Өндісіс шығындар есебін ұйымдастыру


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ

«Есеп және аудит» кафедрасы

« » 200 ___ж.

Курстық жұмыс

«Басқару есебі» пәні бойынша

Тақырыбы: Өндісіс шығындар есебін ұйымдастыру

3 курс студенті, 04301 топ

Мамандығы: «Есеп және аудит»

Кадирсизова Майгүл Жайлыбайқызы

студентің аты-жөні.

Жетекшісі:

Аға оқытушы Берлибаева Н. С.

(қорғауға жіберілуі) (бағасы)

« » 200___ж. « » 200 ___ж.

(жетекшінің қолы) (жетекшінің қолы)

Алматы 2007ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I . Өндіріске жұмсалған шығындардың есебі

1. 1 . Мекемедегі өндірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру 4

1. 2 . Үстеме шығыстардың есебі9

1. 3 Көмекші өндірістің шығындарының есебі . . 12

II. Негізгі өндіріс шығындарының есебі

2. 1 Материалдар есебі. . 17

2. 2 Еңбек ақы есебі . 18

2. 3Үстеме шығыстар есебі. . 20

III. Өндірістегі ақуалдарды есепке алу

3. 1 . Ұйымның ақуалдарын есепке алу . . . 23

3. 2 . Аяқталмаған өндірісті түгелде. 24

Қорытынды. 25

Пайдаланған әдебиеттер тізімі26

Кіріспе

Өндіріс шығындарын есебін ұйымдастыру буғалтыр шоттармен шығындарды топтастырудан тұрады.

Өндірістік есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып не саналатына байланысты кәсіпорының белгілі бір топтасуын қарастырады. Мұндайда шығындар түрі, пайда болған жерлері, жауыпкершілік орталықтары шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін.

Шығындарды пайда болғанын есептеу, шығындардың пайда болатын жері - кәсіпорынның құрылымдық бөліншесі, жұмыс орындары участкілері, бригадалары, сехтар, кәсіпорын бөлімдері мен т. б. Мұнай әрбір участкілер кәсіпорынның шығын пайда болған орын номенклатурасында белгіленетін өз тіркеу номері беріледі.

Өндірістік шығындар. Олар төрт элементтен тұрады:

  • тікелей материалдық шығындар;
  • еңбекті өтеуге шығатын тікелей шығындар;
  • аударымдар;
  • қосымша шығындар.

Өндірістік қорлар кәсіпорын қоймасындағы материалдар, бітпеген өндіріс, дайын өнім қорларында көрсетіледі. Кейбір жалпы өндірістік шығындар элкетро энергиясына, құралы аспаптарға, қосалғы материалдарға, өндіріс көлеміне тура сайма-сай өзгереді және өзгермелі өндірістік шығындар болып табылады.

Өндіріс бойынша шығындар қосымша шығыстар ретінде шіктеледі, оларға шығының ұш түрі келеді: материалдарға жанама шығындар еңбекке жұмсалатын жанама шығындар, басқа өндірістік шығындар.

1. Өндіріске жұмсалған шығындардың есебі

1. 1. Мекемедегі өдірістік есеп пен өндірісті ұйымдастыру

Мекеме-түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік тұратын күрделі механизм.

Мекеменін жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнін атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріске мекеме шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу-машина жасау мекемесінде) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.

Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді(жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, элекрір-көлік, сумен жабдықтау және т. б. ) .

Бұдан басқа мекемеде қызмет көрсететін өндірістер мен мекеме ұжымының тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын шаруашылықтар болады. Бұл мекеме өнімді дайындауға, сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септігін тигізеді.

Өндірістік есепті дұрыс ұйымдастырудын кез-келген мекеме үшін маңызы зор.

Өндірістін бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістін тұрпатына байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топқа бөлінеді.

Жеке-дара өндіріс - өнім жекелеген даналарымен немесе қайталанып отыратын шығын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән мұндай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды. Жеке-дара өндірісте, әдетте, шығындарды есепке алу үшін және өнімнін өзіндік құнын колькуяциалау үшін тапсырыстық әдіс қолданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйым бойынша есепке алады.

Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып отыруымен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктер тән: шығарылатын өнім номенклатурасының шектеулілігі; жұмыс орындарының салыстырмалы түрде алғанда кең мамандануы; мамандандырылған машиналардың аспаптар мен қондырғылардын колданылуының шектеулілігі сериялық өндірс машина жасау өнеркәсібінде және металл өңдеуде неғұрлым кең тараған. Бұл мекемеде өнімнің шығарылуын есепке алу сериялы бұйымдарға тән етіп қолданылады, бірақ ол бұйымдарды құрастыратын партияларға қолданылмайды.

Сериялардын көлеміне қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді: ірі сериялық өндіріс (өнім жыл бойы үздіксіз дайындалады), сериялық (мамандану анағұрлым тар, ал өндірістік желілер мен цехтар бойынша және технологиялық жағынан мамандандырылған), ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістіен ұсақ сериямен өнім шығаруға арналған) .

Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын колькуляциялаудың нормативтік немесе қайта жасау әдістерін қолданады.

Жаппай өндіріс - ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс типі. Шығарылатын өнімдердің ассортименті көп болмағанымен олардын шығарылатын мөлшері айтарлықрай көп болуы мүмкін, белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардын жоғары денгейі және өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып табылады. Бұл арада әдеттегідей өнімнің және оның негізгі элементтерінің өзіндік құнын есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі қолданылады. Өндірісті ұйымдастыру типі тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік құнын калькуляциалауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке әсер етеді.

Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы ауысым ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ сериялық өндірістерде-жасалған жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне маршыруттық парақтарына жазылады.

Кез-келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамассыз етуі керек:жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу, қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқаруашылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.

Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:

  • шығындардың туындайтын орындары (өндірістер, цехтар, учаскелер) бойынша ; өндіріс тізбесі бойынша, ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;
  • қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойнша; өндіріс шығындары жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына енеді;
  • шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша; тікелей-өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама -өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;
  • өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді:айнымалы-шығарылған өнімнің көлемі өзгерумен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикі заттың шығысы, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т. б. ) ; тұрақты -өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, денгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарақтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардың амортизациясы) ;
  • шығыстар түрі бойынша; экономикалық элементтер бойынша шығындарға:материалдық шығындар; еңбек ақы шығындары; еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы; басқа да шығыстар кіреді.
  • Шығындар басқару қызметі бойынша:
  • өндірістік (өндіріс процесі барсында пайда болады) ;
  • комерциялық (сатумен байланысты) ;
  • әкімшілік (басқару процесі мен байланысты) .

Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал олар өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады, олардың сызбасын мынадай етіп салуға болады:

Материялдар
Жалақы
Жалақыдан аудрылған аударымдар
Үстеме шығысы
Материялдар:
Жалақы:
Жалақыдан аудрылған аударымдар:

Өндірістік Активтер (дайын Сатылатын

өзіндік құнға өнім, аяқтал- өнімнің

қосылатын, маған өндіріс өзіндік

шығындар және т. б. ) құны

Өндірістік Сатылатын

өзіндік құнға жұмыстардың,

қосылатын, қызметтердің

шығындар өзіндік құны

Өндірістік Активтер (дайын Сатылатынөзіндік құнға өнім, аяқтал- өнімніңқосылатын, маған өндіріс өзіндікшығындар және т. б. ) құны: Өнімді өндірген кезде
Өндірістік Сатылатынөзіндік құнға жұмыстардың,қосылатын, қызметтердіңшығындар өзіндік құны:

Жұмыстарды атқарған,

Қызметтерді көрсеткен кезде

1-сызба Өндірістік өзіндік құны

Келтірілген сызбадан байқағанымыз өзіне активтердің азаюын енгізетін шығындар (материалдар, ақша қаражаты және т. б. ) немесе міндеттемелердің өсуіне (көбінесе кредиторлық қарыздар) әкелетін шығындар жаңа активтерді жүзеге асырады, ал ол ресурс ретінде анықталып, өткен оқиғалардың нәтижесі ретінде одан болашақта табыс алынатын болып күтіледі.

Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың схемасы төменде келтірілген.

Өндіріске жұмсалғаншығындарынкөрсететін, құжатар:

Өндіріске жұмсалған

шығындарын

көрсететін, құжатар

:
Материалдар мен жалақы шығын-дарын тарату кестесін әзірлеу,амортизациясын есептеу (есептепшығару), көмекші өндірісініңкөрсеткен қызметін тарату:

Материалдар мен жалақы шығын-

дарын тарату кестесін әзірлеу,

амортизациясын есептеу (есептеп

шығару), көмекші өндірісінің

көрсеткен қызметін тарату

«Цехтар бойынша шығындар» ведомостары (90, 92, 93, 95-шоттар

бөлімшесінің дебеті)

Ай ішіндегі өндіріс шығындарының жинағы
Экономикалық элементтербойынша өндірісшығындарының жинағы:

Экономикалық элементтер

бойынша өндіріс

шығындарының жинағы

:
Өндіріске жұмсалған шығындарытуралы есеп беру:

Өндіріске жұмсалған шығындары

туралы есеп беру

Бас кітап

Бухгалтерлік баланс және басқа да

есеп берудің нысандары

Карточкалар, талдамалық есеп ведомостары (тапсырыс, қайта жасау,

өндіріс сатылары, т. б. бойынша)

2 - сызба. Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

Өндіріс шығындарының талдамалық есебі калькуляция объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.

Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша қандай калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады.

Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін мекеменің бухгалтериясы құрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.

Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 10-80 - бөлімшелеріне енетін шоттарын жүргізіп, есептіңБас кітабын, кәсіпорынның балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.

Басқару бухгалтериясы шоттардың Бас жоспарының 90-бөлімшелеріне енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық болып келеді. Бұл өз билігінде кандайда болмасын бір «ноу-хауды» және өндірісті басқарудың озық деңгейін ұйымдастыруды, «жаңалықтарды» өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпараттың сыртқы тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы мекеменің қызметкерлері үшін де «жабық» болуы мүмкін.

3-сызбада көрсетілген қаржылық және басқару бухгалтериясының арасындағы өзара қарым-қатынастар мына төмендегі.

Кәсіпорынның орталық бухгалтериясы
Қаржылық бухгалтериясы (10-80 бөлімше шоттарында жүргізіледі)

Есепті кезең басында аяқталмаған өндірістің қалдықтары -шоттарында есепке алынады

Есепті кезеңде өнімге, жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге жұмсаған барлық шығындарды беріледі

Есепті кезеңде өндірістік өнімді, атқарылған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді береді

Есепті кезеңде өзі өндірген шалафабрикаттарды өткізу үшін береді

Есепті кезеңде өндірісте пайдаланбаған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, ақауларды қайтарады

Есепті кезеңнің соңында 8010, 8020, 8030, 8070-шоттары бойынша аяқталмаған өндірістің өзіндік құны беріледі

Жаңа есепті кезеңнің басында 1341-1344шоттарындағы есепке алынған аяқталмаған өндірістің қалдықтары беріледі

Өндірістік (басқарушылық) бухгалтериясы (90 бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі)

3-сызба. Қаржылық және өндірістік (басқару) бухгалтериясының арасындағы өзара қарым- қатынастары

Өндіріске кеткен шығындарды есептеуге арналған шоттардың бөлімшесі бір шолушы және бірнеше «транзиттік» шоттардан тұрады, одан олардың мазмұны, пайда болған орындарды және басқа да белгілері бойынша шығындар топтастырылады.

1. 2 Үстеме шығыстардың есебі

Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастыруымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне жатқызуға болмайды.

Үстеме шығыстарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылықтың есеп саясатына сәйкес болады.

8040 - «Үстеме шығындар» бөлімшесі мынадай шоттардан тұрады:

8040 - «Үстеме шығындар», онда транзиттік әрі бір элементтік шоттарды есепке алатын үстеме шығындар тұрады, оның құрамындағы;

8040 - «Материалдар» - үстеме шығындардағы материалдардың барлық түрлерін есепке алу үшін арналған;

8042 - «Қызметкерлердің еңбегіне еңбек ақы төлеу» - жабдықтарға қызмет көрсетумен, оларды жұмысқа қосумен айналысатын жұмысшыларға және басқа жұмысшыларға, сондай-ақ цех қызметшілеріне есептелген жалақыны есепке алуға арналған;

8043 - «Еңбек ақылардан аударылатын аударымдар» - 8042-шотында есептелген еңбек ақыдан жасалатын аударымдарды есепке алуға арналған;

8044 - «Негізгі құралдарды жөндеу» - өндіріс қызметінде пайдаланатын негізгі құралдарды жөндеу бойынша жұмсалған нақты шығындарды көрсету үшін арналған;

8044 - «Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы» - өндіріс қызметінде пайдаланатын материалдық емес активтердің амортизациясының және негізгі құралдардың тозуының есептелген сомасын көрсету үшін арналған;

8046 - «Тұрғын-үй қызметі» - тұрғын-үй қызметінің барысында тұтынылған құнын көрсетуге арналған, оған қызмет көмекші өндірістен немесі сыртқы ұйымдардан да көрсетілуі мүмкін;

8047 - «Жал ақысы» - өндісте пайдаланылатын негізгі құралдарды ағымдағы жалға беру бойынша жал ақысының сомасын көрсетуге арналған;

6220 - «Басқа да» - әлеуметтік сфераға (аяасына) негізгі және көмекші өндірістердің көрсеткен қызметінің шығысын көрсетуге арналған.

Төменде 8040 - «Үстеме шығындар» бөлімшесінің шоттары бойынша жасалатын шоттардың корреспонденциясы келтірілген.

№ р/н
Шаруашылық операциясының мазмұны
Сомасы, теңге
Шоттар корреспонденциясы
дебет
кредит
№ р/н:
Шаруашылық операциясының мазмұны: А. Негізгі және көмекші өндірістердің үстеме шығындарын есепке алу
Сомасы, теңге:
Шоттар корреспонденциясы:
№ р/н: 1
Шаруашылық операциясының мазмұны: Негізгі және көмекші өндірістер цехтарының жалпыцехтық мұқтаждықтарына босатылған материалдар
Сомасы, теңге: 142
Шоттар корреспонденциясы: 8041
1331-1350-1317
№ р/н: 2
Шаруашылық операциясының мазмұны:

Цех қызметкерлерінің еңбек ақысы

есептелінеді

Сомасы, теңге: 3
Шоттар корреспонденциясы: 8042
681
№ р/н: 3
Шаруашылық операциясының мазмұны: Еңбек ақыдан әлеуметтік салық есептелген (3-(10% жиынтық зейнетақы қорына міндетті жарнасы) ) х21%
Сомасы, теңге: 56700
Шоттар корреспонденциясы: 8043

3140

«Әлеуметтік

салық»

субпюты

№ р/н: 4
Шаруашылық операциясының мазмұны: Сыртқы ұйымдардың көмегі мен негізі құралдарды жөндеу мен байланысты шығыстарды есептеген шығарылады
Сомасы, теңге: 1206000
Шоттар корреспонденциясы: 8044
4110
№ р/н: 5
Шаруашылық операциясының мазмұны: Өндірістік арналымдағы негізгі құралдар бойынша тозу сомасы есептелінеді
Сомасы, теңге: 1129360
Шоттар корреспонденциясы: 8045
2421-2424
№ р/н: 6
Шаруашылық операциясының мазмұны: Сыртқы ұйымдардың тұрғы-үйге көрсеткен қызметінің құнын есептен шығарылады
Сомасы, теңге: 232000
Шоттар корреспонденциясы: 8046
3320
№ р/н: 7
Шаруашылық операциясының мазмұны: Негізгі құралдардың ағымдағы жалғаға берілген жалға ақысының сомасы көрсетіледі, ағымдағы кезеңге қатысады
Сомасы, теңге: 112000
Шоттар корреспонденциясы: 8047
3390, 1260
№ р/н: 8
Шаруашылық операциясының мазмұны: Сақтандырылған мүліктері бойынша сақтандыру төлемі есептелінеді
Сомасы, теңге: 178
Шоттар корреспонденциясы: 8048
3410
№ р/н:
Шаруашылық операциясының мазмұны: Жиыны
Сомасы, теңге: 6236060
Шоттар корреспонденциясы:
№ р/н:
Шаруашылық операциясының мазмұны: Б. Шығындарды жинақтаушы (шолушы) шотқа есептен шығару(930)
Сомасы, теңге:
Шоттар корреспонденциясы:
№ р/н: 9
Шаруашылық операциясының мазмұны:

Жинақтаушы (шолушы) шотқа есептен шығарылады:

  • материалдық шығындары
  • еңбек ақы шығындары
  • еңбек ақыдан аударылған аударымдары
  • жөндеуге кеткен шығындары
  • негізгі құралдың тозу сомасы
  • тұрғын-үй қызметіне кеткен шығындары
  • жалға бойынша жасалған шығындары
  • сақтандыру бойынша есептелінген шығындар
Сомасы, теңге:

142

3

56700

1206000

129360

232

112000

178

Шоттар корреспонденциясы:

8040

8040

8040

8040

8040

8040

8040

8040

8041

8042

8043

8044

8045

8046

8047

8048

№ р/н:
Шаруашылық операциясының мазмұны: Жиыны
Сомасы, теңге: 6236060
Шоттар корреспонденциясы:
№ р/н:
Шаруашылық операциясының мазмұны: В. Үстеме шығыстарын тарату
Сомасы, теңге:
Шоттар корреспонденциясы:
№ р/н: 10
Шаруашылық операциясының мазмұны: Негізгі өндіріс
Сомасы, теңге: 4098448
Шоттар корреспонденциясы: 8010
8040
№ р/н: 11
Шаруашылық операциясының мазмұны: Көмекші өндіріс
Сомасы, теңге: 2131635
Шоттар корреспонденциясы: 8030
8040
№ р/н: 12
Шаруашылық операциясының мазмұны: Ақауды жөндеу бойынша кеткен шығындар
Сомасы, теңге: 5977
Шоттар корреспонденциясы: 8060
8040
№ р/н:
Шаруашылық операциясының мазмұны: Жиыны
Сомасы, теңге: 6236060
Шоттар корреспонденциясы:

Соңғы көрсеткіштің деңгейі өнімнің бір түрін әзірлеуде пайдаланатын әртүрлі топтағы құрал-жабдықтың машина/сағатын түзету коэффициентіне көбейту арқылы есептелінеді. Түзету коэффициенті өндірістік сипаты бойынша анықталады, мысалға, детальдарды штамповка жасау үшін арналған пресс, токарь станогі, фезерлік станок т. б. Өнімді өндіру үшін құрал-жабдықтардың әрбір топтарының қажетті жұмыс сағатының санын технологиялық құжаттарының негізінде анықтайды. Ол үшін 4 - сызба келтірілген.

Қа-

тар

Көрсеткіштері
Ерлер ботинкасы (теріден тігілген)
Ерлер туфлиі (теріден тігілген)

Жеңіл матер- иалдардан

тігілген йел- дер туфлиі

Әйелдердің үй ішінде киетін туфлиі
Қа-тар№: 1.
Көрсеткіштері: Өндіріс жұмысшыларының жалақысы, 1 жұп үшін, (теңге)
Ерлер ботинкасы (теріден тігілген): 220, 0
Ерлер туфлиі (теріден тігілген): 215, 0
Жеңіл матер- иалдардантігілген йел- дер туфлиі: 120, 0
Әйелдердің үй ішінде киетін туфлиі: 52, 0
Қа-тар№: 2.
Көрсеткіштері: 1 жұпқа жұмсалған машина/сағатының жалпы саны
Ерлер ботинкасы (теріден тігілген): 5, 76
Ерлер туфлиі (теріден тігілген):
Жеңіл матер- иалдардантігілген йел- дер туфлиі:
Әйелдердің үй ішінде киетін туфлиі:
Қа-тар№: 3.
Көрсеткіштері: Шығыстың сметалық мөл- шерлемесі 4-сызбаның мәлі- меті бойынша есептеу арқылы анықталған
Ерлер ботинкасы (теріден тігілген): 92
Ерлер туфлиі (теріден тігілген):
Жеңіл матер- иалдардантігілген йел- дер туфлиі:
Әйелдердің үй ішінде киетін туфлиі:
Қа-тар№: 4.
Көрсеткіштері: Құрал-жабдықты күтіп- ұстау үшін жұмысшыларға есептелінген жалақының үлес салмағы (3:1) (%)
Ерлер ботинкасы (теріден тігілген): 41, 8%
Ерлер туфлиі (теріден тігілген): 215, 0
Жеңіл матер- иалдардантігілген йел- дер туфлиі: 215, 0
Әйелдердің үй ішінде киетін туфлиі: 215, 0
Қа-тар№: 5.
Көрсеткіштері:

Құрал-жабдықты ұстау шы- ғыстарының сметалық мөл- шерлемесін, ықшамдалған есептеу бойынша анықтау

(1 тік жолы х 41, 8%) немесе

(215, 0 х 41, 8%)

Ерлер ботинкасы (теріден тігілген):
Ерлер туфлиі (теріден тігілген): 89, 9
Жеңіл матер- иалдардантігілген йел- дер туфлиі: 50, 2
Әйелдердің үй ішінде киетін туфлиі: 21, 7

Көмекші өндірісте біртектес өнімдер әзірленсе, онда құрал-жабдықтар, машинаны пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары негізгі өндіріс жұмысшыларының жалақысына пропорционалды тартылады.

Егер де кәсіпорын күрделі құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын болса, онда үстеме шығыстарды тарату коэффциенті бойынша аяқталмаған құрылысқа да жатқыза алады, ал ол 1340 - «Аяқталмаған құрылыс» шотының дебеті және 8040- шотының кредиті бойынша көрініс табады.

1. 3 Көмекші өндірістің шығындарының есебі.

Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл - қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу - механикалық цехы, автотранспорт және т. б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 8030 шоты арналған және ол «Цехтардың шығындары» деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндіріс үшін жеке талдамалық шот ашылады.

Көмекші өндірістің талдамалық есебі әрбір цехта, өнім түрлері және шығын баптары бойынша жүргізіледі. Шығын номенклатурасы өндірістің күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны жалақыдан, аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.

Көмекші өндірістің есеп айырысу мен калькуляциясы біршама ерекшеленеді, өйткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір-біріне тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жөндеу-механикалық цехы жүк машинасына цехына ағымдағы жөндеужұмысын жүзеге асырады, ал автотраспорт цехы жөндеу-механикалық цехна жүкті тасымалдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасынның Ұлттық банктің және коммерциялық банктердің мәні, маңызы, міндеттері, атқаратын қызметтері
Акционерлік қоғамның қаржылық жағдайы
Халықаралық маркетинг субьектілері («Проктер энд Гэмбл» трансұлттық корпорация мысалында талдау)
Бахус ААҚ – на қысқаша сипаттама
Өндірістік есеп және оның кәсіпорынды басқарудағы ролі
Тауарлы балықтарды өсіру
Нарықтық экономика жағдайындағы өндіріс шығындарының есебін ұйымдастыруды жетілдіру
Мал шаруашылығының бухгалтерлік есебі
Өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері
Үстеме шығындардың есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz