ӨНЕРКӘСІПТЕГІ АҚПАРАТТЫҚ НАРЫҚТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ӨНЕРКӘСІПТЕГІ АҚПАРАТТЫҚ НАРЫҚТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ... ... 5
1.1 Қазақстан өнеркәсібінің әртараптандыру
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ...5
1.2 Нарық жағдайындағы ақпараттың
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Өндіріс
интеграциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .18
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..22
2.1 Қазіргі ақпараттық-аналитикалық
жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.2 Жаңа технологиялық өндірістердің дамуы мен ендірілуінің
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3 АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП ОРЫНДАРЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ-АНАЛИТИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ
ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ.35
3.1 Мәліметтер базасын құру қажеттігі мен
негізделуі ... ... ... ... ... ... . ... ... ...35
3.2 Жүйені бағдарламалау: пән аясын анықтау, байланыстарды
орнату, запростар жасау, формалармен жұмыс
істеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..38
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН
СӨЗДЕР ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..51
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..52
КІРІСПЕ

Мемлекеттің маңызды мақсаттарының бірі шаруашылық субъекттердің
функционалдауына жағдай жасау мен экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып
табылады. Экономикалық өсуді ынталандыруда мемлекет қазіргі кезде
өндірістегі технологиялық өзгерістерге сүйенуі тиіс. Қазақстан қазіргі
таңда пайдалы қазбалардың ірі қорлары бар ел. Осы себептен өнеркәсіп
саласын жетілдіру оның басты бағыты болуы тиіс.
Өнеркәсіптің дамуын тежейтін факторлар өнім өндірудің төменділігі,
отандық тауарларға сұраныстың мардымсыздығы, өндірілетін тауарлардың төмен
бәсеке қабілеттілігі, кәсіпорындардың технологиялық тұрғыдан артта қалуы.
Осы мәселелерді шешуде мемлекет ақпараттық-технологиялық бағытты ұстауы
қажет.
Қазір әрекет етіп отырған нарықтық технологиялар әлемдік
технологиялармен салыстырғанда қатты ерекшеленеді. Көптеген қазақстандық
кәсіпорындар өзінің өнімі үшін әділетті нарықтық бағасын қоя алмай, өзінің
дамуына қажетті пайдасынан айырылып отыр. Елімізге актуалды жаңа нарықтық
ортаны құрудың маңызды мәселесі - қандай да бір ақпараттық технологияны
қолдану емес, оны ендіру масштабі мен пайдалану жылдамдығы. Қазақстанда кез
келген жаңалықтарды ендіру процесі алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік елдерге
қарағанда қиын және баяу өтеді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда жалпы
қазақстандық нарық аймақтар, салалар, өндіріс топтары және т.б. бойынша
әлсіз байланысқан шағын нарықтарға бөлінген. Бұдан басқа, бұл нарықтар шын
мәнінде бос емес, мұнда келісушілік, бағаларды бақылау, нарыққа
бәсекелестердің еркін шығуына кедергі жасау кеңінен тараған.
Сондықтан да, біздің жұмысымыздың мақсаты - жаңа ақпараттық
технологияларды ендіру тиімділігін көрсету, және нәтижесінде Қазақстанның
өнеркәсіп саласының мүмкіндіктері мен даму жолдарын айқындау болып
табылады. Осы мақсатқа жету үшін біз жұмысымызды 3 сатыға бөлдік.
Жұмыстың бірінші сатысында, біз Қазақстан өнеркәсібінің қазіргі
жағдайын зерттей отырып, оның кемшіліктерін айқындадық. Олар:
1) өнеркәсіпте өңдеуші кәсіпорындардың аздығы және бар орындарда
жабдықтардың тозу дәрежесінің жоғары болуы;
2) өндірістік инфрақұрылымның жеткіліксіз деңгейде болуы;
3) ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстардың жоқтығы,
нәтижесінде төмен техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы;
4) өнеркәсіп орындарын басқаратын жүйенің жоқтығы және т.б. Осындай
даму бағытын ұстану тұрақты экономикалық дамуға алып келмейді. Сондықтан
да, оны жетілдіру қажет. Нақты айтқанда біз осы сатыда өнеркәсіпте жаңа
ақпараттық нарықтық технологияларды ендірудің қажеттігін негіздеп, оның
әкелетін тиімділігін көрсеттік. Сонымен қатар, бұл сатыда өнеркәсіп
орындардың шығындарын төмендетуде нарықтық технологиялардың ролін, және осы
технологиялар көмегімен кәсіпорынды басқару маңыздылығы туралы айтылды.
Екінші сатының барысында ақпараттық технологияларды, нақты айтқанда
автоматтандырылған ақпараттық-аналитикалық жүйелерді ендіруден
кәсіпорындарда басқаруда пайда болған өзгерістер анықталды. Осы жүйелердің
ролі мемлекет деңгейінде құрылған ақпараттық ресурстарды қолдануды
шектейтін ақпараттық инфрақұрылымды құру мен ақпаратгық айырбастың бірыңғай
ережелерін бекіту. Қазақстанның көптеген кәсіпорындарында басқарудың
автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Оларды қолданудың артықшылықтары
мен тиімділігі және мұндай жүйелердің жұмыс істеу қағидалары мен құрылымы
осы жұмыстың екінші сатыда көрсетілген. Зерттеу көрсетуі бойынша,
технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және адам факторларының өзара
әрекеттесуінің нәтижесінде ғана жаңа технологияларды ендіру табысты деп
есептеледі.
Соңғы, үшінші сатыда біз жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
тәжірибе жүзінде көрсетуге тырыстық. Онда кәсіпорында қолданылатын
ақпараттық-аналитикалық анықтамалық жүйе құрылды. Барлық ақпараттық
технологиялардың мақсаты нақты өмірдің объекттері мен құбылыстары туралы
мәліметтерді өңдеу және олар туралы қажетті ақпаратты адамға ұсыну болып
табылады. Біздің жұмыста құрылған Астана қаласының ірі өнеркәсіптік
кәсіпорындары мәліметтер базасы кәсіпорындар мен олардың экономикалық
көрсеткіштері туралы ақпаратты сақтауға, өңдеуге және бұл ақпарат арқылы
жұмыстың жылдамдылығын арттыру үшін арналған. Осы ақпараттық-аналитикалық
анықтамалық жүйе:
1) кәсіпорындар туралы жалпы ақпаратты ұсынады;
2) запростардың көмегімен әр түрлі критерийлер бойынша ақпаратты
іздеу мен таңдау жүзеге асырады;
3) бар мәліметтер негізінде анализ жасап, өнеркәсіп
секторының салаларының диаграммасын құру қызметтерін орындайды және т.б.
1 ӨНЕРКӘСІПТЕП АҚПАРАТТЫҚ НАРЫҚТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
1.1 Қазақстан өнеркәсібінің әртараптандыру мәселелері
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан экономикада әлемдік тауар
рыноктарына мұнай, газ, қара, түсті, жерде сирек кездесетін және қымбат
металдар мен уран өнімдерін шығаратын ел ретінде қарастырылады. Ауыл
шаруашылық өнімдерінен астық әкспортының келешегі бар.
Қазақстанда пайдалы қазбалардың ірі қорларының болуы оның салыстырмалы
экономикалық артықшылығы болып табылатындықтан, ол қазіргі уақытта
классикалық экономикалық сценарий бойынша дамуда.
Өндірістің және шикізат ресурстары әкспортының қарқынды дамуы
экономикаға экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда экономикалық
өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Өнеркәсіптің шикізат салаларына шетелдік инвестицияларды тарту және
қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерістерді жүзеге асыру
жөнінде мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне байланысты Қазақстан
экономикасының дамуында ілгерілеу байқалуда, елде өмір сүру деңгейі
жоғарылауда және ұзақ мерзімді кезеңде индустриялық сервистік-технологиялық
даму сатысына өтуге мүмкіндік беретін қаржы ресурстары жинақталуда.
Стратегиялық жоспарды іске асыру саласында ел экономикасының жақсы қарқын
алғанын атап өту керек. Орта мерзімді кезеңде қарқынды дамуды жалғастыру
керек, және мемлекет өнеркәсіп саласында сапалы өзгерістер жүргізуі тиіс.
Сонымен қатар Қазақстан отын және минерал шикізатының ірі әлеуетін
шоғырландырған шағын экономика ретінде өндірістің өңдеуші салаларына
инвестициялар үшін тартымсыз. Бұл шикізат ресурстарына жағдайының өзгеруіне
қатысты ел экономикасын осал әрі тәуелді етеді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шикізат ресурстарына бай кейбір дамушы
елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізбей, шикізаттың әлемдік тауар
нарығындағы жағдайдың өзгерісіне тым тәуелді болып қала береді.
Экономиканың шикізат секторларынан едәуір табысқа ие болып, мемлекет
пен жеке сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Алайда
ұзақ мерзімді келешекте шикізат қоры сарқылады, бұл пайдалы қазбалардың кен
орындары толықтай пайдаланылғаннан кейін тұрақты даму тұрғысынан алғанда
елеулі проблемалар туғызады.
Экономиканың шикізат секторынан алынатын ірі кірістерден шектен тыс
толығу қаупін ескере отырып және мұнай бағасының күрт төмендеуінің
зардаптарын болжау негізінде Қазақстанда Ұлттық қор құрылды, онда мұнай мен
түсті металдарға әлемдік баға деңгейінің белгіленген қалыпты шектен асып
кетуінен түсетін кірістер жинақталады.
Бұл шара сондай-ақ қазақстандық қаржы жүйесіне түсетін валюта қысымын
жоюға және әкспортты ынталандыратын және дайын өнімнің импортын тежейтін
теңгенің айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құрылымдық-институционалдық реформалар саласындағы жетістіктерді,
қаржы секторы сенімділігінің артуын және елдің әкспорттық әлеуетінің жедел
қарқынмен өсуін айта отырып, өнеркәсіптің өңдеуші салалары, сондай-ақ
өндірістік сипаттағы қызметтер көрсететін салалар тиісінше дамымай
отырғанын атап өту керек.
Өңдеуші өнеркәсіпте металлургия өнеркәсібі ғана сыртқы рынокта
бәсекеге түсе алады. Тамақ өнеркәсібінің кейбір өнімдері осыған ұқсас
шетелдік өнімдермен ішкі рынокта ғана бәсекеге түсе алады, ал өңдеуші
өнеркәсіптің қалған өнімдері бүгінгі таңда тікелей және жанама
субсидиялардың есебінен ғана ұсталып отыр. Бұл электр әнергиясына, өнімді
тасымалдауға төмен және экономикалық тұрғыдан негізделмеген тарифтің
белгіленуінен, кедендік қорғау баждарын белгілеуден көрініс беруде.
2003 жылға дейін өнеркәсіптің кейбір (машина жасау, тоқыма, тігін,
былғары аяқ киім, резина және пластмасса бұйымдарын өндіру, химия
өнеркәсібі) салаларына бюджет алдында жол берілген бұрынғы берешектерін
төлеу өсімі есептелмей кейінге қалдырылды. Тоқыма, тігін, былғары аяқ киім
өнеркәсібі салаларының өзі өндірген өнімді өткізуге 2002 жылға дейін ҚҚС
нөлдік ставка бойынша салынды.
Қазақстанның қазіргі таңдағы өнеркәсіп саласында мынадай проблемалар
орын алуда:
1) әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі;
2) өңдеуші өнеркәсіп өнімділігінің төмендігі;
3) ішкі рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген
тұтыну сұранысының мардымсыздығы;
4) өндірістік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамымауы;
5) кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта
қалуы;
6) ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
7) ҒЗТКЖ қаржының аз бөлінуі;
8) отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына
нашар бейімделуі, ғылыми-техникалық өнімді тауар деңгейіне дейін жеткізудің
ықпалды тетіктерінің болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда
инновациялық ұсыныстар деңгейінің төмен болуы;
9) менеджменттің экономиканы ынталандыру үрдістеріне және сервистік-
технологиялық экономикаға өтуге бейімдеу міндеттеріне сәйкес келмеуі.
Қазақстан кәсіпорындарының негізгі қорлары құлдырау алдында. 2002
жылдың басында негізгі құралдардың тозу дәрежесі орта есеппен 29,7% құрады.
Бірқатар салаларда негізгі құралдардың нақты тозуы 50% және одан астам
деңгейге жақындауда.
Қазіргі уақытта қолданылып жүрген кәсіпорынның қарауында қалған пайда
есебінен негізгі құралдарды жаңартуға қаржы ресурстарын жинақтау тәртібі
моральдық тұрғыдан ескірген жабдықты ауыстыруға ынталылық туғызбайды және
оны жаңартуда белгілі бір дәрежеде тежеуші болып отыр (1-кесте).
Кесте 1 - Салалар бойынша өнеркәсіп орындарында технологиялық дамуды
тежеуші факторлар 3 (кәсіпорындар саны бойынша)
Фактордың атауы Мұнай-газ Кен өндіруші Химия
өнеркәсібі өнеркәсіп өнеркәсібі
млн. теңге теңге
Барлығы 1970993,6 3211898,1 0,61
Ауыл шаруашылығы, аң 68687,6 75337,2 0,91
аулау, орман шаруашылығы
Кен өндіру өнеркәсібі 530423,3 1185646,8 0,45
шикі мұнай және табиғи 383218,9 973496,2 0,39
газ өндіру
өңдеуші өнеркәсіп 526538,1 773500,9 0,68
тағам өнімдерін, онын 124053,5 163793,1 0,76
ішінде сусындар және
темекі өндіру
тағам өнімдерін, оның 104989 131017,6 0,80
ішінде сусындар өндіру
темекі бұйымдарын өндіру19064,5 32775,4 0,58
мұнай өнімдерін өндіру 35920,8 58423,5 0,61
ядролық материалдар 10071,5 12170,8 0,83
өндіру
химия өнеркәсібі 14138,2 16582,6 0,85
басқа да металл емес 21016,9 27411,1 0,77
минералдық өнімдерді
өндіру
қара металл қорытпаларын75957 122015,4 0,62
өндіру
түсті металдар өндіру 130453 238586 0,55
машиналар және жабдықтар19565,6 24029 0,81
шығару

Әрекет етіп отырған нарықтық технологиялар әлемдік технологиялармен
салыстырғанда қатты ерекшеленеді. Көптеген қазақстандық кәсіпорындар
жабдықтаушыларға артық төлеп, өзінің өнімі үшін әділетті нарықтық бағасын
қоя алмай, дамуға қажетті пайдасынан айырылады. Біздің бағалауымыз бойынша,
Қазақстан өнеркәсібінде делдалдардың алымдары орташа алғанда бағаның 15-20%
құрайды, ал бұл кәсіпорындардың төмен бәсеке қабілеттілігінің және
жеткіліксіз инвестициялық тартымдылығының себептерінің бірі болып табылады.
Кәсіпкер тауарын өткізуде әрдайым қақтығысатын классикалық дилемма:
жоғары баға беретін сатын алушыны іздеуді жалғастыру, немесе бар
баламаларға сүйеніп сату. Ұқсас жағдай ресурстарды сатын алуда қалыптасады.
Нарықтағы жағдай туралы қосымша ақпарат міндетті түрде шығындарды талап
етеді, ал табылуы қиынға соғатын ақпаратты қажет ететіндіктен жаңа
баламаларды іздеуге шекті шығындар артады. Тәжірибеде максималды бағаны
төлейтін сатып алушының бар болуы ықтималдығы әрқашан бар болады, бірақ сіз
шығындар сметасымен, немесе кейінгі ізденіске шығындар өсімшесі мәміле
шарттарының жақсаруы ақталмағанымен шектелген болғандықтан белгілі бір
уақытта өзіңіздің ізденісіңізді тоқтатуыңыз қажет.
Ақпараттық нарықтық технологияларды қолдану тәжірибесі көрсетіп
отырғандай техникалық прогресс (әсіресе әлектрондық биржа) нарықта
баламаларды табу шығындарының күрт, бірнеше есе арзандауына алып келеді.
Нәтижесінде нарық қатысушысы глобальді нарық құрылымын (конъюнктурасын)
кеңінен көруге мүмкіндік алады да, таңдаудың кең болу есебінен ұтыста
қалады. Бұл тұтастай қоғамға да тиімді, себебі нарық қатысушылары арасында
өзаратиімді айырбастың жиынтық көлемі де артады.
"Өндірістік емес" шығындардың төмендеуі — әлектрондық нарық
технологияларын қолданудың жалғыз маңызды салдары ғана емес.
Сондай бір маңызды сал - бәсекенің әлемденуі, яғни нарықта көп күш
жұмсамай үлкен пайда алуға болатын "аяқ баспаған" аумақтардың аз қалуы.
Әлемдік нарық жағдайында әр кәсіпорын қатаң бәсеке алдында тұрады, бұл
дегеніміз нарық та бұдан тиімді жұмыс істей бастайды.
Жаңа нарықтық технологияларды ендіру процесі мақсатты бағытталған
құрылыс болу керек, және ол өзінен өзі жүрмейді. Алдыңғы қатарлы
мемлекеттердің тәжірибесі бойынша мемлекет еркін бәсекені қамтамасыз ету
үшін қатаң шаралар қолдануы қажет.
"Неліктен мемлекет ақпараттық нарықтық технологияларды ендіруді
қолдауы қажет?" деген сұрақ туады. Нарықтық инфрақұрылымның дамуы бұл
қоғамдық игілік. Бұл бағытта көптеген мемлекеттік институттар - мәмле және
меншіктерді тіркеу жүйесі, арбитражді сот, нотариат және т.б. жұмыс
істеуде. Қоғамда трансакциялық шығындарды төмендету мүддесін көздей отырып,
мемлекет әлектронді нарықтың сындық әлементтердің функционалдауын
қамтамасыз етуі қажет.
Дамыған нарықтық экономикада шығындарды кемітудің экономикалық
механизмдері мен әдістердің көптеген құралдары бар, өйткені бұл қатаң
нарықтық бәсеке жағдайында өмір сүрудің мәселесі. Біздің ойымызша,
Қазақстан үшін арнайы қазіргі заманға сай жаңа нарықгық технологияларды
ойлап табудың қажеті жоқ, қайта оларды ендірудің арнайы механизмдері қажет.
Қазіргі заманға сай, жаңа нарықтық ортаны құруда маңыздысы - қандай да бір
нарықтық технологияны қолдану емес, оны ендірудің масштабі мен жылдамдығы.
Қазақстанда кез келген жаңалықтарды ендіру процесі алдыңғы қатарлы
өнеркәсіптік мемлекеттерге қарағанда қиын және баяу өтеді. Бірақ нарықтық
технологияларды жылдам ендірудің салмақты дәйегі бұл - халықтың жоғары
білім деңгейі мен бұл жағдайда өндірістік технологияларға қарағанда үлкен
инвестицияларды қажет етпейтіні. Қазіргі нарықтық технологияларды ендіруде
Қазақстан, басқа мемлекеттер сияқты, техникалық прогресспен даярланған
ұмтылған қайтақұрулар басында ғана тұр (3-кесте).
Кесте 3 - Салалар бойынша өнеркәсіп орындарында жаңа технологиялардың
дамуына түрткі болатын себептер (кәсіпорындар саны бойынша) 3
Кен Мұнай газ өнеркәсібі өндіруші өнеркәсіп
Химия өнеркәсібі Машина жасау Тамақ өнеркәсібі Әнергетика
Уәждердің атауы 2001 2002 2001 2002 2001
2002 2001 2002 2001 2002 2001 2002 Баға бойынша
шығарылатын
өнімнің бәсеке қабілетінің 2 2 3 3 3 3 1 1 1 2
1 1 төмендігі Тауардың
сапасы бойынша
шығарылатын
өнімнің бәсеке 2 2 2 3 2 2 2 3 2 3 3 3
қабілетінің төмендігі
Технологиялық
жабдықтардың табиғи тозуы 2 2 2 2 1 1 2 2 2 2 2
1 Технологиялық процестер мен
жабдықтардың 1 1 2 2 1
1 1 1 1 2 1 1 моралдық ескіруі
Өндіріс көлемінің
ұлғаюы 1 1 1 1 2 2 1 1 1 1 1 1
Бірақ бізде көп жылдар бойы дамыған нарық институттары жоқ, осы
себептен де қазіргі нарықтық технологияларды ендіру процесінде маңызды
ролді мемлекеттік реттеу атқарады. Қазақстанның кәсіпорындары онжылдықтар
бойы орталыққа бағынды, яғни олардың арасындағы көлденең байланыстар басқа
мемлекеттерге қарағанда аз дамыған еді. Бүгінгі таңда жалпықазақстандық
нарық аймақтар, салалар, өндіріс топтары және т.б. бойынша әлсіз
байланысқан шағын нарықтарға бөлінген. Бұдан басқа, бұл нарықтар шын
мәнінде бос емес, мұнда келісішілік, бағаларды бақылау, нарыққа
бәсекелестердің еркін шығуына кедергі жасау кеңінен тараған.
Осының бәрі келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
кәсіпорындары аз трансакциялық шығындармен өзара тығыз әрекеттесетін
алдыңғы қатарлы мемлекеттерге қарағанда Қазақстанда "әлектронді нарық"
технологиясын ендіру үлкен жүйелік әффектке ие болады.
"Әлектронді нарықтық орта" өзінен өзі пайда болмайды, оны "өсіру"
қажет. Ол - сәйкес заңдар шығару мен бастапқы кезеңде қаржыландырудан
тұратын мемлекеттік қолдауды қажет ететін инфрақұрылымдық объект.
Біздің ойымызша, тұтастай экономика үшін маңызды эффект алу үшін
Қазақстан кәсіпорындарында "әлектронды нарық" технологияларын ендіруді бір
уақытты жүргізу қажет. Егер бәсеке шектелмесе, әр шаруашылық субъектіге
нарық еркін шығуды және ол үшін толық ақпараттандыруды қамтамасыз етілсе,
экономика бұдан тиімді болуы мүмкін.
90-жылдардың соңында көптеген кәсіпорындар әлемдік нарыққа шығуға
ұмтылады. Бірақ әлектронды нарық технологиялары ірі және шағын
компанияларды теңестіреді, яғни мұндағы әлектронды нарыққа қатысу
мүмкіндігі барлығына бірдей қолайлы және бағасы жагынан да тиімді.
"Әлектронді нарық" жаңа технологиясын ендірудің ең тікелей әффектісі - әр
кәсіпорын немесе жеке тұлға көп шығын шығармай, Интернет желісі арқылы
тауарды сатып алу (сату) туралы коммерциялық ұсынысын алады. Әлемдік
"әлектронді нарық" көлемі 1998 жылы 34 млрд долл. деп бағаланды, ал 2003ж.
мамандардың айтуы бойынша ол көп есе өсіп, 450 млрд-тан 1300 млрд долл.
құрайды.
Мұңдай күрт өсудің себебі неде? Ең алдымен, экономикалық пайдада. Ол
келесі мысалдарда айқын көрінеді.
1-мысал. Әлемдегі компьютер шығаруда ірі өндірушілердің бірі - "Dell"
американ компаниясы 1996 жылдан бастап бүкіл өнімінің (1999ж. күніне 8 млрд-
қа астам) жартысынан көбін Интернет желісі арқылы алынған тапсырыстар
бойынша өткізеді. Экономикалық пайдасы - жарнама мен өткізу желісіне
кететін шығындардың күрт қысқаруы. Өнім бөлшек саудамен сатылады, бірақ
көтерме сауданың бағаларымен (20-30% арзан) өткізіледі. Нәтижесінде,
компания нарықтың үлкен үлесін ала отырып, оның жетекші орынды болды.
Бәсекелес күресте маңызды фактордің бірі - әр компьютер Интернетте
тапсырыстарды орналастырудан алынған жеке талаптар бойынша жиналады.
Осылайша дайын өнім қорларын толтыру қажетсіз болады, себебі әрбір
компьютер дайын болған соң дереу тапсырыс берушіге жіберіледі.
2-мысал. Қазіргі өнеркәсіп үшін шаруашылық байланыстарды "әлектронді
нарық" көмегімен технологиялық тізбек бойымен координациялау тән. Мысалы,
компьютер жинауда қосалқы бөлшектер әр түрлі жабдықтаушылармен ұсынылады.
Әр жабдықтаушы басқалармен бәсекелеседі, бірақ өзінің тәуекеліне бір
нәрсені шығару қажеттілігі жоқ, себебі барлық контракттер жаңа механизммен
— "әлектронді нарықпен" қатаң түрде бі пікірге келтіріледі. Нәтижесінде
өндірістік цикл 3 аптадан 1 аптаға дейін қысқарды, сәйкесінше қорлар мен
айналым құралдарында қажеттілік қысқарады, рентабельдік өседі. Соңында
компьютерлердің өздері арзандайды (қуаттылық бірлігіне есептегенде).
Жаңа технологиялар қалыптасуының үш фазасын ерекшелеп көрсетуге
болады. Олар 80-жылдарда персоналды компьютерлердің таралуынан бастап қазір
"әлектронді нарыққа қатысу" технологиясының таралуында байқалады. Бірінші
фаза негізінен кәсіпорындардың жалпы санынан шамамен 3%-ті құрайтын нағыз
новаторлар. Екінші фазада технологияны кәсіпорындардың жалпы санының 30%
игереді. Және соңында үшінші фазада ол жалпыға бірдей қолданылады 16.
Ақпараттық нарықтық технологиялар ерекшелігі - оларды қолданудан
әффект жалпыға бірдей таралғанда ғана көрінеді. Оның барлық артықшылығы
қолдану өмірлік қажеттілік болған шегінде ғана айқындалады. Қазақстанда
қазіргі кезде Интернет желісін 1,5 млн қолданушы бар, яғни шек нүктесі әлі
алдыда, бірақ қалыптасқан қарқынмен ол тек 1-2 жылдан кейін асады.
Бұл дамуды анықтайтын техникалық-экономикалық факторлар.
Бірінші фактор - персоналды компьютерлердің бағаларының күрт
төмендеуі. Бұл осы процестің жылдамдауына негіз береді. Интернет желісінің
дамуына салмақты себептері бар. Технологиялық заңдылық - Мур феномені
бойынша - компьютер қуаттылығы 10 ай сайын екі еселенетіні белгілі. Екінші
жағынан, ақпараттық желілердің дамуының өзінде негізгі заңдылығы бар
-Меткалф заңы: қоғам үшін желінің пайдалылығы пайдаланушылар санының
квадратына пропорционал. Интернет желісінің дамуының жоғары қарқыны оның
екі бірін бірі толықтыратын қозғаушы күштерге негізделуімен түсіндіріледі.
Екінші фактор - Интернетке кіруді оңайлату және арзандату. Кеңінен
таралудың нәтижесінде әлектронді нарық қатысушылардың негізгі қабатына
-экономикада жиынтық сұранысының 23 бөлігін құрайтын бөлшек сауда сатып
алушыларына жетеді. "Интернеттегі экономикалық кеңістік" ешқашан бір бүтін
ретінде жекешелендіріле алмайды немесе қандай да бір компаниямен толығымен
бақыланатындай болмайды деп есептеуге негіздер бар. Себебі Интернет ашық
ақпараттық кеңістік болып құрылғандықтан әрқайсысына ашық кіруге болады.
Осыған қарамастан, интернетте нарық дамуының барысында "жеке" және
"қоғамдық" бір бірімен жиі дауға түседі, өйткені бизнестің қандай да бір
модельдерін ендіру экономикалық агенттердің жекешеленуін және қызмет
нәтижелерін жеке иемденуді көздейді. Өз кезегімен Интернет желісінің
техникалық инфрақұрылымы дамуын қамтамасыз ететін бәсеке үшін кең
мүмкіндіктерді ашады. Мұндағы айтып отырғанымыз - желінің әрбір нүктесінде
қызметтердің балама провайдерлері мен желінің кез келген екі нүктесін
байланыстыратын әр түрлі жолдарының үлкен саны. Бұл ақпаратты тасымалдауда
және қызметтерді соңғы тұтынушыға ұсынуда жұмыс істейтін фирмалардың қатаң
бәсекесін қамтамасыз етеді де, нәтижесінде ақпараттық қызметтің құны да
күрт төмендейді.
Әлемдік нарықтық дамуы мен таралуында басты тежеуші фактор техникалық
проблема - ақпараттық ағындардың өткізу қабілеттілігі. Қазір ақпараттың
үлкен көлемдерін жіберу бойынша сұраныс ұсыныстан көп. Бұл нарықтық
экономика үшін келеңсіз жағдай. Телекоммуникация саласын реттеуден босату,
яғни еркін бәсекені қолдау, тез арада бұл мәселені техникалық шешуіне
көмектеседі, өйткені телекоммункациялық қызметтерге бағалардың төмендеуіне
алып келеді.
Әлектронді нарықтың механизмін стандартизация деңгейі бойынша
ерекшеленетін екі өнім мысалында түсіндіріп өтейік.
Кітаптар. Бұл тауар нарығында тек бағалық бәсеке орын алады. Мұндай
тауарлар үшін Интернет желісі арқылы тапсырыс беру жүйесі ең жақсы сай
келеді. Сатып алушы өзіне қажетті тауарды оңай анықтайды, ал сатушы
әлектронді нарықта қарапайым кітап дүкенімен салыстырғанда үлкен экономияға
ие (сату орындары қажет емес, жалақыға және т.б. шығындар төмен).
Екінші өнім - автомобильдер. Мұнда бір модель шеңберінде өте үлкен
модификациялар мен варианттардың түрлілігі бар, оған қарамастан бұл
стандартталған көпшіліктік тауар. Сатып алушы әлектронді нарықта өзіне
қажеттісін және минималды бағамен таңдап ала алады.
2000 ж. басына таман әлектронді нарық өзінің дамуында сапалық шегін
аттап өтті. Кәсіпорынның нарықта толығымен қатысуын қамтамасыз етуі бойынша
қызметтерді күрт арзандатуға алып келетін ұмтылу, әлектронді нарықтың даму
қарқынын арттыру инициативасы венчурлі шағын фирмалардан ірі өндірушілерге
өтті.
Соңғы жылдары қазақстандық шаруашылық тәжірибеге қолданбалы нарық
қатысушыларының құқықтарын тікелей шектелуіне немесе неәквивалентному
айырбасына алып келетін еркін торгтардан бас тарту немесе оларға қатысуды
шектеу сияқты көптеген мысалдарды көрсетуге болады. Қазақстанда жұмыс істеп
жатқан мемлекеттік сатып алулар жүйесі бағалармен айла-амал жасауға
мүмкіндіктер қалдыра отырып, идеалдан алшақ және аз дәрежеде ғана жариялы
торгтарға ұқсайды.
Әлектронды торгтар технологиялары тез және көпшілікке тарай алатын
тиімді құрал. Әлектронды аукцион сатушыға максималды бағаны ұсынатын сатып
алушыға, және керісінше сатып алушы минималды баға бойынша қызметтерді
ұсынатын сатушыға жол ашады.
Қазіргі кезде кеңінен тараған әлектронды аукциондар түрлері:
1) Бірінші тип - нақты (реалды) уақытта компьютерлік техника сату
бойынша аукциондар. Әрбір қалаушы белгілі бір тауарға тапсырыстар ағымын
көріп, кез келген уақытта мерзім соңына дейін тапсырыс бере немесе оны
тексере алады. Сатушы үшін экономикалық пайдасы - төмен бағамен өткізу
көлемдерінің үлкен болуы.
2) Әлектронды аукционның екінші типі
техникалық күрделі бұйымдардың, мысалы жабдықтардың артықтарын
бірлік даналарын өткізуді көздейді. Мұндағы бастысы - нақты өнім осы
өнімді қажет ететін сатып алушыны табу үміті. Баға ол үшін мәнді емес.
Мұндай нарықта делдалдардың ролі басқаша көрінеді. Егер делдал
жергілікті нарықтан сатып алып, ешбір өзіне тиесілі тәуекелсіз екінші
нарықта сатып, бүгінгі жалпыланған нарықта арбитражді операциялар есебінде
өркендеп жатса, ұйымдастырылған нарықта делдал маңызды, әлеуметтік пайдалы
функцияны атқарады. Ол нарықтың өтімділігін қамтамасыз етеді және
тәуекелдің бәрін өзіне алады, нақты айтқанда сатып алады.
Дамыған биржалық нарықтың өңдіріске оң ықпал етуі - оның барабар
бағалық сигналдарды беруі. Тек бағалық сигналдарға бағытталған мысалы
әлемдік қор нарығы. Біздің ойымызша, бұл әлемдік нарықтық жүйенің дамитын
жолы. Көптеген шаруашылық процестер мен шешімдер экономикада инновациялық
процестерге күш беретін объективті негізделген нарықтық бағалармен дұрыс
экономикалық бағаланады.
Өндірушілердің әлектронды саудада қатысуы мәмлелердің мөлдірлі
жағдайын жасайды. Әлектронды биржа кәсіпорындарға өздерінің өндіріс
тиімділігін арттыруға мүмкіндік бере отырып, өнімнің маркетингі бойынша
негізгі ауыртпалықты өзіне алады 17.
Біздің пікіріміз бойынша, ХХғ. соңында қалыптасқан жағдай тарихта
темір жол дамуы болған кезеңге ұқсас. Сонда территориялық бөлінген жеке
нарықтарда әлемдік нарықтарға кіру мүмкін болғаннан кейін бағалардың күрт
төмендеуі болды. Экономиканың көптеген секторларында жетілген бәсекенің
дамуы (әлектронды нарыққа технологиялардың таралуы бойынша) жабдықтаушылар
өздерінің қалауы бойынша бағаларды көтере алмайтын экономиканың жаңа типін
қалыптастырады.
Микроэкономикалық деңгейде көп таралған операциялардың бірі -минималды
баға бойынша жабдықтаушыны іздеу. Сатып алушы бірнеше жабдықтаушылардың
балама ұсыныстарын бірінен соң бірін қарастырады, бірақ өмірде бұл процесс
шектеулі, себебі әрбір қосымша ақпаратты алу уақыт пен белгілі бір
шығындарды қажет етеді. Іздеуді жалғастыру үшін шекті шығындар күтілетін
эффекттен (бағаның төмендеуі) асқан кезде іздеу процесі тоқталады.
Электронды нарық жағдайында сатып алушы мен сатушы бірі бірмен тікелей
қатынасса, мұнда делдалдың мүлдем қажеті де жоқ. Бірақ әлектронды нарықтың
таралу мен күрделенуіне қарай мамандалған ақпараттық делдалдардың
қызметтеріне қажеттілік өседі. Мына себептермен: варианттар саны
әкспоненциалды түрде өседі, және оларды қарастыру үшін арнайы мәліметтер
базасы қажет, сатып алушылар кешенді шешімдерге, ал сатушылар жеке
өнімдерге көңіл бөлген пайдалы, сатып алушыларға мәмле бойынша кеңесші
немесе кепіл беретін адамды қажет етеді.
Делдал ролі өзгереді - белгілі бір өнімдерді әлемдік іздеуді жүзеге
асыру бойынша брокер қызметтерінде қажеттілік туады. Бұл шығармашылық
қызмет, өйткені әр түрлі каталогтарды бір бірімен салыстыруды ғана емес,
құрылымды, тенденцияларды зерттеуді қажет етеді. Әлемдік тауарлы нарықтарда
брокер қызметтерінде қажеттілік өндірістің мамандануының тереңдеуі
себебінен де артады. Кәсіпорында әрдайым балама шешім болады: кәсіпорын
ішінде бір нәрсе жасау немесе шеттен тапсырыс беру. Өндіру немесе сатып алу
- бұл дилемма нарықты, оның мүмкіндіктері мен жағдайларын терең білуді
талап етеді.
Бүгінгі күнде, жоғарыда айтылып кеткендей, қазіргі технологиялар
нарықтық механизмдердің тиімділігін (трансакциялық шығындардың төмендеуі)
күрт арттыруды қамтамасыз етті. Бұл өсу фирмалараралық басқару мехназмдер
ролінің азайып, бөлімшелері әлемдік нарықтық ортаның әлементтері болатын
"виртуалды" кәсіпорындардың үлесіне қосылды.
Әлектронды нарық брокерлары нарықты ұйымдастыруда, оның тиімді
функционалдауын қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Олардың маңызды
үлесі:
1) Сатып алушылардың нарықты зерттеуге шығындары
төмендейді. Нарықты өзің зерттегенше (тауар іздегенше), маркетинг бойынша
кеңесті сатып алған пайдалы. Әлемдік нарықтың ақпаратының ішінен іздеу
қиындыққа түседі, мұнда миллиондаған өнімдер туралы да, бар нақты
жабдықтаушылар туралы да бұрын болмаған мәліметке тап боласың. Сонымен
қатар басқа қызметтері де маңызды - жаңа өнімдерге сұранысты
болжау, баға өзгеруіне қатысты сұраныс икемділігін бағалау. Бұдан басқа,
брокер сатушы айтпай қалатын ақпаратты сатып алушыға ашып береді, мысалы
өнімнің сапасы туралы мәлімет. Мұндай ақпарат тәуелсіз қайнарлардан
алынып, жалпыланып, потенциалды сатып алушыға сатылады.
2) Нарық агенттерінің бірқатарына қажетті анонимділік сақталады.
3) Мәмле шарттарын орындамау тәуекелін брокер көптеген процедуралар
көмегімен өзіне ала алады. Сонымен қатар, брокер кейбір нарық
қатысушыларының ықылассыз қызметі туралы ақпаратты тараты алады. Және де,
брокер бөлек төлемге мәмленің кепілі ретінде шыға алады.
Әрине, брокерлар қатысушылардың үлкен саны бар нарықтар өте қажет,
мысалы тауар немесе қор биржалары. Жаңа техникалық мүмкіндіктер осындай
биржалардың шекераларын кеңейтеді. Ең жақсы жабдықтаушыны іздеудің қазіргі
технологияларының маңыздылығы 1998 жылдың басынан өсті: назардың барлығы
сатушыға емес, сатып алушыға аударылған. Трансакциялық, әсіресе ең жақсы
жабдықтаушыны іздеуге шығындарды күрт төмендету үшін негіз құрылуда. Ірі
фирма қосалқы бөлшектермен жабдықтаушылар арасында бәсекені қолдана отырып,
жабдықтау саласында сатып алу бағалары мен шығындарды төмендетеді. Ал шағын
фирмалар үшін ірі компаниядан ұзақмерзімді тапсырыс алу бәсекелес күресте
жеңіс болып табылады. Бұл жағдайда әлектронды нарық шағын және орташа
фирмалар үшін шешуші мәнге ие болады.

1.3 Өндіріс интеграциясы
Кәсіпорынның көлденең байланыстары "әлектронды нарық"
технологияларымен байланысты жаңа импульс алды. Бұл жағдайда нарықтық тепе
теңдік классикалық нарықтық процедураларсыз байқалады. Олардың мәні
келесіде: өндіру, нарыққа шығару, сату (шығынмен болуы да мүмкін), нарық
реакциясы бойынша өндірісте өзгертулер енгізу және т.б. Қазіргі нарықтық
жүйеде жабдықтаушы мен тұтынушының мүдделерінің үйлесуі алдын ала
хабарласып, қазіргі байланыс құралдарының көмегімен "алыстан" басталады.
Артықшылықты ұсыныс пен жеткіліксіз сұраныстың қазіргі әлемінде
тұтынушылардың талаптарына көңіл бөлу өте маңызды. Мұнда тұтынушымен тығыз
және тұрақты байланыста болу маңызды мәнге ие. Тұтынушы тек жоғары сапаны
ғана емес, сонымен қатар жаңа тауарлардың пайда болуын талап етеді. Мұндай
жағдай соңғы жиырма жылдың ішінде күрт өзгерді. Осылайша, 70-жылдар өмірлік
цикл онжылдықты алса, 80-жылдардың соңында көптеген бұйымдар үшін өмірлік
цикл тек бірнеше жыл. Осындайда қажеттіліктің өзгеруіне жауап қайтару
қандай да бір үлкен немесе аз пайда алу ғана емес, нарықта өмір сүру
мәселесі де болып табылады. Қазіргі нарықтық технологиялар тұрақты сатып
алушыларды олардың жеке қалауларын зерттеу арқылы "қаттырақ ұстап отыру"
мүмкіндігін береді.
Зерттеулер бойынша, орташа алғанда фирма әрбір бес жылдың ішінде
өзінің тапсырыс берушілерінің шамамен жартысынан айырылады. Жаңа тапсырыс
берушілерді іздеу барларын сақтауға қарағанда 5-10 есе қымбатырақ болады.
Осы себептен де фирма күштері бар тапсырыс берушілермен "тығыз" жұмыс
істеуге орталықтандырылған. Жабдықтаушы мен тұтынушының тығыз байланысының
маңызды салдарының бірі — тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес өнімнің
жеке болуы. Әлектронды технологиялардың арқасында сатып алушымен бұйым
ерекшеліктерінен оның бағасына дейін - мәмле параметрлерінің кең шеңберін
мақұлдауға болады.
Сонымен қатар бұдан да тығыз өзара әрекеттесу тік интеграция шегінде
қамтамасыз етіледі. Барлық буындар нарықтық механизм жүзеге асырылатын
тұтас компьютерлік жүйеде байланысқан. Онда бәсекелес негізде тапсырыстар
бөлініп беріледі, және буындар оларды жасау үшін технологиялық тізімге
бірлеседі. Кәсіпорындардың тік интеграциясында тығыз байланысу негізінде
қайта құрылым кәсіпорындардың көлемдерін қысқартуда, рентабельді емес
өндірістерді жауып, виртуалды корпорацияларды құруда айқындалды. Олардың
ерекшелігі - басқарудың иерархиялық құрылымынан бас тартып, өндірісті
ұйымдастырудың "желілік" моделін таңдауы.
Әлектронды нарық технологияларын ендірудің маңызды бағыттарының бірі
еркін бәсекенің өндіріс ішіне таралуы. Қазіргі көзқарас бойынша кәсіпорын -
бұл бір бірімен, сонымен қатар сыртқы ортамен де белсенді бәсекелесетін
салыстырмалы тәуелсіз ұяшықтардың жиынтығы. Кәсіпорындардың бөлімшесі
алдында қандай да бір өнімнің сыртқы жабдықтаушыларымен бәсекелесудің
қажеттігі түрады. Ал кәсіпорын басшылығы қандай да бір өнімді өндіруді
өзінің бөлімшесіне немесе сыртта тапсырыс беруді таңдауы тиіс. Мұндай жаңа
тәртіп өндіріс тиімділігін арттыру үшін кәсіпорын бөлімшелеріне қажетті
тонус береді.
Белгілі бір мәнде айтқанда, индустриалды алыптардың уақтысы өтті. Олар
көбінесе рентабельді емес (технологиялардың ерекшеліктерімен экономикалық
келісілген кәсіпорындардың үлкен саны бар салалардан басқа). Технологиялық
тізбектердің жоғары сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін жаңа
үйлестіру механизмдері пайда болды.
Бөлімшелері қатаң бәсеке жағдайында болған кәсіпорын нарық қысымын
сезе отырып, қазіргі экономиканың көптеген салаларына тән өзгеріп тұратын
нарықтық ортада тиімді жұмыс істеуге мүмкіншіліктері көп болады. Басқарудың
жаңа технологияларының негізінде тұрған осы жаңа қағидалық феномен
өндірістік қатынастардың өзгеруінде үлкен мәнге ие, және өзінің маңыздылығы
бойынша оны кезінде экономикалық мүдделерді үйлестіруге және осы қазіргі
кезге дейін маңызды құралдың ақшаның пайда болумен салыстыруға болады.
Қазақстан үшін кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету
мәселесі шиеленісіп тұр, себебі орталықтандырылған жоспарлау жағдайында
кәсіпорындар баға маңызды роль ойнайтыңдай нарықтық емес ортада жұмыс
істеді. Нақты өндіріс секторы (өңдеу өнеркәсібі, мәшіне құрылысы,
әлектроника) 90-жылдардың басында әлемдік нарықтың еркін баға кеңістігінде
қалып, және сәйкес саладағы әлемдік жетекші кәсіпорындарымен бәсекелесуге
қабілеттіліктері болмай, қатардан шығып қалды.
Орташа қазақстандық кәсіпорынның орташа әлемдік кәсіпорыннан
айырмашылығы қандай? Ол әрдайым өндірістің теникалық деңгейі емес. Көптеген
қазақстандық кәсіпорындар техникалық жағынан өте қолайлы деңгейде
жабдықталған. Шешуші айырмашылығы - бұл шаруашылық жүргізудің
орталықтандырылған жоспарлық жүйесінен мұраға қалған басқарудың ескі
технологиялары.
Келесісі, бұл экономикалық өлшеулер мен шығындарды бақылау мәселесі.
Кәсіпорын ішінде бәсеке қалыптасуы үшін ең алдымен өндіріс факторлары мен
кәсіпорын ішінде болып жатқан процестердің экономикалық өлшемдері болуы
керек. Бірақ көбінесе маңызды параматрлер мен шығындар экономикалық бағалау
сферасынан тыс қалады да, көрінбейтіндей болады. Көптеген проблемалар
нәтижелерді бағалаудың, яғни мақсатқа жетудің дәрежесін өлшеудің нақты
механизмнің болмауынан пайда болады. Сапаның 10%- ке өсуін айтуға болады,
бірақ сапаның деңгейін анық өлшей алмай қандай да бір оң нәтижеге сенуге
қиын.
Ақырында, кәсіпорындарда әлі де көлемдік көрсеткіштер басым болуда.
Бұл көбіне кәсіпорындар деңгейінде экономикалық өлшеулердің жұмыс істеп
тұрған жүйесінің ХХ ғ. басында көпшілік өндіріс жүйесінің пайда болуында
қалыптасуымен түсіндіріледі. Сол кездегі басты мақсат бар қуаттылықпен
мүмкіндігінше көп өнім шығару еді. Тұтынушылардың мүдделеріне сол кезде аз
көңіл бөлінді.
Қазіргі кезде басқаруда күрт және түпкілікті өзгерістер болуда
-тұтынушы қажеттілігіне назар аудару, өндірістік цикл мен қорлардың
қысқартылуы бірінші дәрежелі мәнге ие. Мұндай өзгерулердің логикалық
салдары экономикалық өлшеулер жүйесінің түркілікті өзгеруі болуы тиіс.
Қазіргі әлемдік бәсеке жағдайындағы өндірістік процессте тұтынушылар
қажеттіліктерін қанағаттандырумен тең өлшеулер жүйесі болуы тиіс. Қызмет
етіп жатқан экономикалық өлшеулер жүйелеріне негізгі талаптары: қазіргі
әрекет етуші жүйелердің тым күрделі және көптеген факторларды қамтымайды,
қиын өлшенетін факторлар (өнім сапасы, тұтынушы қажеттіліктерін
қанағаттандыру деңгейі) әлсіз ескеріледі.
Өндірістік шығындардың бағалары көбінесе басшылықты қателескен бағытқа
беттетеді. Осылайша, шығындардың тұрақты және айнымалы болып жіктелуі
қазіргі жағдайда тым еркін болып табылады. Өнімнің әр түрі бойынша
шығындарды бөлу - әрекет етуші жүйенің ең әлсіз жақтарының бірі. Қазіргі
әлемде тұрақты шығындар маңызды мәнге ие, кейде олар айнымалы шығындарды
бірнеше есе асады. Оларды өнім түрлері бойынша жасанды бөлу (мысалы еңбек
шығындарына пропорционал) қате бағытта беттетуі мүмкін.
Басқарудың қазіргі технологиялары жеке өндірістік деңгейде барлық
шығындарды есептеуге мүмкіндік береді деген үміт бар. Бұл шығындар мен
нәтижелерді толық есептеу және осының негізінде кәсіпорында болып жатқан
процесстердің тиімділігін бағалау бағытында маңызды қадам болады.
Трансакциялық шығындардың маңызды құрамдас бөлігі - өзгеріп жатқан жағдайға
шаруашылық буындардың бейімделуімен байланысты шығындар. Себебі кәсіпорынды
қоршаған экономикалық ортаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі ғылыми - техникалық прогресс сонау ерте заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және шарықтау шегі
«Кәсіпорында шикізатты кешенді пайдалдану мен қалдықсыз технологияларды қолданудың экономикалық тиімділігі»
Ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың экономикалық мәні
Инновация түсінігі және инновациялық саясат
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
Индустриалды-инновациялық даму
Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту
Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы
Саяси технологиялар мен саяси идеология
ҚР индустриялды- инновациялық саясатының басымдықтары
Пәндер