Өнердің таңғажайып күші


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Өнердің таңғажайып күші

Бұл күндері бас қалада болудың өзі бір ғанибет, үлкен бақыт. Әр күніміз ән мен жырға көмкеріліп, ғажайып жаңалықтарға ұштасады. Бұған дейін тіпті түсіңізге де енбеген көріністер көз алдыңыздан көлденең деген де бойыңызды ерекше қуаныш сезімі билейді. Ал енді сол тың көріністердің өн бойынан ұлттық рәуіш, халықтық салт-дәстүрдің сәні мен мәні аңғарылып тұрса қайтер едіңіз! Тәубә деп, таңғажайып күйге бөлене бересіз.

Расында да, Астана ерекше құлпырып тұр қазір. Бұл мерейтой Қазақстанның серпінді дамуының, елдің ғаламдағы беделі артуының, азаматтарымыздың әл-ауқаты жақсаруының жарқын бір көрінісі дер едік. Барша қазақстандықтар қазір қуаныш құшағында. Астанаға келген облыстардың бәрі өздерінің сый-тартуларын көрсетіп жатыр. Қаланың өз дайындығының өзі бір төбе.

Ал енді көшелерге топ-топ болып жиналған халықтың көңіл күйі тіптен көтеріңкі! Қай-қайсымен сөйлессеңіз де өздерінің елге, сүйікті жерге, туған Отанға деген жүрекжарды лебіздерін ақжарма жайып салады. Бойларының да, ойларының да биіктеп, намыстарының қайралғандығын айтады. Ертеңгі жарқын болашаққа деген кәміл сенімдерін одан әрі шегелей түседі. Міне, осының өзі халық қолдаған қандай да бір дүниенің, ауыр міндеттің жемісті жүзеге асатындығын көрсетсе керек.

Иә, Астана алып қала. Ол - табысты инновациялық жоба. Елімізді әлемнің барынша дамыған өркениетті мемлекеттер қоғамдастығына бастап отыр. Дәл қазір Қазақстанды барша әлемде беделді мемлекет ретінде танып, құрметтейді. Біздің елімізбен санасады. Несін айтасыз, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығы - Қазақстан азаматтары және әлемдік қоғамдастықтың жетекші мемлекеттерінің басшылары қабылдаған нақты шындық. Мына ұланасыр той сол пікірді одан әрі бедерлеп, тереңдете түсті.

Республикалық

диагностикалық орталық ашылды

Республикалық диагностикалық орталықтың тұсаукесері өтеді. Аталған медициналық нысанның ашылу салтанатына ҚР Президенті Н. Назарбаев қатысты.

Республикалық диагностикалық орталық Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған ауқымды жобалардың бірі. Ол 2005-2010 жылдарға арналған ҚР Денсаулық сақтауды қалыптастыру және дамыту мемлекеттік бағдарламасының іс жүзіне асуының айқын дәлелі болып табылады. Орталық бір ауысымда 500 адамды қабылдай алады. Онда 238 дәрігер мен 260 медбике жұмыс істейді. Нысанның жалпы аумағы 20 мың шаршы метрден астам.

Мемлекеттік деңгейде маңызы зор орталық алыс-жақын шет елдерден білікті медицина мамандарды тарта отырып, 35 түрлі дәрігерлік мамандық бойынша балалар мен ересектерге консультативтік кеңес береді деп жоспарланған. Ондағы емханалық-диагностикалық зертхана қазіргі заманғы озық құрылғылармен жабдықталған.

Өнер өрісі

Мерейтой аясында орталық саябақта «Ат жалында» салт атты каскадерлер шоуы өтті.

«Ат жалында» шоуы «Мыңжылдықтар» тоғысындағы Астана» фестивалінің бағдарламасындағы маңызды шаралардың бірі. Аталған қызықты қойылымға «Моңғол» фильмінің трюктерін көгілдер экранға шығарған Ж. Күнғожинов жетекшілік жасады.

Ат құлағында ойнайтын жігіттер көрермендерді таңғалдыратын түрлі трюктер жасайды. Аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, ат үстінде садақпен нысана ату сияқты ұлттық ойындар ойналды. Ежелгі көшпелілердің әскери шеберліктерін паш ететін қойылым шоудың көркін ашатын кереметтерінің бірі.

«Астана толқынында ретро»

Қазақстандық эстрада жұлдыздары әннен шашу шашты. Бас қаланың орталық алаңында отандық өнер жұлдыздарының гала-концерті болды.

Аталған шара аясында еліміздің еркесіне айналған әйгілі әншілер Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Ескендір Хасанғалиев, Роза Рымбаева, Бағдат Сәмединовалар халықтың жүрегіне жазылып қалған ретро-әндерді шырқады. Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы да мерекелік кештің беделін одан сайын биіктете түсті. Сондай-ақ, тоқсаныншы жылдары жарқырай көрінген «АБК» тобы, қазіргі жас әншілер Бүркіт, Мақпал Исабекова, Айқын, домбыраның құлағында ойнайтын Асылбек Енсепов, «Ұлытау» мен «101» топтары, басқа да өнерпаздар «Астана толқынында ретро» фестиваліне атсалысты.

Бірнеше буынның құлағының құрышын қандырып келе жатқан ретро-әндер Астананың мерейтойында өз тыңдарманын тапты.

«Астана шамдары» сәулесі

Бас қалада Алматы мен Астана шаһарлары театрларының қатысуымен «Астана шамдары» театрлар қойылымдары өтті.

«Астана шамдарының» шымылдығы 1 шілдеде М. Горький атындағы орыс драма театрында ашылады. Бұл күні М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының ұжымы астаналық көрермендердің назарына жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Ескі үймен қоштасу» атты драмасын ұсынды. Театр сахнасынан әйгілі кино мен театр жұлдыздары Меруерт Өтекешова, Данагүл Темірсұлтанова, сондай-ақ Азамат Сұрапбаев, Үсібәлі Сейтімет сынды саңлақ актерлердің өнерін тамашалауға мүмкіндік туды.

Одан соң Елордадағы орыс драма театрында өнер көрсету кезегі Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар мен жеткіншектер театрына келді. ҚР халық әртісі Талғат Теменов бастаған ұжым «Мулен Ружға шақыру» атты лирикалық комедияны әкелді.

Халықаралық

музыкалық

фестивалі

Астананың 10 жылдық мерейтойы аясында «Опералия-2008» халықаралық музыкалық фестивалі өтті.

Аталған шараға операның отаны саналатын Италияның әйгілі әншілері, Ресей, Испания, Австрия, Куба, тағы да басқа елдердің өнер жұлдыздары атсалысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грек мәдениеті
Орта ғасырлық Еуропа мәдениеті жайлы
Архаикалық кезеңдегі Грек мәдениеті (б. з. д. VIII— VI ғ. )
Ортағасырлық Еуропаның көркем өнер мәдениеті туралы
Ортағасырлық Еуропаның көркем өнер мәдениеті
Алтын адамның монументалды кескіндемесінің маңызы
Мектепке дейінгі білім беруде балаларға музыкалық шығармашылық құралдары арқылы эстетикалық тәрбие беру
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру
Ежелгі Грекия
Алғашқыда Микены мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz