Терме алаша тоқу технологиясы


Жоспар
- Өрмек жасау жабдықтары
- Терме алаша тоқу технологиясы
- Жіптерді иіру технологиясы
Өрмек жасау жабдықтары
Өрмек халық қолөнерінің тоқу ісінде қолданатын өте қарапайым әдісі, яғни мұны тоқу станогы десе де болады. Күрделі техникасыз, кез келген жағдайда қолданып, керекті жабдықтары оңай табылатын өрмектің екі түрі бар. Оның біріншісін аспалы немесе термелі өрмек дейді. Ондай өрмекте кілем сияқты тұтас, енді заттар тоқылады, екіншісін жай өрмек дейді. Жай ермек шекпен, алаша, қап, қоржын, белбеу, терме бау, басқұр сияқты енсіз нәрселерді тоқуға арналады. Халық қолөнерінде көбірек қолданылын жүрген өрмектің осы екінші түріне - жай өрмекке тоқталып етейік. Жай өрмекті құрып, тоқу үстінде пайдаланатын мынадай жабдықтары болады:
- өрмек өрісінін қазықтары;
- күзеу шыбығы - қабатталган шиден, түзі тобылғыдан, сымнан жасалады;
- адарғы - екі жак шеті жүздендіре жонылган, ортасы сәл дөңес, ені 20-25 сантиметрдей тақтай;
- есепші немесе кергіш сабау, оны "сару ағаш", "беру жіп" деп те атайды;
- қылыш - өзі шынында да қылыш тәрізді, сырт жатын (жетесі) 3-4 миллиметрге дейін, дүз жағын 6-7 миллиметр шамасында ғана жұқарта жонып, ортасын дөңестеу еткен, еш 12-15 сантиметр жалпақша келген ағаш;
- арқау шөлмегі (жүгіртпе) екі басыньщ аз ғана ашасы бар 20-30 сантиметрдей түзу таяқша;
- арқалық - 1-1, 20 метр шамасындағы түзу таяқ (диаметрі 3 см) ;
- көтерме немесе мосы-басын біріктірген 3 ағаштан тұрады;
- екі басын тұйықтап байлайтын бақылау жіп (бөлік жіп)
- өрмек жіптер. Өрмекке арналып иірілген жіптер істелетін бұйымдарға,
жасалатын жолақтарга, өрнектерге қарай бірнеше түсті болады және ол түстар бөлек-бөлек домалақтанады. Тоқылғанда заттың ұзын бойына жұмсалатын бұл жіптер кейде жалаң қабат, кейде екі қабат иіріледі. Шекпен жіптерін жиек жіптер сияқты оңқай, солақай етіп иіре береді.
Осындай әзір жілтерді мөлшерлеп отырып, екі топқа бөледі. Оның біріншісі - өрмектің күзуіне ілінетін үстінгі жіптер. Екіншісі - күзуге ілінбейтін астынты жіптер. Өрмекшілер тілінде үстіңгі жіпті "өрісі" деп, астыңғы жіпті "қарсысы" деп атайды. Кейде үсгіңгісін «еркек жіп» астыңғысын «ұрғашы жіп» дейді.
Арқау - бұл ерсі және қарсы жіптердің арасына көлденең түсіп отыратын жіп. Арқау тоқылатын нәрсенін қалың және жұүқалығына қарай, кейде ерсі және қарсы жіптерінің жуандығымен бірдей, кейде одан жуан болып иіріледі.
Күзу - бұл тоқылмайды, тек тоқылатын жіптерді ажыратын, әр қайсысын өз орнына тізу үшін қолданылады. Күзу жіптің мөлшері бір алқым шамасында, ол өте ширақы және екі қабат егіліп түйе жүнінен иіріледі де, соңынан ыспаланады. Күзу жіп болмайды.
Өрмек жібінің өрісін (ұзындыгын) өлшеп, оның неше метр немесе неше құлаш болатынын анықтап алған соң, жазық жерге әлгі өлшемді тең төрт бұрышқа бөліп 4 қазық, кейді үш бұрышты өрім жасап, үш қазық қағады. Өрмек құрылатын жер шөгірсіз, бұтасыз тегіс жер болуы және малдың, адамның қөп жүретін аяқ асты болмауы керек. Өрмек құрушы шеберлердің кез мөлшері, көңіл есебі күшті келеді. Мысалы, өрмектің өрісі 20 метр болса, онда төрт бұрыштың әрбір қабырғасы 5 метрден келеді. Бұдан кейін сол 4 қабырғаның бірінің орта шенінек бесінші қазық қағылады. Оған қатар арқалық, арқалыққа жабыстыра күзу шыбығын бекітеді. Бесінші қазық пен арқалық қаданың арасы 20-25 см қашық тұрады.
Өрмектің ерсі және қарсы жіптерін екі адам алады да, өрістің 4 қазығын айнала жүріп, соган төгеді. Мұны "өрмек жүгіру" деп атайды. Егер өрсі жіптері бірнеше түсті болса, онда әлгі 2 адам оларды санай отырып кезекпе-кезек төгеді немесе бірнеше адамдар бөліп алып жүгіреді. Өрмек жіптері жерге түсіп, шөп-шаламға былғанбау үпгін және жүгірген кезде жіп домалақтары тез домалап, тез ағытылуы үшін, жүгірушілер әр домалақты ернеуі тегіс аяққа, табақка салып алып жүгіреді.
Бесінші қазық пен арқалықтың қасында отырған адам өрмек құру ісінің тәжірибелі шебері болуға тиіс. Ол басы күзу шыбыққа бекітілген күзу жібінің шағын домалағын алады да, ерсі жіпті бір шалып, арқалықты орай күзу шыбығынан тағы бір рет жарты қазықбау байлауымен өткермелейді. Ал қарсы жіпті шалмай, тек арқалықтың сыртынан бесінші қазыққа іле салады. Осы тәртіппен жүргізілген өрмек жібінің бірі күзуге шалынып, екіншісі күзуге шалынбай бос қалып отырады. Мұны "өрмек шалу" дейді.
"Өрмек жүгіру" біткен соң қазықтарды суырып тастап, өрістегі жіпті екі еселеп жинайды. Сонда жіптердің екі жақ басы тұйық болып тығады. Мұның бір тұйығын өріске апарып, қазыққа кигізеді. Екінші тұйығынан көлденең бір ағаш өткізеді де, оны тартып тұрып, жерге төсей бекітеді. Күзу шыбығы мен арқалықты көтеріп өрмек көтермесіне іледі.
Дұрыс шалынған өрмек жіптері енді екіге бөлінеді. Демек, күзудегі жіп жоғары шығады да, бос жіп күзудін астында қалады. Бұдан кейін арқалыктың алдыңғы және артқы жағынан итіс-тартыс екі айқас пайда болады. Арқалықтың асты, яғни екі жіптің арасы 10-15 см қуыс болып, бұл қуысқа қылышты өткізіп қояды. Енді алдынғы айқас жіптерді ажыратып, қолмен санап отырады да, астыңғы жіпті үстіне шығарады. Ал үстіңгі жіпті астына түгіріл, бұл араға адарғыны сұғып қояды. Адарғымен бірге бақылау жібін еткізіп, оның екі ұшын қоса тұйықтап байлайды. Жіп үзіліп немесе қосарланып шатаса қалса, оңай тауып алу үшін және жіптерді біркелкі керіп түрін үшін, адарғы қоярда саналған жіпті 20-30 пардан топтастыра кергіш сабауға тізіп байлайды. Өрмек тоқушы күзудің астындағы 10-15 см ашыққа арқау шөлмегін өткізіп алады да, арқауды көлденең қалдыра тартып тұрып, қылышпен нығыздап қағады. Бұдан кейін қылышты суырып алып, адарғыны қырынан көтере күзудің деңгейіне әкеледі. Coл кезде күзуге ілінбеген қарсы жіп адарғының қырымен 20-25 см жоғары көтеріліп, күзулердің ара-арасымен 10-15 сантиметрдей ерсі жіптің үстінен қуыс қалады. Тоқушы қылышты әкеліп осы қуыстан өткізеді де, жіптің арқау үстінет пайда болған айқасын нығыздап қағады. Бұдан соң адарғыны кейін шегіндіреді. Күзудегі ерсі жіптер тағы жоғары шығып, қарсы жіптердің үстіндегі қуыс қайтадан қалпына келеді. Тоқушы арқауды өткізіп алып тағы да қағады. Осы тәртіппен қайталаудың нәтижесінде ерсі жіл пен қарсы жіптердін қапсыра айқасып түсуінен барып ермек тоқыла береді.
Осылайша үлкен залдарға, есік пен төр арасына жайылатын төсеніштерді түгін шығара әсем етіп тоқуға болады. Ол үшін өрмек жүгіргенде оның ерсі жіптерін үш қатар етіп жүгіртеді, яғни ерсінің жібі мен қарсының жібінен басқа "өрнек жібі" дейтін тағы бір жіп қоса жүгіріледі. бірақ ол жіп ерсі жіптен гөрі қысқа шалынады, Өрмек керіліп, адарғы жатқан уақытта, өрмек жібі ерсі жіптен біраз жоғары тұрады, адарғы көтерілгенде ерсі жіппен бірге қарсы жіптің астына түседі. Сол кезде арқау өз жолымен негізгі екі жіптің айқас арасына түседі де, өрнек жібінен болған айқас арасына жұмсақ металдан істелген 4-5 жіңішке сым түседі. Сымның жуандығы 2-3 см шамасында жасалады. Осы тәртіппен төрт-бес сым салынып, жіп айқастары сымдарды орай 4-5 рет тоқылған соң күзу жақтағы шеткі бір сымды қалдырады да, қалған төрт сымның үстіндегі жіптерді арнаулы аспаппен киып жіберіп, сымдарды босатып алады. Қиылған жіптердің ұштары тоқыманың үсгіңгі бетінде түк болып қалады. Жұмыс тәсілі осылайша қайталана береді.
Терме алаша тоқу технологиясы
Алаша тоқу . Алаша бүктеуге, жинауға, алып-салуға қолайлы мүлік. Мұны ұсталатын орнына қарай әрі енді, әрі көлемді етіп жасайды. Өрмекпен тоқылған алашаның ені әдетте 40-45 сантиметрден аспайды. Сондықтан мұның бірнеше кесіндісін біріктіре құрауға тура келеді. Бұл үшін шебер тоқылған материалдың ұзына бойы мен енін өлшеп, одан кейін неше бой етіп кесіп, құрау қажеттігін есеттейді.
Әдетте өрмек жіптерінің 35-40 сантиметрдей тоқуға келмей қырқылады. Мұны «өрмектің қырқындысы» дейді. Алашаның бойларын құрау үшін осы қырқынды жіпті пайдаланған жөн. Бұл жіптер ақ, қара, көк, қызыл - 4 түсті делік. Ендердің жопсар бойын осы 4 түсті жіпті кезектестіре отырып бұзау тіс тігісімен аралықтарын 1-2 сантиметрдей етіп қосымша сыналана енгізіледі де алашаның көлемі үлкейе түседі.
Өрмекке жеңіл әрі жиі қолданылатын өрнектің екі түрі бар. Оның біріншісі "су" өрнегі де, екікшісі "тіс" ернегі. "Су" өрнегін өрмектің белгілі бір шетінен ерсі жіп пен қарсы жіптің өнбойын бір түсті етіп жүгірту арқылы тоқиды. "Tic" өрнегі осы екі жіптің екеуін екі түсті түрмен жүгіртіп (астыңғы жіп қара, үстіңгі жіп ақ) тоқиды. Өрмекте мүйіз, өсімдік, геометриалық фигуралар тәрізді күрделі өрнектер тоқу кездеседі. Мұндай тоқуды "терме" деп атайды. Терме өрнегіне жоғарыда айтылған жабдықтарға қосымша "ілмек", "еткерме", "мәймөңке" деген жабдықтар қолданылады. Мәймөңке өте жұқа етіліп, жып-жылмағай, бұдырсыз істеледі. Өрмек жіптерін қиып, үзіп, не шатастырып алмас үшін мәймөңкені өте ептілікпен қолданады.
Терме тоқудағы өткермелеу, ілмектеу, мәймөнкелеу жұмыстарының барлығы да есептеп санау арқылы, әрбір ілінген жіп санын ұмытпай есте сақтау арқылы орындалады.
Термелеп тоқу әдісі қазақтың өрмек өнерінің ең бір көп тараған және көркем дүниелерді тоқуға ең бір қолайлысы деп саналады. Термелеп тоқу әдісі, әсіресе Қазақстанның онтүстігінде жақсы дамыған өнер. Сол сияқты бұл әдіс Өзбек, Қырғыз, Қарақалпақ, Түркімен республикаларында да айтарлықтай орын алады. Көркемөнердіқ осындай тәсілмен тоқылған бұйымдар (басқұр, қоржын, алаша, кілем және т. б. ) Қазақстанның Қарағанды, Павлодар облыстарында жиі кездесетін өте ертеден келе жатқан өнер. Олардың өз аймақтарына қарай, өрнек мәнерінде, тоқу әдістерінде өздерше тән ерекшеліктері бар. Оңтүстік Қазақстан терме тоқудың алты түрлі тәсіл бар және олардың атаулары да әр түрлі.
Қайыра теру тәсілімен құрылатын өрмектің ерсі жібі мен қарсы жібі 3-4 түсті бояулармен боялады да, бұлардың екеуі бірдей теріліп, өрмектің екі жағынан (ерсі жағынан да, қарсы жағынан да) тоқылып шығады.
"Кежім теру" немесе "бұқар теру" тәсілі көп түсті және әр түрлі өрнектен теріліп жасалатын басқұр мен алаша тоқу үшін қолданылады. Мұндағы өрнектер ерсісі мен қарсысындағы әр түсті жіптерден теріліп, бір діп осы бірнеге түсті жіптерден терілген өрнектің астында бос қалып отырады. Мұндай тоқу әдістері қырғызстанның оңтүстігінде көп кездеседі. Оны олар кейде "қаджари", кейде "бұқари" деп атайды.
"Орама теру" тәсілдерімен де басқұрлар, алашалар тоқылады. Мұндай жағдайда ермектің ерсісі, қарсысы және арқауы бәрі бір түсті жіптен құрылып тоқылады. Бұған көбінесе ақ не қызыл түсті жіптер қолданылады. Тоқу барысында әр түсті жіптерден өрнек салынып, оны жібі өрмектің ерсісіне қолмен оралып, арқаумен бекітіліп отырылады.
Бір түсті теру тәсілі тек қана басқұр тоқуға қолданылады. Мұндай басқұрлардың ерсі мен қарсы жібі көбінесе бірыңғай ақ жіптен, кейде қызыл жіптен құрылады да, өрнегі қызыл, қара, көк және басқа түсті жіптермен теріледі.
Мұның бәрін қазақтың қарапайым өрмегімен жіңішке лента тәріздендіріп тоқиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz