Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары



Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
• 1 Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары
• 2 Отын-энергетика кешені
o 2.1 Мұнай өнеркәсібі
o 2.2 Газ өнеркәсібі
o 2.3 Көмір өнеркәсібі
o 2.4 Электр энергетикасы
o 2.5 Атом электрстансылары

3 Пайдаланылған әдебиет

Өнеркәсіптің орналасу заңдылықтары. Отын-энергетикалық кешен

Өнеркәсіп - Қазақстан шаруашылығыны ң басты саласы. Экономиканың алға басуы
соған байланысты. Өнеркөсіптің дамуы жаңа қалалар мен жолдар салуды
ілестіре жүреді. Ол ауыл шаруашылығының, құрылыстың, қызмет көрсету
саласының даму деңгейіне де үлкен өсер етеді.

Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары

Жалпы алғанда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы
индустрия алуан түрлі өндірістердің жиынтығы болып табылады. Өнеркәсіп
өндірісі мен салаларының қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты, энергияны
және суды қажет ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің 10%-ы (өзіндік құны
бойынша) өндіруші салаға тиесілі болса, қалған өнімді өңдеуші кәсіпорындар
береді. Қазіргі заманғы өңдеуші өнеркәсіп байырғы (таскөмір, қара
металлургия, кеме жасау және тоқыма), жаңа (автомобиль жасау, алюминий
өндіру, химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі) және ең жаңа салаларды
(микроэлектроника, робот жасау, есептеуіш машиналар жасау, атом және
аэроғарыш өндірісі және т.б.) қамтиды.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымы жағынан ғана емес, ұйымдасуы және орналасуы
жөнінен де күрделі жүйе болып табылады. Өнеркәсіптің орналасуына әсер
ететін факторлар ел экономикасының даму жағдайына сәйкес ұдайы өзгеріске
түсіп отырады. Бұл әсіресе өңдеуші өнеркәсіптің орналасуынан айқын көрінеді
(37-сызбанұсқаға қараңдар).
Өнеркәсіптің жаңа салаларын орналастыруда еңбек ресурстарының сапалық
көрсеткіштері (білім және кәсіби деңгейі), көлік, байланыс, экологиялық
жағдай, ғылыми-техникалық әлеует шешуші рөл атқарады. Өнеркәсіптің байырғы
және жаңа салалары ірі өнеркәсіпті аудандардың қалыптасуына ықпал етті.
Алғашқы өнеркәсіпті аудандар (Орта Англия, Рур, Силезия, Орталық Ресей,
Орал) көмір алаптары мен металлургия, тоқыма өндірісі негізінде қалыптасты.
Жаңа өнеркәсіпті аудандар өндірістің күрделі сипатымен және оның
орналасуьша ықпал ететін факторлардың жан-жақтылығымен ерекшеленеді.
Дамыған елдерде ескі өнеркәсіпті аудандардың еңбек ресурстары мен дамыған
инфрақұрылымы негізінде жаңа аудандардың қалыптасуы байқалады. Өнеркәсіптің
орналасуына "астаналық" фактор да әсер етеді. Жаңа индустриялық аудандар
өнеркәсіптің ел астанасы мен ірі қалаларының маңында шоғырлануынан пайда
болуда. Мұндай аудандарда ғылымды көп қажет ететін ең жаңа өндірісті іске
қосуға мүмкіндік бар, сонымен қатар өндірілетін өнім ірі тұтыну көзіне де
бағдарланады.

Қазіргі заманғы кәсіпорындар салық жеңілдіктері бар еркін экономикалық
зоналарда және шекаралық аудандарда көбірек орналасады, бұл аумақтарда
халықаралық экономикалық аудандар да қалыптасуда. Өнеркәсіптің теңіз
жағалауларына "ығысуы" да байқалады. Соның нәтижесінде кейбір портты
қалалар маңында сырттан әкелінетін шикізатты бастапқы өңдеуден өткізетін
ірі өнеркәсіптік кешендер пайда болған.

Өңдеуші өнеркәсіптердің құрылымы, (%)

Салалар Қазақстан Дуние жүзі Дамыған елдер
Тамақ өнеркәсібі 22 11 10
Жеңіл өнеркәсіп 1 4 3
Орман және ағаш өңдеу 2 9 10
Химия және мұнай 11 17 16
өңдейтін
Металлургия 42 5 4
Машина жасау 9 50 53
Басқа салалар 13 4 4
Барлығы 100 100 100

Сонымен, өнеркәсіптің дамуы мен орналасуында қарама-қарсы екі бағыт
түйіседі. Біріншіден, технологиялық жағынан сабақтас өндірістерді біріктіру
негізінде аумақтық-өндірістік кешендер түзілсе, екіншіден, экономикалық
тиімділік факторы негізінде бір саладағы кәсіпорындарды шашырата
орналастыру байқалады.

Отын-энергетика кешені

Аталған кешен құрамына казіргі заманғы шаруашылықтың негізін құрайтын отын
(мұнай, табиғи газ, көмір және т.б.) мен электр энергиясын өндіру, оларды
тасымалдау енеді. Өндірістің дамуы отын мен энергия түрлерін игерумен тығыз
байланыста жүреді. Адамзат қоғамы дамудың неғүрлым жоғары сатысына
көтерілген сайын өндірістің отын мен энергияға сұранысы арта түсті.

Бастапқы энергия көздері (БЭК) қатарына жататын мұнай мен табиғи газдың,
көмірдің отын-энергетика құрылымындағы арасалмағы XX ғасырда күшті
өзгеріске түсті. Дүниежүзілік отын-энергетика балансында көмір ұзақ уақыт
бойы басым болып келсе, XX ғасырдың ортасынан бастап мұнай жетекші орынға
шықты (38-сызбанұсқаға қараңдар).

Мұнай өнеркәсібі

Мұнай өнеркәсібі — дүниежүзілік шаруашылықтың Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін қарқынды өркендеген саласы. Дүниежүзіндегі басты мұнай
алаптары дамушы елдер аумағында орналасқан. Әлемдік нарықта бағасының ұдайы
өзгеріске түсетіндігіне қарамастан, мұнай мен одан алынатын өнімдер
стратегиялық маңызы бар ресурс болып отыр. Мұнайды көп мөлшерде өндіріп,
шетке шығаратын елдердің халықаралық деңгейде айрықша орны бар, тіпті
олардың геосаяси жағдайына мұнай қоры елеулі түрде ықпал етеді деуге
болады.

Мұнай өнеркәсібі — күшті монополияланған саланың бірі, дүниежүзі бойынша
мұнай саласында АҚШ пен Батыс Еуропаның аса ірі ұлтаралық компаниялары
жетекші орын алады. Бұған қарсы тұру мақсатында 1960 жылы мұнай
экспорттайтын дамушы елдер арнайы ұйым (ОПЕК) құрды. Ұйымның негізгі
мақсаты — осы ұйымға мүше елдердің мұнайды өндіру және сыртқа сатумен
байланысты қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру. XX ғасырдың соңына
қарай дүниежүзінде өндірілген 3,5 млрд т (газ конденсатымен қоса) мұнайдың
40%-ға жуығы ОПЕК елдеріне тиесілі болды. Ресей әлемдегі жетекші мұнай
өндіретін елдердің бірі (39-сызбанұсқаға қараңдар).
Жан басына шаққанда мұнай өндіруден дүниежүзінде Кувейт 1-орын алады (2008
жылы — 54,6 т). Қазақстан Республикасында 2008 жылы 70,7 млн т мұнай
өндірілді; жан басына шаққандағы көрсеткіш 4,36 т болды.

Мұнай — аса маңызды экспорттық тауар, дүниежүзінде өндірілетін мұнайдың 45%-
ға жуығы сыртқа сатылады. Мұнайды өндіретін (Парсы шығанағы елдері, Латын
Америкасы мен Африка елдері) және тұтынатын аудандардың
(Еуропа, АҚШ, Жапония) аумақтық алшақтығына байланысты мұнай тасымалы
күрделі көлік жүйесіне айналып отыр. Қазіргі заманғы ірі порттар мен жүк
сыйымдылығы аса жоғары танкерлер, қуатты мұнай құбырлары осы мақсатқа
жұмылдырылған. Негізгі тасымал жолдары Парсы шығанағынан Батыс Еуропаға
және Жапонияға, АҚШ-қа бағытталған. Сонымен қатар Венесуэла мен Мексика
мұнайы АҚШ порттарына жеткізіледі. Аса ірі мұнай құбырлары Ресейдің мұнайлы
аудандарын Еуропа елдерімен байланыстырады. Канада мұнайы АҚШ-қа құбыр
арқылы жеткізіледі. Теңіздегі қайраңдық (шельф) кен орындарында өндірілген
мұнай құрлыққа суасты құбырлары арқылы тасымалданады. Қазіргі кезде олар
500 м-ден төмен тереңдікте орналастырылған.
Мұнай өндіру мен тасымалдау қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. 1977
жылы Оңтүстік Африка жағалауында әрқайсысының жүк сыйымдылығы 330 мың т
болатын екі мұнай таситын танкер соқтығысып қирады. 1989 жылы Аляска
жағалауында қайраңға тұрып қалған "Вальдес" танкерінен суға 40 мың т мұнай
ағып жайылған. 2002 жылы күзде Испания жағалауларында (Галиссия) болған
мұнай апаты да қоршаған ортаға зор зиян тигізді.

Мұнай өңдеу кәсіпорындары, әдетте, шикізат көзіне жақын жерде немесе аса
ірі портты қалаларда орналасады. Қазіргі кезде дүниежүзінде ірілі-ұсақты
700-ден астам мұнай өңдейтін зауыттар жұмыс істейді. Олардың 30-ға жуығының
қуаттылығы жылына 15 млн т-дан асып түседі. Мұнай өнімдеріне қатысты
экологиялық талаптардың күшейтілуі бұл салада ғылым мен техниканың
жетістіктерін кеңінен қолдануға итермелейді. Мысалы, дүниежүзінде
өндірілетін бензиннің жартысынан астамының құрамында зиянды қорғасын жоқ,
ал АҚШ пен Германияда, Жапонияда тек осындай бензин ғана пайдаланылады.

Газ өнеркәсібі

Дүниежүзі бойынша газ өндірісі XX ғасырдың ортасынан бастап өркендей
бастады, содан бері оның өндіру көлемі 10 есеге артты. Табиғи газбен қатар,
мұнайға серік газды өндірудің де маңызы зор. Газ энергетикалық мақсатта
ғана емес, химиялық шикізат ретінде азот тыңайткыштары мен полимер
өндірісінде пайдаланылады. Табиғи газдың маңызды кен орындары Солтүстік
Америка мен Батыс Еуропа, Парсы шығанағы, Ресей жері мен Орта Азияда
шоғырланған. Қазіргі кезде кептеген елдер (Бруней, Малайзия, Норвегия және
Ұлыбритания) табиғи газды теңіздегі газ кәсіпшіліктерінен өндіреді, су
астындағы газ жинау қондырғылары 500 м-ден астам тереңдікте жұмыс істейді.
Қазіргі кезде дамыған елдердің отын-энергетика құрылымында газ үлесі
көмірмен бірдей мөлшерде. 2006 жылы дүниежүзінде 3646 млрд м3 табиғи газ
өндірілді, оның 36%-ға жуығы Ресей мен АҚШ-тың үлесіне тиесілі (40-
сызбанұскаға қараңдар). Қазақстанда 2008 жылы 32,9 млрд м3 табиғи газ
өндірілді, яғни жан басына шаққанда 1474 м3-ден келеді.

Көмір өнеркәсібі

Дүниежүзі бойынша көмір өндірісінің қарқыны бәсеңдегенімен, бұл байырғы
шикізат түрі әлі де болса көптеген елдердің отын-энергетика құрылымында
елеулі орын алады. XX ғасырдың 50—60-жылдары мұнай өндірудің артуына
байланысты көмір өнеркәсібі күйзеліске ұшырап, көптеген шахталар жабылып
қалған болатын. XX ғасырдың 70-жылдарынан бастап мұнай бағасының өсуі
көмірді ашық әдіспен өндіруге болатын ірі кен орындарының қайтадан
өркендеуіне себепші болды. Сонымен қатар көмір өндіру географиясында
өзгерістер болды. Батыс Еуропа шахталары жабылып, Азия басты өндіру
аймағына (барлық көмірдің 45%-ын береді) айналды. Қазақстан көмір өндіретін
жетекші 10 елдің қатарыыа енеді, мұнда 2007 жылы 103 млн т көмір өндірілді.
Дүниежүзі бойынша өндірілетін көмірдің 12%-ы ғана экспортқа шығарылады.
Көмір экспортында Аустралия мен ОАР, АҚШ жетекші орын алса, импортында
Батыс Еуропа елдері мен Жапония басымдылық танытады.

Электр энергетикасы

Энергияның экономикалық жағынан ең тиімді, экологиялық жағынан қауіпсіз
әмбебап түрі болып саналатын электр энергиясын өндіру үшін алуан түрлі
минералды шикізат, су және атом энергиясы пайдаланылады. Минералды отынмен
жұмыс істейтін жылу электрстансылары (ЖЭС) шикізат көздерінде және ірі
тұтыну орталықтарында орналасады; олардың жалпы электр энергиясының
өндірісіндегі үлесі — 63%. Су электрстансылары (СЭС) дүниежүзінде
өндірілетін электр энергиясының 15-ін береді. Су энергиясы ресурстары,
негізінен, дамушы елдерде шоғырланған, сондықтан әзірше толық игерілмей
келеді. Мысалы, Латын Америкасында су энергиясы қорынын 10%-ы, Африкада 5%-
ы ғана игерілген. Энергияның бұл түрін пайдалануда AҚШ пен Ресей алдыңғы
орында, бірақ жан басына шаққандағы көрсеткіш бойынша Норвегия басымдылық
көрсетеді.

Атом электрстансылары

Атом электрстансыларының (АЭС) да маңызы артып келеді. Олар дүниежүзінде
өндірілетін электр энергиясының 17%-ын, Францияда 80%-ын береді. Соңғы
кездері электр энергиясын сарқылмайтын балама энергия көздерінен (жел,
гелио-, геотермалдық, толысу энергиясы) де алатын болды.

Электр энергиясын өндіру жыл сайын артып келеді; соңғы 50 жылда оның
көрсеткіші 14 есе артты. Оның басым бөлігі әлемдегі жетекші елдер үлесіне
тиесілі болды (41-сызбанұсқаға қараңдар).
Қазақстанда 2008 жылы 80,3 млрд кВтсағ, яғни жан басына шаққанда 4959
кВтсағ электр энергиясы өндірілді. Елімізді бұл көрсеткіш бойынша басқа
елдермен салыстырып көріңдер (17-кестені қараңдар).

Жан басына шаққанда электр энергиясын өндіру, 2006 жыл (кВтсағ)

Көп өндіретін елдер Мөлшері Аз өндіретін елдер Мөлшері
Норвегия 29 522 Конго Демокр. 109
Республ.
Канада 18 472 Ангола 85
Швеция 17 022 Судан 67
АҚШ 13 450 Танзания 62
Аустралия 11 546 Эфиопия 20

Сонымен электр энергетикасының дамуы аумақтық айырмашылықтарға ие. Халқының
саны адамзаттың 20%-ын құрайтын дамыған елдердің үлесіне өндірілген электр
энергиясының 34-і тиесілі.

Қазақстан өнеркәсібінің дамуы

• 1 Тау-кен ісінің жағдайы
• 2 Тұз, мұнай және алтын өндіру
• 3 Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу
• 4 Ұлттық сауда-өнеркәсіптік буржуазия мен жұмысшы табының қалыптаса
бастауы
• 5 Темір жолдардың салынуы
• 6 Жұмысшы қозғалысының басталуы
• 7 Қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы
• 8 Өлкеде жұмысшы қозғалысының күшеюі

9 Пайдаланылған әдебиеттер

Тау-кен ісінің жағдайы

Қазақстан тас көмір кеніне бай болды. Олардың ірілері Орталық Қазақстанда
еді. Қарағанды көмірін алғашқылардың бірі болып 1833 жылы Аппақ
Байжанов (1824-1887) ашты.

Ертіс бойындағы және Орталық Қазақстандағы көптеген кен орындарын тұңғыш
рет ашқан адам Қосым Пішенбаев болды. Ол 1867 жылы Екібастұз көмірі, 1895
жылы Майқайың полиметалл кен орындарын ашқаны туралы бірінші болып
мәлімдеді. Қ. Пішенбаев Павлодардағы миллионер-көпес А.И. Деровқа жалданып,
кен көздерін іздеуші және маркшейдер болып жұмыс істеді. Ол Баянауыл
даласындағы Александровка, Талдыкөл, Жамантұз, Қарасор, Шөптікөл, Майкөбен
сияқты тас көмір кен орындарын ашты.

Ресей кәсіпкерлері жергілікті қазақтардан аса бай кен орындарын су тегін
бағаға сатып алды. Мәселен, XIX ғасырдың 40-жылдарында Н. Ушаков, А.
Рязанов деген көпестер қазақтардан Қарағанды көмірі кен орындарын, Успенск
мыс кеніштерін, Жезқазған және Спасск-Воскресенск мыс кеніштері аймағын өте
арзанға сатып алды.

Алайда XX ғасырдың бас кезіне қарай тау-кен кәсіпорындарының басым бөлігі
шетелдік кәсіпкерлердің қолына көшті. Патша үкіметі шетелдік кәсіпкерлерге
шет аймақтарды игеруіне кең жол ашып берген еді. Кен орындарын игеруге орыс
кәсіпкерлерінің жеткілікті тәжірибесі де, заманауи техникалық құралдары да
болған жоқ. Олар өндірілген дайын өнімді өткізуде қыруар көп қиындықтарға
душар болды. Ал Ресей шенеуніктері шетелдік кәсіпкерлер жағында болды. Олар
шетелдік кәсіпкерлерден қолдау көрсеткені үшін пара алып тұратын. Шетелдік
кәсіпкерлер көбінесе кездейсоқ адамдар болды. Олардың арасында қатардағы
мұғалімдер, ет сататын қасапшылар, ұсақ саудагерлер, тіпті тілмаштар да бар
еді. Өздерінің жеке меншігінде капиталы болмаса да, батыс елдеріндегі
банкілердің берген несиесіне Қазақстандағы кеніштер мен шахталарды су тегін
дерлік бағамен сатып алып, тез байып шыға келді. Жергілікті арзан шикізатты
өздерінде қымбатқа сатып, банкілерден алған қарыздарынан құтылып қана
қойған жоқ, сонымен қатар қыруар пайданың астында қалды.

Кен орындары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түсті металлургия
Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары туралы
Өнеркәсіптің орналасу заңдылықтары. Отын-энергетикалық кешен
Аймақ – экономикалық шаруашылық жүргізу объектісі ретінде
Экономиканы дамытудағы өнеркәсіптің рөлі жайлы
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Экономиканы дамытудағы өнеркәсіптің рөлі
Қаланың функционалдық-экономикалық құрлымы туралы ұғым
Популяция.Таралуы,көшірмесі. Жабайы жануарлардың мінез-құлығы және әдетімен пішіні
Стратегиялық даму
Пәндер