Қазақстанның Инвестициялық қоры


Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қаржыландыруда сенімді серіктестік
Қазақстанның Инвестициялық қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму институттарының бірі болып табылады. Қордың қызметі 2003 жылдың 11 маусымында басталған-ды. Ұйымдық-құқықтық нысаны - жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыздық қатысуы бар акционерлік қоғам. Жарғылық капиталының мөлшері - 37, 8 миллиард теңге, немесе 300 миллионнан астам АҚШ доллары, кейіннен оны кезеңдеп арттыру жоспарланған.
Қордың мақсаты және негізгі міндеттері:
Қордың мақсаты - экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру жөніндегі жеке сектордың бастамаларына жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына қатысу жолымен қаржылық көмек көрсету.
Мақсаттары:
- шикізат пен материалдарды түпкілікті өңдеуден өткізетін, жаңа технологияларды қолданып бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын, сондай-ақ келешегі бар ұйымдарға өндірістік қызмет көрсететін, өзінің қызметін өнеркәсіпте жүзеге асыратын жаңадан құрылған, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияны жүзеге асыру;
- инвестициялық жобаларды Қазақстанның Инвестициялық қорының қосымша қаржыландыруы арқылы экономиканың шикізаттық емес секторындағы жеке инвестицияларды ынталандыру (ұйымдардың жарғылық капиталына инвестицияны жүзеге асыру) және осы жобаларды басқаруға қатысу;
- қосымша, аралас өндірістерді дамытып, отандық және шетелдік ұйымдар арасындағы өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру арқылы қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсенділіктерінің шетелдерде көтерілуіне ықпал ету.
Қор қызметінің тұжырымдамалық ережелері:
Қор акциялардың 49 пайызға дейінгі бөлігін сатып алуымен, жобалардың тікелей инвесторы болады.
Инвестициялық жобалардың табысты іске асуы мақсатында Біз жобаның орындалуына тиісті ұйымдастыру деңгейін қамтамасыз ететін, жобаның техникалық-технологиялық жақтарын жүзеге асыру үшін маркетингілік және технологиялық жеткілікті тәжірибесі бар және акциялардың 50 пайыздан астамын бақылайтын стратегиялық инвесторлары (бір инвестор немесе инвесторлар тобы) бар, кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысқанды неғұрлым тиімді болады санаймыз.
Қор және басқа акционерлердің тараптарынан кәсіпорынның жарғылық капиталына салынатын инвестиция Жобаны іске асырудың түрлі сатыларында қаржыландырудың басқа көздерімен де ұштастырылуы мүмкін, соның ішінде листингіленбеген облигациялар, банктік займдер, бірлестірілген займдер, лизингілер және мерзімі ұзартылған төлеммен сатып алу, экспорттық несие агенттіктерінің қатысуымен алынатын несиелер.
Қор инвестор ретінде кәсіпорынның жарғылық капиталына қатыса отырып, жобаны іске асыру барысындағы, қатерлер мен тиімділіктерге ортақтасады. Қор қатерлерді барынша азайтуға ықпал ете отырып, осы өңірдегі мемлекеттік мекемелермен және басқа да инвестицияға қатысушыларымен өзара қызметті үйлестіреді.
Жоба іске асырылу сатысынан өтіп, сатылым мен өндіріс тұрақты деңгейге жеткен кезде Қор өзінің үлесін стратегиялық серіктестеріне, басқа акционерлерге және портфельдік инвесторларға сату жолымен жобадан шығады.
Бағыттардың басымдықтары
Қазақстанда және дүние жүзінің басқа елдеріндегі салаларды дамыту беталысын талдау негізінде, бәсекеге қабілетті салалар мен кластерлерді құру мақсатындағы инвестициялаудың басымды бағыттары анықталды, атап айтқанда:
- Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу (консервілік, жүнді- және мақтаны қайта өңдеу өнеркәсібі мен басқа салаларды есептегенде агроөнеркәсіптік кешен) ;
- Құрылыс материалдарының өндірісі (алғашқысынан бастап құрылыс материалдарының әрлеу мен қаптауына дейінгі өндірісіне шейін) ;
- Әйнек өнеркәсібі;
- Химия және мұнай химия өнеркәсібі;
- Металлургия;
- Машина жасау;
- Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі;
- Балық өнеркәсібі;
- Инфрақұрылым (энергетика және көлік) .
Қазіргі уақытта Қор қызметінің түйіні құрылымды құрайтын мәні бар және экономикалық кластерлерді жаңадан құру мен құрастырылғандарын толықтыруға жағдай жасайтын ірі және келешегі бар маңызды жобаларды кезеңмен қаржыландыруға ауыстырылды.
"Қазақстанның Инвестициялық қоры" АҚ-ң 2006-2008 жж. арналған дамуының негізгі бағыттары
ҚИҚ-ң 2006-2008 жж. арналған инвестициялық бағдарламасы ҚИҚ-ты кейіннен капитализациялауды қарастырады және түрлі масштабтағы отандық және шетел инвестициялық ресурстарының 40-50-ден кем емес тартымды жобаларын тартуымен оның қызметін шоғырландыру, Қазақстанда, сонымен бірге шетелде бәсекеге қабілетті ірі және тиімді өндірістерді құруға ерекше көңіл аударады.
2006-2008 жж. ҚИҚ 2004-2005 жж. бастаған мына салалардағы жобаларды, қара және түсті металлургия, негізгі химия, микробиология, фармацевтика, медициналық өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен көліктік машина құрылысы, қабырғалық және керамикалық материалдар, цемент, әйнек өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және тағы басқаларды іске асыруды жалғастырады.
ҚИҚ-ң 2006-2008 жж. арналған инвестициялық (инновациялық) саясаты мынадай үш бағыттармен анықталатын болады:
- 2004-2005 жж. қаржыландыруға қабылданған жобаларға сай еншілес және тәуелді ұйымдардың акциялары үшін сенімді төлеу ағынын қолдау қажеттілігімен. Мұндай жағдайда акцияларды төлеу инвестициялық жобалар бойынша бекітілген сметалар шеңберінде шығын төлеуінің қажеттілігі туындаған шараларда ғана жүргізілетін болады.
- Жаңа ірі жобаларды қаржыландыруға дайындығымен. Аса ірі, қиын жобалар бойынша қаржыландыру жоба алдындағы құжаттамаларды әзірлеуге қатысу жолымен жүргізілетін болады. Осылай кейінгі жылдары жобаларды дамыту үшін дайындама құрылады.
- Кәсіпорынның жарғылық капиталында ҚИҚ-ң қатысуын ұйымдастыруымен. 2006-2008 жж. ҚИҚ жылсайын 20-дан кем емес жаңа инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл жобалар жаңа өндірісті құрумен, немесе мына салаларда жұмыс істеп тұрғандарды кеңейтуге байланысты: құрылыс материалдары өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешенде, химялық, жеңіл, металлургиялық өнеркәсіпте, машина жасау және басқа салаларда.
ҚИҚ 2006-2008 жж. арналған қажетті инвестициялау бағдарламасы бойынша жобаларға қатысу үшін 850 млн. аса АҚШ доллары қажет. Жоғарыда аталған есептеулер инвестициялық нарықта қазіргі кездегі жағдайлардың сақталуымен және тұрақты валютаны сатып алу қабілеттілігімен жүргізілген. Егер инвестициялық жобалар бойынша халықаралық есептеуде пайдаланылатын доллар, еуро және басқа валюталар арасындағы елеулі өзгерістер болған жағдайда, ҚИҚ-ң жарғылық капиталын толтырудың бағдарламасы бойынша 2006-2008 жж. арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін нақтылау қажет болады
1. Жобаларды қарастыру тәртібі
Қор жобаларды қарастырудың оңайлатылған тәсімін пайдаланады.
Жобалар бастамашыларынан инвестициялық жобалар бойынша ұсыныстарды қабылдау, үлгісі Қордың веб-сайтында орналасқан, белгіленген нысан бойынша өтінімдерді ұсыну жолымен ұйымдастырылған. Нысанды сонымен бірге Қордың тікелей офисінен алуға болады. Жобалардың әлеуетті бастамашылары қызығушылық танытқан жағдайда, Қордың қызметкерлері инвестициялық жобалардың мақсаттарымен, міндеттерімен, тәртіптері және талаптарымен алдын ала танысуды жүзеге асырады, сондай-ақ өтінім нысанын толтыру бойынша кеңес жүргізеді.
Қордың менеджері жобаның экономикалық тиімділігіне, шығарған өнімнің нарықтағы перспективасына, Бастамашының тарабынан жобаның қамтамасыз етілуіне, жобалардың Қордың мақсаттары мен міндеттеріне және ҚР индустриалды-инновациялық саясатына сәйкестігіне алдын ала талдауды жүзеге асырады.
Инвестициялық жобаларды қарастыру процессінде құпиялылықты сақтау мен коммерциялық құпияны жарияламау және жоба бойынша құжаттамаларды одан әрі алмасу мақсатында Қор мен Бастамашы арасында емеуріні туралы Шарт (хаттама) жасалады.
Алдын ала қарастыру нәтижесінен кейін, жобаның бастамашысы Қордың менеджерімен бірлесіп инвестициялық жобаның презентациясын өткізеді, мұның мақсаты жобаның мазмұнын талқылау және жобаны одан әрі әзірлеудің мақсатқа сәйкестігі туралы шешім қабылдау болып табылады.
Презентация қорытындысы бойынша оң шешімінен кейін бизнес-жоспарды, технико-экономикалық негіздеуді (ТЭН) бірлесіп әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылады.
Қордың мамандары, шарт негізінде тартылған тәуелсіз сарапшылар мен кеңесшілер (соның ішінде инжинирингілік ұйымдар) нақты тұтынушыларды, шикізатты жеткізушілерді, жиынтықтаушы және электр қуатын, тіркелген активтерді бағалау, инфрақұрылым және т. б. анықтауымен өндірістің егжей-тегжейлі жоспарын дайындайды. Жұмыс істейтін кәсіпорындарды кеңейту, қайта қалпына келтіру және техникалық қайта жарақтандыру жобалары үшін ТЭН-ң әзірлеу процедуралары өзіне жоба бастамашысына аудитті, заңды және техникалық сараптауды, сондай-ақ Қордың мамандары жүргізген жобаның ішкі қаржы-экономикалық талдауын енгізе алады.
Қор ТЭН-ң негізінде жобаның бастамашысымен бірлесіп қажетті жобалық құжаттамаларды әзірлеуге қатысады. Осы сатыда сонымен бірге жобалық құжаттамаларды әзірлеуге және қаржыландыруға қатысатын стратегиялық инвесторды анықтауға болады.
2. Қордың жобаға қатысуы жөніндегі шешімін қабылдау
Қордың басқару органы өзінің құзіреті шегінде жобалық құжаттамаларды әзірлеу қорытындысы бойынша және сараптау жұмыстарының табысты аяқталуынан кейін жобаны қаржыландыру туралы шешімді қабылдайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24. 12. 04ж. №1383 қаулысымен бекітілген инвестициялық декларациясының ережесіне сәйкес, инвестициялық жобаны қаржыландыру туралы шешімі Қордың органдары құзіретіне сай қабылданады:
- Қордың қатысуымен Директорлар кеңесімен 700 000 000 (жеті жүз миллион) теңгеден асатын мөлшерде ұйымның жарғылық капиталында;
- - Қордың қатысуымен Басқармамен 700 000 000 (жеті жүз миллион) теңгеден аспайтын мөлшерде ұйымның жарғылық капиталында.
Қор органдарының оң шешімі енгізілгеннен кейін, Қор акционерлік қоғамның жарғылық капиталын қаржыландыруға кіріседі. Осы ұйымдастыру-құқықтық нысаны заңмен анықталған және ірі, стратегиялық маңызды, жүйені құратын жобаларды іске асыру үшін аса сай болып табылады. Жобаның бастамашысы мен Қор жоба үшін жаңа заңды тұлғаны құрылтайшылыққа ала алады немесе жұмыс істеп тұрғанға қатысу жөнінде келісуге болады.
3. Жобаның атқарылуын бақылау
Қаржыландыратын кәсіпорынның жөнелтілуін қамтамасыз ету үшін, Қор өзі қатысатын ұйымның жарғылық капиталына мониторингілік басқаруды (бұдан әрі-мониторинг обьектісі) жүзеге асырады. Ұйымдарды мониторингілік басқару электрондық құжаттама нысанында ақпаратты ұсынуды қарастыратын электрондық мониторинг әдісін дамыту және қолдану негізінде жүргізіледі және мыналарды кіргізеді:
1) мониторингі нысандарының жағдайын және басқарудың тиімділігін қадағалау;
2) инвестициялық жобаны іске асыру туралы ақпараттарды мерзімді жинау;
3) мониторинг обьектісін тікелей зерттеу және басқарудың тиімділігін бағалау;
4) мониторинг обьектісінің әлеуметтік-экономикалық, қаржылық, құқықтық, технологиялық, өндірістік-техникалық жағдайын талдау;
5) экономика дамуына мониторинг обьектісі қызметінің әсерін бағалау және болжау.
4. Қордың жобадан шығуы
Жобаны жылжыту бойынша барлық шешімдер Қордың жобадан шығу процедураларын есепке алады, бұл бір жолғы немесе акцияларды және Қордың жеке меншігінде тұрған басқа бағалы қағаздарды адымды сату жолымен жүзеге асырылады.
Кәсіпорын өзінің коммерциялық дәулетін көрсеткен кезеңі ішінде жобадан шығуға жол ашылады. Кәсіпорынның тұрақты дамуы, нарыққа оның өнімінің және сауда маркасының шығуы кәсіпорын репутациясының тұтынушылар арасында ғана емес, сонымен бірге қаржы институттарының (соның ішінде халықаралық), және жеке меншік инвесторлар арасында да көтерілуіне жағдай жасайды. Сатудың тұрақты көлемі және жақсы несиелік тарихы компанияны ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына шығару үшін алғы шарттын құрады. Ірі, тұрақты компания, қор биржасындағы өзінің облигациялары мен акцияларын ("А" және "Б" категориялары) листингілеу талаптарын айырықша жеңіл қанағаттандыра алады.
Инвестициялық жобаға өтінім
Өтінім "Қазақстанның Инвестициялық қоры" АҚ-на (бұдан әрі-ҚИҚ) ұсынылатын инвестициялық жобалар бойынша ұсыныстарды тіркеу және қарастыру үшін ақпараттарды қамтиды.
Өтінімде көрсетілген мәліметтердің анық және дәл болуына, өтінімді ұсынған тұлға жауапкершілігіне алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz