Өнер тарихынан режиссердің театр ұжымындағы кәсіби қызметі мен рөлін таныту


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

өнер тарихынан режиссердің театр ұжымындағы кәсіби қызметі мен рөлін таныту

Аманқұлова Л. Ә. - аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)

Театр - сан салалы өнердің қалыптасатын шеберханасы, бір жағынан таңғажайып қарапайым, екінші жағынан өмірді ұғуға көмектесетін терең ойлы философия. Бір кездері театрды өнердің дөрекі және нәзік түрі деп атаған.

Режиссер театрда жасырын сиқыршы және ойшыл. Ол көрерменге спектакль кейіпкерлері сияқты көрінбейді, бірақ театрдағы бүкіл шығармашылық ұжымның еркі режиссердің қолында. Егер режиссер болмаса, суретшінің актерге әсері баяулап, ал актерлер кейіпкер ретіндегі ойын процесінде бір-біріне ықпал етіп, тұтас образдық әлемге ене алмас еді. Театр шеберлерінің бір-бірімен бәсекелесіп, әрқайсысы өз ойларын айтуының арқасында пьесаға деген түсінік бірдей болады. Драмалық шығармаға қатысты туындаған ойлармен келісуінен режиссердің қызметі өз бастауын табады.

Режиссер өнерінің мәні - театр ұжымындағы шеберлердің өнерін біріктіру. Себебі режиссер ұжымында шабыттандырушы, жекелеген актерлік өнерді біріктіріп, оған күш салып, жалпы көркем идеялық арнаға бағыттайды. Сонымен қатар, спектакльге бірыңғай мінез, сарын мен екпін береді.

Режиссер тек қана шығармашылық ұжымды басқарып қана қоймайды, ол сол ұжымды сахналық өнердегі міндеттерді жалпылама түсіндіруге баулиды. Режиссер қызметінің орны мен мағынасы, оның бүгінгі қоғам өміріндегі театрдың алатын орнына байланысты, сонымен қатар, олардың таланты мен адамгершілігіне байланысты. Өткеннің атақты режиссерлары ешқашан театрлық кәсіпкерлікке тар көлемде тоқталмаған. Ленский, К. С. Станиславский, В. И. Немирович - Данченколар бір-бірінің ойымен келісе бермейтін режиссерлер болған. Олар тек қана жаңа театрлар құрып, актерлерді тәрбиелеп қана қойған жоқ. Сонымен қатар, драматургияның дамуына театрдың идеялық және эстетикалық принциптеріне көп көңіл бөлуді мақсат тұтқан.

Актер сахнада өз бетінше кейіпкеріне мінез қалыптастырады және де ол режиссердің көмегінсіз спектакльдегі сахналық образды аяқтай алмайды. Осы сәтте режиссер қол ұшын беріп, көмекке келеді.

Ол бірнеше образдан туындаған көркем бір арнаға, симфониялық спектакльге бағыттайды. Режиссер спектакль қою барысында театрға байланысты барлық амал-әдістерді пайдаланады.

Драмалық шығармаға актер ойыны арқылы жан бітеді. Режиссер қызықты мизансценалар құрайды. Ал сахналық әрекеттің темпо-ритмі көрерменнің зейінін жаулап алады. Осының бәрі адамның ойлау сезімі мен қабілеті бай болғанда ғана жүзеге асады.

К. С. Станиславскийдің айтуы бойынша, режиссер - ол тек пьесаны талдап, актерлерге қалай санау техникасын үйретіп кана коймайды, ол декорацияның құрылуын да қадағалайды. Режиссер - өмірді бақылап, өзінің кәсіби театрлық білімімен қатар, максималды дәрежеде түрлі салада білімдар болуы қажет.

К. С. Станиславскийдің серіктесі - В. И. Немирович Данченко режиссер қызметін кең түрде түсінген: " . . . Режиссер - үш келбетті тірі организм"- деген пікір білдіреді.

1. Режиссер - түсіндіруші; ол - қалай ойнауды көрсетуші, сондықтан оны режиссер - актер, режиссер - педагог деп атауга болады.

2. Режиссер - айна. Жекелеген актерлердің қасиеттерін бейнелеп көрсетуші.

3. Режиссер - ұйымдастырушы, - деген бағалы пікірлер қалыптастырады.

Көпшілік көрермен режиссерді тек ұйымдастырушы деп қана қабылдайды, себебі ол қойылымда көзге ерекше байқалады. Спектакльдің мизансценасынан декоратордың түпкі ойынан дыбыс, жарық және халықтық сахнаның құрылымынан көрінеді.

Ал, режиссер - түсіндіруші мен режиссер - айна көрінбейді. Ол актердің жан дүниесіне сіңіп кетеді. Режиссер актер шығармашылығында жансыз, жоқ болып кетуі қажет. Дегенмен режиссер көрсетіп, ойнап берген рольдің көшірмесін көрсету де шынайылыққа жақын болмайды.

Режиссер-айнаның басты ерекшелігі ол актердің жұмыс барысындағы жеке қабілетін байқау. Актердің бойындағы автор мен режиссер ойының көрінісін болжау. Оған не жарасымды, не нәрсе оны ұсқынсыз етіп тұр, оның фантазиясы мен ықыласы қайда алып барарын қадағалау. Қателескен жерінде сөкпей, сыпайы ғана түсіндіру керек. Осыдан актер айнадай көргендей өзін-өзі көруі қажет.

Режиссер - ұйымдастырушы өзінің таным көкжиегіндегі спектакльге қатысты бүкіл элементтерді кіргізіп, 1-ші орынға актер шеберлігін қолдана тұра, оны айналадағы жағдайлармен байланыстырып, бір гармониялы арнаға алып келеді. Режиссердің толғанысы, қойылымның түпкі ойы, актердің таланттылығымен спектакльдің бір ғана құйылған гармониясы толықтыру мүмкін емес. Осы айтылғанның барлығы ұжымның бір ауамен өмір сүріп, дүниетаным көзқарастары бірдей, бір жерден шыққанда ғана көрерменді өз еңбектерінде сүйсіндіре алады.

Ұжымның ішіндегі кез келген адам қателесуі мүмкін. Себебі қателіктің арқасында табысқа жетуге болады. Сондай-ақ актерлер де дайындық барысында қателесуіге бой алдыруға болады. Сонда ғана актер еркін кеңістікте ізденіп, талпынып жаңа бояуларға бара біледі. Суретші музыкант, режиссер, актер қай-қайсысы болмасын өз туындыларында түпкі мақсаттары кең ауқымды болуы қажет. Егер режиссердің дүниетанымы кейбір деректермен ғана шектелсе, онда қойылым да әлсіз болады. Сондықтан көп ізденіп, еңбек ету қажет.

Режиссер өз қойылымының қай жанр екенін анықтап характерді, мазмұнды, атмосфераны сол жанрға сәйкестендіріп бейнелеу керек. Пьесада өмірде болып жатқан оқиғалардағы мінездер бояу, пішін, ырғақ, образ арқылы жеткізіледі. Биік өмірлік мақсатсыз режиссер-жазушы драматургтің түпкі мақсатын түсініп, әрі қарай дамыту, қанық бояулармен толтыру қиынға соғады. Пьеса - жалпы өмірлік оқиғалар шынжырынан үзіп алынған бір ғана бөлік, әдетте осы драматург таңдап алған проблеманы шешуші бөлігі. Сондықтан да режиссер қойып отырған пьесасының оқиғалар желісінің даму барысын анық көре білу керек.

«Пьесада болып жатқанның барлығы-оның үлкенді-кішілі мақсаттары, актердің ой-тұжырымы мен әрекеті, рольге деген жауапкершілігі - пьесаның түпкі мақсатын орындау үшін алға ұмтылады». К. С. Станиславский түпкі мақсатқа талпынушылық үздіксіз кең қолашты, пьеса мен роль арқылы өтетіндей болуы шарт.

Осы сәттен бастап актер мен режиссердің шығармаларында тәуелсіздік дербестік басталады. Дәл осы дербестік әрқайсысына өзінше ізденуіне, дүниетанмының тұтасығын, өмірге деген құштарлығын арттыруға көп көмек береді. Міне, осыдан бастап К. С. Станиславскийдің бізге түпкі мақсат жазушының түпкі ойын анықтау үшін сонымен қатар түпкі мақсатты тек рольден ғана іздемей, актер бойынан да іздеу керектігі дәлелденеді.

Спектакльдің көркемдік тұтастығының түпкі мақсаты мен өзекті әрекетін болжай барып, режиссер әрбір жекелеген актерлар образын бір басты әрекетке бағындырады. Барлық қатысушы кейіпкерлер спектакльдің өзекті әрекетінің қозғаушы күшіне айналады. Түпкі мақсат пен өзекті әрекет нақыт, дәл анық болуы шарт. Тұтас сахналық образ-драматург пен актердің түпкі мақстаы. Ал түпкі мақсат-ақылмен ашылған мақста.

Театрда бір спектакль қойылу үшін, ұжым болып жиналып пьеса оқылады. Егер оқылған шығарма үлкен дау талас-тартыс тудырса, демек оны сахнаға қоюға әбден болады деген қорытындыға келеді. Бұл актерлар мен режиссер қиялын сеңімді қорекке ие болды деген сөз. Режиссердің түпкі ойы небәрі терең, бай, кең ауқымды болса, сонысымен құнды. Суретші өзінің ой қиялынан туындаған дүниені асыра сілтеуіне әбден болады. Егер ол көз алдындағы материалды сол қалпынды суреттесе, онда ол өнерге жатпайды.

Драматургтің режиссерден айырмашылығы, ол драматургтің ой-қиялына әрекет етіп отырған кейіпкерлер характерімен оқиғалар желісі негізінде туындайды: бір жағынан оқыған пьесадан екінші өмірде басыңнан кешкенін еске алуы арқылы.

Режиссер В. И. Немирович-Данченко әрқашан театр сутеркерлеріне ең бастысы пьесаның негізгі «дәнін» табуды көп ескерткен. Пьесадағы негізгі дәнді тауып болған соң, оны дайындық кезінде, әрбір сахнада, әрбір детальда, әрбір образда іздеп отыру керектігін айтқан.

«Дән-бұл спектакльдің темпераменті, түпкі мақсат осыған бағытталған мақсат, өзекті әрекет - бұл аткердің өз мақсатына алып бара жол». Редиссердің ойы нақты терең эмоционалды, ұғынықты болса, онда актер ойыны да әсерлі болады, және мизансценаларда қанық болуға толық образ туындайды. Ой-бұл көркемдік көру, ол режиссер мен актерді соңғы детальдарды жасап біткенше маза бермейді. Мысалы, К. С. Станиславский «Отеллоның» сахналарын түсінде де көрген.

Егер режиссертаңдап алған пьсадағы кейіпкерлер мінезін, пьесаның атмосферасын, сонымен қатар автордың ойы мен сезімін білгісі келсе, ол тек қана берілген пьесаны ғана зерттемей осы автордың жазған барлық шығармаларын зерттеу керек. Спектакльдің көркемдік тұтастығы әсерлі болу үшін режиссер ойының нақты болған қажет.

Болашақ спектакльге суретшіні табу пьесадағы ролдері бөліп берудей қиын жұмыс. Дегенмен де режиссердің ішкі ойы арқылы барлық қиындық өз шешімін табады. Сондай-ақ режиссер көз алдына елестетіп отырған. Сахналық шешімдер мен суретшінің ойы бір жерден шығып отыруы қажет. Сонда ғана спектакль көркемдік тұтастыққа жетеді. Мұнда актер жасаған образ, музыка, жарық барлығы үндестікке құрылуы басты мәселе.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мизансцена - режисердің көркемдеуші құралы
Қазақ театр режиссурасының жаңа белестері
Телехабар - теледидар бағдарламаларын құру және оларды эфирге тарату
Ана тілің - анаң
Әшірбек Сығай – сыншы
Режиссуралық жұмыстың теориялық негіздері
Режиссерлік өнер
Әмір - Темір Хұсейн Жүсіпұлының өмірі мен шығармашылығы
ТЕАТР ӨНЕРІ АРТ - МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Өнер және эстетикалық дәстүрлер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz