Қазақстан Республикасының парламенті



Жоспар

Кіріспе

I. Қазақстан Республикасының Парламенті
1. Cенат
2. Мәжіліс

II. Қазақстан Республикасының Үкіметі

III. Конституциялық кеңес
1. Соттар және сот төрелігі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Республика қызметінің түбегейлі принціптері қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумдарда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нұсқасындағы унитарлы мемлекет. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды.
Мемлекеттік биліктің берден – бір бастауы – халық.

Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілділік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.
Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығын, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Астана, Елорда, 2008 – 56б.
2.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
I. Қазақстан Республикасының Парламенті
❖ Сенат
❖ Мәжіліс
II. Қазақстан Республикасының Үкіметі
III. Конституциялық кеңес
❖ Соттар және сот төрелігі

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам
және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Республика қызметінің түбегейлі принціптері қоғамдық татулық пен саяси
тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму,
қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін
демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумдарда немесе
Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нұсқасындағы унитарлы
мемлекет. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды.
Мемлекеттік биліктің берден – бір бастауы – халық.

Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және
халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілділік ететін ең жоғарғы
лауазымды тұлға.
Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің,
Конституцияның мызғымастығын, адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

I. Қазақстан Республикасының Парламенті

Парламент – Қазақстан Республикасының заң қызметін жүзеге асыратын
Республиканың ең жоғарғы органы. Парламенттің өкілеттігі оның бірінші
сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттің бірінші
сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады.
Парламенттің өкілеттігі Конституцияда көзделген реттер мен тәртіп
бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық
жағдайы конституциялық заңмен белгілінеді.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенат және
Мәжілістен тұрады.
Сенат конституциялық заңда белгілінген тәртіппен әр облыстан,
республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан
екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық
мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамассыз ету
қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті
тағайындайды.
Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті
депутаттан тұрады.
Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды.
Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс
депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте
сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.
Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс
депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы
өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.
Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру
жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл
сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезекті сайлануы бұлардың
өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.
Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы
тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын
тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында
соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады.
Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар,
тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының
аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола
алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.
Республика парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен
реттеледі.
Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді.
Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға міндетті. Парламентте
депутаттың жеке өзі ғана дауыс береді. Депутаттың Палаталар мен олардың
органдарының отырыстарына дәлелді себептерсіз үш реттен артық қатыспауы,
сол сияқты дауыс беру құқығын басқа біреуге беруі депутатқа заңда
белгіленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.
Парламент депутатының басқа өкілді органның депутаты
болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық
қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмыс атқаруға, кәсіпкерлікпен
шұғылдануға, коммерциялық ұйымнын басшы органының немесе байқаушы кеңесінің
кұрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ереженің бұзылуы депутаттың өкілеттігін
тоқтатуға әкеп соғады.
Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға,
күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын
қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған
реттерді қоспағанда, тиісті Палатаның келісімінсіз кылмыстық жауапқа
тартуға болмайды.
Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол кайтыс болған,
соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекстке қабілетсіз,
қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және
Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда
тоқтатылады.
Парламент депутаты:
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан
айырылады.

Парламент Мәжілісінің депутаты:
1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан
шыққан немесе шығарылған;
2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін
тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.
Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика
Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше
Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады.
Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, депутаттық әдеп ережелерін
сақтауына, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға және өкілеттігінен
әрі депутатқа ешкімнің тиіспеуі жөніндегі кұқығынан айыруға байланысты
мәселелерді әзірлеу Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына
жүктеледі.

Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін
бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін
Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін
көрсетеді;
3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы
санының үштен екісінін даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң
шығару өкілеттігін беруге хақылы;
4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;
5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік
пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау
үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім
қабылдайды;
6) Конституциялық Кенестің Республикадағы конституциялық
зандылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;
7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың
төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы
есептерді тыңдайды;
8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі -
Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық
заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде:
1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар
енгізеді;
2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып
тастайды;
3) Қазакстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін
белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың
құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін,
дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін
айқындайды;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де
көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;
7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың
күшін жояды.

Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте,
ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды;
2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның
баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде
қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы
Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Мәжіліс пен Сенат
әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен бұрын
қабылданған шешімді растайтын болса, Президент бір ай ішінде заңға қол
қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса палаталардың бірі
еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды
деп есептеледі. Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға Мемлекет
басшысының қарсылығы осы тармақшада көзделген тәртіппен қаралады. Бұл ретте
Парламент Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығын әр Палата
депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің даусымен еңсереді;
3) республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді.

Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың
Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен
қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
2) Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің
Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын
тағайындауына келісім беру;
3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен
судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;
4) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын
тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика
Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі
функцияларын орындау;
5) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асыру.
Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:
1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың
жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;
2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік дауспен Республика
Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;
3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;
4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асыру.
Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс
депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша
Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы.
Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:
1) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды;
Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл
мерзімге қызметке тағайындайды;
2) Конституцияның 47-бабының 1-тармағында көзделген ретте Парламент
кұратын комиссия мүшелерінің тең жартысына өкілеттік береді;
3) Палаталардың бірлескен комиссиялары мүшелерінің тең жартысын
сайлайды;
4) Палаталар депутаттарының өкілеттігін тоқтатады, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен оларға ешкімнің
тиіспеуі жөніндегі құқығынан Палаталардың депутаттарын айыру мәселелерін
шешеді;
5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша парламенттік тыңдаулар өткізеді;
6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы
бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі
есептерін тындауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет
мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы
санының көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика
Президентіне өтініш жасауға хақылы. Егер Республика Президенті
мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда депутаттар Палата депутаттары
жалпы санының көпшілік даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты
ай өткеннен кейін Республика Президентінің алдына Үкімет мүшесін
қызметінен босату туралы мәселені қайталап қоюға хақылы. Мұңдай жағдайда
Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады;
7) Палаталардың үйлестіруші және жұмыс органдарын құрады;
8) өз қызметінің регламентін, Палатаның ұйымдастыру және ішкі
тәртібіне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешімдер қабылдайды.
Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының
арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын
дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат
Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті
ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның
депутаттары ұсынады.
Палаталардың төрағалары, егер бұл үшін Палаталардың депутаттары
жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қызметтен кері шақырылып алынуы
мүмкін, сондай-ақ олар өз еркімен орнынан түсуге хақылы.
Парламент Палаталарының төрағалары:
1) Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етеді;
2) Палаталардың қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуге
жалпы басшылық жасайды;
3) Палаталар төрағаларының орынбасарлары қызметіне сайлау үшін
Палаталарға кандидатуралар ұсынады;
4) Палаталар қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз
етеді;
5) Палаталардың үйлестіру органдарының қызметіне басшылық жасайды;
6) Палаталар шығаратын актілерге қол қояды;
7) Палаталарға Конституциялық Кеңестің, Орталық сайлау комиссиясының,
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
мүшесі қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады;
8) өздеріне Парламент регламенті жүктейтін басқа да міндеттерді
атқарады.

Мәжіліс Төрағасы:
1) Парламент сессияларын ашады;
2) Палаталардың кезекті бірлескен отырыстарын шақырады, Палаталардың
кезекті және кезектен тыс бірлескен отырыстарына төрағалық етеді.
Палаталардың төрағалары өз кұзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер
шығарады.
Парламент сессиясы оның Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары
түрінде өткізіледі.
Парламенттің бірінші сессиясын Қазақстан Республикасының
Президенті сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен
кешіктірмей шақырады.
Парламенттің кезекті сессиялары жылына бір рет қыркүйектің бірінші жұмыс
күнінен маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі.
Парламент сессиясын, әдетте, Республика Президенті ашады және
сессия Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында жабылады. Парламент
сессиялары аралығындағы кезеңде Республика Президенті өз бастамасымен,
палаталар төрағаларының немесе Парламент депутаттары жалпы санының
кемінде үштен бірінің ұсынысымен Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақыра
алады. Онда сессияны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.
Палаталардың бірлескен және бөлек отырыстары оларға әр Палата
депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда
өткізіледі.
Палаталардың бірлескен және бөлек отырыстары ашық отырыстар болып
табылады. Регламенттерде көзделген реттерде жабық отырыстар өткізілуі
мүмкін. Республика Президентінің, Премьер-Министр мен Үкімет
мүшелерінің, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының кез келген отырыстарға қатысуға және
сөз сөйлеуге құқығы бар.
Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады.
Палаталардың бірлескен қызметтеріне қатысты мәселелерді шешу
үшін Сенат пен Мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға
хақылы.
Комитеттер мен комиссиялар өз құзыретіндегі мәселелер бойынша
қаулылар шығарады.
Комитеттер мен комиссияларды кұру, олардың өкілеттігі және қызметін
ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.
Заң шығару бастамасы құқығы Республика Президентіне, Парламент
депутаттарына, Үкіметке тиесілі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады.
Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдылығын
белгілеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар,
бұл Парламент заң жобасын енгізілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға
тиісті екенін білдіреді. Парламент осы талапты орындамаса, Республика
Президенті заң күші бар Жарлық шығаруға хақылы, ол Парламент Конституция
белгілеген тәртіппен жаңа заң қабылдағанға дейін қолданылады.
Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін,
мыналарға:
1) жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына, жеке және занды тұлғалардың міндеттері мен
жауапкершілігіне;
2) мешік режиміне және өзге де мүліктік құкықтарға;
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын
ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің
негіздеріне;
4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге;
5) республикалық бюджетке;
6) сот кұрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне;
7) білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға;
8) кәсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге;
9) айналадағы ортаны қорғауға;
10) республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына;
11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты
негізгі принциптер мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға хақылы.
Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі.
Мәжіліс депутаттары қараған және жалпы санының көпшілік даусымен
мақұлданған заң жобасы Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткенде алпыс күннің
ішінде қаралады. Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен
қабылданған жоба заңға айналады және он күннің ішінде Президенттің қол
қоюына беріледі. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік
даусымен қабылданбаған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжіліс депутаттары
жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен жобаны қайтадан мақұлдаса,
ол Сенатқа кайта талқылауға және дауысқа салуға беріледі. Қайта
қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгізуге болмайды.
Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен заң жобасына
енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс
депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен ұсынылған өзгертулермен және
толықтырулармен келіссе, заң қабылданды деп есептеледі. Егер Мәжіліс нақ
сондай көпшілік дауыспен Сенат енгізген өзгертулер мен толықтыруларға қарсы
болса, Палаталар арасындағы келіспеушілік келісу рәсімі арқылы шешіледі.
Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жалпы санының кемінде үштен
екісінің даусымен мақұлданған конституциялық заң жобасы Сенатқа беріледі,
онда алпыс күннен асырылмай қаралады. Сенат депутаттарының жалпы санының
кемінде үштен екісінің даусымен қабылданған жоба конституциялық заңға
айналады және он күн ішінде Республика Президентіне қол қоюға ұсынылады.
Конституциялық заң жобасын тұтастай қабылдамауды Мәжіліс немесе Сенат
Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жүзеге асырады.
Сенат депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен
конституциялық заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Мәжіліске жіберіледі. Егер Мәжіліс депутаттардың кемінде үштен екісінін
даусымен Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келіссе,
конституциялық заң қабылданды деп есептеледі. Егер Мәжіліс, Сенат енгізген
өзгерістер мен толықтырулар бойынша дауыс беру кезінде олармен
депутаттардың кемініде үштен екісінің даусымен келіспесе, онда палаталар
арасындағы келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
Мемлекеттік кірісті қысқартуды немесе мемлекеттік шығысты көбейтуді
көздейтін заңдардың жобалары Республика Үкіметінің оң қорытындысы болғанда
ғана енгізілуі мүмкін. Республика Президентінің заң шығару бастамасы
тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілген заңнамалық актілердің
жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.
Үкімет енгізген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сенат құрамына екі депутат сайланып енді
АТҚАРУШЫ БИЛІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасындағы атқаратын Парламенттің конституциялық құқықтық мәртебесі
Қазақстандағы парламентаризмнің даму тарихы
ҚР Парламентінде заң шығару процесі, оның сатылары
Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметі және оның конституциялық негіздері
Қазақстан Республикасының референдумы
Парламент палаталары депутаттары
ҚР Парламентінің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны
Қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері мен тәртібі
Пәндер