Өнеркәсіп экономикасы


Өнеркәсіп экономикасы
- Қазақстан өнеркәсібінің даму тарихы.
Қазақстанның индустриалдық даму мәселелерін тарихы-экономикалық тұрғыдан қарастырудың зор маңызы бар, өйткені ол арқылы Қазақстанның экономикалық дамуыңдағы күрделі мәселелерімен экономикалық артта қалушылықтың себептерін аңғаруға болады. Қазақстан қоғам дамуын индустрияландыру, өнеркәсіптің пайда болуы мен даму мәселелері барынша тереңірек талдау мен ғылыми айқындауды талап етеді. Оған қалай және қандай жолмен қол жеткізгендігін ашып көрсету, қателіктерді қайталамас үшін мәселелерді, қиыншылықтарды, оның жолды талдау аса маңызды.
1. 1. Өнеркәсіптің пайда болуы, негізгі формалары мен түрлері.
Қазақстан өнеркәсібінің пайда болуы мен дамуы, өндіруші шаруашылыққа өту жүзеге асырылып, қоланы өндіру технологиясы ойлап табылған тұстағы (б. э. дейінгі ІІ мыңжылдықтың екінші ширегі) және руда өндіру мен балқыту орын алған ежелгі кезеңге қатысты. Ұзақ уақыт бойы қазақтар шаруашылық өмірінің негізгі-экстенсивті көшпелі мал шаруашылығы болды. Қазақтың халық ретінде қалыптасуы мен қазақ мемлекетінің құрылған кезеңінен ХІХ ғасырдың ортасына дейін өнеркәсіптің бірден-бір формасы - үй кәсіпшілігі мен қолөнері еді. Үй өнеркәсібінің техникасы ғасыр бойында дерліктей өзгеріссіз болып қала берді және дамудың өте төмен деңгейімен сипатталады. Мал шаруашылық шикізатының өте көп болуы - кәсіпшіліктің мамандануын - жүн, тері өңдеуді және қазақ қоғамы мұқтаж болған әртүрлі тұтыну заттарын дайындауды анықтады. Кейбір аймақтарда мыс балқытып, темірден орақ, пышақ, үй іші тұрмыстық заттарын істеп шығарған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында, Қазақстанның Ресейге қосылуы аяталғаннан кейін өнеркәсіп пайда бола бастайды. Реседің империализм сатысына өтуі Қазақстанның да өнеркәсіптік дамуын тездетті, мұнда өнеркәсіптік кәсіпорындар саны айтарлықтай өсті. Алайда бұл өнеркәсіптік кәсіпорындар капиталистік Ресей мен басқа да империалистік мемлекеттердің қажеттіліктерін қамтамасыз етті, сондықтан да Қазақстан әртүрлі шикізатты жеткізуші ретінде, өнім өткізу нарығы ретінде болды. Техникалық жағынан нашар жорақтануы нәтижесінде бұл кәсіпорындар қолда бар шикізатты 25-30% -тен артық өңдей алмады, ол қалғандары жартылай өңделген немесе өңделмеген қалпында орталыққа шығарылып, шет елге сатылды. Қалыптасқан экономикалық жағдайлар аймақтың өндіргіш күштерінің дамуын тежеді, жаппай, қол еңбегі пайдаланылды. Мысалы, былғары өндірісінде механикалық двигателді машиналарды қолдану байқалмады, ол Батыс Еуропа мен Ресейдің ірі орталықтарында теріні қолмен илеу тәсілі әлдеқашан машинамен (Жульен машинасы) алмастырылып, Беренфорф машинасымен ұлтан, аяқ киім тауарлары өңделді.
Кәсіпорындар құрылысы тұрақты жұмысшы мамандарының пайда болуына жағдай жасады.
1. 2. Индустрияландыру жылдарында Қазақстан өнеркәсібінің қалыптасуы мен даму ерекшеліктері.
Қазақстан өнеркәсібінің дамуында индустрияландыру жылдары шешуші қадамдар жасалды. Елдің саяси және әлеуметтік- экономикалық дамуында индустрияландыру үлкен рөл атқарды, ол қоғам өміріндегі орасан зор өзгеріс болды, агрорлық, артта қалған елден индустриялды-агрорлық мемлекетке айналуға жағдай жасалды. Қазақстан тұтастай халықшаруашылық кешенінің ажырағысыз бөлігі болғандықтан индустрияландыруды жүзеге асыру мәселелерін де мемлекет шеңберінде қарастыру қажет.
ГОЭЛРО жоспары бойынша халықшаруашылығын қалпына келтіру ғана емес, сондай-ақ сол уақыттағы алдыңғы қатарлы техниканы қалыптастыру қажеттілігі атап көрсетілді. Жаңа экономикалық саясат жағдайында әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай қадам жасалды. 20-жылдардың орта шеніне қарай ел экономикасын қалпына келтіру аяқталып, бірінше кезектегі міндет - жұмыс істеп жатқан зауыт, шахта, мұнай, кәсіпшіліктерін қайта жарақтандыру ғана емес, сондай-ақ жаңа кәсіпорындар құрылысын бастау болды. Қалпына келтіру кезеңінің соңына қарай ел бұрынғысынша айтарлықтай агрорлық, шаруашылық болып қала берді. Ең алдымен барлық өзге шаруашылық салаларының негізгі ретінде ауыр машина жасау индустриясын дамыту қажет болды. Нақ машина жасау жеңіл өнеркәсіптің шапшаң дамуы мен ауыл шаруашылығын қайта құруды қамтамасыз етіп, еңбекшілердің материалдық әлауқаты мен мәдени деңгейін көтеруі тиіс еді.
Қазақстанда фабрика-зауыт өнеркәсібі тек Кеңес өкіметі жылдары пайда болды. Республика елдің ең артта қалған аудандарының бірі еді: шаруашылықтың негізгі саласын көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы құрады. Өнеркәсіп жергілікті шикізатты өңдеу мен айналысатын жарытлай қолөнершілер түрінде дамыды. Өте қарапайым Қарағандының көмір шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, мыс пен полиметал рудаларын өндіруші рудниктер шетел концессионерлеріне (жалға алушылар) өтті. Өлкенің халықшаруашылығы жиынтығы өнімінде өнеркәсіптің үлесі бар -жоғы 6, 3% - ті құрады, ол Қазақстанның ел өнеркәсібіндегі үлесі 1, 7% болды. Халықтың жалпы саны 5, 6 млн. адам жағдайында өнеркәсіп пен көлікте 74 мың жұмыскер мен 55 мың қолөнерші еңбек етті.
Қазақстанда индустрияландыруды жүргізудің басты қағидалары мен әдістері негізінен тұтастай бүкіл елдегідей болды, бірақ мұнда оны жүзеге асыруды өлкенің экономикалық және мәдени артта қалушылығымен байланысты үлкен қиыншылықтарға кездесті. Көшпелі халықтан маманданған жұмысшыларды даярлау мәселесі барынша күрделі болды. Қазақстанның индустриялдық дамуына байланысты Қазақстан халқының құрамында маңызды әлеуметтік-демографиялық өзгерістер болды-миграциялық қозғалыс нәтижесінде жергілікті халықтан орыс тіліділер басымдылыққа жетті.
Қазақстанда жаңа құрылыстардың көпшілігі тұщы сумен нашар қамтамасыз етілген шөлейтті және жартылай шөлді аудандарда орналасқандықтан, өнеркәсіп ошақтарын ашуда ең күрделі мәселелердің бірі - сумен қамтамасыз ету еді.
Қазақстанды индустрияландыру аумақты жаппай геологиялық зерттеу мен темір жолдар құрылысынан басталды.
Қазақстанның табиғи байлықтарын кең ауқымды зерттеудің арқасында пайда қазбалардың болашағы зор кең орындары ашылды. Мұнайдың жаңа кең орындары табылған. Пайдалы қазбалардың аса бой кең орындары Қазақстанда ауыр индустрияның, әсіресе оның өндіруші жанар-жағар май, көмір, мұнай, қара және тұсті металлургия салаларының басымды бағытта дамуына негіз болды.
Өнеркәсіптің бір қатар жаңа салаларының пайда болуы 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде кәсіпорындарды орталықтан елдің шығыс аудандарына көшіру мен байланысты болды. Мұнда 249-дан адам астам өнеркәсіп кәсіпорындары көшірілді. Қазақстанның алдында майдан мен тылды азық-түлік және өнеркәсіп өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесі қойылды.
Қазақстан қорғаныс өнеркәсібін негізгі түсті металдармен жабдықтаушы болды, оның кәсіпорындарында әскери техника, қару-жарақ, оқ-дәрі шығарылды. Қарағанды көмірімен Орал, Поволжье, темір жолдар қамтамсыз етілді.
1. 3. ХХ ғасырдың 50-90 жылдар аралығында Қазақстан өнеркәсібінің дамуы.
Қазақстанның индустриялдық дамуында, өндіріс көлемінің артуымен қатар өндіргіш күштерді ұйымдастыру формалары әртүрлі-жекелеген кәсіпорындар мен өнеркәсіп тараптарынан аймақтық-өнеркәсіптік кешендеріне дейін құрылған, 70-жылдар барынша жемісті болды. 70-80 жылдары Қазақстанда Павлодар-Екібастуз, Қаратау-Жамбыл, Маңғышлақ АӨК -тері құрылып, дами бастады. Батыс Қазақстан (Маңғышлақ, Бозашы) металлургиялық кешені қара және түсті металлургиялық кәсіпорындарын біріктіреді, оның ішінде Қарағанды металлургиялық, Павлодардағы ферроқорытпа және алюминий, Өскемендегі қорғасын- мырыш және титан магний, Жезқазғандағы мыс комбинаттары бар.
КСРО ыдырағанға дейін Қазақстан қорғасының 70% -ін, мырыштың 50%-ін, мыстың 30%-ін, көп мөлшерде титан, магний, сирек металлдар, алтын берген. Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қошар тау-бойыту комбинаттары Орал мен Қазақстанның рудалық негізін құрап, елдегі руданың 10% берді.
Машина жасау кешені ауыл шаруашылық техникасы, экскаваторлар, шахталар, рудниктер мен металлургиялық цехтар үшін жабдықтар шығаруға маманды. Соның өзінде жан басына шаққанда жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының өндірісі бойынша Қазақстан Одақтың көрсеткіштерден артта еді. Халық тұтынатын тауарлардың 44% -ке жуығы сырттан әкелінді.
Экологиялық жағдай қатты шиеленісті.
1. 4. Қазақстан өнеркәсібі нарқытық қатынастарға өту жағдайында.
Қазақстан республикасында қалыптасқан жағдайдан шығудың жолы нарықтық қатынастарға өтумен айқындалады. Әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканың қалыптасуы аса күрделі болып отыр.
Экономикалық дағдарысты жоюда құрылымдық және технологиялық артта қалуына байланысты республикада жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы негізінен дайындалып қабылданды, оның мақсаты бәсекелес тұтыну нарығын қалыптастыру, кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс тиімділігін арттыру және т. б. еді. Мемлекет ішінен алу мен жекешелендіруді бірнеше кезеңде: «шоғын » және «жаппай» жекешелендіруде жүзеге асырылды. Мысалы, 1993 жылы желтоқсанда аукциондар мен конкурстар арқылы жалпы сомасы 13 млн. теңге болатын 77 объект жекешелендірілді. Сонымен қатар Қазастан халықаралық конкурстар, тендерлер өткізу арқылы шетел инвесторларын тартуда. Алматы темекі комбинатын жекешелендіруге қатысқан, сомасы 250 млн. доллар инвестиция жұмсаған бүкіл әлемде белгілі АҚШ-тің «Филипп Морис» темекі корпорациясы көрнекі мысал бола алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz