Өсімдік ауруларының биотикалық себептері



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Өсімдік ауруларының биотикалық себептері.

Бәрінен бұрын, өсімдіктердің індетті ауруларының себептерін,
салдарларын, алдын алу шараларын зерттеумен фитопатология ғылымы
айналысатынын атап өту қажет. Оның құрамдас бөлігі болып табылатындар
микология, микробиология, вирусология, ботаника. Фотопатологияның негізін
салушы микология болып есептеледі.
Өсімдік аурулары туралы ғылым 4 бөлімнен тұрады:
1) диагностика - зақымдалған өсімдіктердің ауруын сыртқы белгілері
бойынша анықтау.
2) этиология - ауру себептерін зерттеу.
3) алдын алу шаралары (профилактика) - аурудың таралуының алдын алу.
4) терапия - ауру өсімдіктерді емдеу.
Фитопатологияның ары қарай дамуы оның арнаулы пәндерінің -
фитоиммунология (өсімдіктердің патогенге төзімділігі туралы ілім);
эпифитотиология (аурулардың пайда болу заңдылықтары мен олардың жаппай
даму еебептерін зерттеу) пайда болуына әкеледі.
Түсімнің елеулі бөлігінің немесе оның толығымен жойылуына әкелетін
өсімдік аурулары адамдардың назарын ежелден-ақ өздеріне аударды.
Ол кезде олардың пайда болу себептеріне түсінікті тек қана Библиядан
табуға болатын, яғни бұл құдайдың қарғысы деп түсіндірілді. Осындай
дәйектемемен қазіргі уақытта да пікір таластыру қиын, өйткені әрбір пікірге
құлақ қойылуы керек, ол діни нышандағы адамдарды әбден қанағаттандырады.
Сонымен бірге, аурудың дамуын үнемі қадағалау, сондай-ақ ғылым мен
техниканың ілгерілеуі 17-ғасырда Роберт Гук пен Марчелло Мальпигиге түңғыш
рет райхан гүлінің тат қоздырғышы - саңырауқұлақты ұлғайтылған түрде
бақылауға мүмкіндік туғызды. Ал 1775 жылы М. Тиллет бидайдың қара күйе
індеттілігін көрсетсе, оның жолын қуушы француз ботанигі Б. Прево 1807 жылы
оны қорғау шараларына талдау жасады. Сондай-ақ, француздық ғалымдар
ағайынды Тюлендердің ерекше сіңірген еңбегі - саңырауқүлақтардың даму
циклдерін зерттеуі еді.
Фитопатология саласында ғылыми ой-пікірдің қарқынды түрде алға жылжуы
француз ғалымы Луи Пастер мен неміс Роберт Кохтың тамаша жаңалықтарынан
кейін 19-ғасырдың ортасында басталды.
Дегенмен, ғылыми фитопатологияның қалыптасуында неміс микологі Генрих
Антона де Бари мен орыс ғальшы Михаил Степанович Ворониннің зерттеулері
басты рөл атқарады. Антона де Бари сол кезде картоптың фитофторы,
саңырауқұлақ таттары туралы еңбектерін жариялады, тәжірибелік әдістер
туралы, паразиттер туралы ілімді жасады. Саңырауқұлақ онтогенезін,
қырыққабаттың түйін ауруын, күнбағыс татын, экзобазидиоз бен склеротиниозды
зерттеуге М.С. Воронин көп еңбек арнады. 1866 жылы ол өсімдіктердің ауру
қоздырғыштары саңырауқұлақтар ғана емес, бактерияларда екендігін дәлелдеп,
америка фитопатологі Томас Джон Бариллдің колдауына ие болды. М.С. Воронин
сорттар мен төзімді өсімдіктер буданын өсіруді енгізу мүмкіншілігі мен
келешегі аурумен күрес құралы болатынын алғаш рет болжап айтқан. Отандық
фитопатологияның дамуына орасан зор үлес қосқандар - А.А. Ячевский,
Н.А.Каумов, А.С. Бондарев, С.И. Ванин, В.Г. Траншель, С.И. Ростовцев,
М.С.Лукин, М.В. Горленко, М.К. Хохреков және басқалары. Қазақстан мен Орта
Азияда ауылшаруашылық дақылдарының дерттенуі мен онымен күрес шараларын
зерттеу туралы елеулі жұмыстарды Н.Г. Запрометов, С.Т. Бубенцов, С.Р.
Шварцман, Ж.Т. Джиембетов, Л.Д. Казенас және басқалары атқарды.
Қазақстанда көкөніс даңылдарының аурула рын зерттеумен Л.Д. Казенас, Г.П.
Лопухина, Г.П. Илюхии айналысты.
1999 жылы Алматы облысында жоғары түсімді өсімдіктер, көкөніс дақылдары
мен картопқа арналып 46 725 га, оның ішінде көкөністерге 15 609 га, бақша
өсімдіктеріне 2 505 га, картопқа 28617 га жер бөлінді.

Саңырауқүлақтар

Гетеротрофты организмдердің сансыз тобы болып табылатын
саңырауқұлақтардың вегетативті құрылысы жіп тәрізді, олардың жасушаларында
хлорофилл болмайды, бірақ нағыз өзегі бар. Өсімдіктерден оларды қоректену
тәсілі мен жасуша қабығында хитин мен гемицеллюлозаның болуы ерекшелейді,
ол бұл саңырауқұлақтарды өнім алмасуында мочевина мен қордағы заттарында
гликогені бар жануарлар дүниесімен туыстырады.
Осы себептердің салдарынан саңырауқұлақтар өсімдіктер мен жануарлар
патшалығының аралық жағдайы, тірі организмдер патшалығы - микотада ерекше
өзіндік орын алады. Олардың даму жолдары бар. 19-ғасырдың 70-80 жылдарында
саңырауқұлақтар балдырлардан шықты деген болжам айтылды. Осы кезде
хлорофилсіз қарапайым амеба тәрізді немесе қыл аяқты орга-низмдерден шыққан
саңырауқұлақтардың бастапқы хлорофилсіздігі туралы теория талданды. Тұңғыш
рет бұл туралы Қазан университетінің профессоры Н.А. Сорокин (1874) айтқан.
Кейіннен П.О. Данжар (1886), Хр. Я. Гоби (1916) егжей-тегжейлі түрде
баяндап, А.Г. Генкель (1923) және А.А. Ячевский (1927) тарапынан қолдау
тапты. Қазіргі уақытта осы көзқарасты микопатологтердің көпшілігі бөлісуде.
Саңырауқүлақтар өзінің тіршілік ету барысында тірі немесе өлі өсімдіктер
мен жануарларға түскен маңызды тазалық әрі топырақ түзуші рөл атқара
отырып, олар ды ферменттердің көмегімен біршама қарапайым қосылыстарға
ыдыратады. Бұдан баска олар пайдалы заттар антибиотиктер басқаларын
жасауға, нан пісіру, аспаздық, шарап, темекі, ірімшік өндірісіне, бактерия-
лармен бірге сүт өнімдерін ашытуға қатысуы мүмкін. Олар тері өңдеу, ағаш
өңдеу және өнеркәсіптің басты түрлеріне пайдаланылады. Медицинада, тоқыма
және кондитер өндірісінде қолданылатын кейбір қышқылдар саңырауқұлақтардың
көмегімен түзіледі.
Сондай-ақ, саңырауқұлақтардың зияндылығы да орасан көп: ағашты, қағазды,
тамақ өнімдерін, емдік сарысуларды, приборларды бүлдіреді және де
ауылшаруашылық, орман, әсемдік өсімдіктерін зақымдайды. Э. Гойманның
мәліметтері бойынша, (1954) Орталық Европаның ауылшаруашылық дақылдарының
162 маңызды жұқпалы ауруының 135-ін немесе 83% -ын -саңырауқұлақтар, 12
немесе 7%-ын - бактериялар, 15 немесе 9%-ын вирустар туғызады.
Фитопатогенді саңырауқұлақтардың індет қоры олардың түзілуі болып табылады:
споралар (жынысты және жыныссыз), вегетативті мицелиялар (жіпшумақ) (гифы-
жіпшелер), жіпшумақ түрінің өзгеруі (склеро-ция, хламидоспоралар және
т.б.). Індет ауа ағынымен (тіпті, жоғары биіктікте, мәсе-лен астық
тұқымдастар таты), сумен, жәндіктермен, өсімдіктерді баптау кезінде
адамдардан таралуы мүмкін. Паразиттер мен иіс өсімдіктің өзара қарым-
қатынасының принциптері бойынша ауру қоздырғыштары екі топқа бөлінеді:
биотрофтар (қоректік өсімдіктің тірі жасушасынан алады), некротрофтар
(өсімдіктің өлі жасушасымен қоректенеді).
Өзінің кезегінде биотрофтар:
1) облигатты (міндетті) паразиттер,
2) факультативті сапрофиттер,
3) факультативті паразиттер болып бөлінеді.
Облигатты паразиттердің мысалы ретінде - татты, ақ ұнтақты, жалған
ақ ұнтақты саңырауқұлақтар, факультативтік сапрофиттерге - алманың таз
қотыры, қарақаттың антрокнозы (майда жара), факультативті паразиттер -
аспергиллюс, ботритис және т.б. саңырауқұлақтар (патоген өлі жасушадан бас-
тап қоректеніп, содан кейін тірі жасушаға ауысады).
Саңырауқұлақ денесіне қоректік заттар су ерітіндісінен абиотикалық
жолмен түседі, мұнда олардың ферменттік жүйесінің арқасында күрделі заттар
қарапайым заттарға айналады. Саңырауқұлақтардың барлық ферменттері екі
топқа бөлінеді: 1) экзоферменттер - сыртқы субтратты - организм қоректеніп
тіршілік ететін ортаны ыдыратады, 2) эндоферменттер - жасушаға түсетін
заттардың қайта құрылуын анықтайды.
Саңырауқұлақтардың паразиттілігі жоғары болған сайын, соғүрлым онда
ферменттер жиынтығы шектеулі. Үлкен жиынтық - факультативті паразиттерді
саңырауқұлақтарда жасушаның қабықты ыдыратуы үшін целлюлоза, жасуша аралық
тақташа және мацерация ферменті бар, ұлпаны лектиноза ыдыратады, крахмалдың
гидролизін алилоза, ақуыздың ажырауын протеаза жүзеге асырады.
Саңырауқұлақтардың паразиттіктің дәрежесімен олардың патогенділік,
вируленттілік, жаулап алушылық сияқты қасиеттері байланысты болады.
Патогенділік - паразит организмнің өсімдіктерге белгілі бір мөлшерде
зиян келтіру қабілеттілігі. Қоздырғыштың патогенділігі оның даму циклі мен
сыртқы жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін. Мәселен, әр түрлі дақылдарды
шіріктендіретін факультативті паразиттер, өсімдіктерді дақтандыратын
облигатты паразиттерге қарағанда біршама патогенді болуы мүмкін. Бірінші
жағдайда өсімдік тез әрі тұтас дерлік тіршілігін жойса, екіншіде тек
түсімнің бір бөлігін жоғалтады, өсімдік тіршілік ете береді.
Вируленттілік - бүл өсімдіктер түрлері немесе белгілі бір сорттарына
арналған қоздырғыштардың патогенділік дәрежесі, соның нәтижесінде оны
биологиялық нәсілге бөлу мүмкіндігіне ие болады.
Жаулаушылық (агрессивность) - бұл эпифитотия сипатын қабылдай отырып,
өзіне қабылдағыш өсімдіктердің жаппай зақымдалуына әкелетін патогенділіктің
санды шегі. Өсімдіктерді аз мөлшерлі залал көзімен зақымдап, аурудың шапшаң
таралуына жоғары жаулаушылық патогеядері жатады.
Ауру қоздырғыштары, әдетте қоректенетін субстарттарына: ие -өсімдік,
өсімдіктердің жас ерекшелігі, жекелеген ұлпалар мен органдарға белгілі бір
түрде машықтанады. Патогендерде паразиттік машықтануға төмендегідей:
1) филогенетикалық-жекелеген паразиттер кейбір дақылдар немесе тіпті
өсімдіктер сорттарын зақымдауға бейімделген (тармашықтылық, тат,
қаракүйе), басқа патогендер әр түрлі тұқымдастарға жататын
өсімдіктерді зақымдауға қабілетті (кең машықтылық - ақ, сұр
шіріктер);
2) антогенетикалық -қоздырғыштар өсімдіктердің кейбір түрлері мен
олардың антогенетикалық күйін сақтайды (қара сирақ, цитоспороз);
3) органотропты - өсімдіктердің жекеле-ген мүшелерін заңымдайды
(қырыққабаттың түйін ау-руы, жеміс шірігі);
4) гистотропты - өсімдіктердің же-келеген ұлпаларын зақымдауға
қабілеттілік.

Қырыққабат аурулары

Қазақстанда қырыққабат алқаптары бақша дақылдарының 30 % аумағын
ала отырып, іс жүзінде барлық облыстарда өсіріледі. Біздің елімізде ақ
қауданды қырыққабат көп таралған басқа түрлері - кольраби, савойлық,
брюссельдік, түсті, пекиндік, қызыл қауданды қырыққабатқа сұраныс аз
болғандықтан, көп өсірілмейді. Қазір Алматы облысының территориясында ол
375 га жерді алып жатыр.
Қырыққабаттың аурумен заңымдануының алғашқы белгілері көктеген сәттен
бастап, дақылдың өсіп-өнуінің ақырына дейін созылады.
1. Қара сирақ. Ауру қоздырғыштары: ризоктония, питиум, ольпидиум,
фузариум текті саңырауқұлақтар мен эрвиния бактериясы. Қазақстанда фузариум
басым болады. Осы жағдайда саңырауқұлақ түрлері анықтаудың мәні қажет емес,
өйткені ауру себептері мен онымен күресу шаралары бірдей. Ауру жыл сайын
әрі барлық жерде тараған.
Көшет ауруының әр түрлі даму кезеңінде зақымдалады. Ауру өсімдіктер
тургорын жоғалтады, сарғаяды, олардың тамыр мойыны жұмсарады, қарайып
тіршілігін жояды, ал сауыққандары толық түсім беруге қабілетсіз. Тіршілігін
жойған көшеттердің мөлшері ауру ошағында әдетте, 0,1-15,0%, кейде 30%
құрайды.
Аурудың дамуына көктемгі ұзаққа созылған суық ауа райы, егу жиілігі,
температура мен ылғалдылығы күрт төмендеуі, әсіресе суық сумен шектен тыс
суарылу, топырақты ауыстырмай, жаңалай пайдалану, жарықтың нашарлығы,
көшетті мерзімінде қайта сиретіп отырғызбау әсер етеді.
Індет қоры топырақ, өсімдік қалдықтары, түқым болып табылады.
Сондай-ақ, патогендер шалғамды, қызанақты, бұрышты, баклажанды, қиярды,
қауынды, кәдіні, салатты, аскөкті зақымдайды.
Күрес шаралары. Сау көшеттерді айыру үшін жаңа немесе уытсыздандырылған
топырақты пайдалану қажет. Көшетжайдың өзі залалсыздандырылған болуы керек,
ол үшін формалин ерітіндісін (1 л суға 125 мл) пайдалануға болады.
Топырақты өңдеу кезіндегі жұмсалатын сұйықтық шығымы 5-10 лм2, өңдеу
кезінде ауаның температурасы +15°. Көшеттердің өсу кезінде марганец-калий
немесе тотияйын ерітіндісімен (10 л суға 5 г) алдын ала суару тиімді.
Тұқымдық індетке қарсы тұқымды суда 48-50°, жылумен (термиялық) өңдеу не
месе химиялық препараттар: 80% ТМТД (8 гкг), 65% фентаура (3 гкг) және
т.б. дәрілеу жақсы нәтиже береді. Бұдан басқа көшетжайдағы ауаның
температурасы 18-20°, суаратын су сондай немесе 1-2° төмен болуы тиіс.
Көшеттердің өсу шегіне қарай әлсін-әлсін 1-2 см шымтезек үгіндісін сеуіп
тұрған дұрыс. Ауру өсімдіктер көшеттерді сирету кезінде құртылуы тиіс.
Қырыққабаттың аса зақымдалушы түрлері - №1 саңырауқүлақты 147, Слава 1305,
Анагер 611, Беларусьтік 455.
Осындай алдын алу жөне емдеу тәсілдерін сақтаған жағдайда сау көшеттер
алуға кепілдеме бар.
2. Фомоз. Ауру қоздырғышы - пикнидиаль қатары . Мезгіл-мезгіл өнімнің 50%
жойылуының себебі бола отыра, республиканың оңтүстік және оңтүстік
шығысында көп таралған. Көшеттері және 1-жылдағы ересек өсімдіктер, сондай-
ақ тұқымдар зақымдалады да, тұқым жапырақтарының, сабақтарына, тамырларына
қара өте ұсақ нүктелер- пикнидалармен өңсізделген немесе ашық сұр
дөңгеленген, концентратті дақтар түзіледі.
Өсімдіктердің залалдануы бүкіл вегетация ағымында жүреді, ол дамуы сақтау
кезеңінде де жалғаса береді.
Көктемде ауру белгілері қара сирақты еске түсіретін, сабақтың төменгі
бөлігінде пайда болып, ұлпалары түтеленеді, өсімдік сынып, тіршілігін
жояды. Ересек өсімдіктерде жапырақтары мен өзегінде 1-2 см дақ түзіледі,
кейінірек оралу кезінде қауданның өзегі мен тамырында құрғақ шірік дамиды.
Мұндай өсімдіктер сарғаяды, солады, қаудан орамайды.
Қырыққабат тұқымдығында жапырақтары, сабақтары, қын зақымдалады. Жас
сабақтары зақымдалған жағдайда, олар, әдетте сынып қалады. Егер қындары
болса, тұқым залалданады.
Фомоздың дамуына жылы, ылғалды ауа райы, жаңбыр, қолдан жаңбыр
жауғызу арқылы суару және жел, жәндіктер, адамдардың әсерінен болатын
ұлпаның механикалық зақымдалуы қолайлы жағдай жасайды.
Өсімдіктердің бастапқы індет қоры зақымдалған өсімдік қалдықтары мен тұқымы
болады. Фомозбен басқа да шаршы гүлділер дақылдары да зақымдалады. Күрес
шаралары. Фомоздың дамуын шектеу үшін қырыққабатты ескі орнына тек 4 жылдан
кейін қайталап отырғызу; тұқымдық және өнім алуға арналған егістің кеңістік
оқшаулығын қатаң сақтау; көкөніс қоймалары мен алқаптардағы өсімдік
қалдықтарын 30 см тереңдікте көме отырып, сапалы түрде көзін жою; вегетация
кезінде алқаптағы ауру өсімдіктерді жұлып көзін жою керек.
Тұқым егу алдында (7-10 күн) немесе алдын ала (1-2 ай) 80%-ы ТМТД (8
гкг), 60% фентиур (3 гкг) ерітіндісімен өңделеді не болмаса 48-50
температура суда 20 минут қыздырылады. Өңдеудің өнім жинауға 15 күн
қалғанда тоқтатылуын есепке ала отырып, 10-14 күн аралықпен вегетация
кезінде ауру өсімдік телімдері 1% бардос сұйықтығымен бүркіледі. Сондай-ақ,
фунгицидтер қолдануға болады, олармен өңдеу өнім жинауға 20 күн қалғанда
жүргізіледі.
3. Алтернариоз. Ауру қоздырғыш А. зоіаһі Зогаиег (монилмалес қатары),
жүктемелі жіп шумақтар мен 4-8 микро жуандықтағы, тегіс, перделі
тармақталған жіпшелері бар. Конидия тасушылар тобымен 2-10 данадан
жіпшелерде орналасқан, олар қарапайым немесе бүгіліңкі, тігінен түскен
перделер негізінде орналасқан. Ұзындығы - 170 микрон, ені - 6-11 микрон.
Конидиялары бір-бірден, кейде тізбекте 4 данадан, 11-15 көлденең және 1-8
ұзынынан перделер бар, басы төмен қараған шоқпар тәрізді пішінде
орналасқан, түсі ақ немесе сүрғылт, көлемі - 75-35x20-30 адикрон.
Ауру Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі және өнімнің елеулі
бөлігін залалдандырып құртады. Негізінен бұршақ қыны мен тұқымы, сондай-ақ
бірінші жылғы қырыққабаттың жабушы-ораушы жапырақтары зақымдалады, онда
патогенді конидиальды ұрықтанушы күңгірт-жасыл өңезбен жабылған күңгірт-
көкшіл сүр дақ түзіледі. Аурудың дамуына ауаның жоғары ылғалдылығы, жауын-
шашынның молдығы, әсіресе өсімділік ылғал-дығы, жиілеп отырғызу ықпал
етеді. Індет қоры әбден шіріген өсімдік қалдықтары мен залалданған тұқымдар
болып табылады. Сондай-ақ, басқа да шаршы гүлділер дақылдары да
зақымдалады.
Күресу шаралары фомоздағы секілді агротехникалық және химиялық әдістер.
4. Желтуха (фузариоз). Ауру қоздырғышы коремиалес қатары, жіп шумақтар
үлдірлі - торлы, әр түрлі реңге боялган - алқызыл, шымқай қызыл, ақшыл көк,
ашық сары, ақ микроконидиялар ауадағы жіп шумақта кейде спородохия немесе
пионтохта түзіледі. Олар ұршық-орақ түрінде, эллипсті бүгілген немесе түзу
және 3-5 перделі болады. 3 перделілердің көлемі 25-40 х 3-5 микрон, 5
перделі - 30-50x3-5 микрон. Микроконидиялар өте көп, жіп шумақта түзіледі.
Хламидоспоралар көп мөлшерде, аралықты бір немесе екі жасушалы, боялмаған.
Кейде склерониясы болады. Қырыққабаттың барлық түрі, әсіресе ерте және
орташа ерте пісетін сорттары закымдалады. Зақымдалу көшеттің даму кезеңіне
тамыр жүйесінің механикалық зақымдалған жерінде болады. Саңырауқұлақ уыт
бөліп шығаратын тамырлы жүйеге еніп, өсімдіктердің өсуі мен дамуын тежейді.
Соның салдарынан жүйке аралығындағы жапырақ ұлпасы сарғаяды, жүйке
қоңырланады, содан кейін жапырақтар солып, тіршілігін жояды. Ауру өсімдік
сабағының көлденең кесіндісінде түтікті шоғыр боз жасыл емес, қоңыр түсті.
Инкубациялық кезең - 7-18 күн. Өсімдіктердің түсі кейде 30% -дан аса
сарғаяды.
Көшеттердің қатты залалдануына ауа мен топырақтың (15-17) жоғары
температурасы әсер етеді, ал қырыққабаттың дамуының алғашқы кезеңінде
мүлдем қажет жоқ.
Індет қоры - әбден шіріген өсімдік қалдықтары, топырақ және тұқым. Сондай-
ақ, қырыққабаттың басқа түрлері, шалғам, шомыр да зақымдалады.
5. Жалған ақ үнтақ. Ауру қоздырғышы - Пероноспора брассика (пероноспороз
қатары). Саңырауқұлақ ауру жапырақтардың төменгі жағында шым түзеді.
Конидия тасушылар дихотомиялы тармақталған, тыныс саңылауына 1-2 көлемдегі
бойынша 250-450 x 6-9 микрон шығады. Конидия бір жасушалы, эллипсті, 12-
28x11-23 микрон жұқа қабықты. Ооспоралары шар тәрізді, 25-30 микрон дм.
Саңырауқұлақ денесі жасушаларға сорғыштармен еніп, жасуша аралығында
дамиды.
Ауру мезгіл-мезгіл оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда білінеді,
солтүстік облыстарда жиі кездесіп, өсімдіктің жойылуына әкеледі. Көктеме
және ересек өсімдіктер зақымдалады. Жармақты және нағыз жапырақтарда,
сабақтарында, бұршақ қындарында жоғары жағынан сорғыш жайылған дақ білінсе,
ал төменгі жағында ақ торлы мөлдір өңез пайда болады. Осындай дақ сабағы
мен бұршақ қында да түзіледі. Ауру өскінде көп түсу жиі байқалады, ал
ересек өсімдіктерде жапырақтары түседі.
Аурудың дамуына қысқа шуақты күн (12 сағ), әлсіз күн шұғыласы, ауаның
жоғары ылғалдылығы мен жаңбыр (80-90 %), температура 13-15° қолайлы жағдай
туғызады. Өсімдіктердің залалдануының бастапқы қоры ооспоралар, сондай-ақ
патогенді жіпшумақ енген және 6 жыл бойы тіршілігін сақтайтын тұқым болып
табылады. Көктем мен жазда ауру конидиялар арқылы тарайды. Сондай-ақ,
пероноспорозбен басқа да шаршыгүлді тұқымдас дақылдар зақымдалады.
6. Сүр шірік. Ауру қоздырғышы Воігуііз сіпегеа (галоциевтілер ңатары).
Склероциядағы апотепиі жалғыз немесе топталған, ұзын сирақты, диаметрі -1,5-
7 мм, перделі, түссіз жіпшелер борпылдақ түйін және біршама тығыз сыртқы
қатпар түзеді. Қалталары цилиндрлі, 8 спорадан тұрады, 120-160x65-95 микрон
сирақты. Қалта споралары түссіз, бір жасушалы, эллипстік бір қатарлы 9-
12x4,5-6 микрон. Парафиздері түссіз,жіп тәрізді диаметрі 2-2,5 микрон, шар
тәрізді, бір жасушалы, фиалидтар эндогенді түзіледі, жіпшумақта жолақ
болады. Склероциялар пішіні бойынша өте өзгермелі және көлемі - 1-15 мм.
Ауру Қазақстанның барлық территориясында таралған. Дақылдарды сақтау
кезінде ерекше қауіпті, онда 50% аса түсім құртылып кетеді.
Өсімдіктердің зақымдалуы, әдетте сағақтың өзекке бекіген жеріндегі
төменгі жапырақтардан басталады. Ол қараяды, жұмсарады және сұр түсті, көп
мөлшердегі споралармен жабылады. Бұл споралар көкөніс қоймасында желмен
оңай таралады да, қырыққабатты залалдандырады. Саңырауқұлақтар өңезі
дамыған жерде тегіс, қара желвачкалар - зиянкестер пайда болады. Олар
діннің тіршілік қабілетін жоғалтпай-ақ, қолайсыз сыртқы жағдайларға өте
төзімді.

Алқаптағы аурудың дамуы үшін қолайлы жағдайлар - ауаның жоғары
ылғалдылығы, шық, вегетация аяғындағы жаңбыр және өсімдіктердің механикалық
заңымдалуы, қоймадағы жоғары температура, ауаның ылғалдылығы, желкемік.
Аурудың қоры топырақ, өсімдік қалдықтары, өңделмеген қойма болып табылады.
Сұр шірікпен әр түрлі тұқымдас өсімдіктердің көпшілігі залалданады.
Күресу шаралары. Қоймада температураны 0° шамасында ұстап тұру,
қаудандарды жабынды жасыл жапырақтарда сақтау; қырыққабат қатарларының
арасында таза ауа енетіндёй саңылау болу; қауданның ауруы біліне салысымен,
зақымдалған жапырақтарды себеттерге жинау; ауру қырыққабат жатқан жерді 1 %
тотияйынның ерітіндісімен сүрту керек. Қаудандарды бормен тозаңдату (20
кгт) сұр шіріктің дамуын төмендетеді.
7. Түйін ауруы (кила). Ауру қоздырғышы - Ріазто-йіорһога Ьгазвісае
(класс плазмодиофораис). Сыңар денесі (плазмодиясы) болады. Цистасы
(қабығы) шар тәрізді, диаметрі 1,6-4,3 микрон, эллипстік, жұмыртқа тәрізді,
кейде созылмалы, түссіз, үшкір өскіні бар, жұқа қабықты. Өсу кезінде
олар бір немесе бірнеше, шар тәрізді дерлік пішінді, қысқанды зооспор
түзеді (2,5-3,5 микрон). Спорангиялары шар тәрізді дерлік диаметрі 6-6,5
микрон, жұқа түссіз қабықты, диаметрі 1,9-3,1 микрон, екі қысқанды,
4-8 екінші зооспор түзеді. Цистогенді плазмалар - 100-200 микрон. Ауру
республиканың солтүстік облыстарында білінеді, оңтүстік және
оңтүстік шығыста 2,4-Д тобындағы гербицидтерді дұрыс пайдаланбауынан,
түйін ауруына ұқсас өсімдіктердің зақымдалуы жиі байқалады. Бұл аймақта Рн
топырақтың 71-713 құрайды, ол түйін ауруының дамуын тежейді.
Көшеттердің тамыры мен ересек өсімдіктер зақымдалады, оларда зақымдалған
өсімдіктердің өскен жасушаларынан құрылған буылтықтар пайда болады.
Буылтықтардың шіруі жағдайында топыраққа цисталар түседі, олардың бір
бөлігі өсімдіктерді бірден залалдандыруға қабілетті, басқалары топырақта 5-
6 жыл сақталады. Циста зооспоралар түзеді, ол тамыр шашағын зақымдайды,
содан кейін амебаидтер жеке бөліктерге ыдырайды да, зооспорангияларға
айналады. Оларда гаплоитты зооспоралар түзіледі, олар көбейеді де, тамыр
паренхинасына өтетін диплоитты амебаидтер пайда болады.
Залалданған жасушалар амебаидтермен бірге бөлінеді, содан кейін бірнеше
амебаидтер тұтасып, көп өзекті плазмадий түзіледі, оның өзегі бөлінеді де,
плазмадиялар жекелеген бөліктерге ыдырап, цисталарға айналады.
Түйін ауруының дамуы үшін қолайлы жағдай: топырақ ылғалдылығы 80-90%,
температура 18-24°, топырақтың Рн 5,5-6,3, күн шұғыласының әлсіздігі,
күннің ұзақтығының 34 сағ. жоғары болуы.
Инфекция қоры - өсімдік қалдықтары мен патогенді цисталы топырақ, ауру
көшет зақымдалған өсімдіктермен қоректенген жануарлар қиы. Аурумен күрес
қара сирақ ауруы кезіндегі шаралар тәрізді.

Қияр аурулары

Қазақстандағы қияр егістігі алқабы, негізінен оңтүстік және оңтүстік-
шығыста шоғырланған, олардың аз аумағы қалған облыстарда өсіріледі. Дақыл
ашық және қорғалған топырақта егіледі және дақылдардың алып жатқан ауданы
бойынша екінші орында тұр. Қазіргі Алматы облысының территория-сында 1998
жылдан бері 70-80 га ашық және 30 га жуық қорғалған топырақтағы аумақта
өсіріледі. Егіс дақылдары сортының әр алуан жинағы мен аудандары өте кең
және түсімділігі мен ауруларға төзімділігі бойынша әрқилы.
1. Тамыр шірігі. Ауру қоздьгрғыштар - Фузариум, Вертицилиум, Ризактонна
саңырауқүлақтары. Қазақстанда, негізінен патоген Фузариум оксиопориум
(коремиалес қатары).
Ауру барлық жерде тараған және қорғалған топырақта жоғары зиянкестік
(өсімдіктердің түсуі 70% жетеді) әкеледі, алқапта, әдетте, жекелеген
өсімдіктер зақымдалады. Ауру белгілері жылыжайдағы ауаның температурасы
көтерілген кезде, күннің екінші жартысында жақсы білінеді. Өсімдіктер
тургорын жоғалтады, жапырақтары салбырап қалады, сағақтары мен сабақтары
жұмсарып кетеді. Екпе көшеттер зақымдалу кезінде сарғаяды, сабақ
паренхимасы қоңырланады, тамыр мойны созылады. Жас өсімдіктердің ұшар басы
біршама күңгірттенеді, басты тамырда ұзына бойы созылған қоңыр дақ пайда
болады, ал одан кейін оның жарылуына және бүкіл тамыр жүйесінің құруына
әкеледі.
Тамыр мойны мен тамыр сабағының көлденең кесіндісінде тамыр шоғырының
қоңырлануы байқалады, біртіндеп тамыр ұлпасы тұтастай тамырдан басқа
шайырланады. Ауру өсімдіктердің барлық органдарынан саңырауқұлақ денесі -
микро және макро конидиялар бөлініп шығады.
Қоздырғыштар өте ауқымды машықтылығынан көкөніс дақылдарының көпшілігі
залалданады. Жабынды ұлпалары бұзылған, тамыр жүйелері арқылы әр түрлі
жастағы өсімдіктер зақымдалады. Аурудың дамуына ауа мен топырақ
температурасының күрт өзгеруі ықпал етеді. Әдетте, бұл республиканың
жылыжайларында жылу тұрақты түрде берілмейтін күз мезгілінде болады, ал ауа
температурасының ауытқуы тәулік ішінде 4-тен 35-ке дейін болуы мүмкін.
Осылайша әлсіз өсімдіктер залалдануға тез бейім болады. Өсімдіктерді суық
сумен суару (скважина мен су құбырларындағы судың температурасы 11-12
құрамда), сондай-ақ ауаның артық ылғалдылығы да кері ықпал етеді, өйткені
температураның күрт өзгерісі кезінде су буының шоғырлануы аурудың таралуы
мен дамуын жеделдетеді. Топырақ ерітіндісінде тұздың жоғары концентрациясы
мен азот тыңайтқыштарының мөлшерінің көптігі де өсімдік ауруларының
мүмкіндігін ұлғайтады. Қиярларда монокультурада немесе топырақты ауыстырмай
және уытсыздандырмай егу топырақта аурудың залалды қорын жинақтайды.
2. Ақ шірік. Ауру қоздырғыштары — Зсіегоііпіа зсіегоііогит (гелоций
қатары). Апотециялары ашық-қоңыр, майқұйғыш тәрізді, цилиндрлі сирақты (2-5
см), жалғыз немесе топталған, қыстап шыққан склероцилерден өсіп шығады.
Қалталары цилиндрлік (130-135x8-10 микрон), қалта споралары эллипсті (9-
13x4-6,5 микрон), бір қатарлы, парофиздері жіп түрінде (диаметрі 1,5
микрон), қара, іші ақ, барлық органдарды зақымдай отырып, ауру
өсімдіктердің жоғарғы жағында немесе ішінде тұрады.
Ауру қоздырғыштары барлық облыс алқаптарында таралған, бірақ, әсіресе
жылыжайда, 3-7 күнде бүкіл өсімдікті түгел құрта алатын, әсіресе көктемде
зиян шектіргіш. Мұндай мысалдардың орасан зор көпшілігін Алматы, Қарағанды,
Павлодар, Көкшетау, Өскемен және т.б. облыстардың жылыжайлы комбинаттарынан
келтіруге болады.
Бірінші кезекте ақ шірік сабақтың төменгі жағын, оның түйіндерін, өскен
бүйір өркендерін, жапырақ сағақтарын, жемістерін, сондай-ақ жапырақтарын
зақымдайды. Ауру ұлпа ең бастапқыда, алдымен сулы әрі жұмсақ болады, содан
кейін көп ақ өңезбен жабылып шіриді. Сабақтардың зақымдалуы ең алдымен оның
солуына, ал аз уақыттан кейін өсімдіктің жойылуына әкеледі. Біртіндеп ақ
саңырауқұлақ денесі қатаяды, қараяды, склероция түзе отырып, ол топыраққа
түседі де, онда бірнеше жыл сақталуы ыңтимал. Әсіресе, олардың көпшілігі
жемістер мен сабақтарда түзіледі. Инфекцияның бастапқы қоры склероция болып
табылады, онда өсімдікті зақымдайтын аскоспора түзіледі. Вегетация
уақытында ауру өсімдіктерді күтіп-баптау кезінде, жәндіктер арқылы ақ жіп
шумақпен таралады.
Ақ шіріктің өсімдіктердегі бастапқы белгілері ауа температурасының күрт
өзгерген және жоғары салыстырмалы ылғалдылық 95-98% кезінде пайда болады.
Аурудың дамуына, сондай-ақ өсімдікті отырғызудың жиілігі, желдеткіштің
жоқтығы, өсімдіктердің механикалық зақымдалуы бейімдейді. Қиярдан басқа ақ
шірікпен қызанақ, ақжелкен, балдыркөк, бұрыш, салат зақымдалады.
Күрес шаралары. Арнаулы қорғаныс шаралары өсімдіктерді тазалау, ауру
бөліктерін кесу, кесілген өсімдіктер және склероцийлерді жиекке жинап
құрту. Ұлпалардың қасаңдануын жылдамдату үшін телімдерге көмір немесе бор
ұнтағын себу керек. Қиярды ақжелкен, балдыркөкпен бірге отырғызуға
болмайды. Қорғаныстың қалған көлемді шаралары тамыр шірігі таралған
жағдайдағы сияқты жүргізу керек.
3. Сүр шірік. Ауру қоздырғышы, таралуы және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктің төзімділігін арттыруда селекцияның рөлі
Биогеоценотикалық зерттеу арқылы эндемиялық ауруларды анықтау
Тыныс жолдарының аурулары
Орман фитоптологиясының шығу тарихы
Өскемен қаласының қоршаған ортаға әсерін бағалау
Қойға берілетін азықтардың қауіпсіздігі
Құрма пальмасы - діңі түзу, жапырақ жапырақтарының қалдықтарымен жабылған ағаш
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мақсаттары мен міндеттері
Орман ағаштарының ауруларын анықтау және зерттеу тәсілдері
Өсімдік ауруы туралы түсінік
Пәндер