ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Экономиканың саяси құрылымдық өзгерістер
нәтижесінде Қазақстанның өнеркөсіп саласындағы күрделі өзгерістерге алып
келді. Осыған байланысты өнеркәсіп саясатын дамытуға бағытталған
міндеттерді орындауда Ел басшысының "Қазакстан-2030" стратегиясы ұсынылған
Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің және жергілікті өкіметтің қызметі
стратегияны іске асыруға бағындырылуы елдің әлеуметтік-экономикалық даму
мақсаттарын, соның ішінде өнеркәсіп саясатын жүзеге асырудың негізгі
механизмі болып табылады.
Ел Президентінің отандық өндірістерді қолдау жөніндегі үндеуіне сөйкес
бүгінде Қазақстан өнеркәсібінің жаңа саясатын талдап жасау, оны жүзеге
асыру жұмысы жүргізілуде. Ондай саясаттың мақсаты отандық өндірушілерге
ішкі және сыртқы рынокта бәсекелік қабілетті өнімдер
өндіруіне экономикалық қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Жеңіл өнеркәсіп - тұтыну тауарларының ең басты өндірушісі және еңбек
ресурстарын тиімді қолдануға мүмкіндік беретін республиканың кешенді
дамуының қажетті буыны. Жылдар бойы осы сала Қазақстанның экономикалық
өмірінде негізгі рөлдердің бірін атқарды. Кеңес уақытында осы сала
бюджеттік түсімдердің елеулі үлесін беріп отырды, ал қазір жеңіл өнеркәсіп
барлық бюджеттік түсімдердің 0,52% ғана қамтып отыр.
Әлемнің барлық елдерінің практикасында жеңіл өнеркәсіп ең басымды сала
болып табылады. Ал Қазақстанды алар болсақ, онда оның тоқымасы, киімі және
трикотажының әлемдік нарықтағы үлесі өте төмен. Өнімнің басты бөлігін
халықтың жеке тұтынуына арналған көпшілік қолды тауарлар құрайды. Оларға
маталар, киімдер, жіптер, трикотаж, кілемдік және тоқыма-галантереялық
бұйымдардың үлкен номенклатурасы жатады. Өкінішке орай, ішкі нарық
негізінде шелнөктер немесе контрабандалық жолмен әкелінген импорт
есебінен қалыптасып жатыр.
Өнеркәсіптің қирауына ауыл шаруашылық шикізаттар, өндіру құралдары
және тұтыну тауарларының бағалары арасында қалыптасқан жоғары диспаритет
болу салдарынан ауылдық тауар өндірушілермен байланыстардың бұзылуы әсерін
тигізді.
Экономиканың шамадан тыс ашық болуы, контракт бойынша да,
шелнөктермен де әкелінетін халық тұтыну тауарларының реттелінбейтіндігі
және олардың демпингтік бағалармен өткізілуі қалыпты бәсеке болу негіздерін
жоюда. Және де көлеңкелі бизнестің елеулі табыстары салықтан жасырылады,
бюджетке түспейді, бұл қылмыстық әрекеттердің өсуіне жағдай жасайды. Мұндай
экономикалық саясат жұмыс орындарының Қазақстанда емес экспортер елдерде
ашуға жағдай жасап жатыр. Ішкі нарықта импорттық тауарлардың ұлттық тауар
өндірушілерін ығыстыру апатты сипатта болып отыр. Жеңіл өнеркәсібінің
көптеген кәсіпорындары өндірісті қысқартуға, кей жағдайда толық тоқтатуға
мәжбүр болды. Мысалы, ұлттық жеңіл өнеркәсібінің басы – жалпыодақтық даңққа
ие болған Семей жүнді алғашқы өңдеу комбинаты банкроттыққа ұшырап, мыңдаған
адамдарды жұмыссыз қалдырды. Осындай жағдайға Семейдегі Камвольды-шұға
бірлестігі де, пальто өндіретін Гагарин атындағы фабрикасы да (Алматы қ.)
және т.б. дұшар болды.
Қазақстанда ХХІ ғ. басында қалыптасқан экономикалық ахуал халық
тұтыну тауарлары өндіретін салалардың алға басып дамуына әзірше айқын үміт
беріп отырған жоқ. Жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар жеңіл
өнеркәсіпті созылған дағдарыстан шығарудың берік негіздерін жасаған жоқ.
Және де сала кәсіпорындарының қазіргі кездегі техникалық күйін
бағалай отырып, техника және технология аясында артта қалу үрдісі едәуір
тереңдей түскенін мойындау керек. Жалпы жеңіл өнеркәсібінің барлық
салалары шетел фирмаларынан жылдарға емес онжылдықтарға артта қалғаны
айқын.
Сондақтын өнеркәсіп өндірісінің ерекшеліктерін мен қазіргі жағдайын,
мәселелерін талдау, өнеркәсіп өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін арттыру
механизмің жетілдіру Қазақстан экономикасын үшін өте өзекті мәселе.
Диплом жұмысында Қазақстан Республикасының және оның аймақтарындағы
жеңіл өнеркәсіп саласындағы экономикалық потенциалын талдауға, оның негізгі
мәселелерін зерттеуге, жетілдіру жолдарын талдауға әрекет жасалды.
Диплом жұмысының мақсаты Қазақстан Республикасының өнеркәсіп
өндірісінің теориялық аспектілерін зерттеу негізінде республикадағы
өнеркәсіп өндірісінің (жеңіл өнеркәсіп мысалында) жағдайын талдау, осы
саладағы инновациялық процестердің дамуын талдау, өндірілетін өнімнің
бәсеке қабілеттілігін жетілдіру механизмін зерттеу болып табылады.
Алға қойған мақсатты орындау үшін мына төмендегі міндеттерді шешуге
әрекет жасалды:
• Өнеркәсіп өндірісінің теориялық аспектілерін зерттеу;
• Өндірістің экономикалық мазмұны және өндірістік процестің сипаты мен
құрылымын зерттеу;
• Қазақстан Республикасы өнеркәсіп өндірісінің тарихи аспектілері мен даму
ерекшеліктерін зерттеу;
• Қазақстандағы өнеркәсіп саясатының механизмдерінің ерекшеліктерін игеру;
• Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібінің потенциалын талдау;
• Оңтүстік Қазақстан облысындағы жеңіл өнеркәсіп өндірісінің дамуын талдау;

• Жеңіл өнеркәсіп саласындағы инновациялық процестердің дамуын талдау;
• Жеңіл өнеркәсіп саласындағы бәсеке қабілеттілігін жоғарлату механизмін
зерттеу;
• Қазақстан Республикасында өнеркәсіп өндірісін дамыту жолдары мен
бағыттарын зерттеу.
Алға қойған міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасы бойынша қажетті
теоретикалық мәліметтер мен статистикалық мәліметтер жүйеге келтіріліп,
жетекші экономисттердің теориялары мен ғылыми көзқарастары зерттелді.
Ғылыми зерттеу объектісі. Өнеркәсіп өндірісінің (жеңіл
өнеркәсібіндегі) ерекшеліктері мен өндірісітік үрдісті сипаттайтын негізгі
көрсеткіштері болып табылады. Зерттеу объектісіне Оңтүстік Қазақстан
облысының жеңіл құрылымдары алынған.
Диплом жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспе бөлімнен, үш тараудан
және қортынды бөлімнен тұрады. Диплом жұмыс 70 бетте жазылған, онда 10
кесте, 3 сурет бар.
Бірінші тарауда өнеркәсіп өндірісінің теориялық аспектілері,
өндірістің экономикалық мазмұны және өндірістік процестің сипаты мен
құрылымы, Қазақстан Республикасы өнеркәсіп өндірісінің тарихи аспектілері
мен даму ерекшеліктері зерттелді.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібінің
потенциалы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы жеңіл өнеркәсіп өндірісінің
даму ерекшеліктері, жеңіл өнеркәсіп саласындағы инновациялық процестердің
даму қарқындағы мен ерекшеліктері қарастырылды.
Үшінші тарауда жеңіл өнеркәсіп саласындағы бәсеке қабілеттілігін
жоғарлату механизмінің ерекшеліктері мен Қазақстан Республикасындағы
өнеркәсіп өндірісін дамыту жолдары мен бағыттары қарастырылды.
Қорытынды бөлімде зерттелген тақырып пен пайдалылығын бағалау бойынша
негізгі қортынды жасалған.

І ТАРАУ. ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1.Өндірістің экономикалық мазмұны және өндірістік процестің сипаты
мен құрылымы

Күнделікті өмірде "экономика" және "өндіріс" – ұқсас ұғымдар. Бірақ
экономикалық теорияда олар әртүрлі мазмұнға ие. Өндіріс бұл экономиканың
тек бір бөлігі ғана. Экономика әрқашан өндірістен тұрады, бірақ өндіріс
әрқашан экономика бола бермейді, демек, экономика ұғымының көлемі өндіріс
ұғымынан әлдеқайда ауқымды.
Экономика өзінің құрылымы бойынша қоғам өмірінің болашақ ерекше
сферасы бола отырып, әлеуметтік сипатқа ие. Ал өндіріс тек ғана
технологиямен байланыстырылуы мүмкін. Өйткені оның қалыптасуы үшін
әлеуметтік байланыстар міндетті емес (мысалы, Робинзонның шаруашылығын
өндіріс ретінде сипаттауға болады, бірақ ол экономика болып табылмайды).
Экономикаға синоним адамдардың біріккен іс-әрекеті формасында жүзеге
асырылатын "қоғамдық өндіріс" категориясы бола алады. Шындығында біріккен
өндірістік қызмет туындаған кезде экономикалық қатынастардың барлық буыны
пайда болады: егер бірігіп өндірген болсақ, онда сол өндірген өнімді қалай
бөлуге, айырбастауға, тұтынуға болады? Біріккен шаруашылық іс-әрекетте
өндіріс әрқашан экономикаға ұласады. Өйткені өндірістің қатысушыларына
тұрақты түрде қандай жағдайларда олар өндіреді (яғни өндіріс жағдайы кімге
тиесілі болады), өндірілген өнім қандай принципке сай бөлінеді, өнімнің
жеке үлесі мен айырбастау принциптері қандай, тұтыну формалары қалай болмақ
деген мәселелерді шешу қажет. Міне, сондықтан да саяси экономиялық теорияда
"өндіріс" түсінігі екі жақты тұжырымға ие: біріншіден, ол экономиканың
фазалық сипаттамасында ерекше, дербес және басты фаза, екіншіден, ол
қоғамдық болып табылады, бұл жағдайда "бөлу", "айырбас" және "тұтыну"
өндіріс жүйесіне оның ажырамас құрамдас бөлігі ретінде енген.
Адам мен қоғамның өмірінің негізінде өндірістің шаруашылық қызметі
жатыр. Өндіріс - бұл адамдардың табиғаттың заттарына ықпал жасай
отырып, материалды және рухани игіліктерді өндіру процесі. Игіліктер деп
адамдардың мақсаты мен талабына жауап беретін, олардың кажеттіліктерін
қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Оларды екі топқа бөлуге болады: табиғи
заттар (жер, орман, өзен, көлдер т.б.) және экономикалық игіліктер-
адамдардың саналы өндірістік қызмет нәтижелері. Өндіріс үш элементтің өзара
әрекеттесуі арқасында жүзеге асады: адам еңбегі, еңбек заттары және еңбек
құралдары. Оларды еңбек процесінің қарапайым мезеттері деп атау
қабылданған.
Еңбек - бұл адамдардың материалды және рухани игілік пен қызметті құру
бойынша мақсатқа сай қызметі. Еңбек заттары дайын өнім жасаудағы адамның
еңбегі мен ықпалы. Еңбек құралдары адамның еңбек заттарына ықпал жасайтын
құралдары. Қандайда бір тауар құруға қажетті еңбек заттары мен құралдары
өндіріс құраддарын белгілейді.
Игіліктер өндірісі: 1-ден, адам мен табиғатың қарым-қатынасы; 2-ден
адамның шаруашылық қызмет процесінде өзара әрекеттерін көрсетеді. Өзара
байланыстың 1-ші түрін өндіргіш күштер деп атайды; 2-шісін экономикалық
қатынастар деп;атайды.
Өндіргіш күштер бұл қоғамдық өндірістің өзара әрекетіндегі жеке (жұмыс
күш) және заттай (өндірістің құралдары) факторлар.
ҒТР өндіріс факторларын жаңғыртады. Осылайша өндіріс құралдары
информатикамен, электронды есептеуіш және компьютерлік -техникамен
байытылады. Еңбек жағынан да сапалы өзгерістер болады. Оның ғылыми
ұйымдастырылуы пайда бола бастайды, жұмысшылардың квалификациялық және
парасатты деңгейі көтеріледі, адамның кәсіпкерлік қабілеттілігінің ролі мен
мәнділігі артады.
Экономикалық қатынастар бұл материалды және рухани игіліктер мен
қызметтерді тұтыну және айырбастауда, орналастыруда, өндіріс процесінде
пайда болған адамдар арасындағы қатынас. Экономикалық қатынастардың сипаты
өндіріс құралдарына меншіктік формасымен анықталынады. Олар өздеріне 1-ден,
тек өндіріс саласында тартылатын өндірістік қатынастарды және 2-ден,
өндірістік емес саладағы қатынастарды қосады. Экономикалық қатынастар
құбылыс бойынша ұйымдастыру -экономикалық және әлеуметтік болып екіге
бөлінеді.
Ұйымдастыру-экономикалық қатынастар өндірілген өнім өндірісінің,
бөлінуі мен айырбасталуының қалай ұйымдастырылғанына қарай қалыптасады.
Еңбекті бөлу, еңбек кооперациясы өндірістің шоғырлануы және оның
орталықтандырылуы және тағы басқа ұйымдастыру формалары болып табылады.
Бұл қатынастардың құрылуымен дамуын тарихта үш этапқа бөлуге болады:.
1) Еңбектің қарапайым кооперациясы;
2). Мануфактура;
3). Машиналық өндіріс;
Еңбек кооперациясы бір адамның басқаруымен біркелкі жүмыс орындайтын
бірнеше адамдардың бірігуі. Бұл бір адамның міндеттерді шешу үшін және
мұнымен экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін күшінің жетіспеуінен
біріктіруге мүмкіндік берді.
Мануфактура бұл да еңбек кооперациясы, бірақ айырмашылығы өнімділікті
едәуір арттыратын еңбекті бөлу қатысады.
Машиналық өндіріс еңбектің өтімділігімен өндірістің тиімділігінің
өсуіндегі келесі нақты қадам болып табылады. Ол өндірістің техникасы мен
технологиясын түбегейлі өзгертті және өндірістің жаңа техникалық
қабілеттілігіне өтуді шарттады.
Әлеуметтік-экономикалық қатынастар өндіріс құралдарына меншіктің
формасымен анықталатын өндіріс шарттары бойынша адамдар арасында
қалыптасады. Тұтыну, айырбастау, бөлу және өндірістік қатынастардың
әлеуметтік-экономикалық мазмүны меншікті формадан тәуелді болады. Бұл
қатынастардың дамуы әр уақытта меншіктенушінің қызығушылығында жүзеге
асады.
Қоғамдық өнім адамдардың жыл бойғы қызметтерінің нәтижесі болып
табылады. Өз айналымында ол төрт сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және
тұтыну.
Өндіріс қоғамдық өнімді өндірудің бастапқы сатысы, осыдан
қозғалыс басталады. Ол қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін
қажетті материалдық өнім өндіру процесі. Адамзат қоғамы дамуының барлық
сатыларында да өндіріс басты орын алады. Ол жөнінде әр түрлі экономистердің
айқындамалары бар. Бір экономистердің ойы бойынша өндіріс қоғам өмірінде
жетекші, шешуші роль атқарады. Өйткені тек өндіргенді бөлуге, айырбастауға
және тұтынуға болады. Басқалардың ойы бойынша айырбас пен бөлу қоғамда
шешуші роль атқарады. Өйткені айырбас жүрген кезде экономика пайда болады.
Олар өздерінің шешімдері мен Батыс зерттемелерін қолдайды. Себебі ол жерде
айырбас пен бөлу бастапқы саты болып табылады.
Бөлу өндірілген өнімде адамның әрбір анықталған үлесін білдіреді.
Айырбас бұл бір тауарлар келесі тауарларға айырбасталатын
процесс. Бір шынжырдың бойы сияқты бөлу мен айырбас өндіріспен
байланысқан. Айырбас пен бөлу өндіріс пен тұтыну арасындағы байланысты
қамтамасыз етеді.
Тұтыну өз алдына адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін құрылған
игіліктерді қолдануды көрсетеді. Өнімді қолданудағы нәтиже қорытындысы
тұтыну болып табылады.
Тұтыну өндірістік және өндірістік емес болуы мүмкін. Өндірістік түтыну
өндіріс процессінде өндіріс құралдары мен жұмыс күшін қолдануды білдіреді.
Өндірістік емес тұтыну қоғамдық және жеке түрінде көрініс табады. Жеке
тұтыну бұл адамдардың қажеттіліктерін тамақпен, білім берумен, киіммен,
демалыс орындарымен және т.б. өнімдермен қанағаттандыру.
Қоғамдық тұтыну қоғамның қажеттіліктерін ғылыммен, біліммен,
мәдениетпен басқару және т.б. қажеттіліктермен қанағаттандыру.
Адам тұтынған кезде, ол өнім сапасын жоғалтады, яғни оларды қайтадан
өндіру қажет.
Үдайы өндіріс бұл өндіріс процесінің қайталануы. ¥дайы өндіріс жәй және
үлғаймалы ұдайы өндіріс болып екіге бөлінеді. Жәй ұдайы өндіріс - өндіріс
процесінің алдыңғы масштабындағыдай қайталануы. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс -
барлық ұлғайтылған мөлшерде жаңартылу түсінігін береді.
Қоғамдық өнім қозғалысының барлық төрт сатысы бір-бірімен тығыз
байланысқан және қоғамдық өндірісті құрайды.
Тиімділік қоғамдық өндірістің қалыптасуының басты көрсеткіші болып
табылады. Ол өндіріс шығындарының нәтижелік қатынасымен анықталады.
Кез-келген өнімнің өндіріс процесі қажетті еңбек құралдарының көмегімен
еңбек заттарына жанды еңбектің әсері болып табылады.
Негізгі өндірістің өнімі - өткізу мақсатымен (мысалы: сағат шығару
зауыттарының сағаттары) шығарылады, ал көмекші өндіріс өнімі -
кәсіпорындардың жеке қажеттіліктері үшін негізгі өндіріс өнімдерін дайындау
барысында пайдаланылады (мысалы: өнімді дайындау үшін қажетті арнайы
аспаптар).
Дайын өнімді өндіру үшін қажетті, бірақ берілген кәсіпорын дайындап
шығармайтын, яғни басқа кәсіпорындардан алынатын өнімдер сатып алынатын
өнімдер деп аталады. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар, яғни өнімдер
екіге бөлінеді:
-кәсіпорында өңдеуді әрі қарай талап ететін;
-берілген кәсіпорында өңдеусіз бірден дайын өнімді құрау үшін
пайдаланылатын фабрикаттар.
Өз өндірісінің жартылай фабрикаттарына берілген кәсіпорындағы цехтардың
бірінде өңдеуі аяқталған, бірақ басқа цехтардан өңдеуді талап ететін
өнімдер жатады.
Жай өндірістік процестерде шикізат немесе материалдардың бір түрінен
реттік өңделуі негізінде алынатын дайын өнімдерді дайындама бөлшектер деп
атайды.
Күрделі процестерде бірнеше жай процестердің қатарласып үйлесуі жүзеге
асырылады, нәтижесінде көп бөлшекті өнім дайындалады (мысалы: станок,
телевизор, т.б.).
Өнім өндірісінің технологиялық процесі бірнеше бөлшектік процестерден
құралады. Олар технологиялық операцияларға бөлінеді.
Технологиялық операция –бұл бір жұмыс орнында бір немесе бірнеше
жұмыскерлермен белгілі бір еңбек заттарына орындалатын өндірістік процестің
бір бөлігі.
Технологиялық операция материалдық ресурстарды нормалау, еңбек
шығындары мен еңбек ақыны жоспарлау, есептеу және бақылау объектісі болып
табылады.
Жұмыс орны – бұл жұмысшы белгілі бір өндірістік операцияны жүзеге
асыратын өндірістік алаңның бір бөлігі. Ол операцияны орындау үшін қажетті
жабдықпен, қондырғылармен жабдықталған. Жұмыс орындарын ұйымдастыру
деңгейінен, олардың негізделген саны мен мамандануын анықтау деңгейінен
кәсіпорын жұмысының соңғы нәтижелері тікелей байланысты. Еңбек құралдарымен
жарақталу деңгейі бойынша технологиялық операциялар төмендегідей бөлінеді:
1. Қолдай операциялар – машинаның көмегінсіз қол аспаптарының
көмегімен орындалатын операциялар.
2. Машина-қолдай операциялар – бұл жұмысшылардың тікелей қатысуымен
және машиналардың көмегімен орындалатын операциялар.
3. Машиналық операциялар- бұл операциялар машинаның көмегімен
орындалады және жұмысшы мұнда шектеулі функцияларды орындайды. Мысалы:
жұмысшының өңдеу алдында бөлшекті бекіту және оны өңдеуден соң босатып алу
операциясы.
4. Автоматтандырылған операциялар- бұл автоматты түрде жұмысшылардың
қатысуынсыз орындалатын операциялар.
5. Аппараттық операциялар- бұл операциялар арнайы аппараттарда
орындалады және мұнда еңбек заттарына электрлік және басқа да энергия
көздерімен әсер ету арқылы жүзеге асрылады. Аппараттық және
автоматтандырылған процестерде жұмысшы технологиялық процесті реттеу және
бақылау функциясын жүзеге асырады. Аппараттық операцияларға химиялық және
металлургиялық өнеркәсіптің көптеген процестері жатады.
Өндірістік процесс көптеген бөлшектік өндірістік процестердің
сандарынан тұрады және олар өнімнің дайындалуының тағайындалуы бойынша:
негізгі, көмекші және қызмет ету процесі болып бөлінеді.
Негізгі процестерге нәтижесінде еңбек заттараның формасы мен көлемі,
сыртқы түрі мен ішкі құрылымы және оның құраушы бөліктерінің өзара
орнадасуы өзгеретін технологиялық процестер жатады.
Негізгі процестер күрделі өндірістерде 3 кезеңнен тұрады: дайындамалық,
нәтижесінде дайындамалар құралады; өңделетін, нәтижесінде дайындамалар
дайын өнімге айналады және құрастырушы, нәтижесінде дайындалған өнімдер мен
сатып алынатын дайын өнімдерден тізбектік немесе өнімнің жалпы құрастырылуы
орындалады.
Өнімді дайындаудың технологиялық процесіне сондай-ақ табиғаттық
процестер де жатады. Оларға енбек заттарына әсер етуші табиғаттың физикалық
және химиялық күштері жатады. Бұл процестер әдетте ұзақ уақытты алады,
сондықтан оларды жасанды процестермен алмастырады.
Көмекші немесе қосымша процестері негізгі процестердің өтуін қамтамасыз
етеді. Оларға: негізгі өндіріске қажетті аспаптарды дайындаумен байланысты
процестер жатады.
Қызмет ету процесі дегеніміз – бұл техникалық бақылау, транспорттық
және қоймалық операциялар болып табылады.
Өндіріс тиімділігі, өнім сапасы өндірістік процесті тиімді ұйымдастыру
деңгейімен анықталады.
Өндірістік процесті тиімді ұйымдастыру принциптеріне жататындар:
1. Мамандану принципі- бұл кәсіпорында және оның құрылымдық
бөлімшелері арасында еңбектің бөлінуін білдіреді.
2. Қатарласу принципі – бұл белгілі бір өнімнің дайындалуымен
байланысты өндірістік процестің жекелеген бөлшектерінің бір мерзімді
орындалуын қарастырады.
3. Пропорционалдық принцип -бұл белгілі бір уақыт бірлігінде өзара
байланысқан кәсіпорын бөлімшелерінің - жұмыс орындары, цехтар, өндірістік
алаңдар, яғни учаскілердегі салыстырмалы бірдей өнімділікті білдіреді.
4.Тікелей принцип- еңбек заттарының қысқа жолын қамтамасыз етуді
білдіреді, яғни шикізат, материал және жартылай фабрикаттарды өндіріске
қосудан бастап дайын өнімді шығару сәтіне дейінгі қысқа жолы.
5. Үздіксіздік принципі- өнімді дайындау бойынша әрбір бөлшектік
процес алдыңғы процес аяқталысымен бірден үздіксіз басталып жүріп отыруын
білдіреді.
6. Ырғақтылық принципі- берілген өнім көлемін дайындау бойынша бүкіл
өндірістік процес және оны құраушы бөлшектік өндірістік процестер тең
уақыт кесінділерінде қатаң қайталанып отырылуы тиістігін білдіреді.
7. Жоғары жарақтану принципі- бұл принцип өндірістік процесті
автоматтандыру мен механикаландыруға бағытталған, яғни бұл төменгі білікті,
денсаулыққа зиян еңбекті, қолдай ауыр еңбекті жоюды білдіреді.
8. Сенімділік принципі- бұл белгілі бір уақыт кесіндісінде өндірістік
процестің тоқтаусыз қызметі жүзеге асырылатын өндірістік процестің
элементтерінің өзара үйлесуін білдіреді.
9. Үнемділік принципі- өндірістік процесті ұйымдастыру – еңбек,
материалдық және қаржы ресурстарын үнемді пайдаланылуы, сондай- ақ жоғарғы
өнім сапасын қамтамасыз етуі тиістігін білдіреді.
Аталған принциптер өзара тығыз байланыста болуы тиіс.
2. Өндірістік цикл, оның экономикалық мәні мен қысқарту жолдары және
оның экономикалық функциясы. Уақыт бойынша өндірістік процестің құрылуы
барысындағы маңызды міндеттердің бірі – бұл өндірістік циклдің минималды
мүмкін болатын ұзақтығына жету болып табылады.
Өндірістік цикл дегеніміз – бұл өндірістік процестің басынан оның
аяқталуына дейінгі уақыт аралығын айтады.
Өндірістік цикл ұзақтығын есептеудің көп мақсаттық тағайындалуы бар. Ол
цехтардың өндірістік бағдарламаларын өңдеу барысында, жұмыс орындары мен
жабдық жүктелуі барысында, өндірістің календарлық қозғалысын өңдеу
процесінде, аяқталмаған өндіріс көлемін есептеу үшін, қажетті айналым
құралдарының көлемін есептеу үшін пайдаланылады.
Жалпы өндірістік цикл құрамына жұмыс мерзімі- технологиялық
операцияларды, табиғи процестерді дайындау- аяқтау жұмыстарын, бақылау және
транспорттық операцияларды орындау және үзілістер уақыты кіреді.
Үзілістер цикл ұзақтығын есептеу барысында операция аралық (смена
ішіндегі) және смена аралық болып бөлінеді.
Операция аралық үзілістер – жұмыстың партиямен орындалуына,
комплектілігіне және күтуге байланысты үзілістерден құралады. Бұйымдарды
партиямен дайындау барысында әрбір бұйым өңдеуді күтіп біраз жатып қалады
және өңдеуден соң барлық партия дайындалып біткенше тағы да жатады. Ал
комплектілеу үзілістері бұйымдардың дайындама фазасынан өңдеуге өту
кезеңінде, өңдеуден құрастыру процесіне өтуі кезеңінде пайда болады. Күту
үзілістері екі жақын операцияның әртүрлі еңбек сыйымдылықтары жағдайында
пайда болады, яғни алдыңғы операция одан кейінгі операцияның жұмыс орны
босағаннан бұрын аяқталып, өз кезегін күту үзілісі пайда болады.
Сменааралық үзілістер – бұл кәсіпорынның жұмыс режимімен анықталады
(түскі үзілістер, жұмыс сменалары арасындағы үзілістер, демалыс, мейрам
күндеріне байланысты үзілістер).
Өндірістік цикл ұзақтығын есептеу барысында технологиялық
операциялармен жабылмайтын уақыт шығындары ғана ескеріледі, яғни бақылау,
тасымалдау уақыт шығындары. Ал ұйымдастыру техникалық ақауларға байланысты
пайда болған шығындар (жұмыс орнын материалмен уақытылы қамтамасыз
етілмеуі, еңбек тәртібінің бұзылуы) жоспарлы өндірістік цикл ұзақтығын
есептеуде ескерілмейді. Өндірістік цикл ұзақтығы календарлық уақыт бойынша
белгіленеді [1].

Өндірістік цикл

Жұмыс мерзімі Үзілістер
Операция-лықҚызмет Табиғаттық Операция- аралықСмена- аралық
цикл көрсету процестер
процесі

Технологиялық Дайынд БақылауТранспо ПартиялКомпле
операциялар ау-аяқ рттық ылық ктілік
тау
жұмыст
ары
Жалпы өнеркәсіп, 100 100 100 100 100 100 100
соның ішінде
Отын, жағармай 7,8 26,5 27,0 19,9 32,3 41,0 40,8
өнеркәсібі
Қара металлургия 6,3 10,7 11,9 1,7 1,2 1,3 1,2
Түсті металлургия 10,2 11,8 13,8 2,0 2,0 1,7 1,6
Химия және 6,5 3,6 2,2 8,2 8,8 7,2 8,0
мұнай-химия
Машина жасау және 15,9 7,1 5,3 23,3 24,6 23,4 21,9
металл өңдеу
Орман, ағаш өңдеу 2,8 0,9 0,8 1,3 1,0 1,0 1,1
және целлюлоз-қағаз
Құрыс материалдар 5,7 2,9 2,2 1,7 0,8 0,8 1,1
өнеркәсібі
Жеңіл өнекәсіп 15,5 2,4 2,1 1,6 1,6 2,1 2,1
Тамақ өнеркәсібі 22,,3 17,0 19,3 18,8 14,5 12,1 13,0
Басқа түрлері 17,0 17,1 15,4 21,5 13,2 9,4 9,4
Ескерту – құрастырылған:1) статистикалық жылнама ,2007, Алматы:ҚР стат.
агенттігі, 2007. 2) Қазақстан өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және құрылысы
1920-2000.стат. жинақ – Алматы, 2001.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін жергілікті шикізат ресурстарына
негізделген Алматыда орналасқан трикотаж, шұға және мақта иіру фабрикалары,
Семейдегі шұға комбинаты, аяқ киім және шұлық фабрикалары, Қостанайда
орналасқан аяқ киім және тігін фабрикалары, Қызылорда, Жамбыл және Семей
қалаларында орналасқан былғары өңдеу кәсіпорындары, Алматытыдағы мақта-
мата, Қостанайдағы камволь-шұға, Жамбылдағы былғары аяқ киім комбинаттары,
Қарағандыдағы шұлық және аяқ киім фабрикалары, Ақтөбе және Жезқазғандағы іш
киім трикотажы фабрикалары, Семейдегі сыртқы трикотаж фабрикасы құрайды.
1990 жылға дейін Қазақстанда 30 млн. пар былғары аяқ киім, 100 млн. ұзындық
метрге дейін мата (оның ішінде 10% жүннен тоқылған) өндірілген еді.
Соңғы жылдар ішінде жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру күрт қысқарып
кетті. Егер 1990 жылы өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемінде оның үлес
салмағы 16% құраса, қазіргі кезде - 2% құрап отыр (1 кесте)
Сала өнімінің өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағының
төмендеуі ең алдымен өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты (2 кесте).
Жалпы өңдеу өнеркәсібі бойынша сыртқы нарықта тек металлургия
өнеркәсібі ғана бәсекеге түсе алады, ішкі нарықта тамақ өнеркәсібінің
кейбір тауарлары импорттық аналогтармен бәсекеге түсүде. Өңдеу
өнеркәсібінің қалған бөлігі қазіргі кезде тікелей немесе жанама
субсидиялар есебінен қалыпта ұсталуда (электр қуатына, жанармай
материалдарына, өнімді тасымалдауға төмен және экономикалық негізделмеген
тарифтер қою, қорғаушы кеден баждарын қою).
2007 жылға дейін өнеркәсіптің кейбір салаларына (машина жасау, тоқыма,
тігін, былғары аяқ киім, резиналық және пластмасалық бұйымдар өндіру, химия
өнеркәсібі) бюджет алдында өткен шақтағы берешегі бойынша қайтару мерзімі
үстемақысыз ұзартылды. 2004 жылға дейін тоқыма, тігін, былғары- аяқкиім
өнеркәсібінің салалары өндірген жеке меншік өнімдерін өткізуге ҚҚС нольдік
ставка бойынша алынды [3].
Жеңіл өнеркәсіп - тұтыну тауарларының ең басты өндірушісі және еңбек
ресурстарын тиімді қолдануға мүмкіндік беретін республиканың кешенді
дамуының қажетті буыны. Он жылдар бойы осы сала Қазақстанның экономикалық
өмірінде негізгі рөлдердің бірін атқарды. Кеңес уақытында осы сала
бюджеттік түсімдердің 30% беріп отырды, 223,2 мыңнан астама адамды жұмыспен
қамтыды, ал қазір жеңіл өнеркәсіп барлық бюджеттік түсімдердің 0,52% және
27,6 мың адамды ғана жұмыс орындарымен қамтып отыр.
Нарық қатынастарына көшумен байланысты қиындықтар бұл саланыда айналып
өтпеді. 1994 жылға дейін сала аса тиімді болды , пайдасы жалпы өнеркәсіп
пайдасының 20% құраған еді. Бюджеттің табысты бөлігі өңдеуші өнеркәсіп
есебінен құрылатын еді[4]. Бірақ 1998 жылы соңғы салық түсімдері 1% -ға да
(0,52%) жетпеді. Төленген салықтар мен төлемдер ішінде тоқыма және тігін
кәсіпорымен тек 45% ғана аударылған, ал саланың былғары - аяқ киім
кәсіпорындарымен - 29%. Бұл жағдай, негізінде, өндіріс көлемдерінің күрт
қысқаруымен байланысты еді. Бұл жағдайға ұшырауы отандық кәсіпорындардың
жақын арадағы көршілес елдермен баға бойынша бәсекелесуге қабілеті
болмағанды. Өкінішке орай ішкі нарықтағы жағдайда осылай еді.

2-кесте. Жеңіл өнеркәсіп өнімдері өндірісінің динамикасы

Көрсеткіштің аталуы

Егер 1991 жылы Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс көлемі (ӨӨК) 15798,4
млн.тенге құрайтын 760 жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары (ЖӨК) тіркелген болса,
1993 жылы 1991 жылмен салыстырғанда ЖӨК саны 36%-ға, ал ӨӨК - 8,3%-ға
қысқарды; 1995 жылы ЖӨК - 46,2% өсімге қарамастан, ӨӨК тек 4,7% көбейді;
1997 жылы ЖӨК саны 7,1%-ға қысқарды, бірақ ӨӨК - 8,9%-ға көбейді; 2005 жылы
ЖӨК саны 18,2%-ға қысқарды, ал ӨӨК 14,7% көбейді; 2007 жылы ЖӨК - 2,1%-ға,
ал ӨӨК - 171,8%-ға көбейді. Бірақ 2006 жылдан бастап қайтадан құлдырау
басталды, ЖӨК саны 2007 жылмен салыстырғанда 0,6%, сәйкесінше ӨӨК 1,36%
қысқарды. Өнеркәсәптік-өндірістік персонал саны жылдан жылға қысқарып
келді. Егер 1991 жылы оның саны 205,8 мың адам құраса, онда 2007 жылы ол
180,1 мың адамға қысқарды, яғни 87,5%-ға. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы
көлемінде жеңіл өнеркәсіп өнімінің үлесі 2005 жылдағы 1,6% қарағанда
2004 жылы да, 2007 жылы да 2,1% құрады. 2007 жылы саладағы айлықтың орташа
мөлшері 10198,5 теңгені құрады, бұл 2000 жылдан 1,75 есе жоғарырақ, бірақ
бұл ҚР-ның өнеркәсібі бойынша есептегенде бірақ 2,7 есе (3 кесте).

3-кесте. 1993-2006 жылдары ҚР жеңіл өнеркәсібінің негізгі экономикалық
көрсеткіштері.
Көрсеткіштер 1993 1994 1995 1997 2000 2005 2007
Өнеркәсіп өндірісінің1323,5 12906,116546,017211,018115,042 944,042358
көлемі, млн. тенге
Өнеркәсіп өнімінің 5,8 3,8 2,5 2,1 1,6 2,1 1,8
жалпы көлеміндегі
сала өнімінің үлесі,
%
Өнеркәсіп 486 1286 1111 630 622 776 771
кәсіпорындары мен
өндірістердің саны,
барлығы
Өнеркәсіп-өндірістік 121,6 121,5 99.7 63,7 30,9 27,5 25,7
персоналдың саны, мың
адам
Өнеркәсіп-өндірістік 115,0 1378,0 3658,0 5385,0 5827,0 8977,5 10198,5
персоналдың орташа
айлығы, тенге
Негізгі капиталға 35 84 48 963 1721,3 1129
инвестициялар, млн.
тенге
Ескерту – ҚР статистика бойынша Агенттігі

Статистикалық мәліметтер бойынша 2006 жылы өнеркәсіп өндірісінің жалпы
көлемінде жеңіл өнеркәсіп үлесі 1,8% құрады. Осы сферадағы кәсіпорындарының
көпшілігі өз өндіріс мүмкіншіліктерінің 20%-ын ғана, ал кейбір жағдайларда
өндіріс әлеуеттінің тек 5% ғана қолданылып жатыр [5].

4-кесте. 1999-2007 жыл аралығындағы экономикалық қызметінің түрлері
бойынша нақты түрдегі жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі
1999ж 2000 ж 2005 ж 2006 ж 2007 ж 2007ж.
1999ж.
қат-сы,%
Мақта талшықтары, 66740 95463 112741 137364 131942 197,7
тонна
Мақтадан иірілген жіп,1783 967 1466 24520 3743 209,9
тонна
Жүннен иірілген жіп, 1428 319 510 389 389 27,2
тонна
Маталар, барлығы, 12537 6823 9925 19163 22975,5 183,3
мың ш.м.
Соның ішінде: мақта 9258 5289 7616 14204 19926,0 215,2
мата, мың ш.м.
Төсек саймандары, мың 589.0 2042,0 - - 1599,8 271,6
дана
Кілем және кілемдік 154,0 159.0 170.4 128.9 97,7 63,4
бұйымдары, мың дана
Трикотаж өнімдері, мың102 56 82 56 - -
дана
МІҚМ және жылқы, 2007 2850 40699 91831 93977,8 4687,2
қой-ешкі, шошқа
топтарының терілерінен
былғары, мың ш.дм.
Шұлық-носки өнімдері, 1280 1759 2935 3008 2404,6 187,9
мың пар
Саквояж, чемодандар, 7,3 0,4 - - 2,7 37,0
кейстер, портфельдер,
мектеп сөмкелері, мың
дана
Үсті былғарыдан 59 127 264 218 334,8 567,5
жасалған аяқ киімдер,
мың пар
Ескерту – ҚР статистика бойынша Агенттігі

Азық-түлік емес тауарлары (соның ішінде жеңіл өнеркәсіп тауарларын
қоса) тобы бойынша жеңіл өнеркәсіп тауарларының үлесіне азық-түлік емес
тауарлары көлемінің алтыдан бір бөлігі келеді, бұл республикадағы тұтыну
тауарларының 5% құрайды.
2006 жылы жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірітін 771 өнеркәсіп
кәсіпорында 42,3 млрд. тенге сомасына өнім шығарылды, бұл 2005 жылмен
салыстырғанда 2,34 есе көбірек. 2007 жылы жеңіл өнеркәсіп тауарлары
өндірісінің өсуі мақта талшықтары өндірісінің - 48,6%, МІҚМ (мүйізді ірі
қара мал) терісі мен басқа топтамалардағы малдардың терісі өндірісінің – 46
есе, шұлық-носки бұйымдарының - 42,5%, үсті былғарыдан жасалған аяқ киім
өндірісінің - 16% өсуімен байланысты (4 кесте) [6].
Осыған қарамастан жеңіл өнеркәсібі өз өнімімен халықтың сұранысын
толық қанағаттандырмай отыр (5 кесте). Нақты айтқанда, Қазақстан өзі
өндірген мақта және жүннен жасалған маталармен, былғары аяқ киіммен және
трикотажбен, кілемдер және кілемдік бұйымдарымен қамтылуы әлі де
жеткіліксіз. 3 кесте бойынша 2007 жылы Қазақстанда 10 адам басына 1 төсек
сайманы және 100 адамға бір пар былғары аяқ киім, екі комплект ер киімі
және 3 комплект әйел киімі өндірілген. Осы аталған және көптеген басқа
бұйымдар жақын және алыс шетел елдерінен, негізінде Ресейден, Қытайдан ,
Түркиядан және соңғы жылдары АҚШтан импортталады.

5-кесте. ҚР-да жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің адам басына шаққандағы нақ
түрдегі өндірісі
Өнім түрлері 1999ж. 2000ж. 2005 ж. 2007 ж.
Маталар, барлығы, ш.м. 0,8 0,5 0,7 1,3
Төсек саймандары, дана 0,04 0.1 0,1 0.1
Кілем және кілемдік бұйымдары, 0,01 0,01 0,01 0,01
дана
Ерлермен ер балалардың жоғарғы 0,0 0,01 0,02 0.02
киімі, дана
Әйелдер мен қыздарға жоғарғы 0.02 0,01 0,02 0,03
киімі, дана
Үсті былғарыдан жасалған аяқ 0,0 0,0 0,02 0,01
киімдер, жұп
Аяқ киім, спорттық емес, жұп 0,03 0,05 0.07 0.04
Ескерту – ҚР статистика бойынша Агенттігі

Тұтыну тауарлары нарығы (ұзақ мерзім қолданылатын тауарлардан басқасы)
бір жағынан ауыл шаруашылық, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары кіретін
өндіріс сферасынан , екінші жағынан - өндірілген өнімдерге сұраныс
құрайтын халықтан қалыптасады. Қазіргі кезде бұл схемадан үшінші жақ –
тұтыну нарығының дамуын реттеуге тиісті мемлекет түсіп қалып отыр.
Қазақстанның тұтыну нарығының жағдайына шешуші әсерін тигізе алатын нақ осы
фактор [7].
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын дамытуда Қазақстан үшін маңызды болып
территориялық фактор табылады, жеңіл өнеркәсіп өндірістері тең орналаспаған
және олар шикізат қайнарына баланып отыруда. Мысалы, шетелдік жеңіл
өнеркәсіп кәсіпорындары өндірістің тұтас (компактный) болу есесінен қалыпты
жұмыс істеуде. Қазақстанда халықтың орташа тығыздығы 1 шаршы км.-ге 6 адам
құрайды. Бұл жағдайда шағын және орташа көлемді кәсіпорындар артықшылығы
жоғары болады [8]. Шағын және орташа кәсіпорындарға көптеген өмірін қамту
мәселерін шешу жеңілдеу болады. Бір мезгілде қайта құру және ірі
кәсіпорындарды бөлу, сонымен қатар, тағы бір басты мәселені шешуге жағдай
жасайды - өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату.
Жеңіл өнеркәсібінің кәсіпорындары тең орналаспағандығы,
ассортименттің аз болуы, өндірілген жердің өзінде баға мен сапаға қатысты
бәсекеге қабілетсіз болуы және алда айтылған басқа да проблемалар сала
кәсіпорындарының құрылымын қайта құруға итермелейді. Өндірісті бөлу (шағын
кәсіпорындарға) және сегменттеу жаңа құрылған кәсіпорындарға өндіріс және
өткізу көлемін дербес түрде анықтауға, дербес түрде салық төлеп өнімнің
өзіндік құнын есептеуге, меншікті айналым құралдарын толықтыру үшін несие
алуға, және де тасымалдау шығындарын, олар өнімнің 45 пайызын құрайды,
жоспарламай-ақ аймақ бойынша максималды өтімділікті қамтып отыратын өнімнің
ассортиментің жоспарлауға мүмкіншілік береді. Осы артықшылықтардың барлығы
бағаны төмендетуге жағдай жасайды.
Шаруашылық жүргізудің нарытық механизмін қалыптастыруда ерекше рөл
атқаратын, бірақ реформаторлық қайта құру нәтижесінде ең көп шығын тартқан
тұтыну тауарлар өндірісін қалпына келтірмей Қазақстан экономикасындағы
құлдырауды жою мүмкін емес.
Әлемнің барлық елдерінің практикасында жеңіл өнеркәсіп ең басымды сала
болып табылады. Ал Қазақстанды алар болсақ, онда оның тоқымасы, киімі және
трикотажының әлемдік нарықтағы үлесі өте төмен. Өнімнің басты бөлігін
халықтың жеке тұтынуына арналған көпшілік қолды тауарлар құрайды. Оларға
маталар, киімдер, жіптер, трикотаж, кілемдік және тоқыма-галантереялық
бұйымдардың үлкен номенклатурасы жатады. Өкінішке орай, ішкі нарық
негізінде шелнөктер немесе контрабандалық жолмен әкелінген импорт
есебінен қалыптасып жатыр.
Өнеркәсіптің қирауына ауыл шаруашылық шикізаттар, өндіру құралдары
және тұтыну тауарларының бағалары арасында қалыптасқан жоғары диспаритет
болу салдарынан ауылдық тауар өндірушілермен байланыстардың бұзылуы әсерін
тигізді.
Экономиканың шамадан тыс ашық болуы [9], контракт бойынша да,
шелнөктермен де әкелінетін халық тұтыну тауарларының реттелінбейтіндігі
және олардың демпингтік бағалармен өткізілуі қалыпты бәсеке болу негіздерін
жоюда. Және де көлеңкелі бизнестің елеулі табыстары салықтан жасырылады,
бюджетке түспейді, бұл қылмыстық әрекеттердің өсуіне жағдай жасайды. Мұндай
экономикалық саясат жұмыс орындарының Қазақстанда емес экспортер елдерде
ашуға жағдай жасап жатыр. Ішкі нарықта импорттық тауарлардың ұлттық тауар
өндірушілерін ығыстыру апатты сипатта болып отыр. Жеңіл өнеркәсібінің
көптеген кәсіпорындары өндірісті қысқартуға, кей жағдайда толық тоқтатуға
мәжбүр болды. Мысалы, ұлттық жеңіл өнеркәсібінің басы – жалпыодақтық даңққа
ие болған Семей жүнді алғашқы өңдеу комбинаты банкроттыққа ұшырап, мыңдаған
адамдарды жұмыссыз қалдырды. Осындай жағдайға Семейдегі Камвольды-шұға
бірлестігі де, пальто өндіретін Гагарин атындағы фабрикасы да (Алматы қ.)
және т.б. дұшар болды.
Қазақстанда ХХІ ғ. басында қалыптасқан экономикалық ахуал халық
тұтыну тауарлары өндіретін салалардың алға басып дамуына әзірше айқын үміт
беріп отырған жоқ. Жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар жеңіл
өнеркәсіпті созылған дағдарыстан шығарудың берік негіздерін жасаған жоқ.
Соңғы жылдар ішінде жеңіл өнеркәсіп өзінің өндіріс көлемін 7 көп есе
қысқартты. Осыған орай кәсіпорындардың қаражаттық жағдайыда күрт нашарлады.
Кәсіпорындардың айналмалы капиталы тапшы немесе жоқ болуы ұзақ мерзімге
тоқтап қалуына әкелді және технологиялық құрал-жабдықтардың да тұрып
қалуына себеп болды.
Киім, мата, аяқ киім және басқа өнімдердің ішкі нарығының сыйымдылығы
жылына шамамен 45 млрд. теңге құрағанымен олардың ұлттық өндірісі 4-5
миллиард теңгеден аспайды, яғни болғаны 10% ғана құрайды[10].
Және де сала кәсіпорындарының қазіргі кездегі техникалық күйін
бағалай отырып, техника және технология аясында артта қалу үрдісі едәуір
тереңдей түскенін мойындау керек. Жалпы жеңіл өнеркәсібінің барлық
салалары шетел фирмаларынан жылдарға емес онжылдықтарға артта қалғаны
айқын.
Осы жағдайды жақсарту мақсатында 2000-2007 жылдары Қазақстан
Республикасының үкіметімен жеңіл өнеркәсіптің ұлттық кәсіпорындарына
мемлекеттік қолдау көрсету бойынша жедел шаралар қолданды: бюджетке
төлемдер 2005 жылға дейін ұзартылды; жеңіл өнеркәсіптің кәсіпорындары ҚҚС
босатылды; өнімнің кейбір түрлерінің импортына кедендік бажар қойылды және
бірқатар басқа да шаралар жүргізілді [11]. 2007 жылдың бірінші жартысында
өндірістің өсу индексі 109% құрады, бұл жеңіл өнеркәсіптің дамитынына үміт
берген еді. Бірақ, өмір көрсетіп отырғандай, бұл шаралардың жеткіліксз және
елеулі нәтижелердің әкемегенін көрсетіп отыр.

2.2. ОҚО жеңіл өнеркәсіп өндірісінің дамуын талдау

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде өндіріс көлемінің қысқаруы өндірістік
қуаттың толық іске қосылмауына немесе тоқталуына әкеліп соқты. Нақты
айтқанда, 2000 жылға қарсы өндірістік қуатты пайдалану келесідей анықталды:
мақта талшығының өндірісінде - 51,5%, трикотаж бұйымдары өндірісінде -7,1%,
аң терісі мен теріден жасалған бұйымдар өндірісінде -8,5%, былғары
галантерея өндірісінде -2,4%, аяқ киім өндірісінде -6,7%. Жұмыстың осындай
көлемдегі жағдайында да кейбір кәсіпорындар өз өнімінің өтуін қамтамасыз
алмайды [12].
Бұның басты себебі республика аймағында кәсіпорындардың әркелкі және
тиімді орналаспағандығы және кәсіпорындардың көлемі. Егер жеңіл
өнеркәсібінің республикалық өндірісінің көлемінде Алматы және Алматы
облысында орналасқан сала кәсіпорындарының үлесі 32 пайызды құраса, ал
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл сияқты үш облыстың кәсіпорындары -
14,9 пайызды құрайды. Осы облыстарда республикамызда бар он үш сала
бөлшектерінің жетеуі орналасқан еді. Республикада өндірілетін негізгі өнім
түрлерінің 23 атауынан мұнда номенклатураның 11 түрі өндірілетін еді.
Оңтүстіік облыстарда саланы құрылымының жетілмегендігі, өндірістің
құлдырау қарқыны жоғары болуы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта құру
қажет екенін және ол аймақтың басқа да экономикалық салаларымен байланыста
жүру керек екенін дәлелдейді [13].
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын дамытуда Қазақстан үшін маңызды болып
территориялық фактор табылады, жеңіл өнеркәсіп өндірістері тең орналаспаған
және олар шикізат қайнарына байланып отыруда (кесте 6).

6 Кесте. 2007 ж. аймақтық кесуде жеңіл өнеркәсібінің кейбір тауарларының
өндірісінің үлес салмағы, %.
Мақта Мақта Жүн Шүлық-носкТрикотаж Аяқ киім
талшығы маталары маталари бұйымдары(спорт.
бұйымдары емес)
Қазақстан 100 100 100 100 100 100
Республикасы
Ақмола обл. - - - 0,02 0,5 0,04
Ақтөбе обл. - - - - 0,5 0,3
Алматы обл. - 0,04 100 0,09 - -
Атырау обл. - - - - 2,1 2
Шығыс Қазақстан - - - 2,6 30,6 6,0
обл.
Жамбыл обл. - - - - 0,2 1,6
Батыс Қазақстан - - - - 0,6 0,8
обл.
Қарағанды обл. - 1,3 - 76,6 20,4 2,2
Қостанай обл. - - - - 23,4 7,7
Қызылорда обл. - - - - - 75,8
Маңғыстау обл. - - - - - 3,5
Павлодар обл. - - - - 6,8 0,1
Солтүстік - - - - 1 1,3
Қазақстан обл.
Оңтүстік 100 - - 20,7 0,7 -
Қазақстан обл.
Алматы қ. - 98,6 1,6 7,4 1,6
Астана қ. - - - - 1,0 -
Ескерту - Қазақстан аймақтық статистикалық жылнамасы статистикалық жинақ
Алматы, 2008, 204-206.

Кестедегі мәліметтердің негізінде Онтүстік Қазақстан облысындағы жеңіл
өнеркәсіп саласының құрылымын анықтауға болады. Мұнда женіл өнеркәсіп
өнімдерінің маңызды үш түрі өндіріледі: мақта талшығы (бүкіл республика
бойынша өндірілетін өнімнің 100%), шүлық-носки бұйымдары (республика
бойынша өндірілетін өнімнің 20,7%) және трикотаж өнімдері (республика
бойынша өндірілетін өнімнің 0,7%). Яғни, ОҚО жеңіл өнеркәсібі тек тоқыма
өнеркәсібімен белгеленген.
Қазіргі таңда ОҚО-да бірнеше жаңа кәсіпорын жұмыс істеуде. Олар
заманауи талаптарға сай мақта өңдеуді қолға алды. Солардың санатында:
Альянс Казахский Русский Текстиль ЖШС - біріккен кәсіпорын.
Құрамында Мырзакент қазақстандық мақта компаниясы мен Ресейдің ең алпауыт
тоқыма медиахолдингі - Руский текстиль корпорациясы бар. Жаңа өндіріс
орнының жобалық қуаттылығы 15 млн. шаршы мтер мата шығаруға саяды.
Ютекс АҚ - мақта өңдеу кәсіпорны. Жобаның жалпы құны - 19,3 млн. АҚШ
долларына тең. Ал, жылдық қуаттылық болса, 6 мың тонна мақта-қағаз
өнімдерін шығарумен пара-пар. Өнімдердің басым бөлігі Украина мен Ресейдің
жергілікті рыногына шығады.
Меланж АҚ - мақта есу фабрикасы. Жергілікті шикізаттан мақта-қағаз
өнімдерін шығарады. Кәсіпорынның күш-қуаты 2.5 мың тонна ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАВИД ЖШС өнеркәсіптегі кәсіпорындық өндірісті ұйымдастыру
Өндіріске арналған тауар нарығын сегменттеу
Өндірістік кооператив
Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттар
ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Өнеркәсіп және өнеркәсіп саясатының теориялық негіздері (Ақтөбе облысы Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы ММ мысалында)
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсіп саласына жалпылама шолу
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мәні
Химиялық өнеркәсіп
Цех үшін жылу жабдықтарға қойылатын талаптар
Пәндер