Өнеркәсіп өндірісі


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Өнеркәсіп.

2008 жылғы қаңтар-наурыз айларында облыстық өндірістік кәсіпорындар (шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығын қоса есептегенде) қолданылып жүрген бағалармен 13290, 3 млн. теңгеге өнім өндірілді, ол 2007 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 3, 3 пайызға артық.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында барынша үлес алатын (65, 0 пайыз) өңдеу өнеркәсібінде 2008 жылғы қаңтар-наурызда 8637, 9 млн. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңіндегіден 3, 9 пайызға артық болды.

Машина жасау кәсіпорындары елдің алдыңғы қатарлы өнеркәсіпті кешендеріне арналған сапалы өнім шығару мақсатымен технологиялық процестердің жаңартуын жүзеге асырады, өнімнің жаңа түрлерінің өндірісін меңгереді.

2008 жылғы қаңтар-наурызда 5310, 0 млн. теңгенің тамақ өнімдері өндірілді, бұл 2007 жылғы сәйкес кезеңдегі көлемнен 4, 8 пайызға төмендеу.

Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 24, 5 пайызын алатын машина жасау саласында 2008 жылғы қаңтар-наурызда 2118, 5 млн. теңгеге өнім өндірілді және өнеркәсіп сипатындағы қызмет көрсетілді, ол 2007 жылғы қаңтар-наурызға 132, 9 пайызды құрады.

2008 жылғы қаңтар-наурызда резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 179, 6 еңгеге өнім өндірілді, ол 2007 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 31, 7 пайызға төмендеу.

Есеп беру кезеңінде өзге де металл емес минералды өнімдер өндіруде 221, 0 млн. теңгеге өнім өндірілсе, ол өткен жылғы сәйкес мерзімге қарағанда 1, 6 пайызға төмендеу.

2008 жылғы қаңтар-наурызда электр қуат, газ, су өндіруде мен бөлудің көлемі 2007 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 5, 9%-ға артық.

Ауыл шаруашылығы. 2008 жылғы қортындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 6947, 7 млрд. теңгені құрады, 2007 жылдың сәйкес мерзіміне нақты көлем индексінің 5, 2% өсүімен.

2, 7 млн. га егістік жерлер дайын, бұл барлық дәнді дақындар егістігінің ауданының 74 пайызын құрайды. Егіске арналған 497 мың. тонна көлемін дәнді тұқымдардың қажетті қорлары жиналған, олардың барлығы сортты және аудандастырылған болып келеді. Шартқа сәйкес деп танылған тұқымдардың, олардан бірінші және екінші сыныптарға - 89 пайыз жатады.

Егістік жұмыстарын өткізу үшін 63 мың. тонна дизель отын, 8, 2 мың. тонна жанармай және 3, 1 мың. тонна мотор майы керек. 10 сәуірға дейін шаруашылықтарға 83 пайыз қажетті дизель отыны, 84 пайыз бензин және 85 пайызы мотор майы әкелінген.

Ауылды техникалық қайта жарақтандыруға алынған бағыт жалғастырылуда. Есепті мерзімде жалпы сомасы 6, 4 млрд. теңгеге жаңа заманға сай ауыл шаруашылық техника сатып алынды, бұл 2007 жылғы сәйкес мерзімнің деңгейінен 2 есе артық.

Мал шаруашылығында мал басының, құстардың және өндірілетін өнім санының өсіу белгіленді. 2008 жылы қантар-наурызда бойынша еттін 17, 9 мың тонна (107, 9%), 2007 жылдың сәйкес мерзімдегі етінен, сүттің 59, 3 мың тонна (2, 3%), жұмыртқалардың 39, 0 млн. дана, өсті. Ірі мүйізді малдың саны 2, 0%, ешкіне қойлар саны 15, 5%, жылқылардың саны 6, 1%, шошқалардың саны 9, 9% және құстар саны 7, 5% өсті.

Қолданыстағы нысаналы өңірлік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде ірі жоғары технологиялық инновациялық өндірістерді игеру жөніедегі инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен саланы әртараптандару мен индустрияландыруға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуде.

«Баско» компаниясы Тайынша ауданында құны 17, 6 млрд. теңге «Еуро Одақ стандарттары бойынша ет комбинаты, құс пен малды өнеркісіптік бордақылау кешені» жобаны іске асыруда. Осы жоба «Биохим» өндірістік кешеннің технологиялық тізбегінің логикалық жалғасы болып табылады. Жоба 2007 жылғы 3 шілдеден бастап іске асырылатын Раеспубликалық тізбенің 22 серпінді жобасына енгізілді

«Зенченко и К» КС «ҚазАгроФинанс» АҚ қатысуымен басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған 800 сиырға арналған сүт кешенін салу жөніндегі пилоттық жобаның іске асыруын аяқтады. Жаңа заманғы сауын құрылғысы құрастырылды, Канададан жоғары өнімді мал әкелінді.

Мал шаруашылығының қазіргі жоғары технологиялық жаңа объектілерін салу мен өндіру және басқа агроқұрылымдарда барларды реконструкциялау жөніндегі инвестициялық жобалар белгіленді.

Кәсіпкерлік. 2008 жылғы 1 наурызда облыста шағын кәсіпорындарда 23845 субъектілер жұмыс істейді, соның ішінде заңды тұлғалар - 2607, шаруа қожалықтары - 3438, жеке кәсіпкерлер - 17800 бірлік.

2008 жылғы 1 наурызда шағын бизнесте қамтылғандардың саны 60, 5 мың адам, соның ішінде шағын кәсіпорындарда 18, 3 мың адам немесе 30, 2 пайыз, жеке кәсіпкерлікте - 34, 1 мың адам немесе 56, 4 пайыз, шаруа қожалықтарда - 8, 1 мың адам немесе 13, 4 пайыз.

2008 жылғы қаңтарн-ақпан айларына шағын бизнес кәсіпорындарының өнім шығарымы 4, 6 млрд. теңгені құрады.

Инфляция. Облыс бойынша 2008 жылғы қаңтар-наурыз айларында инфляция деңгейі - 2, 0%, бұл республикалық орташа деңгейден 0, 5% пайыздық пунктіне кеміген. Жылдың басынан бастап азық-түлік тауарлары 2, 3%-ға, азық-түлік емес тауарлар 1, 5%-ға, ақылы қызметтер 2, 1%-ға қымбаттады. (Республика бойынша - 3, 7%, 1, 6%, 1, 8%-ға сәйкесінше) .

Негізгі капиталға инвестициялар. 2008 жылғы қаңтар- наурыз айларын қоса есептеумен негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 2459, 5 млн. теңгені құрады.

Инвестиция көлемінің 46, 3%-ы құрылыс-монтаж жұмыстарына, 48, 5%-ы машина жєне құрал-жабдықтар сатып алуға келеді.

Республикалық бюджет қаражаты (3, 0%), жергілікті (8, 6%) бюджеттердің қаражаттары қарыз қаражаты (23, 5%), кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті қаражаты (60, 3%) инвестициялардың қаржыландыру көзі және шетел инвестициялары (4, 6%) болып табылады.

Жылжымайтын мүлікпен операциялар, тұтынушыларға қызмет ұсыну және жалға беру (18, 3%), өнеркәсіп (жалпы көлемнен 29, 0%), соның ішінде өңдеу өнеркәсібі (20, 2%), сауда, автокөліктерді, тұрмыстық құралдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеу (13, 1%) салалары негізгі капиталға инвестициялар жіберілген басымды салалар болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2008 жылғы қаңтар-наурыз айларында тұрғын үй құрылысына 590, 8 млн. теңге жұмсалды.

Облысымызда жалпы аумағы 15, 3 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынды. Тұрғындардың қаржысы есебінен 13, 5 мың шаршы метлік үй салынды (облыс бойынша салынған үйлердің 88, 3 пайызы), кәсіпщрындар мен ұйымдардың қаражаты 1, 8 мың шаршы метр пайдалануға берілді (облыс бойынша салынған үйлердің 11, 7 пайызы) .

Пайдалануға берілген барлық тұрғын үйлердің 11, 1 мың шаршы метрі немесе 72, 7 пайызы ауылдық жерлерде салынды.

Сумен жабдықтау . 2008 жылы «Ауыз су» республикалық бағдарлама шеңберінде су шаруашылығы құрылысына - 2670, 5 млн. теңге бөлінді, соның ішінде республиканскалық бюджеттен - 1737, 4 млн. теңге, жергілікті бюджеттен - 538, 1 млн. теңге, 395, 0 млн. теңге - Азият даму банкінің қарызы.

Аудандардың елді мекеніне су бұруды қалпына келтіру, Шал ақын ауданы Сергеевка қ. сумен қамту жүйені, М. Жұмабаев ауданы Булаев қ., Жамбыл ауданы Пресновка с., Аққайың ауданы Смирново с., Ғ. Мүсірепов ауңданы Новоишимское с., Қызылжар ауданы Бескөл с. су шаруашылығы имараттарын және тарату желілерін, Булаев топты су құбырларын қалпына келтіруді жалғастыруға, Жамбыл ауданындағы жер асты сулардың Екатеринов учаскесінен буталы ұңғымалы бастоғандар, Уәлиханов ауданындағы «Чехово с. 2 көтерілімдегі бастоған - сорғыш стансасының» тартқышын қалпына келтіру мен салуға 1737, 4 млн. теңге көлемінде республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыстың 9 елді мекенінде жер асты сулардан жергілікті ұңғымылық бастоғандар салу, сумен қамту жүйе салу, облыстың 7 елді мекенінде су құбыры желілерін қалпына келтіру және салу жоспарлануда. және жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеу белгіленді.

Азият даму банкі жобасын іске асыру шеңберінде облыстың 8 елді мекенінде 37, 3 км су құбырлар құрылысы жоспарланады.

Сыртқы сауда айналымы. 2008 жылғы қаңтар-ақпан айларында облыстың сыртқы сауда айналымы транзиттік жеткізулерді есепке алмағанда 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1, 2 есе өсті және 220, 8 млн. АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт - 58, 9 млн. АҚШ доллары (өсу 1, 0 есе), импорт - 161, 9 млн. АҚШ доллары (өсу 1, 4 есе), Ресей Федерациясымен айналым - 149, 6 млн. АҚШ доллары (өсу 1, 4 есе), соның ішінде экспорт - 13, 8 млн. АҚШ доллары (өсу 1, 6 есе), импорт - 135, 8 млн. АҚШ доллары (өсу 1, 4 есе) .

Кедендік статистика мәліметі бойынша облыстың сыртқы сауда айналымы транзиттік жеткізілімдерді есепке ала отырғанда 2008 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1, 4 есе өсті және 322, 4 млн. АҚШ долларын құрады, соның ішінде экспорт - 181, 5 млн. АҚШ доллары (өсу 1, 6 есе), импорт - 140, 9 млн. АҚШ доллары (өсу 1, 2 есе), Ресей Федерациясымен айналым - 118, 5 млн. АҚШ доллары (өсу 1, 2 есе), соның ішінде экспорт - 13, 4 млн. АҚШ доллары (өсу 1, 2 есе), импорт - 105, 1 млн. АҚШ доллары (өсу 1, 2 есе) .

Әлеуметтік қорғау. 2008 жылдың 1 сәуірде өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22, 3 пайызға кеміп, 3873 адамды құрады. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық белсенді халықтың 1, 0 пайызын құрады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 0, 3 пайыздық пунктке кем.

2008 жылдың 1 сәуірде 3016 жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылып, 6222 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 2116 адам өкілетті органдар арқылы қабылданды. Қоғамдық жұмыстарға 1192 адам жіберілді. Халықтың мақсатты топтарына кіретін азаматтар арасынан 1350 адам жұмысқа орналастырылды.

Кедейшілік шегінен төмен деңгейде тұратын адам саны 18, 2 мың адамды құрайды. Кедейшілік деңгейі 2, 8 пайызды көрсетіп, өткен жылдың денгейіне сәйкес келді.

2008 жылдың 1 сәуірде 13, 4 мың күнкөрісі төмен азаматтарға 69, 3 млн теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек белгіленді.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік ай сайынғы жәрдемақы 83, 9 млн, тенге сомасында 24922 балаға белгіленді.

Облыстағы жал бойынша жұмыс істейтіндердің ай сайынғы орташа номинал жалақысы қантар-ақпан айынын 2008 жылдын 35599 теңгені құрады. Номинал жалақының индексі 2007 жылдың сәйкес мерзіміне 118, 1 пайызды құрады.

Білім. Жалпы балабақша саны 55 бірлікті құрады, соның ішіңде 41 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме, 14 мемлекеттік емес.

2007-2008 оқу жылыңда облыстың мектеп жүйесі осы тұрпатты білім мекемелеріне арналған істегі нормативтерге сәйкес қалыптастырылып 667 бірлікті құрады.

Мемлекеттік тілде оқытатын мектептер желісі 149 бірлікті құрайды, 100 мектепте оқу екі тілде жүргізіледі: орыс және қазақ тілінде.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Петропавл қ. Победа к. алаппен 320 орынға арналған балабақша құрылысы аяқталады, Мамлют ауданы Мамлют қ. 200 орындық жатын корпусымен 400 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын мектеп-интернат, Ғ. Мүсірепов ауданы Пески с. 250 орынға арналған орта мектеп, Петропавл қ. Победа - Уәлиханов к. 320 орынға арналған балабақша құрылысы басталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүние жүзінің жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жағдайын, даму қарқынын, экономикаға қосар үлесін анықтау, жеңіл өнеркәсіптің дамуына кедергі негізгі мәселелерді қарастыру
Аймақтық өнеркәсіптік саясат
Өнеркәсіп және өнеркәсіп саясатының теориялық негіздері (Ақтөбе облысы Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы ММ мысалында)
Экономиканы дамытудағы өнеркәсіптің рөлі
Экономиканы дамытудағы өнеркәсіптің рөлі жайлы
Қазақстанда өндеуші салалардың даму бағыттары
Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамытудың қазіргі замаңғы жай-күйі
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсіп саласына жалпылама шолу
Өндіріс және ұдайы өндіріс мәні түрлері
Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz