ӨНЕГЕЛІ ӨМІР, ӨМІРШЕҢ ӨНЕР
ӨНЕГЕЛІ ӨМІР, ӨМІРШЕҢ ӨНЕР
Сексен жыл! Бар болғаны сексен-ақ жыл! Бір ғасырды шаршысына толтыру
үшін әлі де жиырма жыл керек. Бірақ сол сексен жылдың өзіне қанша ғасырдың
тақиясына тар келмейтіндей салқар мазмұн сиып тұр!
Аға тойында айтылар лебізді мұндай есеп-қисаппен бастауымыз тіпті де
тегін емес.
Естеріңізде бар шығар: Ғабеңнің бір әңгімесінде тәуліктің жиырма төрт
сағаттан тұратынын алғаш естіген қыр қазақтары құдайдың құйындай зулап өтіп
жатқан жым-жылас уақытын да есептеуге болатынына жағаларын ұстап, бастарын
шайқап айран-асыр қалатын. Ал біз бүгінде бабаларымыздың бір көзде осыған
да таңғалғанына таң қаламыз.
Шынында да, есептесек уақытты есептейік! Көрер жарығымыз бен тыңдырар
шаруамыздың мөлшерін қадағаламағанда нені қадағалаймыз?!
Дүниедегі барлық нәрсемен құбылысты таразыға тартып, өлшеп-пішіп
қоймаса, бастары ауыратын біздің тұстастарымыз адамның әлеуметтік мәні бар
қаракетіне бір тәулікте, ең көп дегенде, 12-13 сағат қана ауысатынын
анықтап отыр. Неткен аз! Бірақ, сол аздың өзіне жармасар қаншама шаруа
бар?! Оның қаншасы шабан көлік пен мардымсыз істерге жем болады?! Қаншасы
мәжіліс столы мен дастархан басына, кінәмшіл қауым мен бопсашыл досжаранның
көнілін аулауға кетеді?! Қандай обал!
Жазушының жазу столының еншісіне тиер уақыт тіптен жартымсыз. Сол
тіптен жартымсыз уақыттың өзі ойлаған, ісіңді ойдағыдай тыңдыратындай адал
уақыт боп бұйырмағы тағы да екі талай. Өйткені, ол адамның бір басына, оның
тәуекелі мен ыждаһатына ғана тәуелді емес. Оған адаммен қоса заман да қожа.
Әлгі айтқандай, ойға алған шаруаңнан ойдағыдай нәтиже тудыру үшін адамның
көңіл күйі мен заманның сыпаты ылғи да бір ыңғайдан шығып отырса жақсы.
Заманнан адамның қас-қабағын аңдып, қайткенде көңілінен шығам деп, жаңа
түскен келіндей иіліп-бүгіліп тұрар жібек мінез талап ету айтар ауыз түгілі
естір құлақтың иманы тұршігер күпірлік болар еді. Ал адамға келсек...
Заманның аңғарын алыстан болжап, соған орай іс тыңдырмақ, тыңдырғанда да,
ертең: Мен қайтейін, ол көзде заман солай еді ғой, – деп барша
табансыздығың мен тайыздығыңды, жаңсақтығың мен жалтақтығыңды өтіп кеткен
уақытқа жауып салып, өзің сүттен ақ, судан таза боп көрінгің келіп
көлгірсіп тұрмайтындай адал тындырмақ кез-келгеннің талайына тап келе
бермес абырой...
Заманның қанасынан сырт жаралып, сырт туатын ешкім болмаса да, кісі
біткеннің бәр-бәрінің есімі өз дәуірімен бірге аталар бір ұғым, бір құбылыс
боп кете бермейтіндігі де сондықтан.
Ал біздің Ғабең бүгінге дейін бір өзі бір дәуір деуге тұрарлық мағыналы
ғұмырды – адам рухының оң мен солды түгел танып болмаған меңіреу түнек
көзінен сананың самаладай жарық ең шырқау биігіне көтерілгенге дейінгі
қызғылықты да сындарлы жолын бастан кешіріп отыр.
Ол жоғарыда айтылған аңғал кейіпкерлерінің көкірегіне уақыт жайлы алғаш
саңлау жүгірген көзде жиырмалардағы жігіт екен.
Соған қарағанда, ұланғайыр қазақ жерінің теріскей пұшпағындағы Елтінжал
ауылында және бір ат әкелер жарыққа келгенде адамзаттың жаңа ғасырдың,
жиырмасыншы ғасырдың, табалдырығынан аттағанына екінші жыл болып бара
жатқанын әлі сөзіп үлгіре қоймаған қазақ тек сол бесікке жаңа түскен қызыл
шақа ғана болмаса керек. Көзге көрініп, қолға ұстатпайтын жұмыр уақыт
түгілі маңырап кіріп, маңырап шығып жатқан қорадағы қойының санын жөндеп
білмей, басынан өтіп бара жатқан баянсыз дәуренді шай қайнатым, сүт
пісіріммен, әрі асқанда, оқтын-оқтын бір соғып, дүрліктіріп кетіп отыратын
қоянның жұты, ұлудың жұтымен межелеп отырған ескі ауылда қарын шашын
алдырған сол қазақтың өмір жолы бір көздегідей тек сұңғыланың сұңғыласы,
Ғұламаның Ғұламасы ғана емес, бүгінде келген жұмыр басты пендені
толғандыратын: Заман адам үшін не жасай алады? Адам заман үшін не жасай
алады? деген өзекті сауалға айдан анық жауап бере алғандай.
Заман және адам... Заман және тарих... Мұндай қойқосақ түсіп тіркесе
айтылар ұғымдар төңірегіндегі толғаныс көз келген той-томалақтың тақиясына
сыя бермейді. Ал, бірақ бүкіл бір ұлттың қазіргі рухани өмірінің маңдайға
ұстар кемел қайраткерінің мүшел тойы үстінде бұл мәселелер ауызға ілікпесе,
ол да батырға байғазы қып баланың телпегін кигізгендей сөлекеттік болар
еді.
Қазір бір кісінің өмір жолын, ол түгілі ғұмыр жер мен ұланғайыр
ғаламның ғұмыр жасын базардағы жылқының тісін санағандай түгендеп шығып,
түгелдей шолу анау айтқан қиын шаруа болмай қалды. Ғұлама ғасырымыз ашқан
тағы бір ғаламат жаңалыққа жүгінсек: біздің ғалам жаратылғалы 10
миллиардтан астам жыл өткен. Бірақ, сондай ұлан асыр уақыт тарих деген
атауға ұзақ уақыт ие бола алмады. Тарих деген ұғымның туы жарық жалғанды
құрап тұрған, кеңістіқ уақыт, әрекетке адам санасы араласқалы бері ғана.
Жер бетіне ойлай алатын адам пайда болғалы да қырық мыңдай жыл өтті. Сол
қырық мың жылдық саналы тіршілігінен адам жадында тарих боп жатталып
қалғаны соңғы бес мың жыл ғана. Сол бес мың жылдың ішіндегі өзгерістер
адамзаттың тарихи творчествосы саналып, оған әр халықтың бұрын қосқан өз
ұлгесін бағалай-баптай білуі тарихи сана, ал қосар өз үлесін пайымдай білуі
тарихи жауапкершілік аталмақ.
Он миллиард жыл және қырық мың жыл. Адам санасы жас құбылыс еді. Қырық
мың жыл және бес мың жыл. Адамзаттың тарихи еанасы неткен келте! Ал кейбір
халықтардың тарихи санасы одан да келте!
Бұдан сексен жыл бұрын Елтінжалда өткен шілдеханадағы мәжіліске осы
тұрғыдан көз жіберіп көрейікші. Сонда ұл сүйіп, ұлы мәслихатқа жиналғандар
не мәшһурат қылды екен. Өткендерін айтса, көп болса, жеті атаға дейінгі
жерді анық қамтып, одан арғыны пайғамбарлар мен сахаббарлар хақындағы
хикаяларға тіреген шығар. Бүгіндерін айтса, көрші болыстарда не болып
жатқанымен, одан асса, Қызылжар базарында жылқының қанша тұратынымен
шектелген шығар. Келешекті айтса, туажақ көктемнің сылайын барлап, әрі
асқанда, жас нәресте ертең ер жеткенде қай ауылға құда түскен жөн
екендігіне тон пішкен шығар. Сонда қазақ даласының қай пұшпағындағы ақсақал-
қарасақалдардың қай-қайсысынан да кем сұңғыла, кем кәріқұлақ, кем сөзуар
емес Елтінжал қариялары айтар әңгіменің ұзынырғасы, қалай көлбетсең де, әрі
кеткенде, сол екі жүз жылдың сілемін түгендеп шыға алар еді. Бес мың жыл
және екі жүз жыл. Қандай жұпыны, қандай тапшы! Самиян сахарадағы қоңыр үзік
ауыл адамзаттың арғы тарихынан да, сол көздегі тірлігінен де, келешекке
артқан үміттерінен де қанша жерге қол үзіп жырақ қалған!
Соны ойлағанда, көз алдыңа бір көңілсіздеу көрініс келеді. Ұлан-асыр
уақыт кеңістігінде адамзаттың қызылды-жасыл ұлы шеруінен бөлініп қалған
шашыраңқы шолақ көштер мынау Бақанастың Балқашында, сонау Шыңғыстау мен
Баянтаудың бөктерінде, Есіл бойы шүбарлары мен Ойыл-Темір, Кеңгір-Нұра
адырларында біреуі құмға малтығып, біреуінің табанынан тас батып, біреуі
тұманнан адасып, біреуі сағымнан алжасып, бет алды құла дүзге жөңкіліп жүр.
Жолдарын тосып, жөндерін сұрасаң, арадағы халқын емес, берідегі басын
айтады. Бірін-бірі танып жарымауға айналған осынау шолақ көштердің басын
құрап, замананың өрге тартқан ұлы аңғарымен ілгері басқан адамзат шеруіне
апарып тіркеп, оның да шаңына тұншықтырып, соңында ілбітпей, төстерін
самалға аймалатар алдына шығару сол көздегі ат мініп, бүйда ұстаған баба
ұрпаққа емес, көшжөнекей кебежелерден мойыны қылқиған бала ұрпаққа енші
болып тиді. Бүгінде терөзесі тең азат халықтардың салихалы санатында сыйлы
Орын иемденген жұртымыздың кем-кетігінің түгенделуі ғана емес, ылдидан
салып төске озуы, тайпалық сананың тар ауқымынан шығып, кемел ұлттық санаға
қолы жетіп, адамзаттық ой-пікір биігіне көтерілуі, басқалармен бірдей
тарихи санаға ғана емес, адамзат авангардында жүрер тарихи жауапкершілікке
ие болуы, ортағасырлық мешеуліктен кемелденген өркениет дәуіріне өтуі жаңа
ғасырдың алдыңғы он жылдықтарында ат жалынан тартып мінердей естияр жасқа
жеткен осы буынның өмір жолымен сәйкес келді. Бір ғана ұрпақтың өмір жолын
қамтитындай қысқа мерзім ішінде біздің халқымыз өзінің тарихи дамуының , ең
күрделі, ең мазмұнды дәуірін бастан көшіп отыр.
Қазақтар жазу үрдісін былайғы адамзаттан бес мың жыл кейін, кітап
басуды 600 жыл кейін меңгерді. Оның үстіне әрбір жеті жыл сайын адамзат
ақыл-ойы білген информация көлемін екі еседей ұлғайтып, жедел қарқынмен
дамып келе жатқан қазіргі цивилизацияның аяқ алысын қосыңыз. Соған
қарамастан, айналасы алпыс жылда қазақ қауымы өзінің мыңдаған жылға
мешеулігін жеңе білумен қоса осы заманғы цивилизацияның әлгіндей көз
ілеспес шапшаңдықпен алға тартқан ұлы бәйгесінде алдыңғы лекте келеді.
Мұндай жедел дамуды жүзеге асыру үшін қолайлы саяси-экономикалық
жағдаймен қоса, халықтың орасан зор жасампаз қуаты, рухани ыждаһаты мен
жігері керек еді. Халықтың ондай творчестволық потенциалы нақты тарихи
тұлғалар арқылы жүзеге асады. Мұндай тарихи парызды ойдағыдай атқарып
шыққан да жоғарыда айтылып отырған аға ұрпақ. Заман тудырар ұрпақ бар да,
заманды жасасар ұрпақ бар. Олар – бұның соңғысы. Халқымыздың саяси-
әлеуметтік мерейінің өсіп, ғылымның жетіліп, мәдениетінің көркеюіне әліге
дейін көш басында солар келеді.
Қай халықтың да қай көздегі тарихында болмасын, өз қауымының жаппай
сауатсыздықтан ғарышты зерттейтін зерек зердеге көтерілгенге дейінгі рухани
дамуында көш басшылық еткен бұндай ұрпақ кемде кем шығар.
Бүгінгі күні күллі республика жұртшылығы боп торқалы той өткізіп
отырған Ғабит Мүсіреповпен заманас буынның біздің жаңа дәуірлеуімізде
иеленетін меншікті салмағы мен орны, міне, осындай.
Ғабит Мүсірепов әлгі айтулы буынға тән азаматтық тұрлауды, тарихи
жауапкершілікті, қоғамшылдықты мейлінше мол, мейлінше айқын, мейлінше
табаңды танытып келе жатқан бірегей тұлға.
Оның суреткерлігі ескі қазақ ауылында базарға айдалатын жылқыларға
дестеберен жазып беруге жетерліктей машықтан тек ұлттық әдебиетіміздің
ғана емес, көп ұлтты совет әдебиетінің ең таңдаулы шеберлерінің бірі
атанған биік деңгейге дейін кемелденді.
Оның білімпаздығы ескі мектептің бірер класы мен ауыл шаруашылығы оқу
орны студенттігінен осы заманғы іргелі ғылым академиясының академиктігіне
дейін есті.
Оның әлеуметтік белсенділігі ауылдың көзі ашық азаматынан республика
ауқымын былай қойып, бүкіл-одақтық, халықаралық масштабтағы ірі мәдениет,
қоғам қайраткеріне дейін биіктеді.
Бұның әр қайсысы бір-бір кемел азаматтың өмір жолына салихалы мазмұн
болғандай. Бұның әр қайсысы бір-бір Монбланды бағындырғанға барабар төтен
ерлік қиын жеңіс.
Ал бір өзі әлі үш бірдей Монбланды бағындырардай асқан ерлік тек
дәуірлеу кезеңдерінің кемел қайраткерлерінде ғана көздескен сирек құбылыс.
Екі ғасыр тоғысынан басталған жаңа тарихи мерзімде біздің халқымыз, шынында
да, бағзының Дәуірлеу кезеңіне барабар ерекше қауырт өркендеу кезеңін
бастан кешіріп келеді. Оған сол көзең тарих сахнасына шығарған
қайраткерлеріміздің азаматтық болмысының өзі айқын куә. Дәуірлеу кезеңі
қайраткерлеріне айрықша алғырлық, жан-жақты талант, белсенді күрескер
мінезбен қоса ерекше бір терең тарихи интуиция тән болып келер еді. Олар
тек бүгін ғана емес, келешек жүктеп отырған парызды да алыстан болжап,
уақытан оза қайрат қылатын. Сондықтан да олардың бойынан барлаушыларға тән
батылдық пен қолбасшыға тән байыптылық бірдей табыларды. Біз жоғарыда сөз
қылып өткен аға буынның қай саладағы өкілдерін алып қарасаңыз да, олардың
бойынан халқының ғасырлар бойғы рухани тәжірибесіне қаяу түсірмеген
адалдықты, бабаларының қолына түсе қоймаған адамзаттық ортақ цивилизация
қазыналарын төз игерген алғырлықты, шапшаң дамып жатқан дәуіріміздің қай
жаңалығына да алдымен ұмтылған елгезектікті молынан ұшырастырасыз. Оларға
әлеуметтік енжарлық, рухани дәйексіздіқ ұзақ еліктеп, ұзақ солықтайтын
дәрменсіздік атымен жат. Олар тек жеке адамның қалыптасу, жетілу, кемелдену
жолына ғана емес, күллі ұлттық дамуға таңғаларлықтай соны серпін, жедел
қарқын бітіргендей. Бұл, әрине, жасампаз уақыттың творчестволық сипатын
терең ұғып, қапысыз меңгерген қарымды қайраткерлерге тән сипат.
Суреткер Мүсірепов творчествосының эстетикалық болмысына көз салсаңыз,
балаң әдебиеттердің қай-қайсысында да ұшырасатын жер бауырлаған
натурализмге, тұрмыс көрінісін тәптіштейтін қарабайырлыққа бой
алдырмаған. Прозасын алыңыз мейлі, драматургиясын алаңыз мейлі, не
поэтикалық шабытты, не сыпайы әжуаны табасыз. Әйтеуір, барға келіскен,
жоқтан күдер үзген жабы көңіл мен жадау бояу көзікпейді. Бұл не? Әрине,
суреткер талантының өзге ешкіммен шатыстыруға болмайтын тайға таңба
басқандай айқын өзіндік сипаты. Бірақ, ол сипат та дәуір мінезін дөп басып,
жіті танудан туған ерекшелік. Өмірдің өзі барды қанағат тұтпай, жоқты бар
ғып жатса, ондай шындықтан туындайтын өнерде өзгеріске толы кезеңге төн
мешеуді келеке етер уытты ирония мен жаңаға шақырар отты поэтикалық леп
неге басым түсіп жатпасын! Мүсірепов талантының барлаушыларға тән
байқампаздығы сонда, ол ылғи жаңа көктемнің алғашқы бүріндей кәсегелі
құбылыстарға назар аударады. Талпақ танау – ғасырлар бойғы психология мен
тұрмыстық үрдістер инерциясына енді-енді күмән келтіре бастаған қазақ
ауылының рухани шежіресі. Қазақ солдаты – ауыл жөргегінен жаңа заман
өткелектері ерте айырған қазақ бозбаласының алғаш рет ата кегін қуып, ру
намысын жыртпай, көп ұлтты Отан мүддесі үшін күрескен жауынгерлік жолы.
Оянған өлке – самарқау сахарадағы бұйығы тірлікке ата-баба көрмек түгілі,
естімеген жаңа кәсіптер мен жаңа қарым-қатынастың алғаш желі тартуының
тарихы. Ұлпан – ескі ауылда заман аңғарын алыстан болжап, соған орай
қарекеттенуге алғаш талпынғандардың қайғылы хикаясы. Көрдіңіз бе, бәрі де
алғашқылар мен тұңғыштар туралы. Бәрі де өз тұсында әлі кеңінен етек
жая қоймаған сирек соны құбылыстар жайында. Бұл шығармалардың қай-қайсысы
да көнені мансұқтап, жаңаны дәріптеуді өзек етеді. Сондықтан да, олардағы
ирония мен поэтикалық интонация автордың өзі суреттеп отырған құбылыстардың
әлеуметтік астарына деген азаматтық позициясының айрықша анықтығы мен
айрықша белсенділігін мәшһүр еткендей. Мүсірепов талантының байыптылығы
сонда, ол жаңаны жырлай отыра, бұрынғының бойындағы өміршең мен өтпеліні
дәл саралай біледі. Ұлпандағы Есенейді жаңаға талпындырып жүрген құлағына
құдай сыбырлап кеткен төтен пайғамбарлық емес, қашаннан халық қамын қамдап
қалған көзқарақты азаматқа тән елдарлық пен жауапкершілік. Болашаққа
аманаттағы Сырымды хандық үрдістен жаңа қауымдық үрдіске көшуге
үндеттіріп жүрген де халық бойындағы қандай өзгі мен қандай өктемдік
тұсында да біржолата өшіп кетпеген азаттық сүйген арман, асау аңсар.
Мүсірепов қандай жаңа құбылысты, қандай жаңа адамды жазсын мейлі, оның
түп төркінін халықтың өз бойынан табады; қандай өрелі проблема көтерсін
мейлі, халықтың өз көкірегінен іздейді. Айды аспанға бір шығару үшін
қайдағы бір дүдәмалға ұрынбайды. Халқын жақсы кергеннің жөні осы екен деп,
ол жайында қайдағы жоқты қиыстырмай, әуелі оның бойындағы шыннан бар абзал
мен асылды мұқият зерттеп, мұқият танытады. Халқын жақсы көргеннің жөні осы
екен деп жауырды жаба тоқымайды. Оның бойындағы өркен жайғалы тұрған,
сонымен қоса, көсеге көгертпейтін кеселді де мұлтіксіз танып, бұлтақсыз
әшкерелейді. Ол өткен заман өмірінен жазсын мейлі, осы заман өмірінен
жазсын мейлі халықтың жақсыға талпынған жаңашыл ықыласы тұрғысынан жазады.
Мүсірепов суреткерлігін сүйекті етіп тұрған да: ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz