Өсімдік клеткаларының қосылыстарды қабылдауы



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Өсімдік клеткаларының қосылыстарды қабылдауы

Өсімдік клеткаларына судың және еріген қосылыстардың енуі немесе шығуы
өсімдіктің сыртқы ортамен маңызды қарым-қатынасын анықтайтын өте күрделі
процесс. Бұл процесс молекулалық және иондық түрде өтуіне байланысты
тікелей бақылауға келмейді.
Лабораторияда өсімдік ұлпалары мен клеткаларына тәжірибе жасағанда
сыртқы
ртаның әсеріне байланысты клеткада өтіп жатқан процестерді түсінуге
болады.
Өсімдіқ клеткасының сырты қатқыл клетка қабық-шасымен қапталған.
Қабықша клеткаларға, өсімдік ұлпаларына механикалық қаттылық бере отырып,
клеткада түзілетін гидростатикалық қысымнан цитоплазмалық мембраналарды
бұзылудан сақтайды. Сондай-ақ минералды қосылыстарды қабылдауда ол ион
алмастырушы болып табылады.
Клетка қабықшасының құрамы целлюлоза, гемо-целлюлбза, пектин, липидтер
мен белоктан құралған.
Химиялық тұрғыдан клетчатканы (целлюлоза, оның формуласы — (C6H10O5)n
глюкоза қалдықтары деп атайды. Глюкоза қалдықтарының 3-10 мыңға жуығы 1,4
көміртек байланыстарымен жалғасып целлюлозаның ұзын жазық тізбегін,
молекуласын құрайды. Целлюлозаның 100 молекуласы бірігіп целлюлозаның
мицелласын, 20 мицелла - микрофибрилін, ал 250 микрофибрилл — клетчатканың
макрофибрилін түзеді. Целлюлозаның макрофибрилдері, сол сияқты
микрофибрилдері мен мицелла тізбектері бір-бірімен сутекті байланыспен
жалғасып, топ (пучок) құрайды. Бұл топтар өсімдік клетка қабықшасының тірек
қызметін атқаратын кристалдық бөлімін түзеді.
Клетка қабықшасында мұндай кристалдық бөліммен қатар паракристалдық
аморфты ір кілдек масса — матрикс болады. Целлюлозаның микро,
макрофибрилдері осы матрикске батып жатады. Матрикстің құрамында
гемоцеллюлоза, пектин және белоктар болады. Клетка қабықшасы құрамындағы
белоктар қабықшаға белгілі құрылыспен қатар созылғыштық қасиет береді.
Целлюлозаның фибрилдері арасын түгелдей матрикс алый жатпай, клетка
қабықшасында қуыстар қалып, онда су болады. Ондай суы бар клетка
қабықшасындағы бөлім бос қуыс деп аталады, ал ол бөлімдер барлық
клеткаларда жалғасып жүйе құрайды, оны апопласт деп атайды.
Клетка қабықшаларында жіңішке саңылаулар болады да олардан плазмалық
жіпшелер — плазмодесмос өтеді. Әрбір жеке клетка қабықшаларыньщ 100 мкм2
бөлімінде 10-20-ға жуық диаметрі 0,2 мкм плазмодесмалар болады.
Плазмодесмалар барлық клеткалардың цитоплазмаларын жалғастырып біртұтас
жүйе құрайды. Ол симпласт деп аталады.
Сонымен клеткалар арасындағы қосылыстардың өтуінің симпласт және
анопласт деп аталатын екі түрі болды. Клеткаларда судың және еріген
қосылыстардың өтуінде клетка қабықшасынан бөлек цитоплазмалық мембраналар
бар. Цитоплазманың сыртын қоршап жатқан плазмолемма мембранасы, клетка
шырынынын, сыртын қоршайтын - тонопласт мембранасы. Бұл мембраналар
қосылыстардың өтуінде тосқауыл болып табылады, олардың өз ерекшеліктері
бар. Клетканың өткізгіштік қасиеттерін төменде келтіріп отырған
лабораториялық жұмыстардан түсінуге болады.

ӨСІМДІК КЛЕТКАСЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Осмометр даярлау
Қажетті реактивтер мен құралдар: целлофан қағазы, концентрлі қант
немесе ас тұзының ерітіндісі, ұзындығы 20-30 см, ішкі диаметрі 2-3 мм шыны
түтік, резина тығындар, тығын бұрғы, жіп, қайшы, стакан, штатив.
Осмостық қысымды өлшейтін және осмостық құбылысты бақылайтын құралды
осмометр деп атайды.
Өсімдік клеткаларындағы осмостық процестерді түсіну үшін қарапайым
осмометр дайындап, ондағы құбылысты бақылайық.
Целлофаннан осмометр дайындау үшін бірі үлкен, екіншісі кіші 2 резеңке
тығын алып, оньщ үлкенінің ортасын кіші тығын тығындалатындай етіп тығын
бұрғысымен теседі. Ал кіші тығын да тығын бұрғысымен тесіліп, ол тесікке
шыны түтік сұғылады.
1-суреттегідей үлкен тығынға целлофан қапшық байлап, ішіне ауа
үрлейді. Содан кейін тесік арқылы ішіне концентрлі қант немесе хлорлы
натрий (NaCl) ерітіндісін толтыра құйып, шыны түтігі бар тығынмен
тығындаймыз. Сонда шыны түтіқпен ерітінді көтеріледі. Ерітіндінің келген
жерін белгілеп, шыны түтікті штативке бекітіп стакандағы суға батырады.

1-сурет. Целлофаннан жасалған қарапайым осмометр:
1) үлкен тығын; 2) кіші тығын;
3) шыны түтік; 4) целлофан қағазы;
5) жіп; 6) стакан; 7) су.

20-30 минут өткеннен кейін ерітінді деңгейінің өзгергеніне көз
жеткізіп, қорытынды жасалады.
Пысықтау сұрақтары. Осмос дегеніміз не? Оның неше түрін білесіздер?
Тәжірибеде қайсысы бақыланды? Мұндай процесс өсімдік тіршілігінде кездесе
ме? Түсіндіріңіздер.

Траубенің жасанды клеткашығын алу және ондағы осмостық
процестерді бақылау
Қажетті реактивтер мен құралдар: Темір цианды калий тұзының және
күкірт қышқыл мыс тұзының (CuSO4) - 12 Н -ерітінділері, пробирка штатйві,
пробиркалар, пипетка, K4[Fe(CN)6] тұзының құрғақ ірі кристалдары.
Бір тұз ерітіндісімен екінші тұз ерітіндісін қосқанда тұнба
түзетіндігі химиядан белгілі. Мәселен, CuSO4 ерітіндісі K4[Fe(CN)6]
ерітіндісімен қосылғанда, тұнба береді. Оның теңдеуін былай көрсетуге
болады:

K4[Fe(CN)6]+2CuSO4=Cu2[Fe(CN)6]+2K2 SO4

Жұмысты орындау үшін 5 пробирка алып, олардың ішіне толтыра тотияйын
еріиндісінің CuSO4 - 12 Н концентрация құйылады. Тотияйын ерітіндісі бар
бір пробирканың бір жақ қабырғасына тақай бір тамшы ерітіндісі
тамызылып, жарыққа тосып бақыланады.
Тамызылған тамшының сырты тұнбамен қоршалады. Бұл кезде тұнбамен
қоршалған тамшы көпіршік сияқтанып көрінеді. Оны Траубенің жасанды
клеткашығы деп атаймыз:
Тамшының сыртын қоршаған тұнбаны тұнбалы шала өткізгіш жарғақ деп
атаймыз. Себебі ол тамшының ішіне немесе іштен сыртқа еріткішті (дисперсті
ортаны) ғана өткізеді, ал еріген заттарды (дисперсті фазаны) өткізбейді.
Ал біздің тәжірибемізде тамшының ішіндегі темір цианды калийдің
концентрациясы - 1Н болғандықтан, сырттағы күкірт қышқыл мыстын (CuSO4) -
12Н концентрациясынан артық болу себепті сырттан (CuSО4 ерітіндісінен) су
еніп тамшының көлемі артады. Бұл жерде эндоосмос байқалады, осылайша
бақылау басқа пробиркада жүргізіледі де, осмостың қай түрлері болатындығы
анықталады.
Пысықтау сұрақтары. Траубе жасанды клеткашығы қандай ерітінділерде
эндоосмос, қайсысында экзоосмос процесі байқалады? Пробиркадағы ерітіндіге
таза кристалл салғанда неге балдыр сияқтанып өседі? Мысал келтіріңіздер.

Клеткадағы осмос құбылысы. Плазмолиз және деплазмолиз
Қажетті материалдар мен реактивтер: клетка шырынында антоцианы бар
пияз, азот қышқыл калий (KNO3) тұзының 1 мольдік ерітіндісі, скальпель,
микроскоп, сорғыш қағаз, заттық және жабын шынылары, препараттық ине.
Бұл жұмысты орындау үшін клетка шырынында антоцианы (бояуы) бар
пияздан скальпельмен өте жұқа кесінді алып, оны шынының үстіне салып,
үстіне бір тамшы су тамызып жабын шынысымен жауып микроскоппен
бақылаймыз. Бақылау кезінде клетка ішіндегі антоциан біркелкі жайылып,
клетка қабықшасымен жанасып тұрғанын көреміз. Көріністі дәптерге
салып болғаннак соң, препаратты микроскоптан алмай жабын шынының бір жақ
шетіне 1М азотқышқыл калий (KNO3) ерітіндісін тамызып, жабын
шынысының екінші жағынан сорғыш қағазымен суын сорғызамыз. Осылайша 1М
азотқышқыл калий ерітіндісін 2-3 рет тамызып, жабын шынысының екінші
жағынан сорғызып, суын 1М. азотқышқыл калий ерітіндісімен толық
алмастырамыз. Енді микроскоппен бақылағанда клетка цитоплазмасы клетка
қабықшасынан қашықтай бастағанын көреміз. Клетка цитоплазмасының қашықтауы
клетканың барлық төңірегінде бірдей болмауы мүмкін. Клетка
цитоплазмасының судан айырылып, клетка қабықшасынан алшақтауын
плазмолиз дейді. Протоплазманың клетқа қабықшасынан ажырамаған жеріндегі
жіңішке мөлдір плазмалық жіпшелер протоплазманы ұстап, қашықтауына
кедергі жасайды (2-сурет). Плазмолизденіп тұрған препараттың азот қышқыл
калий ерітіндісін жоғарыдағыдай сумей алмастырсақ, цитоплазма тез су
қабылдап, клетка қабықшасымен жанасқан қалпына келеді, бұны деплазмолиз
дейді. Қлетканың плазмолизденіп тұрғанын дәптерге түсіру керек.

2-сурет. ПлазмоДесма көрісі.

Пысықтау сұрақтары. Плазмолиз кезінде клеткада осмостың қай түрі
өтуде? Ал, деплазмолиз кезінде осмостың қай түрі өтеді? Клетка қалайша
осмометрлік қызмет атқарады? Плазмолиз және деплазмолиздің анықтамасын
келтіріңіздер.

Плазмолиз түрлері
Қажетті материалдар мен реактивтер: клетка шырынында антоцианы бар
пияз азот қышқыл калий (KNO3) тұзының 1М ерітіндісі, вазелин, скальпель,
микроскоп, сорғыш қағаздар, заттық және жабын шынылар, препараттық ине.
Жұмысты орындау үшін қызыл пияздан алынған жұқа эпидермисті заттық
шынының үстіне төсеп, оның үстіне азот қышқыл калий (КМО3) тұзы
ерітіндісінің бір тамшысын тамызып, үстін жабын шынысымен жаба-ды.
Тамызылған ерітінді кеуіп кетпеу үшін жабын шынысының төңірегі ине ұшымен
алынған вазелгінмен майланады. Осылайша дайындалған препаратты
микроскоппен бақылайды. Алғашқы бақылау кезінде
протопластың клетка қабықшасының әр жерінен қашықтағаны көрінеді.
Протопластың клетка қабықшасымен, плазмодесмос жіпшелерімен байланыспаған
жерлері, клетка суының экзоосмостануынан ішке ойыс бере плазмолизденеді
де ойыс плазмолис деп аталады. Бақылау уақыты, яғни 15-20 минут өткеннен
кейін клетка протопласты клетка қабықшасынан кейбір жерінен толық ажырап,
плазмолизденеді. Мұндай плазмолиз – дөңес плазмолиз деп аталады (3-сурет).
Клетканың плазмолиздену уақыты протопластың тұтқырлығын
көрсетеді. Клетка қаншалықты жас болса, оның протопластық тұтқырлығы кушті,
плазмолиздің басталуы немесе ойыс плазмолиздің дөңес түріне көшуі үшін
көбірек уақыт керек.

3-сурет. Ойыс (А) және дөңес (Б) плазмолиз.

Ал өсімдік клеткасы кәрі болса, протопластың тұтқырлығы әлсіз болып
ойыс плазмолиздің түзілуіне немесе ойыстан дөңеске көшуі үшін аз уақыт
қажет.
Пысықтау сұрақтары. Ойыс плазмолиздің анықтамасын келтіріңіздер, не
себепті түзіледі? Дөңес плазмолиздің анықтамасын айтыңыздар, ол қалайша
түзіледі? Протопластың тұтқырлығы неге байланысты, оны қалай түсінесіздер?

ӨСІМДІКТЕРДІҢ СУ АЛМАСУЫ
Өсімдік тұқымдарының су қабылдап ісіну дәрежесінің тұқымдағы қор
қосылыстарының түріне байланыстылыры
Қажетті материалдар мен құралдар: бидайдың және ас бұршағының
тұқымдары, техникалық таразы және оның гірлері, 2 Петри табақшасы, сорғыш
қағаз.
Өсімдік тұқымдары ылғалды ортамен жанасқанда тұқым құрамындағы
белоктар, крахмал және басқа гидрофильді коллоидтар күшпен суды қабылдап,
тұқымның көлемін арттырады. Мұны тұқымнық ісінуі деп атаймыз. Тұқымның
ісіну себебі ондағы гидрофильді коллоидтардың суды қабылдап
гидротациялануынан болады. Тұқым құрамындағы қор қосылыстарының ішінде
әсіресе белок молекулаларының гидрофильдік қабілеті өте жоғары болады.
Міне, сондықтан да белокты тұқымдардың ісінуі күшті етеді. Белоктың
гидротациясы үш процестен құралған.
1) Электрбейтарап гидротация-белок молекулаларындағы полярлы
топтағы оттек және азот атомдарының арасында сутек байланыстарын түзуі
(карбоксильді, спиртті, амин, амид және т. б. топтардағы).
Бұлай гидротациялану кезінде тұқымның көлемінің артуымен қатар
температурасы да көтеріледі. 2) Иондық гидротация - белок молекуласындағы
иондалған- СОО- және NH3+ топтары су молекулаларының диполінтартып сумен
қосылады.
3) Гидротация - су молекуласының иммоблизациялануы-шырмалған белок
молекуласының ішінде қоршалып қалған бос су. Өсімдік тұқымының ісінуі
клеткадағы көптеген биохимиялық реакциялардың өтуін активтендіреді.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты-тұқым құрамындағы қор қосылыстарының
түріне байланысты тұқымнын, ісіну қабілетінің айырмашылығына көз жеткізу.
Бидай тұқымының құрамында белок 16%, крахмал 70% шамасында болса, ал
асбұршақ тұқымының құрамындағы белок 34%, крахмал - 48%-ке дейін болады.
Жұмыстыц орындалуы: екі Петри табақшасын алып, оның бірінің ішіне
салмағы 3 г елшенген асбұршақ, ал екіншісіне салмағы дәл сондай бидай
тұқымдарын таразыға тартып, олардың үстіне бататындай су кұйып, кем дегенде
3 сағат немесе бір тәулік тұруы тиіс (суы кемісе толық ісінуі үшін
үстемеленіп су құйылады). Содан қейін суын төгіп, сорғыш қағазбен
тұқымдардың сыртын тез құрғатып қайтадан таразыға өлшейді. Өскен артық
салмақтың бастапқы салмаққа қатынасын процент мөлшерімен табады да
төмендегі 7-таблицаға толтырылады.
7-таблица
Өсімдіктің түрі Тұқымның салнары, г Тұқым салмағының артуы
суға ісінгенненекі алғашқы салмаққа
салмастан кейін салмақтың катынасы, %
бұрын айырымы, г мөл-шері
Асбұршақ Бидай

Пысықтау сұрақтары. Тұқымның ісінуі қалай өтеді? Тұқым ісінуінің
ондағы қор қосылысына қандай қатысы бар?

Ерітінді концентрациясының өсімдік тұқымының өсуіне әсері
Қажетті материалдар мен құралдар: Бидай немесе басқа өсімдік
тұқымдары, 1,0, 0,1 және 0,01М ас тұзының (NaCl) ерітінділері, 4 бюретка, 4
воронка, техникалық таразы гірлері мен пинцет, 4 Петри табақшасы, жуылып
қептірілген таза құм, қағаз, желім, пинцет, миллиметрлік қағаз.
Құрғақ өсімдік тұқымының суды қабылдауы алғашқы кезінде гидрофильді
коллоидтардың, әсіресе белок молекулаларының ісінуінен өтеді. Клеткаларда
судың молаюына байланысты тұқым суға қанығып ісініп, суды кабылдау дәрежесі
әлсіреп, ақыры нөлге теңеледі. Бұдан кейінгі тұқымға судың қабылдануы
осмосқа байланысты өтеді. Тұқымның өнуіне және өскіннің өсуіне топырақ
құрамындағы суда еритін тұздар концентрация-сының әсері күшті. Өскін
клеткаларының осмостық потенциалы топырақтағы ерітінділердің осмостық
потенциалынан артық болған жағдайда ғана су қабылданады.
Жұмыстың орындалуы: 4 Петри табақшаларын алып, оның әрқайсысына 50 г
құм өлшеп салып, табақшаларды таңбалап, 1-табақшадағы құм үстіне 10
мл 1М, екіншісіне - 10 мл 0,1М, үшіншісіне -10 мл 0,01М ас тұзының
ерітіндісін, төртіншісіне-10мл cу құйылады. Осындай даярланған
ылғалды құм үстіне 20 данадан іріктеп алынған бидай немесе басқа асты
тұқымдас өсімдіктің тұқымдарын салып, Петри табақшасының қақпақтарымен
жабылады. Петри табақшаларының қақпағы 2-3 күннен кейін ашып қойып,
құмның ылғалдылығын сақтау үшін өз ерітінділері пайданыланылады. Бір
аптадан соң өскіннің және тамырды ұзындықтары миллиметрлік қағаз арқылы
өлшеніп, бір өсімдікке арифметикалық орташа саны шығарылады. Бір
өскінде бірнеше тамыры болған жағдайда ең ұзын ғана өлшенеді.
Ерітінділердің осмостық потенциалы формуласы бойынша
есептеп шығарылып төмендегі 8-таблицаға толтырылады.
Таблицадан тұқымның өнуіне ерітінділер концентрациясының әсері
көрінеді.
8 –таблица
ӨсімдіктіңЕрітіндінің Ерітінділердің ұзындығы, мм. 1
аты концентрациясымоосмостық қысымы, см
льл
өскіннің тамырдың
1,0
0,1
0,01
0,00

Пысықтау сұрақтары. Өсімдіқ тұқымдарының өнуіне топырақ
қонцентрациясының әсері қандай? Қандай жағдайда тұқым өнбей қалады?

Гутация құбылысы
Қажетті материалдар менреактивте өнгеніне 5-6 қүндей болған астық
тұқымдас өсімдіктің ыдыстағы өскіндері, ас тұзының (NaCl) 10%-тік
ерітіндісі, хлороформ, түбінде кішкене тесігі бар химиялық стакан, кішкене
сорғыш қағаз оралған жіңішке сым, мақта.
Бұл жұмысты орындау үшін тәрелкедегі сорғыш қағаздың үстінде өсірілген
5-6 күндік астық тұқымдас өсімдіктің өскіндері даяр болуы тиісті. Міне,
осындай өскіндердің үстін түбінде кішкене тесігі бар химиялық стаканмен
төңкеріп жабады. Бұл кезде ауа атмосферасына, өскіннен су
транспирацияланып, стақан астындағы ауа су буымен қанығады. Ал тамыр жүйесі
суды қабылдауын, жоғарғы мүшелеріне көтеруін тоқтатпайды. Осыған байланысты
өскіннің жапырақ ұштарында су тамшылары түзіледі. Ол су тамшылары гутация
сөлі деп аталады. Стакан түбіндегі кішкене тесіктен ұшында сорғыш қағазы
бар сыммен тамшыларды-гутация сөлін сорғызып алып, қайтадан тамшылардың
түзілу мерзімін анықтайды. Осылайша қайтадан су тамшыларын сорғыш қағазбен
сорғызып, тамшының түзілу мерзімін 3-4 рет анықтап, оның орташа түзілу
мерзімі шығарылады да, жазып алынады. Енді астық тұқымдас өсқіні бар
тарелке түбін жылылығы 35-370 С сумен жанастырып, гутация жылдамдығын 3-4
рет анықтап, оның да орта мәнін табады. Міне, осыдан кейін стақанның түбін
тоңазытқыштан алған мұзбен салқындатып, мұнда да гутацияның орташа мәні
табылады да жазып алынады. Енді стақанның тесігі арқылы хлороформ
сіңірілген мақта қойып бақыланады. Үш түрлі сыртқы орта жағдайларының
әсеріне қорытынды жасалынады (6-сурет). Ең соңында ыдыстағы тамыр
төңірегіндегі су ас тұзының 10% ерітіндісімен алмастырып, гутация сөлінің
шығу жылдамдығы табылады. Алған мағлұматтарға байланысты: температура,
хлороформ және ас тұзы гутацияға қалай әсер еткеніне Қорытынды жасалады.

Пысықтау сұрақтары. Гутацияның анықтамасын атаңыздар. Бұл құбылыс
қалайша болады? Егер өсін өскен тарелке үстіне концентрациясы белгілі
сахароза ерітіндісін құйсақ, гутация қалай өзгерер еді? Гутация жылдың қай
мезгілінде күшті өтеді? Бөлме өсімдігінің қандай түрі күн райының өзгеруіне
байланысты гутацияланады?

6-сурет.

Транспирация қарқындылырын салмақ (таразыда өлшеу) әдісі арқылы
анықтау.
Қажетті заттар мен құралдар: Су астында кесіп алынған және суға салып
қойылған өсімдіктің жапырақты өркені немесе сағақты жапырақ, сұйық өсімдік
майы, аптека таразысы, ұсақ гірлер комплектісі, қайшы, миллиметрлік сызғыш,
скальпель, пинцет, қағаз сағат.
Өсімдіктің топырақтан тамыр жүйелері арқылы қабылдаған суының біраз
мөлшері органикалық қосылыстар түзуге, цитоплазма коллоидын тұрақты
қалыпты ұстауға пайдаланса, ал қабылданған судың көбі жей бетіндегі
мүшелері арқылы сыртқа шығарылады. Өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелерінің
суды осылай жұмсауын транспирация деп атайды.
Транспирация қарқындылығын анықтаудың үш түрлі (салмақ, көлем арқылы
және салыстырмалы) әдістер тобы бар, бұл жұмыстан басқа, торзион таразысы
арқылы анықтау қарастырылады.
Бұл жұмысты орындау үшін бірнеше жапырағы бар өсімдік өркенін су
ішінде қырқып алады (7-сурет). Жапырақты өркенді су ішінде қырқуымыздың
себебі, ауа тығынының сосуд талшық шоқтарында болмауы үшін жүргізіледі. Ал
ауада қырқып алынған болса, қырқу кезінде жапырақтардың су сору күшіне
байланысты сосуд талшық шоқтарына ауа еніп ауа тығыны түзіледі. Сол себепті
өсімдік өркенінің төменгі сабағын батыра отырып, 4-5 см бойы қырқып
тасталады.
Осылайша даярланған жапырақты өркенінің сабағы пробиркадағы суға
салып, пробиркадағы судың булануын тоқтату үшін судың бетіне өсімдік майы
құйылады. Осылайша даярланған пробирканы жіппен байлап, аптека таразысының
төменгі сақинасына жіпті екінші ұшы байланады. Таразының екінші табақшасын
гірлер салынып, салмағы 0,01 г дәлдікіген анықталып дәптерге жазып алынады.
Бір сағаттан кейін қайта шөп салмағын анықтайды. Бұл кезде екінші салмақ
бірінші рет өлшенген салмақтан кем шығады. Себебі өсімдік жапырағы
пробиркадағы суды қабылдап, оны транспирацияланғандықтан салмақ кеміді.
Алғашқы салмақтан кейінгі салмақты алып тастап, бір сағатта жапырақ
өркенінің жұмсаған суының мөлшері табылады. Ол үшін төрт жағы да 10 см-ден
келетін (100 см2) шаршы қағазды қиып аламыз да таразыға тартып, салмағын
анықтаймыз. Мысалы: ол қағаздың салмағы - 600 мг болсын.

Енді тәжірибеде пайдаланған өркендегі әрбір жапырақты жеке қиып алып
оның контурын қағаз бетіне салып қарындашпен сызып шығарады да, қайшымен
қырқып алып жапырақ контурларға түсірілген қағаздардың барлығын қосып,
таразыда салмағы анықталады. Мысалы: 5 жапырақ контурының салмағы 300 мг
шықты делік. Енді ол жапырақтардың ауданы мына пропорциямен табылады:
100 см2 шаршы қағаздың салмағы - 600 мг
X - жапырақ контур қағазы - 300 мг
жапырақ ауданы.
Таразымен алғашқы өлшегендегі салмақ 38750 мг-ға тең делік, бір
сағаттан кейін өлшегенде оның салмағы 38000 мг болып шықсын, сонда бір
сағатта жапырағьг бар өркен 750 мг су жұмсағаны. Енді сондай өсімдіктік
1 м2 жапырақ ауданы бір сағатта қанша су жұмсар еді?
50 см2 - 750 мг 10000 см2 - х
10000 см2 - х
немесе 150 г су жұмсаған.
Студенттерге қолдарындағы әр түрлі өсімдіктердін, транспирация
қарқындылықтарын салыстырыңыздар деп тапсырма беріледі. Бөлменің бір түрлі
жағдайында әр түрлі есімдіктің транспирация қарқындылығы бірдей болмауынын,
себебі неде? Транспирация қарқындылығының анықтамасын келтіріңіздер.
Өсімдіктің су жұмсаудағы жоғарғы жылжытқышынын, механизмін түсіндіріңіздер.

ФОТОСИНТЕЗ
Спирттегі пигменттер ерітіндісін жолдары
Қажетті материалдар мен құралдар: жас немесе кептірілген
өсімдік жапырақтары, 96%- спирт, кәрлен келісі, пробиркалар, воронка,
пробирка штативі, спиртшамы, су баннасы, қайшы, сорғыш қағаз, Жұмыстың
орындалуы: жас өсімдік жапырақтарын (лимон, плюш, аспидистра, кливия), ал
клетка шырынында органикалық қышқылдары бар (бегония, традесканция)
жағдайда қышқылды бейтараптау үшін бір шымшым бор ұнтағын қосып
пайдаланады. Ал Қазақстан жағдайында қыс айларында да, жаз айларында да
жабайы өсетін астық тұқымдас қияқтың жапырағын пайдалану керек. Алынған
жапырақтың үлкен жүйкелерін алып тастап, қайшымен кәрлен келісінің үстіне
ұсақтап туралады. Оны кәрлен езгісімен (пестики) езіп алған соң үстіне
аздап спирт құйып, тағы езіп штативтегі про-биркаларга немесе стаканға
сорғыш қағазы бар воронка арқылы ерітінді сүзіледі. Алынған спирттегі
пигменттердің түсі ашық меруерт жасыл түсті болады.
Пигменттер қоспасын алудың екінші жолы өсімдіктен жұлып алынған жас
жапырақты қайнап тұрған суға 1-2 минуттай салып алып, ыдыстағы спиртке
салып су баннасында қайнату арқылы пигменттерді спиртке шы-ғарып сүзіп
пайдаланылады.
Үшінші алу тәсілі: жас жапырақты ыдыстың ішіндегі спирттің үстіне
ұсақтап турап қараңғыда 12-24 сағаттан кейін сорғыш қағаз арқылы сүзіп
алынады.
Спирттегі өсімдік жапырақтарындағы пигменттер қоспасы, жоғарыда
көрсетілген әдістің бірін пайдаланып, алынған қоспалар келесі жұмыстарда
пайдаланылады.

Каротинді ерітінді алу
Қажетті материалдар мен құралдар: сәбіздің тамыр жемісі, бензин, шыны
тығыны бар кіші шыны ыдыс, үккі (терка), скальпель, кристаллизатор.
Жұмыстың орындалуы: сәбіздің тамыр жемісі жуылып (егер ескі болса
қабығы скальпельмен аршылып) үккіні екінші бір ыдыстың (кристаллизатор)
үстіне қойып сәбіздің тазартылған тамыр жемісі үгіледі. Ыдыста жиналған
езіндіні жинап, аузы тығындалатын шыны ыдысқа салып, оның үстіне ұнтақты
жауып тұратындай артық мөлшерде бензин немесе петролей эфирін құйып,
ыдыстың аузы иісі шықпайтындай тығындалады. Бір-екі күннен кейін сорғыш
қағаз арқылы воронкамен екінші ыдысқа сүзіп каротин ерітіндісі алынады.
Ерітіндінің түсі анықталып дәптерге жазылады. Каротин ерітіндісі келесі
жұмыс үшін сақталынады.
Пысықтау сұрақтары. Каротиннің өсімдік тіршілігінде қандай маңызы бар?
Қорғаныштық қасиетін қалай түсінесіз? Органикалық қосылыс түзуде қандай
маңызы бар? Каротиннің адам және жануарлар үшін қандай маңызы бар?

Пигменттерді Краус әдісі бойынша бөлу.
Қажетті материалдар мен құралдар даяр пигменттердің спирттегі қоспасы,
пробиркалар пробирка штативі, бензин, су және пипетка.
Бұл жұмыс пигменттердің спирт пен бензинде әр түрлі ерігіштік
қасиетіне негізделген. Бұл екі-түрлі еріткііш тер бірін-біріне қосқанда әр
уақытта жоғарғысы бензигі және төменгісі спирт болып екі фазаға бөлінеді.
Жұмыстың орындалуы: бұдан бұрынғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хламидомонас маркерлі штамдарының көмегімен ауыр металдармен ластанған су экожүйелерді биологиялық бақылау
Зат алмасу қарқыны
Прокариоттар мен эукариоттардың генетикалық ақпаратының құрылысының ерекшелігі
Өсімдіктердің тамыр арқылы қоректенуі
Суспензиялы культура
Картоп – маңызды ауыл шаруашылық дақылы
Қатты фазада культивирлеу
Pseudomonas туысы өкілдерінің фенолды биодеградациялау қабілеттіктерін зерттеу
Микроорганизм клеткаларының иммобилизациясы
Биотехнология
Пәндер