жоғары дәрежедегі білім алу үшін
жоғарғы оқу орындарында жүргізіледі.

Кәсіптік қызметтің мазмұндық өлшемі

Кәсіптік істің түрлері Оқыту негізі болатын білім және
біліктілігі
1 2
4.1. Жалпы кәсіптік құралдар.
Іс адамдарымен келісім шартты Шаруашылықты құқықты негізде құру;
сауатты заңды тұрғыда дайындау Құқықтық иемділік, заңды істердің түрлері
мен типтері.
Келісім шартқа отыру түрлері мен тәртібі.
Биржалық істер мен келісім шарт жасау
тәртібі.
Есепті нешелік қатынастар.
Ауылшаруашылығы өнімдерінің Нарықтық қатынастардың негіздері, нарықтың
сұранысын зерттеу және тұтұнушылармәні оның түрлері мен зерттеу әдістері.
сұрауын болжау.
Ауылшаруашылығы өнімдерін сатудан Қаржылық іс-әрекеттің негіздері. Салық
түскен табыс пен сатып алуға жүйесі. Шаруашылық іс-әрекеттің есебі және
кеткен шығындарды анықтау. талдау, қаржы құжаттарын толтырудың
түрлері мен тәртібі, банктық операциялар.
Фермерлік (қожалық) шаруашылығын Шаруаны жүргізу негіздері: шаруашылықты
ұйымдастыру әрекетін қамтамасыз құру және мамандандыру; алаңы ұйымдастыру;
ету. істі жоспарлау.
Өндіріс құрылымын таңдау, Еңбек ресурстары, өндіріс құралы және
ауылшаруашылық техникаларына, оларды қолдану; материалдық ресурстар.
құрал-жабдықтарына және басқа да Еңбек қауіпсіздігін талап ету.
ресурстарға қажеттілікті анықтау,
оларды алудың көздерін іздестіру,
өндіріс құралдарын алу,
ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру,
сақтау және ұқсату бойынша
шаруашылық жүргізудің басқару және
іске асыру функцияларын қамтамасыз
ету.
Еңбекті қорғау және табиғатты
қорғау талаптарын сақтай отырып
өндірістік провестерді жүргізу.
4.2. Арнайы көрсеткіштер.
Ауылшаруашылық дақылдарын егу жәнеАгрономия негіздеріне сәйкес егін
жинау жұмыстарын орындау. Егін шаруашылығы өнімдерін өндіру және ұқсату
шаруашылығы өнімдердің сақау және техникасын ұйымдастыру.
ұқсату жұмыстарын орындау.
Ауылшаруашылығы техникалары мен Ауылшаруашылық машиналарын және
автокөліктерді, тракторларды автокөліктерін, тракторларын құрастыру
басқару. және оларға техникалық көмек көрсету.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және
жөніндегі жұмыстарды атқару; қайта өңдеу технологиясы.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру Мал шаруашылығының машиналары мен
қайта өңдеу; құрал-жабдықары.
Мал шаруашылығы машиналары мен Жөндеу технологиясы, қажалу түрлері,
құрал-жабдықтарына техникалық қосалқы бөлшектерді қайта игеру әдістері,
қызмет көрсету және пайдалану. ауыл шаруашылығы техникасының негізгі
Ауыл шаруашылығы техникалары мен ақаулары.
автокөлік құралдарын жөндеу.
4.3. Спецификалық талаптар
жұмысқа 18 жастан асқандар қабылданды. Медициналық жіктеулер Қазақстан
Республикасының білім мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің бекіткен
тізбелер тәртібінен жүктендірген.

5. Бастапқы кәсіптік білім беру мазмұнының Базистік компоненттері
(міндетті деңгей)

Оқу элементтері және оларды меңгеру деңгейлері.
5.1. Кең көлемдегі тракторист-машинист кәсібінің кәсіпкершілік блоктары.
5.1.1.Тракторлар және автокөліктердің жалпы құрылысы мен түрлері.
Автокөліктер мен комбайындардың, тракторлардың двигательдері;
іс-қимылының принциптері, құрылысы, жұмысы, ақаулары, регулировкасы,
еңбек қауіпсіздігі.
Автокөліктер мен тракторлардың шосси іс-қимылының принциптері,
құрылысы, жұмысы, ақаулары, реттеушісі, еңбек қауіпсіздігі.
Трансмиссия, жүру тесіктері басқару механизмі.
Аутокөліктер мен тракторлардың тіркемелері, жүк автокөліктері;
құрылысын пайдалану
5.1.2.Ауыл шаруашылығы машиналары.
Ауыл шаруашылығы машиналары; түрлері, агротехникалық талаптар,
құрылысы, жұмысы, реттеуіштері, жұмысқа дайындау, еңбек қауіпсіздігі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың интерактивті технологиялары
Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері
Технология пәні мұғалімінің оқытуды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ
Орта мектепте математиканы оқыту әдістері және формалары
Кәсіптік оқу орындарындағы казіргі кезде қолданылатын заманауи техникаларды, оларды қолдану әдістерін анықтау
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Орта білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану әдістемесі
Кәсіптік білімнің электрондық оқулықтарын құрастырудың функционалдық – модульдік технологиясы
Информатиканы оқыту әдістері
Пәндер