ХХ ғасырдың бас кезіндегі іс-қағаздар



Қазақ даласының саяси-әлеуметтік, экономикалық-мәдени өмірінде XIX ғасырдың II жартысының орны ерскше. XIX ғасырдың II жартысынан бастап қазақ әдеби тілі дамуының жаңа дәуірі басталды. Ол қазақ әдеби тілінің жаңа сатыға көтеріліп, ұлттық сипат алу дәуірі еді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдеби тіл, біріншіден, бұдан бұрын да дамып келе жатқан әдеби тілдің занды жалғасы болса, екіншіден, бұл кезде оның әрі қарай дамуында үлкен өзгеріс, күрт бетбұрыс, жаңа құбылыс болғандығын байқаймыз. Бұл әрине әдеби тілдің бір тармағы ресми іс қағаздар тілінен де аиық байқалады. Бұл өзгерістің өзіндік ерекшеліктері мынадай жағдайлардан көрнеді: ХІХ ғасырдың II жартысында Қазакстанның Россияға ҚОСЫЛУ процесі толық аяқтадды. Россияда капиталистік қатынастар дами түсуімен байланысты қазақ жері шикізат көзі ғана емес, өндіріс орындарына да айналды.
ХІХ ғасырдың П жартысында қазіқ жері орыс патшалығының үш үлкен әкімшілік территориясы болған тарихтан белгілі. Осыған орай жергілікті халықпен қарым-қатынасты нығайту үшін және отаршылдық саясатты пәрменді түрде жүргізе беру үшін патша үкіметі әрбір әкімшілік бөлікте екі тілді (орысша-қазақша) газеттер шығара бастады. Олар:
1. "Түркістан уалаятының газеті" Ташкент, 1870-1882 жылдар.
2. "Дала уалаятының газеті" Омбы, 1888-1902 жыддар.
3. "Торғай газеті" Троицк, 1895.
Бұл газеттер қазақ даласының көптеген аймақтарына таралды, патша өкіметінің жергілікті әкімшіліктерінің органы болды. Аталған газеттер қазақ әдеби тілін дамытуда, жазба нормаларын қалыптастыруда, ресми іс қағаздар стилін одан әрі жетілдіруде үлкен роль атқарды.
Бұл кезеңде қазақ жерінде білім көздері пайда бола бастайды. Орынбор, Омбы, Троицк, Орал, Қазалы, Перовск, Торғай қалаларында қазақ балалары үшін орыс-қазақ мектептері ашылады. XIX ғасырдың II жартысында Қазақстанда 100 шамалы екі кластық уездік және бір кластық болыстық мектептер ашылып, оларда 4000-ға жуық бала оқыды. Таза қазақ тілінде кітап шығару ісі мен баспасөз органдары да осы кезеңде пайда болды. Қазақтың жаңа жазба әдебиеті қалыптасты.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ХХ ғасырдың бас кезіндегі іс-қағаздар
Қазақ даласының саяси-әлеуметтік, экономикалық-мәдени өмірінде XIX
ғасырдың II жартысының орны ерскше. XIX ғасырдың II жартысынан бастап қазақ
әдеби тілі дамуының жаңа дәуірі басталды. Ол қазақ әдеби тілінің жаңа
сатыға көтеріліп, ұлттық сипат алу дәуірі еді. XIX ғасырдың екінші
жартысындағы әдеби тіл, біріншіден, бұдан бұрын да дамып келе жатқан әдеби
тілдің занды жалғасы болса, екіншіден, бұл кезде оның әрі қарай дамуында
үлкен өзгеріс, күрт бетбұрыс, жаңа құбылыс болғандығын байқаймыз. Бұл әрине
әдеби тілдің бір тармағы ресми іс қағаздар тілінен де аиық байқалады. Бұл
өзгерістің өзіндік ерекшеліктері мынадай жағдайлардан көрнеді: ХІХ
ғасырдың II жартысында Қазакстанның Россияға қосылу процесі толық аяқтадды.
Россияда капиталистік қатынастар дами түсуімен байланысты қазақ жері
шикізат көзі ғана емес, өндіріс орындарына да айналды.
ХІХ ғасырдың П жартысында қазіқ жері орыс патшалығының үш үлкен
әкімшілік территориясы болған тарихтан белгілі. Осыған орай жергілікті
халықпен қарым-қатынасты нығайту үшін және отаршылдық саясатты пәрменді
түрде жүргізе беру үшін патша үкіметі әрбір әкімшілік бөлікте екі тілді
(орысша-қазақша) газеттер шығара бастады. Олар:
1. "Түркістан уалаятының газеті" Ташкент, 1870-1882 жылдар.
2. "Дала уалаятының газеті" Омбы, 1888-1902 жыддар.
3. "Торғай газеті" Троицк, 1895.
Бұл газеттер қазақ даласының көптеген аймақтарына таралды, патша
өкіметінің жергілікті әкімшіліктерінің органы болды. Аталған газеттер қазақ
әдеби тілін дамытуда, жазба нормаларын қалыптастыруда, ресми іс қағаздар
стилін одан әрі жетілдіруде үлкен роль атқарды.
Бұл кезеңде қазақ жерінде білім көздері пайда бола бастайды. Орынбор,
Омбы, Троицк, Орал, Қазалы, Перовск, Торғай қалаларында қазақ балалары үшін
орыс-қазақ мектептері ашылады. XIX ғасырдың II жартысында Қазақстанда 100
шамалы екі кластық уездік және бір кластық болыстық мектептер ашылып,
оларда 4000-ға жуық бала оқыды. Таза қазақ тілінде кітап шығару ісі мен
баспасөз органдары да осы кезеңде пайда болды. Қазақтың жаңа жазба әдебиеті
қалыптасты.
Осы кезендегі тіл практикасын танытатын нұсқалардың біріне латша
өкіметінің әкімшілік органдары мен жергілікті әкімдердің қазақ тіліңде
жазған ресми іс қағаздары да жатады. Олардың бірқатарын төменде келтіріп
отырмыз.
1. Ш. Уалиханов "Сот реформасы жайында хат".
2. 1852 ж. Орынбор шекара комиссиясының жергілікті қазақ әкімдеріне
жолдаған қатынас қағазы.
3. Ы. Алтынсариннің Н.И.Ильминскийге жазған хаттары.
4. 1856 ж Қарқаралы округіндегі Шаншар болысының жүзбасы Қазанғапов
бидің өзіне алтын кенішінен кен өндірумен айналысуға рұқсат ету туралы
Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт мырзаға өтініші.
5. 1867 ж. Комиссияңың қазақ даласындағы басқару ережелерінің жобасы
жөніндегі түсіндірме жазбасы.
6. 1867 жылғы 11 шілде Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы
Ереженің жобасы.
7. 1868 жылға 21 қазан. Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарындағы
басқару ісі туралы уақытша Ереже.
8. 1891 жылғы 25 наурыз. Ақмола, Семей, Жетісу, Орал жене Торғай
облыстарын басқару туралы Ереже.
9. 1860 жылдан бері Семей облысының былғары және сабын қайнату
зауыттары туралы ведомость.
10.1962 жылғы 23 ақпан. Ішкі Орданы басқару жөніндегі Уақытша кеңестің
жөнелтілетін жерін көрсете отырып жасалған малдың саны мен құны және мал
шаруашылығы шикізаты туралы ведомосы.
11.1883 ж. Ы. Алтынсариннің Баяділ Кейкинге жазған хаты,
ХІХ жыдың ІІ жартысында қазақша ресми іс қағаздарының өз алдына стилі
болды. Ол едәуір өзгерісі бар бұрынғы құжаттар мен хат-хабарлар тілінің
жалғасы ретінде танылады. Бұл дәуірде патшалық Россияның әкімшілік
орындарының қазақ жеріне қатысты ресми құжаттары қазақшаға аударылып,
көпшілігі баспа жүзінде жарияланып отырды. Тағы бір ерекшелігі, бұл
дәуірдегі ресми қағаздар өткен дәуірлердегідей хан, аға сұлтан сияқты жеке
адамдарға емес, көпшілікке жариялайтын мазмұнда бодды.

Ресми іс қағаздар мазмұны мен адресаттарына қарай бірнеше топқа
бөлінеді. Ең алдымен патша үкіметі тарапынан жазылған бұйрық-жарлықтар
(указы, распоряжения, приказы), ережелер (положения) терминологиясы,
стильдік құрылымы және қалыптасқан сөз орамдарымен өзге ресми құжаттардан
біраз ерекшеленеді. Екінші топты заң, сот істеріне байланысты ереже,
бұйрық, анықтама т.б. құрайды. Бұлардың да өздеріне тән термин жүйесі, сөз
орамдары бар. Үшінші топта жеке адамдардың ресми органдарға жазған арыз,
өтініштері жатады.
Орфографиялық ерекшеліктері. Араб графикасымен жарияланған текстерде
қосымшалардың қазақ тіліне тән фонетикалық варианттары кейде еленбейді,
нәтижесінде көптік жалғау тек -лар түрінде, табыс септік -ны, ілік септік
-ның, жатыс -қа, шығыс -нан түрінде беріледі. Мысалы, оқуны, қазақлар,
адамлар, арызлар, мекемелерні. Қатаң дыбысқа аяқталатын сөздерге -дың,
-дық, -дар, сияқты ұяңнан басталатын қосымша қосылады. Мысалы, хазратдар,
қазақдар, халықдың, халықдық т.б. Бұл кезеңде сонымен қатар сөз басында ж
дыбысы келетін жерлерде й әрпін жазу, мысалы, йыл, йаш, йазулады, йахшы,
йаман, ш әріпінің орнына ч-ны қолдану, мысалы, барча, чақды, үчун
кездеседі. Бұл қолданыстарда бірізділік жоқ, аталған сөздердің дыбыс ауысып
қолдантан варианты да, ауыспаған варианты да қатар қолданылады.
Ал орыс графикасымен берілген құжаттарда мұндай орфографнялық ерекшелік
жоқ. Мұнда қазақ сөздерінің ауызша айтылудағы фонетикалық заңдылықтары
мейлінше сақталған. Сондықтан текстердің жазылуында дыбыс үндестігі де,
ерін үндестігі де орын алады. Орыс тілінен енген сөздерді жазуда қазақша
сөйлеу тілінде қалыптасқан түрде жазу да, орысша орфограммасын сақтап жазу
да қатар жүреді. Мысалы, штрап, болус, уез, кандилат, песир, нагрет т.б. Ал
төмендегі сөздерде орыс орфограммасы сақталған: военный губернатор,
начальник, закон, волостной съезд, чиновник т.б.
Морфологиялық ерекшеліктері. Құжаттар тілінде өткен шақ есімшенің
қыпшақтық -ған тұлғасының орнына оғыздық -мыш вариантын қолдану орын алған.
Мысалы, отыр-мыш, айтылмыш, шығармыш. Етістіктің III жақтағы -ды
қосымшасының орнына — дүр тұлғасын қодану орын алған. Мысалы, етіләдүр,
көрінедур. Етістіктің III жақ көпше түріне -лар жалғауының жалғануы
кездеседі. Мысалы, бардьишр, қойсалар. Тұйық етістіктің -у жұрнағының -ғу
варианты да беріледі. Мысалы, жазғучы, турғучы т.б. Сонымен қатар есімшенің
-тын-тұғын жұрнақтарының орнына турған сөзін келтіру орын алған. Мысалы,
жаза турған. Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздар стилінде бұл келтірілген
тұлғалар жүйелі түрде қолданылмайды.
Лексикалық ерекшелігі. Бұл кезендегі қазақ әдеби тілінің сөздік құрамы:
1) жалпы халықтық қазақ тілі лексикасы, 2) араб-парсы сөздері, 3) орыс
сөздері. Іс қағаздарында қолданылған кейбір сөздердің қызметі мен
мағынасына талдау жасайтын болсақ, төре - XIX ғасырға дейін ақ сүйек
нәсілді адам мағынасында жұмсалған. Оның ресми адам болуы шарт болмаған. Ал
XIX ғасырдың II жартысында бұл атаумен ақ сүйек тұқымдарын да қарадан
шыкқан әкімдерді де, орыс әкімшілігі өкілдерін де атай бастаған. Би сөзі
шешен, тапқыр, билік айтушы мағынасында қол-данылатын болса, бұл кезенде
әлеуметтік термин болып қалыптасады. XIX ғасырдың екінші жартысында би сөзі
үш жылға сайланып қойылатын, ресми әкімнің атауы ретінде қолданылады.
Осы тұста қазақ қоғамының әлеуметтік және әкімшшк құрлысын бейнелейтіи
көптеген жаңа сөздер әдеби тілден орын алып, терминдік мәнге ие болды.
Олар: сенат, белые, старшын, ауылнай, жандарал, ұлық, атқамінер, атшабар,
әкім, дуан, пошташы, шен, жарлы т.б.
Қазақ жеріне империялық соттың келуімен байланысты закон, сот, статья,
іс, арыз, абақты, қараңғы үй, тұнтуыі, тұтқын сөздері пайда болды. Бұладың
бірқатары калька жолымен жасалса, бірқатары орыс тілінен енді.
Бұл кезеңдегі ресмиіс қағаздар тілінің алдыңғы кезеңдерге қарағанда
әлдеқайда қазақшаланғанын байқауға болады. Іс қағаздарын жазу стилінде,
безендіруде жоғарыда сөз болған XVIII ғасыр іс қағаздар стиліндегі XIX
ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздар стиліндегі ерекшеліктср
сақталады. Мысалы, жоғары лауазымды атайтын стандарттар патша хазратлары
(Его Величество), г-нерел-губернатор хазратлары т.б. Бұл дәуірде де араб
сөздерінің көбірек қолданылғанын атауға болады. Мысалы, хизмет (служба),
хисаб даптары (список служебный) уалайт (территория по определенному
административному делению), низам (положение), жария бұйрық (приказ
опубликованный) т.б.
Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік — ресми іс қағаздар стиліне тән
стандарт сөздер мен тұлғалардың пайда болып, тұрақтала бастауы. Мысалы,
бұйрық-жарлықтардағы міндеттеу ұғымын білдіретін етістік тұлғасы (должно
быть, должны делать) көбінесе шартты рай мен керек сөзінің тіркесі арқылы
берілген. Мысалы, қолдарын қойсалар керек, тексирип қарап тұрса керек,
жібермесе керек т.б. Мұндағы қойсалар керек қазіргі қоюлары керек немесс
қойсын, қарап тұрса керек қарап тұру керек немесе қарап тұрсын, жібермесе
керек - жібермеу керек немесе жібермесін тұлғаларының орнына жұмсалған.
"Стильдік стандарт элементтер" қатарына мағлұмдур (известно),
бұйырамын, бұйырылдур, тағайын қылынады, аталмыш, бойунча, тұрадағы,
қараған, атына т.б. сөздер жатады. Олардың бірқатары калька жолымен
жасалғаны байқалады. Мысалы, төмендегі — нижеследующий, жоғарғы көрсетілген
— вышеуказанный, жоғарыда аталмыш — вышеназванный,, бекітіледі, тағайын
болады — назначается, атына — на имя т.о.
Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздар стилінің тағы бір ерекшелігі қазақ
сөздерінен жасалған терминдердің қалыптаса бастауы. Мысалы, приказ —
бұйрық, распоряжение — жарлық, положение — ереже, прошение — арыз, қарыз,
подпись - қол (қою), повинности — алық-салық, чиновник — төре, начальник -
ұлық, тюрьма — абақты .(лабақты) н-бақты, кибитковладелец - үй иесі т.б.
"Әсіресе заң - законға қатысты ресми документтерде юриспруденция
терминдері негізінен қазакша қалыптасады. Бұған осы саладағы ұғым
атауларының бұрыннан қазақтардың әдет-гұрып заңы ("Обычное право") бойынша
жасалып, тұрақталып қалғаны үлкен себепкер болды. Олар: дay, бітім, билік,
кеңес (заседание), айғақ, құн, жаза, жауапкер, іс қорғау (зашита), тергеу
(судопроизводство), мойнына алу (признание), даугер, тоғыз (бір тоғыз)
төре, тебе басы, шығын, тергеу, іс (дело служебное) сияқты сөздер".
Бұл кезендегі ресми іс қағаздар тілінің лексикалық құрамы үш қабаттан
тұратынын жоғарыда айтып кеттік. Соның бір қабаты - араб-парсы сөздері. Бұл
сөздер бұдан бұрынғы кезендерде де іс қағаздарында актив қолданыл-ғандықтан
едәуір тұрақталған. Оған мысал ретінде айп (айып), шариат (шариғат), кефіл
(кепіл), куә, куәлік, кунә сөздерін келтіруге болады.
Обвинение, наказание, признание, доказание сияқты орыс сөздері қазақ
тіліне құраңды етістіктер арқылы аударылған. Мысалы,.
обвинение — айыпқа тарту
наказание — жазаға тарту
признание — мойнына алу
доказание — мойнына салу
Қазіргі қазақ тілінде мұндай сөздер есім сөзге етістік тудырушы -ла,
-ле, -да, -де, -та, -те жұрнақтары + тұйық етістіктің -у жұрнатының
жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, айыптау, жазалау, мойындау, қаралау
т.б.
Сөз болып отырған кезенде нормалану процесі әлсіз болды. Бір ұғымды
беруде қазақша, орысша, араб-парсыша сөздердің параллель қолданылуы жиі
кездесіп отырды. Мысалы кеңсе сөзімен қатар, сол ұғымды білдіру үшін
махкама сөзі, қақ сөзімен жалоанье сөзі, шығын сөзі мен расход сөзі, ереже
сөзі мсн положение сөзі, закрн сөзі мен низам, закон сөздері қатар
қолданылды.
ХІХ ғасырдың II жартысындағы іс қағаздары стилінің едәуір дамуына әсер
еткен өлеулі оқиғаның бірі- Семей облысы әскери генерал-губернаторының 1992
ж. 20-21 қаңтарда шығарған N 459 жарлығы. Бұл жарлық ресми орындарға
жазылатын өтініш- шағымдарды қазақтардың өз-ана тілінде жазуларына рұхсат
ету жайында болатын. Жарлық "Дала уалаятының" газетінде 1898 жылы 7 ақпанда
жарияланды. Бұл кезеңде баспа бетін көрген ресми іс қағаздарының дені орыс
әкімшілік орындарының халық арасына тарату үшін шығарған түрлі
құжаттары, сондықтан олардың көпшілігі орыс тілінен аударылған аударма
материалдар. Бұл материалдар тіліне аудармашыдардың көпшілігі татар,
башқұрт болғандығы, аудармашылардың білім, тіл білу дәрежесі әсер етпсй
қойған жоқ.
Ресми іс қағаздарының тарихы көне дәуірден басталса да, XIX ғасырдың
екінші жартысында оның түрінің көбейіп, тілі мен стилінің біраз жетілгенін
көреміз. Бұл дәуірдегі іс қағаздарына әкімшілік орындарының бұйрық -
жарлықтары, заң жинақтары мен әр түрлі ережелер, эпистолярлық материалдар
кіреді. Бұлардың тілінде көне әдебй тілдік формалар өзге стильдерге
қарағанда көбірек сақталған.
XIX ғасырдың II жартысы қазақ халқының экономикалық, саяси-өкімшілік
және мәдени дамуындағы елеулі прогрестік роль атқарған белгілі кезең
болғаны мәлім. Бұл кезең Қазақстан территориясының толықтай Россия
мемлекетінің қол астына кіруінің аяқталуымен тікелей байланысты еді.
1868-69 жылдардағы патша өкіметінің қыр облыстарын басқару жөніндегі
ережелері Қазақстанда ел билеу, әкімшілік жүйесінің жаңа түрін енгізді.
Қазақстан территориясы 3 генерал-губернаторға бағынған 6 облысқа бөлінді,ал
облыстар уезге, уездер болыстарға, олар ауылдарға бөлінді. Орал және Торғай
облыстары Орынбор генерал-губернаторына, Ақмола және Семей облыстары Батыс
Сібір генерал-губернаторына, Жетісу жене Сырда-рия облыстары Түркістан
генерал-губернаторына қарады. Патша өкіметі бұл кезде өзінің отаршылдық
саясатын жүргізуде татар; тілмаштарының "көмегінен" бас тартып қазақтың
ұлттық буржуазиясына арқа сүйей бастады. Патша өкімшілігінің бұйрық-
жарлықтарын жергілікті өкімдерге өз тілінде жеткізу, отаршылдық саясатты
күшейте түсу, өкілеттік құжаттарды жергілікті халықтардың ана тілінде
жариялап, сөзсіз орындатыру, патша өкімстінің ресми көзқарастарын халық
арасына кең тарату- мақсаты қазақ тілінде шығатын газетті қажет етті.
Сөйтіп, алғашқы газеттер жергілікті әкімдердің қазақ елін басқару ісін
жеңілдету ниетімен шығарыла бастады.
Ташкентте 1870-1882 жылдар аралығында "Түркстан уәлиатының газеті",
Омбыдан 1882-1902 жылдар арасында "Дала уәлатының газеті", 1895 жыдан
бастап Троицкіде "Торғай газеті шығып тұрды. Бұл газетгер ресми орган
болуына қарамастан қазақ әдеби тілін дамытуға, оның бір тармағы ресми іс
қағаздар тілін дамытуға үлкен үлес қосты.
Түркстан уәләятының газеті (1870-1883)
Қазақ тіліндегі алғашқы газет Түркстан генерал-губернаторының
орталығы Ташкент қаласында 1870 жылы жарық көрді. Газеттің алғашқы нөмірі
"Түркстан уәләятының газеті" деген атпен "Туркестанские ведомости" газетіне
қосымша ретінде 1870 жылдың 28 апрелінде шықты. Газеттің бірінші
нөмірінде басылған мәлімнамада "Туркстан генерал-губернаторының бұйрығы
бойынша үшбу айдан ба-танып Туркстан газеті шығады. Осы газеттерде бәрі
жұртқа мәлім болмақ үшін генерал-губернатордың әр түрлі бұйрығы жазылар
және жаңа қабарлар, сауда тақырыпты жазылар және Ташкентте уаөәзге
шаһарларда болған әр түрлі сөздер уа қабарлар жазылар. Бұл газет орысшадан
басқа сартша, қазақтарға керектісі қазақша болып жазылар'0 делінген.
Газеттің айына 4 нөмірі (екеуі қазақша, екеуі өзбекше) шығып тұрды. Газет
алғашқы хабарламада "Түркстан ведомстыларына" қосымша делінгенмен, көп
ұзамай-ақ өз алдына жеке газет ретінде шығыл тұрған. Газет редакторы он
жылдан астам уақыт бойы генерал-губернатордың тілмашы Ш.М. Ибрагимов
болды. "Шагимардан Мирясович Ибрагимов (1841-1891) Ш.Уалихановтың жақын
достарының бірі болған, ұлты — башқұрт, көп жылдар бойы Петербургта,
Ташкенттс тұрып, тілмаштық қызмет атқарған. Әуелі коллежский советник,
кейін статский советник чинін алған адам. 1881 жылы Қашқарға, кейін араб
елдеріне консул болып кеткен".
Газеттің негізгі бағдарламасы - үкіметтің бұйрық-жарлықтарын, сот
орындарының үкімдерін, сауда хабарларын, Россия жене басқа мемлекеттердің
өмірінде кездесетін оқиғаларды, шаруашылық хабарларын жазып тұру болды.
Сонымен қатар мұнда қазақ халқының тарихы, мәдениеті, әдебиетіне
қатысты материалдар да жарияланды. Материалдар мазмұнына қарапайым негізгі
екі топқа бөлінеді; ресми және ресми емес, Ресми материалдарға үкімет
бұйрықтары, кейбір саяси -экономикалық, мәселелер, ресми емсс бөлімге жай
корресионденциялар, тарихи мақалалар мен көркем әдебиет үлгілері жатты.
Газет материалдары иублицистикалық, ғылыми, көркем әдебиет және ресми іс
қағаздар стилінде жазылды.
Газеттің 1877 жылғы 2 марттағы номірінде оның тиражи туралы "Осы
февральдің жиырма ушінші күнніе че (шейін-Б.А.) біздің қазақ тілінде
басылатуғын газетті алатұғын кісінің есебі екі жүз қырық кісі" деп
корсетеді.
Газеттің 1882 жылғы 4-номірінде "Дала генерал-губернаторлығының"
құрылын жатқандығы, оның орталығы Омбы қаласы болып, оған Ақмола, Семей,
Жетісу облыстары қарайтындығы айтылады. Түркстан генерал-губер-наторының
ұлыксатымен шығып тұрган "Түркістан уәләяты газетінің" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың басыңда оқу-ағарту жұмыстары, мәдениет және өнер
Бүкіләлемдік қаржы нарығы
ХХ ғасырдың бас кезіндегі іс-қағаздар туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын талдау
Әлемдік қаржы нарығы туралы
Инфляцияның мемлекеттік басқарудағы жолдары
Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы туралы ақпарат
Нарықтық экономиканың теориялары
Міржақыптың балалық шағы
Кәсіпкерлік пен басқа да экономикалық қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды саралау мәселелері
Пәндер