ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1. ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.1Лизинг ұғымы, түрлері және оны өндірістік кәсіпорындарда
пайдаланудың 4
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
1.2Лизингтік қатынастарды нормативтік-құқықтық реттеу ... ... ... ... 6
1.3Лизинг жүйесіне қатысушылардың ерекшеліктері мен алатын
тиімділіктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .1 1
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СУСЫН ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫНДАРДА ЛИЗИНГТІ
ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН ТИІМДІЛІГІН 16
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... .
2.1Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастардың дамуын
отандық сусын шығаратын кәсіпорындарда пайдалану жағдайын
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 16
2.2Қазақстан Республикасы сусын шығаратын кәсіпорындарының
өндірістік-экономикалық қызметінің жағдайын 23
талдау ... ... ... ... ...
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАРЫНДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУ
ТИІМДІЛІГІН ЖОҒАРЛАТУ 33
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1Сусын шығаратын кәсіпорындардың өндірістік қызметінде лизингті 33
ұтымды пайдалану
тетіктері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
3.2Кәсіпорындарда лизингті пайдалану тиімділігін арттырудың озық
үлгілері мен шетел
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.3Қазақтан Республикасында лизингтік қатынасты жетілдіруінде
мемлекеттің
орны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ
КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақтан Республикасы экономикалық даму
кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін
ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік
ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті
жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да
артуда.
Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты
ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі
кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген
жауапкершілік те ұлғая түсуде. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ
өнеркәсібіндегі су өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды жатқызуға болады.
Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-
түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспоттық мүмкіндіктерін
ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін
арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде,
ауыл шаруашылығы өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті
өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін артыруда
көрініс табады.
Статистикалық мәліметтер
Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде қолда бар
жетістіктерге қанағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс -
әрекетті арқау еткен әлемдік нарық өндірушілері барынша жаңа нарықтарды
игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал
шарты отандық өнім өндірушілердің қауқарын нығайтуды, өнімдерінің
бәсекелік қыспақтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар
тетіктерді айқындауды және сол арқылы мемлекеттің азық – түлік
қауіпсіздігін қамтамсыз ету мәселесін шешуді қажет етеді. Бұл жағдайда
Республика Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына
Жолдауында ерекше айтылған: Экономика біздің дамуымыздың басты
басымдылығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу
- негізгі міндетіміз болып қала береді.
Біз бұған өз эконмикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру
арқылы,...
Қол жеткіземіз.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Аталған мәселе бойынша ғылыми көзқарастарды
теориялық және әдіснамалық тұрғыда көптеген ғалымдар өз еңбектерінде
қарастырып өткен. Олардың қатарында ... ... ... ... .
Бүгінде елімізде құқықтық реформалар барысында көптеген өзгерістер
болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып, құқықтық мемлекетімізді нығайта
түсер түбегейлі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі еліміздің
нарықтық экономикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі -
"лизинг" терминінің кең орын алуы.
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған
бұл ұғымның маңызы зор. Нарықтық экономикалық қатынастың заңы қатаң
сұраныс, ағымдағы нарық талаптарына икемделіп қызмет еткен ғана
жетістікке қол жеткізеді. Ал мемлекеттік дотацияға сүйеніп келген
шаруашылықтар, зауыт - фабрикалар мұндай қатаң талапқа төзе алмай, тоз-тоз
болып тарап кетеді. Яғни белшесінен борышқа батып, банкротқа ұшырайды. Олар
жаңа экономикалық қатынасқа орай бұрынғы шаруашылықтар орнына қайта
құрылған өндірістік кооперативтер. Алайда олардың құрал-саймандары, яғни
техникасы бүгінгі күннің талабына сай емес, сапалы өнім беруге жарамсыз.
Міне, еліміздің экономикасының өркендеуіне әсер ететін осындай мәселелерді
шешуде инвестициялық құрал ретінде - мүлікті жалдау шартының бір түрі
лизингті қолдану оң нәтиже беретіні сөзсіз.
Өз қызметін қалыпты жүзеге асырғысы келетін кәсіпорындар өздерін
қандай да болсын мүлікпен қамтамасыз ету үшін оларға екі мүмкіндік береді:
1) Сатып алу(өз қаражаттары есебінен)
2) Жалға алу
Қазіргі кездегі кәсіпорындардың көпшілігі сатып алуға қаражаты
жетіспеушілігінен жалға алуға келіп жүгінері сөзсіз. Мұндай жағдайда
туындайтын бір мәселе, осы қажетті мүлкі бар және оны ұзақ мерзімге жалға
беруге дайын кәсіпорынды табу. Әрине, бұл мәселені шешу қиынға түседі,
себебі мүлікпен иемденетін кәсіпорындар оны жалға беруге емес, оны сатуға
тырысады. Мұндай қиындықтан шығудың жолдарының бірі – осы мүлікті үшінші
тұлғаның мүддесі үшін сатып алатын және оны жалға беретін адамды табу.
Осыған сәйкес, лизингтік қатынастардың міндеті өзінің клиентіне
қажетті мүлікті сатып алып, келісілген мерзімге тиісті ақыға жалға беру
болып табылады.
Қазіргі кезде лизинг дегеніміз кәсіпкерлік қызмет деген әр түрлі
ойлар бар. Мысалы, Ресей ғалымы В.А.Горемыкин лизингті банкілік немесе
коммерциялық қызметтерге қарағанда кәсіпкерлік қызметтің жоғарғы деңгейіне
жатқызады, өйткені ол қаржылық бизнесте, өндірісте және құрал-жабдық пен
мүлік нарығында кең көлемді білімді қажет ететінін айтады.
Лизинг - әлем экономикасында шапшаң дамып келе жатқан қызметтер
шеңберіндегі коммерциялық, кәсіпкерлік қызметтің салыстырмалы жүйеде жаңа
түрі деп атауға болады.
Лизингтің тарихына көз жүгірсек, көптеген ғалымдардың ойы бойынша
қазіргі мағынадағы лизинг 1952 жылы АҚШ-тың Сан-Франсиско қаласының ең
бірінші лизинг компаниясының ашылуымен тұспа –тұс келеді.
Босх мырза Колифорния штатындағы азық- түлік өндірісімен айналысатын
кішігірім фирманың басшысы -тұғын. Әскери ведомстваның үлкен тапсырмасын
орындау үшін оған автокөлік паркін ұлғайту керек болады. Бұл фирманың
капиталы шағын болғандықтан бұл мақсатта қолдану үшін қаржы көздері жоқ
еді. Сонда Босх керекті машиналарды арендалауды жөн көрді, сонымен оларды
алу процесін қаржыландырды. Мұндай операцияның тиімді екенін байқап және
кейбір фирмалар оның жасаған операциясын қайталағысы келетінін естіп, Босх
20 мың доллар капиталы бар лизинг фирмасын құрды. Екі жылдан кейін бұл
фирма құны үш миллион доллардан асатын машиналар мен құрал-жабдықтарды
жалға беріп отырды. Осыдан кейін Босх мырза 400 мың доллары бар екінші бір
лизинг фирмасын ашады. Қазақстан мен Ресейде, сонмен қатар ТМД елдерінде
лизинг өзінің дамуын 1989 жылдан бастады деп айтуға болады. Шет
елдегі лизингтік ұйымдық нысандардың ішінен мұнда әзірше тек қана қаржылық
лизинг компаниялар және лизинг операцияларын орындайтын коммерциялық
банктер дамып отыр.
Алғаш рет Қазақстан заңдарында "лизинг" термині ҚазССР –нің "ҚазССР-
дегі кәсіпкерлердің дамуы және шаруашылық қызмет еркіндігі туралы " заңының
21 бабында қолданылды. Кейін "лизинг" термині келесі нормативтік құқықтық
актілерде : 1994 жылы 18 наурыздағы "Қазақстандық фрахталық компаниялар
және транспорттық лизингтік компаниялар құру туралы ", 1994 жылдағы 10-шы
қазандағы "Азия лизинг мемлекеттерінің қатысуы мен лизингтік компаниялар
құру туралы", 1998 жылғы 15-ші сәірдегі "Ауыл шаруашылығында лизингті
ұйымдастыру шарттарымен тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы ", сондай-
ақ басқа да нормативтік актілерде көрініс тапты.
Лизинг жалдаудың бір түрі болғанымен оны бір-бірінен айыра білу
керек. Лизинг алушы жалға алушы сияқты мүлікті тек ұзақ пайдалануға ғана
алмайды. Оған сонымен қатар меншік құқығымен байланысты сатып алушының
міндеттері жүктеледі: мүлікті төлеу, мүліктің кездейсоқ жойылуынан болған
зиянды өтеу, мүлікті сақтандыру және техниаклық қызмет көрсету, сондай-ақ
жөндеу. Бірақ, мүліктің меншік иесі лизинг берушінің өзі болады. Лизинг
мәмілесінің объектісінің жойылуы немесе оны пайдаланудың мүмкіншілігі
қарызды толық төлеу міндетінен босатылады. Лизинг алушы жалға алушы сияқты
мүлік пайдалану құны үшін ай сайын ақшасын жалға берушіге төлеп тұрады. Ол
мүлікті пайдалану үшін лизинг берушіге мүліктің толық құнын өтейді.
Кемшілік болған жағдайда лизинг беруші кепілдік міндеттерден түгелдей
босатылады. Бұл жағдай негізделген, өйткені лизинг беруші мүлікті лизинг
алушының сұрауымен және оның мүддесіне сатып алды. Сондай-ақ міндеттердің
бұлай бөлінуі мүлік алушының мүлікті күтіп ұстауының кепілі болып табылады.

Жалға алу шарты мен лизинг шарты тараптардың арасында тәжрибеде
қалыптасқан басқада айырмашылықтар бар. Лизинг бойынша төлемдерді
есептегенде мүліктің сатып алу бағасы, лизинг шарты жасалған мерзім,
қалдық құны және үстеме бағалары есептелінеді. Жалға беру кезінде төлем
мөлшері көбінесе нарықтық конъюктураға (сұраныс және ұсыныс) байланысты
есептелінеді. Жалға алу шартына қарағанда лизингте тәжрибе көрсеткендей
шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін алдын ал келісілген баға
бойынша мүлік лизинг алушының жеке меншігінде қалады. Мұндай жағдайда бөлке
шарт жасу қажеттігі туындайды.
Лизинг әлемнің көптеген едерінде өз дамуын тауып, кәсіпкерлік
қызметті ұйымдастырудың пайдалы әдістерінің бірі болып саналғанмен,
Қазақстанда әлі де болса оның дамуы нысандары мен жолдары анықталуда.
Қазіргі экономикалық дағдарыстық жағдайында көптген кәсіпорындар өндірістің
техниаклық жаңаруына ірі мөлшердегі қаражаттарды салуды жүзеге асыра алмай
отыр. Осыған байланысты барлық меншік нысанындағы отандық өндірістегі
қолдауға соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті және өндіріс аясын
дамыту үшін қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін лизигнгтік
бизнесті дамыту қажеттілігі туындауда. Шағын кәсіпкерліктен инвестициялық
лизингтік жоспарына қолдау көрсету осы процеске қатысатын негізгі
субъектілерін анықтауға негізделуі керек- олар ретінде лизингтік
компаниялар түсуі керек. (7)
Менің бұл тақырыпты таңдауымның себебі, қазіргі Қазақстан жағдайында
кәсіпкерлік қызметтің өркендеп дамуында шешілмей жатқан мәселередің бірі
қаржы ресурстар жеткіліксіздігі. Шағын және орта кәсіпкерлікті
несиелендіруде қаржы институттарының жоғары талап қоюы. Елімізде
қабылданған индустриалды-инновациялық сратегиясында негізгі қорларды
тездетіп жаңарту, өндірістік секторды дамытуға басты назар аударылған.
Қазақстандағы негізгі құралдардың 80 пайызға жуығы тозған және тез арада
жаңартуды талап етеді. Моральдік, физикалық тозған құрал жабдықтар мен
сапалы бәсекелі өнім өндіру мүмкіндігі төмен. Сонымен бірге нарықта жаңадан
жұмыс жасап жатқан шағын кәсіпорындар, кәсіпкерлер қызметін жандандыруға,
мәселелерді шешуде - лизинг маңызды орын алады. Бұрынғы постсоциалистик
елдердің барлығында дерлік қазіргі таңда кәсіпорында, өндіріс орындарында
ескірген негізгі құралдарды жаңарту мәселесі өзектілердің бірі. Өндірісте
жоғары ғылыми техникалық құрал жабдықтарды негізе отырып, шығаратын өнім
сапасын , оның бәсекелестік қабілетін арттырамыз. Бүкіл әлемдік сауда
ұйымына кіру қарсаңында, отандық өндіріс орындары мен кәсіпорындардың
өндірген өнімдері, халықаралық сапа талаптарына жоғары бәсекеге төтеп
беруі қажет. Міне бұл мәселелерді шешудің бірден бір тиімді жолы – лизинг
арқылы шешуге болады.

1. ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Лизинг ұғымы, түрлері және оны өндірістік кәсіпорындарда пайдаланудың
маңызы

Лизинг түсінігі шет ел және отандық әдебиеттерде де кәсіпкерлік
қызмет тәжрибесінде де кең қолданылады. Лизинг мәнін дұрыс түсінбеушілік,
әр түрлі көз қарастар мен тұжырымдар лизингтік қатынас жұмысына кері
әсерін тигізіп отыр. Лизингтің қаржы-коммерцияалық, құқықтық және
техникалық аспектілері бар. Жобамен қазіргі экономикалық, қаржылық
әдебиеттерде лизингтің 100-ден астам анықтамалары бар. Ол анықтамаларды
келесі белгілеріне сүйеніп, лизингті тар және кең мағынада түсіндіре
аламыз:
- лизинг келісім шарттарының экономикалық-құқықтық мазмұны;
- келісім мерзімі;
- лизинг келісімінің обькетілер шеңбері;
- келісім шартқа қатысушылардың саны мен құрамы және т.б.
белгілеріне қарап оған анықтама бере аламыз.
Лизингтік қызмет біздің елде инвестициялық қызметтің бір түрі болып
саналады, яғни негізгі құралдарды сатып алып, оны лизингке беру. Басқаша
айтқанда, лизинг – бұл лизинг беруші тарапынан уақытша бос қаржысын
лизинг алушы эканомикасына салу, яғни инвестициалау құралы. Келісім
шартта көрсетілген негізгі құралдарды лизинг беруші сатушыдан сатып
алып, оны лизинг алушыға құнын айлап өтеу шарты негізінде пайдалану
құқығы мен кәсіпкерлік мақсатта қолдануға береді. Лизинг беруші
негізгі құралдарды сатып ала отырып, сол құралдардың болашақта
лизинг алушымен пайдалануын қаржыландырады, ал сосын өз шығындарын
лизингтік төлемдер арқылы өтеледі. Нәтижесінде лизинг берушінің
инвестициялық қызметі негізінде лизинг алушының негізгі құралдар
құрамы толығады.
Әлемнің көптеген елдерінде лизингтік қызмет инвестициялық
бағытталғандығы мен сипатталады. Лизинг механизімінің мәнін түсінуде әр
елде әр түрл ерекшеліктері бар. Көп жағдайда лизингті аренда түрінде
түсінеді немесе құрал-жабдықтың, көлік құралдарының, өндіріс обьектілерінің
ұзақ мерзімді арендасы ретінде түсінеді. Лизингке мұндай анықтама беру оның
мән мағынасын толық ашпайды. Лизинг қаржылық ерекшелігімен арендадан
ерекшелінеді.
Лизинг алушы – бұл ұзақ мерзімге пайдалануға тек құрал жабдықты ғана
емес, сонымен бірге меншік құқығымен байланысты міндеттер де орындаушы.
Олар:
- мүлікке төлем;
- мүліктің кездейсоқ бүлінуіне байланысты өтемдер;
- мүлікті сақтандыру мен техникалық қызмет көрсетуге байланысты төлемдер.
Лизинг затына меншік ету құқығы лизинг берушіде қалады. Лизинг алушы
жалгер сияқты әр айда оны пайдаланғаны үшін емес, оның толық құнын өтеу
үшін төлем төлейді. Лизингке алынған заттың бүлінуі немесе жойылуы лизинг
алушы міндетттерінен босатпайды. Сонымен бірге, арендаға алғанда екі жақты
келісім шарт жасалады, ал лизингке алғанда екі немесе оданда көп жақты
келісім шарт жасалады. (№1-2 сызба )
Экономикалық қарым-қатынаста лизинг көп жағдайда қаржылық операция
түрінде қарастырып, қор салымының бір түрі деп түсінеді. Кез келген
лизинг келісімінің негізгі өзегі ол қаржылық, несиелік операциялар болып
табылады.

1-сызба – Аренда келісім-шартының сызбасы

Аренда беруші аренда келісімі
Аренда алушы

2 –сызба. Лизинг келісімінің сызбасы

Жабдықтаушы сатып алу келісімі Лизинг беруші аренда келісімі Лизинг алушы

Лизинг термині ағылшынның to leasе деген етістігінен шыққан,
мағынасы жалға алу. Лизинг терминінің көптеген анықтамасы бар, бірақ ол
анықтамалардың барлығы лизинг формаларын толық сипаттай алмайды. Лизинг
қаржы – коммерциялық, құқықтық, техникалық аспкетілерге ие. Әртүрлі
саладағы мамандар (юристтер, коммерсанттар мен кәсіпкерлер, маркетолог,
банкир, сыртқы экономикалық сала қызметкерлері) лизингті инвестициялық –
банктік немесе аренделық, кейде іскерлік қызметке жатқызады .
Лизинг – іскерлік қарымқатынастың бір түрі, өйткені лизинг шаруашылық
тәжрибеге нақты енген өнім өткізудің, инвестициялаудың басты формасы.
Мұндай тар және біржақты анықтамалар мен лизинг - бұл аренда,
қаржыландыру, несиелеу, тауар өткізу қызметтерінің жиынтығы. Лизингтің
көп жақты табиғаты мынадай жаңа жұптардың құрылуына себепші, олар: лизинг
– несие , несие – аренда, аренда – сату, лизинг – сатып ал у, жалдау
–сатып алу, сату - қарсы лизинг, сатып алу – лизинг. Сондықтан кейбір
жағдайда лизинг сауда – қаржылық немесе қаржылық – экономикалық операция
ретінде жүреді. Австралиялық бизнесмен Вольфганг Хойлер өзінің Европадағы
бизнесті қалай жасау керек деген кітабында мынадай сұрақ қойған: Лизинг –
аренда келісім шарты ма, әлде несие келісімі ме? - жауап: Жалпы лизинг
ерекше келісім, жоғарыда аталғанның екеуін де қамтиды.
Е. Кабатов, Е. Чекмаров, В. Перов сияқты Лизинг түсінігін кеңінен
талқылаушылардың көзқарасы бойынша, лизинг – бұл күрделі, кешенді
келісімдік қатынас, өйткені онда екі немесе оданда көп келісімдер қамтылады
(сату –сатып алу және мүлікті жалға беру келісімдері) .
Е.Чермаковтың тұжырымы бойынша: мүлікті жалға беру – лизинг мәнінің
өзегі болып табылады. Ал қосымша қызметті мүлікті сату – сатып алу
қатынастары атқарады. Экономикалық мәні бойынша лизинг – қаржылық
операцияның жаңа түрі ретінде қарастырылады. Егер лизингті белгілі бір
уақытқа қайтару негізінде арендаға алатын болсақ, онда біз оны негізгі
құралдарға жасалған тауарлық кредит ретінде қарастыруымыз керек.
Өз қаржылық рессуртарын пайдалану мен банктік несиенің баламасы
ретінде, лизинг – капиталға салымды қаржыландырудың өзіндік ерекше формасы
болып табылады. Бұл процесс өнеркәсіптік кәсіпорынға бірденнен көп қаржылық
шығындалмай ақ қажетті мүлікті сатып алуға және негізгі құралдарды
үздіксіз жаңартып отыруға мүмкіндік береді.
Лизинг түрлерінің жіктелуі отандық және шетелдік тәжрибе мен теорияда
айтарлықтай салмақты зерттеліп жатыр. Лизинг түрлерін көрсеткенде оның
жіктелу белгілеріне сүйенеміз. Жіктемелік белгілеріне жататындар:
- қатысушылар құрамы;
- лизингке берілетін мүлік түрі;
- оның өтімділік деңгейі;
- амортизация жағдайы;
- қызмет көрсету көлемі;
- операция өтететін нарық секторы;
- салықтық және амортизациялық жеңілдік қатынасы;
- лизингтік төлемдер сипаты;
Лизингтің түрлері:
1.Қайтарымды лизинг – сатушы лизинг берушіге мүлікті сатады және сол
мүлікті өзі (сатушы) лизингке алады.
2.Туынды лизинг (вторичный) – бұл лиизнг түрінің ерекшелігі,
келісімшарт белгілі бір себептермен бұзылған немесе мерзімі аяқталып, мүлік
лизинг берушіде қалған жағдайда, мулікті басқа лизинг алушыға жалға беру.
3. Банктік лизинг – лизингтің бұл түрінде лизинг беруші ретінде банк
болады.
4. Толық лизинг – бұл лизингтің түрінде лизинг мүлігіне техникалық
қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу жұмыстары лизинг берушімен жүргізіледі.
5. Сублизинг - бұл лизингтің түрі алынған құрал жабдықты лизинг алушы
(сублизинг беруші) кәсіпкерлік мақсатта уақытша пайдалануға үшінші жаққа
береді (сублизинг алушыға), яғни сублизинг келісім шартымен әр айда төлеу
міндетімен.
6. Таза лизинг – мұнда толық лизинг шартына керісінше болады.
Лизингтің көптүрлілігіне қарамастан, олардың барлығы лизингтің
классикалық моделінің өзгешеліктері болып табылады. Яғни уақытша бос
қаржысы жоқ кәсіпорын лизингтік компанияға іскерлік ұсыныспен шығады.
Лизинг алушы керек затты тауып, сатушыны анықтағаннан кейін лизинг беруші
лизинг затын сатып алып, лизинг алушыға белгілі бір төлем негізінде жалға
береді. Келісім шарт мерзімінің аяқталуына немесе келісімдегі талаптардарға
сәйкес, лизинг заты лизинг берушіге қайтарылады, не лизинг алушыда қалады
немесе лизингтік келісім ұзартылады.
3-сызба – Классикалық қаржылық лизинг

Мүлікті таңдау
ЖАБДЫҚТАУШЫ
ЛИЗИНГ АЛУШЫ
Сату-сатып алу Мүлікті жеткізу лизинг Лизингтік
Мүлікке келісім шарты
келісім шарты төлемдер
төлем

ЛИЗИНГ БЕРУШІ
Сақтан-
Кредиттік Кредиттік Сақтандыру дыру
келісім төлемдер Сақтандыру төлемдері өтемі
шарт келісім шарты

Қаржыландырушы мекеме
(банктер, қорлар және
т.б.)
Сақтандыру компаниясы

Лизингтің операция жасалатын нарық секторына байланысты лизинг мынадай
формаларға бөлінеді:
1. Ішкі лизинг – мәмілеге қатысушылар тек бір мемлекеттің заңды тұлғалары
немесе азаматтары болған жағдайда;
2. Сыртқы лизинг (халықаралық лизинг) – мәмілеге қатысушы жақтардың әр
түрлі ел заңды тұлғалары немесе азаматтары болған жағдайда;
Халықаралық лизинг өз кезегінде келесі түрлерге бөлінеді:
1. Импорттық – егер, лизинг беруші ретінде шетелдік заңды тұлға
қатысса;
2. Экспорттық – егер, шетел заңды тұлғалары лизинг алушы ретінде қатысса;
Біздің елде кең тарағаны ішкі және имапорттық лизинг болып табылады.
Арендаға алынған мүлікке қызмет көрсету түрі бойынша лизинг келесідей
бөлінеді:
1. Таза лизинг – бұл жағдайда лизинг мүлігіне қызмет көрсету, жөндеу
жұмыстарын лизинг алушы жүргізеді;
2. Толық емес немесе (таза емес) лизинг – барлық жөндеу, техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын лизинг беруші жүргізеді. Көбінесе лизингтің бұл түрін
өндірушілердің өздері пайдаланады. Әдетте лизингтің бұл түрі қымбат болып
келеді, өйткені лизинг беруші техникалық қызмет бойынша, тағыда басқа
шығындар жасайды.
3. Бөлшкеті (бөлшкетеп қызмет көрсету) – лизинг беруші көрсетілетін
қызметтің белгілі бір бөлігін ғана жасайды.
Қаржыландыру түрлеріне қарай мынадай түрлері бар:
1. Шұғыл – мүліктің бір жолғы арендасы;
2. Қайта жаңартушы лизинг – лизингтік келісім шарт мерзімі аяқталған
жағдайда ұзартуға мүмкіндігінің болуы. Лизингтің бұл түрінің
ерекшелігі: егер, лизинг затының тозуына немесе келісім шартта
көрсетілген басқа да себептерге байланысты лизинг алушы алынған затын
жаңа түріне ауыстыруға құқы бар. Қайта жаңарушы лизингі бойынша оның
объектілерінің мерзімі, алынған мүліктің түрінің қандай болатыны алдын
ала келісілмейді.
3. Бас лизинг – бұл қайта жаңарушы лизингтің бір түрі, лизинг алушыға
жаңа келісім шарт жасамай ақ лизинг мүлігін толықтыра алады. Бұл
лизинг түрі ұдайы үздіксіз жұмыс жасайтын кәсіпорындарда,
серіктестерімен қатаң келісімшарт кооперациясын ұстанатын
кәсіпорындарда немесе бұрын лизингке алынған затты тез арада ауыстыру
керек болған жағдайда пайдалануға тиімді.
Қатысушылар құрамына (субъектілеріне) байланысты келісімнің мынадай түрлері
болады:
1. Тікелей лизинг – лизинг мүлігінің меншік иесі (сатушы) өзі тікелей
лизингке береді (екі жақты келісім). Бұл лизингті біз классикалық
лизинг деп айта алмаймыз, өйткені мұнда лизингтік компания қатыспайды.

4-сызба – Тікелей лизинг процесі үшін

1
Өндіруші
Жалға алушы
2

1) Құрал жабдық
2) Арендалық төлемдер

2. Қайтарымды лизинг - өзара байланысты келісімдер жүйесі, мүлік иесі
лизинг затын лизингтік компанияға, банкке немесе инвестициялық қорға
сатады және сол жерде сатқан затын өзі ұзақ мерзімді пайдалануға жалға
алады. Қайтарымды лизинг кепілдің бір баламасы болып табылады. Лизинг
заты ретінде қолданыстағы заттарды да алуға болады. Қайтарымды лизинг
аз шығын жұмсай отырып, қосымша қаржы тартудың тиімді жолдарының
бірі. Мұнда құрал жабдық иесі өз мүлкін екінші жақ меншігіне сатады,
сонымен бір мезгілде сатып алушыдан ұзақ мерзімді жалға алу келісім
шартын жасайы. Әдетте сатып алушы ретінде коммерциялық банктер,
инветициялық, сақтандыру, лизингтік компаниялар болады. Мұндай
операциялардың нәтижесінде құрал жабдықтың иесі ғана өзгереді, ал оны
пайдаланушы бұрынғысынша өзгермейді, тек қосымша қаржыландыруға ие
болады. Инвестор шын мәнінде оның бұрынғы иесін несиелендіреді,
нәтижесінде мүлікке меншік құқығын алады. Мұндай операциялар көбінесе
іскерлік құлдырау жағдайында қолданылады, кәсіпорын қаржылық жағдайын
тұрақтандыру мақсатында.

5-сызба – Қайтарымды лизинг процесі үшін

Сату-сатып алу
келісім шарты
Лизингтік компания Сатушы және жалға алушы
кәсіпорын

Қаржылық лизинг
келісім шарты

Сонымен бірге сақтандыру келісімдерін жасауды ұмытпау керек. Егер
сақтандыру келісімін лизинг беруші жасаса, лизингтік төлемдерге
кіргізіледі, ал лизинг алушымен жасалса лизингтік төлемдерге кірмейді.
Формалары мен түрлеріне байланысты әрбір лизингтің өзіндік ерекшеліктері
бар. Бұл ерекшеліктерді нақты білген жағдайда лизинг түрлерін қателеспей
ажыратуға мүмкіндік береді.
3. Жанама лизинг – мұнда лизинг затын беру немесе тапсыру делдардар арқылы
жүргізіледі. Бұл түрдегі лизингті классикалық лизингке жатқыза аламыз,
өйткені бұл келісімде жабдықтаушы, лизинг беруші және лизинг алушы
қатысады.
4. Жеке дара лизинг – бұл лизинг түрі күрделі және өте ірі көлемдегі
қаржыландыруды талап ететін келісімдерде пайдаланылады, яғни әуе, темір
жол, теңіз техникаларын алуда қолданылады. Лизингтің бұл түрін топтық
немесе акционерлік деп те атайды. Мұнда жабдықтаушы, лизинг беруші
банктер бірнешеу болуы мүмкін. Лизингтің бұл түрінің ерекшелігі келісімге
қажетті қаржы акция шығарып, оны лизинг беруші компаниялар арасында
бөліну арқылы шоғырландырылады, ал қалған жетіспеген қаржы банктер мен
инвестициялық компаниялардан тартылады.
5. Сублизинг – бұл лизингтің түрі бойынша алынған құрал жабдықты лизинг
алушы (сублизинг беруші) үшінші жаққа береді (сублизинг алушыға)
кәсіпкерлік мақсатта уақытша пайдалануға, яғни сублизинг келісім
шартымен әр айда төлеу міндетімен. ҚР Қаржы лизингі туралы заңына
сәйкес, құрал жабдықты сублизингке беру үшін жазбаша түрде лизинг
берушінің келісім болуы қажет. Халықаралық сублизинг, халықаралық
лизингтің бір түрі болып табылады. Олда ҚР Қаржы лизингі туралы заңы
мен реттеледі. Халықаралық сублизингтің айрықша ерекшелігі болып, лизинг
затының ҚР шекарасынан ары –бері лизинг келісім шарты мерзімінде өтіп
жүруі. Сублизингтің негізгі артықшылығы, ол жалға беруші жалгерлік
төлемдерді талап ету құқықығына ие. Әдетте келісім шартта ескертілгендей
үшінші жақтың (сублизинг алушыға) банкроттық жағдайында жалгерлік
төлемдер негізігі жалға берушіге жүктеледі.

7-сызба – Сублизинг схемасы

Лизинг беруші

Сату-сатып алу
келісім шарты
Қаржылық лизинг келісім
шарты

Құрал жабдық- пен
жабдықтаушы Құрал жабдықты Лизинг алушы
жеткізу


Сублизингтік келісім.
мүлікті жеткізу Сублизингтік келісім.
Мүлікті жеткізу.


Сублизинг алушы Сублизинг
№1 алушы
№2

Мүліктің түріне байланысты лизинг түрлері:
1. Қозғалмалы мүлік лизингі (құрал-жабдық, техника, автокөлік, кеме,
ұшактар және т.б.), лизинг заты жаңа немесе бұрын пайдаланылған болуы
мүмкін;
2. Қозғалмайтын мүлік лизингі (ғимарат, құрылыс );
Мүлік құнының өтелу деңгейіне байланысты лизинг келесі түрлерге бөлінеді:
1. Толық өтемді лизинг (немесе толыққа жақын) – егер, келісім мерзімінде
толық немесе соған жақын деңгейде амортизация өтелсе және лизинг
затының құны өтелсе, онда лизинг толық өтемді болып табылады.
2. Толық өтемсіз – бір лизингтік келісім мерзімінде лизинг затының
амортизациясының бір бөлігі ғана өтеледі.
Өз құнынын өтеу деңгейіне байланысты (мүлік амортизациясы) былай бөлуге
болады:
1. Қаржылық лизинг – бұл серіктестер арасындағы өзара қарым-қатынас,
лизингтік келісім мерзімі аяқталғанға дейін лизингтік төлемдер, мүліктің
амортизациясының көп мөлшерін немесе толық өтейді. Сондай-ақ лизинг
берушінің пайдасын қамтып, шығындарын жабады. Бұл лизингтің өзіндік
ерекшеліктері:
a. Лизинг берушінің, лизинг алушының және үшінші жақтың (өндіруші
немесе сатушының) қатысуы;
b. Лизинг берушінің шығындары өтелу мерзімінде келісімді бұзуға
болмайды;
c. Лизингтік келісім мерзімінің ұзақтылығы әдетте мүліктің
пайдалану мерзіміне жақын болады;
Қаржылық лизинг – ұзақ мерзімді келісім, мұнда жалдау төлемінің
есебінен мүліктің амортизациялық төлемдері толық төленеді. Мұнда келісімді
мерзімінен бұрын тоқтатуға болмайды, сондай ақ мерзімдік төлемдер-сатып
алу, жеткізу шығындарын және пайданы қамтиды. Лизингтің бұл түрінде орнату,
техникалық қызмет көсету жұмыстары жалдаушыға жүктеледі. Бұл келісімде,
мерзімі біткенде мүлікті жеңілдік бойынша немесе қалдық сомасы бойынша
сатып алу қарастырылған. Оперативті лизингке қарағанда қаржылық лизинг
мүлік иесінің тәуекелін төмендетеді. Мәні бойынша банктің ұзақ мерзімді
келісімінің талаптарына ұқсас, яғни алынған мүліктің толық құнын төлеу,
мерзімдік төлемдер (негізгі және пайыздық жағы, яғни мүлік құны мен пайда),
келісімді орындай алмай жатса, жалдаушыны банкрот деп жариялау құқының
болуы және т.б.

8-сызба. Қаржылық лизинг механизмі

2
Жалға беруші
Өндіруші

4 1 3

Жалдаушы

1) құрал жабдықты алуға өтініш
2) құрал жабдыққа төлем
3) құрал жабдық
4) жалгрлік төлем

2.Оперативті лизинг – бұл ағымдағы аренда келісімі, әдетте мұндай келісім
мерзімі алынған мүліктің амартизация мерзімінен аз болып келеді. Сондықтан
келісім бойынша белгіленген арендалық төлем мүліктің толық құнын өтей
алмайды, нәтижесінде мүлікті бірнеше рет лизингке беруге тура келеді.
Оперативті лизингттің негізгі ерекшелігі – лизинг алушының келісімді
мерзімінен бұрын тоқтатуға құқықығы бар. Сонымен бірге мұндай келісім мен
алынған мүліктің ағымдағы жөндеу жұмыстарын және орнату, тағыда басқа
қызмет түрін көрсетуі мүмкін. Сондықтан лизингтің бұл түрін кейде қызметтік
деп атайды.
9-сызба. Оперативті лизинг үшін

5
Жалға беруші
Өндіруші
(Лизингтік компания) 2
4
1 3

Арендатор
(Жалдаушы)

1) құрал жабдықтарды алуға өтініш
2) алынған құрал жабдыққа төлем
3) құрал жабдық
4) жалгерлік төлемдер
5) келісім мерзімінің аяқталуымен құрал жабдықты қайтару

Оперативті лизинг обьектілері болып тез ескіретін құрал-жабдықтар
(компьютер, көшірме құралдары, әр түрлі оргтехникалар) кіреді. Жалпы
оперативті лизинг талаптары лизинг алушыға тиімді, өйткені лизинг алушының
келісімді мерзімінен бұрын тоқтату құқығы бар және ескірген тозған негізгі
құралдарын жаңа технологиялық құралдар мен ауыстыруға мүмкіндік береді.
Кемшілектері : басқа лизинг түрлеріне қарағанда айтарлықтай жоғары
арендалық төлем, алдын ала аванс төлеу талабы, арендалық келісім шартта
келісімді мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда айып пұл төлеу туралы
тармақтың болуы.
Бұл лизинг түрі бойынша лизинг алушы мынадай құқықтарға ие:
а) келісім мерзімін ұзартуға;
б) лизинг затын қайтаруға;
в) және сатып алуға;

1.2 Лизингтік қатынастарды нормативтік –құқықтық реттеу

Бүгінде лизинг жай арендалық қатынас ретінде көптеген мемлекеттердің
экономикалық саясатының бір бөлігі болып қалыптасып, экономика дамуының
басты құралдарының бірі болып отыр.
Мемлекеттің қатысуынсыз лизингтік қатынастың белсенді дамуында алғы
шарт жоқ. Лизингті дамытудағы мемлекеттің басты міндеті нормативті-құқықтық
базасының өміршеңді жағдайын қалыптастыру. Лизингтік қатынастың дамуына
ыңғайлы экономикалық жағдай қалыптастыру, мемлекет тарапынан
инвестициялауға кепілдік беру және салықтық преференциялар қажет.
Қазақстанның лизингтік қатынастарды реттеу 05.07.2000 ж. Қазақстан
Республикасының Қаржылық лизингі туралы заңын қабылдағаннан кейін
белсенді дами бастады.
Қазақстан Республикасының Қаржылық лизингі туралы заңының 1-бабы 1-
пунктне сәйкес Қаржылық лизинг турлы заң Қазақстан Республикасының
конституциясына негізделеді және аталған заң, азаматтық кодекс,
нормаларымен тағыда басқа Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінен
тұрады. Аталған статьияның екінші пунктіне сәйкес егер, Қазақстан
Республикасы мен халықаралық келісімдер ратификацияланған жағдайда, келісім
шарттар халықаралық келісімдер тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде лизингтік қатынас 8
бабымен мен реттеледі және инвестициялық қызметтің ерекше түрі ретінде
емес, келісім шарт ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодкестің 565-бабына сәйкес
лизингтік келісім бойынша лизинг беруші лизинг алушымен көрсетілген
мүлікті өз меншігіне алуға міндеттеледі, және оны лизинг алушыға міндетті
төлем негізінде кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға береді .
Сондай ақ алынатын мүлікті және сатушының келісімі бойынша лизинг
беруші таңдауы мүмкін.
Сонымен лизинг:
1) лизингтік құқықтық қатынас үш жақты қатысушылар (лизинг алушы, лизинг
беруші және сатушы) келісімі болып табылады;
2) лизинг беруші – мүліктің меншік иесі;
3) лизинг алушы – мүлікті кәсіпкерлік мақсатта пайдаланушы;
Атап кету керек, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодкесі бойынша
келісімдегі лизинг заты болып тұтынылмайтын кез келген зат бола алады,
кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылатын және құнды қағазбен табиғи ресурстар
болмауы қажет.
Азаматтық кодексте көрсетілгендей:
4) Лизинг келісім қатысушылары келісім талаптарын еркін түрде өзара
келісе отырып жасай алады;
5) Лизинг алушы – лизингтік мүліктің жоғалу қауіпі тәуекелін алып жүруші
жалғыз ғана субъект. Келісім шартта өзгеше көзделмесе, кездейсоқ қаза
болу немесе мүліктің бұзылуы бойынша тәуекел, лизинг алушыға мүлікті
берген күннен бастап жүктеледі;
6) Лизинг алушы мен лизинг беруші арасында жасалған келісім негізінде
лизинг алушы сатушыдан қаржылық лизинг заты болып табылатын мүлікті
талап етуге құқылы. Сонымен бірге мүліктің сапасы бойынша тапсырыс
мерзімі бойынша келіспеушіліктер туындаса тікелей сатушыдан талап ете
алады. Егер, лизинг алушы сату-сатып алу келісімінің қатысушысы болған
жағдайда, оға міндеттер мен құқықтар жүктеледі. Бірақ, лизинг алушы
лизинг берушінің келісімінсіз сатушымен жасалған сату – сатып алу
келісім шартын бұза алмайды.
Сонымен, сатушы мен қарым-қатынаста лизинг алушы және лизинг беруші
ортақ кредиторлар ретінде жұмыс жасайды. Лизигнтік қатынаста құқықтық
реттеудің басты аспектілері болып мемлекеттің фискалды саясаты табылады.
Қазақстан Республикасының лизингті қатынастарды дамытудағы мемлекеттің
жүргізген жоспарлы іс әрекеттерінің нәтижесінде лизинг қызметі біршама
түсінікті, айқын және қол жетімді болып қалыптасты. Сонымен бірге салықтық
жағы да біршама жеңілдеді.Бұған мысал ретінде еліміздің салықтық Кодексінің
әр жылдағы енгізіліп жатқан өзгерістерді айта аламыз.
Лизинг - Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының басты
маңызды саласы болып, жоғары технологиялық өндірістердің ашылуына жол
ашады. Еліміз отандық өңдеу өнеркәсіптерін дамытуға бет алған тұста,
халықаралық лизинг ерекше маңызды роль ойнайды.
Лизингтік қатынаста лизинг беруші шет елдік компания болса, онда бұл
лизингтік келісім бойынша мүлікті жалға беру Қазақстан Республикасының Шет
елдік инвестиция туралы заңының 9- бөлімнің 1- бабына сәйкес шет елдік
инвестициялық қызмет түрі болып саналады. Сондай ақ аталған заңға сәйкес
шетелдік инвестицияға мемлекет тарапынан кепілдік беріледі.
Кедендік заңнамаларға да бірқатар өзгерістер енгізілген.
Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінің 1бөлімнің 191 бабына сәйкес,
Қазақстан Республикасының Үкіметімен кедендік режимнің уақытша шеттен
әкелінетін лизингтік заттарының тізімін бекітеді. Аталған заңның 3- бөлімі
192 - бабына сәйкес жоғарыда аталған уақытша шеттен әкелінетін лизинг
заттарын тізімін лизингтік келісім шарт талаптарына сәйкес анықтап
отырады. Уақытша сырттан әкелінетін аталған лизинг заттарының мерзімін
сырттан әкелуші тұлғалардың өтініші бойынша Қазақстан Республикасының
кедендік қызмет органдарымен өзгертіліп отырады. Қазақстан Республикасының
Қаржы лизингі туралы заңының 3-бөлімінің 192-бабына сәйкес лизингтік
келісім талаптарына енгізілген өзгерістерді негізге ала отырып, Қазақстан
Республикасының Үкіметімен бектітілген тізімге енген уақытша сырттан
әкелінетін лизинг заттары толығымен кедендік баждан және салықтан
босатылады (2-бөлім 192 бап).
Сонымен, Қазақстан Республикасының лизингтік қатынастардың дамуына
барлық жағдайлар жасалған, соның ішінде:
1) нормативтік-құқықтық базасы;
2) мемлекеттік кепілдік;
3) қолайлы экономикалық жағдайлар;
- салықтық преференциялар;
- кедендік льготтар;

Лизинг қатынастарды реттеу бойынша негізгі нормативті-құқықтық актілер.
1. Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы заңы 5.07.2000 жыл
№78-11.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлімі) 1.07.1999
ж. №409-1.
3. Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы кодексі (Салық кодексі) 12.06.2000 ж. №209-
11.
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексі 13.07.1999
ж. №411-1.
5. Қазақстан Республикасының Инвестиция туралы заңы 8.01.2003 ж. №373-
11.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 21.08.2001 ж. №1092 кедендік
режимнің уақытша сырттан әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарының
тізімін бекіту туралы қаулысы (11.06.2003 ж. № 569 Қазақстан
Республикасының Үкіметімен енгізілген өзгерістер мен қосымшалар
қаулысымен).
7. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы 28.04.2004 ж. №475
Лизинг берушімен қаржылық келісім шарт негізінде лизингке беруге
арналған негізгі құралдар импортын жасағанда қосыша құн салығынан
босатылатын негізгі құралдар тізімін бекіту туралы (Кахстанская
правда от 13.05.2004 г. №101, Бюллетень бухгалтера №23 за 2004г.)
8. Қазақстан Республикасының бюджетті жоспарлау және экономика
министірлігінің салықтық саясат және болжау департаментінің Қазақстан
Республикасының Үкіметінің қаулысына 28.04.2004 ж. №475 берген
түсініктемесі.
9. Бухгалтерлік есеп стандарты 17 Аренда есебі(9)
Лизинг пайдаланудың тиімділігінде оның нормативтік – құқықтық базасы
айтарлықтай роль ойнайды, яғни олар: лизинг механизмі, бухгалтерлік есеп
жүесі, салықтық жеңілдіктер деңгейі .
Қазақстан Республикасының лизингтік қатынастарды реттеудің
нормативтік – құқықтық базасы келесілерді қамтиды:
1) Азаматтық – құқықтық реттеу:
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодкесі;
- Қазақстан Республикасының Қаржылық лизинг туралы заңы;
- Қазақстан Республикасының Қаржы лизингі туралы заңына кейбір өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы заңы;
2) Салықтық реттеу:
- Қазақстан Республикасының Салық кодексі,
- Қазақстан Республикасының Үкіметінің Лизинг беруші мен шет елден
әкелінетін, яғни импортталатынқұрал жабдықтың (қаржылық лизингке беру
мақсатында) немесе негізгі құралдарды қосымша құн салығынан
босатылатындардың тізімін бекіту туралы қаулысы;
3) Кедендік реттеу.
4) Лизингтік операциялардың бухгалтерлік есебінің қағидалары.
Лизинг есебі Қаржылық лизингі туралы Қазақстан Республикасының
Заңының 22-ші бабына сәйкес бухгалтерлік есеп жөніндегі заңнама талаптарына
сай жүзеге асырылады. Қаржылық жалды (лизинті) есепке алудың тәртібі 17-
Жалдың есебі Бухгалтерлік есеп стандарттарына және оған арналған
әдістемелік ұсынылымдарда келтірілген. Лизинг затын лизингті алушыға
берудің мерзімі бухгалтерлік есеп стандартындағы және Қаржылық лизинг
туралы Қазақстан Республикасының Заңындағы айқындаушы критерий болып
табылады. Ол ұзақтығы бойынша лизинг заты құнының барлық немесе едәуір
бөлігінің (кемінде 80%) амортизация мерзімімен салыстыруға болатындай болуы
тиіс.
Лизингтік қатынастарды реттеуде, оның құқықтық базасының дамуында 2004
жылы үлкен өзгерістер жасалды. Ол біріншіден, Қазақстан Республикасының
Салық кодексі және Қаржы лизингі туралы заңға 2004 жылы 10 наурызда
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар. Нәтижесінде Қазақстан әлемдік
станарттарға жауап беретін, лизингтің дамуына жол ашатын заңға өзгерістер
енгізілді. Бұл өзгерістер мен толықтыруды енгізуді талқылауға
атсалысқандар: Қазақстан қаржыгерлер Ассоцияциясы, Ауыл шаруашылық
министірлігі , Қазақстан Республикасының парламантінің Аграрлық комитеті,
сондай-ақ Қазақстанның лизингті дамыту қоры.
Қазақстанның жеке меншік секторын лизингтік қатынастарға
ынталандыруға бағытталған пресс-конференцияда 2004 жылдың 26 ақпанда өткен
Қазақстан Қаржыгерлер Ассоцияциясы кеңесінің жетекшісі Сембаевтың айтуы
бойынша қабылданған жаңа заңдық актілер мен өзгерістер бұрынғы Кеңес Одағы
елдері ішіндегі ең икемді болып табылады.
Нәтижесінде негізгі құралдарға жасалған инвестиция құрамында
лизингтің үлесін дамыған елдердегі көрсеткішке жеткізеді. Қазіргі лизингтің
құқықтық базасы өзіне қаржылық лизингтің дәстүрлі анықтамаларын қамтиды.
Қаржылық есептің халқаралық стандарттары мен қабылданған жіктелу
белгілеріне жауап береді.
Әлемдік банк институттың( International Finance Corporation) жорамалы
бойынша 2005 жылы лизингтік инвестиция Q 170 млн.$, ал 2006 жылы 550 млн. $
жетеді дейді. Аталған өсулердің барлығы қабылданған заң мүмкіндігіне
байланысты.
Лизингтік заңдылықа енгізілген толықтырулардың маңыздылығы:
- қаржылық есептің халықаралық стандартарына жауап беретін лизинг
анықтамасы;
- қаржылық аренданың алғашқы 36 ай мерзімінде лизинг мүлігін талап еткен
жағдайда салықтық жоғалтудан қорғау;
- бір клиентен екінші клиентке құралдарды қайта жалға беру мүмкіндігі;
- сублизинг пен қайтарымды лизингтің анықтамаларын нақтылау;
- қарапайымдылығы, лизинг алушыдан құралдарды талап етудің соттық емес,
қарапайым тәртібі;
Қазақстанда лизингті дамыту бағдарламасының жетекшісі Амангелді
Омаровтың айтуы бойынша жаңа қабылданған заңның ең маңыздысы лизинг
анықтамаларының өзгеруі, лизингтің пайдалану аясын кеңейтеді.
Заңның бұрынғы редакциясы бойынша аренда қаржы лизингі бола алады
егер, бір мезгілде екі талапқа жауап берсе. Олардың ең бастысы қаржы
лизингінің мерзімі алынған құрал жабдықтың пайдалану мерзімінің 80 %-нан
асуы қажет. Лизинг мерзіміндегі минималды шектеу еліміздегі лизингтің
дамуындағы кері жақтары еді.
Мысалға Қазақстан Республикасының қабылданған амортизация нормасы
бойынша компьютердің пайдалы қызмет ету мерзімі 10 жыл, онда лизинг мерзімі
8 жылы болуы керек. Ал бұл лизинг алушыға да лизинг берушіге де тиімді
емес. Физикалық тозудан бұрын моральдік тозып кетеді. Тағыда ұқсас жағдай
ғимарат лизингісінде , мұнда лизинг мерзімі 40-50 жыл болуы керек, ал ондай
кең көлемді инвестициялар біздің елде кең көлемді жұмыс жасап жатқан жоқ.
Жаңа редакция бойынша бұл шектеулер алынып лизингтің мерзімі минималды 3
жыл болып өзгертілді.
Қазақстан Республикасының Қаржылық инвестициясы туралы заңына сәйкес
келісімге қатысушы кәсіпекер, жеке тұлғалар және заңды тұлғалар бола
алады. Лизинг беруші – бұл лизинг келісіміне қатысушы, яғни өз қаржысына
немесе тартылған қаржысына құрал жабдық сатып ала отырып , оны келісім шарт
негізінде негізінде лизинг алушыға береді. Бір лизинг келісімінде лизинг
беруші бір мезгілде оның екінші қатысушысы бола алмайды. Сатушы болса бір
мезгілде лизинг алушы ретінде де қатыса алады (қайтарымды лизингте).
Лизинг алушы – лизинг келісімінің қатысушысы, кәсіпкерлік мақсатта
келісім шарт негізінде құрал жабдықты лизингке алушы. Келісм шарт бойынша
құрал жабдықты лизингке беру үшін мына үш жағдайдың бір немесе бірнешеуіне
жауап беруі қажет:
- біріншіден, негізгі құралдарды лизингке алушының жеке меншігіне
беру немесе сол негізгі құралдарды лизинг келісім шартында
белгіленген бағамен алуға құқығын беру;
- екіншіден, қаржылық лизинг мерзімі негізіг құралдардың пайдалану
мерзімінің 75 %-нан жоғары болуы тиіс;
- үшіншіден, лизинг төлемдерінің ағымдағы құны толық лизинг
мерзіміндегі негізгі құрал құнының 90%-нан көп болуы тиіс. Лизинг
затына заң бойынша ғимарат, құрылыс, көлік, құрал жабдық,
инвентарьлар, жер учаскелері және тағыда басқа тұтынылмайтын
заттар жатады. Құнды қағаздар мен, табиғи ресурстар лизинг затына
жатпайды.
Сондай-ақ лизинг келісім шартының бұзылуы немесе уқытының бітуі,
сонымен бірге лизинг алушының банкроттық жағдайында лизинг затына иелік ету
құқұығы да өзгеріске ұшырады. Лизинг алушы банкроттық немесе жойылу
жағдайында лизинг затын қайтаруы тиіс. Бұл жағдайда лизинг затына арест
салуға, кофискелеуге жол берілмейді.
Сонымен заңға енгізілген толықтырулар қайтарымды, қайтара, сублизинг
және т.б. сұрақтарға нақты жауап береді.
Лизинг заңнамаларында жасалған оң өзгерістерге қарамастан мүдделі
жақтар(лизингтік компаниялар, банктер мен инвесторлар) лизинг дамуына
кері әсер ететін факторларды жою мақсатында, заң шығарушы органдармен
жұмыс жасауды көздеп отыр.(9)

1.3 Лизинг жүйесіне қатысушылардың ерекшеліктері мен алатын тиімділіктері

Лизинг - барлық лизингтік қатынасқа қатысушыларға өзекті мәселе, яғни
олар: құрал жабдықты алушы, инвестор, лизингтік компания, мемлекетке
(экономиакның басымды саласына инвестиция салу мәселесі бойынша) және
банкке (лизинг нәтижесінде ұзақ мерзімді, тұрақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизингтік операцияларының түрлері
Банктік лизинг кезеңі
Лизинг алушының гарантиялары
ҚР лизингтің мәселелері мен дамуы
Тәуелсіз лизингтік компаниялары
Лизинг операцияларының техникасы
Қазақстандағы лизингтік қызмет жағдайын талдау және бағалау
Қазақстан Республикасының лизинг бизнесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЛИЗИНГТІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Корпорация қаржыларын ұйымдастыру
Пәндер